ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.7K subscribers
16.8K photos
1.23K videos
28 files
3.65K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
🛎🤰300 МЫҢНАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ РЕПРОДУКТИВТІК ДЕНСАУЛЫҚ АПТАЛЫҒЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Көктемнің соңғы аптасында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен еліміздің барлық өңірлерінде болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтауға және халықтың репродуктивтік сауаттылығын арттыруға бағытталған Репродуктивтік денсаулық апталығы шеңберінде түрлі іс-шаралар өткізілді.

🏦Науқанның негізгі мақсаты азаматтардың репродуктивтік денсаулықты қорғау, жеке гигиена, жыныстық жетілу, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ), адам папилломасы вирусының (АПВ) алдын алу, сондай-ақ отбасын жоспарлау және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру болды.

Қазақстанның барлық өңірлерінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары мен жастар денсаулық орталықтарының базасында Ашық есік күндері ұйымдастырылып, оның шеңберінде жасөспірімдер мен жастар гинекологтардан, урологтардан, дерматовенерологтардан, психологтардан және басқа да бейінді мамандардан консультация алу мүмкіндігіне ие болды.

💌Апталық бағдарламасы отбасын жоспарлау және жүктілікке дейінгі дайындық, ерлер мен әйелдер денсаулығы, жасөспірімдер мен жастардың репродуктивтік денсаулығын сақтау, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу, сондай-ақ жатыр мойны обыры мен адам папилломасы вирусының профилактикасы мәселелерін қамтыды.

Науқанның қорытындысы бойынша бейінді мамандардың қатысуымен 3 мыңнан астам ағартушылық іс-шаралар мен дәрістер өткізілді. Іс-шаралармен қамтылғандардың жалпы саны 300 мыңнан асты, оның ішінде 70 мыңнан астам ер адам, 137 мың әйел және 110 мың жасөспірім бар.

🏦Халықтың ең жоғары белсенділігі мен қызығушылығы Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Түркістан облысында байқалды.

Науқан барысында жасөспірімдер мен жастарға ерекше назар аударылып, оларға денсаулықты сақтау, аурулардың алдын алу және болашақ ата-аналыққа жауапкершілікпен қарау жөнінде сенімді ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі берілді.

🔘Іс-шараларды өткізуге Қазақстанның жыныстық және репродуктивтік денсаулық қауымдастығы да қосылды. Ұйым әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер, мастер-кластар, ағартушылық кездесулер және бейінді мамандардың қатысуымен сараптамалық баяндамалар ұйымдастырды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🛎🤰БОЛЕЕ 300 ТЫСЯЧ КАЗАХСТАНЦЕВ ОХВАТИЛА НЕДЕЛЯ РЕПРОДУКТИВНОГО ЗДОРОВЬЯ

В последнюю неделю весны по инициативе Министерства здравоохранения Республики Казахстан во всех регионах страны прошли мероприятия, посвящённые Неделе репродуктивного здоровья, направленные на сохранение здоровья будущего поколения и повышение уровня репродуктивной грамотности населения.

🏦Основной целью кампании стало повышение осведомлённости граждан по вопросам охраны репродуктивного здоровья, гигиены, полового созревания, профилактики инфекций, передающихся половым путём (ИППП), вируса папиллом человека (ВПЧ), а также планирования семьи и ответственного отношения к своему здоровью.

Во всех регионах Казахстана на базе организаций первичной медико-санитарной помощи и молодежных центров здоровья были организованы Дни открытых дверей, в рамках которых подростки и молодые люди смогли получить консультации гинекологов, урологов, дерматовенерологов, психологов и других профильных специалистов.

💌Программа Недели охватила широкий круг тем, включая вопросы планирования семьи и прегравидарной подготовки, мужского и женского здоровья, сохранения репродуктивного здоровья подростков и молодежи, профилактики инфекций, передающихся половым путём, а также профилактики рака шейки матки и вируса папилломы человека.

По итогам кампании проведено более 3 тысяч просветительских мероприятий и лекций с участием профильных специалистов. Общий охват мероприятий превысил 300 тыс. человек, включая свыше 70 тыс. мужчин, 137 тыс. женщин и 110 тыс. подростков.

🔘Наибольшая активность и вовлечённость населения отмечены в городах Алматы, Шымкенте и Туркестанской области.

Особое внимание в ходе кампании было уделено подросткам и молодёжи, которым предоставили доступ к достоверной информации о сохранении здоровья, профилактике заболеваний и формировании ответственного отношения к будущему родительству.

📌К проведению мероприятий также присоединилась Казахстанская ассоциация по половому и репродуктивному здоровью. Организацией были проведены прямые эфиры в социальных сетях, мастер-классы, просветительские встречи и экспертные выступления с участием профильных специалистов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ АЛМАТЫДА БАЛАЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУГЕ АРНАЛҒАН ҮШ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматыда бірден үш құзыреттілік орталығы ашылды. Бұл орталықтар кішкентай пациенттердің қажетті медициналық көмекті жедел алуына, ал дәрігерлердің ауруларды тиімдірек диагностикалап, емдеуіне мүмкіндік береді.

➡️Салтанатты ашылу рәсіміне Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов қатысты. Ол балалар денсаулығын сақтау қалалық денсаулық сақтау жүйесінің басым бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтіп, жаңа орталықтар мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ықпал ететінін айтты.

Маңызды жобалардың бірі №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының базасында ашылған құзыреттілік орталықтары болды. Мұнда балалар медицинасының он бағыты бойынша мамандар біріктірілген: кардиология, пульмонология, ревматология, гастроэнтерология, аллергология, гематология, эндокринология, нефрология, неврология және орфандық аурулар.

🙂Ата-аналар үшін бұл күрделі диагноз қойылған жағдайда баланы қажетті мамандарды іздеп, көптеген медициналық ұйымдарға апарудың қажеті болмайтынын білдіреді. Енді әртүрлі бейіндегі дәрігерлер бір команда ретінде жұмыс істеп, клиникалық жағдайларды бірлесіп талқылайды, консилиумдар өткізеді және емдеу бойынша ортақ шешім қабылдайды.

Мұндай көмек сирек кездесетін генетикалық, аутоиммундық, онкологиялық және неврологиялық аурулары бар балалар үшін ерекше маңызды. Себебі дәл уақытында қойылған диагноз бен дұрыс таңдалған емдеу тактикасы шешуші рөл атқарады.

📌Тағы бір маңызды оқиға – Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының базасында Балалық шақ ауруларын интеграцияланған басқару жөніндегі құзыреттілік орталығының ашылуы болды. Оның қызметі туғаннан бес жасқа дейінгі балаларға көрсетілетін медициналық көмекті жетілдіруге, дәрігерлер мен мейіргерлердің біліктілігін арттыруға, диагностика мен емдеудің заманауи стандарттарын енгізуге, сондай-ақ аурулардың алдын алуға бағытталған.

Орталық жұмысының маңызды бағыттарының бірі медицина қызметкерлерін оқытумен қатар, ата-аналарды қолдау болмақ. Отбасылар үшін бала күтімі, дұрыс тамақтану, аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша ақпараттық материалдар әзірленеді.

🔗Үшінші орталық Балалар қалалық клиникалық инфекциялық ауруханасының базасында ашылған Балалар инфекциялық аурулары бойынша құзыреттілік орталығы болды. Ол инфекциялық патологиясы бар балаларға мамандандырылған көмекті жетілдіру, телемедициналық консультацияларды енгізу, мамандар арасында тәжірибе алмасу және медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында құрылды.

Мамандардың пікірінше, үш құзыреттілік орталығының ашылуы Алматыдағы балалар денсаулығын сақтау жүйесін дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Жаңа мүмкіндіктер балалардың қажетті медициналық көмекті дер кезінде алуына, ал дәрігерлердің кішкентай пациенттердің денсаулығын сақтау үшін заманауи технологиялар мен үздік клиникалық тәжірибелерді қолдануына жол ашады.

📎Бұл жобалардың дәл Балаларды қорғау күні бастау алуының өзіндік мәні бар. Өйткені бұл мереке қоғамның басты құндылығы – әрбір баланың денсаулығы мен амандығын еске салады. Өскелең ұрпақтың денсаулығына қамқорлық жасау – қуатты, бақуатты әрі дені сау ұлт қалыптастырудың берік негізі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️КО ДНЮ ЗАЩИТЫ ДЕТЕЙ В АЛМАТЫ ОТКРЫЛИ ТРИ ЦЕНТРА КОМПЕТЕНЦИЙ ДЛЯ ПОМОЩИ ДЕТЯМ

В Международный день защиты детей в Алматы открыли сразу три центра компетенций, которые помогут маленьким пациентам быстрее получать необходимую медицинскую помощь, а врачам — эффективнее диагностировать и лечить заболевания.

➡️В торжественном открытии принял участие руководитель Управления общественного здравоохранения города Алматы Марат Пашимов. Он отметил, что развитие детского здравоохранения остается одним из приоритетных направлений городской системы здравоохранения, а новые центры позволят сделать специализированную медицинскую помощь более доступной и качественной.

Одним из ключевых проектов стали центры компетенций на базе Детской городской клинической больницы №2. Здесь объединены специалисты по десяти направлениям детской медицины: кардиологии, пульмонологии, ревматологии, гастроэнтерологии, аллергологии, гематологии, эндокринологии, нефрологии, неврологии и орфанным заболеваниям.

🙂Для родителей это означает, что при сложном диагнозе ребенку больше не нужно посещать множество медицинских организаций в поисках нужных специалистов. Теперь врачи разных профилей работают одной командой, совместно рассматривают клинические случаи, проводят консилиумы и принимают единое решение по лечению.

Особенно важна такая помощь для детей с редкими генетическими, аутоиммунными, онкологическими и неврологическими заболеваниями, когда своевременно поставленный диагноз и правильно выбранная тактика лечения имеют решающее значение.

📌Еще одним важным событием стало открытие Центра компетенции по интегрированному ведению болезней детского возраста на базе Центра детской неотложной медицинской помощи. Его работа направлена на совершенствование медицинской помощи детям от рождения до пяти лет, повышение квалификации врачей и медицинских сестер, внедрение современных стандартов диагностики и лечения, а также профилактику заболеваний.

Большое внимание в работе центра будет уделяться не только обучению медицинских работников, но и поддержке родителей. Для семей будут разрабатываться информационные материалы по вопросам ухода за детьми, питания, профилактики заболеваний и формирования здорового образа жизни.

🔗Третьим центром стал Центр компетенций детских инфекционных заболеваний, открытый на базе Детской городской клинической инфекционной больницы. Он создан для совершенствования специализированной помощи детям с инфекционной патологией, внедрения телемедицинских консультаций, обмена опытом между специалистами и повышения квалификации медицинских работников.

По мнению специалистов, открытие трех центров компетенций — это важный шаг в развитии детского здравоохранения Алматы. Новые возможности позволят детям своевременно получать необходимую медицинскую помощь, а врачам — использовать современные технологии и лучшие клинические практики для сохранения здоровья маленьких пациентов.

📎Символично, что эти проекты стартовали именно в День защиты детей — праздник, который напоминает о главном приоритете общества: здоровье и благополучие каждого ребенка. Ведь именно забота о здоровье подрастающего поколения является основой формирования сильной, благополучной и здоровой нации.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ 21 МЫҢНАН АСТАМ ҰЙЫМ МЕН 275 МЫҢ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІН БІРЫҢҒАЙ ЦИФРЛЫҚ КОНТУРҒА БІРІКТІРДІ

Қазақстанда денсаулық сақтаудың бірыңғай цифрлық контурын қалыптастыру жұмыстары жалғасуда. Бүгінде бірыңғай жүйеде 21,3 мың медициналық ұйым, 275 мың медицина қызметкері және 141 мыңнан астам медициналық техника бірлігі туралы деректер жинақталған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының бас директоры Нұршат Сарыбек Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында мәлімдеді.

«Біз бытыраңқы автоматтандыру кезеңінен денсаулық сақтаудың бірыңғай цифрлық экожүйесін құруға көштік. Бүгінде саланы басқару қағидаттарын түбегейлі өзгертетін аса маңызды платформалардың енгізілу нәтижелерін көріп отырмыз», – деді Н. Сарыбек.


🔷1С жүйелерімен және кадрлық тізілімдермен жүргізілген цифрлық интеграцияның нәтижесінде деректерді қолмен енгізу үлесі 0%-ға дейін төмендеп, медицина қызметкерлеріне түсетін әкімшілік жүктеме 30–40%-ға қысқарды.

«Біз 21 300-ден астам медициналық ұйым мен 275 000 қызметкер туралы ақпаратты бірыңғай контурға біріктіру арқылы деректердің шашыраңқылығын жойдық», – деп атап өтті РЭДСО басшысы.


Денсаулық сақтауды цифрландырудың негізгі бағыттарының бірі әйелдер мен балалардың денсаулығын мониторингілеу жүйесі болды. Қазіргі уақытта цифрлық бейінмен 6,8 млн бала мен 4,8 млн әйел қамтылған, ал мониторинг 80 маңызды көрсеткіш бойынша жүргізіледі. Жүкті әйелдің айырбастау картасы енді eGov Mobile қосымшасы арқылы қолжетімді.

Сондай-ақ пациенттерді динамикалық бақылаудың жаңа форматы енгізілуде. Бүгінде цифрлық мониторинг аясында 3,6 млн адам қамтылған. «Цифрлық бақылау картасы» дәрігерге пациенттің қай өңірде жүгінгеніне қарамастан, оның емдеуге жатқызылу тарихын, тағайындауларын және рецепттерін көруге мүмкіндік береді.

⚡️Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласында дәрілік заттарды дербестендірілген жоспарлау жүйесі енгізілді. Қазіргі таңда ол 1,9 млн пациент пен 683 медициналық ұйымды қамтиды. 2026 жылға арналған жоспарлау көлемі 330,9 млрд теңгені құрады. Таңбалау кодтарының енгізілуі дәрілік препараттардың қалдықтарын онлайн бақылауға және олардың қозғалысын толық қадағалауға мүмкіндік берді.

«Біз дәрілік заттарды жоспарлаудың түбегейлі жаңа моделін іске қостық – енді жоспарлау орташа нормативтерге емес, нақты пациенттің қажеттілігіне негізделеді», – деді республикалық орталық басшысы.


Цифрлық трансформацияның келесі кезеңі дәрігерлерді бірыңғай интерфейспен және жасанды интеллект көмекшісімен қамтамасыз ететін Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйені (БММАЖ) іске қосу болмақ. Жобаның шеңберінде 1 900-ден астам медициналық ұйымды қосу және жекеменшік медициналық ақпараттық жүйелерден бірыңғай мемлекеттік платформаға кезең-кезеңімен көшу жоспарлануда.

💭Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өңірлерге жүйелерді архивтік деректермен қысқа мерзімде толықтыруды, сондай-ақ бірыңғай деректер қоймасы мен перспективалық жүйелердегі мәліметтерді тұрақты пайдалану мен өзектендіруді қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар ведомство басшысы «РБЖ» ақпараттық жүйесіндегі жылжымайтын мүлік нысандары туралы мәліметтердің толық өзектілігі мен дұрыстығын қамтамасыз ету, еңбек ресурстары теңгерімін объективті қалыптастыру үшін кадрлық деректерді верификациялау, сондай-ақ қаржылық және салалық ақпараттық жүйелердің арасындағы деректерді синхрондауды аяқтау қажеттігін атап өтті.

⚫️Медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аудару тапсырылды. Осыған байланысты медициналық қызметке персоналды жіберу тәртібіне бақылауды күшейту жүктелді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌МИНЗДРАВ ОБЪЕДИНИЛ В ЕДИНЫЙ ЦИФРОВОЙ КОНТУР БОЛЕЕ 21 ТЫСЯЧИ ОРГАНИЗАЦИЙ И 275 ТЫСЯЧ МЕДРАБОТНИКОВ


В Казахстане продолжается формирование единого цифрового контура здравоохранения. Сегодня в единой системе аккумулированы данные о 21,3 тыс. медицинских организаций, 275 тыс. медицинских работников и свыше 141 тыс. единиц медицинской техники, сообщил генеральный директор Республиканского центра электронного здравоохранения МЗРК Нұршат Сарыбек на заседании коллегии Министерства здравоохранения.

«Мы перешли от этапа лоскутной автоматизации к созданию единой цифровой экосистемы здравоохранения. Сегодня мы можем уже наблюдать результаты внедрения критически важных платформ, которые радикально меняют принципы управления отраслью», – отметил Н.Сарыбек.


🔷В результате цифровой интеграции с системами 1С и кадровыми реестрами доля ручного ввода данных снижена до 0%, а административная нагрузка на медицинских работников сократилась на 30-40%.

«Мы ликвидировали разрозненность данных, объединив в едином контуре информацию более чем о 21 300 медицинских организациях и 275 000 работниках», – подчеркнул глава РЦЭЗ.


🔷Одним из ключевых направлений цифровизации здравоохранении стала система мониторинга здоровья женщин и детей. Сегодня цифровым профилем охвачены 6,8 млн детей и 4,8 млн женщин, а мониторинг ведется по 80 критическим показателям. Обменная карта беременной женщины стала доступна через eGov Mobile.

Также внедряется новый формат динамического наблюдения пациентов. На сегодня в поле цифрового мониторинга находятся 3,6 млн человек. «Цифровая карта наблюдения» позволяет врачу видеть историю госпитализаций, назначения и рецепты пациента независимо от региона обращения.

⚡️В сфере амбулаторного лекарственного обеспечения внедрена система персонифицированного планирования лекарств. Она уже охватывает 1,9 млн пациентов и 683 медицинские организации, а общий объем планирования на 2026 год составил 330,9 млрд тенге. Благодаря внедрению кодов маркировки обеспечен онлайн–мониторинг остатков препаратов и полный контроль движения лекарственных средств.

«Мы запустили принципиально новую модель планирования лекарств – от конкретного пациента, а не от усредненных нормативов», – отметил руководитель республиканского центра.


Следующим этапом цифровой трансформации станет запуск Единой государственной медицинской информационной системы (ЕГМИС), которая обеспечит врачей единым интерфейсом и AI–ассистентом. Планируется подключение более 1 900 медицинских организаций с постепенным переходом от частных медицинских информационных систем к единой государственной платформе.

💭Министр здравоохранения Акмарал Альназарова поручила регионам в кратчайшие сроки обеспечить наполнение систем архивными данными, а также постоянное использование и актуализацию данных в едином хранилище и перспективных системах.

Кроме того, глава ведомства подчеркнула необходимость обеспечить полную актуальность и достоверность сведений об объектах недвижимости в ИС «СУР», провести верификацию кадровых данных для формирования объективного баланса трудовых ресурсов, а также завершить синхронизацию данных между финансовыми и отраслевыми информационными системами.

⚫️Отдельное внимание поручено уделить вопросам качества и безопасности медицинской помощи – ужесточить контроль за допуском персонала к медицинской деятельности.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM