ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.93K subscribers
16.2K photos
1.09K videos
28 files
3.44K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
Құрметті достар!

Барша жұрт асыға күтетін көктемнің шуақты мерекесі — Наурыз мейрамы жақындап келеді. Бұл мереке әртүрлі тағамдардың молшылығымен ерекшеленеді: наурыз көже, бауырсақ, бешбармақ, қазы, шұжық, қуырдақ, жент және басқа да тез бұзылатын өнімдер.

Мерекеге дайындық барысында халық жаппай азық-түлік сатып алады, ата-аналар балабақшалар мен мектептерге тағам апарады, қалалар мен елді мекендерде жәрмеңкелер ұйымдастырылады.

Мерекелік іс-шаралар кезінде тағамнан улану мен инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында бірқатар талаптарды сақтау қажет.

📣 Іс-шараларды ұйымдастырушылар мен қатысушыларға:
• іс-шаралар кестесін құрып, аумақтар бойынша бөліп, қатысушылар санын алдын ала жоспарлау;
• адамдардың жаппай шоғырлануына жол бермеу;
• тағам өнімдерін дайындау және өткізу кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау;
• үй жағдайында дайындалған өнімдерді сатуға тыйым салу;
• сатушылар мен қызмет көрсетуші персоналды арнайы киіммен қамтамасыз ету, санитариялық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету;
• тез бұзылатын өнімдерді сату кезінде жеткілікті мөлшерде тоңазытқыш жабдықтарымен және бір рет қолданылатын ыдыспен қамтамасыз ету;
• белгісіз жеткізушілерден алынған үй жағдайында дайындалған өнімдерді (наурыз көже, айран және т.б.) сатуға жол бермеу;
• өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуын қамтамасыз ету.

📌 Халыққа арналған жадынама:
• қауіпсіз тағам өнімдерін таңдаңыздар. Ата-аналар балаларға берілетін тағамның жас ерекшеліктеріне сай болуына ерекше көңіл бөлуі қажет;
• жарақаттанудың алдын алу үшін, әсіресе балалармен бірге, адамдар көп жиналатын орындардан (алтыбақан, спорттық жарыстар) аулақ болуға тырысыңыздар.

📍 Ұйымдастырылған ұжымдарда (мектептер, балабақшалар):
• ата-аналар қауымы мен білім беру ұйымдарының әкімшілігі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сақтау талаптары мен мерзімі сақталмаған жағдайда жаппай улануға әкелуі мүмкін үй жағдайында дайындалған өнімдерді тұтынуға тыйым салуы қажет.

Алда келе жатқан Наурыз мерекесі құтты болсын!
Сіздерге зор денсаулық, амандық тілейміз. Өздеріңізді сақтаңыздар!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Уважаемые друзья!

Приближается любимый всеми весенний праздник — Наурыз мейрамы, который сопровождается богатым изобилием разных блюд — наурыз-коже, баурсаки, бешбармак, казы, шужык, куырдак, женты и другие скоропортящиеся продукты.

Готовясь к празднику, люди массово закупают продукты на стол, родители приносят еду в детские сады и школы, в городах и населенных пунктах открываются ярмарки.
Во избежание пищевых отравлений и инфекционных заболеваний в период проведения праздничных мероприятий, необходимо соблюдать ряд требований.

📣 Организаторам и участникам мероприятий важно предусмотреть:
- график мероприятий с распределением по участкам с количеством участников;
- исключение массового скопления людей;
- соблюдение санитарно-эпидемиологических требований при приготовлении и реализации пищевой продукции;
- запрет на реализацию продуктов домашнего изготовления;
- обеспечение продавцов и обслуживающего персонала специальной одеждой, допуском по санитарным нормам;
- обеспечение достаточным количеством холодильного оборудования, одноразовой посудой при реализации скоропортящейся продукции;
- запрещение реализации продукции домашнего изготовления (наурыз коже, айран и др.), приобретенные у неизвестных поставщиков;
- обеспечение наличие документов, подтверждающих качество и безопасность продукции.

📌 Памятка для населения:
- выбирайте безопасные пищевые продукты. Родителям с особой настороженностью необходимо относиться к тому, чтобы еда соответствовала возрастным особенностям детей;
- старайтесь держаться подальше от толпы, во избежание получения травм, особенно с детьми, в местах катания на качелях (алтыбакан), спортивных состязаний.

📍 В организованных коллективах (школы, детские сады):
- родительской общественности и администрации объектов образования необходимо провести разъяснительную работу, запретить употребление продукции домашнего изготовления, которые при несоблюдении условий и сроков хранения могут привести к массовому отравлению.

Поздравляем с наступающим праздником Наурыз!
Желаем всего наилучшего. Берегите себя.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔1
ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІ ТАҢБАЛАУ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҚАНДАЙ ПРЕПАРАТТАРДЫ ЖИІ САТЫП АЛАДЫ

💊 2024 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда барлық дәрілік заттарды міндетті цифрлық таңбалау енгізілді. Таңбалау және тауарлардың қадағалануының бірыңғай операторының жүйесі тұтынушылық сұранысты нақты уақыт режимінде тіркеуге мүмкіндік береді.

Талдау таңбаланған дәрілік заттардың сатылымын қамтиды және маусымдық ерекшеліктерге байланысты тұтынушылық сұранысты объективті бағалауға мүмкіндік береді.

🩺 Сатылым бойынша көшбасшы, жылдың басқа кезеңдеріндегі сияқты, этил спирті болды – 4,1 млн бірлік таңбаланған өнім сатылған. Екінші орында натрий хлориді – 2,1 млн бірлік. Үздік үштікке қызу түсіретін парацетамол препараты кірді – 1,75 млн бірлік.

Таңбаланған дәрілік заттар арасындағы сатылым бойынша төртінші орында ацетилсалицил қышқылы – 1,5 млн-нан астам бірлік. Бестікті мұрын бітелуі кезінде қолданылатын тамыр тарылтқыш препарат – нафазолин қорытындылайды.

📌 Сұранысқа ие препараттардың қатарында Цитрамон П бар – 1,23 млн-нан астам бірлік. Сондай-ақ ТОП-10 тізіміне меновазин – 897 мың, тұмау мен суық тиюге қарсы ТераФлю, белсендірілген көмір – 636 мың және фурацилин – 623 мың сатылған дәрілік зат кірді.

«Таңбалау жүйесі әрбір дәрілік препараттың қаптамасының қозғалысын өндірушіден бастап түпкі тұтынушыға дейін нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Ұсынылған статистика дәріханалардағы бөлшек сауданы нақты көрсетеді. Сонымен қатар, таңбалау жүйесі әрбір препараттың түпнұсқа екенін және заңды айналымның толық жолынан өткенін кепілдейді», — деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.


Цифрлық таңбалау шеңберінде әрбір дәрілік препараттың қаптамасына бірегей Data Matrix коды беріледі. Тұтынушы, дәріхана немесе тексеруші орган Naqty Onim мобильдік қосымшасы арқылы препараттың түпнұсқалығын бірден тексере алады. Бұл заңды тауар айналымы шеңберінде жалған дәрілерді сатуды техникалық тұрғыдан мүмкін емес етеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
МАРКИРОВКА ЛЕКАРСТВ: КАКИЕ ПРЕПАРАТЫ КАЗАХСТАНЦЫ ПОКУПАЮТ ЧАЩЕ ВСЕГО

💊 С 1 июля 2024 года в Казахстане введена обязательная цифровая маркировка всех лекарственных средств. Система Единого оператора маркировки и прослеживаемости товаров позволяет фиксировать потребительский спрос в режиме реального времени.

Аналитика охватывает реализацию маркированных лекарственных средств и позволяет объективно оценить потребительский спрос в зависимости от сезона.

🩺 Лидером продаж, как и в остальные времена года, стал этиловый спирт- реализовано 4,1 млн единиц маркированного средства. На втором месте натрия хлорид – 2,1 млн единиц. В тройку лидеров вошел жаропонижающий препарат парацетамол – 1,75 млн единиц.

На четвертом месте по продажам среди маркированных лекарственных средств – ацетилсалициловая кислота с продажами – более 1,5 млн единиц. Пятерку замыкает нафазолин, сосудосуживающее средство, применяемое при насморке.

📌 Заметный спрос зафиксирован на Цитрамон П – более 1,23 млн единиц. В ТОП-10 также вошли меновазин – 897 тысяч, ТераФлю от гриппа и простуды, активированный уголь – 636 тысяч и фурациллин – 623 тысячи проданных лекарственных средств.

«Система маркировки позволяет в режиме реального времени отслеживать движение каждой упаковки лекарственного препарата от производителя до конечного потребителя. Представленная статистика отражает именно розничную реализацию лекарств в аптеках. При этом система маркировки гарантирует, что каждый из этих препаратов – подлинный и прошел полный путь легального оборота», — отметили в Министерстве здравоохранения РК.


В рамках цифровой маркировки каждая упаковка лекарственного препарата получает уникальный цифровой код Data Matrix. Потребитель, аптека или проверяющий орган могут мгновенно верифицировать подлинность препарата через мобильное приложение Naqty Onim. Это делает продажу фальсифицированных лекарств технически невозможной в рамках легального товарооборота.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ 400-ГЕ ЖУЫҚ СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ КЛИНИКАНЫ ТЕКСЕРДІ, 56-СЫ ЛИЦЕНЗИЯСЫН ЕРІКТІ ТҮРДЕ ҚАЙТАРДЫ

⚡️ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ел аумағы бойынша стоматологиялық клиникаларға жоспардан тыс тексерулер жүргізуде. Бұл жұмыс мемлекеттік органдардың тапсырмалары шеңберінде Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері арқылы жүзеге асырылуда.

Жалпы тексеру тізіміне 622 стоматологиялық клиника енгізілген, бүгінгі таңда 392 тексеру жүргізілді.


📌 Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің мәліметінше, 103 клиникада заңбұзушылықтар анықталмаған. Қызметін тоқтатқан 174 стоматологиялық клиниканың 56-сы медициналық қызметті жүзеге асыру лицензиясын ерікті түрде қайтарған.

Жекелеген жағдайларда жедел әрекет ету шаралары қабылданып, субъектінің қызметі 30-дан 90 күнге дейін уақытша тоқтатылды, сондай-ақ медициналық қызметкерлер 30 күнге дейін жұмыстан шеттетілді.

Тексеру барысында медициналық көмекті көрсету стандарттарының сақталуына, лицензиялық талаптардың орындалуына және білікті мамандардың болуына ерекше назар аударылуда.

Жүргізіліп жатқан тексерулер, ең алдымен, пациенттердің құқықтарын қорғауға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және стоматологиялық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
МИНЗДРАВ ОХВАТИЛ ПРОВЕРКАМИ ОКОЛО 400 СТОМАТОЛОГИЧЕСКИХ КЛИНИК, 56 ДОБРОВОЛЬНО ВЕРНУЛИ ЛИЦЕНЗИИ

⚡️ Министерство здравоохранения Казахстана проводит внеплановые проверки стоматологических клиник по всей стране. Работа ведется территориальными департаментами Комитета медицинского и фармацевтического контроля в рамках поручений государственных органов.

Всего в список проверок включены 622 стоматологические клиники, на сегодня проведено 392 проверки.


📌 По данным Комитета медицинского и фармацевтического контроля, в 103 клиниках нарушений не выявлено. Из 174 - стоматологических клиник прекративших свою деятельность, по 56 - зарегистрирован добровольный возврат лицензии на осуществление медицинской деятельности.

В отдельных случаях приняты меры оперативного реагирования, в виде приостановления деятельности субъекта от 30 до 90 дней и отстранение от работы на 30 дней в отношении медицинских сотрудников.

В ходе проверок уделяется внимание соблюдению стандартов оказания медицинской помощи, лицензионных требований, наличию квалифицированных специалистов.

Проводимые проверки направлены прежде всего на защиту прав пациентов, обеспечение их безопасности и повышение качества стоматологических услуг.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2🤯1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ҚАЗАҚСТАНДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АУЫЗ ҚУЫСЫНЫҢ САУЛЫҒЫ КҮНІНЕ ОРАЙ 60 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Қазақстанда Дүниежүзілік ауыз қуысының саулығы күніне орай ауқымды профилактикалық науқан өтуде. Бүгінгі таңда бүкіл ел бойынша 60 мыңнан астам бала мен жасөспірім стоматологиялық аурулардың ерте алдын алу бойынша оқудан өтіп, мамандардың консультациясын алды.

🦷 Акция шеңберінде 600-ден астам стоматолог жұмылдырылды, медициналық университеттер, бейіндік қауымдастықтар, мемлекеттік және жеке клиникалар тартыла отырып, 200-ден астам профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

Алматыда 12 мыңнан астам бала, СҚО - 11 мыңнан астам, Алматы облысында - 9 мыңға жуық, Павлодар облысында - 6 мыңға жуық, Астанада - 5 мыңнан астам бала қамтылды.

ДДҰ стоматологиялық аурулардың 90%-на дейін негізгі гигиенаны сақтау арқылы алдын алуға болады деп есептейді.

📌 Балалардың арасында профилактикалық шаралардың күшеюі стоматологиялық аурулардың өсуімен байланысты. Осылайша, 6 жасар балаларда тісжегінің деңгейі 2016 жылы 74,2%-дан 2024 жылы 86%-ға дейін өсті, 15 жастағы жасөспірімдердің арасында 75%-дан 87%-ға дейін өсті.

«Болашақ-сау тіспен» бағдарламасы шеңберінде еліміздің 17 өңірінде 124 стоматологиялық кабинет ашылды. 2028 жылдың соңына дейін 1000 және одан да көп оқушысы бар мектептерде 987 кабинет ашу жоспарлануда.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В КАЗАХСТАНЕ СВЫШЕ 60 ТЫСЯЧ ДЕТЕЙ ОХВАЧЕНО ПРОФИЛАКТИКОЙ КО ВСЕМИРНОМУ ДНЮ ЗДОРОВЬЯ ПОЛОСТИ РТА

В Казахстане проходит масштабная профилактическая кампания ко Всемирному дню здоровья полости рта. На сегодня уже более 60 тысяч детей и подростков по всей стране прошли обучение по ранней профилактике стомзаболеваний, получили консультации специалистов.

🦷 В рамках акции задействовано свыше 600 стоматологов, с вовлечением медицинских университетов, профильных ассоциаций, государственных и частных клиник проведено более 200 профилактических мероприятий.

Профилактические мероприятия проводятся на базе поликлиник, медицинских вузов, школ и детских садов, что обеспечивает широкий охват и доступность для детей разных возрастных групп.

По оценке ВОЗ, до 90% стоматологических заболеваний можно предотвратить при соблюдении базовой гигиены.

Заболевания полости рта, такие, как кариес и заболевания десен, остаются одними из наиболее распространённых в мире и могут оказывать значительное влияние на общее состояние здоровья.

📌 Усиление профилактических мер среди детского населения связано ростом стоматологических заболеваний. Так, у 6-летних детей уровень кариеса увеличился с 74,2% в 2016 году до 86% в 2024 году, среди подростков 15 лет рост составил с 75% до 87%.

В рамках программы «Болашақ – сау тіспен» открыто 130 стоматологических кабинета в 17 регионах страны. До конца 2028 года планируется открыть 984 кабинета в школах с численностью 1000 и более учащихся.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
АЛМАТЫДАҒЫ ДӘРІГЕРЛЕР 25 КЕЛІЛІК ІСІКТІ АЛЫП ТАСТАДЫ

Алматыда дәрігерлер жүктіліктің соңғы кезеңіне жеткендей алып ісігі бар науқастың өмірін сақтап қалған бірегей ота жасады. Салмағы шамамен 25 келі болатын ісік бірнеше ай бойы ішінде өсіп келе жатқан, бірақ әйел медициналық көмекке жүгінбеген және дәстүрлі емес әдістермен емделген.

📍 1957 жылы туған науқас аурумен шамамен алты аптадан екі айға дейін ауырған деп хабарланды. Осы уақыт ішінде ол жақсаруға үміттеніп, әртүрлі тағамға қосылатын биологиялық белсенді қоспаларды қабылдаған. Алайда, ешқандай нәтиже болмаған - ісік тез өсе берген. Кейінірек туыстары айтқандай, әйел өз жағдайын жасырып, тіпті қоспаларды сатып алу үшін несие алған.

📌 Тек жағдайы нашарлағаннан кейін ғана науқас Алматы онкологиялық орталығына онкохирургия бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Балтаевқа қаралды. Компьютерлік томографияны қоса алғанда, тексеру кезінде іш қуысы мен жамбас қуысында алып ісік анықталды. Ісік 55-ке 35 сантиметрді құрап, іш қуысын толығымен толтырып, жамбас қуысына дейін созылды.

Дәрігерлер қажетті ота алдындағы дайындықты жүргізгеннен кейін шұғыл ота жасау туралы шешім қабылдады.

⚡️ Отаны шамамен 2-2,5 сағатқа созылды және ішперде артындағы ісікті күрделі, біріктірілген түрде алып тастауды және онымен байланысты процедураларды қамтыды. Отаны онкохирургия бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Балтаев және оның көмекшісі Ғалым Сармаш жүргізді.

Алынған ісіктің салмағы шамамен 25 килограммды құрады. Гистологиялық зерттеу нәтижесінде некроз аймақтары бар дифференциалданған ретроперитонеальды липосаркома диагнозы қойылды, бұл қатерлі ісікті растады.

Қазіргі уақытта науқас химиотерапиядан өтіп жатыр және мамандардың бақылауында.

📍Дәрігерлер бұл жағдай дәрігерге баруды кейінге қалдырудың және дәлелденбеген емдеу әдістеріне сүйенудің қауіптілігінің айқын мысалы екенін атап өтеді. Уақытылы диагноз қою қатерлі ісікпен күресте маңызды болып қала береді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В АЛМАТЫ ПАЦИЕНТКЕ УДАЛИЛИ ГИГАНТСКУЮ 25-КИЛОГРАММОВУЮ ОПУХОЛЬ

В Алматы врачи провели уникальную операцию, спасшую жизнь пациентке с гигантской опухолью, размеры которой достигли уровня позднего срока беременности.

📍 Новообразование весом почти 25 килограммов на протяжении нескольких месяцев росло в брюшной полости, при этом женщина не обращалась за медицинской помощью и лечилась нетрадиционными методами.

📌 Пациентка 1957 года рождения, по её словам, болела около полутора–двух месяцев. Всё это время она принимала различные биологически активные добавки, надеясь на улучшение. Однако эффекта не было — опухоль продолжала стремительно увеличиваться. Как позже выяснилось со слов родственников, женщина скрывала своё состояние и даже оформляла кредиты на покупку БАДов.

Лишь после ухудшения самочувствия пациентка обратилась в Алматинский онкологический центр к заведующему отделением онкохирургии Нурлану Балтаеву. Обследование, включая компьютерную томографию, показало наличие гигантского образования брюшной полости и малого таза. Размер опухоли достигал 55 на 35 сантиметров и фактически заполнял всю брюшную полость, распространяясь в малый таз.

Врачи приняли решение о срочной операции после проведения необходимой предоперационной подготовки.

⚡️ Хирургическое вмешательство длилось около 2–2,5 часов и включало сложное комбинированное удаление опухоли в забрюшинном пространстве с выполнением сопутствующих этапов. Операцию провели заведующий отделением онкохирургии Нурлан Балтаев совместно с ассистентом Галымом Сармаш.

Удалённая опухоль весила почти 25 килограммов. По результатам гистологического исследования установлен диагноз — дедифференцированная липосаркома забрюшинного пространства с участками некроза, что подтверждает злокачественный характер заболевания.

В настоящее время пациентка проходит курс химиотерапии и находится под наблюдением специалистов.

📍Врачи подчёркивают, что этот случай стал наглядным примером того, насколько опасно откладывать визит к врачу и полагаться на недоказанные методы лечения. Своевременная диагностика остаётся ключевым фактором в борьбе с онкологическими заболеваниями.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Батыс Қазақстан облысының көпбейінді ауруханасының дәрігері Таубай Байжекенов Астанадан Оралға ұшып бара жатқан ұшақ бортында толғағы басталған жүкті әйелге медициналық көмек көрсетті.

«Кеше Астана–Орал рейсінде ерекше жағдайға тап болдым. Ұшу кезінде жүктіліктің 27-аптасындағы әйелде мерзімінен бұрын босану басталды. Суы кетіп, жедел түрде медициналық алғашқы көмек көрсетуге тура келді. Мұндай сәттерде дәрігер үшін сабыр сақтап, бар білім мен тәжірибені дұрыс қолдану аса маңызды.

Нәтижесінде ұл бала дүниеге келді. Барлығы сәтті аяқталды.
Осындай сәттер менің мамандығымның қаншалықты жауапты әрі маңызды екенін тағы да еске салады», – деп жазды дәрігер Threads желісіндегі парақшасында.


Әуе кемесінің экипажы астананың әуежайына кері қайту туралы шешім қабылдап, жүкті әйелді жедел жәрдем қызметіне тапсырды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Батыс Қазақстан облыстық көпбейінді ауруханасының қабылдау бөлімінің хирургі Таубай Байжекеновке жоғары біліктілігі, қайсарлығы және дәрігерлік борышына адалдығы үшін шынайы алғыс білдіреді.

🔹🔹🔹

Врач многопрофильной больницы Западно-Казахстанской области Таубай Байжекенов оказал медицинскую помощь роженице на борту самолета, летевшего из Астаны в Уральск.

“Вчера на рейсе Астана–Уральск я оказался в необычной ситуации. Во время полёта у беременной женщины, которая была 27-й неделе беременности, начались преждевременные роды. У нее отошли воды, и пришлось срочно оказывать первую медицинскую помощь. Как врачу, в такие моменты очень важно сохранять спокойствие и правильно применять все знания и опыт.

В итоге на свет появился мальчик. Всё завершилось благополучно.
Такие моменты ещё раз напоминают, насколько ответственна и важна моя профессия”, - поделился врач на своем аакаунте в Treads.


Экипаж судна принял решение вернуться в аэропорт столицы и передать беременную женщину экстренной службе.

Выражаю благодарность нашему коллеге, хирургу приемного покоя многопрофильной больницы Таубаю Байжекенову за высокий профессионализм, самоотверженность и преданность врачебному долгу.