ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.75K subscribers
16.6K photos
1.2K videos
28 files
3.62K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
АЛМАТЫДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ШЕҢБЕРІНДЕ БАЛАЛАРҒА БІРЕГЕЙ НЕЙРОХИРУРГИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖАСАЛУДА

⚜️ Бүгін Алматыда 20-дан астам елден келген балалар нейрохирургиясы, онкология, неврология және сабақтас салалардың жетекші мамандарының қатысуымен International Society for Pediatric Neurosurgery «Балалар нейрохирургиясы патологияларына пәнаралық тәсіл» атты халықаралық конференциясы басталды.

⚡️ Форум шеңберінде сарапшылар үздік халықаралық поактикаларды қолдану бойынша өзара тәжірибе алмасып, аса күрделі клиникалық жағдайларды талқылауды және заманауи емдеу хаттамаларын жергілікті жағдайларға бейімдеуді көздеп отыр.

🌟 Конференция алаңында Charité – Universitätsmedizin Berlin клиникасынан келген жетекші балалар нейрохирургының қатысуымен мастер-класс өтуде. Практикалық бөлім барысында мидың қолжетімсіз ісіктері бар екі балаға операция жасалады.

«Қазақстанда балаларға медициналық көмек көрсетудің көпдеңгейлі жүйесі қалыптасқан. Бүгінде жоғары технологиялық медициналық қызметтердің 82 түрі қолжетімді, жыл сайын 17 мыңнан астам нейрохирургиялық операция жасалады, ал соңғы жылдары жоғары технологиялық көмектің көлемі үш еседен астам өсті. Клиникалық практикаға нейронавигация, операция ішіндегі нейромониторинг, эндоскопиялық және аз инвазивті әдістер, сондай-ақ «гамма-пышақ» секілді заманауи технологиялар белсенді енгізілуде», – деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова конференцияның ашылуында.


📌 Алматы қаласы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының директоры Марат Рабандияровтың айтуынша, бұл конференция стратегиялық маңызға ие және Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр. Ол жоғары технологиялық операцияларды енгізуге және балалар нейрохирургиялық патологияларын емдеудің заманауи тәсілдерін дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

📍 Конференцияның негізгі тақырыбы – пәнаралық тәсіл. Бұл – ми ісіктері, дәріге көнбейтін эпилепсия, туа біткен spina bifida сияқты даму кемістіктері, сондай-ақ ауыр неврологиялық және қимыл-қозғалыс бұзылыстарын емдеудегі әлемдік стандарт.

🤝 Конференцияны ұйымдастырушылар – Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасы.

✍️ Іс-шара шеңберінде Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов және шетелдік жетекші медициналық ұйымдар – В.А. Алмазов атындағы Ұлттық медициналық зерттеу орталығы, Charité – Universitätsmedizin Berlin және Dana-Dwek Children’s Hospital арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Құжаттар әріптестікті дамытуға, тәжірибе алмасуға және балалардағы нейрохирургиялық патологияларды емдеуде пәнаралық тәсілді қоса алғанда, заманауи технологияларды енгізуге бағытталған.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В АЛМАТЫ В РАМКАХ МЕЖДУНАРОДНОЙ КОНФЕРЕНЦИИ ПРОВОДЯТСЯ УНИКАЛЬНЫЕ НЕЙРОХИРУРГИЧЕСКИЕ ОПЕРАЦИИ ДЕТЯМ

⚜️ В Алматы сегодня стартовала Международная конференция International Society for Pediatric Neurosurgery «Междисциплинарный подход к патологиям детской нейрохирургии» с участием ведущих специалистов в области детской нейрохирургии, онкологии, неврологии и смежных дисциплин из более чем 20 стран.

⚡️ В рамках форума эксперты поделятся опытом в применении лучших международных практик, намерены обсудить сложнейшие клинические случаи и адаптировать современные протоколы лечения под локальные условия.

🌟 На площадке конференции проходит мастер-класс с участием ведущего детского нейрохирурга из Charité – Universitätsmedizin Berlin. В ходе практической части будут прооперированы двое детей с труднодоступными опухолями головного мозга.

«В Казахстане сформирована многоуровневая система оказания медицинской помощи детям. Сегодня доступно 82 вида высокотехнологичных медицинских услуг, ежегодно проводится более 17 тысяч нейрохирургических операций, а объем высокотехнологичной помощи за последние годы увеличился более чем в три раза. В клиническую практику активно внедряются современные технологии — нейронавигация, интраоперационный нейромониторинг, эндоскопические и малоинвазивные методы, а также «гамма-нож», - отметила министр здравоохранения Акмарал Альназарова на открытии конференции.


📌 По словам директора Детской городской клинической больницы №2 Алматы Марата Рабандиярова, конференция имеет стратегическое значение и проводится в Казахстане впервые. Она открывает новые возможности для внедрения высокотехнологичных операций и развития современных подходов к лечению детских нейрохирургических патологий.

📍 Ключевой темой конференции стал междисциплинарный подход — мировой стандарт в лечении сложных заболеваний, включая опухоли головного мозга, фармакорезистентную эпилепсию, врожденные аномалии развития, такие как spina bifida, а также тяжелые неврологические и двигательные нарушения.

🤝 Организаторами конференции выступили Управление общественного здравоохранения города Алматы и Детская городская клиническая больница №2.

✍️ В рамках мероприятия подписаны меморандумы о сотрудничестве между Управлением общественного здравоохранения города Алматы в лице первого руководителя Марата Пашимова и ведущими зарубежными медицинскими организациями — Национальный медицинский исследовательский центр имени В. А. Алмазова, Charité – Universitätsmedizin Berlin и Dana-Dwek Children’s Hospital.

Документы предусматривают развитие партнерства, обмен опытом и внедрение современных технологий, включая мультидисциплинарный подход к лечению нейрохирургических патологий у детей.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚАЗАҚСТАНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ ӘЗІРЛЕНДІ: ПИЛОТТЫҚ ЖОБАДАН МАСШТАБТАУҒА ДЕЙІН

⚜️ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолдана отырып медициналық қызметтер көрсету тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық акт әзірледі.

✔️ Аталған міндет Мемлекет басшысының өткен жылдың қыркүйек айындағы Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмасын орындау шеңберінде жүзеге асырылуда. Онда ЖИ технологияларын қолдану арқылы медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін мониторингтеудің жаңа жүйесін қалыптастыру міндеті қойылған.

✍️ Құжат денсаулық сақтау жүйесіне ЖИ енгізудің ашық, қауіпсіз және ғылыми негізделген моделін қалыптастыруға бағытталған. Оның негізінде шешімдердің клиникалық және экономикалық тиімділігін міндетті түрде бағалау көзделген, бұл олардың практикалық маңыздылығы мен кейінгі ауқымда енгізу кезіндегі тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

🙌 Тәртіп ЖИ жүйелерін енгізу мен пайдалануға бірыңғай тәсілдерді белгілейді. Ол медициналық бұйымдарға жататын бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса алғанда, клиникалық шешімдерді де, сондай-ақ басқарушылық және әкімшілік процестерде қолданылатын клиникалық емес құралдарды да қамтиды.

🤖 Сала деңгейінде алғаш рет ЖИ технологияларын енгізудің кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын алгоритмі айқындалды: өтінімдерді беруден және технологиялық дайындықты бағалаудан бастап пилоттық апробациядан өткізуге дейін, қажет болған жағдайда — тіркеу рәсімдерінен өту, сенімді шешімдер тізбесіне енгізу және кейіннен ауқымдау.

🔹 Құжатта шешімдердің тиімділігі мен қауіпсіздігін дәлелдейтін база қалыптастыруға ерекше назар аударылған. Биоэтикалық сараптама, клиникалық валидациялау және денсаулық сақтау технологияларын бағалау тетіктері көзделген. Пилоттық жобалардың шеңберінде алгоритмдердің дәлдігі мен сезімталдығы, олардың клиникалық шешімдерге ықпалы және медицина қызметкерлеріне түсетін жүктемеге әсері сияқты негізгі тиімділік көрсеткіштері бағаланатын болады.

Сондай-ақ, құжатта сенімді жасанды интеллект жүйелерінің тізбесін қалыптастыру, олардың қауіпсіздігі мен тиімділігін тіркеуден кейінгі мониторингтеу жүйесін енгізу мәселелері жеке қарастырылған.

📝 Жоба ақпараттық қауіпсіздік пен дербес деректерді қорғау талаптарын күшейтуді, сондай-ақ әзірлеушілерден бастап медициналық ұйымдар мен пайдаланушыларға дейінгі барлық қатысушылардың жауапкершілігін айқындауды көздейді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше бұйрықты бекіту теңгерімді реттеуші ортаны қалыптастыруға, жасанды интеллект технологияларын қауіпсіз әрі бақыланатын түрде енгізуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялауды жеделдетуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В КАЗАХСТАНЕ РАЗРАБОТАН ПОРЯДОК ВНЕДРЕНИЯ ИИ В ЗДРАВООХРАНЕНИЕ: ОТ ПИЛОТА ДО МАСШТАБИРОВАНИЯ

⚜️ Министерством здравоохранения РК разработан нормативно-правовой акт, регулирующий порядок оказания медицинских услуг с применением технологий искусственного интеллекта (ИИ).

✔️ Реализация данной задачи осуществляется во исполнение поручения Главы государства, данного в Послании народу Казахстана в сентябре прошлого года, в рамках которого поставлена задача выстраивания новой системы мониторинга качества и объема медицинских услуг с применением технологий ИИ.

✍️ Документ направлен на формирование прозрачной, безопасной и научно обоснованной модели внедрения ИИ в систему здравоохранения. В его основе — обязательная оценка клинической и экономической эффективности решений, что обеспечит их практическую значимость и устойчивость при масштабировании.

🙌 Порядок устанавливает единые подходы к внедрению и использованию систем ИИ, охватывая как клинические решения, включая программное обеспечение, относящееся к медицинским изделиям, так и неклинические инструменты, применяемые в управленческих и административных процессах.

🤖 Впервые на уровне отрасли определён поэтапный алгоритм внедрения технологий ИИ: от подачи заявок и оценки технологической готовности до проведения пилотной апробации, при необходимости — прохождения регистрационных процедур, включения в перечень доверенных решений и последующего масштабирования.

🔹 Особое внимание в документе уделено формированию доказательной базы эффективности и безопасности решений. Предусмотрены механизмы биоэтической экспертизы, клинической валидации и оценки технологий здравоохранения. В рамках пилотных проектов будет осуществляться оценка ключевых показателей эффективности, включая точность и чувствительность алгоритмов, их влияние на клинические решения и нагрузку на медицинский персонал.

Отдельным блоком регламентируется формирование перечня доверенных систем искусственного интеллекта, а также внедрение системы пострегистрационного мониторинга их безопасности и эффективности.

📝 Проект также предусматривает усиление требований к информационной безопасности и защите персональных данных, а также определяет ответственность всех участников процесса — от разработчиков до медицинских организаций и пользователей решений.

В Министерстве здравоохранения отмечают, что утверждение приказа позволит сформировать сбалансированную регуляторную среду, обеспечить безопасное и контролируемое внедрение технологий искусственного интеллекта, а также ускорить цифровую трансформацию системы здравоохранения Республики Казахстан.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ЖАҢА КЕЗЕҢ: ОНЖ ІСІКТЕРІН ЕМДЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

🤝 Бүгін Алматы қаласында «Орталық нерв жүйесі (ОНЖ) ісіктерімен ауыратын балаларға медициналық көмек көрсету жүйесіндегі проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, іс-шара барысында ұлттық және халықаралық сарапшылар тәжірибе алмасып, аталған бағыттың түрлі аспектілерін қарастырды.

👩🏻‍⚕️🧑🏻‍⚕️ Іс-шараға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, балалар онкогематологиясы және нейрохирургия саласындағы жетекші отандық және шетелдік сарапшылар, сондай-ақ бейінді медициналық ұйымдардың мамандары қатысты.

🙌 Іс-шараны аша отырып, Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің басшысы балалар онкогематологиясын, оның ішінде нейроонкологияны дамыту бойынша жұмыстың жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Қазіргі заманғы жоғары технологиялық диагностика және емдеу әдістері енгізілді. Атап айтқанда, иммуногистохимия, иммуногенотиптеу, спецификалық онкомаркерлерді анықтау, сүйек және жұмсақ тін саркомалары кезінде жоғары дозалы химиотерапия, сондай-ақ сүйек саркомалары кезінде ағзаны сақтайтын хирургиялық емдеу әдістері қолданылады. Жыл сайын 70-тен астам гемопоэздік дің жасушаларын трансплантаттау, сүйек ісіктері кезінде шамамен 15 буынды эндопротездеу және селективті интраартериялық химиотерапия сеанстары жүргізіледі», – деп атап өтті Мағрипа Ембергенова.


✔️ Департамент басшысының айтуынша, елордадағы Ұлттық онкология орталығының базасында ағымдағы жылдың ортасына қарай протондық терапия мен радиойодтерапия қолжетімді болады.

«Алдағы жылдары балалар онкогематологиясының заманауи бағыттары бойынша мамандарды шетелде оқыту және олардың біліктілігін арттыру жоспарланып отыр. Биыл тағы 20 дәрігер Түркиядағы «Флоренс Найтингейл» клиникасының базасында балалар онкологиясы бойынша оқытудан өтеді», – деді ол.


Сонымен қатар, қазіргі уақытта онкогематологиялық аурулары бар балаларды емдеуге арналған дәрілік заттар Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің халықаралық ұйымдары арқылы сатып алынуда. Дәрілік заттардың тізбесін кеңейту жұмыстары жүргізілуде, оны 44 атауға дейін жеткізу жоспарланған.

✍️Іс-шара барысында қатысушылар ОНЖ ісіктерімен ауыратын балаларға медициналық көмек көрсету жүйесіндегі қазіргі жағдай мен өзекті мәселелер, оларды шешу жолдары, халықаралық тәжірибе мен заманауи тәсілдер, клиникалық хаттамалардың рөлі және кәсіби ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы баяндамалар жасады.

⚜️ Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленіп, қабылданған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспар іске асырылып жатқаны атап өтілді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤩1
НОВЫЙ ЭТАП В ДЕТСКОЙ ОНКОЛОГИИ: ЭКСПЕРТЫ ОБСУДИЛИ ВОПРОСЫ ЛЕЧЕНИЯ ОПУХОЛЕЙ ЦНС

🤝 Сегодня в Алматы состоялся круглый стол на тему «Проблемные вопросы в системе оказания помощи детям с опухолями центральной нервной системы (ЦНС) и пути их решения», в ходе которого национальные и международные эксперты обменялись опытом и рассмотрели различные аспекты данного направления.

👩🏻‍⚕️🧑🏻‍⚕️ В мероприятии приняли участие представители Министерства здравоохранения Республики Казахстан, включая главного внештатного детского онкогематолога МЗ РК Манжуову Лязат Нурбапаевну, а также зарубежные эксперты, в том числе профессор отделения нейрохирургии клиники Charité – Universitätsmedizin Berlin Ульрих Вильгельм Томале, и специалисты профильных медицинских организаций.

🙌 Открывая мероприятие, глава департамента охраны здоровья матери и ребенка Министерства здравоохранения напомнила о системности работы по развитию детской онкогематологии, в том числе нейроонкологии.

«Внедрены современные высокотехнологичные методы диагностики и лечения, включая иммуногистохимию, иммуногенотипирование, определение специфических онкомаркеров, высокодозную химиотерапию при саркомах костей и мягких тканей, а также органосохраняющие хирургические методы лечения при костных саркомах. Ежегодно проводится более 70 трансплантаций гемопоэтических стволовых клеток, около 15 эндопротезирований суставов при опухолях костей и сеансы селективной интраартериальной химиотерапии», отметила Магрипа Ембергенова.


✔️ По словам главы департамента, на базе столичного Национального онкологического центра уже к середине года станут доступны протонная терапия и радиойодтерапия.

«В ближайшие годы предусмотрено обучение и повышение квалификации специалистов по современным направлениям детской онкогематологии за рубежом. В текущем году ещё 20 врачей пройдут обучение по детской онкологии на базе турецкой клиники «Флоренс Найтингейл», — поделилась она.


Кроме того, сегодня осуществляется закуп лекарственных средств для лечения детей с онкогематологическими заболеваниями через международные организации системы ООН. Ведётся работа по расширению перечня лекарственных средств, планируется довести его до 44 наименований.

✍️ В ходе мероприятия участники представили доклады по текущей ситуации и проблемным вопросам в системе оказания медицинской помощи детям с опухолями ЦНС, а также пути их решения, актуальный международный опыт и современные подходы, роль клинических протоколов и возможности профессионального сотрудничества.

⚜️ В завершение круглого стола было отмечено, что в стране реализуется Комплексный план по борьбе с онкологическими заболеваниями, разработанный и принятый по поручению Главы государства.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤩1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
5 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКУШЕР КҮНІ

😍 Акушерлер өмірдің ең қастерлі сәтіне — жаңа өмірдің дүниеге келуіне куә болады. Дәл олардың біліктілігі, ықыласы мен қамқорлығының арқасында әйелдер ана атанып, сәбилер жарық дүние есігін ашады.

😇 Акушер әйелді барлық кезеңде — перзентханаға түскен сәттен бастап шығарылғанға дейін сүйемелдейді, медициналық көмек көрсетеді, моральдық тұрғыда қолдау білдіреді және жаңа туған нәрестеге күтім жасайды. Бұл мамандық тек білім мен тәжірибені ғана емес, сонымен қатар зор шыдамдылықты, адамгершілікті және жауапкершілікті талап етеді.

⚜️ Бүгінде Қазақстанда 9 000-нан астам акушер жыл сайын 300 мыңнан астам жүкті әйелге көмек көрсетеді. 2025 жылы 300 мыңнан астам босану қабылданды. Әрбір көрсеткіштің артында сіздердің еңбектеріңіз, төзімдеріңіз бен шеберліктеріңіз тұр.

Акушерлердің рөлі артып келеді: олардың қызмет аясы кеңеюде, заманауи тәсілдер енгізілуде, медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету және жүктілікті сүйемелдеу жүйесіндегі үлесі күшеюде.

Құрметті акушерлер!

🫶 Сіздерге өлшеусіз еңбектеріңіз, қамқорлықтарыңыз, біліктіліктеріңіз бен өз істеріңізге адалдықтарыңыз үшін шын жүректен алғыс білдіреміз. Сіздерге зор денсаулық, амандық, бақ-береке, қуанышты сәттер мен жаңа өмірдің жарқын оқиғаларын тілейміз!

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
5 МАЯ – МЕЖДУНАРОДНЫЙ ДЕНЬ АКУШЕРКИ

😍 Акушерки прикасаются к самому сокровенному — таинству рождения. Именно благодаря их профессионализму, вниманию и заботе женщины становятся мамами, а на свет появляются малыши.

😇 Акушерка сопровождает женщину на всех этапах - от поступления в родильный дом до выписки, оказывает медицинскую помощь, поддерживает морально и заботится о новорожденном. Это профессия, требующая не только знаний и опыта, но и огромного терпения, человечности и ответственности.

⚜️ Сегодня в Казахстане более 9 000 акушерок оказывают помощь свыше 300 тысячам беременных женщин ежегодно. В 2025 году принято более 300 тысяч родов. За каждым из этих показателей — ваш труд, ваша выдержка и ваше мастерство.

Роль акушерок продолжает расти: расширяются функции, внедряются новые подходы, усиливается вклад в систему первичной помощи и сопровождения беременности.

Уважаемые акушерки!

🫶 От всей души благодарим вас за ваш бесценный труд, за заботу, профессионализм и преданность делу. Желаем вам крепкого здоровья, благополучия, счастливых моментов и светлых историй рождения новой жизни!

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
БАЛАЛАР ДЕНСАУЛЫҒЫНА ИНВЕСТИЦИЯ: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ НЕГІЗГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРДЫ ЖАҢҒЫРТУДЫ КҮШЕЙТУДЕ

✔️ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жоғары технологиялық медицинаны дамыту және балалар денсаулығы саласының инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыруда. Негізгі назар заманауи диагностика мен емдеу әдістерін енгізуге, медициналық жабдықтарды жаңартуға және бизнес құрылымдармен әріптестікті кеңейтуге бағытталған.

⚜️ Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова еліміздегі жетекші медициналық ұйымдардың бірі – Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында болды. Бұл орталықта жыл сайын Қазақстанның барлық өңірінен келген 7 мыңнан астам бала медициналық көмек алады.

🔹 Орталықта жоғары технологиялық медициналық көмектің 16 түрі көрсетіледі. Мұнда заманауи хирургиялық және диагностикалық технологиялар, соның ішінде аз инвазивті операциялар, лазерлік емдеу әдістері, жоғары дәлдіктегі КТ және МРТ-зерттеулер кеңінен енгізілген.

Жыл сайын орталықта 45 мыңнан астам диагностикалық зерттеу жүргізіліп, 2 300-ден астам операция жасалады.


📍 Олардың қатарында жаңа туған нәрестелердің жүрегіне жасалатын аса күрделі хирургиялық араласулар да бар.
Жоғары технологиялық бағыттарды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Соның ішінде гемопоэздік дің жасушаларын трансплантаттау клиникалық тәжірибеге белсенді енгізілуде. 2025 жылы орталықта осындай 58 операция жасалып, оның ішінде туыстық қатысы жоқ донорлардан трансплантаттау да жүзеге асырылған.

⚡️ Жаңғырту жұмыстарының маңызды бөлігі – материалдық-техникалық базаны жаңарту. Министр сәулелік диагностика, ангиография, зертханалық қызмет және кардиохирургия бөлімшелерінің жұмысымен танысты. Бұл бөлімшелерде пациенттердің жағдайын емдеу мен бақылаудың озық технологиялары қолданылады.

🤝 Сондай-ақ бизнеспен әріптестікті дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Сапар барысында «KAZ Minerals Management» компаниясының басқарма төрағасы Айжан Балабатырованың қатысуымен балалар денсаулығы жүйесіне инвестиция тарту мәселелері талқыланды. Мұндай өзара іс-қимыл инновацияларды жедел енгізуге, жабдықтарды жаңартуға және медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

📌 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі басты басымдық – әрбір баланың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағдарлана отырып, балалар денсаулығын нығайту бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
ИНВЕСТИЦИИ В ЗДОРОВЬЕ ДЕТЕЙ: МИНЗДРАВ УСИЛИВАЕТ МОДЕРНИЗАЦИЮ КЛЮЧЕВЫХ МЕДИЦИНСКИХ ЦЕНТРОВ

✔️ Министерство здравоохранения последовательно реализует курс на развитие высокотехнологичной медицины и модернизацию инфраструктуры детского здравоохранения. В центре внимания — внедрение современных методов диагностики и лечения, обновление оборудования и расширение партнерства с бизнесом.

⚜️ В ходе рабочей поездки в Алматы министр здравоохранения Акмарал Альназарова посетила Научный центр педиатрии и детской хирургии — ведущую клинику страны, где ежегодно получают помощь более 7 тысяч детей со всех регионов Казахстана.

🔹 Научный центр педиатрии и детской хирургии оказывает 16 видов высокотехнологичных медицинских услуг. Здесь внедряются современные хирургические и диагностические технологии, включая минимально инвазивные операции, лазерные методы лечения, высокоточные КТ и МРТ-исследования.

Ежегодно проводится более 45 тысяч диагностических процедур и свыше 2 300 операций, в том числе сложнейшие вмешательства на сердце у новорожденных детей.


📍 Особое внимание уделяется развитию высокотехнологичных направлений, таких как трансплантация гемопоэтических стволовых клеток, которая активно внедряется в клиническую практику. В 2025 году в центре проведено 58 таких операций, включая трансплантации от неродственных доноров.

⚡️ Важным элементом модернизации является обновление материально-технической базы. Министр ознакомилась с работой отделений лучевой диагностики, ангиографии, лабораторной службы и кардиохирургии, где применяются передовые технологии лечения и мониторинга состояния пациентов.

🤝 Отдельный акцент сделан на развитии партнерства с бизнесом. В рамках визита обсуждены вопросы привлечения инвестиций в систему детского здравоохранения, в том числе при участии KAZ Minerals Management в лице Председателя Правления компании Айжан Балабатыровой. Такое взаимодействие позволяет ускорить внедрение инноваций, обновление оборудования и повышение качества медицинской помощи.

📌 Министерство здравоохранения продолжит системную работу по укреплению детского здравоохранения, ориентируясь на главный приоритет — сохранение жизни и здоровья каждого ребенка.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1