ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.83K subscribers
16.3K photos
1.13K videos
28 files
3.48K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
ҚАЗАҚСТАНДА КҮТІЛЕТІН ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ ТАРИХИ ЕҢ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙГЕ ЖЕТТІ

⚜️ 1991 жылдан бастап 2025 жылды қоса алғандағы кезеңдегі демографиялық деректерді талдау халықтың өмір сүру сапасы мен денсаулық жағдайында түбегейлі өзгерістер болғанын көрсетеді. Қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы ( КӨҰ) 75,97 жасқа жетіп, тәуелсіз мемлекеттің тарихындағы абсолютті рекордты құрады.

📌 Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, 1991 жылы, КӨҰ орташа көрсеткіші 67,6 жасты (2001 жыл – 65,6, 2011 жыл – 68,98, 2021 жыл – 70,23) құрады. Осылайша, үш жарым онжылдық ішінде ел азаматтарының орташа өмір сүру ұзақтығы 8 жылдан астам уақытқа артты.

🙌 Өмір сүру ұзақтығына әсер ететін маңызды факторлардың бірі – инфекциялық емес аурулармен (ИЕА) күрес бойынша іске асырылып жатқан шаралар. 2025 жылы Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірінде инфекциялық емес аурулардан болатын өлімді 25%-ға төмендеткен елдердің алғашқы ондығына енді. Бұл көрсеткіш ДДҰ-ның Еуропалық жұмыс бағдарламасының нысаналы индикаторы болып табылады.

⭐️ Оң динамика денсаулық сақтау жүйесін дамыту, халықтың өмір сапасын жақсарту және өлімді төмендету бойынша мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін айғақтайды.

Қазақстан Үкіметі 2029 жылға дейінгі денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде елдегі күтілетін өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа дейін жеткізу жөнінде өршіл мақсат қойып отыр.


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ОЖИДАЕМАЯ ПРОДОЛЖИТЕЛЬНОСТЬ ЖИЗНИ В КАЗАХСТАНЕ ДОСТИГЛА ИСТОРИЧЕСКОГО МАКСИМУМА

⚜️ Ожидаемая продолжительность жизни (ОПЖ) казахстанцев достигла отметки в 75,97 лет, что стало абсолютным рекордом за всю историю независимости страны. Анализ демографических данных за период с 1991 по 2025 годы демонстрирует фундаментальные изменения в качестве жизни и здоровье нации.

🙌 На заре независимости, в 1991 году, средний показатель ОПЖ составлял 67,6 лет (2001 год – 65,6, 2011 год – 68,98, 2021 год – 70,23). Таким образом, за три с половиной десятилетия прогресса средняя продолжительность жизни граждан Казахстана увеличилась более чем на 8 лет.

📌 Одним из существенных факторов влияния на ОПЖ являются реализуемые меры по борьбе с неинфекционными заболеваниями (НИЗ). В 2025 году Казахстан вошёл в 10-ку стран Европейского региона ВОЗ, добившись снижения смертности от неинфекционных заболеваний на 25%, что является целевым показателем Европейской программы ВОЗ.

⭐️ Положительная динамика свидетельствует об эффективности государственных программ по развитию здравоохранения, улучшению качества жизни населения и снижению уровня смертности.

Правительство Казахстана ставит перед собой амбициозную цель в рамках реализации Концепции развития здравоохранения до 2029 года повысить уровень ожидаемой продолжительности жизни до 77 лет.


Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏1🤔1
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ «МЕН ТАҢДАҒАН ЖОЛ» АТТЫ ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ
 
7 сәуір күні Дүниежүзілік денсаулық күні шеңберінде Қазақстанның барлық мектептерінде «Мен таңдаған жол» атты жалпы республикалық ашық сабақ өтті. Іс-шара «Адал Азамат» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігінің бірлескен ұйымдастыруымен өткізілді.
 
📌 Іс-шараның мақсаты – оқушылардың арасында денсаулық мәдениетін қалыптастыру, салауатты өмір салтына жауапкершілікпен қарау және аурулардың профилактикасы дағдыларын дамыту болды.
 
🌱 Елордадағы №103 мектепте 6–7 сынып оқушыларының алдында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев сөз сөйлеп, адамның денсаулығы көп жағдайда бала кезден қалыптасатын күнделікті әдеттерге байланысты екенін атап өтті.
 
⭐️ Ол оқушыларға дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, жеткілікті ұйқы, гаджеттерді пайдалануды шектеу, сондай-ақ энергетикалық сусындардың зияны туралы айтты.
 
📍 Мемлекеттік саясаттың шеңберінде 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап мектептегі тамақтанудың жаңартылған стандарттары енгізілді. Олар трансмайлардың мөлшерін 2%-ға дейін шектеуді, балалар рационындағы қантты 3,6 есеге, ал тұзды 5 есеге дейін азайтуды көздейді.
 
👌 Бұл шаралар балалар арасында семіздік, қант диабеті және жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін төмендетуге бағытталған.

👏 Оқушыларға арнаған бейнеүндеуінде Қазақстандағы ДДҰ елдік офисінің басшысы Скендер Сыла денсаулық сақтау мәселелерінде ғылыми тәсілдің маңыздылығын атап өтті.
 
💪 Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин да бастаманы қолдап, оқушыларды спортпен айналысуға және белсенді өмір салтын ұстануға шақырды.
 
⚜️ Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық мәдениетін қалыптастыруды стратегиялық басымдық ретінде қарастырады. 2029 жылға дейінгі денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасының жобасында бұл бағыт өмірдің барлық кезеңдерінде денсаулықты нығайтуға бағытталған жүйелі тәсілді көздейтін жеке блок ретінде белгіленген.
 
⚡️ Денсаулық апталығы 1–7 сәуір аралығында өтіп, еліміз бойынша мыңдаған оқушыны қамтыған Ашық сабақпен қорытындыланды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz

 
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В КАЗАХСТАНСКИХ ШКОЛАХ ПРОШЕЛ ОБЩЕРЕСПУБЛИКАНСКИЙ ОТКРЫТЫЙ УРОК «МЕН ТАҢДАҒАН ЖОЛ»
 
7 апреля, в рамках Всемирного дня здоровья, во всех школах Казахстана состоялся общереспубликанский открытый урок «Мен таңдаған жол», организованный Министерством здравоохранения совместно с Министерством просвещения в рамках программы «Адал Азамат».
 
📌 Целью мероприятия стало формирование у школьников культуры здоровья, ответственного отношения к образу жизни и профилактике заболеваний.
 
🌱 В столичной школе №103 перед учащимися 6–7 классов выступил первый вице-министр здравоохранения Тимур Султангазиев, подчеркнувший, что здоровье человека во многом определяется ежедневными привычками, формируемыми с раннего возраста.
 
⭐️ Он рассказал школьникам о важности правильного питания, физической активности, полноценного сна, ограничении использования гаджетов, а также вреде энергетических напитков.
 
📍 В рамках государственной политики с 1 сентября 2025 года внедрены обновлённые стандарты школьного питания, предусматривающие ограничение трансжиров до 2%, снижение содержания сахара в рационе детей до 3,6 раза и соли до 5 раз.
 
👌 Эти меры направлены на снижение рисков развития ожирения, сахарного диабета и сердечно-сосудистых заболеваний среди детского населения.

👏 С видеообращением к школьникам выступил руководитель странового офиса ВОЗ в Казахстане Скендер Сыла, отметивший важность научного подхода в вопросах охраны здоровья.  
 
💪 Олимпийский чемпион Дмитрий Баландин также поддержал инициативу, мотивируя школьников к спорту и активному образу жизни.
 
⚜️ Министерство здравоохранения рассматривает формирование культуры здоровья как стратегический приоритет. В проекте Концепции развития здравоохранения до 2029 года данное направление выделено в отдельный блок, предусматривающий системный подход к укреплению здоровья на всех этапах жизни.
 
⚡️ Неделя здоровья проходила с 1 по 7 апреля и завершилась Открытым уроком, охватившим тысячи школьников по всей стране.
 

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1🔥1
ҚАЗАҚСТАНДА САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНА БЕЙІМДІЛІКТІҢ ӨСУІ БАЙҚАЛУДА

Бүгін, 7 сәуірде Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтіледі. Бұл күн ерте шақтан салауатты әдеттерді қалыптастырудың, аурулар профилактикасының және белсенді өмір салтының маңыздылығына арналған.

Ұлттық зерттеулердің деректеріне сәйкес күн сайын кемінде 400 грамм жеміс пен көкөніс тұтынатын азаматтардың үлесі 2015 жылғы 34,3%-дан 2024 жылы 41,7%-ға дейін артқан.

Бұл халықтың арасында дұрыс тамақтану дағдыларының біртіндеп қалыптасып, тамақтану мәселелеріндегі саналы көзқарастың артқанын көрсетеді.

Алкогольді қауіпті мөлшерде тұтыну деңгейінің айтарлықтай төмендеуі байқалады. Егер 2015 жылы бұл көрсеткіш 4,1% болса, 2024 жылы 1,6%-ға дейін азайған.

Сонымен қатар халықтың дене белсенділігі де артып келеді. Аптасына кемінде 150 минут орташа немесе жоғары деңгейдегі дене белсенділігімен айналысатын ересектердің үлесі 2021 жылғы 18,8%-дан 2024 жылы 30,4%-ға дейін өсті.

Халық денсаулығын нығайту және қауіп факторларын төмендету мақсатында 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда энергетикалық сусындарды сатуға жас шектеулері енгізілді — оларды 21 жасқа толмаған тұлғаларға сатуға тыйым салынған.

Сондай-ақ, сату қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Қосымша түрде энергетикалық сусындарға қатысты акциздік саясат енгізілуде. Акциз мөлшерлемелері кезең-кезеңімен 2030 жылға қарай 240 теңгеге дейін ұлғайтылады.

Бұл шаралар, әсіресе жастардың арасында, денсаулыққа зиян келтіретін өнімдерді тұтынуды азайтуға бағытталған.

Сонымен қатар Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының семіздікпен күресті жеделдету жөніндегі жаһандық жоспарына қосылды. Бұлдұрыс тамақтануды ілгерілету және инфекциялық емес аурулардың профилактикасы бойынша сектораралық шараларды күшейтуге мүмкіндік береді.
 
Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық мәдениетін қалыптастыру, қауіп факторларын төмендету және халықтың өмір сапасын арттыру бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастырады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
В КАЗАХСТАНЕ ОТМЕЧАЕТСЯ РОСТ ПРИВЕРЖЕННОСТИ ЗДОРОВОМУ ОБРАЗУ ЖИЗНИ
 
 
Сегодня, 7 апреля в Казахстане отмечается Всемирный день здоровья, посвященный важности формирования культуры здоровых привычек с раннего возраста, профилактике заболеваний и активного образа жизни.  
 
По данным национальных исследований, доля граждан, ежедневно потребляющих не менее 400 грамм фруктов и овощей, увеличилась с 34,3% в 2015 году до 41,7% в 2024 году.
 
Это свидетельствует о постепенном формировании устойчивых пищевых привычек и повышении осознанности населения в вопросах питания.
 
Отмечается значительное снижение уровня потребления алкоголя в опасных дозах. Если в 2015 году данный показатель составлял 4,1%, то в 2024 году он снизился до 1,6%.
 
Параллельно наблюдается рост физической активности населения. Доля взрослых, занимающихся умеренной или высокой физической активностью не менее 150 минут в неделю, увеличилась с 18,8% в 2021 году до 30,4% в 2024 году.
 
В целях дальнейшего укрепления здоровья населения и снижения факторов риска, с 1 января 2025 года в Казахстане введены возрастные ограничения на продажу энергетических напитков — их реализация запрещена лицам младше 21 года.
 
Также предусмотрена административная ответственность за нарушение правил реализации.
 
Дополнительно внедряется акцизная политика в отношении энергетических напитков. Ставки акцизов будут поэтапно увеличиваться до 240 тенге в 2030 году.
 
Данные меры направлены на снижение потребления продуктов, оказывающих негативное влияние на здоровье, особенно среди молодёжи.
 
Кроме того, Казахстан присоединился к Глобальному плану Всемирной организации здравоохранения по ускорению борьбы с ожирением, что позволит усилить межсекторальные меры по продвижению здорового питания и профилактике неинфекционных заболеваний.
 
Министерство здравоохранения продолжит системную работу по формированию культуры здоровья, снижению факторов риска и повышению качества жизни населения.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
👍3