ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.94K subscribers
16.2K photos
1.09K videos
28 files
3.44K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ 70%-Ы ЛИЦЕНЗИЯДАН КЕЙІНГІ МОНИТОРИНГПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Медициналық көмектің сапасын басқаруды жетілдірудің 2026–2030 жылдарға арналған кешенді жоспарының шеңберінде медициналық ұйымдардың 70%-ын лицензиядан кейінгі мониторингпен қамту жоспарлануда. Сондай-ақ жаңа стандарттарға сәйкес мекемелердің кемінде 80%-ы аккредиттеледі.

Құжат медициналық қызметтердің сапасын бақылау мен басқарудың деректерге, цифрлық технологияларға және жасанды интеллект құралдарына негізделген заманауи моделіне көшуге бағытталған.

Құжатта жүйені дамытудың төрт стратегиялық бағыты айқындалған:
🟦 медициналық қызмет көрсету саласындағы реттеу құралдарын жаңғырту;
🟦 жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып сапа сараптамасының жаңа моделін қалыптастыру және Ұлттық сапа институтын құру;
🟦 кәсіби медициналық қоғамдастық пен пациенттердің рөлін күшейту;
🟦 сапаны басқару жүйесін цифрлық трансформациялау.

Негізгі мақсат — пациент медициналық қызметтердің сапасын бағалау және бақылау процестерінің белсенді қатысушысына айналатын модель қалыптастыру.

Жоспарды іске асыру медициналық көмектің сапасын реттеудің бірыңғай жүйесін құруға, медициналық ұйымдардың қызметінің ашықтығын арттыруға және басқарушылық шешімдерді объективті деректер негізінде қабылдауға мүмкіндік береді.
Заңнамалық өзгерістер шеңберінде 2028 жылдан бастап ТМККК/МӘМС жеткізушілерін міндетті аккредиттеу және аккредитациядан кейінгі мониторингті цифрландыру талаптарын енгізу көзделген.

Сондай-ақ Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының базасында әдіснамалық және талдамалық орталық ретінде қызмет атқаратын Ұлттық сапа институтын құру жоспарлануда.


Бұдан бөлек, медициналық көмектің сапасын басқару процестерінде медициналық қауымдастық пен пациенттердің рөлін күшейту көзделген. Кәсіби бірлестіктер сапаға тәуелсіз сараптама жүргізуге және мамандардың клиникалық ойлауын бағалауға тартылады.

Сонымен қатар пациенттерді қолдау қызметтерінің қызметін цифрландыру азаматтардың өтініштеріне нақты уақыт режимінде жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

⚡️ 2028 жылға дейін медициналық көмекті көрсету стандарттары мен қағидаларын толық цифрландыру, ал 2027 жылы сапаны сараптаудың үш компонентті моделін енгізу де жоспарланып отыр. 2028 жылға қарай медициналық көмектің сапасы мен көлемін мониторингтеудің кемінде 20%-ы жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы жүзеге асырылатын болады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
МИНЗДРАВ: 70% МЕДОРГАНИЗАЦИЙ БУДУТ ОХВАЧЕНЫ ПОСТЛИЦЕНЗИОННЫМ МОНИТОРИНГОМ

В рамках Комплексного плана по совершенствованию управления качеством медицинской помощи на 2026–2030 планируется обеспечить охват постлицензионным мониторингом 70% медорганизаций, также по новым стандартам будет аккредитовано не менее 80% учреждений.

Документ направлен на переход к современной модели контроля и управления качеством медицинских услуг, основанной на данных, цифровых технологиях и инструментах искусственного интеллекта.

В документе определены четыре стратегических направления развития системы:
🟦модернизация регуляторных инструментов в сфере оказания медицинских услуг;
🟦формирование новой модели экспертизы качества с применением технологий искусственного интеллекта и создание Национального института качества;
🟦усиление роли профессионального медицинского сообщества и пациентов;
🟦цифровая трансформация системы управления качеством.

Ключевая цель — создать модель, в которой пациент становится активным участником процессов оценки и контроля качества медицинских услуг.

Реализация плана позволит создать единую систему регулирования качества медицинской помощи, повысить прозрачность работы медицинских организаций и обеспечить принятие управленческих решений на основе объективных данных.
В рамках законодательных изменений закрепляются требования об обязательной аккредитации поставщиков ГОБМП/ОСМС с 2028 года и внедрении цифровизации постаккредитационного мониторинга.

Планируется создание Национального института качества на базе Национального научного центра развития здравоохранения, который будет выполнять функции методологического и аналитического центра.


Кроме того, предусматривается усиление роли медицинского сообщества и пациентов в процессах управления качеством медицинской помощи. Профессиональные объединения будут вовлечены в независимую экспертизу качества и оценку клинического мышления специалистов.

Одновременно цифровизация деятельности служб поддержки пациентов позволит оперативно реагировать на обращения граждан в режиме реального времени.

⚡️ Также планируется полностью оцифровать стандарты и правила оказания медицинской помощи до 2028 года и внедрить трехкомпонентную модель экспертизы качества уже в 2027 году. К 2028 году не менее 20% случаев мониторинга качества и объема медицинской помощи будет осуществляться с применением технологий искусственного интеллекта.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: ДӘРІ-ДӘРМЕК БОЙЫНША «ҚЫЗУ ЖЕЛІ» ОПЕРАТОРЛАРЫ 15 МЫҢНАН АСТАМ ӨТІНІШТІ ӨҢДЕДІ

⚡️ Жыл басынан бастап «СҚ-Фармация» базасындағы 1439 нөмірі бойынша байланыс орталығының операторлары 15 мыңнан астам өтініш қабылдап, өңдеді, оның жартысынан көбін тәулік бойы өңдеген.

📌 2026 жылғы ақпаннан бастап байланыс орталығы тәулік бойы (24/7), демалыс және мерекелік күндер де қоса алғанда жұмыс істейді. Бұл халықпен кері байланыс көлемін кеңейтудегі маңызды қадам болды.

📞 Қоңыраулар ұялы және стационарлық телефондардан тегін қабылданады. Орталық «бір өтініш» қағидасы бойынша жұмыс істейді, яғни пациент бір қоңырауда толық консультацияалар алады.

Қазіргі уақытта:

* жұмыс күндері операторлар қоңырауларды 09:00–18:30;
* демалыс және мерекелік күндері — 09:00–13:00 аралығында қабылдайды;
* қалған уақытта өтініштер автоматты режимде тіркеліп, кейін өңделеді.


Өтініштер құрылымында ең көп пациенттер қант диабетімен — 30% (2191 өтініш); онкологиялық аурулармен — 12% (899 өтініш); ревматоидты артритпен — 11% (823 өтініш).

2025 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда (17 мыңнан астам өтініш) қоңыраулардың саны азайған, бұл консультациялардың тиімділігінің және түсіндірмелердің сапасының артқанын көрсетеді.

🔗 Жобаны іске қосу кезеңінде кейбір дәрілердің жеткізілуіндегі кешігулерге байланысты өтініштер тіркелген, әсіресе онкологиялық аурулар мен қант диабетін емдеуде қолданылатын дәрілер. Қазіргі уақытта жағдай тұрақтандырылды: қажетті препараттар Бірыңғай дистрибьютор қоймаларына және медициналық ұйымдарға жеткізілді, пациенттер үшін қолжетімді.

Сонымен қатар, байланыс орталығын кезең-кезеңімен жаңарту жүзеге асырылуда, цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологиялары енгізілуде.

2026 жылғы II тоқсанда жоспарланған:

* бірыңғай «бір терезе» операторы (деректерді іздеу, өтініштерді тіркеу, орындауды бақылау);
* талдамалық дашборд;
* өтініштердің автоматтандырылған маршрутизациясы.


Сонымен қатар, пациенттің деректерін іздеу, өтініштерді автоматты тіркеу және бөлу функцияларымен интеллектуалды чат-бот енгізілуде.

Бұл шешімдер:

* толық тәулік бойғы өтініш қабылдауды қамтамасыз етеді (24/7);
* процестердің ашықтығын арттырады;
* өтініштерді өңдеу уақытын қысқартады;
* консультациялардың қолжетімділігін және сапасын жақсартады.


📍 Халық үшін дәрі-дәрмек қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «СҚ-Фармация» ЖШС-пен бірлесіп тегін дәрі-дәрмек беруді жүйелі түрде жүзеге асырады, бұл тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (ОСМС) шеңберінде жүргізіледі.

Тегін дәрі-дәрмек беру екі деңгейде жүзеге асырылады:

* амбулаторлық — рецепт бойынша емханалар арқылы;
* стационарлық — медициналық ұйымдар жағдайында.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
МИНЗДРАВ: БОЛЕЕ 15 ТЫСЯЧ ОБРАЩЕНИЙ ОБРАБОТАЛИ ОПЕРАТОРЫ ГОРЯЧЕЙ ЛИНИИ ПО ЛЕКАРСТВАМ

⚡️ С начала года операторами контакт-центра на базе «СК-Фармация» по номеру 1439 принято и обработано свыше 15 тысяч обращений, из них свыше половины в круглосуточном режиме.

📌 С февраля 2026 года контакт-центр переведен на круглосуточный режим работы (24/7), включая выходные и праздничные дни, что стало важным шагом в расширении обратной связи с населением.

📞 Звонки являются бесплатными с мобильных и стационарных телефонов. Работа центра организована по принципу «одного обращения», позволяя пациентам получать полную консультацию в рамках одного звонка.

В настоящее время:
• звонки принимаются операторами в будние дни с 09:00 до 18:30,
• в выходные и праздничные дни - с 09:00 до 13:00,
• в остальное время обращения фиксируются в автоматическом режиме с последующей обработкой.


В структуре обращений преобладают пациенты с сахарным диабетом - 30% (2191 обращение); онкологическими заболеваниями - 12% (899 обращений) и ревматоидным артритом - 11% (823 обращения).

По сравнению с аналогичным периодом 2025 года (более 17 тыс. обращений) отмечается снижение количества звонков, что свидетельствует о повышении эффективности консультирования и качестве предоставляемых разъяснений.

🔗 На этапе запуска фиксировались обращения, связанные с задержками поставок отдельных лекарственных средств, применяемых при лечении онкологических заболеваний и сахарного диабета. В настоящее время ситуация полностью стабилизирована: необходимые препараты поставлены на склады Единого дистрибьютора и в медицинские организации, обеспечена их доступность для пациентов.

Дополнительно реализуется поэтапная модернизация контакт-центра с внедрением цифровых решений и технологий искусственного интеллекта.

Во II квартале 2026 года планируется запуск:
• единого окна оператора (поиск данных, фиксация обращений, контроль исполнения);
• аналитического дашборда;
• автоматизированной маршрутизации обращений.


Также ведется внедрение интеллектуального чат-бота с функциями поиска данных пациента, автоматической регистрации и распределения запросов.

Реализация данных решений обеспечит:
• полноценный круглосуточный прием обращений (24/7);
• повышение прозрачности процессов;
• сокращение времени обработки запросов;
• рост доступности и качества консультаций.


🔗 В целях обеспечения доступности лекарственных средств для населения Министерство здравоохранения Республики Казахстан совместно с ТОО «СК-Фармация» продолжает системную работу по предоставлению бесплатных медикаментов в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи (ГОБМП) и обязательного социального медицинского страхования (ОСМС).

Бесплатное лекарственное обеспечение осуществляется на двух уровнях:
• амбулаторном — через поликлиники по рецептам;
• стационарном — в условиях медицинских организаций.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ұйымдарды аккредиттеу жүйесін одан әрі жетілдіруге және медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеуден кейінгі мониторинг қағидаларын енгізуді жоспарлап отыр.

Аккредиттеуден кейінгі мониторинг медициналық ұйымдар мен аккредиттелген құрылымдардың аккредиттеуді алғаннан кейін белгіленген стандарттарға сәйкестігін бағалау үшін жүргізіледі.

📍 Бүгінде Қазақстанда аккредиттеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын 19 ұйым, сондай-ақ ТМККК және МӘМС жүйесінде медициналық қызмет көрсетуші 699 медициналық ұйым аккредиттелген.

Тиісті бұйрықтың жобасымен мониторинг жүргізу тәртібін нақтылау ұсынылады.

👌 Осылайша, жоспарлы аккредиттеуден кейінгі мониторинг үш жылда бір рет, бірақ аккредиттеу туралы куәлік алғаннан кейін алты айдан ерте емес жүргізілетін болады. Бұл ретте мониторинг жоспары тиісті ұйымдардың ресми сайттарында жыл сайын 1 ақпанға дейін жарияланатын болады.

⚡️ Мониторинг жоспарлы және жоспардан тыс тәртіппен жүргізілетін болады. Жоспардан тыс тексерулер, мысалы, азаматтардың өтініштері, мемлекеттік органдардың ақпараты немесе бұқаралық ақпарат құралдарында қосымша тексеруді қажет ететін фактілер туралы хабарламалар түскен кезде мүмкін болады.

Жоба сонымен қатар мемлекеттік орган мен аккредиттеуші ұйымдардың арасында өкілеттіктерді бөлуді нақтылайды. Медициналық ұйымдардың мониторингінің көп бөлігін аккредиттеуші органдар жүргізеді, ал мемлекеттік орган іріктеп бақылауды жүзеге асырады.


👍 Бұдан басқа, мониторинг жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылар мен бейінді мамандар тартылатын болады, бұл бағалаудың объективтілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

☝️Сәйкессіздіктер анықталған жағдайда медициналық ұйымдарға ескертулерді жою үшін уақыт беріледі. Мониторингтің қорытындысы бойынша аккредиттеу стандарттарына сәйкестігі туралы қорытынды беріледі.

Ұсынылған өзгерістер аккредиттеу жүйесінің ашықтығын арттыруға, сапа мәдениетін дамытуға және медициналық ұйымдарды басқаруды одан әрі жетілдіруге бағытталған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌 Министерство здравоохранения Казахстана планирует внедрять правила постаккредитационного мониторинга в сфере здравоохранения, которые направлены на дальнейшее совершенствование системы аккредитации медицинских организаций и повышение качества медицинской помощи..

Постаккредитационный мониторинг проводится для оценки соответствия медицинских организаций и аккредитованных структур установленным стандартам после получения аккредитации.

📍 Сегодня в Казахстане аккредитованы 19 организаций, осуществляющих деятельность в сфере аккредитации, а также 699 медицинских организаций — поставщиков медицинских услуг в системе ГОБМП и ОСМС.

Проектом соответствующего приказа предлагается уточнить порядок проведения мониторинга.

👌 Так, плановый постаккредитационный мониторинг будет проводиться один раз в три года, но не ранее чем через шесть месяцев после получения свидетельства об аккредитации. При этом план мониторинга будет публиковаться на официальных сайтах соответствующих организаций до 1 февраля каждого года.

⚡️ Мониторинг будет проводиться как в плановом, так и во внеплановом порядке. Внеплановые проверки возможны, например, при поступлении обращений граждан, информации государственных органов или сообщений в средствах массовой информации о фактах, требующих дополнительной проверки.

Проектом также уточняется распределение полномочий между государственным органом и аккредитующими организациями. Большая часть мониторинга медицинских организаций будет проводиться аккредитующими органами, а государственный орган будет осуществлять выборочный контроль.


👍 Кроме того, для проведения мониторинга будут привлекаться независимые эксперты и профильные специалисты, что позволит обеспечить объективность оценки.

☝️В случае выявления несоответствий медицинским организациям будет предоставляться время для устранения замечаний. По итогам мониторинга выдается заключение о соответствии стандартам аккредитации.

Предлагаемые изменения направлены на повышение прозрачности системы аккредитации, развитие культуры качества и дальнейшее совершенствование управления медицинскими организациями.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан Мәскеуде өткен халықаралық форумда денсаулық сақтау саласындағы үздік тәжірибелерін таныстырды

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Мәскеуде өткен халықаралық форумға қатысып, отандық денсаулық сақтау жүйесінің негізгі жетістіктері мен даму басымдықтарын таныстырды.

«Қоғамдық денсаулықты нығайту бойынша елдік және өңірлік үздік практикалар» атты пленарлық отырыста сөз сөйлеген ол Қазақстан медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, заманауи технологияларды енгізу және профилактиканы күшейту бағытын жүйелі түрде жүзеге асырып келе жатқанын атап өтті.

Пленарлық сессияға сондай-ақ Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко, Египет Денсаулық сақтау министрі Халед Абдель Гаффар, Беларусь пен Тәжікстан өкілдері, сондай-ақ Мәскеу қаласы мен Ресей өңірлерінің басшылығы қатысты.

Қазақстан ұсынған негізгі бағыттардың бірі – жоғары технологиялық медицинаны дамыту. Елде роботтандырылған хирургия енгізіліп, протондық терапияны қоса алғанда, емдеудің инновациялық әдістерін қолдану кеңейтілуде.

Жүрек-қан тамырлары және онкологиялық аурулармен күреске ерекше назар аударылуда. Қазақстанда инсульт орталықтарымен 100% қамту қамтамасыз етілген, жасанды интеллект негізіндегі шешімдер енгізілуде, онкологиялық орталықтар желісі кеңейтілуде.

Басым бағыттардың қатарында медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту да бар. «Қолжетімді емхана» тұжырымдамасын іске асыру дәрігерлерге қолжетімділікті арттырып, профилактикалық тексерулермен қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, елде қауіп факторларын төмендету шараларын қоса алғанда, салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмыстары күшейтілуде.

Тимур Сұлтанғазиев атап өткендей, Қазақстан алдағы уақытта да инновацияларды енгізу мен профилактикалық бағытты нығайтуды жалғастырады.

Форумға қатысу Қазақстанның үздік практикаларын халықаралық қауымдастыққа таныстыруға және денсаулық сақтау жүйелерін дамыту бойынша тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
Казахстан представил лучшие практики здравоохранения на международном форуме в Москве

Первый вице-министр здравоохранения Республики Казахстан Тимур Султангазиев принял участие в международном форуме в Москве, где представил ключевые достижения и приоритеты развития отечественной системы здравоохранения.

Выступая на пленарном заседании «Лучшие страновые и региональные практики по укреплению общественного здоровья», он отметил, что Казахстан последовательно реализует курс на повышение доступности медицинской помощи, внедрение современных технологий и усиление профилактики.

В пленарной сессии также приняли участие Министр здравоохранения Российской Федерации Михаил Мурашко, Министр здравоохранения Египта Халед Абдель Гаффар, представители Беларуси, Таджикистана, а также руководство Москвы и регионов России.

Среди ключевых направлений, представленных Казахстаном, — развитие высокотехнологичной медицины. В стране внедрена роботизированная хирургия, расширяется применение инновационных методов лечения, включая протонную терапию.

Отдельное внимание уделяется борьбе с сердечно-сосудистыми и онкологическими заболеваниями. В Казахстане обеспечен 100% охват инсультными центрами, внедряются решения на базе искусственного интеллекта, расширяется сеть онкологических центров.

В числе приоритетов также развитие первичной медико-санитарной помощи. Реализация концепции «Доступная поликлиника» позволила повысить доступ к врачам и увеличить охват профилактическими обследованиями.

Кроме того, в стране усиливается работа по формированию здорового образа жизни, включая меры по снижению факторов риска.

Как подчеркнул Тимур Султангазиев, Казахстан продолжит внедрение инноваций и укрепление профилактического направления.

Участие в форуме позволило представить международному сообществу лучшие практики Казахстана и обменяться опытом по развитию систем здравоохранения.