ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.85K subscribers
16.3K photos
1.13K videos
28 files
3.48K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
КЕНЕ ШАҒУЫНАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУҒА БОЛАДЫ ЖӘНЕ КЕНЕ ЭНЦЕФАЛИТІ ТУРАЛЫ НЕНІ БІЛУ КЕРЕК?
 
🌱 Көктем мезгілінің басталуымен Қазақстанда кенелердің белсенділік кезеңі басталады. Қазіргі таңда кене шағуына байланысты 478 адам дәрігерлерге жүгінген, алайда кене энцефалиті жағдайлары тіркелген жоқ.

🙌 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мынаны ескертеді: қарапайым алдын алу шаралары ауыр салдардың алдын алуға және денсаулықты сақтауға көмектеседі.

⚡️ Күннің жылынуына байланысты, әсіресе табиғат аясында кенелерге тап болу қаупі артады. Қазақстанда жұқтыру қаупі жоғары 7 эндемиялық өңір анықталған: Алматы қаласы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жетісу облыстары, сондай-ақ Абай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген аудандары.

🔹 Кене энцефалиті — кененің шағуы арқылы берілетін вирустық ауру, ол ми мен жұлынды зақымдауы мүмкін. Ауыр жағдайларда бұл дерт күрделі асқынуларға әкелуі ықтимал, сондықтан дер кезінде қорғану шараларын қабылдау маңызды.

📌 Бүгінгі таңда эпидемиологиялық жағдай тұрақты:

• ауру жағдайлары тіркелмеген;
• кене шағуына байланысты 478 адам медициналық көмекке жүгінген, оның ішінде 232-сі — балалар;
• зардап шеккендердің басым бөлігі (97%) қажетті профилактикалық көмек алған.

⚜️ Елде маусымға дайындық алдын ала жүргізілуде:

• қауіп топтарын вакцинациялау жалғасуда (5 845 адам егілді);
• вакциналар мен иммуноглобулиннің жеткілікті қоры бар;
• Алматы, Алматы және Жетісу облыстарында кенеге қарсы өңдеу жұмыстары басталды.

👌 Кене шағуының профилактикасы шаралары қарапайым әрі қолжетімді:

- Вакцинациялау — ең сенімді қорғаныс тәсілі (алдын ала жоспарлаған жөн);
- Киім — жабық, ашық түсті, жеңі тығыз манжеталы болуы тиіс;
- Репелленттер — кенелерге қарсы арнайы құралдарды пайдалану;
- Табиғаттағы мінез-құлық — биік шөптерден аулақ болу, өзіңізді және балаларды үнемі тексеріп отыру;
- Қауіпсіз тамақтану — сүтті міндетті түрде қайнатып ішу.

🔹 Егер кене теріге жабысып қалса, сабыр сақтап, дұрыс әрекет ету қажет:

- кенені пинцет немесе жіп көмегімен абайлап алып тастау;
- шағу орнын антисептикпен өңдеу;
- мүмкіндігінше кенені зертханаға талдауға тапсыру;
- міндетті түрде дәрігерге қаралу — қажет болған жағдайда 72 сағат ішінде иммуноглобулин енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтауминистрлігі мынаны атап өтеді: кене энцефалиті — басқарылатын қауіп. Қарапайым қағидаларды сақтау және дер кезінде медициналық көмеккежүгіну өзіңізді және жақындарыңызды тиімді қорғауға мүмкіндік береді.

💪 Өзіңізді сақтаңыз және табиғат аясында демалу кезінде мұқият болыңыз.
КАК ЗАЩИТИТЬ СЕБЯ ОТ УКУСОВ КЛЕЩЕЙ И ЧТО НАДО ЗНАТЬ О КЛЕЩЕВОМ ЭНЦЕФАЛИТЕ?
 
🌱 С наступлением весны в Казахстане начинается сезон активности клещей. Уже 478 человек обратились к врачам после укусов, при этом случаев клещевого энцефалита не зарегистрировано.

🙌 Министерство здравоохранения напоминает: простые меры профилактики помогают избежать тяжелых последствий и сохранить здоровье.
 
⚡️ С потеплением повышается риск встречи с клещами, особенно в природных зонах. В Казахстане выделено 7 эндемичных регионов, где вероятность заражения выше: город Алматы, Алматинская, Восточно-Казахстанская, Жетысуская области, а также отдельные районы Абайской, Акмолинской и Северо-Казахстанской областей.
 
🔹 Клещевой энцефалит — это вирусное заболевание, которое передается через укус клеща и может поражать головной и спинной мозг. В тяжелых случаях болезнь может привести к серьезным осложнениям, поэтому важно вовремя принять меры защиты.
 
📌 На сегодняшний день ситуация остается стабильной:

- случаев заболевания не зарегистрировано;
- за медицинской помощью после укусов обратились 478 человек, из них 232 — дети;
- почти все пострадавшие (97%) получили необходимую профилактическую помощь.

⚜️ В стране заранее проводится подготовка к сезону:

- продолжается вакцинация групп риска (уже привито 5 845 человек);
- в наличии достаточный запас вакцин и иммуноглобулина;
- начаты противоклещевые обработки в Алматы, Алматинской и Жетысуской областях.
 
 👌 Основные меры профилактики от укусов клещей просты и доступны каждому:

- Вакцинация — самый надежный способ защиты (лучше планировать заранее);
- Одежда — закрытая, светлая, с плотными манжетами;
- Репелленты — специальные средства против клещей;
- Поведение на природе — избегать высокой травы, регулярно осматривать себя и детей;
- Безопасное питание — употреблять молоко только после кипячения.
 
🔹 Если клещ оказался на коже и закрепился важно действовать спокойно и правильно:

- аккуратно удалить клеща пинцетом или ниткой;
- обработать место укуса антисептиком;
- по возможности сдать клеща на анализ;
- обязательно обратиться к врачу — при необходимости в течение 72 часов вводится иммуноглобулин.
 
Министерство здравоохранения подчеркивает: клещевой энцефалит — это управляемый риск. Соблюдение простых правил и своевременное обращение за медицинской помощью позволяют эффективно защитить себя и своих близких.
 
💪 Берегите себя и будьте внимательны во время отдыха на природе.
👍2🤔1
Денсаулық сақтау министрлігі: инфаркттан болатын өлім 3,2%-ға, инсульттан болатын өлім – 25%-ға төмендеді

⚡️ Қазақстанда кардиологиялық қызметтің дамуы инфаркттан болатын өлімді төмендетуге және инсульт кезінде стационарлық өлімді айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді.

Елде инсульт орталықтарымен (85) және коронарография бөлімшелерімен (82) толық қамту қамтамасыз етілген. Жүрекке жасалатын жоғары технологиялық операциялардың саны арттырылды.

Бұл инфаркттан болатын өлімді 3,2%-ға, ал инсульттан болатын стационарлық өлімжі 25%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.

👌 Ми қан айналымы бұзылыстарының (инсульттердің) профилактикасы мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде 50 жастан асқан ер адамдардың арасында 2 жылда 1 рет брахиоцефалиялық тамырлардың ультрадыбыстық зерттеуін жүргізу арқылы скрининг енгізді.

💪 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан инфекциялық емес аурулардан болатын өлімді 25%-ға төмендету көрсеткішіне қол жеткізген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңіріндегі алғашқы он елдің қатарына кірді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
Минздрав: смертность от инфаркта снизилась на 3,2%, от инсульта - на 25%

⚡️ Развитие кардиологической службы в Казахстане позволило снизить смертность от инфаркта и существенно уменьшить стационарную летальность от инсульта.

В стране обеспечен полный охват инсультными центрами (85) и отделениями коронарографии (82). Увеличено количество высокотехнологичных операций на сердце.
 
Это позволило снизить смертность от инфаркта на 3,2%, а стационарную летальность от инсульта - на 25%.

👌 В целях профилактики нарушений мозгового кровообращения (инсультов) Министерством здравоохранения в рамках ОСМС внедрен скрининг с проведением УЗИ брахиоцефальных сосудов среди мужчин 50 лет и старше с периодичностью 1 раз в 2 года.

💪 По итогам 2025 года Казахстан вошёл в десятку стран Европейского региона ВОЗ, где достигнут показатель снижения смертности от неинфекционных заболеваний на 25%.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
АЛМАТЫДА ФАРМАЦЕВТИКА САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

⚜️ Алматыда ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратовтың қатысуымен «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі бекітілген ұлттық даму жоспары және «ҚР фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының» 30 жылдығы шеңберінде фармацевтикалық форум өтті.

⚡️ Форум республиканың дәрілік саясатын, өзекті салалық және реттеуші мәселелерді, халықаралық тәжірибені және заманауи цифрлық шешімдерді қолдануды талқылауға арналған диалог алаңына айналды.

⭐️ Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі мен Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының арасында саланы дамыту мақсатында меморандумға қол қойылды.

🙌 ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халықтың дәрі-дәрмектерге қол жетімділігі мен қалта шығыстарын азайту мақсатында халықаралық деректер базасы негізінде бағаларды ішкі және сыртқы рефераттау тетіктерін енгізе, негізсіз шығыстарды алып тастай отырып, баға белгілеудің жүйелі реформасын жүргізгенін айта кеткен жөн.

👏 Дәрілік заттарды сатып алу қорытындысы бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде бюджет қаражатын үнемдеуге шамамен 70,5 млрд теңге қол жеткізілді.

📌 Алынған қаражат медициналық ұйымдардың өтінімдері бойынша пациенттердің қосымша қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жедел бағытталды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
В АЛМАТЫ ОБСУДИЛИ КЛЮЧЕВЫЕ НАПРАВЛЕНИЯ РАЗВИТИЯ ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОЙ ОТРАСЛИ

⚜️ В Алматы состоялся фармацевтический форум в рамках утверждённого Национального плана развития Республики Казахстан до 2029 года по направлению «Здравоохранение» и 30-летия «Ассоциации поддержки и развития фармацевтической деятельности РК» с участием вице-министра здравоохранения РК Тимура Муратова.

⚡️ Форум стал диалоговой площадкой для обсуждения лекарственной политики республики, актуальных отраслевых и регуляторных вопросов, международного опыта и применения современных цифровых решений.

⭐️ Также между Министерством здравоохранения и Ассоциацией поддержки и развития фармацевтической деятельности был подписан Меморандум в целях развития отрасли.

🙌 Стоит отметить, что Минздравом РК с целью доступности и снижения карманных расходов населения на лекарственные средства проведена системная реформа ценообразования с внедрением механизмов внутреннего и внешнего реферирования цен на основе международных баз данных, исключение необоснованных расходов.

👏 В результате принятых мер по итогам закупа лекарственных средств достигнута экономия бюджетных средств порядка 70,5 млрд тенге.

📌 Полученные средства были оперативно направлены на обеспечение дополнительных потребностей пациентов по заявкам медицинских организаций.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Өңірлерде донорлықты дамыту жұмыстары күшейтілуде: 4,6 мыңнан астам қазақстандық трансплантаттауды күтуде

Маңғыстау облысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантация және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығының қатысуымен ағза донорлығын дамыту мәселелері бойынша көшпелі кеңес өтті.

Мұндай кездесулер бұған дейін Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында өтіп, қазіргі уақытта бүкіл ел бойынша жалғасуда. Негізгі басымдық — трансплантаттау санын арттырудың негізгі ресурсы ретінде қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты дамыту.

Қазіргі таңда Қазақстанда 4,6 мыңнан астам адам ағза трансплантаттауын күтуде. Қажеттілік жыл сайын артып келеді: 2023 жылғы 3 961 пациенттен 2025 жылы 4 506 пациентке дейін өскен.

Сонымен қатар жүйе әлеуетті донорларды анықтау бойынша — 2023 жылғы 49 жағдайдан 2025 жылы 186 жағдайға дейін өсуді көрсетуде. Алайда негізгі көрсеткіш — туыстарының келісімі мен донорлық үдерістердің нақты жүзеге асырылуы болып отыр.

Атап айтқанда:
• 2023 жылы 7 донорлық үдеріс жүзеге асырылды;
• 2024 жылы — 6;
• 2025 жылы трансплантаттау жүргізуге мүмкіндік берген 19 өзекті қайтыс болған донор тіркелді.

Бұл динамика біртіндеп өсімді көрсеткенімен, әлеует әлі де қазіргі нәтижелерден әлдеқайда жоғары.

Ерікті келісім білдірушілер санының 2023 жылғы 38 мыңнан 2025 жылы 145 мыңнан астамға дейін өсуіне қарамастан, бас тартулар үлесі әлі де келісімдер санынан айтарлықтай жоғары. Бұл өз кезегінде сақталған өмірлер санына тікелей әсер етеді.

Орталықтың директоры Айдар Ситқазинов атап өткендей, елде трансплантаттауды үйлестіру жүйесі қалыптасқан. Алайда қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты дамыту қоғамның сенімі мен ақпараттану деңгейіне тікелей байланысты.

Республикалық орталық: көшпелі кеңестер өткізуде, мамандарды оқытуда және донорлық стационарлардың жұмысын жолға қоюда өңірлердегі жұмысты жүйелі түрде күшейтіп келеді.

Мұндай жүйелі жұмыс донорлыққа келісімнің санын арттыруға және трансплантаттауды күтіп отырған пациенттердің арасындағы өлімді азайтуға бағытталған.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
В регионах усиливают работу по развитию донорства: более 4,6 тыс. казахстанцев ждут трансплантацию

В Мангистауской области состоялось выездное совещание по вопросам развития органного донорства с участием Республиканского центра по координации трансплантации и высокотехнологичных медицинских услуг Министерства здравоохранения РК.

Подобные встречи уже прошли в Алматы, Шымкенте и Актобе и продолжаются по всей стране. Основной акцент — развитие посмертного донорства как ключевого ресурса для увеличения числа трансплантаций.

Сегодня в Казахстане более 4,6 тысячи человек ожидают пересадку органов. Потребность ежегодно растёт: с 3 961 пациента в 2023 году до 4 506 в 2025 году.

При этом система демонстрирует рост по выявлению потенциальных доноров — с 49 в 2023 году до 186 в 2025 году. Однако ключевым показателем остаётся именно согласие родственников и реализация донорских процессов.

Так, в:
• 2023 году было реализовано 7 донорских процессов;
• 2024 году - 6;
• 2025 году уже 19 актуальных посмертных доноров, давших возможность на проведение трансплантаций.

Эта динамика показывает постепенный рост, однако потенциал остаётся значительно выше текущих результатов.

Несмотря на увеличение числа волеизъявлений, с 38 тыс. в 2023 году до более 145 тыс. в 2025 году, доля отказов по-прежнему существенно превышает количество согласий, что напрямую влияет на количество спасённых жизней.

Как отметил директор Центра Айдар Ситказинов, в стране выстроена система трансплантационной координации, однако развитие посмертного донорства напрямую зависит от уровня доверия и информированности общества.

Республиканский центр последовательно усиливает работу в регионах: проводит выездные совещания, обучает специалистов и выстраивает работу донорских стационаров.

Такая системная работа направлена на увеличение числа согласий на донорство и снижение смертности среди пациентов, ожидающих трансплантацию.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сәлем, бұл тағы да мен - Алан ☺️

Мен қазір 6 айлықпын, әжептәуір өсіп қалдым! Күн сайын белсендірек әрі қызығушылығым артып келеді. Енді өзім отыруды үйреніп жатырмын, айналамдағының бәрін қызыға зерттеймін.

Мен жақын адамдарымды жақсы танимын, менімен ойнағанда қатты қуанамын және өз тілімде «сөйлескенді» жақсы көремін.

Мен қозғалғанды, аунап-төңкерілгенді ұнатамын және күн сайын жаңа нәрселерді ашып жүрмін. Алда мені әлі де талай қызық күтіп тұр!

Келесі шығарылымда кездескенше - тағы не үйренгенімді көрсетемін
👍4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Привет, это снова я - Алан ☺️

Мне уже 6 месяцев, и я заметно вырос! С каждым днём я становлюсь всё активнее и любознательнее. Теперь я уже учусь самостоятельно сидеть , с интересом изучаю всё вокруг

Я хорошо узнаю родные лица, радуюсь, когда со мной играют, и с удовольствием «разговариваю» на своём языке.

Я люблю двигаться, переворачиваться и каждый день открывать для себя что-то новое. Впереди у меня ещё столько интересного!

Увидимся в следующем выпуске - покажу, чему ещё научился
👍7
ҚАЗАҚСТАНДА СОТТАЛҒАНДАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ ЖАҚСАРДЫ: ҚАЖ ЖҮЙЕСІНДЕ ӨЛІМ 5%-ҒА ТӨМЕНДЕДІ

⚡️ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) мекемелерінде ұсталатын азаматтардың денсаулық көрсеткіштерінде оң динамика байқалып отырғанын хабарлайды.

👌 2025 жылдың қорытындысы бойынша сотталғандардың арасындағы өлім 5%-ға төмендеді. Бұл нәтижеге медициналық инфрақұрылымды дамыту, профилактикалық іс-шараларды кеңейту және медициналық көмектің қолжетімділігін арттырудың есебінен қол жеткізілді.

🔹 Профилактикалық қарап-тексерулермен және скринингтермен қамтуды кеңейту ауруларды анықтау деңгейін 28%-ға арттыруға мүмкіндік берді.

Ең жоғары өсім қанайналым жүйесінің аурулары мен қант диабетін қоса алғанда созылмалы инфекциялық емес аурулар бойынша тіркелді.

Маңызды бағыттардың бірі телемедицинаны енгізу болды. ҚАЖ-дың 17 мекемесінде арнайы телемедициналық жабдық орнатылып, қашықтан консультациялардың саны 5 есеге артты, сондай-ақ білікті медициналық көмектің қолжетімділігі жақсарды.


Сонымен қатар стационарлық көмектің қолжетімділігі артты — тәулік бойы және күндізгі стационарларға емдеуге жатқызу саны көбейді.

Сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету функциялары Ішкі істер министрлігінің жүйесінен Денсаулық сақтау министрлігінің қарауына берілген сәттен бастап инфрақұрылымды жаңғырту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді.

📌 ҚАЖ-дың 78 мекемесінде (оның ішінде 62 дәрігерлік амбулатория және 16 медициналық пункт) медициналық көмек көрсету жағдайлары жақсартылды. Соның ішінде 55 нысанда (70%) ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың мәртебесі мен ұсталатын орнына қарамастан денсаулық сақтау құқығын қамтамасыз ету және сапалы, қолжетімді медициналық көмек көрсету бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
В КАЗАХСТАНЕ УЛУЧШЕНА ДОСТУПНОСТЬ МЕДПОМОЩИ ДЛЯ ОСУЖДЕННЫХ: СМЕРТНОСТЬ В УИС СНИЗИЛАСЬ НА 5%

⚡️ Министерство здравоохранения сообщает о положительной динамике показателей здоровья граждан, содержащихся в учреждениях уголовно-исполнительной системы (УИС).

👌 По итогам 2025 года смертность среди осужденных снизилась на 5%. Достигнутый результат стал возможен благодаря развитию медицинской инфраструктуры, расширению профилактических мероприятий и повышению доступности медицинской помощи.

🔹 Расширение охвата профилактическими осмотрами и скринингами позволило увеличить выявляемость заболеваний на 28%.

Наибольший рост отмечен по хроническим неинфекционным заболеваниям, включая болезни системы кровообращения и сахарный диабет.

Важным направлением стало внедрение телемедицины. В 17 учреждениях УИС установлено специализированное телемедицинское оборудование, что позволило увеличить количество дистанционных консультаций в 5 раз и повысить доступность квалифицированной медицинской помощи.


Также наблюдается рост доступности стационарной помощи — увеличено число госпитализаций как в круглосуточные, так и в дневные стационары.

С момента передачи функций медицинского обеспечения осужденных из системы МВД в ведение Министерства здравоохранения проведена масштабная работа по модернизации инфраструктуры.

📌 В 78 учреждениях УИС (включая 62 врачебные амбулатории и 16 медицинских пунктов) улучшены условия оказания медицинской помощи, из них в 55 объектах (70%) проведены текущие и капитальные ремонты.

Министерство здравоохранения продолжит системную работу по обеспечению доступной и качественной медицинской помощи, защите прав граждан на здоровье вне зависимости от их статуса и места содержания.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1