ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.93K subscribers
16.1K photos
1.09K videos
28 files
3.44K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованы қабылдады

✔️Президентке денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жай-күйі мен саланы дамыту перспективасы жөнінде есеп берілді.

Ақмарал Әлназарова:

➤ негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштер туралы баяндады.

✔️Жалпы және нәрестелер өлімі 15,3 пайызға төмендеді.

✔️Қазақстанда жұқпалы емес аурулардан мерзімінен бұрын қайтыс болғандар саны 25 пайызға азайды. Осылайша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мақсатты көрсеткішіне қол жеткізілді.

➤ медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, алғашқы медициналық жәрдемді жетілдіру, скрининг бағдарламаларының аясын кеңейту және ана мен бала денсаулығын қорғау қызметін жаңғырту жөнінде мәлімдеді.

✔️Онкологиялық қызметті дамыту шаралары жалғасып келеді.

✔️Астана қаласындағы жаңа онкологиялық кешеннің базасында Протонды терапия орталығы ашылды.

✔️Қызылорда және Ақтау қалаларында 2 жаңа ПЭТ/КТ кешені іске қосылды.

✔️Барлық өңірде сарапшылық эндоскопия орталықтарының жұмысы жолға қойылды.

✔️Ұлттық ғылыми онкология орталығы мен аймақтардағы бірқатар нысан құрылысы аяқталды.

➤ МӘМС жүйесіндегі қаржыны бақылауды күшейту, соның ішінде қаражатты мақсатты жұмсауды мониторингтеу жүйесін автоматтандыру және медициналық қызмет көрсетушілерге талапты қатаңдату шараларына баса назар аударды.

✔️Министрлік Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Денсаулық сақтаудың бірыңғай цифрлық инфрақұрылымын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

✔️Жеке-жеке қызмет көрсететін ақпарат жүйелерін E-Densaulyq платформасына біріктіру қолға алынған.

➤ соңғы екі жылда фармацевтика өнеркәсібіне салынған инвестиция көлемі 2,3 есе, ал дәрі-дәрмектің экспорты 1,9 есе өскенін баяндады.

✔️Дәрі-дәрмектің 400-ден астам түрін өндіру бойынша 6 инвестициялық келісім жасалды. Олардың жалпы құны 316,3 миллиард теңгеге бағаланған.

➤ саланың кадрлық әлеуетін дамыту, медицина қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету жөнінде ақпарат ұсынды.

Президент:


📌медициналық қызмет сапасын арттыру, саладағы қаржылық тәртіпті қатаңдату, маман даярлау жүйесін жетілдіру, цифрлық жаңғырту жұмыстарын жеделдету және отандық фармацевтика өнеркәсібін өркендету бойынша бірқатар тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда «Қамқорлық» орталығы ашылды: балаларға тегін оңалту қызметі қолжетімді бола түсті

👩‍🍼Алматы қаласындағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының базасында «Қамқорлық» ерте араласу орталығы өз жұмысын бастады.

Бұл нысанның ашылуы ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсету үшін озық медициналық, білім беру және әлеуметтік технологияларды бір алаңда біріктіруге мүмкіндік берді.

Кешенді тәсілді іске асыру мақсатында орталықта мультидисциплинарлық команда құрылды. Оның құрамына невропатологтар, реабилитологтар, неонатологтар, психологтар мен дефектологтар кіріп, әрбір пациент үшін жеке оңалту бағдарламаларын әзірлейді.

Емдеу үдерісінің тиімділігі шунгит пен тұз бөлмелерін, иммерсиялық ваннаны, сондай-ақ когнитивтік дамуға және абилитацияға бағытталған сенсорлық кеңістіктерді қоса алғанда инновациялық терапия аймақтарын қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.

Орталықтың техникалық мүмкіндіктері күндізгі стационар режимінде күн сайын 50 балаға дейін қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл 21 күндік курс ұзақтығын ескере отырып, жылына шамамен 600 баланы қамтуға жағдай жасайды.

2025 жылдың қыркүйегінде ашылғаннан бері орталықта 120-дан астам бала білікті көмек алды. Сонымен қатар оңалту қызметтері халыққа МӘМС жүйесі шеңберінде толықтай тегін ұсынылады.

«Қамқорлық» орталығының қызметі балалардың арасындағы мүгедектік деңгейін төмендетуге және пациенттердің қоғамға табысты бейімделуіне бағытталған ерте араласудың халықаралық стандарттарын енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың бір бөлігі болып табылады.

🔹🔹🔹🔹🔹

В Алматы открылся центр «Қамқорлық»: бесплатная реабилитация для детей стала доступнее

На базе Центра перинатологии и детской кардиохирургии Алматы начал работу Центр раннего вмешательства «Қамқорлық».

Создание данного объекта позволило объединить на одной площадке передовые медицинские, образовательные и социальные технологии для оказания помощи детям с особыми потребностями.

Для реализации комплексного подхода в центре сформирована мультидисциплинарная команда, в состав которой вошли неврологи, реабилитологи, неонатологи, психологи и дефектологи, разрабатывающие индивидуальные программы для каждого пациента.

Эффективность лечебного процесса обеспечивается использованием инновационных зон терапии, включая шунгитовую и соляную комнаты, иммерсионную ванну и сенсорные пространства, направленные на когнитивное развитие и абилитацию.

Технические мощности центра позволяют ежедневно принимать до 50 детей в режиме дневного стационара, что обеспечивает годовой охват на уровне 600 человек при длительности курса в 21 день.

С момента открытия в сентябре 2025 года квалифицированную помощь уже получили более 120 детей, при этом услуги реабилитации предоставляются населению полностью бесплатно в рамках системы ОСМС.

Деятельность центра «Қамқорлық» является частью работы по внедрению международных стандартов раннего вмешательства, направленных на снижение уровня детской инвалидизации и успешную социальную адаптацию пациентов.
📋МИНЗДРАВ РК ВНЕДРЯЕТ НОВЫЕ ИНДИКАТОРЫ ОЦЕНКИ КАЧЕСТВА МЕДПОМОЩИ

🆕В Казахстане утверждена обновленная система индикаторов оценки качества для медицинских организаций, оказывающих услуги в рамках ГОБМП и системы ОСМС.

↗️Соответствующие показатели будут применяться ко всем поставщикам, заключившим договоры с Фондом социального медицинского страхования, с целью усиления контроля за эффективностью лечения и профилактики.

👩‍⚕️Переход к данной модели означает смену приоритетов: теперь работа медицинских организаций оценивается не по количеству оказанных услуг, а по их конечному результату.

🩺В частности, ключевыми критериями станут снижение числа жалоб пациентов, охват населения вакцинацией и своевременность медицинского наблюдения после перенесенных тяжелых заболеваний.

🤒Особое внимание в новой системе уделяется пациентам с хроническими патологиями, такими как сахарный диабет, болезни системы кровообращения и органов дыхания. Для этой категории граждан устанавливаются жесткие индикаторы, направленные на обеспечение регулярного динамического наблюдения и своевременное назначение необходимых лекарственных средств.

Эффективность такого наблюдения будет измеряться конкретными клиническими исходами, включая сокращение случаев ампутаций нижних конечностей у пациентов с диабетом.

🖥Параллельно вводится мониторинг, нацеленный на уменьшение числа экстренных госпитализаций среди лиц, находящихся на диспансерном учете.

🏥 Важнейшим элементом оценки станет работа первичного звена по преемственности лечения после стационарного этапа. Теперь организации ПМСП обязаны обеспечить постановку пациента на динамическое наблюдение в течение 15 дней после выписки из больницы по поводу инфаркта, инсульта или сахарного диабета.

🚑Усиление работы на уровне поликлиник должно напрямую отразиться на функционировании службы скорой помощи. В перечень новых индикаторов включено снижение количества повторных вызовов в течение суток, а также уменьшение числа обращений, связанных с обострением хронических заболеваний, которые должны контролироваться участковыми врачами.

📇Внедрение данных комплексных мер позволит министерству не только повысить ответственность медорганизаций за здоровье граждан, но и обеспечить прозрачность системы оценки качества на основе объективных цифровых данных.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
↗️ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ САПАСЫН БАҒАЛАУДЫҢ ЖАҢА ИНДИКАТОРЛАРЫН ЕНГІЗУДЕ

🏥Қазақстанда ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде қызмет көрсететін медициналық ұйымдар үшін сапаны бағалаудың жаңартылған индикаторлар жүйесі бекітілді.

📋Тиісті көрсеткіштер Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасқан барлық өнім берушілерге қолданылатын болады. Бұл емдеу мен профилактикалық шаралардың тиімділігін бақылауды күшейту мақсатында енгізіліп отыр.

⚡️Аталған модельге көшу басымдықтардың өзгергенін білдіреді: енді медициналық ұйымдардың жұмысы көрсетілген қызметтердің саны бойынша емес, олардың түпкі нәтижесі бойынша бағаланады.

👩‍⚕️Атап айтқанда, негізгі өлшемшарттардың қатарында пациенттердің шағымдарының азаюы, халықты вакцинациялаумен қамту деңгейі және ауыр аурулардан кейінгі медициналық бақылаудың уақтылы жүргізілуі болады.

🤒Жаңа жүйеде қант диабеті, қанайналым жүйесінің аурулары және тыныс алу ағзаларының аурулары сияқты созылмалы патологиялары бар пациенттерге ерекше назар аударылады. Бұл санаттағы азаматтар үшін тұрақты динамикалық бақылауды қамтамасыз етуге және қажетті дәрілік препараттарды уақытылы тағайындауға бағытталған қатаң индикаторлар белгіленеді.

Мұндай бақылаудың тиімділігі нақты клиникалық нәтижелер арқылы бағаланады, соның ішінде диабетпен ауыратын пациенттердің арасында аяқтың ампутациясы жағдайларының азаюы да есепке алынады.

📈Сонымен қатар диспансерлік есепте тұрған азаматтардың арасында шұғыл түрде емдеуге жатқызу жағдайларын азайтуға бағытталған мониторинг енгізіледі.

💯Бағалаудың маңызды элементтерінің бірі стационарлық емдеу кезеңінен кейінгі емдеудің сабақтастығын қамтамасыз ету бойынша бастапқы буынның жұмысы болады. Енді МСАК ұйымдары инфаркт, инсульт немесе қант диабеті бойынша стационардан шығарылғаннан кейін 15 күннің ішінде пациентті динамикалық бақылауға қоюды қамтамасыз етуге міндетті.

🚑Емханалар деңгейіндегі жұмыстың күшеюі жедел медициналық жәрдем қызметінің жұмысына да тікелей әсер етуі тиіс. Жаңа индикаторлардың тізбесіне тәулік ішінде қайталанатын шақыртулар санының азаюы, сондай-ақ учаскелік дәрігерлер бақылауында болуы тиіс созылмалы аурулардың асқынуына байланысты жүгінулер санын қысқарту енгізілді.

🩺Осы кешенді шараларды енгізу министрлікке медициналық ұйымдардың азаматтардың денсаулығы үшін жауапкершілігін арттырумен қатар, сапаны бағалау жүйесінің объективті цифрлық деректердің негізінде ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ҚАЗАҚСТАН МЕН ДДҰ СЕМІЗДІК ЭПИДЕМИЯСЫМЕН КҮРЕСУ ҮШІН КҮШ БІРІКТІРЕДІ

📋Астанада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының семіздікке қарсы жедел іс-қимыл жоспарын іске асыруға арналған миссиясы басталды.
Іс-шара ұлттық «Жол картасын» қалыптастыруға бағытталған, ол артық дене салмағының
профилактикасы мен емдеудің заманауи әдістерін медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) жүйесіне біріктіруге мүмкіндік береді.

📈Күн тәртібінің өзектілігі алаңдатарлық статистикаға байланысты: STEPS 2024 зерттеуінің деректері бойынша Қазақстанның ересек тұрғындарының 58%-ы (18+) артық дене салмағымен өмір сүреді, бұл ретте семіздіктің клиникалық түрі азаматтардың 22,4%-да тіркелген.

👶Бұл жағдайда балалар ортасында бірдей ауыр жағдай байқалады: COSI (2020) зерттеуіне сәйкес артық дене салмағы 6-9 жас аралығындағы балалардың 20,6%-да, ал семіздік 6,6%-да байқалады. Бұл көрсеткіштер мемлекеттік деңгейде шешуші шаралар қабылдау қажеттілігін көрсетеді.

🏥Жұмыс Үкімет басшысының семіздіктің таралуын азайтуға және салауатты тамақ ортасын қалыптастыруға бағытталған кешенді жоспар әзірлеу жөніндегі тапсырмасын орындау үшін жүргізілуде.

Бұл мәселені жүйелі түрде шешу барлық бейінді ведомстволардың күш-жігерін шоғырландыруды және теориялық тұжырымдамалардан практикалық құралдарды іске асыруға көшуді талап етеді.

Іс-шараны ашқан ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Әлия Рүстемова қабылданатын шешімдердің стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

«Семіздік - бұл медициналық мәселе ғана емес, сонымен қатар ұлттық жедел әрекет ету саясатын қажет ететін қоғамдық денсаулық пен экономикаға жаһандық сынақ. Біздің міндетіміз - халықтың дұрыс тамақтануына, салық саясатына және медициналық және профилактикалық көмектің қолжетімділігіне назар аудара отырып, дәлелденген халықаралық құралдарды біздің басымдықтарымызға бейімдеу»,-деді вице-министр.

Халықаралық сарапшылар осы бастамаларды іске асыруда Қазақстанды қолдауға дайын екендігін растайды.

«Қазақстанда біз әріптестермен бірге тәтті сусындардың қолжетімділігін төмендету және балаларды агрессивті маркетингтен қорғау шараларынан бастап дәрігерлерді оқытуға және емдеудің заманауи әдістерін енгізуге дейін жан-жақты тәсіл құрып жатырмыз. Біздің ортақ мақсатымыз - семіздік және онымен байланысты аурулардың таралуын айтарлықтай азайту», - деп атап өтті ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілі Скендер Сыла.

Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан салауатты тамақтану әдеттерін нормативтік реттеу мен ілгерілетуді қамтитын шаралар кешенін енгізуді жоспарлап отыр.

Негізгі бағыттардың құрамында қант бар сусындарға салық салу, балаларға бағытталған зиянды өнімдердің маркетингін шектеу, сондай-ақ тұтынушыларды хабардар ету үшін қаптамаларда фронтальды таңбалауды енгізу болады.

Сонымен қатар, бастапқы буын деңгейінде медициналық көмекті ауқымды жаңғырту жүргізілетін болады. Жалпы практика дәрігерлері «қысқа араласу» әдістемелеріне оқытудан өтеді, бұл семіздік қаупін ерте кезеңдерде анықтауға және пациенттерді кешенді мультидисциплинарлық басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Үш күндік миссияның қорытындысы нақты іске асыру мерзімдері және бекітілген жауапкершілік аймақтары бар практикалық «Жол картасын» бекіту болады.

Жоспарды 2030 жылға дейін іске асыру ел халқының денсаулығын нығайтуға бағытталған тұрақты тамақ ортасын және профилактиканың тиімді жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️КАЗАХСТАН И ВОЗ ОБЪЕДИНЯЮТ УСИЛИЯ ДЛЯ БОРЬБЫ С ЭПИДЕМИЕЙ ОЖИРЕНИЯ

📋В Астане стартовала миссия экспертов Всемирной организации здравоохранения, посвященная реализации Плана ускоренных действий по борьбе с ожирением.

Мероприятие направлено на формирование национальной «Дорожной карты», которая позволит интегрировать современные методы профилактики и лечения избыточной массы тела в систему первичной медико-санитарной помощи (ПМСП).

👩‍⚕️Актуальность повестки обусловлена тревожной статистикой: по данным исследования STEPS 2024, 58% взрослого населения Казахстана (18+) живут с избыточной массой тела, при этом клиническая форма ожирения зафиксирована у 22,4% граждан.

👶При этом не менее серьезная ситуация наблюдается в детской среде: согласно исследованию COSI (2020), избыточная масса тела отмечается у 20,6% детей в возрасте 6–9 лет, а ожирение — у 6,6%. Эти показатели свидетельствуют о необходимости принятия решительных мер на государственном уровне.

Работа ведется во исполнение поручения Главы Правительства по разработке комплексного плана, направленного на снижение распространенности ожирения и формирование здоровой пищевой среды.

Системное решение этой проблемы требует консолидации усилий всех профильных ведомств и перехода от теоретических концепций к реализации практических инструментов.

Открывая мероприятие, вице-министр здравоохранения РК Алия Рустемова подчеркнула стратегическую важность принимаемых решений.

«Ожирение — это не просто медицинская проблема, а глобальный вызов общественному здравоохранению и экономике, требующий единой национальной политики ускоренных действий. Наша задача — адаптировать проверенные международные инструменты под наши приоритеты, фокусируясь на здоровом питании населения, налоговой политике и доступности медицинской и профилактической помощи», - сказала вице-министр.

Международные эксперты подтверждают готовность поддержать Казахстан в реализации данных инициатив.

«В Казахстане мы вместе с партнёрами выстраиваем всесторонний подход: от мер по снижению доступности сладких напитков и защиты детей от агрессивного маркетинга до обучения врачей и внедрения современных методов лечения. Наша общая цель — существенно уменьшить распространенность ожирения и связанных с ним заболеваний», - отметил представитель ВОЗ в Казахстане Скендер Сыла.


Для достижения поставленных целей Казахстан планирует внедрить комплекс мер, охватывающий нормативное регулирование и продвижение здоровых пищевых привычек.

Ключевыми направлениями станут введение налогов на сахаросодержащие напитки, ограничение маркетинга вредных продуктов, ориентированного на детей, а также внедрение фронтальной маркировки на упаковках для информирования потребителей.

Параллельно будет проведена масштабная модернизация медицинской помощи на уровне первичного звена. Врачи общей практики пройдут обучение методикам «кратких вмешательств», что позволит выявлять риски ожирения на ранних этапах и обеспечивать комплексное мультидисциплинарное ведение пациентов.

Итогом трехдневной миссии станет утверждение практической «Дорожной карты» с четкими сроками реализации и закрепленными зонами ответственности.

Ожидается, что реализация плана до 2030 года позволит сформировать устойчивую пищевую среду и эффективную систему профилактики, ориентированную на укрепление здоровья населения страны.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔1🤯1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Президент:

«Көптеген елдерге қарағанда Қазақстанда барлық деңгейде ақысыз білім алуға мүмкіндік бар. Бұл қағидат жаңа Конституция жобасында өзгеріссіз сақталды.

Біздің балаларымыз мемлекеттік мектептерде ақысыз, яғни ақысыз оқиды. Қазір еліміздегі колледждерде 150 мың студент мемлекет қаржысы есебінен білім алуда. Ізденіп-талаптанса, кез келген жас азамат жоғары оқу орнына грант арқылы түсе алады. Мемлекет мұндай грант санын жыл сайын арттырып жатыр.

Елімізде өмір сүру ұзақтығы алғаш рет 75,9 жасқа жетті. Бұл – осы аймақ елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш.

2023 жылдан бері ана өлімі 35 пайызға азайды. Ал сәби өлімі 20 пайызға қысқарып, тарихи тұрғыдан ең төмен деңгейге түсті.

Соңғы жеті жылда 1259 денсаулық сақтау нысаны салынды. Соның ішінде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 655 нысан бой көтерді.

Былтыр Астанада науқастарды емдейтін Протондық терапия орталығы ашылды. Бұл – біздің аймақтағы теңдессіз нысан. Сондай-ақ өткен жылы «Аналар саулығы» бағдарламасы іске қосылды. Әйелдердің денсаулығын қорғауға арналған бұл бағдарламаның да мән-маңызы айрықша.

Менің тапсырмаммен 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын білесіздер. Соның аясында жыл сайынғы бөлінетін квота саны 7 есе артты (яғни 1 мыңнан 7 мыңға дейін көбейді). Бүгінде 11 мыңнан астам сәби осы ЭКО тәсілімен дүниеге келді».

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Президент:

«В отличие от многих государств бесплатное образование в Казахстане широко доступно на всех уровнях. Этот принцип сохранился неизменным в проекте новой Конституции.

Наши дети бесплатно посещают государственные школы. В настоящее время в колледжах за счет бюджета обучаются 150 тысяч студентов. И каждый молодой человек при определенном старании может получить грант на получение высшего образования. Количество выделяемых государством грантов растет с каждым годом.

Продолжительность жизни в стране впервые достигла 75,9 лет. Это самый высокий показатель среди стран Центральной Азии.

С 2023 года материнская смертность сократилась на 35%, а младенческая — на 20%, достигнув исторического минимума.

За последние семь лет было построено 1259 объектов здравоохранения. Из них 655 возведены в сельской местности в рамках национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения».

В прошлом году в Астане открылся Центр протонной терапии для лечения пациентов. Это уникальный объект в нашем регионе. Также в минувшем году была запущена программа «Аналар саулығы». Данная программа, направленная на охрану здоровья женщин, имеет особое значение.

Как вы знаете, по моему поручению с 2021 года реализуется программа «Аңсаған сәби», в рамках которой количество ежегодно выделяемых квот увеличилось в 7 раз (с 1 тысячи до 7 тысяч). На сегодняшний день благодаря методу ЭКО на свет появилось более 11 тысяч детей».

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Мен медицина қызметкерлеріне күш көрсеткен адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы заңға жыл басында қол қойдым. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің көбінде мұндай норма жоқ.

Сонымен қатар басқа елдермен салыстырғанда Қазақстан халқына ақысыз медициналық көмек алуға заңмен кепілдік берілген. Тек былтырдың өзінде 3,6 миллион адам мемлекет есебінен ақысыз дәрі-дәрмек алған.

Елімізде Әлеуметтік сақтандыру жүйесі тиімді жұмыс істеп тұр. Жұмыссыз қалған, асыраушыдан айрылған және еңбекке жарамсыз адамдарға арнайы көмек беріледі.

Биыл осындай әлеуметтік төлемдердің көлемі 10 пайызға ұлғайды. Бүгінге дейін 660 мыңнан астам адамға шамамен 70 миллиард теңге қаржылай қолдау көрсетілді. Осы жылы жәрдемақының барлық түрінің, базалық және ортақ зейнетақының мөлшері 10 пайызға көбейді.

Мұның бәрі – Қазақстанда дүниеге келгеннен бастап өмір бойы берілетін әлеуметтік көмектің аздаған бөлігі ғана.

Өкінішке қарай, мемлекеттің мұндай қолдауын көпшілік тиісті деңгейде бағалай бермейді, оны солай болуға міндетті деп қабылдайды, аспаннан шұға жауғандай көреді.

Халықаралық сарапшылар үкіметтерге қоғамда жалқаулық белең алып, азаматтардың жұмыс қабілетінің төмендеуі мүмкін екені туралы ескертуде.

Айтпақшы, жақында әйгілі Илон Маск осы тақырыпта сөз сөйлеп, әлеуметтік жүйелердегі «шектен тыс жомарттықтың» зиянын жеткізді. Осы тектес болжамдар мен мәлімдемелерді жиі көреміз.

Сонымен қатар кейбір ар-ұяты жоқ адамдар, қарапайым тілмен айтқанда, алаяқтар, ешқандай құқығы болмаса да әлеуметтік көмек алудың қылмыстық жолдарын жасаған. Бұл жөнінде бұған дейін де айтқанмын.

Мұндай қылмыскерлер ең әуелі мемлекеттік қолдауға шын мұқтаж жандарды тонап отыр. Сондықтан әлеуметтік көмекті тиісті адресіне жеткізу үшін ауқымды жұмыс жүргіземіз.

Шетелдіктер еліміздегі әлеуметтік қолдау жүйесі осыншама жоғары деңгейде екеніне таң қалады. Себебі мұндай көмек кез келген елде көрсетіле бермейді. Ашығын айтсақ, кейбір мемлекеттер осындай қолдау жасауға құлықты емес».

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Касым-Жомарт Токаев:

«В начале года я подписал закон о привлечении к уголовной ответственности за насилие в отношении медицинских работников. В большинстве стран СНГ такой нормы нет.

В отличие от многих других государств, в Казахстане право на бесплатную медицинскую помощь гарантировано законом. Только за прошлый год 3,6 миллиона граждан были обеспечены бесплатными лекарственными средствами за счет бюджета.

Демонстрирует свою эффективность система социального страхования. Оказывается специальная помощь лицам, оставшимся без работы, потерявшим кормильца или утратившим трудоспособность.

В текущем году объем таких социальных выплат вырос на 10%. На сегодняшний день финансовая поддержка оказана более чем 660 тысячам человек на сумму порядка 70 миллиардов тенге.В этом году размеры всех видов пособий, а также базовой и солидарной пенсий увеличены на 10%.

Все это – лишь небольшая часть так называемого социального пакета, предоставляемого в Казахстане с момента рождения и на протяжении всей жизни.

Но, к сожалению, такая поддержка от государства многими гражданами не оценивается должным образом, воспринимается как нечто обязательное, как манна небесная. Международные эксперты предупреждают правительства о возможности усиления в обществах иждивенческих настроений и снижения трудоспособности граждан.

Кстати, на эту же тему недавно высказался и легендарный Илон Маск, предупредивший о пагубности «чрезмерной щедрости» социальных систем. Некоторые подобного рода прогнозы и предупреждения мы уже ощущаем.

Кроме того, нечистоплотные люди, попросту говоря, мошенники, как я не раз уже отмечал, внедряют преступные схемы получения социальной помощи, на которую не имеют никакого права.

Такие преступники крадут, прежде всего, у тех людей, кто действительно нуждается в государственной поддержке. Поэтому мы обязательно проведем большую работу, чтобы сделать систему социальной защиты более адресной и эффективной.

Иностранцев удивляет столь высокий уровень системы социальной поддержки в нашей стране. Дело в том, что такая помощь оказывается далеко не в каждом государстве. Откровенно говоря, некоторые страны не склонны оказывать подобную поддержку».

t.me/aqorda_resmi
👍1👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🌨️Қостанай облысының шұғыл қызметтері соңғы екі тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуде: дауылды ауа райы жағдайына қарамастан шамамен 2 000 шақырту қабылданып, қызмет көрсетілді.

🚑Жолдардың жабылуы және қарлы боран кезінде көріну деңгейінің іс жүзінде нөлге тең болуы жағдайында жедел жәрдем бригадалары, оның ішінде ауылдық кіші станциялар, пациенттерге шығуды жалғастыруда. Олар тіпті жетуі қиын елді мекендерге де баруда.

💨 Экстремалды ауа райы жағдайында медицина қызметкерлері құрысу синдромы бар пациенттерге, түрлі жарақат алғандарға көмек көрсетті.

🧑‍⚕️Сондай-ақ ми қан айналымының жедел бұзылуы (МҚАЖБ) диагнозы қойылған пациентті эвакуациялау үшін бірнеше сағатқа созылған күрделі операция жүргізілді.
Кейбір жағдайларда Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы техникасы қар құрсауын еңсере алмаған кезде, фельдшерлер боран жағдайында жаяу жүріп, дер кезінде медициналық көмек көрсету үшін пациенттерге жетуде.

📳Сонымен қатар call-орталық мамандары пациенттерге қашықтан қолдау көрсетіп, жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қажетті ұсынымдар беріп, әрекеттерді үйлестіруде.

🤝Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі табиғат апатының қақ ортасында өз қауіпсіздіктерін қатерге тігіп, қызметтік міндеттерін адал атқарып жүрген медицина қызметкерлері мен құтқарушыларға алғыс білдіреді.

🔹🔹🔹

🚨Экстренные службы Костанайской области уже двое суток работают в усиленном режиме: около 2 000 вызовов принято и обслужено, несмотря на штормовые погодные условия.

💨 В условиях закрытых трасс и практически нулевой видимости в снежный буран бригады скорой помощи, включая сельские подстанции, продолжают выезды к пациентам, в том числе в труднодоступные населенные пункты.

🧑‍⚕️ В условиях экстремальной непогоды медработники оказали помощь пациенту с судорожным синдромом, с различными травмами, сложная многочасовая эвакуация потребовалась пациенту с острым нарушением мозгового кровообращения (ОНМК).

🚑В ситуациях, когда спецтехника МЧС не может преодолеть снежные заносы, фельдшеры совершают пешие переходы в условиях бурана, чтобы вовремя оказать помощь.

🤳Параллельно с этим специалисты call-центра обеспечивают дистанционную поддержку пациентов, координируя действия и предоставляя необходимые рекомендации до прибытия бригады.

🤝Министерство здравоохранения выражает благодарность медицинским работникам и спасателям, которые, рискуя собственной безопасностью, продолжают выполнять служебный долг в эпицентре стихии.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🚙ДСМ: зертханалық желі үшін 30 арнайы автокөлік БҰҰДБ қолдауымен сатып алынды

🎤Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп, Пандемиялық қордың қолдауымен елдің зертханалық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған ауқымды жобаны іске асырды.

⚡️Өңірлерге 30 арнайы автокөлік берілді, олардың сатып алынуы мен жеткізілуін Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) қамтамасыз етті.

🔬Аталған көліктер Ұлттық сараптама орталығына, өңірлік зертханаларға, обаға қарсы станцияларға және Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығына арналған.

🗺Техника елдің барлық өңірлеріне, соның ішінде сапалы логистика аса маңызды болып табылатын ең шалғай аумақтарға дейін бөлініп таратылды.

«Бұл автокөліктердің берілуі сараптамалық топтардың ұтқырлығын едәуір арттырып, биологиялық үлгілерді тасымалдауды оңтайландырады және инфекциялық аурулар өршіген жағдайда зерттеулер жүргізуді жеделдетеді», — деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.


Арнайы көліктер үлгілерді қауіпсіз тасымалдауға арналған жабдықтармен қамтылған, бұл сапалы эпидемиологиялық қадағалауды қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылады.

⚡️Автопаркті жаңарту төтенше жағдайлар туындаған кезде денсаулық сақтау жүйесінің жедел әрекет етуіне тікелей әсер етеді.

🪲Жобаның іске асырылуы Қазақстанның биологиялық қауіпсіздікті нығайту бағытын ұстанатынын тағы бір мәрте растайды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🚙 МИНЗДРАВ: 30 СПЕЦАВТОМОБИЛЕЙ ДЛЯ ЛАБОРАТОРНОЙ СЕТИ ПРИОБРЕТЕНЫ ПРИ ПОДДЕРЖКЕ ПРООН

🤝🎤Министерство здравоохранения РК совместно со Всемирной организацией здравоохранения при поддержке Пандемического фонда реализовали масштабный проект по развитию лабораторной инфраструктуры страны.

⚡️В регионы передано 30 специализированных автомобилей, закупку и поставку которых обеспечила Программа развития ООН (ПРООН).

🔬Данный транспорт предназначен для Национального центра экспертизы, региональных лабораторий, противочумных станций и Национального центра общественного здравоохранения.

📌Техника уже распределена по всей стране, включая самые труднодоступные территории, где качественная логистика критически важна.

«Передача этих машин значительно повысит мобильность экспертных групп, оптимизирует транспортировку биологических проб и ускорит проведение исследований при вспышках инфекционных заболеваний», — отметил первый вице-министр здравоохранения РК Тимур Султангазиев.

🧪Спецтранспорт оснащен для безопасного перемещения образцов, что является необходимым условием для качественного эпидемиологического надзора.

🚨Обновление автопарка напрямую влияет на оперативность реагирования системы здравоохранения при возникновении чрезвычайных ситуаций.

⚠️Реализация проекта подтверждает приверженность Казахстана курсу на укрепление биологической безопасности.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM