ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.7K subscribers
16.8K photos
1.23K videos
28 files
3.65K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
ННЦРЗ РАЗРАБОТАЛ ЕЖЕГОДНЫЙ СТАТИСТИЧЕСКИЙ СБОРНИК О СОСТОЯНИИ ЗДОРОВЬЯ НАСЕЛЕНИЯ КАЗАХСТАНА
 
📍 Национальный научный центр развития здравоохранения им. Салидат Каирбековой представил новый статистический сборник, отражающий ключевые показатели состояния здоровья населения страны и деятельность организаций здравоохранения за 2024–2025 годы.

Сборник содержит широкий спектр актуальных статистических данных, включая:
- сведения о государственных, частных и ведомственных организациях здравоохранения;
- показатели городского и сельского здравоохранения;
- сравнительный анализ по регионам страны, а также по городам Астана, Алматы и Шымкент;
- отдельные индикаторы, сопоставимые с международными данными.


⚡️ Издание включает 20 тематических разделов, охватывающих основные направления системы здравоохранения и формирующих комплексную картину по различным уровням медицинской помощи.

Сборник предназначен для организаторов и администраторов здравоохранения, специалистов медицинских организаций, экспертов в сфере государственной политики здравоохранения, а также лицензиаров и регуляторов медицинской деятельности.

Все аналитические расчёты и обобщения подготовлены на основе утверждённых годовых отчётных форм ННЦРЗ им. Салидат Каирбековой.

Ознакомиться и скачать сборник можно по ссылке: https://nrchd.kz/medical-statistics/analytics

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бұл тағы да мен - Алан 💙

Мен енді 6 жастамын - өсіп, есейіп, жақында мектепке барамын!

Мен бойым өсіп, батыл әрі өзіме сенімді бола түстім.
Енді өмірімдегі жаңа кезеңге дайынмын

Осы уақыт бойы жанымда болғандарыңыз үшін рақмет 🤍
Сіздердің қамқорлықтарыңыз бен назарларыңыз мен үшін өте маңызды болды

Бұл - біздің соңғы шығарылым… алда мені мектеп пен көптеген жаңалықтар күтіп тұр 📚💙
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Это снова я - Алан 💙

Мне уже 6 лет - я вырос, повзрослел и совсем скоро иду в школу!

Я стал выше, смелее и увереннее в себе.
Теперь я готов к новому этапу в своей жизни

Спасибо, что всё это время вы были рядом со мной 🤍
Ваша забота и внимание были для меня очень важны

Это наш завершающий выпуск… впереди меня ждёт школа и много нового 📚💙
👍5
ЕМХАНАЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ ТОЛЫҚ АҚПАРАТТЫ РМСАКО-НЫҢ РЕСУРСТАРЫНАН БІЛУГЕ БОЛАДЫ

⚡️ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы халық пен медицина қызметкерлерін медициналық-санитариялық алғашқы көмек мәселелері бойынша жүйелі, өзекті және уақтылы ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Орталықтың ресми ақпараттық ресурстарында тұрақты түрде төмендегілер жарияланады:

* Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесінің өзекті жаңалықтары және МСАК дамуының басым бағыттары;
* медициналық көмекті көрсету стандарттары мен клиникалық хаттамаларды түсіндіру;
* әлеуметтік мәні бар және созылмалы аурулардың профилактикасы бойынша материалдар;
* вакцинациялау, скринингтік бағдарламалар және ауруларды ерте анықтау бойынша ұсынымдар;
* халық денсаулығын нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі ақпарат;
* медицина қызметкерлеріне арналған әдістемелік материалдар және қолдау;
* медициналық көмек алу бойынша цифрлық сервистер мен мүмкіндіктер туралы мәліметтер;
* мамандардың сараптамалық пікірлері мен түсіндірмелері;
* оқыту және ағартушылық жарияланымдар;
* жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар;
* халық пен кәсіби қауымдастыққа арналған маңызды хабарламалар мен жаңартулар.


Нақты ақпарат алып, денсаулық сақтаудың бастапқы буынындағы өзекті жаңалықтардан хабардар болып отыру үшін Орталықтың ресми ақпараттық ресурстарына жазылыңыздар.

📌 Ресми сайт
https://rcpmsp.kz/ru
📱 Instagram
https://www.instagram.com/rcpmsp_kz?igsh=YWswcHI4MGhlc2hi
📱Facebook
https://www.facebook.com/share/1CPyTz5HRW/?mibextid=wwXIfr
📱Telegram
https://t.me/rcpmspkz
ПОЛНУЮ ИНФОРМАЦИЮ О РАБОТЕ ПОЛИКЛИНИК МОЖНО УЗНАТЬ НА РЕСУРСАХ РЦПМСП

⚡️ Республиканский центр первичной медико-санитарной помощи Министерства здравоохранения Республики Казахстан обеспечивает системное, актуальное и своевременное информирование населения и медицинских работников по вопросам первичной медико-санитарной помощи.

На официальных информационных ресурсах Центра регулярно публикуются:

* актуальные новости системы здравоохранения и приоритетные направления развития ПМСП в Республике Казахстан;
* разъяснения действующих стандартов и клинических протоколов оказания медицинской помощи;
* материалы по профилактике социально значимых и хронических заболеваний;
* рекомендации по вакцинации, скрининговым программам и раннему выявлению заболеваний;
* информация по формированию здорового образа жизни и укреплению здоровья населения;
* методические материалы и поддержка для медицинских работников;
* сведения о цифровых сервисах и возможностях получения медицинской помощи;
* экспертные комментарии и разъяснения специалистов;
* обучающие и просветительские публикации;
* ответы на часто задаваемые вопросы для пациентов;
* важные объявления и обновления для населения и профессионального сообщества.

Подписывайтесь на официальные информационные ресурсы Центра, чтобы получать достоверную информацию и быть в курсе актуальных новостей первичного звена здравоохранения.

📌Официальный сайт
https://rcpmsp.kz/ru
📱 Instagram
https://www.instagram.com/rcpmsp_kz?igsh=YWswcHI4MGhlc2hi
📱Facebook
https://www.facebook.com/share/1CPyTz5HRW/?mibextid=wwXIfr
📱Telegram
https://t.me/rcpmspkz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Бүгінде Қазақстанда онкологиялық ауруларды емдеу заманауи халықаралық стандарттар деңгейінде жүргізіледі.

Қазақстандықтарға диагностика мен емдеудің заманауи әдістері тегін қолжетімді: жоғары технологиялық сәулелік терапия, қымбат дәрілік препараттар, оның ішінде таргеттік терапия, сондай-ақ өзекті клиникалық хаттамаларға сәйкес хирургиялық араласулардың барлық негізгі түрлері ұсынылады.

Онкологиялық пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету деңгейі бойынша, соның ішінде инновациялық және таргеттік препараттардың қолжетімділігі жағынан Қазақстан өңірдегі жетекші орындардың бірін алады, — дейді жоғары санаттағы онколог дәрігер Айша Мұқанқызы Молдашева.


⚜️⚜️⚜️

⚡️ Сегодня в Казахстане лечение онкологических заболеваний проводится на уровне современных международных стандартов.

Казахстанцам бесплатно доступны современные методы диагностики и лечения: высокотехнологичная лучевая терапия, дорогостоящие лекарственные препараты, включая таргетную терапию, а также все основные виды хирургических вмешательств в соответствии с актуальными клиническими протоколами.

По уровню лекарственного обеспечения онкологических пациентов – в том числе по количеству доступных инновационных и таргетных препаратов – Казахстан занимает лидирующие позиции в регионе, рассказывает врач-онколог высшей категории Айша Мукановна Молдашева.


https://youtu.be/lGkusxNhs8U?si=HTpdepykcivP7LX4
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥2👏1
🔍ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРҒА КЕШЕНДІ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗЕДІ

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жүргізушілерді медициналық куәландыру кезінде жекелеген наркологиялық орталықтардың тарапынан жіберілетін заңбұзушылықтар мәселесі бойынша кеңес өткізді.

Кеңес барысында азаматтардың өтініштері, депутаттық сауалдар және алкогольдік масаң күйді анықтау бойынша куәландыру жүргізу кезінде белгіленген рәсімдердің сақталмауына қатысты анықталған фактілер қаралды.

Министр Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне қолданыстағы стандарттар мен медициналық куәландыру жүргізу тәртібінің сақталуын тексеру мақсатында барлық өңірлік наркологиялық орталықтарға кешенді тексеру жүргізуді тапсырды.

⚡️Ведомство басшысы заңбұзушылықтар анықталған жағдайда материалдар қолданыстағы заңнаманың шеңберінде процестік шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілетінін атап өтті.
Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі медициналық куәландыру жүргізу тәртібін реттейтін ҚР ДСМ-нің тиісті бұйрығына рәсімдердің ашықтығын арттыру, азаматтардың құқықтарын қорғау және даулы жағдайлардың алдын алу мақсатында өзгерістер мен толықтырулар әзірлейді.

⚜️Денсаулық сақтау министрлігі аталған мәселені ерекше бақылауда ұстап отыр.
🔍МИНЗДРАВ ПРОВЕДЕТ КОМПЛЕКСНУЮ ПРОВЕРКУ НАРКОЛОГИЧЕСКИХ ЦЕНТРОВ КАЗАХСТАНА

Министр здравоохранения Акмарал Альназарова провела совещание по вопросам нарушений, допускаемых отдельными наркологическими центрами при проведении медицинского освидетельствования водителей.

В ходе совещания рассмотрены обращения граждан, депутатские запросы и выявленные факты несоблюдения установленных процедур при проведении освидетельствования на состояние алькогольного опьянения.

Министр поручила Комитету медицинского и фармацевтического контроля провести комплексную проверку всех региональных наркологических центров на предмет соблюдения действующих стандартов и порядка проведения медицинского освидетельствования.

⚡️Глава ведомства отметила, что в случае выявления нарушений материалы будут передаваться в правоохранительные органы для принятия процессуальных решений в рамках действующего законодательства.
Также Министерством здравоохранения будут подготовлены изменения и дополнения в соответствующий приказ МЗ РК, регулирующий порядок проведения медицинского освидетельствования, с целью повышения прозрачности процедур, защиты прав граждан и исключения спорных ситуаций.

⚜️Министерство здравоохранения держит данный вопрос на особом контроле.
💬АЛМАТЫДА ІШЕКТІҢ ҚАБЫНУ АУРУЛАРЫ БОЙЫНША X ҰЛТТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

Алматы қаласында гастроэнтерология, колопроктология, педиатрия, хирургия және сабақтас салалардың жетекші мамандарын біріктірген ішектің қабыну аурулары (ІҚА) бойынша X Ұлттық форум өтті.

🟣Форумды ұйымдастырушылар қатарында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты, сондай-ақ бейінді кәсіби қауымдастықтар болды.

Форум отандық және халықаралық жетекші сарапшылардың қатысуымен гибридті форматта ұйымдастырылды.

📹Ресми ашылу қарсаңында Қалалық жедел шұғыл жәрдем ауруханасының базасында «ІҚА-ның заманауи хирургиясы: көрсетілімнен нәтижеге дейін» атты практикалық мастер-класс өтті. Мастер-класс шеңберінде Крон ауруының асқынған түрлерімен ауыратын пациенттерге жасалған аса күрделі хирургиялық операциялар тікелей эфирде көрсетілді.

Форумның ұйымдастыру комитеті жоғары технологиялық операцияларды жүргізгені және ІҚА-мен ауыратын пациенттерге хирургиялық көмекті дамытуға қосқан үлесі үшін Мәскеу қаласынан келген профессор Армен Варданянға ерекше алғыс білдірді.

🤩Салтанатты ашылу барысында форумға қатысушылар отандық гастроэнтерология мектебінің негізін қалаушы, көрнекті ғалым профессор Ельдос Изатуллаевты бір минут үнсіздікпен еске алды.

✔️Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты басқарма төрағасының орынбасары Жамила Қайбуллаева ішектің қабыну ауруларын емдеудегі таргеттік биологиялық терапия мен шағын молекулалар саласындағы заманауи жетістіктер пациенттердің болжамын айтарлықтай өзгерткенін атап өтті.

«Кәсіби қауымдастық алдында ерте диагностиканы қамтамасыз ету, диагностикалық кідірісті қысқарту, емдеудің заманауи тұжырымдамаларын енгізу және пациенттерде тұрақты ремиссияға қол жеткізу секілді маңызды міндеттер тұр», — деді Жамила Қайбуллаева.


Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы Рүстем Төлеутаевтың айтуынша, 2024 жылы институт базасында Қазақстандағы алғашқы Республикалық ІҚА орталығы құрылып, клиникалық, білім беру және ғылыми қызметті біріктірді.

Оның сөзінше, институт диагностика мен емдеудің инновациялық әдістерін белсенді енгізіп, халықаралық зерттеулерге қатысып келеді және гастроэнтерологияны қоса алғанда, терапиялық мамандықтар бойынша резиденттерді даярлайтын академиялық клиникалық база болып табылады.

Форумның негізгі спикерлері қатарында әлемдік деңгейдегі танымал сарапшылар сөз сөйледі: Dino Tarabar (Сербия) — MD, PhD, AGAF, Белград әскери-медициналық академиясының ІҚА бойынша маманы; Paulo Gustavo Kotze (Бразилия) — MD, MSc, PhD, Парана католиктік университетінің колоректалдық хирургия бөлімшесіндегі ІҚА қызметінің маманы; Rupert Leong (Аустралия) — Сидней университетінің гастроэнтерология профессоры.

Мерейтойлық бағдарламаның маңызды бөлігі кәсіби байқаулардың қорытындысын шығару және медицина қауымдастығының үздік өкілдерін марапаттау болды.

🏆Марапаттар «Жылдың үздік маманы» — ІҚА қызметін дамытуға қосқан үлесі үшін, «Жыл серпіні» — ІҚА мәселелері бойынша тәлімгерлік циклдердің үздік нәтижелері үшін, сондай-ақ «Жас ғалымдар байқауы» — болашағы зор жас зерттеушілер мен мамандарды қолдау мақсатында табысталды.

Мерейтойлық X Ұлттық форум ішектің қабыну ауруларымен ауыратын пациенттерге медициналық көмек көрсетудің бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру, заманауи клиникалық ұсынымдарды талқылау және тәжірибе алмасу бағытындағы Қазақстандағы маңызды кәсіби алаңдардың бірі мәртебесін тағы бір мәрте растады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬В АЛМАТЫ СОСТОЯЛСЯ X НАЦИОНАЛЬНЫЙ ФОРУМ ПО ВОСПАЛИТЕЛЬНЫМ ЗАБОЛЕВАНИЯМ КИШЕЧНИКА




В Алматы состоялся X Национальный форум по воспалительным заболеваниям кишечника (ВЗК), объединивший ведущих специалистов в области гастроэнтерологии, колопроктологии, педиатрии, хирургии и смежных дисциплин.

🟣Организаторами форума выступили Казахский национальный медицинский университет имени С.Д. Асфендиярова, Научно-исследовательский институт кардиологии и внутренних болезней, а также профильные профессиональные ассоциации.

Форум прошел в гибридном формате с участием ведущих отечественных и международных экспертов.

📹Накануне официального открытия на базе Городской больницы скорой неотложной помощи состоялся практический мастер-класс «Современная хирургия ВЗК: от показаний к результату». В рамках мастер-класса велась прямая трансляция сложнейших хирургических вмешательств пациентам с осложненными формами болезни Крона.

Оргкомитет форума выразил особую признательность профессору Армену Варданяну (Москва, РФ) за проведение высокотехнологичных операций и вклад в развитие хирургической помощи пациентам с ВЗК.

🤩В ходе торжественного открытия участники форума почтили минутой молчания память выдающегося ученого, основоположника отечественной школы гастроэнтерологии, профессора Ельдоса Изатуллаева.

✔️Заместитель председателя Правления НИИ кардиологии и внутренних болезней Джамиля Кайбуллаева отметила, что современные достижения в области таргетной биологической терапии и малых молекул существенно изменили прогноз пациентов с воспалительными заболеваниями кишечника.

«Перед профессиональным сообществом стоят важнейшие задачи — ранняя диагностика, сокращение диагностической паузы, внедрение современных концепций терапии и достижение стойкой ремиссии у пациентов», — подчеркнула Джамиля Кайбуллаева.


Председатель Правления НИИ кардиологии и внутренних болезней Рустем Тулеутаев сообщил, что в 2024 году на базе института был создан первый в Казахстане Республиканский центр ВЗК, объединивший клиническую, образовательную и научную деятельность.

По его словам, институт активно внедряет инновационные методы диагностики и лечения, участвует в международных исследованиях и является академической клинической базой для подготовки резидентов терапевтических специальностей, включая гастроэнтерологию.

Среди ключевых спикеров форума выступили признанные эксперты мирового уровня: Dino Tarabar (Сербия) — MD, PhD, AGAF, специалист по ВЗК Военно-медицинской академии Белграда; Paulo Gustavo Kotze (Бразилия) — MD, MSc, PhD, специалист службы ВЗК отделения колоректальной хирургии Католического университета Параны; Rupert Leong (Австралия) — профессор гастроэнтерологии Сиднейского университета.

Важной частью юбилейной программы стало подведение итогов профессиональных конкурсов и чествование лучших представителей медицинского сообщества.

🏆Награды были вручены в номинациях «Лучший специалист года» — за вклад в развитие службы ВЗК, «Прорыв года» — за лучшие результаты наставнических циклов по вопросам ВЗК, а также «Конкурс молодых ученых» — в поддержку перспективных молодых исследователей и специалистов.

Юбилейный X Национальный форум подтвердил статус одной из ключевых профессиональных площадок Казахстана для обмена опытом, обсуждения современных клинических рекомендаций и выработки единых подходов к оказанию медицинской помощи пациентам с воспалительными заболеваниями кишечника.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Үкімет Алматы облысында жалпы құны 32,5 млрд теңге болатын фармацевтикалық зауыт құрылысының жобасын мақұлдады

📌 Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, отандық дәрілік заттар өндірісінің үлесін арттыруға бағытталған жобаларды жүзеге асыру жалғасып жатыр. Аталған жұмыс аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі Денсаулық сақтау министрлігі мен «Steppe pharmaceuticals» ЖШС арасында жасалған Алматы облысындағы «Алатау» АЭА аумағында толық циклді биофармацевтикалық кешен салу жөніндегі инвестициялар туралы келісімді мақұлдады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды.

Жеке инвестициялардың жалпы көлемі 32,5 млрд теңгені құрайды. Жаңа өндіріс жоғары технологиялық өндірістік қуаттарды локализациялауға және дамытуға бағытталған. Фармацевтикалық зауыт дәрілік препараттың 20 түрін шығаруды жоспарлап отыр. Олардың қатарында онкологиялық және сирек кездесетін ауруларды емдеуге арналған дәрілер, сондай-ақ заманауи иммунобиологиялық препараттар бар. Кәсіпорынды іске қосу 2031 жылға, жобалық қуатқа шығу 2032 жылға, ал негізгі бағыттар бойынша толық циклге көшу 2034 жылға жоспарланған.

Дәрі-дәрмек өндіру мен сертификаттаудан бөлек, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар да қарастырылған. Өзінің R&D бағытын дамыту, оның ішінде биоэквиваленттілік зерттеулерін жүргізу, тіркеу құжаттарын дайындау және халықаралық GMP стандарттарын енгізу жоспарланған. Бұдан бөлек, кешен базасында қазақстандық мамандарды оқыту және біліктілігін арттыру жүйесі құрылады.

Жобаны жүзеге асыру елдің дәрілік қауіпсіздігін нығайтуға және Алматы облысы аумағында заманауи фармацевтикалық өндіріс инфрақұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Шамамен 60 жаңа жұмыс орны ашылады.

Жалпы қазіргі таңда елде фармацевтикалық өндіріс саласында 8 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Фармацевтика саласы оң динамика көрсетіп отыр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша отандық фармацевтикалық өнім өндірісінің көлемі 191,1 млрд теңгеге жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 8,7%-ға өскен. Салаға тартылған жалпы инвестиция көлемі 390 млрд теңгеден асты.

Алматы облысында салынатын бұл кешен импортқа тәуелділікті азайтып, қазақстандықтарды сапалы әрі өмірлік маңызды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін маңызды жобалардың бірі болмақ.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Правительство одобрило проект строительства фармзавода в Алматинской области на сумму 32,5 млрд тенге

📌 В Казахстане продолжается реализация проектов, направленных на наращивание доли отечественного производства лекарственных средств в соответствии с поручениями Главы государства. В рамках этой работы Правительством Республики Казахстан одобрено Соглашение об инвестициях по строительству биофармацевтического комплекса полного цикла на территории СЭЗ «Алатау» в Алматинской области между Министерством здравоохранения и ТОО «Steppe pharmaceuticals». Соответствующее постановление подписал Премьер-министр Олжас Бектенов.

Общий объем частных инвестиций составляет 32,5 млрд тенге. Новое производство нацелено на локализацию и развитие высокотехнологичных производственных мощностей. Фармзавод планирует выпускать 20 наименований лекарственных средств. Среди них – препараты для лечения онкологических и редких заболеваний, а также современные иммунобиологические средства. Запуск предприятия намечен на 2031 год, выход на проектную мощность – в 2032 году, переход на полный цикл по ключевым направлениям запланирован на 2034 год.

Помимо выпуска лекарств и их сертификации предусмотрены также научно-исследовательские и опытно-конструкторские работы, развитие собственного R&D направления, включая проведение исследований биоэквивалентности, подготовку регистрационного досье и внедрение международных стандартов GMP. Кроме того, на базе комплекса будет создана система обучения и повышения квалификации для казахстанских специалистов.

Реализация проекта позволит укрепить лекарственную безопасность страны и сформировать в Алматинской области современную фармацевтическую производственную инфраструктуру, создав порядка 60 новых рабочих мест.

В целом сегодня в стране реализуются 8 крупных инвестиционных проектов в сфере фармацевтической промышленности. Фармотрасль демонстрирует положительную динамику. Объем производства отечественной фармпродукции по итогам прошлого года достиг 191,1 млрд тенге, увеличившись на 8,7% по сравнению с 2024 годом. Общий объем привлеченных в отрасль инвестиций превысил 390 млрд тенге.

Строительство комплекса в Алматинской области станет еще одним якорным проектом, позволяющим снизить импортозависимость и обеспечить казахстанцев качественными и жизненно важными медикаментами.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM