ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.9K subscribers
16.2K photos
1.1K videos
28 files
3.44K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
Құрметті достар!

🇰🇿Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын!

Бұл мереке әр шаңыраққа ырыс-береке, бақ-дәулет әкелсін.

Елімізге амандық, халқымызға зор денсаулық тілейміз!

Ұлыс оң, ақ мол болсын!
👏4
МЕДИЦИНАДАҒЫ 30 ЖЫЛ: ЖҮРЕКПЕН ТАҢДАЛҒАН ДӘРІГЕР ЖОЛЫ

Денсаулық сақтау жүйесінде 30 жыл еңбек еткен, Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының Консультациялық-диагностикалық орталығының жоғары санаттағы кардиолог дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Ботагөз Жұмабекқызы Қыстаубаеваның еңбек кітапшасында бар болғаны екі жазба ғана бар.

⚡️ Олар — Алматы қалалық №2 емханасы және Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты. Бұл жай ғана тұрақтылық емес, бұл – мамандыққа және пациенттерге деген адалдықтың айқын көрінісі.

🩺 Медицинаға деген жолы бала кезден басталған. Бірде педиатрдың қабылдауына келген кішкентай Ботагөз балаларды жылылықпен, қамқорлықпен қабылдап жатқан дәрігерді көреді.

Дәл сол сәтте ол: адамдарды емдейтін дәрігер боламын деп шешім қабылдайды.

Мектепті күміс медальмен аяқтаған соң, Алматы мемлекеттік медицина институтына (қазіргі — С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ) оқуға түседі.

Еңбек жолын 1997 жылы Алматы қалалық №2 емханасында терапевт болып бастап, онда 6 жыл жұмыс істейді.

Кейін Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында аспирантурада оқып, сол жерде қызметін жалғастыруға ұсыныс алады. Содан бері 23 жылдан астам уақыт бойы институтта жұмыс істеп, пациенттерге ең күрделі жүрек-қан тамырлары ауруларымен күресуге көмектесіп келеді.

«Дәрігер – бұл жай ғана мамандық емес. Бұл – жауапкершілік, жанашырлық және көмектесуге деген ниет. Біз, кардиологтар, бұл жауапкершілікті ерекше сезінеміз, өйткені сөз ең маңызды ағза туралы болып отыр», – дейді Ботагөз Жұмабекқызы.


⭐️ Бүгінде институттың Консультациялық-диагностикалық орталығы еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелден келген пациенттерді қабылдайды. Тек 2025 жылдың өзінде мұнда 15 мыңға жуық адамға медициналық көмек көрсетілген.

Өтініштердің артуы – заманауи диагностиканың дамуы мен жоғары технологиялық медициналық көмекке қолжетімділіктің кеңеюінің нәтижесі.

«Адам өмірінен қымбат ештеңе жоқ. Маған адамдарға толыққанды өмір сүруге көмектесу, оларға үміт сыйлау ұнайды. Ал пациенттердің алғысы – ең жоғары марапат», – деп бөліседі ол.


🫶 Ботагөз Жұмабекқызының тарихы – бір кездері медицинаны таңдап, сол таңдауға өмір бойы адал болып келе жатқан дәрігердің тағдыры.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
30 ЛЕТ В МЕДИЦИНЕ: ПУТЬ ВРАЧА, КОТОРЫЙ ВЫБИРАЕТ СЕРДЦЕМ

За 30 лет работы в системе здравоохранения у врача-кардиолога высшей категории Консультативно-диагностического центра НИИ кардиологии и внутренних болезней, кандидата медицинских наук Ботагоз Жумабековны Кистауовой - всего две записи в трудовой книжке.

⚡️ Городская поликлиника №2 Алматы и НИИ кардиологии и внутренних болезней. Это не просто стабильность, это преданность профессии и пациентам.

🩺 Путь в медицину начался ещё в детстве. Однажды, придя на приём к педиатру, маленькая Ботагоз увидела врача, который с теплотой и заботой принимал детей. Именно тогда она решила: будет лечить людей.

Окончив школу с серебряной медалью, она поступила в Алматинский государственный медицинский институт (сегодня — КазНМУ им. С. Асфендиярова).

Свою профессиональную деятельность начала в 1997 году терапевтом в городской поликлинике №2, где проработала 6 лет.

Затем — аспирантура в НИИ кардиологии и внутренних болезней и предложение остаться. С тех пор уже 23 года она работает в институте, помогая пациентам справляться с самыми сложными сердечно-сосудистыми заболеваниями.

«Врач - это не просто профессия. Это ответственность, чуткость и желание помогать. Мы, кардиологи, особенно остро чувствуем эту ответственность — ведь речь идёт о самом важном органе», - говорит Ботагоз Жумабековна.


⭐️ Сегодня Консультативно-диагностический центр института принимает пациентов со всей страны и из-за рубежа. Только за 2025 год здесь получили помощь почти 15 тысяч человек.

Рост обращаемости - это результат развития современной диагностики и расширения доступа к высокотехнологичной медицинской помощи.

«Нет ничего ценнее человеческой жизни. Мне нравится помогать людям жить полноценной жизнью, возвращать им надежду. А благодарность пациентов — самая высокая награда», - делится она.


🫶 История Ботагоз Жумабековны - это история врача, который однажды выбрал медицину и остался верен этому выбору на всю жизнь.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚜️ Соңғы жылдары Қазақстанда балаларға медициналық көмек көрсету жүйесі едәуір нығайып, отбасыға кешенді қолдау көрсетуге бағытталған сипатқа ие болды.

Емханаларда құрамына педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері, патронаждық мейіргерлер, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер кіретін мультидисциплинарлық командалар қалыптастырылды.

🙌 Мұндай тәсіл баланы өмірінің алғашқы күндерінен бастап бақылауға алып, тек медициналық емес, сонымен қатар әлеуметтік-психологиялық көмекті де уақтылы көрсетуге мүмкіндік береді.

Бүгінде еліміз бойынша заманауи патронаж үлгісімен жұмыс істейтін шамамен 4 мың патронаждық мейіргер қызмет атқарады. Бұл бала денсаулығы мен дамуына қатысты қауіптерді ерте анықтауға және профилактикалық жұмыстың сапасын арттыруға ықпал етеді.

📌 Сонымен қатар, балалар денсаулығын сақтауда негізгі рөл отбасыға тиесілі.

• Сәбидің қажеттіліктеріне мұқият қарап, қамқорлыққа негізделген орта қалыптастыру;
• ана сүтімен қоректендіруді қолдау және ынталандыру;
• профилактикалық қарап-тексерулерден тұрақты түрде өту;
• ұлттық вакцинациялау күнтізбесін қатаң сақтау сияқты қарапайым, бірақ тиімді қағидаларды сақтау аурулардың қаупін айтарлықтай төмендетіп, баланың үйлесімді дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚜️ За последние годы система медицинской помощи детям в Казахстане значительно укреплена и стала более ориентированной на комплексную поддержку семьи.

В поликлиниках сформированы мультидисциплинарные команды, в состав которых входят педиатры, врачи общей практики, патронажные медицинские сестры, психологи и социальные работники.

🙌 Такой подход позволяет сопровождать ребёнка с первых дней жизни и своевременно оказывать не только медицинскую, но и социально-психологическую помощь.

Сегодня по стране работают около 4 тысяч патронажных медсестёр, которые ведут наблюдение за семьями по современной модели патронажа. Это обеспечивает раннее выявление рисков для здоровья и развития ребёнка и повышает качество профилактической работы.

📌 Вместе с тем, ключевая роль в сохранении здоровья детей принадлежит семье. Соблюдение простых, но эффективных правил позволяет значительно снизить риски заболеваний и обеспечить гармоничное развитие ребёнка:

• создание атмосферы заботы и внимательного отношения к потребностям малыша;
• поддержка и поощрение грудного вскармливания;
• регулярное прохождение профилактических осмотров;
• строгое соблюдение национального календаря вакцинации.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ЕРТЕ АРАЛАСУ — САЛАМАТТЫ БОЛАШАҚҚА МҮМКІНДІК

Елімізде өмірінің алғашқы айларынан бастап балаларды қолдауға бағытталған ерте араласу және дамыту орталықтары қарқынды дамып келеді.

Бүгінде бүкіл ел бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының базасында ашылған 370-тен астам дамыту және ерте араласу орталығы жұмыс істейді.

Олардың негізгі міндеті — даму кідірістерінің қауіптерін дер кезінде анықтау және бала мен отбасына кешенді көмек көрсету.

Орталықтардың ашылуы нәтижесінде ерте шақтағы балаларда даму бұзылыстарын анықтау деңгейі 21,5%-ға артты.


Орталықтарда мультидисциплинарлық командалар: педиатрлар, неврологтар, психологтар, логопедтер және ерте дамыту мамандары жұмыс істейді.

🌱 Ерте араласу әсіресе өмірдің алғашқы 3 жылында аса маңызды — дәл осы кезеңде негізгі дағдылар: қимыл-қозғалыс, сөйлеу, когнитивтік және әлеуметтік қабілеттер қалыптасады.

Уақтылы көрсетілген көмек мүгедектік қаупін едәуір төмендетіп, балалардың өз әлеуетін барынша ашуына мүмкіндік береді.

Ата-аналар тек мамандардың консультациясын алып қана қоймай, сонымен қатар баланың дамуын күнделікті өмірде қалай қолдау керектігі жөнінде практикалық дағдыларды меңгереді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
РАННЕЕ ВМЕШАТЕЛЬСТВО — ШАНС НА ЗДОРОВОЕ БУДУЩЕЕ

В стране активно развиваются центры раннего вмешательства и развития, направленные на поддержку детей с первых месяцев жизни.

Сегодня по всей стране функционирует более 370 центров развития и раннего вмешательства, открытых на базе организаций первичной медико-санитарной помощи.

Их главная задача — своевременно выявлять риски задержек развития и оказывать комплексную помощь ребенку и семье.

В результате открытия центров
выявляемость нарушений развития у детей раннего возраста увеличилась на 21,5%.


В центрах работают мультидисциплинарные команды: педиатры, неврологи, психологи, логопеды и специалисты по раннему развитию.

🌱 Раннее вмешательство особенно важно в первые 3 года жизни — именно в этот период формируются ключевые навыки: движение, речь, когнитивные и социальные способности.

Своевременная помощь значительно снижает риск инвалидизации и помогает детям максимально раскрыть свой потенциал.

Родители получают не только консультации специалистов, но и практические навыки — как поддерживать развитие ребенка в повседневной жизни.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🌱 РАЦИОНДАҒЫ ҚАНТТЫ АЗАЙТУ БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАР

🔹 Тәтті сусындарды тұтынуды шектеңіз (0,5 литрлік бөтелкеде шамамен 10 шай қасық қант болады).

🔹 Нектарлар мен шырын сусындарының орнына табиғи шырындарды таңдаңыз, бірақ шырындардың құрамында да табиғи қант бар екенін ұмытпаңыз. Күніне 1–2 стақаннан артық ішпеу ұсынылады. Ең пайдалы сусын – таза ауыз су.

🔹 Тәтті тіскебасарлардан бас тартыңыз. Олардың орнына жемістер, жидектер, жаңғақтар мен дәндерді таңдаңыз. Кептірілген жемістер мен жидектердің қант қосылмаған түрін таңдаңыз, бірақ оларды да аптасына 2–3 порциядан (1 порция – 20 грамм немесе шамамен 2 ас қасық) артық тұтынбаңыз.

🔹 Тәтті йогурттар мен сүзбелі кремдердің орнына қоспасыз йогурт пен сүзбені таңдаңыз, оларды өз қалауыңызша, мысалы, жидектермен дәмдеңіз.

🔹 Тәттіні құнарлы өнімдермен бірге тұтыныңыз. Мысалы, кондитерлік өнімдерді дайындағанда тұтас дәнді ұнды қолданыңыз, оған сұлы үлпектерін, жаңғақтарды, дәндерді, жемістер мен көкөністерді қосыңыз (сонымен қатар қант мөлшерін азайтуға тырысыңыз).

🔹 Кейбір адамдар үшін қанттан бірден толық бас тарту оңайырақ болуы мүмкін. Алғашқы апта – ең қиын кезең, кейін дәм сезу қабілеті аз қант мөлшеріне бейімделетіні байқалады.

🔹 Қантты шамадан тыс тұтыну семіздікке, қант диабетіне, жүрек-қан тамырлары ауруларына және зат алмасудың бұзылуына әкелетінін есте сақтаңыз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🌱 РЕКОМЕНДАЦИИ ПО УМЕНЬШЕНИЮ САХАРА В РАЦИОНЕ

🔹Ограничьте потребление сладких напитков (в 0,5-литровой бутылке напитка содержится около 10 чайных ложек сахара).

🔹Предпочитайте соки нектарам и соковым напиткам, помня о том, что и в соках присутствуют т.н. природные сахара. Не следует пить более одного-двух стаканов сока в день. Лучший напиток – это чистая питьевая вода.

🔹Воздержитесь от сладких закусок. Заменяйте их, к примеру, фруктами и ягодами, орехами и семенами. Из сушеных фруктов и ягод непременно выбирайте не подслащенные варианты, но и их следует употреблять максимально 2–3 порции в неделю (одна порция – это 20 граммов или примерно 2 столовых ложки).

🔹Вместо сладких йогуртов и творожных кремов отдайте предпочтение йогуртам и творогу без вкусовых добавок и заправляйте их по вкусу, например, ягодами.

🔹Комбинируйте сладкое с продуктами, содержащими питательные вещества. Например, используйте при выпечке пирожных цельнозерновую муку, добавляйте в нее овсяные хлопья, орехи, семена, фрукты и овощи (одновременно стараясь уменьшать количество добавляемых сахаров).

🔹Некоторым проще враз полностью отказаться от употребления сахара. Первая неделя – самая сложная, а потом уже становится заметно, что вкусовое восприятие адаптировалось к меньшему количеству сахара.

🔹Помните, что чрезмерное употребление сахара приводит к развитию ожирения, сахарного диабета, сердечно-сосудистых заболеваний и нарушению обмена веществ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚАЗАҚСТАН ТУБЕРКУЛЕЗДІ ЖОЮ ЖӨНІНДЕГІ ЖАҺАНДЫҚ СТРАТЕГИЯНЫ ҰСТАНАДЫ: СЫРҚАТТАНУШЫЛЫҚ 13%–ҒА, ӨЛІМ 25%-ҒА ТӨМЕНДЕДІ

⚡️ Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні қарсаңында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен өткен жоғары деңгейдегі диалогқа қатысты.

🙌 Іс-шара барысында елдердің End TB стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу және туберкулезбен күресте халықаралық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жаһандық күш-жігері талқыланды.

Өз сөзін бастаған министр адам денсаулығын сақтау үшін әлемдік қауымдастық күштерін біріктірудің маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан End TB жаһандық стратегиясы шеңберінде туберкулездің профилактикасы, ерте анықтау және емдеу бойынша жүйелі шараларды дәйекті түрде жүзеге асырып келеді. Соңғы жылдары елімізде туберкулезге қарсы көмектің жүйесі едәуір жаңғыртылды», – деді ведомство басшысы кездесу қатысушыларына арнаған сөзінде.


Қазақстанда заманауи молекулалық-генетикалық диагностика әдістері енгізілген, олар бірнеше сағаттың ішінде аурудың бар-жоғын және қоздырғыштың дәрілік препараттарға сезімталдығын анықтауға мүмкіндік береді. Заманауи зертханалық диагностика әдістеріне қолжетімділік фтизиопульмонологияның барлық өңірлік орталықтарында қамтамасыз етілген.

Министрдің айтуынша, қысқа мерзімді және толықтай пероральдық емдеу режимдерін қоса алғанда, инновациялық емдеу әдістерін енгізу емдеу ұзақтығын едәуір қысқартуға, оның тиімділігін арттыруға және пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

🌸Аурудың профилактикасы да маңызды бағыттардың бірі болып қала береді. Қазақстанда БЦЖ-ны вакцинациялаумен қамту деңгейі жоғары, туберкулез инфекциясының профилактикалық емі кеңейтілуде және заманауи скрининг әдістері енгізілуде.

Кешенді шаралардың арқасында Қазақстанда негізгі эпидемиологиялық көрсеткіштердің тұрақты төмендеуі байқалады.
«Соңғы 3 жылдың ішінде туберкулезбен сырқаттанушылық 13,3%-ға, өлім 25%-ға, ал таралуы 17,2%-ға төмендеді. Дәріге сезімтал туберкулезді емдеудің тиімділігі 90,5%-ды, дәріге көнбейтін түрінде 85,3%-ды құрайды, бұл халықаралық стандарттарға сәйкес келеді», – деп атап өтті А. Әлназарова.


Министр қол жеткізілген нәтижелер дәйекті мемлекеттік саясаттың, туберкулезге қарсы іс-шараларды тұрақты қаржыландырудың және халықаралық ұйымдармен белсенді әріптестіктің арқасында мүмкін болғанын атап өтті.

«Қазақстан End TB жаһандық стратегиясын іске асыруға берік бейілді болып қала береді және ортақ мақсатымыз – туберкулезсіз әлемге қол жеткізу үшін белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын», – деп түйіндеді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏1
КАЗАХСТАН ОСТАЕТСЯ ПРИВЕРЖЕН ГЛОБАЛЬНОЙ СТРАТЕГИИ ЛИКВИДАЦИИ ТУБЕРКУЛЕЗА: ЗАБОЛЕВАЕМОСТЬ СНИЗИЛАСЬ НА 13%, СМЕРТНОСТЬ НА 25%

⚡️ В преддверии Всемирного дня борьбы с туберкулезом министр здравоохранения Акмарал Альназарова приняла участие в диалоге высокого уровня под эгидой Всемирной организации здравоохранения.

🙌 В ходе мероприятия были обсуждены глобальные усилия стран по достижению целей стратегии End TB и укреплению международного сотрудничества в борьбе с туберкулезом.

Открывая свое выступление, министр подчеркнула значимость объединения усилий мирового сообщества для защиты здоровья людей.

«Казахстан последовательно реализует системные меры по профилактике, раннему выявлению и лечению туберкулеза в рамках глобальной стратегии End TB. За последние годы в стране была существенно модернизирована система противотуберкулезной помощи», - отметила глава ведомства в своем обращении к участникам встречи.


🌸 В Казахстане внедрены современные молекулярно-генетические методы диагностики, позволяющие в течение нескольких часов определить наличие заболевания и чувствительность возбудителя к лекарственным препаратам. Доступ к современным лабораторным методам диагностики обеспечен во всех региональных центрах офтизиопульмонологии.

По словам министра, внедрение инновационных методов лечения, включая короткие и полностью пероральные режимы терапии позволяют значительно сократить сроки лечения, повысить его эффективность и улучшить качество жизни пациентов.

Важным направлением также остается профилактика заболевания. В Казахстане обеспечен высокий охват вакцинацией БЦЖ, расширяется профилактическое лечение туберкулезной инфекции и внедряются современные методы скрининга.

Благодаря комплексным мерам в Казахстане наблюдается устойчивое снижение основных эпидемиологических показателей.
«За последние 3 года заболеваемость туберкулезом снизилась на 13,3%, смертность на 25% и распространенность – на 17,2%. Показатели эффективности лечения лекарственно-чувствительного туберкулеза составляет 90,5%, лекарственно-устойчивого – 85,3%, что соответствует международным стандартам», – подчеркнула А.Альназарова.


Министр отметила, что достигнутые результаты стали возможны благодаря последовательной государственной политике, устойчивому финансированию противотуберкулезных мероприятий и активному партнерству с международными организациями.
«Казахстан остается твердо привержен реализации глобальной стратегии End TB и готов продолжать активное сотрудничество для достижения нашей общей цели – мира без туберкулеза», – резюмировала глава Минздрава.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1