ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.7K subscribers
16.8K photos
1.23K videos
28 files
3.65K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
🎈Алматыда Балаларды қорғау күніне орай балалар мен жасөспірімдерге арналған ауқымды іс-шаралар өтуде

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматы қаласының медициналық ұйымдарында ашық есік күндері, профилактикалық акциялар және өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайтуға әрі медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылуда.

👍Кішкентай пациенттер мен олардың ата-аналары үшін педиатрлар, стоматологтар, травматологтар, инфекционистер, невропатологтар, оториноларингологтар, акушер-гинекологтар және басқа да бейінді мамандардың тегін консультациялары өткізілуде. Іс-шараларға штаттан тыс бас мамандар, жетекші сарапшылар мен ғылыми қызметкерлер қатысуда.

Мүгедектігі бар балалар мен диспансерлік есепте тұрған балаларға ерекше көңіл бөлінуде. Олар консультациялық көмекпен барынша қамтылып, ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін үй жағдайында көшпелі тексерулер ұйымдастырылуда.

📎Қаланың медициналық ұйымдарында профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру акциялары, ата-аналар мен жасөспірімдерге арналған диалог алаңдары, сурет байқаулары, спорттық жарыстар және мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілуде. Бастамаға салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтары мен Жастар денсаулық орталықтары да қосылды.

Сонымен қатар, Балаларды қорғау күнін мерекелеу шеңберінде бірқатар медициналық ұйымдарда Құзыреттер орталықтарының ашылуы жоспарланған. Қалалық балалар клиникалық инфекциялық ауруханасында Балалар инфекциялық аурулары бойынша құзыреттер орталығы жұмысын бастайды. Оның қызметі мамандандырылған медициналық көмекті жетілдіруге, телемедицина технологияларын дамытуға, мамандардың біліктілігін арттыруға және үздік клиникалық практикаларды енгізуге бағытталады.

📌Сондай-ақ Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында және №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасында Құзыреттер орталықтарын ашу жоспарланған.

Өткізіліп жатқан іс-шаралардың басты мақсаты – балалар мен жастардың физикалық, психикалық және репродуктивтік денсаулығына қамқорлық жасау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ ауруларды уақтылы анықтауға және өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайтуға қолайлы жағдай жасау болып табылады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🎈В Алматы ко Дню защиты детей проходят масштабные мероприятия для детей и подростков

В честь Международного дня защиты детей в медицинских организациях Алматы проходят дни открытых дверей, профилактические акции и праздничные мероприятия, направленные на укрепление здоровья подрастающего поколения и повышение доступности медицинской помощи.

👍Для маленьких пациентов и их родителей организованы бесплатные консультации профильных специалистов: педиатров, стоматологов, травматологов, инфекционистов, невропатологов, оториноларингологов, акушеров-гинекологов и других врачей. В мероприятиях принимают участие главные внештатные специалисты, ведущие эксперты и научные сотрудники.

Особое внимание уделяется детям с инвалидностью и детям, состоящим на диспансерном учете. Для них обеспечен максимальный охват консультативной помощью, а также организованы выездные осмотры на дому для детей с особыми потребностями.

📎В медицинских организациях города также проходят профилактические и информационно-разъяснительные акции, диалоговые площадки для родителей и подростков, конкурсы рисунков, спортивные состязания и культурно-массовые мероприятия. К инициативе присоединились центры формирования здорового образа жизни и Молодежные центры здоровья.

Кроме того, в рамках празднования Дня защиты детей в ряде медицинских организаций состоится открытие Центров компетенций. В Детской городской клинической инфекционной больнице начнет работу Центр компетенций детских инфекционных заболеваний, деятельность которого будет направлена на совершенствование специализированной медицинской помощи, развитие телемедицинских технологий, повышение квалификации специалистов и внедрение лучших клинических практик.

📌Также открытие Центров компетенций запланировано в Центре детской неотложной медицинской помощи и Городской детской клинической больнице №2.

Главная цель проводимых мероприятий — формирование культуры заботы о физическом, ментальном и репродуктивном здоровье детей и молодежи, а также создание условий для своевременного выявления заболеваний и укрепления здоровья подрастающего поколения.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🌌💞🐻‍❄️ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ АСТАНАДАҒЫ БАЛАЛАР ҮЙІНЕ БАРЫП, БАЛАЛАРҒА ЕРТЕ КӨМЕК КӨРСЕТУДІҢ МАҢЫЗЫН АТАП ӨТТІ

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Астана қаласындағы Балалар үйіне барып, бүлдіршіндердің тұру жағдайымен, медициналық көмектің ұйымдастырылуымен және ерте жастағы балаларға арналған кешенді оңалту бағдарламасымен танысты.

Сапар барысында ведомство басшысы мекеменің бөлімшелерін аралап, мамандардың жұмысымен және оңалту іс-шараларын өткізу жағдайларымен танысты, сондай-ақ дамуында бұзылыстары бар балаларға арналған ерте араласу және қолдау топтарының қызметін көрді.

Министрдің айтуынша, бүгінде Қазақстанда ерте жастағы балаларға көмек көрсету тәсілі түбегейлі өзгеріп келеді.

«Біздің мақсатымыз – тек емдеу ғана емес, дамуындағы ауытқуларды дер кезінде анықтау, баланың өз әлеуетін барынша ашуына көмектесу және ең бастысы – баланы отбасында сақтау. Әрбір бала сүйіспеншілікке, қамқорлық пен қолдауға толы ортада өсуі тиіс», – деді Ақмарал Әлназарова.


Министр елімізде ерте жастағы балаларға көмек көрсетудің отбасына бағдарланған моделі жүйелі түрде дамып келе жатқанын атап өтті. Осы мақсатта республика бойынша 400-ге жуық Даму және ерте араласу орталығы құрылған. Бұл орталықтарда балалар мен олардың ата-аналары бір бөлімшеде мультидисциплинарлық мамандар командасының кешенді көмегін ала алады.

🔴Сапар барысында Балалар үйлерінің жанынан жұмыс істейтін және ерте көмек көрсету жүйесінің маңызды бөлігі саналатын «Аққанат» топтарының қызметіне ерекше назар аударылды.

«Аққанат» топтары – кешенді әрі уақытылы көрсетілген көмектің баланың өмірін қалай өзгерте алатынының нақты үлгісі. Мұнда балалар медициналық оңалтудан, психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік қолдаудан өтеді, ал ата-аналар балаға күтім жасау мен оны дамытуға қажетті білім мен дағдыларды меңгереді», – деп атап өтті министр.


➡️Қазіргі таңда еліміздің 16 өңірінде дамуында бұзылыстары бар 600-ден астам бала «Аққанат» топтарында ұзақ мерзімді оңалтудан өтті. Мамандардың кешенді жұмысының арқасында көптеген балалар өздігінен отыруды, жүруді үйреніп, жаңа дағдыларды меңгеріп, толыққанды өмірге қадам жасауда.

🔴Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, жүйенің тиімділігін қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі – мамандардың арасындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл болып табылады.

«Жаңа педиатриялық стандарттың шеңберінде медицина қызметкерлері, педагогтар және әлеуметтік сала мамандары біртұтас команда ретінде жұмыс істейтіні ерекше маңызды. Мұндай тәсіл өзінің тиімділігін дәлелдеді және еліміздің барлық өңірінде одан әрі дамытылуы тиіс», – деді Ақмарал Әлназарова.


Министр сондай-ақ әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және отбасыларды қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелерін келтірді.

❗️Соңғы 10 жылдың ішінде Балалар үйлеріндегі орынның саны 34,6%-ға қысқарып, мекемелерге түсетін балалар саны 25%-ға азайған. Ал биологиялық отбасыларына қайтарылған балалар саны 73%-ға артқан.

Кездесу барысында Мемлекет басшысының тапсырмасымен алғаш рет «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасы қабылданғаны атап өтілді. Бағдарлама профилактиканы дамыту, скрининг пен патронажды жетілдіру, мектеп медицинасын нығайту, балалардың психикалық денсаулығын қолдау және еліміздің барлық өңірінде медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру шараларын біріктіреді.

❤️Сапар қорытындысында Ақмарал Әлназарова Балалар үйінің ұжымына күнделікті еңбегі мен мамандыққа адалдығы үшін алғыс білдірді.

«Сіздердің жұмыстарыңыз білім мен тәжірибені ғана емес, ерекше жан жылуын, төзімділік пен мейірімділікті талап етеді. Ең кішкентай пациенттерге көрсетіп отырған қамқорлықтарыңыз, әр балаға деген ықыластарыңыз және олардың болашағына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамын», – деді Денсаулық сақтау министрі.


Сондай-ақ министр Қазақстанның барлық балаларын Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, оларға зор денсаулық, бақыт, амандық және ең асыл армандарының орындалуын тіледі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌌💞🐻‍❄️ГЛАВА МИНЗДРАВА ПОСЕТИЛА ДОМ РЕБЕНКА В АСТАНЕ И ПОДЧЕРКНУЛА ВАЖНОСТЬ РАННЕЙ ПОМОЩИ ДЕТЯМ



В Международный день защиты детей Министр здравоохранения Акмарал Альназарова посетила Дом ребенка города Астаны, где ознакомилась с условиями пребывания малышей, организацией медицинской помощи и программой комплексной реабилитации для детей раннего возраста.

В ходе посещения глава ведомства осмотрела отделения учреждения, ознакомилась с работой специалистов и условиями проведения реабилитационных мероприятий, а также посетила группы раннего вмешательства и поддержки детей с нарушениями развития.

По словам министра, сегодня в Казахстане меняется сам подход к оказанию помощи детям раннего возраста.

«Наша цель — не просто лечить, а своевременно выявлять нарушения развития, помогать ребенку максимально раскрыть свой потенциал и, что особенно важно, сохранять ребенка в семье. Каждый ребенок должен иметь возможность расти в атмосфере любви, заботы и поддержки», — отметила Акмарал Альназарова.


Министр подчеркнула, что в стране последовательно развивается семейно-ориентированная модель помощи детям раннего возраста. Для этого по всей республике созданы около 400 Центров развития и раннего вмешательства, где дети и их родители могут получить комплексную помощь мультидисциплинарной команды специалистов в одном отделении.

🔴Особое внимание в ходе визита было уделено деятельности групп «Аққанат», которые действуют при Домах ребенка и являются важным элементом системы ранней помощи.

«Группы „Аққанат“ — это наглядный пример того, как комплексная и своевременная помощь способна изменить жизнь ребенка. Здесь малыши получают медицинскую реабилитацию, психологическую, педагогическую и социальную поддержку, а родители приобретают необходимые знания и навыки по уходу и развитию ребенка», — подчеркнула министр.


➡️Сегодня в 16 регионах страны более 600 детей с нарушениями развития уже прошли длительную реабилитацию в группах «Аққанат». Благодаря комплексной работе специалистов многие дети начинают самостоятельно сидеть, ходить, осваивают новые навыки и делают важные шаги к полноценной жизни.

🔴По словам главы Минздрава, одним из ключевых факторов эффективности системы является межведомственное взаимодействие специалистов.

«Особенно важно, что в рамках нового педиатрического стандарта медицинские работники, педагоги и специалисты социальной сферы работают как единая команда. Такой подход уже доказал свою эффективность и должен получить дальнейшее развитие во всех регионах страны», — отметила Акмарал Альназарова.


Министр также привела результаты проводимой работы по профилактике социального сиротства и поддержке семей.

❗️Так, за последние 10 лет количество мест в Домах ребенка сократилось на 34,6%, число поступающих детей уменьшилось на 25%, а количество детей, возвращенных в биологические семьи, увеличилось на 73%.

В ходе встречи было отмечено, что по поручению Главы государства впервые принята единая программа «Дети Казахстана», которая объединяет меры по развитию профилактики, совершенствованию скринингов и патронажа, укреплению школьной медицины, поддержке психического здоровья детей и повышению доступности медицинской помощи во всех регионах страны.

❤️Завершая визит, Акмарал Альназарова выразила благодарность коллективу Дома ребенка за ежедневный труд и преданность профессии.

«Ваша работа требует не только знаний и опыта, но и особой душевной силы, терпения и милосердия. Благодарю вас за заботу о самых маленьких пациентах, за внимание к каждому ребенку и за вклад в их будущее», — сказала глава Минздрава.


Министр также поздравила всех детей Казахстана с Международным днем защиты детей, пожелав им здоровья, счастья, благополучия и исполнения самых заветных мечтаний.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤️👍ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ: БАЛАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ БОЙЫНША КЕШЕНДІ ШАРАЛАР ТУРАЛЫ

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі балалардың денсаулығын сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың қорытындыларын шығарып, балалар денсаулығын сақтау жүйесін дамытудың алдағы басымдықтарын айқындайды.

💊Бүгінде Қазақстанда шамамен 7 миллион бала өмір сүреді, бұл ел халқының шамамен 34%-ын құрайды. Соңғы он жылдың ішінде балалардың саны 1,5 миллион адамға артты, бұл балаларға арналған медициналық көмектің инфрақұрылымын әрі қарай дамыту мен жүйесін жетілдіруді талап етеді.

Балалардың денсаулығын сақтау мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып қала береді. Балаларға медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде тегін көрсетіледі.

Соңғы бес жылдың ішінде балалар денсаулығын сақтау саласын қаржыландыру 264 млрд теңгеден 585 млрд теңгеге дейін екі еседен астам артты. Бүгінде балаларға көрсетілетін медициналық көмектің шығыны сала бюджетінің 23%-ын құрайды.

«Бүгінде Қазақстанның әрбір үшінші тұрғыны — бала. Біздің міндетіміз тек қолжетімді медициналық көмекті қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар баланың өмірінің алғашқы күндерінен бастап оның дені сау әрі қауіпсіз дамуына жағдай жасау. Біз педиатриялық қызметті кезең-кезеңімен нығайтып, жоғары технологиялық көмекті дамытып, профилактикалық бағдарламаларды кеңейтіп, балалар медицинасының инфрақұрылымын жаңғыртып келеміз. Денсаулық сақтау саласындағы барлық шешімдер ең алдымен балалардың денсаулығы мен әл-ауқатына бағытталуы тиіс», — деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.


💊🤩Елде балаларға медициналық көмектің көпдеңгейлі жүйесі жұмыс істейді. Оған емханалар, балалар ауруханалары, перинаталдық орталықтар және республикалық клиникалар кіреді. Ел емханаларында 370 педиатриялық бөлімше және 386 даму мен ерте араласу орталықтары ашылған.

Алдын алу және ауруларды ерте анықтауға ерекше көңіл бөлінеді. Патронаждық бақылау жүйесі жүкті әйелдерді босануға дейінгі қадағалауды және бес жасқа дейінгі балаларды тұрақты сүйемелдеуді қамтиды. Бүгінде алғашқы буын деңгейінде шамамен 4 мың патронаждық мейіргер жұмыс істейді.

Балаларға арналған медициналық инфрақұрылымды жаңғырту жалғасуда. 25 балалар ауруханасын реновациялау бағдарламасы іске асырылуда, заманауи перинаталдық орталықтар салынуда.

Балаларға жоғары технологиялық медициналық көмекті дамыту да басым бағыттардың бірі болып отыр. Соңғы екі жылдың ішінде 36 балаға «Гамма-пышақ» кешенін пайдалана отырып радиохирургиялық операция жасалды. Жыл сайын шамамен 400 балаға есту импланттары орнатылады, 700-ге жуық шала туған нәресте ретинопатиядан ем алады, 2 мыңнан астам балаға кардиохирургиялық көмек көрсетіледі.

👩‍⚕️Балалар хирургиясы мен неонаталдық көмекті дамыту жүйелі түрде жалғасуда. Жыл сайын туа біткен даму кемістіктері бар шамамен 1500 нәрестеге операция жасалады, олардың 40%-ға жуығы аз инвазивті эндовидеохирургиялық әдістермен орындалады.

Елде заманауи перинаталдық технологиялар енгізіліп, неонаталдық реанимация дамуда және медициналық көмекті өңірлендіру жүйесі жетілдірілуде. Осы шаралардың арқасында хирургиялық араласудан кейін нәрестелердің өмір сүру көрсеткіші 88%-дан 93%-ға дейін артты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤰2024 жылдан бастап Қазақстанда феталдық медицина дамып келеді — бұл ұрық патологияларын жатырішілік емдеу бағыты. Жаңа тәсілдерді енгізу туа біткен даму кемістіктерін ерте анықтауды 10%-ға арттырып, туа біткен патологиялардан болатын нәресте өлімін 15%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.
Балалар онкогематологиялық көмегін дамытуға ерекше назар аударылуда. Медициналық ұйымдарда иммуногистохимия, иммунофенотиптеу, жоғары дозалы химиотерапия және орган сақтаушы хирургиялық технологиялар сияқты заманауи диагностикалық және емдеу әдістері енгізілуде.

Профилактикалық медицинаны дамыту да маңызды бағыт болып қала береді. Балаларға туғаннан бастап неонаталдық, аудиологиялық, офтальмологиялық және даму скринингтері жүргізіледі. 2025 жылдың қорытындысы бойынша неонаталдық скринингпен қамту 96%-ға, аудиологиялық скрининг 87%-ға, даму скринингі 90%-ға жетті.

🤍Мектеп жасындағы балалар үшін білім беру ұйымдарының базасында медициналық сүйемелдеу жүйесі ұйымдастырылған. Мектептерге емханалар бекітіліп, 6,5 мың медициналық пункт жұмыс істейді, онда 6,6 мың мектеп мейірбикесі қызмет атқарады.
Балалардың стоматологиялық денсаулығына ерекше көңіл бөлінуде. «Болашаққа – сау тіспен» бағдарламасы шеңберінде барлық мектептерде тіс дәрігерлік тексерулер мен тісжегі профилактикасы енгізілді. 2025 жылы 125 мектеп стоматологиялық кабинеті ашылды.

Жасөспірімдерді қолдау үшін жастар денсаулық орталықтарының желісі дамып келеді. Бүгінде елде 10–18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге профилактикалық, психологиялық және консультациялық көмек көрсететін 85 жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді.

🪧Сондай-ақ медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының базасында 97 психикалық денсаулық орталығы жұмыс істейді, онда ата-аналар мен балалар эмоциялық және психологиялық жағдай бойынша білікті көмек ала алады.

Министрдің айтуынша, балалар денсаулығын сақтау жүйесін одан әрі дамыту Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген «Қазақстан балалары» 2026–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асырылады.

«Балалар санының артуы жаңа тәсілдер мен жүйелі шешімдерді талап етеді. Бүгін біз профилактиканы күшейту, мектеп медицинасы мен скринингтерді жетілдіру, патронажды дамыту, балалардың психикалық денсаулығын қолдау және өңірлердің арасындағы қолжетімділік теңсіздігін азайту міндеттерін қойып отырмыз. Осы бағыттар «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының негізін құрайды», — деді Ақмарал Әлназарова.


Тұжырымдама профилактикалық медицинаны дамыту, скрининг бағдарламаларын жетілдіру, балалардың ерте дамуын қолдау, мектеп денсаулығын нығайту, иммундаумен қамтуды арттыру және тұрғылықты жеріне қарамастан медициналық көмектің тең қолжетімділігін қамтамасыз ету шараларын қамтиды.

▶️Сонымен қатар, 2026 жылы мектеп оқушыларына профилактикалық медициналық тексерулерге жаңа тәсілдер енгізу және жастар денсаулық орталықтарының қызметін жаңғырту жоспарлануда.

Бұл шаралардың кешенді іске асырылуы балалар мен нәрестелер өлімінің көрсеткіштерін одан әрі жақсартуға, мамандандырылған көмекке қолжетімділікті кеңейтуге және Қазақстандағы әрбір баланың дені сау дамуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM