ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.85K subscribers
16.3K photos
1.13K videos
28 files
3.48K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
ҚАЗАҚСТАНДА ДӘРІГЕРЛЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЕКІ ЕСЕГЕ АРТТЫ

2025 жылы Қазақстанда ауылдық жерлерде аса тапшы мамандықтар бойынша жұмысқа орналасқан дәрігерлерге көрсетілетін әлеуметтік қолдау көлемі екі есеге – 2,2 млрд теңгеден 4,5 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.

Сонымен қатар, шамамен 24 мың медицина қызметкері республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен біліктілігін арттырды.

«Медицина қызметкерлерін қолдау – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз әлеуметтік қорғау шараларын жүйелі түрде күшейтіп, дәрігерлеріміздің кәсіби өсуі мен өмір сапасын арттыруға жағдай жасаудамыз. Бүгінде жүргізілген жұмыстың нақты нәтижелері туралы айтуға болады. Дәрігер әлеуметтік тұрғыдан қорғалған, кәсіби даму мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілген және өңірлерде жұмыс істеуге ынталандырылған модель қалыптасты. Біздің стратегиялық міндетіміз – дәрігер мамандығын елдегі ең беделді әрі әлеуметтік жағынан қорғалған кәсіптердің біріне айналдыру», – деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.


Осылайша, 2025 жылы 529 дәрігер шамамен 4,5 млрд теңге көлемінде әлеуметтік қолдау алды, ал 2024 жылы 254 дәрігерге 2,2 млрд теңге бөлінген болатын.

📌 Бұдан бөлек, медицина қызметкерлері үшін қосымша әлеуметтік қолдау шаралары, оның ішінде:

• аудан орталығы болып табылатын ауылдық елді мекендерге келген мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 2500 АЕК, ал басқа ауылдық елді мекендерге – 2000 АЕК мөлшерінде бюджеттік кредит беру;
• ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келгендерге жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көтерме жәрдемақы төлеу;
• медицина қызметкерлерінің балаларына тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі ұйымдардан басым тәртіппен орын беру;
• қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан немесе мүгедектік алған медицина қызметкерлерінің балаларын жоғары оқу орындарына конкурстан тыс қабылдау;
• алынған медициналық мамандық бойынша әскери қызметтен өту немесе әскерге шақырудан кейінге қалдыру беру;
• көлік шығындарын өтеу;
• жергілікті мәслихаттар тарапынан кадрларды ынталандыру бойынша қосымша шаралар қабылдау, оның ішінде қосымша субсидиялар беру, байланыс қызметтерін төлеу, жалдау ақысы мен коммуналдық шығындарды ішінара өтеу көзделген.

🔹 2025 жылы 1760 дәрігер қызметтік тұрғын үймен (727 дәрігер), көтерме жәрдемақымен (1714 дәрігер), коммуналдық шығыстарды өтеумен және басқа да жеңілдіктермен (210 дәрігер) қамтылды, оның ішінде ауылдық жерлерге келген 1005 дәрігер бар.

📍 Медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауға бағытталған 2026–2028 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік жөніндегі салалық келісімге кәсіподақтар мен жұмыс берушілер қол қойды.

⚡️ Мамандықтың беделін арттыру мақсатында «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы енгізілді, оған 1000 АЕК мөлшерінде біржолғы ынталандыру төлемі қарастырылған. Сонымен қатар, «Мамандығы бойынша үздік» республикалық конкурсының жеңімпаздарына 500 АЕК көлемінде сыйақы белгіленген (2025 жылы оны 17 адам алды).

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
СОЦИАЛЬНАЯ ПОДДЕРЖКА ВРАЧЕЙ В КАЗАХСТАНЕ УВЕЛИЧЕНА ВДВОЕ

В 2025 году сумма социальной поддержки врачам в Казахстане, трудоустроенным в сельской местности по остродефицитным специальностям, была увеличена в 2 раза - с 2,2 млрд до 4,5 млрд тенге.

Кроме того, порядка 24 тыс. медицинских работников за счет республиканского и местных бюджетов прошли повышение квалификации.

«Поддержка медицинских работников – это один из ключевых приоритетов государственной политики. По поручению Главы государства мы последовательно усиливаем меры социальной защиты, создаём условия для профессионального роста и повышения качества жизни наших врачей.Сегодня уже можно говорить о конкретных результатах проведенной работы. Сформирована модель, в которой врач защищён социально, обеспечен возможностями для профессионального роста, мотивирован работать в регионах. Наша стратегическая задача – сделать профессию врача одной из самых уважаемых и социально защищённых в стране», – отметила министр здравоохранения Акмарал Альназарова.


Так, в 2025 году 529 врачей получили социальную поддержку на сумму около 4,5 млрдтенге, в то время как в 2024 году 254 врача получили 2,2 млрд тенге.  

📌 Кроме того, дополнительно для медицинских работников предусмотрены меры социальной поддержки, в том числе:

- бюджетный кредит на приобретение или строительство жилья для специалистов, прибывших в сельские населенные пункты, являющиеся административными центрами района – 2 500 МРП и в сельские населенные пункты – 2000 МРП;
- прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты подъемное пособие в сумме, равной стократному месячному расчетному показателю;
- предоставление в приоритетном порядке мест для детей медицинских работников в дошкольных организациях по месту жительства;
- зачисление в ВУЗы вне конкурса детей медицинских работников, погибших или которым установлена инвалидность в результате исполнения служебных обязанностей;
- прохождение воинской службы по полученной медицинской специальности либо предоставление отсрочки от призыва;
- возмещение транспортных расходов;
- маслихатами на местах принимаются решения по стимулирования кадров, включая дополнительные субсидии, оплату услуг связи, сооплату арендных платежей и коммунальных расходов.

🔹 В 2025 году 1760 врачей получили социальную поддержку в виде служебного жилья (727 врачей), подьемного пособия (1714 врачей),  компенсации коммунальных расходов и другие льготы (210 врачей), в том числе прибывшие в сельскую местность (1005 врачей).

📍 Подписано Отраслевое соглашение о социальном партнёрстве на 2026–2028 годы с профсоюзами и работодателями, направленное на защиту прав медицинских работников.

⚡️ В целях повышения престижа профессии введено почётное звание «Қазақстанның еңбексіңірген дәрігері» с единовременной стимулирующей выплатой в размере 1000-кратного МРП, а также стимулирующая выплата в размере 500-кратного МРП победителям республиканского конкурса «Лучший по профессии» (в 2025 году ее получили 17 человек).

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
АЛМАТЫДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША САРАПШЫЛАРДЫ БІРІКТІРДІ

⭐️ 2026 жылғы 8–9 сәуір күндері Алматы қаласында «Жасөспірімдер мен жастардың репродуктивтік денсаулығы» атты V мерейтойлық халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара «Қазақстанның жыныстық және репродуктивтік денсаулық қауымдастығы (ҚМПА)» қоғамдық бірлестігі тарапынан ұйымның 30 жылдығы шеңберінде ұйымдастырылды.

📌 Конференцияны ашқан Нұртөре Жүсіп жастардың репродуктивтік денсаулығы мәселелері елдің демографиялық болашағы мен адами капитал сапасымен тікелей байланысты екенін атап өтті.

🙌 Қатысушылар жасөспірімдер денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын талқылады. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамалары, сондай-ақ ерте жүктіліктің, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың профилактикасы және салауатты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мәселелері қарастырылды.

📍 ЮНФПА деректері бойынша 15–19 жас аралығындағы қыздардың шамамен 3%-ы жоспарланбаған жүктілікке тап болады, ал жасөспірімдердің 60%-дан астамының өз денсаулығын сақтау туралы жеткілікті білімі жоқ.

🌱 Сарапшылар, оның ішінде Тамара Джусубалиева мен Галина Гребенникова кешенді тәсілдің, ағартушылық жұмысты дамытудың және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

⚜️ Конференцияға мемлекеттік органдардың, медицина және білім беру саласының өкілдері, сондай-ақ жастар қатысты, жастар үшін арнайы оқыту сессиялары ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
МЕЖДУНАРОДНАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ В АЛМАТЫ ОБЪЕДИНИЛА ЭКСПЕРТОВ ПО ВОПРОСАМ ЗДОРОВЬЯ МОЛОДЕЖИ

⭐️ 8–9 апреля 2026 года в Алматы прошла V юбилейная международная научно-практическая конференция «Репродуктивное здоровье подростков и молодежи», организованная ОО «Казахстанская ассоциация по половому и репродуктивному здоровью (КМПА)» в рамках 30-летия организации.

📌 Открывая мероприятие, Нурторе Жусип подчеркнул, что вопросы репродуктивного здоровья молодежи напрямую связаны с демографическим будущим страны и качеством человеческого капитала.

🙌 Участники обсудили приоритеты государственной политики в сфере охраны здоровья подростков, включая инициативы Национальная комиссия по делам женщин и семейно-демографической политике при Президенте РК и Министерство здравоохранения Республики Казахстан, а также профилактику ранней беременности, ИППП и формирование здоровых поведенческих навыков.

📍 По данным ЮНФПА, около 3% девушек 15–19 лет сталкиваются с незапланированной беременностью, при этом более 60% подростков не обладают достаточными знаниями о защите своего здоровья.

🌱 Эксперты, включая Тамара Джусубалиева и Галина Гребенникова, отметили необходимость комплексного подхода, развития просвещения и межведомственного взаимодействия.

⚜️ В конференции приняли участие представители госорганов, медицинского и образовательного сообществ, а также молодежь, для которой были организованы специальные обучающие сессии.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM