ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.7K subscribers
16.8K photos
1.23K videos
28 files
3.65K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
ПОЛНУЮ ИНФОРМАЦИЮ О РАБОТЕ ПОЛИКЛИНИК МОЖНО УЗНАТЬ НА РЕСУРСАХ РЦПМСП

⚡️ Республиканский центр первичной медико-санитарной помощи Министерства здравоохранения Республики Казахстан обеспечивает системное, актуальное и своевременное информирование населения и медицинских работников по вопросам первичной медико-санитарной помощи.

На официальных информационных ресурсах Центра регулярно публикуются:

* актуальные новости системы здравоохранения и приоритетные направления развития ПМСП в Республике Казахстан;
* разъяснения действующих стандартов и клинических протоколов оказания медицинской помощи;
* материалы по профилактике социально значимых и хронических заболеваний;
* рекомендации по вакцинации, скрининговым программам и раннему выявлению заболеваний;
* информация по формированию здорового образа жизни и укреплению здоровья населения;
* методические материалы и поддержка для медицинских работников;
* сведения о цифровых сервисах и возможностях получения медицинской помощи;
* экспертные комментарии и разъяснения специалистов;
* обучающие и просветительские публикации;
* ответы на часто задаваемые вопросы для пациентов;
* важные объявления и обновления для населения и профессионального сообщества.

Подписывайтесь на официальные информационные ресурсы Центра, чтобы получать достоверную информацию и быть в курсе актуальных новостей первичного звена здравоохранения.

📌Официальный сайт
https://rcpmsp.kz/ru
📱 Instagram
https://www.instagram.com/rcpmsp_kz?igsh=YWswcHI4MGhlc2hi
📱Facebook
https://www.facebook.com/share/1CPyTz5HRW/?mibextid=wwXIfr
📱Telegram
https://t.me/rcpmspkz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Бүгінде Қазақстанда онкологиялық ауруларды емдеу заманауи халықаралық стандарттар деңгейінде жүргізіледі.

Қазақстандықтарға диагностика мен емдеудің заманауи әдістері тегін қолжетімді: жоғары технологиялық сәулелік терапия, қымбат дәрілік препараттар, оның ішінде таргеттік терапия, сондай-ақ өзекті клиникалық хаттамаларға сәйкес хирургиялық араласулардың барлық негізгі түрлері ұсынылады.

Онкологиялық пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету деңгейі бойынша, соның ішінде инновациялық және таргеттік препараттардың қолжетімділігі жағынан Қазақстан өңірдегі жетекші орындардың бірін алады, — дейді жоғары санаттағы онколог дәрігер Айша Мұқанқызы Молдашева.


⚜️⚜️⚜️

⚡️ Сегодня в Казахстане лечение онкологических заболеваний проводится на уровне современных международных стандартов.

Казахстанцам бесплатно доступны современные методы диагностики и лечения: высокотехнологичная лучевая терапия, дорогостоящие лекарственные препараты, включая таргетную терапию, а также все основные виды хирургических вмешательств в соответствии с актуальными клиническими протоколами.

По уровню лекарственного обеспечения онкологических пациентов – в том числе по количеству доступных инновационных и таргетных препаратов – Казахстан занимает лидирующие позиции в регионе, рассказывает врач-онколог высшей категории Айша Мукановна Молдашева.


https://youtu.be/lGkusxNhs8U?si=HTpdepykcivP7LX4
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥2👏1
🔍ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРҒА КЕШЕНДІ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗЕДІ

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жүргізушілерді медициналық куәландыру кезінде жекелеген наркологиялық орталықтардың тарапынан жіберілетін заңбұзушылықтар мәселесі бойынша кеңес өткізді.

Кеңес барысында азаматтардың өтініштері, депутаттық сауалдар және алкогольдік масаң күйді анықтау бойынша куәландыру жүргізу кезінде белгіленген рәсімдердің сақталмауына қатысты анықталған фактілер қаралды.

Министр Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне қолданыстағы стандарттар мен медициналық куәландыру жүргізу тәртібінің сақталуын тексеру мақсатында барлық өңірлік наркологиялық орталықтарға кешенді тексеру жүргізуді тапсырды.

⚡️Ведомство басшысы заңбұзушылықтар анықталған жағдайда материалдар қолданыстағы заңнаманың шеңберінде процестік шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілетінін атап өтті.
Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі медициналық куәландыру жүргізу тәртібін реттейтін ҚР ДСМ-нің тиісті бұйрығына рәсімдердің ашықтығын арттыру, азаматтардың құқықтарын қорғау және даулы жағдайлардың алдын алу мақсатында өзгерістер мен толықтырулар әзірлейді.

⚜️Денсаулық сақтау министрлігі аталған мәселені ерекше бақылауда ұстап отыр.
🔍МИНЗДРАВ ПРОВЕДЕТ КОМПЛЕКСНУЮ ПРОВЕРКУ НАРКОЛОГИЧЕСКИХ ЦЕНТРОВ КАЗАХСТАНА

Министр здравоохранения Акмарал Альназарова провела совещание по вопросам нарушений, допускаемых отдельными наркологическими центрами при проведении медицинского освидетельствования водителей.

В ходе совещания рассмотрены обращения граждан, депутатские запросы и выявленные факты несоблюдения установленных процедур при проведении освидетельствования на состояние алькогольного опьянения.

Министр поручила Комитету медицинского и фармацевтического контроля провести комплексную проверку всех региональных наркологических центров на предмет соблюдения действующих стандартов и порядка проведения медицинского освидетельствования.

⚡️Глава ведомства отметила, что в случае выявления нарушений материалы будут передаваться в правоохранительные органы для принятия процессуальных решений в рамках действующего законодательства.
Также Министерством здравоохранения будут подготовлены изменения и дополнения в соответствующий приказ МЗ РК, регулирующий порядок проведения медицинского освидетельствования, с целью повышения прозрачности процедур, защиты прав граждан и исключения спорных ситуаций.

⚜️Министерство здравоохранения держит данный вопрос на особом контроле.
💬АЛМАТЫДА ІШЕКТІҢ ҚАБЫНУ АУРУЛАРЫ БОЙЫНША X ҰЛТТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

Алматы қаласында гастроэнтерология, колопроктология, педиатрия, хирургия және сабақтас салалардың жетекші мамандарын біріктірген ішектің қабыну аурулары (ІҚА) бойынша X Ұлттық форум өтті.

🟣Форумды ұйымдастырушылар қатарында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты, сондай-ақ бейінді кәсіби қауымдастықтар болды.

Форум отандық және халықаралық жетекші сарапшылардың қатысуымен гибридті форматта ұйымдастырылды.

📹Ресми ашылу қарсаңында Қалалық жедел шұғыл жәрдем ауруханасының базасында «ІҚА-ның заманауи хирургиясы: көрсетілімнен нәтижеге дейін» атты практикалық мастер-класс өтті. Мастер-класс шеңберінде Крон ауруының асқынған түрлерімен ауыратын пациенттерге жасалған аса күрделі хирургиялық операциялар тікелей эфирде көрсетілді.

Форумның ұйымдастыру комитеті жоғары технологиялық операцияларды жүргізгені және ІҚА-мен ауыратын пациенттерге хирургиялық көмекті дамытуға қосқан үлесі үшін Мәскеу қаласынан келген профессор Армен Варданянға ерекше алғыс білдірді.

🤩Салтанатты ашылу барысында форумға қатысушылар отандық гастроэнтерология мектебінің негізін қалаушы, көрнекті ғалым профессор Ельдос Изатуллаевты бір минут үнсіздікпен еске алды.

✔️Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты басқарма төрағасының орынбасары Жамила Қайбуллаева ішектің қабыну ауруларын емдеудегі таргеттік биологиялық терапия мен шағын молекулалар саласындағы заманауи жетістіктер пациенттердің болжамын айтарлықтай өзгерткенін атап өтті.

«Кәсіби қауымдастық алдында ерте диагностиканы қамтамасыз ету, диагностикалық кідірісті қысқарту, емдеудің заманауи тұжырымдамаларын енгізу және пациенттерде тұрақты ремиссияға қол жеткізу секілді маңызды міндеттер тұр», — деді Жамила Қайбуллаева.


Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы Рүстем Төлеутаевтың айтуынша, 2024 жылы институт базасында Қазақстандағы алғашқы Республикалық ІҚА орталығы құрылып, клиникалық, білім беру және ғылыми қызметті біріктірді.

Оның сөзінше, институт диагностика мен емдеудің инновациялық әдістерін белсенді енгізіп, халықаралық зерттеулерге қатысып келеді және гастроэнтерологияны қоса алғанда, терапиялық мамандықтар бойынша резиденттерді даярлайтын академиялық клиникалық база болып табылады.

Форумның негізгі спикерлері қатарында әлемдік деңгейдегі танымал сарапшылар сөз сөйледі: Dino Tarabar (Сербия) — MD, PhD, AGAF, Белград әскери-медициналық академиясының ІҚА бойынша маманы; Paulo Gustavo Kotze (Бразилия) — MD, MSc, PhD, Парана католиктік университетінің колоректалдық хирургия бөлімшесіндегі ІҚА қызметінің маманы; Rupert Leong (Аустралия) — Сидней университетінің гастроэнтерология профессоры.

Мерейтойлық бағдарламаның маңызды бөлігі кәсіби байқаулардың қорытындысын шығару және медицина қауымдастығының үздік өкілдерін марапаттау болды.

🏆Марапаттар «Жылдың үздік маманы» — ІҚА қызметін дамытуға қосқан үлесі үшін, «Жыл серпіні» — ІҚА мәселелері бойынша тәлімгерлік циклдердің үздік нәтижелері үшін, сондай-ақ «Жас ғалымдар байқауы» — болашағы зор жас зерттеушілер мен мамандарды қолдау мақсатында табысталды.

Мерейтойлық X Ұлттық форум ішектің қабыну ауруларымен ауыратын пациенттерге медициналық көмек көрсетудің бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру, заманауи клиникалық ұсынымдарды талқылау және тәжірибе алмасу бағытындағы Қазақстандағы маңызды кәсіби алаңдардың бірі мәртебесін тағы бір мәрте растады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬В АЛМАТЫ СОСТОЯЛСЯ X НАЦИОНАЛЬНЫЙ ФОРУМ ПО ВОСПАЛИТЕЛЬНЫМ ЗАБОЛЕВАНИЯМ КИШЕЧНИКА




В Алматы состоялся X Национальный форум по воспалительным заболеваниям кишечника (ВЗК), объединивший ведущих специалистов в области гастроэнтерологии, колопроктологии, педиатрии, хирургии и смежных дисциплин.

🟣Организаторами форума выступили Казахский национальный медицинский университет имени С.Д. Асфендиярова, Научно-исследовательский институт кардиологии и внутренних болезней, а также профильные профессиональные ассоциации.

Форум прошел в гибридном формате с участием ведущих отечественных и международных экспертов.

📹Накануне официального открытия на базе Городской больницы скорой неотложной помощи состоялся практический мастер-класс «Современная хирургия ВЗК: от показаний к результату». В рамках мастер-класса велась прямая трансляция сложнейших хирургических вмешательств пациентам с осложненными формами болезни Крона.

Оргкомитет форума выразил особую признательность профессору Армену Варданяну (Москва, РФ) за проведение высокотехнологичных операций и вклад в развитие хирургической помощи пациентам с ВЗК.

🤩В ходе торжественного открытия участники форума почтили минутой молчания память выдающегося ученого, основоположника отечественной школы гастроэнтерологии, профессора Ельдоса Изатуллаева.

✔️Заместитель председателя Правления НИИ кардиологии и внутренних болезней Джамиля Кайбуллаева отметила, что современные достижения в области таргетной биологической терапии и малых молекул существенно изменили прогноз пациентов с воспалительными заболеваниями кишечника.

«Перед профессиональным сообществом стоят важнейшие задачи — ранняя диагностика, сокращение диагностической паузы, внедрение современных концепций терапии и достижение стойкой ремиссии у пациентов», — подчеркнула Джамиля Кайбуллаева.


Председатель Правления НИИ кардиологии и внутренних болезней Рустем Тулеутаев сообщил, что в 2024 году на базе института был создан первый в Казахстане Республиканский центр ВЗК, объединивший клиническую, образовательную и научную деятельность.

По его словам, институт активно внедряет инновационные методы диагностики и лечения, участвует в международных исследованиях и является академической клинической базой для подготовки резидентов терапевтических специальностей, включая гастроэнтерологию.

Среди ключевых спикеров форума выступили признанные эксперты мирового уровня: Dino Tarabar (Сербия) — MD, PhD, AGAF, специалист по ВЗК Военно-медицинской академии Белграда; Paulo Gustavo Kotze (Бразилия) — MD, MSc, PhD, специалист службы ВЗК отделения колоректальной хирургии Католического университета Параны; Rupert Leong (Австралия) — профессор гастроэнтерологии Сиднейского университета.

Важной частью юбилейной программы стало подведение итогов профессиональных конкурсов и чествование лучших представителей медицинского сообщества.

🏆Награды были вручены в номинациях «Лучший специалист года» — за вклад в развитие службы ВЗК, «Прорыв года» — за лучшие результаты наставнических циклов по вопросам ВЗК, а также «Конкурс молодых ученых» — в поддержку перспективных молодых исследователей и специалистов.

Юбилейный X Национальный форум подтвердил статус одной из ключевых профессиональных площадок Казахстана для обмена опытом, обсуждения современных клинических рекомендаций и выработки единых подходов к оказанию медицинской помощи пациентам с воспалительными заболеваниями кишечника.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Үкімет Алматы облысында жалпы құны 32,5 млрд теңге болатын фармацевтикалық зауыт құрылысының жобасын мақұлдады

📌 Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, отандық дәрілік заттар өндірісінің үлесін арттыруға бағытталған жобаларды жүзеге асыру жалғасып жатыр. Аталған жұмыс аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі Денсаулық сақтау министрлігі мен «Steppe pharmaceuticals» ЖШС арасында жасалған Алматы облысындағы «Алатау» АЭА аумағында толық циклді биофармацевтикалық кешен салу жөніндегі инвестициялар туралы келісімді мақұлдады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.

Жеке инвестициялардың жалпы көлемі 32,5 млрд теңгені құрайды. Жаңа өндіріс жоғары технологиялық өндірістік қуаттарды локализациялауға және дамытуға бағытталған. Фармацевтикалық зауыт дәрілік препараттың 20 түрін шығаруды жоспарлап отыр. Олардың қатарында онкологиялық және сирек кездесетін ауруларды емдеуге арналған дәрілер, сондай-ақ заманауи иммунобиологиялық препараттар бар. Кәсіпорынды іске қосу 2031 жылға, жобалық қуатқа шығу 2032 жылға, ал негізгі бағыттар бойынша толық циклге көшу 2034 жылға жоспарланған.

Дәрі-дәрмек өндіру мен сертификаттаудан бөлек, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар да қарастырылған. Өзінің R&D бағытын дамыту, оның ішінде биоэквиваленттілік зерттеулерін жүргізу, тіркеу құжаттарын дайындау және халықаралық GMP стандарттарын енгізу жоспарланған. Бұдан бөлек, кешен базасында қазақстандық мамандарды оқыту және біліктілігін арттыру жүйесі құрылады.

Жобаны жүзеге асыру елдің дәрілік қауіпсіздігін нығайтуға және Алматы облысы аумағында заманауи фармацевтикалық өндіріс инфрақұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Шамамен 60 жаңа жұмыс орны ашылады.

Жалпы қазіргі таңда елде фармацевтикалық өндіріс саласында 8 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Фармацевтика саласы оң динамика көрсетіп отыр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша отандық фармацевтикалық өнім өндірісінің көлемі 191,1 млрд теңгеге жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 8,7%-ға өскен. Салаға тартылған жалпы инвестиция көлемі 390 млрд теңгеден асты.

Алматы облысында салынатын бұл кешен импортқа тәуелділікті азайтып, қазақстандықтарды сапалы әрі өмірлік маңызды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін маңызды жобалардың бірі болмақ.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Правительство одобрило проект строительства фармзавода в Алматинской области на сумму 32,5 млрд тенге

📌 В Казахстане продолжается реализация проектов, направленных на наращивание доли отечественного производства лекарственных средств в соответствии с поручениями Главы государства. В рамках этой работы Правительством Республики Казахстан одобрено Соглашение об инвестициях по строительству биофармацевтического комплекса полного цикла на территории СЭЗ «Алатау» в Алматинской области между Министерством здравоохранения и ТОО «Steppe pharmaceuticals». Соответствующее постановление подписал Премьер-министр Олжас Бектенов.

Общий объем частных инвестиций составляет 32,5 млрд тенге. Новое производство нацелено на локализацию и развитие высокотехнологичных производственных мощностей. Фармзавод планирует выпускать 20 наименований лекарственных средств. Среди них – препараты для лечения онкологических и редких заболеваний, а также современные иммунобиологические средства. Запуск предприятия намечен на 2031 год, выход на проектную мощность – в 2032 году, переход на полный цикл по ключевым направлениям запланирован на 2034 год.

Помимо выпуска лекарств и их сертификации предусмотрены также научно-исследовательские и опытно-конструкторские работы, развитие собственного R&D направления, включая проведение исследований биоэквивалентности, подготовку регистрационного досье и внедрение международных стандартов GMP. Кроме того, на базе комплекса будет создана система обучения и повышения квалификации для казахстанских специалистов.

Реализация проекта позволит укрепить лекарственную безопасность страны и сформировать в Алматинской области современную фармацевтическую производственную инфраструктуру, создав порядка 60 новых рабочих мест.

В целом сегодня в стране реализуются 8 крупных инвестиционных проектов в сфере фармацевтической промышленности. Фармотрасль демонстрирует положительную динамику. Объем производства отечественной фармпродукции по итогам прошлого года достиг 191,1 млрд тенге, увеличившись на 8,7% по сравнению с 2024 годом. Общий объем привлеченных в отрасль инвестиций превысил 390 млрд тенге.

Строительство комплекса в Алматинской области станет еще одним якорным проектом, позволяющим снизить импортозависимость и обеспечить казахстанцев качественными и жизненно важными медикаментами.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💊🚑ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА «ӨЗ КӘСІБІНІҢ ҮЗДІГІ – 2026» ЖЫЛ САЙЫНҒЫ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АНЫҚТАЙДЫ

Медицина қызметкері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медицина және фармацевтика қызметкерлерінің арасында өтетін «Өз кәсібінің үздігі – 2026» жыл сайынғы республикалық конкурсының жеңімпаздарын анықтайды.

❗️Қазіргі уақытта республикалық кезең өткізілуде, оның шеңберінде өңірлік кезеңнің жеңімпаздарының арасынан Денсаулық сақтау министрлігінің конкурстық комиссиясы 17 аталым бойынша жеңімпаздарды анықтап, оларға 500 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы тағайындайды.

✔️Әртүрлі бейіндегі және қызмет салаларындағы медицина қызметкерлері келесі аталымдар бойынша марапатталады: «Үздік стационар дәрігері», «Үздік жедел көмек дәрігері», «Үздік медициналық-санитариялық алғашқы көмек дәрігері», «Үздік ауыл дәрігері», «Денсаулық сақтау саласындағы үздік әлеуметтік қызметкер», «Үздік акушер», «Үздік стационар мейіргері», «Үздік медициналық-санитариялық алғашқы көмек мейіргері», «Үздік ауыл мейіргері», «Үздік фельдшер», «Үздік медициналық ЖОО оқытушысы», «Үздік медициналық колледж оқытушысы», «Денсаулық сақтау саласындағы үздік ғалым», «Үздік денсаулық сақтау менеджері», «Үздік санитариялық-эпидемиологиялық сараптама маманы», «Үздік провизор».

🔘Конкурс медицина мамандықтарының беделін арттыру, мамандарды ынталандыру және денсаулық сақтау саласындағы үздік практикаларды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған.

📌Сондай-ақ, 2024 жылғы сәуірде Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдаудың бірқатар шараларын көздейтін заңға қол қойған болатын.

Қабылданған заңға сәйкес, 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірлерге жұмысқа барған 1760 дәрігер әлеуметтік қолдау шараларын пайдаланды, олардың ішінде аса тапшы мамандықтар бойынша 529 дәрігер 8,5 млн теңге мөлшерінде біржолғы төлем алды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының бастамасымен соңғы екі жылдың ішінде алғаш рет үздік дәрігерлерге «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы берілуде.

⚡️Өткен жылы медицина қызметкерлерін мемлекеттік қолдаудың жалпы көлемі алғаш рет 4,5 млрд теңгеден асты, ал 2024 жылы бұл бағытқа 2,2 млрд теңге бөлінген болатын.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💊🚑МИНЗДРАВ РК ОПРЕДЕЛИТ ПОБЕДИТЕЛЕЙ ЕЖЕГОДНОГО КОНКУРСА «ЛУЧШИЙ В ПРОФЕССИИ – 2026» НАКАНУНЕ ДНЯ МЕДРАБОТНИКА

Накануне Дня медицинского работника Министерство здравоохранения Республики Казахстан определит победителей ежегодного республиканского конкурса «Лучший в профессии – 2026» среди медицинских и фармацевтических работников.

❗️В настоящее время реализуется республиканский этап, в рамках которого из числа лидеров регионального этапа конкурсная комиссия Министерства здравоохранения определит победителей по всем 17 номинациям с присуждением денежного поощрения в размере 500 МРП.

✔️Медицинские работники различных профилей и служб будут отмечены в следующих номинациях: «Лучший врач стационара», «Лучший врач неотложной помощи», «Лучший врач первичной медико-санитарной помощи», «Лучший сельский врач», «Лучший социальный работник в здравоохранении», «Лучший акушер», «Лучшая медицинская сестра стационара», «Лучшая медицинская сестра первичной медико-санитарной помощи», «Лучшая сельская медицинская сестра», «Лучший фельдшер», «Лучший преподаватель медицинского ВУЗа», «Лучший преподаватель медицинского колледжа», «Лучший ученый в здравоохранении», «Лучший менеджер здравоохранения», «Лучший специалист санитарно-эпидемиологической экспертизы», «Лучший провизор».

🔘Конкурс организован с целью повышения престижа медицинских профессий, мотивации специалистов и демонстрации лучших практик в области здравоохранения.

📌Напомним, что в апреле 2024 года Главой государства был принят закон, предусматривающий целый ряд мер социальной поддержки медицинских работников.

Согласно принятого закона по итогам 2025 года мерами социальной поддержки воспользовались 1760 врачей, выехавших на работу в регионы, из которых 529 врачей по остродефицитным специальностям получили единовременные выплаты в размере 8,5 млн. тенге.

Кроме того, впервые по инициативе Главы государства в последние два года лучшим докторам присваивается почетное звание «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері»

⚡️В прошлом году общий объём государственной поддержки медицинских работников впервые составил свыше 4,5 млрд тенге, тогда как в 2024 году на это направление было выделено 2,2 млрд тенге.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💊АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ЗАУЫТ САЛУ ЖОСПАРЛАНУДА

Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес отандық дәрілік заттар өндірісінің үлесін арттыруға бағытталған жобаларды іске асыру жалғасуда.

✍️Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Алматы облысындағы «Алатау» арнайы экономикалық аймағы аумағында толық циклді биофармацевтикалық кешен салу бойынша «Steppe pharmaceuticals» ЖШС-мен инвестициялар туралы келісімге қол қойды.

Аталған жобаға тартылатын жеке инвестициялардың жалпы көлемі 32,5 млрд теңгені құрайды. Жаңа өндіріс жоғары технологиялық өндірістік қуаттарды жергіліктендіруге және дамытуға бағытталған.

👍Фармацевтикалық зауыт 20 атаудағы дәрілік заттарды шығаруды жоспарлап отыр. Олардың қатарында онкологиялық және сирек кездесетін ауруларды емдеуге арналған препараттар, сондай-ақ заманауи иммунобиологиялық құралдар бар.

Кәсіпорынды іске қосу 2031 жылға, жобалық қуатқа шығу 2032 жылға жоспарланған, ал негізгі бағыттар бойынша толық циклге көшу 2034 жылға белгіленген.

Дәрілік заттарды шығару және сертификаттаумен қатар, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, биоэквиваленттілік зерттеулерін жүргізуді, тіркеу досьесін дайындауды және GMP халықаралық стандарттарын енгізуді қамтитын жеке R&D бағытын дамыту да көзделген.

👥Сонымен қатар, кешен базасында қазақстандық мамандарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жүйесі құрылатын болады.

💡Жобаны іске асыру елдің дәрілік қауіпсіздігін нығайтуға және Алматы облысында шамамен 60 жаңа жұмыс орнын құра отырып, заманауи фармацевтикалық өндірістік инфрақұрылымды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Алматы облысында кешен салу импортқа тәуелділікті төмендетіп, қазақстандықтарды сапалы әрі өмірлік мәні бар дәрілік заттармен қамтамасыз етуге жол ашады.

Жалпы, бүгінде елімізде фармацевтика өнеркәсібі саласында 8 ірі инвестициялық жоба іске асырылуда.

📈Соңғы екі жылдың ішінде фармацевтика саласы оң динамика көрсетіп келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша отандық фармацевтикалық өнім өндірісінің көлемі 191,1 млрд теңгеге жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 8,7%-ға артты.

Салаға тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 390 млрд теңгеден асты.

Аталған жобаларды іске асыру Ресей, Қытай, Польша және басқа да елдердің ірі фармацевтикалық компанияларымен стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастықты көздейді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM