ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.7K subscribers
16.8K photos
1.23K videos
28 files
3.65K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
🩺ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ПЕДИАТРИЯЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ГИБРИДТІ МОДЕЛІН ЕНГІЗУДІ ҚАРАСТЫРУДА

Балалардың денсаулығын сақтау қызметін одан әрі дамыту педиатрлар мен жалпы практика дәрігерлерінің жұмысын үйлестіретін, сонымен қатар педиатриялық учаскелерді сақтауды көздейтін балаларға медициналық көмек көрсетудің гибридті моделін кезең-кезеңімен енгізу негізінде жүзеге асырылатыны туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.

«Реформалар реформаның өзі үшін емес, азаматтарымыздың денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсарту үшін жүргізілуде. Сондықтан біз қолданыстағы тәсілдерді қайта қарап, үздік халықаралық практикаларды ескеруге және пациенттердің қажеттіліктері мен еліміздің нақты жағдайына сай шешімдер қабылдауға дайынбыз», – деп атап өтті ведомство басшысы.


✔️Министрдің айтуынша, елдегі қолданыстағы педиатриялық учаскелер сақталады. Бүгінде олардың саны шамамен 1300-ді құрайды, ал медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) желісіндегі учаскелердің жалпы саны – 13 375. Сонымен қатар педиатрларды ынталандыру мақсатында қосымша үстемақылар мен мамандарды қолдау шараларын қамтитын жаңа ынталандыру жүйесі енгізіледі.

Пилоттық жобаның шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі балаларға медициналық көмек көрсетудің аралас жүйесі табысты қолданылып жүрген елдердің халықаралық тәжірибесіне негізделген гибридті модельді сынақтан өткізеді.

👉Жаңа модельге сәйкес, педиатрлар ерте жастағы балаларды бақылауға және күрделі клиникалық жағдайларды қадағалап-қарауға негізгі жауапкершілік алады. Ал жалпы практика дәрігерлері медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде пациенттердің жалпы ағынымен жұмысын жалғастырады.

«Біз командалық жұмыс қағидатын сақтай отырып, педиатрлардың рөлін олардың құзыреті аса қажет болатын бағыттарда – ерте жастағы балалармен жұмыс пен күрделі ауруларды емдеуде күшейтеміз. Сонымен қатар жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары шпңберінде де, медициналық ұйымдардың өзінде де жалпы практика дәрігерлерінің даярлық деңгейін арттыратын боламыз», – деді министр.


❗️2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап жалпы практика дәрігерлерін даярлау тәжірибеге бағдарланған сипатқа ие болады. Білім беру үдерісіндегі негізгі назар стационарлардың клиникалық базаларынан медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына ауыстырылады. Өйткені болашақ мамандар халықпен жұмыс істеудің негізгі дағдыларын дәл осы деңгейде меңгереді.

Қазіргі таңда елімізде шамамен 7 миллион бала тұрады, бұл халықтың жалпы санының 34 пайызын құрайды. Соңғы он жылдың ішінде балалардың саны 1,5 миллион адамға артқан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🩺МИНЗДРАВ РАССМАТРИВАЕТ ВНЕДРЕНИЕ ГИБРИДНОЙ МОДЕЛИ ПЕДИАТРИЧЕСКОЙ ПОМОЩИ


Дальнейшее развитие службы охраны здоровья детей будет строиться на поэтапном внедрении гибридной модели оказания медицинской помощи детям, сочетающей работу педиатров и врачей общей практики с сохранением педиатрически участков, сообщила министр здравоохранения Акмарал Альназарова на заседании коллегии Министерства здравоохранения РК.

«Реформы проводятся не ради реформ, а ради улучшения здоровья и качества жизни наших граждан. Поэтому мы готовы пересматривать подходы, учитывать лучшие международные практики и принимать решения, отвечающие потребностям пациентов и нашим реалиям», - подчеркнула глава ведомства.


✔️Министр отметила, что в стране сохранятся действующие педиатрические участки. Сегодня их насчитывается около 1300, а общая сеть составляет 13 375 участков ПМСП.

Одновременно будет создана система дополнительной мотивации педиатров через стимулирующие надбавки и меры поддержки специалистов.
В рамках пилотного проекта Министерство здравоохранения протестирует гибридную модель, основанную на международном опыте стран, где успешно применяется смешанная система оказания медицинской помощи детям.

👉Согласно новой модели, педиатры будут нести основную ответственность за наблюдение детей раннего возраста и ведение сложных клинических случаев, тогда как врачи общей практики продолжат работу с общим потоком пациентов на уровне первичной медико-санитарной помощи.

«Мы сохраняем командный подход в работе и усиливаем роль педиатров там, где их компетенции наиболее востребованы — в раннем возрасте и при сложных заболеваниях. При этом параллельно будем повышать уровень подготовки врачей общей практики как в рамках вузовских программ, так и в самих медорганизациях», отметила министр.


❗️С 1 сентября 2026 года подготовка врачей общей практики станет более практикоориентированной. Основной акцент в образовательном процессе будет перенесен с клинических баз стационаров на организации первичной медико-санитарной помощи, где будущие специалисты получают ключевые навыки работы с населением.

Сегодня в стране проживает около 7 миллионов детей, что составляет порядка 34% населения. За последние десять лет количество детей увеличилось на 1,5 миллиона.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🤱ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 2026 ЖЫЛДЫҢ АЛҒАШҚЫ ҮШЕМІ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Қызылорда облысында 2026 жылдың алғашқы үшемi дүниеге келді. Облыстық перинаталдық орталығында дүниеге келген сәбилердi арнайы құттықтауға облыстық денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінiң басшысы Айгүл Асылбекқызы барып, үшем ата-анасына басқарма тарапынан арнайы сыйлықтар табыс еттi.

👍Ағымдағы жылдың 27 наурызы күні жүктіліктің 32 аптасында өмiрге келген сәбилерге Хадия, Дария және Жәния есімдері берілді.

1210, 1470 және 980 грамм болып туылған шақалақтар екі ай бойы ана мен бала орталығының жоғары тәуелділіктегі нәрестелерге арналған арнайы күтім бөлімшесінде ем қабылдап, дәрігерлердің үздіксіз бақылауында болды.

👍Мамандардың білікті көмегі мен заманауи медициналық күтімiнің нәтижесінде сәбилердің жағдайы тұрақталып, салмақтары айтарлықтай артты. Яғни 2390, 3390 және 2060 граммға жеттi.

Сәбилердің анасы 32 жастағы Бекбаулы Мөлдір, әкесі – 34 жастағы Берікбол Нұрсұлтан. Сырдария ауданына қарасты Басарық ауылының Баймановтар отбасы бұған дейін де екі бала тәрбиелеп отырған отбасы.

#Денсаулық
#Үшем
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2🔥1
🤱В КЫЗЫЛОРДИНСКОЙ ОБЛАСТИ РОДИЛАСЬ ПЕРВАЯ В 2026 ГОДУ ТРОЙНЯ

В Кызылординской области родилась первая в 2026 году тройня. Поздравить новорожденных и их родителей в областной перинатальный центр приехала руководитель отдела охраны здоровья матери и ребенка Управления здравоохранения области Айгуль Асылбеккызы. От имени управления семье были вручены памятные подарки.

👍Девочки появились на свет 27 марта текущего года на 32-й неделе беременности. Малышкам дали имена Хадия, Дария и Жания.

При рождении вес новорожденных составил 1210, 1470 и 980 граммов. В течение двух месяцев они проходили лечение и находились под постоянным наблюдением врачей в отделении специализированного ухода за новорожденными с высокой степенью медицинской зависимости Центра матери и ребенка.

👍Благодаря профессионализму медицинских работников и современному медицинскому уходу состояние малышек стабилизировалось, а их вес значительно увеличился и достиг 2390, 3390 и 2060 граммов соответственно.

Мама девочек — 32-летняя Молдир Бекбаулы, отец — 34-летний Нурсултан Берикбол. Семья Баймановых из села Басарык Сырдарьинского района уже воспитывает двоих детей.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
МИНИИНВАЗИВТІ КАРДИОХИРУРГИЯ БОЙЫНША ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҮКПІР-ТҮКПІРІНЕН МАМАНДАРДЫ БІРІКТІРДІ

Алматы қаласы Қалалық кардиологиялық орталығы базасында миниинвазивті кардиохирургия (MICS) бойынша шеберлік сағаты сәтті өтті. Іс-шараға Орал, Ақтау, Павлодар, Шымкент, Астана, Семей, Өскемен, Талдықорған, Көкшетау, Алматы және Ақтөбе қалаларынан келген 69 кардиохирург пен перфузиолог қатысты.

🔠Шеберлік сағатының негізгі бөлігі ретінде Орталықтың кардиохирургтары нақты уақыт режимінде LIVE-операциялар өткізді. Іс-шара аясында митралды қақпақшаның миниинвазивті пластикасы, аорталық қақпақшаны (Perceval) протездеу және жүрекшелер аралық перде ақауын пластикалау операциялары сәтті орындалды.

Қатысушылардың ерекше қызығушылығын операциялық топтың жұмысын тікелей эфирде бақылау мүмкіндігі тудырды. LIVE-операциялар барысында кардиохирургтар хирургиялық тактика, пациенттерді іріктеу критерийлері және MICS саласындағы заманауи тәсілдер бойынша тәжірибе алмасып, белсенді пікірталас жүргізді. Сонымен қатар, Орталық кардиохирургтарының үйлесімді командалық жұмысына ерекше назар аударылды. Бұл жоғары кәсіби өзара әрекеттестікті, дәлдік пен операцияның барлық кезеңдеріндегі үйлесімділікті көрсетті.

🤩Шеберлік сағаты аясында миниинвазивті кардиохирургияны дамыту, трансөңештік эхокардиографияның (ЧПЭхоКГ) рөлі, анестезиологиялық қамтамасыз ету және кардиохирургиядағы заманауи трендтер тақырыптарында сараптамалық баяндамалар ұсынылды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
МАСТЕР-КЛАСС ПО МИНИИНВАЗИВНОЙ КАРДИОХИРУРГИИ ОБЪЕДИНИЛ СПЕЦИАЛИСТОВ СО ВСЕГО КАЗАХСТАНА

В городском кардиологическом центре города Алматы успешно прошёл мастер-класс по миниинвазивной кардиохирургии (MICS), собравший 69 кардиохирургов и перфузиологов из Уральска, Актау, Павлодара, Шымкента, Астаны, Семея, Усть-Каменогорска, Талдыкоргана, Кокшетау, Алматы и Актобе.

🔠Ключевой частью мастер-класса стали LIVE-операции, выполненные кардиохирургами Центра в режиме реального времени. В рамках мероприятия успешно проведены миниинвазивная пластика митрального клапана, протезирование аортального клапана (Perceval) и пластика дефекта межпредсердной перегородки.

Особый интерес участников вызвала возможность наблюдать за работой операционной команды в реальном времени. LIVE-операции сопровождались активным обсуждением среди кардиохирургов, которые обменивались опытом, обсуждали хирургическую тактику, критерии отбора пациентов и современные подходы в MICS.
Отдельное внимание было уделено слаженной командной работе кардиохирургов Центра, продемонстрировавшей высокий уровень профессионального взаимодействия, точности и координации на всех этапах оперативного вмешательства.

🤩В рамках мастер-класса также были представлены экспертные доклады, посвящённые развитию миниинвазивной кардиохирургии, роли ЧПЭхоКГ, анестезиологическому обеспечению и современным трендам в кардиохирургии.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🚑Жедел жәрдем көлігінің тізгінінде 26 жыл: жүргізушіні зейнеткерлікке шығарып салған әсерлі бейнеролик

Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының ұжымы өз жүргізушісін құрметті еңбек демалысына салтанатты түрде шығарып салды.

🤩🚑Бишембай Сардарбеков денсаулық сақтау жүйесінде 40 жылдан астам еңбек етсе, оның 26 жылын жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі ретінде өткізді.

Жүргізушінің жоғары біліктілігі мен жауапкершілігінің арқасында медицина қызметкерлері пациенттерге дер кезінде жетіп отырды. Сонымен қатар, ол осы жылдар бойы санитариялық автокөліктердің техникалық жарамдылығын ұдайы қадағалап, өз міндетін адал әрі жауапкершілікпен атқарды.

——————————————————


🚑26 лет за рулем скорой помощи: трогательное видео проводов водителя на заслуженный отдых

Коллектив Мангистауской областной станции скорой и неотложной медицинской помощи проводил своего водителя на заслуженный отдых.

🤩🚑Бишембай Сардарбеков свыше 40 лет проработал в системе здравоохранения, из них 26 лет за рулем машины скорой помощи.

Благодаря большому профессионализму и ответственности водителя, медики вовремя доезжали до пациентов. При этом все эти годы он добросовестно следил за исправной работой санитарного автотранспорта.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🧒АЛМАТЫДА БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯЛАРЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматы қаласының жедел медициналық жәрдем станцияларында балаларға арналған Ашық есік күні өтті.

❤️Жас қонақтар үшін танымдық экскурсиялар ұйымдастырылып, олардың барысында жедел медициналық жәрдем қызметінің жұмысы таныстырылды. Медицина қызметкерлері өз мамандықтарының ерекшеліктері туралы айтып, заманауи медициналық жабдықтар мен жедел жәрдем көліктерінің жарақталуын көрсетті, сондай-ақ тәжірибеден қызықты оқиғалармен бөлісті.

Балалар санитарлық автокөліктердің ішіне кіріп, медициналық аппаратураны көріп, жедел жағдайларда бригадалардың қалай әрекет ететінін білді. Мамандар алғашқы медициналық көмек көрсету негіздері мен дер кезінде медициналық көмекке жүгінудің маңыздылығы туралы түсіндірді.

Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың медициналық мамандықтарға қызығушылығын арттырып, денсаулық пен қауіпсіздік туралы білім деңгейін көтеруге, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімді нығайтуға ықпал етеді.

Ашық есік күні жылы әрі достық атмосферада өтіп, балаларға жаңа білім, жарқын әсерлер сыйлап, адам өмірі мен денсаулығын қорғап жүрген медицина қызметкерлерінің еңбегімен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🧒В АЛМАТЫ КО ДНЮ ЗАЩИТЫ ДЕТЕЙ НА СТАНЦИЯХ СКОРОЙ МЕДИЦИНСКОЙ ПОМОЩИ ПРОШЁЛ ДЕНЬ ОТКРЫТЫХ ДВЕРЕЙ


В рамках мероприятий, посвящённых Международному дню защиты детей, на станциях скорой медицинской помощи Алматы прошёл День открытых дверей для детей.

❤️Для юных гостей были организованы познавательные экскурсии, во время которых они смогли познакомиться с работой службы скорой медицинской помощи изнутри. Медицинские работники рассказали о своей профессии, продемонстрировали современное оборудование и оснащение автомобилей скорой помощи, а также поделились интересными случаями из практики.

Особый интерес у детей вызвала возможность побывать внутри санитарных автомобилей, увидеть медицинскую аппаратуру и узнать, как действуют бригады в экстренных ситуациях. Специалисты также рассказали об основах оказания первой помощи и важности своевременного обращения за медицинской помощью.

Подобные мероприятия помогают формировать у подрастающего поколения интерес к медицинским профессиям, повышают уровень знаний о здоровье и безопасности, а также способствуют укреплению доверия к системе здравоохранения.

День открытых дверей прошёл в тёплой и дружеской атмосфере, подарив детям новые знания, яркие впечатления и возможность ближе познакомиться с работой медицинских работников, которые ежедневно стоят на страже здоровья и жизни людей.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1