ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.7K subscribers
16.8K photos
1.23K videos
28 files
3.65K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
💬В АЛМАТЫ СОСТОЯЛСЯ X НАЦИОНАЛЬНЫЙ ФОРУМ ПО ВОСПАЛИТЕЛЬНЫМ ЗАБОЛЕВАНИЯМ КИШЕЧНИКА




В Алматы состоялся X Национальный форум по воспалительным заболеваниям кишечника (ВЗК), объединивший ведущих специалистов в области гастроэнтерологии, колопроктологии, педиатрии, хирургии и смежных дисциплин.

🟣Организаторами форума выступили Казахский национальный медицинский университет имени С.Д. Асфендиярова, Научно-исследовательский институт кардиологии и внутренних болезней, а также профильные профессиональные ассоциации.

Форум прошел в гибридном формате с участием ведущих отечественных и международных экспертов.

📹Накануне официального открытия на базе Городской больницы скорой неотложной помощи состоялся практический мастер-класс «Современная хирургия ВЗК: от показаний к результату». В рамках мастер-класса велась прямая трансляция сложнейших хирургических вмешательств пациентам с осложненными формами болезни Крона.

Оргкомитет форума выразил особую признательность профессору Армену Варданяну (Москва, РФ) за проведение высокотехнологичных операций и вклад в развитие хирургической помощи пациентам с ВЗК.

🤩В ходе торжественного открытия участники форума почтили минутой молчания память выдающегося ученого, основоположника отечественной школы гастроэнтерологии, профессора Ельдоса Изатуллаева.

✔️Заместитель председателя Правления НИИ кардиологии и внутренних болезней Джамиля Кайбуллаева отметила, что современные достижения в области таргетной биологической терапии и малых молекул существенно изменили прогноз пациентов с воспалительными заболеваниями кишечника.

«Перед профессиональным сообществом стоят важнейшие задачи — ранняя диагностика, сокращение диагностической паузы, внедрение современных концепций терапии и достижение стойкой ремиссии у пациентов», — подчеркнула Джамиля Кайбуллаева.


Председатель Правления НИИ кардиологии и внутренних болезней Рустем Тулеутаев сообщил, что в 2024 году на базе института был создан первый в Казахстане Республиканский центр ВЗК, объединивший клиническую, образовательную и научную деятельность.

По его словам, институт активно внедряет инновационные методы диагностики и лечения, участвует в международных исследованиях и является академической клинической базой для подготовки резидентов терапевтических специальностей, включая гастроэнтерологию.

Среди ключевых спикеров форума выступили признанные эксперты мирового уровня: Dino Tarabar (Сербия) — MD, PhD, AGAF, специалист по ВЗК Военно-медицинской академии Белграда; Paulo Gustavo Kotze (Бразилия) — MD, MSc, PhD, специалист службы ВЗК отделения колоректальной хирургии Католического университета Параны; Rupert Leong (Австралия) — профессор гастроэнтерологии Сиднейского университета.

Важной частью юбилейной программы стало подведение итогов профессиональных конкурсов и чествование лучших представителей медицинского сообщества.

🏆Награды были вручены в номинациях «Лучший специалист года» — за вклад в развитие службы ВЗК, «Прорыв года» — за лучшие результаты наставнических циклов по вопросам ВЗК, а также «Конкурс молодых ученых» — в поддержку перспективных молодых исследователей и специалистов.

Юбилейный X Национальный форум подтвердил статус одной из ключевых профессиональных площадок Казахстана для обмена опытом, обсуждения современных клинических рекомендаций и выработки единых подходов к оказанию медицинской помощи пациентам с воспалительными заболеваниями кишечника.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Үкімет Алматы облысында жалпы құны 32,5 млрд теңге болатын фармацевтикалық зауыт құрылысының жобасын мақұлдады

📌 Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, отандық дәрілік заттар өндірісінің үлесін арттыруға бағытталған жобаларды жүзеге асыру жалғасып жатыр. Аталған жұмыс аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі Денсаулық сақтау министрлігі мен «Steppe pharmaceuticals» ЖШС арасында жасалған Алматы облысындағы «Алатау» АЭА аумағында толық циклді биофармацевтикалық кешен салу жөніндегі инвестициялар туралы келісімді мақұлдады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.

Жеке инвестициялардың жалпы көлемі 32,5 млрд теңгені құрайды. Жаңа өндіріс жоғары технологиялық өндірістік қуаттарды локализациялауға және дамытуға бағытталған. Фармацевтикалық зауыт дәрілік препараттың 20 түрін шығаруды жоспарлап отыр. Олардың қатарында онкологиялық және сирек кездесетін ауруларды емдеуге арналған дәрілер, сондай-ақ заманауи иммунобиологиялық препараттар бар. Кәсіпорынды іске қосу 2031 жылға, жобалық қуатқа шығу 2032 жылға, ал негізгі бағыттар бойынша толық циклге көшу 2034 жылға жоспарланған.

Дәрі-дәрмек өндіру мен сертификаттаудан бөлек, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар да қарастырылған. Өзінің R&D бағытын дамыту, оның ішінде биоэквиваленттілік зерттеулерін жүргізу, тіркеу құжаттарын дайындау және халықаралық GMP стандарттарын енгізу жоспарланған. Бұдан бөлек, кешен базасында қазақстандық мамандарды оқыту және біліктілігін арттыру жүйесі құрылады.

Жобаны жүзеге асыру елдің дәрілік қауіпсіздігін нығайтуға және Алматы облысы аумағында заманауи фармацевтикалық өндіріс инфрақұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Шамамен 60 жаңа жұмыс орны ашылады.

Жалпы қазіргі таңда елде фармацевтикалық өндіріс саласында 8 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Фармацевтика саласы оң динамика көрсетіп отыр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша отандық фармацевтикалық өнім өндірісінің көлемі 191,1 млрд теңгеге жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 8,7%-ға өскен. Салаға тартылған жалпы инвестиция көлемі 390 млрд теңгеден асты.

Алматы облысында салынатын бұл кешен импортқа тәуелділікті азайтып, қазақстандықтарды сапалы әрі өмірлік маңызды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін маңызды жобалардың бірі болмақ.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Правительство одобрило проект строительства фармзавода в Алматинской области на сумму 32,5 млрд тенге

📌 В Казахстане продолжается реализация проектов, направленных на наращивание доли отечественного производства лекарственных средств в соответствии с поручениями Главы государства. В рамках этой работы Правительством Республики Казахстан одобрено Соглашение об инвестициях по строительству биофармацевтического комплекса полного цикла на территории СЭЗ «Алатау» в Алматинской области между Министерством здравоохранения и ТОО «Steppe pharmaceuticals». Соответствующее постановление подписал Премьер-министр Олжас Бектенов.

Общий объем частных инвестиций составляет 32,5 млрд тенге. Новое производство нацелено на локализацию и развитие высокотехнологичных производственных мощностей. Фармзавод планирует выпускать 20 наименований лекарственных средств. Среди них – препараты для лечения онкологических и редких заболеваний, а также современные иммунобиологические средства. Запуск предприятия намечен на 2031 год, выход на проектную мощность – в 2032 году, переход на полный цикл по ключевым направлениям запланирован на 2034 год.

Помимо выпуска лекарств и их сертификации предусмотрены также научно-исследовательские и опытно-конструкторские работы, развитие собственного R&D направления, включая проведение исследований биоэквивалентности, подготовку регистрационного досье и внедрение международных стандартов GMP. Кроме того, на базе комплекса будет создана система обучения и повышения квалификации для казахстанских специалистов.

Реализация проекта позволит укрепить лекарственную безопасность страны и сформировать в Алматинской области современную фармацевтическую производственную инфраструктуру, создав порядка 60 новых рабочих мест.

В целом сегодня в стране реализуются 8 крупных инвестиционных проектов в сфере фармацевтической промышленности. Фармотрасль демонстрирует положительную динамику. Объем производства отечественной фармпродукции по итогам прошлого года достиг 191,1 млрд тенге, увеличившись на 8,7% по сравнению с 2024 годом. Общий объем привлеченных в отрасль инвестиций превысил 390 млрд тенге.

Строительство комплекса в Алматинской области станет еще одним якорным проектом, позволяющим снизить импортозависимость и обеспечить казахстанцев качественными и жизненно важными медикаментами.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💊🚑ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА «ӨЗ КӘСІБІНІҢ ҮЗДІГІ – 2026» ЖЫЛ САЙЫНҒЫ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АНЫҚТАЙДЫ

Медицина қызметкері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медицина және фармацевтика қызметкерлерінің арасында өтетін «Өз кәсібінің үздігі – 2026» жыл сайынғы республикалық конкурсының жеңімпаздарын анықтайды.

❗️Қазіргі уақытта республикалық кезең өткізілуде, оның шеңберінде өңірлік кезеңнің жеңімпаздарының арасынан Денсаулық сақтау министрлігінің конкурстық комиссиясы 17 аталым бойынша жеңімпаздарды анықтап, оларға 500 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы тағайындайды.

✔️Әртүрлі бейіндегі және қызмет салаларындағы медицина қызметкерлері келесі аталымдар бойынша марапатталады: «Үздік стационар дәрігері», «Үздік жедел көмек дәрігері», «Үздік медициналық-санитариялық алғашқы көмек дәрігері», «Үздік ауыл дәрігері», «Денсаулық сақтау саласындағы үздік әлеуметтік қызметкер», «Үздік акушер», «Үздік стационар мейіргері», «Үздік медициналық-санитариялық алғашқы көмек мейіргері», «Үздік ауыл мейіргері», «Үздік фельдшер», «Үздік медициналық ЖОО оқытушысы», «Үздік медициналық колледж оқытушысы», «Денсаулық сақтау саласындағы үздік ғалым», «Үздік денсаулық сақтау менеджері», «Үздік санитариялық-эпидемиологиялық сараптама маманы», «Үздік провизор».

🔘Конкурс медицина мамандықтарының беделін арттыру, мамандарды ынталандыру және денсаулық сақтау саласындағы үздік практикаларды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған.

📌Сондай-ақ, 2024 жылғы сәуірде Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдаудың бірқатар шараларын көздейтін заңға қол қойған болатын.

Қабылданған заңға сәйкес, 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірлерге жұмысқа барған 1760 дәрігер әлеуметтік қолдау шараларын пайдаланды, олардың ішінде аса тапшы мамандықтар бойынша 529 дәрігер 8,5 млн теңге мөлшерінде біржолғы төлем алды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының бастамасымен соңғы екі жылдың ішінде алғаш рет үздік дәрігерлерге «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы берілуде.

⚡️Өткен жылы медицина қызметкерлерін мемлекеттік қолдаудың жалпы көлемі алғаш рет 4,5 млрд теңгеден асты, ал 2024 жылы бұл бағытқа 2,2 млрд теңге бөлінген болатын.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💊🚑МИНЗДРАВ РК ОПРЕДЕЛИТ ПОБЕДИТЕЛЕЙ ЕЖЕГОДНОГО КОНКУРСА «ЛУЧШИЙ В ПРОФЕССИИ – 2026» НАКАНУНЕ ДНЯ МЕДРАБОТНИКА

Накануне Дня медицинского работника Министерство здравоохранения Республики Казахстан определит победителей ежегодного республиканского конкурса «Лучший в профессии – 2026» среди медицинских и фармацевтических работников.

❗️В настоящее время реализуется республиканский этап, в рамках которого из числа лидеров регионального этапа конкурсная комиссия Министерства здравоохранения определит победителей по всем 17 номинациям с присуждением денежного поощрения в размере 500 МРП.

✔️Медицинские работники различных профилей и служб будут отмечены в следующих номинациях: «Лучший врач стационара», «Лучший врач неотложной помощи», «Лучший врач первичной медико-санитарной помощи», «Лучший сельский врач», «Лучший социальный работник в здравоохранении», «Лучший акушер», «Лучшая медицинская сестра стационара», «Лучшая медицинская сестра первичной медико-санитарной помощи», «Лучшая сельская медицинская сестра», «Лучший фельдшер», «Лучший преподаватель медицинского ВУЗа», «Лучший преподаватель медицинского колледжа», «Лучший ученый в здравоохранении», «Лучший менеджер здравоохранения», «Лучший специалист санитарно-эпидемиологической экспертизы», «Лучший провизор».

🔘Конкурс организован с целью повышения престижа медицинских профессий, мотивации специалистов и демонстрации лучших практик в области здравоохранения.

📌Напомним, что в апреле 2024 года Главой государства был принят закон, предусматривающий целый ряд мер социальной поддержки медицинских работников.

Согласно принятого закона по итогам 2025 года мерами социальной поддержки воспользовались 1760 врачей, выехавших на работу в регионы, из которых 529 врачей по остродефицитным специальностям получили единовременные выплаты в размере 8,5 млн. тенге.

Кроме того, впервые по инициативе Главы государства в последние два года лучшим докторам присваивается почетное звание «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері»

⚡️В прошлом году общий объём государственной поддержки медицинских работников впервые составил свыше 4,5 млрд тенге, тогда как в 2024 году на это направление было выделено 2,2 млрд тенге.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💊АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ЗАУЫТ САЛУ ЖОСПАРЛАНУДА

Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес отандық дәрілік заттар өндірісінің үлесін арттыруға бағытталған жобаларды іске асыру жалғасуда.

✍️Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Алматы облысындағы «Алатау» арнайы экономикалық аймағы аумағында толық циклді биофармацевтикалық кешен салу бойынша «Steppe pharmaceuticals» ЖШС-мен инвестициялар туралы келісімге қол қойды.

Аталған жобаға тартылатын жеке инвестициялардың жалпы көлемі 32,5 млрд теңгені құрайды. Жаңа өндіріс жоғары технологиялық өндірістік қуаттарды жергіліктендіруге және дамытуға бағытталған.

👍Фармацевтикалық зауыт 20 атаудағы дәрілік заттарды шығаруды жоспарлап отыр. Олардың қатарында онкологиялық және сирек кездесетін ауруларды емдеуге арналған препараттар, сондай-ақ заманауи иммунобиологиялық құралдар бар.

Кәсіпорынды іске қосу 2031 жылға, жобалық қуатқа шығу 2032 жылға жоспарланған, ал негізгі бағыттар бойынша толық циклге көшу 2034 жылға белгіленген.

Дәрілік заттарды шығару және сертификаттаумен қатар, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, биоэквиваленттілік зерттеулерін жүргізуді, тіркеу досьесін дайындауды және GMP халықаралық стандарттарын енгізуді қамтитын жеке R&D бағытын дамыту да көзделген.

👥Сонымен қатар, кешен базасында қазақстандық мамандарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жүйесі құрылатын болады.

💡Жобаны іске асыру елдің дәрілік қауіпсіздігін нығайтуға және Алматы облысында шамамен 60 жаңа жұмыс орнын құра отырып, заманауи фармацевтикалық өндірістік инфрақұрылымды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Алматы облысында кешен салу импортқа тәуелділікті төмендетіп, қазақстандықтарды сапалы әрі өмірлік мәні бар дәрілік заттармен қамтамасыз етуге жол ашады.

Жалпы, бүгінде елімізде фармацевтика өнеркәсібі саласында 8 ірі инвестициялық жоба іске асырылуда.

📈Соңғы екі жылдың ішінде фармацевтика саласы оң динамика көрсетіп келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша отандық фармацевтикалық өнім өндірісінің көлемі 191,1 млрд теңгеге жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 8,7%-ға артты.

Салаға тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 390 млрд теңгеден асты.

Аталған жобаларды іске асыру Ресей, Қытай, Польша және басқа да елдердің ірі фармацевтикалық компанияларымен стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастықты көздейді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💊В АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ НАМЕЧЕНО СТРОИТЕЛЬСТВО НОВОГО ФАРМЗАВОДА

В Казахстане продолжается реализация проектов, направленных на наращивание доли отечественного производства лекарственных средств в соответствии с поручениями Главы государства.

✍️Министерством здравоохранения РК подписано Соглашение об инвестициях по строительству биофармацевтического комплекса полного цикла на территории СЭЗ «Алатау» в Алматинской области с ТОО «Steppe pharmaceuticals».

Общий объем частных инвестиций по данному проекту составит 32,5 млрд тенге. Новое производство нацелено на локализацию и развитие высокотехнологичных производственных мощностей.

👍Фармзавод планирует выпускать 20 наименований лекарственных средств. Среди них – препараты для лечения онкологических и редких заболеваний, а также современные иммунобиологические средства.

Запуск предприятия намечен на 2031 год, выход на проектную мощность – в 2032 году, переход на полный цикл по ключевым направлениям запланирован на 2034 год.

Помимо выпуска лекарств и их сертификации предусмотрены также научно-исследовательские и опытно-конструкторские работы, развитие собственного R&D направления, включая проведение исследований биоэквивалентности, подготовку регистрационного досье и внедрение международных стандартов GMP.

👥Кроме того, на базе комплекса будет создана система обучения и повышения квалификации для казахстанских специалистов.

💡Реализация проекта позволит укрепить лекарственную безопасность страны и сформировать в Алматинской области современную фармацевтическую производственную инфраструктуру, создав порядка 60 новых рабочих мест.

Строительство комплекса в Алматинской области позволит снизить импортозависимость и обеспечить казахстанцев качественными и жизненно важными медикаментами.

В целом сегодня в стране реализуются 8 крупных инвестиционных проектов в сфере фармацевтической промышленности.

📈Фармотрасль за последние два года демонстрирует положительную динамику. Объем производства отечественной фармпродукции по итогам прошлого года достиг 191,1 млрд тенге, увеличившись на 8,7% по сравнению с 2024 годом.

Общий объем привлеченных в отрасль инвестиций превысил 390 млрд тенге.

Реализация данных проектов предполагает стратегическое партнерство и сотрудничество с крупными фармацевтическими компаниями из России, Китая, Польши и др.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇰🇬ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТРАНСПЛАНТОЛОГТАР БІШКЕКТЕ ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМДА ЕЛ ТӘЖІРИБЕСІН ТАНЫСТЫРДЫ

Бішкекте Орталық Азия, Түркия, АҚШ және Таяу Шығыс елдерінен келген жетекші мамандарды, трансплантолог-хирургтар мен сарапшыларды біріктірген ағза донорлығы мен трансплантаттау бойынша халықаралық симпозиум өтті. Аталған алаң заманауи трансплантологияның негізгі сын-қатерлерін — қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты дамыту, жаңа клиникалық тәсілдерді енгізу және заңнаманы жетілдіру мәселелерін талқылау орнына айналды.

🎙️Симпозиумда Қазақстанның атынан ағзаны трансплантаттау мен донорлығы саласындағы мамандар делегациясы қатысты. Отандық сарапшылар трансплантаттау қызметін дамытудағы тәжірибемен, донорлық үйлестіру жүйесінің жұмыс нәтижелерімен және медициналық практикадағы өзекті мәселелермен бөлісті.

А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы басқарма төрағасы Болатбек Баймаханов елімізде бауырды трансплантаттауды дамыту бағытындағы жұмыс нәтижелерін таныстырды.

🤩Трансплантаттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың директоры Айдар Ситказинов Қазақстандағы донорлық жүйесінің тиімділігі және қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты дамыту туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар, қазақстандық мамандар бауырды трансплантаттаудан кейінгі билиарлық асқынулар, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы ағзаны трансплантаттаудың этикалық және құқықтық аспектілері тақырыбында баяндамалар ұсынды.

🤩Симпозиумға қатысушылар тірі донордан жасалатын трансплантаттау белсенді дамып келе жатқанымен, қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты одан әрі дамыту және трансплантаттау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту қажеттілігі өзекті болып қала беретінін атап өтті.

Іс-шара әлемге танымал трансплантолог Мехмет Хаберал негізін қалаған Түркі әлемі трансплантология қоғамының (TDTD) қолдауымен өтті. Ұйым түркі мемлекеттерінің мамандарын біріктіріп, өңірдегі трансплантаттау медицинасын дамыту мен тәжірибе алмасуға арналған халықаралық алаң ретінде қызмет етеді.

🪧Қазақстан үшін симпозиумға қатысу отандық трансплантология жетістіктерін халықаралық деңгейде таныстыруға және донорлық пен ағзаны трансплантаттау қызметін одан әрі дамыту бағыттарын талқылауға мүмкіндік болды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇰🇬КАЗАХСТАНСКИЕ ТРАНСПЛАНТОЛОГИ ПРЕДСТАВИЛИ ОПЫТ СТРАНЫ НА МЕЖДУНАРОДНОМ СИМПОЗИУМЕ В БИШКЕКЕ



В Бишкеке прошел Международный симпозиум по донорству органов и трансплантации, объединивший ведущих специалистов, хирургов-трансплантологов и экспертов из стран Центральной Азии, Турции, США и Ближнего Востока. Площадка стала местом обсуждения ключевых вызовов современной трансплантологии: от развития посмертного донорства до внедрения новых клинических подходов и совершенствования законодательства.

🎙️Казахстан на симпозиуме представила делегация специалистов в области трансплантации и донорства органов. Отечественные эксперты поделились практическим опытом развития трансплантационной службы, результатами работы системы донорской координации и актуальными вопросами медицинской практики.

Председатель правления Национального научного центра хирургии им. А.Н. Сызганова Болатбек Баймаханов представил результаты работы по развитию трансплантации печени в стране.

🔹Директор Республиканского центра по координации трансплантации и высокотехнологичных медицинских услуг Айдар Ситказинов выступил с докладом об эффективности системы донорства в Казахстане и развитии посмертного донорства.

Также казахстанские специалисты представили доклады на тему билиарных осложнений после трансплантации печени, а также этические и правовые аспекты трансплантации органов в Республике Казахстан.

🤩Участники симпозиума подчеркнули, что при активном развитии прижизненной трансплантации остается актуальной необходимость дальнейшего развития посмертного донорства, а также укрепление международного сотрудничества в сфере трансплантации.

Мероприятие прошло под эгидой Общества трансплантологии тюркского мира (TDTD), основанного всемирно известным трансплантологом Мехметом Хабералом. Организация объединяет специалистов тюркских государств и выступает международной платформой для обмена опытом и развития трансплантационной медицины в регионе.

🪧Для Казахстана участие в симпозиуме стало возможностью представить достижения отечественной трансплантологии на международном уровне и обсудить дальнейшие направления развития службы донорства и трансплантации органов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🪧ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА ҚАЗАҚСТАНДА 1 ШІЛДЕДЕН БАСТАП МЕКТЕПТЕР МЕН ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬЛЕРГЕ ЖОСПАРЛЫ ТЕКСЕРУЛЕР БАСТАЛАДЫ

2026 жылдың басынан бері Денсаулық сақтау министрлігі елдегі білім беру ұйымдарында 347 тексеру жүргізді, оның ішінде 49-ы тамақтану блоктарына қатысты болып, олардың жартысынан астамы жоспардан тыс өткізілген. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ведомство басшысы Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.

Баяндаманың негізгі тақырыптары білім беру ұйымдарындағы санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жазғы сауықтыру лагерьлерін дайындау, сондай-ақ мектеп медицинасын дамыту мәселелері болды.

«Анықталған бұзушылықтардың қатарында үй-жайлардың санитариялық- жағдайының қанағаттанарлықсыз болуы, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылардың болмауы бар. Соңғы үш жылдың ішінде білім беру ұйымдарында топтық инфекциялық аурулар жағдайларының екі есе өсуі байқалады», – деп Денсаулық сақтау министрлігі сын айтты.


💬Бұған дейін Мемлекет басшысы бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын балалар нысандарына мемлекеттік бақылаудың ерекше тәртібін енгізуді көздейтін заңға қол қойған болатын.

Жаңа шаралардың шеңберінде 1 маусымнан бастап еліміздің мектептерінде санитариялық-эпидемиологиялық ахуалға мониторинг жүргізу басталады, ал 1 шілдеден бастап білім беру және балалардың жазғы демалыс нысандарына жоспарлы тексерулер қайта жандандырылады.

«Өткен жылы рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген лагерьлер анықталды. Аталған фактілер бойынша материалдар прокуратура органдарына жолданып, тиісті шаралар қабылданды. Халықты ақпараттандыру мақсатында «сенім телефоны» жұмысын жалғастыруда, сондай-ақ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар лагерьлердің тізбесі апта сайын отырады», – деп министр атап өтті.


✔️Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, жазғы маусымда 187 сауықтыру ұйымының жұмысы жоспарланған. Бүгінгі таңда өтінім берген 99 лагерьдің 33-і санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🪧МИНЗДРАВ: В ЦЕЛЯХ БЕЗОПАСНОСТИ ДЕТЕЙ С 1 ИЮЛЯ В КАЗАХСТАНЕ НАЧНУТСЯ ПЛАНОВЫЕ ПРОВЕРКИ ШКОЛ И ЛЕТНИХ ЛАГЕРЕЙ

С начала 2026 года Министерством здравоохранения в образовательных организациях страны проведено 347 проверок, в том числе 49 проверок пищеблоков, более половины из которых были внеплановыми, сообщила сегодня глава ведомства Акмарал Альназарова на заседании Правительства.

⚡️Основной темой доклада были вопросы обеспечения санитарно-эпидемиологической безопасности в организациях образования, подготовки летних оздоровительных лагерей, а также развития школьной медицины.

«В числе выявленных нарушений - неудовлетворительное санитарно-техническое состояние помещений, а также отсутствие санитарно-эпидемиологических заключений. За последние три года в организациях образования наблюдается двукратный рост случаев групповых инфекционных заболеваний», – выступила с критикой Минздрава.


💬Ранее Главой государства был подписан закон, предусматривающий введение особого порядка государственного контроля детских объектов, финансируемых из бюджета.

В рамках новых мер с 1 июня в школах страны стартует мониторинг санитарно-эпидемиологической ситуации, а с 1 июля возобновятся плановые проверки объектов образования и летнего отдыха детей.

«В прошлом году были выявлены лагеря, работавшие без разрешительных документов. Материалы по данным фактам были направлены в органы прокуратуры, приняты соответствующие меры. Для информирования населения продолжает функционировать «телефон доверия», а на сайте Комитета санитарно-эпидемиологического контроля еженедельно обновляется перечень лагерей, имеющих санитарно-эпидемиологическое заключение», - подчеркнула министр.


✔️По данным Министерства просвещения, в летнем сезоне планируется работа 187 оздоровительных организаций. На сегодняшний день санитарно-эпидемиологические заключения получили 33 лагеря из 99 подавших заявки.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💊⚡️ӨЗ ЛОГИСТИКАЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ҚҰРУ ЖЫЛ САЙЫН 1,7 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН ҮНЕМДЕУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі пациенттерді тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету және препараттарды жеткізу логистикасы жүйесін жетілдіру жұмыстарын жалғастыруда.
Негізгі жаңашылдықтардың бірі — Бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармацияның» меншікті қоймалық инфрақұрылымын дамыту.

✉️Жобаны іске асыру жыл сайын шамамен 1,7 млрд теңге үнемдеуге, баға қауіптерін төмендетуге, жеткізілімдердің тұрақтылығын арттыруға және жеке қоймаларды жалға алуға тәуелділікті қысқартуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Логистикалық орталықтар Ақтөбе, Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау және Семей қалаларында құрылады. Ақтөбедегі алғашқы нысанды 2027 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Бүгінде Қазақстанда шамамен 3,4 млн пациент тегін дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі.

💊🦴Жүйеге қант диабеті, артериялық гипертония, онкологиялық және орфандық аурулар секілді созылмалы әрі әлеуметтік мәнң бар аурулары бар пациенттер кіреді.
Қамтамасыз ету тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде жүзеге асырылады.

Дәрілік заттарды сатып алуды жоспарлау пациенттердің дербестендірілген қажеттілігі негізінде қалыптастырылады — диагнозы, тағайындалған препараты, нақты тұтыну көлемі және сырқаттанушылық динамикасы ескеріледі.
Жүйенің ашықтығын арттыру мақсатында бақылаудың цифрлық құралдары енгізілуде.

🚚Қазіргі уақытта қоймалардың WMS жүйелері Бірыңғай фармацевтикалық ақпараттық жүйемен (БФАЖ) интеграцияланған. Сонымен қатар, жыл соңына дейін көлік логистикасын басқарудың TMS жүйесін іске қосу жоспарлануда. Бұл жүйе дәрілерді жеткізуді, соның ішінде ауылдық елді мекендерге жеткізілімдерді нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, тапшылық қаупін азайту және пайдаланылмаған қалдықтар көлемін қысқарту мақсатында өңірлердің арасында препараттарды жоспарлау және қайта бөлу тетіктерін жетілдіру жұмыстары жалғасуда.

📊Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге арналған препараттар тізбесі халықаралық клиникалық ұсынымдар, дәлелді медицина және дәрілік заттарды ұтымды пайдалану қағидаттары ескеріле отырып тұрақты түрде жаңартылып отырады.

Сонымен қатар, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қаржыландыру көлемі 87,2 млрд теңгеден 2026 жылға қарай жоспарланған 337,4 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💊⚡️СОЗДАНИЕ СОБСТВЕННОЙ ЛОГИСТИЧЕСКОЙ ИНФРАСТРУКТУРЫ ПОЗВОЛИТ ЕЖЕГОДНО ЭКОНОМИТЬ ДО 1,7 МЛРД ТЕНГЕ


Министерство здравоохранения продолжает совершенствование системы бесплатного лекарственного обеспечения и логистики поставок препаратов для пациентов.

Одним из ключевых новшеств является развитие собственной складской инфраструктуры Единого дистрибьютора «СК-Фармация».

Ожидается, что реализация проекта позволит ежегодно экономить порядка 1,7 млрд тенге, снизить ценовые риски, повысить устойчивость поставок и сократить зависимость от аренды частных складов.
Логистические центры будут созданы в Актобе, Астане, Алматы, Шымкенте, Актау и Семее. Первый объект в Актобе планируется ввести в эксплуатацию в 2027 году.

💊Сегодня бесплатными лекарственными средствами в Казахстане обеспечиваются порядка 3,4 млн пациентов. В систему входят пациенты с хроническими и социально значимыми заболеваниями, включая диабет, гипертонию, онкологические и орфанные заболевания.

Обеспечение осуществляется в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и обязательного социального медицинского страхования. Планирование закупа лекарственных средств формируется на основе персонифицированной потребности пациентов — с учетом диагноза, назначенного препарата, фактического потребления и динамики заболеваемости.

🚚Для повышения прозрачности системы внедряются цифровые инструменты контроля. Уже действует интеграция складских WMS-систем с ЕФИС — Единой фармацевтической информационной системой. До конца года также планируется запуск системы управления транспортной логистикой TMS, которая позволит в режиме реального времени отслеживать поставки лекарств, включая сельские населенные пункты.

Кроме того, продолжается работа по совершенствованию механизмов планирования и перераспределения препаратов между регионами для минимизации риска дефицита и сокращения объемов неиспользованных остатков.

📊По данным Минздрава, перечень препаратов для амбулаторного лекарственного обеспечения регулярно актуализируется с учетом международных клинических рекомендаций, доказательной медицины и принципов рационального использования лекарственных средств.

При этом финансирование амбулаторного лекарственного обеспечения увеличилось с 87,2 млрд тенге до плановых 337,4 млрд тенге к 2026 году.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤝📇МИНЗДРАВ РК И ВОЗ ОБСУДИЛИ ПЕРСПЕКТИВЫ СОТРУДНИЧЕСТВА ПО РАЗВИТИЮ ПМСП


Министр здравоохранения Республики Казахстан Акмарал Альназарова провела встречу с руководителем Европейского центра Всемирной организации здравоохранения (ВОЗ) по первичной медико-санитарной помощи Мелиттой Якоб и представителями Странового офиса ВОЗ.

◽️👍Глава ведомства отметила, что недавняя 79-я сессия Всемирной ассамблеи здравоохранения прошла на высоком организационном и содержательном уровне, а состоявшиеся обсуждения подтвердили общее понимание ключевой роли первичной медико-санитарной помощи в обеспечении устойчивости систем здравоохранения.

Министр подчеркнула, что сегодня ПМСП во всем мире рассматривается как основа профилактики заболеваний, раннего выявления патологий, повышения доступности медицинской помощи и снижения нагрузки на стационарное звено. По ее словам, Казахстан также последовательно развивает первичное звено здравоохранения, внедряя современные подходы и усиливая профилактическую направленность медицины.

👍Отдельное внимание Акмарал Альназарова уделила историческому значению Алма-Атинской декларации, ставшей фундаментом глобального развития ПМСП.

Также министр отметила важную роль географически удаленного офиса Европейского центра ВОЗ в Алматы как международной экспертной площадки по продвижению лучших практик и укреплению взаимодействия между странами региона.

🤔В свою очередь, руководитель Европейского центра ВОЗ по ПМСП Мелитта Якоб отметила возросшую роль Казахстана на мировом уровне, в том числе и в продвижении принципов ПМСП.

Она озвучила предлагаемые стратегические цели для Казахстана, в реализации которых будет оказана всесторонняя поддержка ВОЗ. В их число вошли такие направления, как политическое лидерство в сфере ПМСП, внедрение современных моделей ПМСП на практике, развитие доказательной базы и аналитики эффективности, подготовка кадров, обучение и обмен опытом.

📃По итогам встречи стороны договорились о дальнейшем развитии партнерства по улучшению первичной медико-санитарной помощи.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🤝📇ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕН ДДҰ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ АЛҒАШҚЫ КӨМЕКТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі Еуропалық орталығының басшысы Мелитта Якоб және ДДҰ-ның Елдік офисі өкілдерімен кездесу өткізді.

◽️👍Ведомство басшысы жақында өткен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 79-сессиясы жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде өткенін атап өтіп, онда өткен талқылаулар денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етудегі медициналық-санитариялық алғашқы көмектің шешуші рөліне қатысты ортақ түсінікті растағанын айтты.

Министр бүгінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек бүкіл әлемде аурулардың алдын алудың, патологияларды ерте анықтаудың, медициналық көмектің қолжетімділігін арттырудың және стационарлық буынға түсетін жүктемені азайтудың негізі ретінде қарастырылатынын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан да денсаулық сақтаудың бастапқы буынын жүйелі түрде дамытып, заманауи тәсілдерді енгізіп, медицинаның профилактикалық бағытын күшейтіп келеді.

Алма-Ата декларациясының жаһандық медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамытудағы тарихи маңызына да ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ министр Алматы қаласында орналасқан ДДҰ Еуропалық орталығының географиялық қашықтағы офисінің өңір елдері арасындағы өзара іс-қимылды нығайту және үздік практикаларды ілгерілету жөніндегі халықаралық сараптамалық алаң ретіндегі маңызды рөлін атап өтті.

🤔Өз кезегінде Мелитта Якоб Қазақстанның әлемдік деңгейдегі, оның ішінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек қағидаттарын ілгерілетудегі рөлінің артқанын атап өтті.

Ол Қазақстан үшін ұсынылатын стратегиялық мақсаттарды таныстырып, оларды іске асыруда ДДҰ тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді. Бұл бағыттардың қатарына медициналық-санитариялық алғашқы көмек саласындағы саяси көшбасшылық, МСАК-нің заманауи модельдерін практикаға енгізу, дәлелді база мен тиімділік аналитикасын дамыту, кадрлар даярлау, оқыту және тәжірибе алмасу мәселелері кірді.

📃Кездесу қорытындысы бойынша тараптар медициналық-санитариялық алғашқы көмекті жетілдіру бағытындағы әріптестікті одан әрі дамыту туралы уағдаласты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM