ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.7K subscribers
16.8K photos
1.23K videos
28 files
3.65K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
☀️🍃ҚАЗАҚСТАНДА «САЛАУАТТЫ ЖАЗ» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі балалардың жаз мезгіліндегі денсаулығын сақтауға бағытталған жыл сайынғы «Салауатты жаз» профилактикалық науқанының басталғанын жариялады. Бағдарлама бүкіл жаз маусымын қамтиды және медициналық тексерулерді, ағартушылық акцияларды, мектеп медицина қызметкерлерін оқытуды және басқа да іс-шараларды қамтиды.

🏞🚑Науқанның шеңберінде өңірлер мен ауылдық елді мекендерге құрамында педиатрлар, офтальмологтар, стоматологтар, хирургтер және өзге де мамандар жұмыс істейтін жылжымалы медициналық кешендер жіберіледі.

Сондай-ақ негізгі кезеңде тексеруден өтпеген балалар үшін қосымша тексерулер ұйымдастырылып, медициналық ұйымдарда тұрақты түрде «Ашық есік күндері» мен «Денсаулығыңды тексер» акциялары өткізіледі.

👦Созылмалы аурулары бар балаларға ерекше назар аударылады: «Салауатты жаз» бағдарламасы шеңберінде олар қажетті сауықтыру шараларымен және медициналық бақылаумен қамтамасыз етіледі.

Бұдан бөлек, бағдарлама шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде, мектеп жанындағы және жазғы лагерьлерде кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Ата-аналар мен балаларға инфекциялық аурулардың алдын алу, қауіпсіздік және психоэмоционалдық денсаулық мәселелері бойынша жадынамалар, бейнероликтер мен инфографикалар қолжетімді болады.

📣Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарды балалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі денсаулыққа пайдалы ету үшін науқанға белсенді қатысуға шақырады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
☀️🍃В КАЗАХСТАНЕ СТАРТОВАЛА ПРОФИЛАКТИЧЕСКАЯ КАМПАНИЯ «ЗДОРОВОЕ ЛЕТО»



Министерство здравоохранения Республики Казахстан дало старт ежегодной профилактической кампании «Здоровое лето», направленной на охрану здоровья детей в летний период. Программа охватывает весь летний сезон и включает медицинские осмотры, просветительские акции, обучение школьных медработников и другие мероприятия.

🏞🚑В рамках кампании в регионы и сельские населённые пункты выедут передвижные медицинские комплексы, в составе которых работают педиатры, офтальмологи, стоматологи, хирурги и другие специалисты.

Также запланированы дополнительные осмотры для детей, не прошедших их в основной период, а в медицинских организациях будут регулярно проводиться «Дни открытых дверей» и акции «Проверь своё здоровье».

👦Особое внимание уделяется детям с хроническими заболеваниями: в рамках «Здорового лета» они получат необходимое оздоровление и наблюдение.

Кроме того, программа включает широкую информационно-разъяснительную работу в СМИ, соцсетях, пришкольных и летних лагерях. Родителям и детям будут доступны памятки, видеоролики и инфографика по вопросам профилактики инфекционных заболеваний, безопасности и психоэмоционального здоровья.

📣Министерство здравоохранения призывает родителей активно участвовать в кампании, чтобы сделать лето безопасным и полезным для здоровья детей.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1🔥1
💞ҚАЗАҚСТАНДА АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН 540 000 БРОШЮРА ЕМХАНАЛАРҒА ТАРАТЫЛДЫ

📎Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сараптамалық қолдауымен және LEGO қорының қаржылық қолдауымен еліміздің 20 өңіріндегі медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына ата-аналарға арналған 540 000 брошюраны жеткізу жұмысын аяқтады.

«Отбасын қолдау және баланың өмірінің алғашқы күндерінен бастап денсаулығын сақтау – денсаулық сақтау жүйесінің негізгі басымдықтарының бірі. Ата-аналардың балалардың дамуы, аурулардың алдын алу және денсаулықты нығайту мәселелері бойынша сенімді әрі түсінікті ақпаратқа қол жеткізуі өте маңызды. Бұған дейін жарық көрген Қалта анықтамалығы медициналық-санитариялық алғашқы көмек мамандары тарапынан денсаулықты нығайту, аурулардың алдын алу, профилактикалық тексерулер жүргізу, жағдайларды ерте анықтау және ата-аналар мен жасөспірімдерге консультация беру мақсатында қолданылып келе жатқанын еске саламын», – деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.


📚Брошюралар ДДҰ-ның балалар мен жасөспірімдерге медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету жөніндегі Қалта анықтамалығының ұлттық бейімделген нұсқасы негізінде әзірленген және баланың денсаулығы мен дамуына қатысты: вакцинациялау, ана сүтімен қоректендіру және тамақтану, ұйқы режимі, ерте даму, физикалық белсенділік, балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын қолдау сияқты негізгі мәселелерді қамтиды. Ақпарат қарапайым тілде беріліп, ата-аналар күнделікті кездесетін жағдайларға бағытталған.

«Біз болашақ ұрпақтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған Денсаулық сақтау министрлігінің бұл бастамасын қуана қолдаймыз. Ата-аналарды қолжетімді әрі ғылыми негізделген ақпаратпен қамтамасыз ету арқылы біз олардың балалар денсаулығы мен дамуына қатысты өмірінің алғашқы кезеңдерінен бастап сенімді шешім қабылдауына көмектесеміз», – деді Қазақстандағы ДДСҰ өкілі доктор Скендер Сыла.


🩺Балалар денсаулығын сақтау жүйесін жаңғырту шеңберінде соңғы бір жылдың ішінде елімізде 370-тен астам ерте даму және ерте араласу орталықтары мен педиатриялық бөлімшелер ашылды. Бұл балаларға кешенді көмекті тұрғылықты жеріне жақын жерде көрсетуге мүмкіндік береді.

🩺4 мыңға жуық патронаждық мейіргер әмбебап-прогрессивті модель бойынша балалары бар отбасыларға жәрдем көрсетуде.
Қазақстан тәуелсіздігі жылдарында ана өлімі 6 есеге, нәресте өлімі 7,5 есеге төмендеді, ал күтілетін өмір сүру ұзақтығы 75,97 жасқа жетті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💞ПОДДЕРЖКА С ПЕРВЫХ ДНЕЙ ЖИЗНИ: 540 000 БРОШЮР ДЛЯ РОДИТЕЛЕЙ ПЕРЕДАНЫ ПОЛИКЛИНИКАМ

📎Министерство здравоохранения Республики Казахстан при экспертной поддержке Всемирной организации здравоохранения и финансовой поддержке Фонда LEGO завершило передачу 540 000 экземпляров брошюр для родителей в организации первичной медико-санитарной помощи 20 регионов страны.

«Поддержка семьи и здоровье ребенка с первых дней жизни - один из ключевых приоритетов системы здравоохранения. Очень важно, чтобы родители имели доступ к достоверной, понятной информации по вопросам развития, профилактики заболеваний и укрепления здоровья детей. Напомню, что ранее изданный Карманный справочник, используется специалистами первичной медико-санитарной помощи для укрепления здоровья, профилактики заболеваний, проведения профилактических осмотров, раннего выявления состояний и консультирования родителей и подростков», - отметила министр здравоохранения Акмарал Альназарова.


📚Брошюры разработаны на основе национально адаптированной версии Карманного справочника ВОЗ по оказанию первичной медико-санитарной помощи детям и подросткам и охватывают ключевые вопросы здоровья и развития ребёнка: вакцинацию, грудное вскармливание и питание, режим сна, раннее развитие, физическую активность, поддержку психического здоровья детей и подростков. Информация изложена доступным языком и ориентирована на повседневные ситуации, с которыми сталкиваются родители.

«Мы рады поддержать эту инициативу Министерства здравоохранения, направленную на благополучие будущих поколений. Обеспечивая родителей доступной и научно обоснованной информацией, мы помогаем им принимать уверенные решения о здоровье и развитии своих детей, начиная с самых ранних этапов жизни», - отметил представитель ВОЗ в Казахстане др. Скендер Сыла.


💸Подробнее ознакомиться с материалами для родителей можно по ссылке: https://acrobat.adobe.com/id/urn:aaid:sc:EU:33d34cea-21cc-4e08-8ef1-dcfc6d261b9a

🩺В рамках модернизации детского здравоохранения за последний год в стране открыто свыше 370 Центров раннего развития и раннего вмешательства и педиатрических отделений. Это позволяет оказывать детям комплексную помощь ближе к месту проживания.

🩺Около 4 тыс. патронажных медсестер сопровождают семьи с детьми по универсально-прогрессивной модели.
За годы независимости Казахстана материнская смертность снижена в 6 раз, младенческая — в 7,5 раза, а ожидаемая продолжительность жизни достигла 75,97 года.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏃‍♀️Қазіргі өмір ырғағы бізді күннің көп бөлігін — кеңседе, оқу орнында, көлікте немесе үйде отырып өткізуге мәжбүрлейді. Алайда күніне небәрі 30 минут қозғалыстың өзі көңіл күйді жақсартып, күйзелісті азайтуға және денсаулықты нығайтуға айтарлықтай ықпал етеді.

🌳Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы күнделікті өмірде дене белсенділігін әдетке айналдыруға көмектесетін қарапайым дағдылар туралы бейнеролик дайындады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏃‍♀️Современный ритм жизни всё чаще заставляет нас проводить день сидя — в офисе, на учёбе, в транспорте или дома. Но даже 30 минут движения в день способны значительно улучшить самочувствие, снизить стресс и укрепить здоровье.

🌳Министерство здравоохранения РК и Национальный научный центр развития здравоохранения им. Салидат Каирбековой подготовили видеоролик о простых привычках, которые помогают сделать физическую активность частью повседневной жизни.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🏥ҰЛТТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМАНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ ӨКПЕНІҢ СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН АУРУЫМЕН АУЫРАТЫН ПАЦИЕНТКЕ СӘТТІ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАДЫ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығында алғаш рет сирек кездесетін өкпе ауруы — өкпенің альвеолярлық протеинозымен ауыратын пациентке тотальды бронхоальвеолярлық лаваж сәтті жүргізілді.

Жоғары технологиялық емшара эндоскопия бөлімшесінде бірсаңылаулы интубациялық түтік пен кеуде қуысына вибромассаж жасау әдісін қолдану арқылы орындалды.

Операцияныэндоскопист дәрігер Бахтияр Абзалыұлы Тұрғымбаев реанимация бөлімшесінің мамандарымен, торакалдық хирургтермен және Орталықтың пульмонолог дәрігерлерімен бірлесіп жүргізді.

🤩33 жастағы пациент ауыр жағдайда, айқын тыныс жеткіліксіздігімен түсті. Ауруханаға түскен кездегі сатурация деңгейі шамамен 80%-ды құрады.

Жүргізілген емнен кейін айқын оң динамика байқалды: сатурация деңгейі 95–97%-ға дейін көтеріліп, тыныс алу қызметі мен науқастың жалпы жағдайы едәуір жақсарды.

🩺Аталған клиникалық жағдайдың ерекшелігі — бронх ағашына кезең-кезеңімен сегментарлық лаваж жасау мен кеуде қуысына вибромассажды қатар қолдану болды. Бұл альвеолалардағы ақуызды-липидті массаларды тиімді түрде шығаруға мүмкіндік берді.

Өкпенің альвеолярлық протеинозы — өте сирек кездесетін ауру, ол шамамен 2 миллион халықтың 1–2 адамында ғана анықталады. Бүгінде тотальды бронхоальвеолярлық лаваж осы патологияны емдеудің негізгі әрі ең тиімді әдісі болып саналады.

🤩Бейнежазбада операция барысына ҚР ҰҒФО пульмонолог дәрігері Диана Нигматова
түсініктеме береді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
🏥ВРАЧИ ННЦФ ПРОВЕЛИ УСПЕШНУЮ ОПЕРАЦИЮ ПАЦИЕНТУ С РЕДКИМ ЗАБОЛЕВАНИЕМ ЛЕГКИХ

В Национальном научном центре фтизиопульмонологии МЗРК впервые успешно проведён тотальный бронхоальвеолярный лаваж пациенту с редким заболеванием — Альвеолярный протеиноз лёгких.

Высокотехнологичная процедура выполнена в отделении эндоскопии с использованием однопросветной интубационной трубки и вибромассажа грудной клетки.

Операцию провёл врач-эндоскопист Бахтияр Абзалиднович Тургумбаев совместно со специалистами отделения реанимации, торакальными хирургами и пульмонологами Центра.

🤩Пациент, 33 года, поступил в тяжёлом состоянии с выраженной дыхательной недостаточностью. Уровень сатурации при поступлении составлял около 80%.

После проведённого лечения отмечена выраженная положительная динамика: сатурация повысилась до 95-97%, значительно улучшились дыхательная функция и общее состояние пациента.

🩺Особенностью данного клинического случая стало проведение сегментарного поэтапного лаважа бронхиального дерева в сочетании с вибромассажем грудной клетки, что позволило эффективно удалить белково-липидные массы из альвеол.

Альвеолярный протеиноз лёгких — крайне редкое заболевание, встречающееся примерно у 1–2 человек на 2 миллиона населения. На сегодняшний день тотальный бронхоальвеолярный лаваж остаётся основным и наиболее эффективным методом лечения данной патологии.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥2