ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.64K subscribers
17.1K photos
1.3K videos
28 files
3.71K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: ҮШ ЖЫЛДЫҢ ІШІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДА 800-ДЕН АСТАМ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНЫ САЛЫНДЫ

Қазақстанда денсаулық сақтау инфрақұрылымын жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. 2023–2025 жылдар аралығында елімізде 813 денсаулық сақтау нысаны, оның 655-і ауылдық жерлердегі медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету нысаны салынды.

Ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру халыққа медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясат шеңберінде жүзеге асырылуда.

Ауылдық денсаулық сақтауды дамытуға ерекше назар аударылуда. Бұрын медициналық көмек көрсетілмеген елді мекендерде 200-ден астам жаңа медициналық нысан ашылды.

🏗️Нәтижесінде шамамен бір миллион ауыл тұрғыны медициналық қызметтерге қолжетімділікке ие болды.

Сонымен қатар, елімізде аудандық ауруханаларды жаңғырту, көпбейінді стационарлар, емханалар, перинаталдық орталықтар мен ұлттық медициналық орталықтар салу жұмыстары жалғасуда.

🔘Соңғы үш жылдың ішінде денсаулық сақтау саласының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 22%-ға артып, 436 млрд теңгеден 561 млрд теңгеге жетті. Ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша жеке инвестициялар көлемі 137 млрд теңгені құрады.

Қайтарылған активтердің есебінен құрылған Арнаулы мемлекеттік қордан 2024–2026 жылдары денсаулық сақтау нысандарын салуға қосымша 157,1 млрд теңге бағытталды.

➡️Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде республикалық маңызы бар бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылды. Астанада Орталық Азия өңірінде теңдесі жоқ сәулелік және протондық терапия орталықтары бар Ұлттық ғылыми онкология орталығы, Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығы, сондай-ақ Алматы қаласында Ұлттық ғылыми инфекциялық аурулар орталығы пайдалануға берілді.

Өңірлік деңгейде де медициналық инфрақұрылымды ауқымды жаңарту жүргізілуде – көпбейінді және аудандық ауруханалар, заманауи емханалар мен алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету нысандары салынуда.

Қазіргі уақытта елімізде инфрақұрылымды жаңғыртудың келесі кезеңі жүзеге асырылуда. 2026 жылдың соңына дейін 32 аудандық орталық аурухананы жаңартып, оларды көпбейінді аудандық ауруханалар деңгейіне жеткізу жоспарланған.

Медициналық ұйымдар компьютерлік томографтар мен ангиографтарды қоса алғанда, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілуде.

Қабылданып жатқан шаралар шұғыл медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру және мамандандырылған ем көрсету уақытын қысқарту есебінен инсульт пен инфаркттан болатын өлім-жітімді шамамен 20%-ға төмендетуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

🤰Ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. Қазақстанда 2029 жылға дейін аяқтау жоспарланған 9 заманауи перинаталдық орталықтан тұратын желі қалыптастырылуда.
Қазірдің өзінде Астана қаласында перинаталдық орталықтың құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар Шымкент қаласында, Алматы облысының Қаскелең қаласында, Қарағанды қаласында және Түркістан облысының Темірлан ауылында төрт перинаталдық орталықтың жобалау жұмыстары аяқталды. Астана, Алматы, Қызылорда және Орал қалаларында да жаңа жобалар бастамашылық етілді.
Бұдан бөлек, халықаралық қаржы ұйымдарын тарта отырып, 10 көпбейінді балалар стационарын салу мәселесі пысықталуда.

🛜Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту да маңызды бағыттардың бірі болып қала береді. Қазіргі таңда Алматы, Көкшетау және Қосшы қалаларында көпбейінді ауруханалар, Шымкент қаласында университеттік аурухана жобалары жүзеге асырылуда. Түркістан мен Петропавл қалаларындағы ірі стационарлардың құрылысы аяқталуға жақын. Сонымен бірге халықаралық қаржы ұйымдарының қатысуымен Қарағанды, Алматы, Семей және Ақтөбе қалаларында университеттік ауруханалар салу жоспарлануда.

Инфрақұрылымды дамыту бүгінде медициналық нысандарға деген қажеттілікті, олардың қуаттылығы мен бейінін ескере отырып, жүйелі негізде жүргізілуде. Бұл нүктелік құрылыстан денсаулық сақтау желісін ұзақ мерзімді әрі теңгерімді дамытуға көшуге мүмкіндік береді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Бүгінде жүзеге асырылып жатқан барлық нысандар денсаулық ма сақтау саласының жаңартылған құрылыс стандарттарына, сондай-ақ медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын халықаралық талаптарға (JCI және iHFG стандарттары) сәйкес салынып жатқанын айта кету керек. Бұл тиімді логистикасы, инфекциялық бақылау жүйесі және жоғары технологиялық медициналық көмекті енгізуге қолайлы жағдайлары бар заманауи медициналық мекемелер құруға мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, инфрақұрылымды дамыту қазіргі уақытта демографиялық үрдістерді, өңірлердің қажеттіліктерін және медициналық көмектің сапасын арттыру міндеттерін ескере отырып, ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлау негізінде жүзеге асырылуда.

Жүргізіліп жатқан жұмыстың басты нәтижесі – халық үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру, қала мен ауыл арасындағы алшақтықты қысқарту және пациентке бағдарланған заманауи денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру болып табылады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
МИНЗДРАВ: ЗА ТРИ ГОДА В КАЗАХСТАНЕ ПОСТРОЕНО БОЛЕЕ 800 ОБЪЕКТОВ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ


В Казахстане продолжается системная модернизация инфраструктуры здравоохранения. За 2023–2025 годы в стране построено 813 объектов здравоохранения, из которых 655 – объекты первичной медико-санитарной помощи в сельской местности.

Реализация масштабных инфраструктурных проектов осуществляется в рамках государственной политики по повышению доступности и качества медицинской помощи населению.

Особый акцент сделан на развитии сельского здравоохранения. Более 200 новых медицинских объектов открыты в населённых пунктах, где ранее медицинская помощь отсутствовала. В результате порядка одного миллиона сельских жителей получили доступ к медицинским услугам в шаговой доступности.

🏗️Параллельно в стране продолжается модернизация районных больниц, строительство многопрофильных стационаров, поликлиник, перинатальных центров и национальных медицинских центров.

За последние три года объём инвестиций в основной капитал здравоохранения увеличился на 22% – с 436 млрд до 561 млрд тенге. При этом объём частных инвестиций по итогам 2025 года достиг 137 млрд тенге.
Дополнительно на строительство объектов здравоохранения в 2024–2026 годах направлено 157,1 млрд тенге из Специального государственного фонда, сформированного за счёт возвращённых активов.

🔘В рамках исполнения поручений Главы государства реализован ряд крупных инфраструктурных проектов республиканского значения. Введены в эксплуатацию Национальный научный онкологический центр в Астане – уникальный для Центральноазиатского региона комплекс с центрами лучевой и протонной терапии, Национальный координационный центр экстренной медицины, а также Национальный научный центр инфекционных болезней в Алматы.

На региональном уровне также реализуется масштабное обновление медицинской инфраструктуры – строятся многопрофильные и районные больницы, современные поликлиники и объекты первичной медико-санитарной помощи.

➡️Сегодня в стране реализуется следующий этап инфраструктурной модернизации. До конца 2026 года планируется обновление 32 районных больниц с доведением их до уровня многопрофильных центральных районных больниц. Медицинские организации оснащаются современным оборудованием, включая компьютерные томографы и ангиографы.

Ожидается, что принимаемые меры позволят снизить смертность от инсультов и инфарктов примерно на 20% за счёт повышения доступности экстренной медицинской помощи и сокращения времени до оказания специализированного лечения.

Отдельное внимание уделяется развитию службы охраны материнства и детства. В Казахстане формируется сеть из 9 современных перинатальных центров, которую планируется завершить к 2029 году.

🤰Уже ведется строительство перинатального центра в г. Астана, завершено проектирование четырех перинатальных центров в г. Шымкент, г. Каскелен Алматинской области, г. Караганда и в с. Темирлан Туркестанской области, инициированы проекты в Астане, Алматы, Кызылорде и Уральске. Также прорабатывается строительство 10 многопрофильных детских стационаров с привлечением международных финансовых организаций.

Ещё одним важным направлением остаётся развитие государственно-частного партнёрства. Уже реализуются проекты многопрофильных больниц в Алматы, Кокшетау и Косшы, университетской больницы в Шымкенте, Практически завершено возведение крупных стационаров в Туркестане и Петропавловске, а при участии международных финансовых организаций планируется построить университетские больницы в Караганде, Алматы, Семее и Актобе.

🛜Развитие инфраструктуры сегодня строится на системной основе, с учетом потребности в медицинских объектах, их мощности и профилей. Это даёт возможность перейти от точечного строительства к долгосрочному и сбалансированному развитию сети здравоохранения.

Стоит отметить, что на сегодняшний день все реализуемые объекты возводятся согласно обновленным строительным стандартам здравоохранения, с учетом международных требований к качеству и безопасности медицинской помощи (стандарты JCI и iHFG).
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Это позволяет создавать современные медицинские объекты с эффективной логистикой, инфекционным контролем и условиями для внедрения высокотехнологичной медицинской помощи.

В Министерстве здравоохранения отмечают, что развитие инфраструктуры сегодня осуществляется на основе долгосрочного стратегического планирования с учётом демографических тенденций, потребностей регионов и повышения качества медицинской помощи.

Главный результат проводимой работы — повышение доступности медицинских услуг для населения, сокращение разрыва между городом и селом и создание современной системы здравоохранения, ориентированной на пациента.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
🔺В КАЗАХСТАНЕ ОДНОЙ БРИГАДОЙ ТРАНСПЛАНТОЛОГОВ УСПЕШНО ПРОВЕДЕНА 800-Я ТРАНСПЛАНТАЦИЯ ПОЧКИ

В ведущем хирургическом центре страны успешно проведена 800-я трансплантация почки. Операция стала очередным важным достижением отечественной трансплантологии и подтверждением высокого уровня развития высокотехнологичной медицинской помощи в Казахстане.

🎉Юбилейное хирургическое вмешательство выполнено под руководством академика Болатбека Баймаханова. Пациенткой стала 14-летняя девочка, страдающая терминальной стадией хронической почечной недостаточности. Последний год ее жизнь была неразрывно связана с перитонеальным диализом — жизненно необходимой, но существенно ограничивающей качество жизни процедурой.

Особую значимость этой истории придает то, что донором для девочки стала ее мама. Ради спасения дочери женщина приняла решение пожертвовать одну из своих почек. Благодаря материнской любви, самоотверженности и высокому профессионализму казахстанских врачей операция прошла успешно.

Сегодня состояние пациентки оценивается как стабильное. Впереди ее ждет период реабилитации, после которого она сможет вернуться к полноценной жизни, учебе, общению со сверстниками и реализации своих мечтаний.

Проведение 800-й трансплантации почки является знаковым событием для отечественного здравоохранения. За каждой подобной операцией стоят спасенные жизни, новые возможности для пациентов и их семей, а также многолетний труд врачей, медицинских сестер и специалистов трансплантационной службы.

🎉Развитие трансплантологии остается одним из важнейших направлений современной медицины, позволяя возвращать к активной жизни пациентов с тяжелыми хроническими заболеваниями и дарить им шанс на здоровое будущее.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔺ҚАЗАҚСТАНДА БІР БРИГАДАМЕН 800-ШІ БҮЙРЕКТІ ТРАНСПЛАНТАТТАУ СӘТТІ ЖАСАЛДЫ

Еліміздің жетекші хирургиялық орталығында 800-ші бүйректі трансплантаттау сәтті жүзеге асырылды. Бұл операция отандық трансплантология саласындағы кезекті маңызды жетістік болып, Қазақстандағы жоғары технологиялық медициналық көмектің даму деңгейінің жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

🎉Мерейтойлық операция академик Болатбек Баймахановтың жетекшілігімен жүргізілді. Пациент – созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысымен ауыратын 14 жастағы қыз бала. Соңғы бір жыл бойы оның өмірі перитонеалдық диализбен тығыз байланысты болды. Бұл – өмірді сақтап қалу үшін аса қажет болғанымен, адамның өмір сүру сапасын едәуір шектейтін ем-шара.

Бұл оқиғаның ерекше маңыздылығы – қыз балаға донор болған адамның өз анасы екендігінде. Қызын аман алып қалу үшін анасы өзінің бір бүйрегін беруге шешім қабылдады. Аналық махаббаттың, жанқиярлықтың және қазақстандық дәрігерлердің жоғары кәсібилігінің арқасында операция сәтті өтті.

Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы тұрақты деп бағалануда. Алда оңалту кезеңі күтіп тұр. Одан кейін ол толыққанды өмірге оралып, білім алып, құрдастарымен еркін араласып, армандарын жүзеге асыруға мүмкіндік алады.

800-ші бүйректі трансплантаттаудың жасалуы отандық денсаулық сақтау саласы үшін айтулы оқиға болып табылады. Осындай әрбір операцияның артында сақталған адам өмірі, пациенттер мен олардың отбасылары үшін жаңа мүмкіндіктер, сондай-ақ дәрігерлердің, мейіргерлердің және трансплантаттау қызметі мамандарының көп жылғы еңбегі тұр.

🎉Трансплантологияны дамыту заманауи медицинаның маңызды бағыттарының бірі болып қала береді. Ол ауыр созылмалы ауруларға шалдыққан пациенттердің белсенді өмірге қайта оралуына мүмкіндік беріп, олардың дені сау болашаққа деген үмітін нығайтады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM