ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.63K subscribers
17.2K photos
1.3K videos
28 files
3.72K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
📌ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ АНАЛАР ӨЛІМІ ЖАҒДАЙЛАРЫ БОЙЫНША ЖҮЙЕЛІ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДЫ ТАПСЫРДЫ

Жамбыл облысының медицина қауымдастығымен өткен кеңесте Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өңірдегі акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастырудағы кемшіліктерді қатаң сынға алып, әйелдер мен балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру бойынша шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

📝Министр жүргізіліп жатқан жұмыстар мен уәкілетті органдардың бақылауына қарамастан, өңірде ана өлімі жағдайларының әлі де тіркеліп отырғанын атап өтті. Бұл денсаулық сақтау жүйесінің барлық деңгейіндегі қызметтің нәтижелілігіне түбегейлі баға беруді талап етеді.

«Биылғы жылдың төрт айында облыста ана өлімінің үш жағдайы тіркелді. Босандыру қызметін көрсететін барлық ұйымдар тексерулермен қамтылғанына қарамастан, халықтан медициналық көмектің сапасына қатысты келіп түсетін өтініштер мен шағымдар саны әлі де жоғары деңгейде қалып отыр», – деді А. Әлназарова.


«Ана өлімінің әрбір жағдайы жан-жақты талдауды және жүйелі шешімдер қабылдауды талап етеді. Жүкті әйелдерді бағыттау, кадрлық қамтамасыз ету және бақылау мәселелеріне формальды түрде қарамай, пациенттерді барлық кезеңдерде толыққанды сүйемелдеу жүйесін қалыптастыру қажет», – деп атап өтті министр.


💳Ведомство басшысы медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуді, жүктілік асқынуларын уақтылы анықтауды қамтамасыз етуді, патронаждық бақылаудың сапасын арттыруды және медициналық ұйымдар басшыларының жұмыстың түпкілікті нәтижелері үшін жеке жауапкершілігін күшейтуді тапсырды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌ГЛАВА МИНЗДРАВА ПОРУЧИЛА ПРИНЯТЬ СИСТЕМНЫЕ МЕРЫ ПО СЛУЧАЯМ МАТЕРИНСКОЙ СМЕРТНОСТИ В ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ


На совещании с медицинской общественностью Жамбылской области министр здравоохранения Акмарал Альназарова подвергла жесткой критике недостатки в организации службы родовспоможения региона, поручив принять безотлагательные меры по повышению качества медицинской помощи женщинам и детям.

📝Глава ведомства отметила, что, несмотря на проводимую работу и контроль со стороны уполномоченных органов, в регионе продолжают регистрироваться случаи материнской смертности, что требует принципиальной оценки деятельности всех уровней системы здравоохранения.

“За четыре месяца текущего года в области зарегистрировано три случая материнской смертности. Несмотря на то, что проверками охвачены все организации родовспоможения, количество обращений и жалоб населения на качество медицинской помощи остается высоким”, отметила А.Альназарова.


«Каждый случай материнской смертности требует детального разбора и системных решений. Необходимо не формально подходить к вопросам маршрутизации, кадрового обеспечения и наблюдения беременных женщин, а выстраивать полноценную систему сопровождения пациенток на всех этапах», – подчеркнула министр.




💳Глава ведомства поручила усилить межведомственное взаимодействие на уровне первичной медико-санитарной помощи, обеспечить своевременное выявление осложнений беременности, повысить качество патронажного наблюдения и персональную ответственность руководителей медицинских организаций за конечные результаты работы.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔷ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ТЕКСЕРУЛЕР НӘТИЖЕСІНДЕ 96 ЕМ-ШАРА КАБИНЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ТОҚТАТЫЛДЫ

Соңғы екі жылдың ішінде Жамбыл облысындағы денсаулық сақтау нысандарында бақылау іс-шаралары айтарлықтай күшейтілді, деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өңірдің медицина қауымдастығымен өткен кездесуде.

Осылайша, тексерулер нәтижесінде 96 ем-шара кабинеті қызметін тоқтатты, олардың 56-сы лицензиясыз жұмыс істеген. Сондай-ақ 135 стоматологиялық клиникаға тексеру жүргізілді.

Сонымен қатар, ведомство басшысының айтуынша, халықтан келіп түсетін өтініштердің саны артып отыр, олардың негізгі бөлігі медициналық ұйымдардағы медициналық көмектің сапасы мен ұйымдастырылуына қатысты шағымдарды қамтиды.

👉Медицина қауымдастығына жүгінген Денсаулық сақтау министрі медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының онкологиялық ауруларды ерте анықтау бойынша жұмысын күшейтуді, онкологиялық қырағылыққа тұрақты мониторинг жүргізуді және туберкулездің алдын алуға ерекше назар аударуды тапсырды.

Диагностикалық зерттеулердің сапасы мен қолжетімділігіне айрықша көңіл бөлу жүктелді. Атап айтқанда, өңірде колоноскопиялық зерттеулердің сапасын арттыру, колоректальдық обырды ерте анықтау үшін гемокульт-тесттерді кеңінен қолдану, ПАП-тесттер мен маммографиялық зерттеулердің сапасын арттыру қажет.

📌Тапсырмалардың жеке блогы туберкулездің алдын алуға қатысты болды. Оның ішінде туберкулезбен ауыратын науқастармен байланыста болған балаларды профилактикалық емдеумен 100 пайыз қамту және халықтың арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту міндеті қойылды.

Министр денсаулық сақтау жүйесінің негізгі міндеті тек инфрақұрылымды дамыту ғана емес, сонымен қатар медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, әсіресе медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде қамтамасыз ету екенін атап өтті.

➡️➡️➡️➡️➡️➡️➡️➡️➡️➡️➡️

🔷МИНЗДРАВ: В РЕЗУЛЬТАТЕ ПРОВЕРОК В ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ ПРЕКРАЩЕНА РАБОТА 96 ПРОЦЕДУРНЫХ КАБИНЕТОВ


За последние два года значительно усилены контрольные мероприятия на объектах здравоохранения в Жамбылской области, заявила министр здравоохранения Акмарал Альназарова в ходе встречи с медицинской общественностью региона.

Так, в результате проверок была прекращена деятельность 96 процедурных кабинетов, 56 из них работали без лицензии, также проведена проверка 135 стоматологических клиник.

При этом, как отметила глава ведомства, растет количество обращений от населения, основная доля которых касается нареканий на качество и организацию медпомощи в медицинских организациях.


👉Обращаясь к медицинской общественности, министр здравоохранения поручила усилить работу организаций первичной медико-санитарной помощи по раннему выявлению онкологических заболеваний, обеспечить постоянный мониторинг онконастороженности, обратить серьезное внимание на профилактику туберкулеза.


Особое внимание поручено уделить качеству и доступности диагностических исследований. В частности, в регионе необходимо обеспечить повышение качества колоноскопических исследований, расширить применение гемокульт-тестов для раннего выявления колоректального рака, повысить качество проведения ПАП-тестов и маммографических исследований.

📌Отдельный блок поручений касался профилактики туберкулеза, включая стопроцентный охват профилактическим лечением детей, контактировавших с больными туберкулезом, информационно-разъяснительную работу среди населения.

Министр подчеркнула, что ключевой задачей системы здравоохранения остается не только развитие инфраструктуры, но и повышение качества и доступности медицинской помощи, особенно на уровне первичного звена.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1
⚡️ГЛАВА МИНЗДРАВА ПОРУЧИЛА УСИЛИТЬ РАБОТУ ПО ИММУНОПРОФИЛАКТИКЕ И ОНКОСКРИНИНГАМ


Министр здравоохранения РК Акмарал Альназарова в рамках рабочей поездки в Жамбылскую область ознакомилась с работой ряда медицинских объектов и провела совещание с медицинской общественностью региона.

🔘Глава ведомства посетила предприятие по выпуску медицинских изделий ТОО «Амир и Д», где ознакомилась с производственными мощностями предприятия и ассортиментом продукцией.

После министр посетила ТОО «Научно-клинический центр кардиохирургии и трансплантологии», где ознакомилась с работой профильных отделений, современными технологиями диагностики и лечения, а также вопросами развития высокотехнологичной медицинской помощи и трансплантологии.

Ключевым мероприятием первого дня рабочей поездки стало совещание с медицинской общественностью Жамбылской области, в ходе которого были рассмотрены вопросы качества и доступности медицинской помощи, кадрового обеспечения, санитарно-эпидемиологической ситуации, лекарственного обеспечения, развития онкологической службы, цифровизации и функционирования системы ОСМС.

Открывая совещание, Акмарал Альназарова подчеркнула, что развитие инфраструктуры здравоохранения остается одним из приоритетов государственной политики.

«За последние три года в Казахстане построено 813 объектов здравоохранения, из которых 655 – в рамках Национального проекта
«Модернизация сельского здравоохранения». Более 200 объектов открыты в населённых пунктах, где ранее медицинская помощь отсутствовала вовсе. Это позволило обеспечить около миллиона сельских жителей медицинской помощью по месту жительства», – отметила министр.


🔘В Жамбылской области в рамках нацпроекта завершено строительство всех 30 запланированных объектов первичной медико-санитарной помощи.

Вместе с тем, министр указала на ряд системных проблем в сфере здравоохранения региона. Несмотря на положительную динамику по ряду показателей, включая снижение общей смертности, смертности от болезней системы кровообращения и младенческой смертности, в области сохраняется рост показателя материнской смертности.

🔘За 4 месяца 2026 года в регионе зарегистрировано 3 случая материнской смертности. По двум случаям в настоящее время проводятся внеплановые проверки.

«Каждый случай материнской смертности требует детального разбора и системных решений. Необходимо не формально подходить к вопросам маршрутизации, кадрового обеспечения и наблюдения беременных женщин, а выстраивать полноценную систему сопровождения пациенток на всех этапах», – подчеркнула Акмарал Альназарова.



Министр поручила усилить работу первичного звена по раннему выявлению онкологических заболеваний, повысить качество диагностики и дообследования пациентов, а также активизировать информационно-разъяснительную работу с населением по вопросам вакцинации и профилактики туберкулеза.

➡️Отдельное внимание было уделено вопросам цифровизации здравоохранения и внедрения технологий искусственного интеллекта.

В регионе планируется дальнейшее развитие телемедицины, цифрового мониторинга «холодовой цепи» для хранения вакцин, а также совершенствование систем безопасности медицинских организаций, включая смарт-видеожетоны для бригад скорой помощи и интеллектуальное видеонаблюдение.

⚠️Министр подчеркнула необходимость усиления внутреннего контроля качества медицинской помощи, соблюдения клинических стандартов, повышения ответственности руководителей медицинских организаций и оперативного реагирования на обращения граждан.

На второй день рабочей поездки Акмарал Альназаровой запланировано посещение ряда других медицинских объектов, встречи с ветеранами системы здравоохранения и населением Байзакского района, а также личный прием граждан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
⚡️ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ИММУНОПРОФИЛАКТИКА МЕН ОНКОСКРИНИНГТЕР БОЙЫНША ЖҰМЫСТЫ КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жұмыс сапары шеңберінде Жамбыл облысындағы бірқатар медициналық нысандардың жұмысымен танысып, өңірдің медицина қауымдастығымен кеңес өткізді.

🔘Ведомство басшысы алдымен медициналық бұйымдар шығаратын «Амир и Д» ЖШС кәсіпорнына барып, өндірістік қуаттарымен және өнім ассортиментімен танысты.

Одан кейін министр «Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығы» ЖШС-на барып, бейінді бөлімшелердің жұмысын, диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмекті және трансплантологияны дамыту мәселелерін қарастырды.

Жұмыс сапарының алғашқы күніндегі негізгі іс-шара Жамбыл облысының медицина қауымдастығымен өткен кеңес болды, онда медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі, кадрмен қамтамасыз ету, санитариялық-эпидемиологиялық жағдай, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, онкологиялық қызметті дамыту, цифрландыру және МӘМС жүйесінің жұмыс істеуі мәселелері қаралды.

Кеңесті аша отырып, Ақмарал Әлназарова денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

«Соңғы үш жылдың ішінде Қазақстанда 813 денсаулық сақтау нысаны салынды, оның 655-і «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде жүзеге асырылды. 200-ден астам нысан бұрын медициналық көмек болмаған елді мекендерде ашылды. Бұл ауыл тұрғындарының шамамен бір миллион адамын тұрғылықты жерінде медициналық қызметпен қамтуға мүмкіндік берді», – деді министр.


🔘Жамбыл облысында ұлттық жобаның шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша жоспарланған 30 нысанның барлығының құрылысы аяқталды.

Сонымен қатар министр өңірдегі бірқатар жүйелік мәселелерге назар аударды. Жалпы өлім, жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім және нәресте өлімі көрсеткіштері бойынша оң динамикаға қарамастан, ана өлімі көрсеткіші өсіп отырғаны атап өтілді.

🔘2026 жылдың 4 айында өңірде ана өлімі бойынша 3 жағдай тіркелген. Қазіргі уақытта екі жағдай бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілуде.

«Ана өліміне қатысты әрбір жағдай жан-жақты талдауды және жүйелі шешімдерді талап етеді. Жүкті әйелдерді бағыттау, кадрлық қамтамасыз ету және бақылау мәселелеріне формалды түрде қарамай, пациенттерді барлық кезеңдерде толық сүйемелдейтін жүйе құру қажет», – деді Ақмарал Әлназарова.


Министр алғашқы буын деңгейінде онкологиялық ауруларды ерте анықтау жұмысын күшейтуді, диагностикалау мен қосымша тексерулер сапасын арттыруды, сондай-ақ вакцинациялау мен туберкулездің алдын алу бойынша халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмысын жандандыруды тапсырды.

➡️Сондай-ақ денсаулық сақтау саласын цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Өңірде телемедицинаны дамыту, вакциналарды сақтау үшін «суық тізбекті» цифрлық мониторингтеу, сондай-ақ жедел жәрдем бригадалары үшін смарт-бейнежетондар мен интеллектуалды бейнебақылау жүйелерін жетілдіру жоспарлануда.

⚠️Министр медициналық көмектің ішкі сапасын бақылауды күшейту, клиникалық стандарттарды сақтау, медициналық ұйым басшыларының жауапкершілігін арттыру және азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету қажеттігін атап өтті.

Жұмыс сапарының екінші күнінде министрдің бірқатар медициналық нысандарды аралауы, денсаулық сақтау саласының ардагерлерімен және Байзақ ауданы тұрғындарымен кездесуі, сондай-ақ азаматтарды жеке қабылдауы жоспарланған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️VI НЕЙРОХИРУРГТАР КОНГРЕСІ: ҚАЗАҚСТАНДА ЖЫЛ САЙЫН 36 МЫҢ НЕЙРОХИРУРГИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛАДЫ

Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған VI Қазақстан нейрохирургтері конгресі өтуде.

🔷Іс-шараға нейрохирургия саласындағы жетекші отандық мамандар, Нейрохирургия ұлттық орталығының өкілдері, еліміздің өңірлерінен келген дәрігерлер, сондай-ақ резиденттер мен жас мамандар қатысуда. Жалпы алғанда, Қазақстанның барлық өңірінен шамамен 200 делегат жиналды.

Конгресс барысында нейрохирургиялық қызметті дамытудың өзекті мәселелері, нейрохирургиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдері, күрделі клиникалық жағдайлар, өңірлік нейрохирургияны дамыту перспективалары және жаңа технологияларды практикалық денсаулық сақтау жүйесіне енгізу мәселелері қарастырылуда.

📌Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Конгресс қатысушыларын құттықтай отырып, елімізде нейрохирургиялық көмектің көпдеңгейлі жүйесі қалыптасқанын және жоғары технологиялық медицинаның қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

«Елімізде жыл сайын 36 мыңнан астам нейрохирургиялық операция жасалады. Клиникалық тәжірибеге заманауи микронейрохирургиялық технологиялар, аз инвазивті және эндоскопиялық араласулар белсенді түрде енгізілуде. Конгресс кәсіби диалог жүргізуге, тәжірибе алмасуға және күрделі клиникалық жағдайларды талқылауға арналған бірегей алаң болып табылады», – деп атап өтті министр.


Өз кезегінде Қазақстан нейрохирургтар қауымдастығының президенті, академик Серік Ақшолақов Конгресс елдегі нейрохирургиялық қызметті дамыту, жаңа технологияларды енгізу және кадрлар даярлау мәселелерін талқылауға арналған дәстүрлі алаңға айналғанын айтты.

➡️Іс-шараның маңыздылығын арттыра түсетін жайт – Конгрестің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы аясында өткізілуі.

«Тәуелсіздік жылдары ішінде отандық нейрохирургия мамандандырылған орталықтарды құрудан және кадрлар даярлаудан бастап, халықаралық стандарттар деңгейіндегі жоғары технологиялық медициналық көмекті енгізуге дейінгі ауқымды даму жолынан өтті», – деді академик.


Бүгінде қазақстандық нейрохирургтер халықаралық ғылыми жобаларға белсенді қатысып, жетекші салалық басылымдарда мақалаларын жариялап, еліміздің атынан әлемдік кәсіби алаңдарда табысты өнер көрсетуде.

❗️Осындай ғылыми-практикалық іс-шараларды өткізу отандық нейрохирургияның одан әрі дамуына, медициналық көмектің сапасын арттыруға және жас мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіруге ықпал етеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM