ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.64K subscribers
17.1K photos
1.3K videos
28 files
3.71K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
💊ОТДЕЛЕНИЯ ГОСПИТАЛЬНОЙ ФАРМАЦИИ ПОЗВОЛЯЮТ ОБЕСПЕЧИТЬ БЕЗОПАСНОСТЬ ТЕРАПИИ И РАЦИОНАЛЬНОЕ ПРИМЕНЕНИЕ ЛЕКАРСТВ





В рамках проводимой Министерством здравоохранения работы по цифровизации лекарственного обеспечения и рациональному использованию препаратов в НИИ кардиологии и внутренних болезней открылось отделение госпитальной формации.

🤩В новом отделении ведется работа по клинико-фармакологической оценке терапии, мониторингу эффективности и безопасности, рациональному выбору лечения и разведению лекарственных средств, также склад - отдел учёта и хранения лексредств.

Здесь реализована автоматическая подача и упаковка таблетированных форм, обеспечивающей точное дозирование, снижение влияния человеческого фактора и ускорение процесса выдачи лекарств.

💊Новый автоматизированный кабинет хранения лекарственных средств позволяет обеспечить строгий контроль условий хранения, учёт остатков и сроков годности в режиме реального времени, повышение сохранности и безопасности лекарственных препаратов и роботизированную систему доставки.

«Переход на автоматизированные решения выводит управление медикаментами на новый уровень. Современная методология базируется на сквозном мониторинге жизненного цикла препаратов — от поступления в клинику до выдачи пациенту, минимизируя человеческий фактор», - отметил председатель Правления института Рустем Тулеутаев, презентуя новую технологическую методологию учёта и контроля лекарственных средств в рамках современных автоматизированных решений.


Руководитель отдела клинической фармакологии Айгуль Бактыгалиева сообщила, что внедрение новых технологий позволят интегрировать IT системы – 1С бухгалтерии – DAMUMED, оптимизировать время медперсонала в отделениях; повысить скорость и качество лекарственного обеспечения и снизить логистические затраты.

🤩Как отметили в Министерстве здравоохранения, создание ОГФ направлено на внедрение персонифицированного учета лекарств, повышение качества и безопасности фармакотерапии, оптимизацию затрат и формирование единой системы мониторинга эффективности терапии.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🕔Донорлық ағзаны күту мүмкіндігі тек медицинаға ғана емес, сонымен бірге қоғамның қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа дайындығына да байланысты.

Бүгінде Қазақстанда созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар 5 мыңнан астам пациент трансплантаттауды күту парағында тұр, оның 200 - ге жуығы балалар.

📌Неліктен күту парағы өсіп келеді, адам диализде қанша жыл өмір сүре алады және трансплантаттауды күту мүмкіндігіне не әсер етеді - дейді А. Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының басқарма төрағасы, ҚР ДСМ бас трансплантологы Болатбек Баймаханов.

https://youtu.be/GWG2Nrg80jQ?si=ZoMzM1IDnyYJeN5c




🕔Шанс дождаться донорского органа зависит не только от медицины, но и от готовности общества к посмертному донорству.

Сегодня в Казахстане в листе ожидания трансплантации находятся более 5 тыс. пациентов с хронической почечной недостаточностью, из них около 200 - дети.

📌Почему лист ожидания растёт, сколько лет человек может прожить на диализе и что влияет на возможность дождаться трансплантации - рассказывает Председатель правления Национального научного центра хирургии имени А.Н. Сызганова, главный трансплантолог МЗ РК Болатбек Баймаханов.

https://youtu.be/GWG2Nrg80jQ?si=ZoMzM1IDnyYJeN5c
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Президент тапсырмаларын орындау: Қазақстанда азаматтарды қолдаудың ауқымды жүйесі қалыптастырылды

📌 Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті және әлеуметтік бағдарланған Қазақстан құру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында халықты қолдауға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізуде. Жаңа Конституцияда бекітілген әлеуметтік мемлекет қағидаттары азаматтардың барлық санатын — балалы отбасыларды, жастарды, мүгедектігі бар адамдарды, зейнеткерлерді, әлеуметтік сала қызметкерлерін және табысы төмен азаматтарды қамтитын нақты шешімдер арқылы жүзеге асырылып отыр.

Бүгінде әлеуметтік қолдау ауқымы миллиондаған адамды және жүздеген миллиард теңгені қамтып отыр. 2,5 миллионнан астам адам зейнетақы алады, 630 мыңнан аса көпбалалы отбасы жәрдемақымен қамтылған, 544 мыңнан астам азамат мүгедектік бойынша қолдау алады, ауылдық жерлерде шамамен бір миллион тұрғын жаңа медициналық инфрақұрылымға қол жеткізді, ал білім беру гранттарының саны соңғы бес жылда 93 мыңнан астамға жетті.

Бүгінде елімізде әлеуметтік қолдаудың көп деңгейлі жүйесі қалыптасқан. Ол тегін медициналық көмек, мемлекеттік жәрдемақылар, зейнетақымен қамсыздандыру, білім мен ғылымды қолдау, ана мен баланы қорғау, сондай-ақ әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға арналған арнайы қорғау бағдарламаларын қамтиды.

Бұл шаралардың көпшілігі қаржыландыру көлемі жағынан да, қамтитын азаматтар саны жағынан да бұрын-соңды болмаған.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Исполнение поручений Президента: в Казахстане выстроена масштабная система поддержки граждан

📌В рамках исполнения поручений Главы государства Касым-Жомарта Токаева на построение Справедливого и социально ориентированного Казахстана Правительством проводится масштабная работа по реализации мер поддержки населения. Закрепленные в новой Конституции принципы социального государства находят практическое воплощение в конкретных решениях, охватывающих все категории граждан – семьи с детьми, молодежь, людей с инвалидностью, пенсионеров, работников социальной сферы и малообеспеченных граждан.

Масштаб социальной поддержки сегодня измеряется миллионами граждан и сотнями миллиардов тенге. Пенсионные выплаты получают более 2,5 млн человек, пособиями охвачено свыше 630 тыс. многодетных семей, поддержку по инвалидности получают более 544 тыс. граждан, около миллиона сельских жителей получили доступ к новой медицинской инфраструктуре, а количество образовательных грантов за пять лет выросло до более чем 93 тыс.

Сегодня в стране действует многоуровневая система социальной поддержки, включающая бесплатную медицинскую помощь, государственные пособия, пенсионное обеспечение, поддержку образования, науки, материнства и детства, а также специальные программы социальной защиты наиболее уязвимых категорий населения.

Многие из этих мер стали беспрецедентными как по объемам финансирования, так и по количеству граждан, которых они охватывают.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Баршаға қолжетімді медицина

📌 Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін сақтау және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін әрі қарай дамыту әлеуметтік саясаттың басты жетістіктерінің бірі болып қала бермек. Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, азаматтардың тұрғылықты жеріне қарамастан медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған денсаулық сақтау жүйесін дәйекті түрде жаңғырту жұмыстарын жүргізуде.

Бүгінде қазақстандықтар мемлекет есебінен кең ауқымды медициналық көмектер: дәрігерлер кеңесі мен профилактикалық тексерулерден бастап, құны ондаған миллион теңгеге жететін жоғары технологиялы операцияларға дейін тегін алуда. Кардиохирургиялық операциялар, нейрохирургиялық араласулар, ағза трансплантациясы, онкологиялық ауруларды емдеу, сирек патологиясы бар науқастарға көмек және басқа да қымбат ем түрлері қаржыландырылады. Мемлекеттік қолдау болмаған жағдайда мұндай ем көптеген отбасылар үшін қолжетімсіз болар еді.

Онкологиялық тексерулер тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне енгізілді. Соның нәтижесінде шамамен 300 мың адам қосымша диагностикадан өту мүмкіндігін алды.

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде демографиялық көрсеткіштер тұрақты түрде жақсарып келеді. Өмір сүру ұзақтығы тарихи ең жоғары деңгейге жетіп, 75,97 жасты құрады. Қазақстан сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жұқпалы емес аурулардан болатын мезгілсіз өлім-жітімді азайту жөніндегі мақсатты көрсеткішіне мерзімінен бұрын қол жеткізді. Сонымен қатар профилактикалық медицина дамып келеді, скринингтік бағдарламалар кеңейтілуде, ерте диагностиканың жаңа әдістері енгізілуде және диспансерлік бақылау жүйесі жетілдірілуде.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Доступная медицина для всех

📌Одним из главных достижений социальной политики является сохранение гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и дальнейшее развитие системы обязательного социального медицинского страхования. По поручению Главы государства Правительством проводится последовательная модернизация системы здравоохранения, направленная на повышение доступности и качества медицинских услуг независимо от места проживания граждан.

Сегодня казахстанцы получают широкий спектр медпомощи за счет государства – от консультаций врачей и профилактических обследований до высокотехнологичных операций, стоимость которых может достигать десятков миллионов тенге. Финансируются кардиохирургические операции, нейрохирургические вмешательства, трансплантация органов, лечение онкологических заболеваний, помощь пациентам с редкими патологиями и другие дорогостоящие виды лечения, которые без государственной поддержки были бы недоступны для многих семей.

Онкологические обследования переведены в гарантированный объем бесплатной медицинской помощи, благодаря чему дополнительный доступ к диагностике получили порядка 300 тыс. человек.

Результатом проводимой работы стало устойчивое улучшение демографических показателей: ожидаемая продолжительность жизни достигла исторического максимума – 75,97 года. Казахстан также досрочно вышел на целевой ориентир Всемирной организации здравоохранения по снижению преждевременной смертности от неинфекционных заболеваний.

Параллельно развивается профилактическая медицина, расширяются программы скринингов, внедряются новые методы ранней диагностики и совершенствуется система диспансерного наблюдения.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Мемлекет есебінен жоғары технологиялы медициналық көмек

📌 Мемлекет азаматтарды қымбат әрі жоғары технологиялы медициналық көмекпен қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жалғастырып келеді. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы қазақстандықтар табыс деңгейіне қарамастан заманауи диагностика, емдеу әдістері және күрделі хирургиялық операцияларға қол жеткізуде.

Ауыр туа біткен аурулары мен патологиялары бар балаларға ерекше көңіл бөлінеді. Жыл сайын туа біткен аурулары бар шамамен 1,5 мың нәрестеге операция жасалады, олардың шамамен 40%-ы аз инвазивті эндовидеохирургиялық технологиялармен жасалады.

Сонымен қатар балалар кардиохирургиясы да дамып келеді. Жыл сайын елімізде жүрек-қан тамыр жүйесінің туа біткен ақаулары бар балаларға шамамен 2 мың ашық операция жасалады.

Заманауи медициналық технологияларды енгізу нәрестелердің операциядан кейінгі өміршеңдігін 88%-дан 93%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Бұдан бөлек, 19 инновациялық медициналық технологияның енгізілуі балаларды шетелде емдеуге жіберу санын екі есе қысқартып, жоғары технологиялы көмекті ел ішінде қолжетімді етті.

Қымбат ем мен дәрі-дәрмекпен қамту да кеңейіп келеді. 2018 жылы тегін дәрі-дәрмекпен 1,9 миллион адам қамтылса, 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 3,4 миллионға жетті. Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бөлінетін қаржы осы кезеңде 87,2 миллиард теңгеден 337,4 миллиард теңгеге дейін үш есе өсті.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Высокотехнологичная медпомощь за счет государства

📌 Значимым направлением оостается обеспечение граждан дорогостоящей и высокотехнологичной медицинской помощью за счет государства. Благодаря системе ГОБМП и ОСМС казахстанцы получают доступ к современным методам диагностики, лечения и сложнейшим хирургическим вмешательствам независимо от уровня доходов.

Особое внимание уделяется детям с тяжелыми врожденными заболеваниями и патологиями. Ежегодно около 1,5 тыс. новорожденных с врожденными пороками развития получают оперативное лечение, при этом порядка 40% операций проводится с использованием малоинвазивных эндовидеохирургических технологий.

Одновременно развивается детская кардиохирургия. Ежегодно в Казахстане проводится около 2 тыс. операций на открытом сердце детям с врожденными пороками сердечно-сосудистой системы.

Внедрение современных медицинских технологий позволило повысить выживаемость младенцев после операций с 88% до 93%. Кроме того, внедрение 19 инновационных медицинских технологий позволило вдвое сократить количество направлений детей на лечение за рубеж, обеспечив доступность высокотехнологичной медицинской помощи внутри страны.

Параллельно расширяется доступ к дорогостоящему лечению и лекарственному обеспечению. Если в 2018 году бесплатными лекарственными средствами обеспечивались 1,9 млн человек, то к 2025 году этот показатель увеличился до 3,4 млн граждан. Объем финансирования амбулаторного лекарственного обеспечения за этот период вырос более чем в три раза – с 87,2 млрд до 337,4 млрд тенге.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Медициналық инфрақұрылымды ауқымды жаңғырту

📌 Медициналық инфрақұрылымды дамыту денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртудың ең ауқымды бағыттарының біріне айналды. Соңғы жеті жылда елімізде 1250-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынды, оның 800-ден астамы соңғы үш жылда ғана пайдалануға берілді.

Ауыл медицинасын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында 655 алғашқы медициналық-санитариялық көмек нысаны салынды. 200-ден астам ауылдық елді мекендер алғаш рет өздерінің медициналық мекемелеріне ие болды, ал миллионға жуық ауыл тұрғындары аудандық немесе облыстық орталықтарға бармай-ақ тұрғылықты жерінің жанында медициналық көмек алуға мүмкіндік алды.

Бір мезгілде жұмыс істеп тұрған ауруханалар мен емханаларды жаңғырту жүргізілуде, медициналық жабдықтар жаңартылуда, цифрлық технологиялар мен телемедицина енгізілуде, консультациялық-диагностикалық көмек көрсету мүмкіндіктері кеңейтілуде.



Масштабная модернизация медицинской инфраструктуры

📌 Развитие медицинской инфраструктуры стало одним из крупнейших направлений обновления системы здравоохранения. За последние семь лет в стране построено более 1250 объектов здравоохранения, причем свыше 800 из них введены в эксплуатацию только за последние три года.

Отдельное внимание уделяется развитию сельской медицины. В рамках Национального проекта по модернизации сельского здравоохранения построено 655 объектов первичной медико-санитарной помощи. Более 200 сельских населенных пунктов впервые получили собственные медицинские учреждения, а у около миллиона сельских жителей появилась возможность получать медпомощь рядом с местом проживания без необходимости выезжать в районные или областные центры.

Одновременно проводится модернизация действующих больниц и поликлиник, обновляется медицинское оборудование, внедряются цифровые технологии и телемедицина, расширяются возможности консультативно-диагностической помощи.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔷ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ АСТАНА ЕМХАНАЛАРЫНДАҒЫ РЕФОРМАЛАРДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІН БАҒАЛАДЫ

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Астана қаласындағы №1, №13 қалалық емханалар мен City жеке емханасына барып, денсаулық сақтаудың бастапқы буынында жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижелерімен, халыққа медициналық көмек көрсету ісінің ұйымдастырылуымен және медицина қызметкерлерінің жұмысымен танысты.

Сапар барысында ведомство басшысы дәрігерлермен, мейіргерлермен және медициналық ұйымдардың басшыларымен кездесіп, медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту, профилактикалық жұмысты жетілдіру, үдерістерді цифрландыру және қаржыландыру жүйесін одан әрі реформалау мәселелерін талқылады.

«Біз үшін статистика мен есептерді ғана емес, жергілікті жерлердегі нақты өзгерістердің нәтижелерін көру маңызды. Кез келген реформа медициналық көмектің сапасын арттырып, оны халық үшін қолжетімді етіп, медицина қызметкерлеріне қолайлы еңбек жағдайларын жасаған кезде ғана өз мәніне ие болады», – деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.


Сапар барысында балаларға медициналық көмек көрсету мәселелері мен педиатриялық қызметті дамыту перспективаларына ерекше назар аударылды.

👉Ведомство басшысы қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан педиатриялық көмекті ұйымдастырудың әртүрлі модельдерінің тиімділігіне кешенді талдау жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Біз халықаралық тәжірибені мұқият зерттеп жатырмыз. Алайда шешім қабылдау кезінде ең алдымен балаларымыздың мүдделерін, практикалық дәрігерлердің пікірін және Қазақстанның нақты жағдайларын басшылыққа аламыз», – деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.


Емханаларды аралау барысында профилактикалық жұмыстар мен ауруларды ерте анықтау нәтижелері таныстырылды. Атап айтқанда, №1 қалалық емханада бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша скринингтік тексерулермен қамту деңгейі 60 пайыздан асты. 10 мыңнан астам адам профилактикалық тексеруден өтіп, олардың нәтижесінде шамамен 200 түрлі ауру анықталған.

💭Министрдің айтуынша, мұндай көрсеткіштер профилактикалық медицинаның тиімділігі артып келе жатқанын көрсетеді және ауруларды дер кезінде анықтап, ауыр асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді.

«Бүгінде халықты скринингтік тексерулермен қамту, созылмалы аурулары бар пациенттерді диспансерлік бақылауды ұйымдастыру және профилактикалық жұмысты дамыту бағытында оң динамиканы байқап отырмыз. Дәл осы бастапқы буын ауруларды ерте анықтаудың және халық денсаулығын сақтаудың негізіне айналуы тиіс», – деді Ақмарал Әлназарова.


⚫️Медицина қызметкерлерін ынталандыру мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Емханалар басшылығы нақты сапа және тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған ынталандырушы төлемдер жүйесін енгізу нәтижелерін таныстырды.

«Еңбекке ақы төлеу жүйесі медицина қызметкерлерін көрсетілген қызмет көлеміне емес, медициналық көмектің сапасына, профилактикалық белсенділігіне және қол жеткізілген нәтижелерге ынталандыруы өте маңызды. Түптеп келгенде, бұдан пациенттер де, жалпы денсаулық сақтау жүйесі де ұтады», – деп атап өтті министр.


Ұжымдармен кездесулер барысында медициналық-санитариялық алғашқы көмекті қаржыландыру жүйесін жетілдірудің алдағы қадамдары да талқыланды. Атап айтқанда, 2027 жылдан бастап енгізу жоспарланып отырған толыққанды сақтандыру үлгісіне көшуге дайындық мәселесі қаралды.

👉Министр сақтандырылмаған халықпен жұмысты жандандыру және әлеуметтік қызметтермен ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту қажеттігіне ерекше тоқталды.

«Сақтандыру моделіне толық көшу бүгіннен бастап жан-жақты дайындықты талап етеді. Біздің ортақ міндетіміз – әрбір азаматтың медициналық көмекке қол жеткізуін қамтамасыз ету және оның міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі құқықтары мен мүмкіндіктерін түсінуіне жағдай жасау», – деді ведомство басшысы.


Сонымен қатар, сапар барысында бастапқы буынды цифрландыру, пациенттердің бағытталу маршрутын жетілдіру, кеңейтілген практика кабинеттерін дамыту және жалпы практика дәрігерлерінің жұмыс тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Жұмыс сапарының қорытындысын шығара отырып, министр бастапқы буындағы реформалардың нақты нәтижелер көрсетіп отырғанын, алайда денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру жұмыстарының жалғасатынын атап өтті.

«Біздің мақсатымыз – реформаны реформа үшін жүргізу емес. Кез келген өзгерістің басты көрсеткіші – халықтың денсаулығы, ауруларды дер кезінде анықтау, медициналық көмектің қолжетімділігі және пациенттердің көрсетілетін қызмет сапасына қанағаттануы», – деп түйіндеді Ақмарал Әлназарова.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔷МИНИСТР ЗДРАВООХРАНЕНИЯ ОЦЕНИЛА РЕЗУЛЬТАТЫ РЕФОРМ В ПОЛИКЛИНИКАХ АСТАНЫ


Министр здравоохранения Акмарал Альназарова посетила городские поликлиники №1, №13 и частную поликлинику City в Астане, где ознакомилась с результатами проводимых реформ в первичном звене здравоохранения, организацией медицинской помощи населению и работой медицинского персонала.

В ходе посещения глава ведомства встретилась с врачами, медицинскими сестрами и руководителями медицинских организаций, обсудив актуальные вопросы развития первичной медико-санитарной помощи, совершенствования профилактической работы, цифровизации процессов и дальнейшего реформирования системы финансирования.

«Для нас важно видеть не только статистику и отчеты, но и реальные результаты изменений на местах. Любая реформа имеет смысл только тогда, когда она улучшает качество медицинской помощи, делает ее более доступной для населения и создает комфортные условия для работы медицинских работников», – отметила Акмарал Альназарова.


Особое внимание в ходе визита было уделено вопросам оказания медицинской помощи детям и перспективам развития педиатрической службы.

👉Глава ведомства подчеркнула, что в настоящее время Министерством здравоохранения проводится комплексный анализ эффективности различных моделей организации педиатрической помощи.

«Мы внимательно изучаем международный опыт, однако при принятии решений будем исходить прежде всего из интересов наших детей, мнения практикующих врачей и казахстанских реалий», – подчеркнула глава Минздрава.


В ходе посещения поликлиник были представлены результаты профилактической работы и раннего выявления заболеваний. Так, в городской поликлинике №1 по итогам первого квартала охват скрининговыми обследованиями превысил 60%. Более 10 тысяч человек прошли профилактические осмотры, по результатам которых выявлено около 200 различных заболеваний.

💭По словам министра, такие показатели свидетельствуют о повышении эффективности профилактической медицины и позволяют своевременно выявлять заболевания, предотвращая развитие тяжелых осложнений.

«Сегодня мы уже видим положительную динамику по охвату населения скринингами, организации диспансерного наблюдения пациентов с хроническими заболеваниями и развитию профилактической работы. Именно первичное звено должно стать основой раннего выявления заболеваний и сохранения здоровья населения», – отметила Акмарал Альназарова.


⚫️Отдельное внимание было уделено вопросам мотивации медицинских работников. Руководство поликлиник представило результаты внедрения системы стимулирующих выплат, ориентированной на достижение конкретных показателей качества и эффективности работы.

«Очень важно, чтобы система оплаты труда мотивировала медицинских работников не количеством оказанных услуг, а качеством медицинской помощи, профилактической активностью и достигнутыми результатами. В конечном итоге от этого выигрывают и пациенты, и вся система здравоохранения», – подчеркнула министр.


В ходе встреч с коллективами также обсуждались дальнейшие шаги по совершенствованию финансирования первичной медико-санитарной помощи. В частности, был рассмотрен вопрос подготовки к переходу на полноценную страховую модель финансирования, который запланирован с 2027 года.

👉Министр акцентировала внимание на необходимости активизации работы с незастрахованным населением и усиления межведомственного взаимодействия с социальными службами.

«Полный переход к страховой модели требует серьезной подготовки уже сегодня. Наша общая задача – обеспечить, чтобы каждый гражданин имел доступ к медицинской помощи и понимал свои права и возможности в системе обязательного социального медицинского страхования», — сказала глава ведомства.


Кроме того, в ходе визита были рассмотрены вопросы цифровизации первичного звена, совершенствования маршрутизации пациентов, развития кабинетов расширенной практики и повышения эффективности работы врачей общей практики.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM