ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.96K subscribers
16.1K photos
1.08K videos
28 files
3.43K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
ҚАЗАҚСТАНДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚОРҒАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЗАҢНАМАЛЫҚ ШАРАЛАР КҮШІНЕ ЕНДІ

Бүгін, 2026 жылғы 7 наурызда Қазақстанда медицина қызметкерлеріне қатысты физикалық күш қолдану мен қорқыту әрекеттері үшін жазаны күшейту туралы Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленіп, қабылданған Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енді.

Бұл өзгерістер Қылмыстық кодекске жаңа бап енгізуді көздейді. Аталған бап медицина қызметкерлерінің, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем бригадалары жүргізушілерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде олардың өміріне, денсаулығына және қауіпсіздігіне қол сұғу үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілейді.
⤵️⤵️⤵️
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
ҚАЗАҚСТАНДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚОРҒАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЗАҢНАМАЛЫҚ ШАРАЛАР КҮШІНЕ ЕНДІ Бүгін, 2026 жылғы 7 наурызда Қазақстанда медицина қызметкерлеріне қатысты физикалық күш қолдану мен қорқыту әрекеттері үшін жазаны күшейту туралы Мемлекет басшысының тапсырмасымен…
🔹Құжат нормаларына сәйкес:
• күш қолдану қаупін төндіргені үшін 200-ден 500-ге дейін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 300 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, не 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы көзделген;

• аталған әрекеттер ауырлататын мән-жайларда жасалған жағдайда жаза күшейтіліп, 2 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыруды құрайды;

• өмірге және (немесе) денсаулыққа қауіпті емес күш қолданылған жағдайда 500-ден 1000-ға дейін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, не 2 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы көзделген;

• өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолдану 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасымен, ал ауырлататын мән-жайлар болған жағдайда 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасымен жазаланады.

🔹Сонымен қатар заңнамалық өзгерістермен қатар медициналық ұйымдарда медицина қызметкерлерінің жұмыс орындарындағы қауіпсіздігін күшейту бойынша қосымша шаралар енгізілуде.

Орта мерзімді кезеңде мынадай шаралар жоспарланған:
• 2,1 мыңнан астам фельдшерді бейнежетондармен жабдықтау;
• 636 қабылдау бөлімшесінде дабыл түймелерін орнату;
• бейнебақылау жүйелерін интеллектуалды аналитикамен біріктіру;
• елдегі 152 стационарда тәулік бойы жұмыс істейтін полиция посттарының қызметін қамтамасыз ету.

🔹Бұған дейін Президент медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен әл-ауқатына зиян келтіретін мұндай оқиғалар «Заң және тәртіп» тұжырымдамасының қағидаттарына сәйкес құқықтық алаңда қатаң түрде тоқтатылуы тиіс екенін атап өткен болатын.

2019 жылдан бері Қазақстанда дәрігерлерге, фельдшерлерге, мейіргерлерге және денсаулық сақтау жүйесінің басқа да қызметкерлеріне қатысты 280-нен астам шабуыл фактісі тіркелген.
В КАЗАХСТАНЕ ВСТУПИЛИ В СИЛУ ЗАКОНОДАТЕЛЬНЫЕ МЕРЫ ПО ЗАЩИТЕ МЕДРАБОТНИКОВ



🔹Сегодня, 7 марта 2026 года в Казахстане вступили в силу изменения в Уголовный кодекс, разработанные и принятые по поручению Главы государства по ужесточению наказания за физическое насилие и угрозы в адрес медицинских работников.

🔹Они предусматривают введение в УК новой статьи, устанавливающей уголовную ответственность за посягательство на жизнь, здоровье и безопасность медицинских работников, а также водителей бригад скорой медицинской помощи при исполнении ими служебных обязанностей.
👍1🔥1
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
В КАЗАХСТАНЕ ВСТУПИЛИ В СИЛУ ЗАКОНОДАТЕЛЬНЫЕ МЕРЫ ПО ЗАЩИТЕ МЕДРАБОТНИКОВ 🔹Сегодня, 7 марта 2026 года в Казахстане вступили в силу изменения в Уголовный кодекс, разработанные и принятые по поручению Главы государства по ужесточению наказания за физическое…
🔱В соответствии с нормами документа:
• за угрозу применения насилия, предусматривается наказание в виде штрафа от 200 до 500 месячных расчётных показателей (МРП), либо исправительных работ в том же размере, либо общественных работ до 300 часов, либо ограничения или лишения свободы сроком до 2 лет;

• при совершении указанных деяний при отягчающих обстоятельствах наказание ужесточается и составит от 2 до 3 лет ограничения или лишения свободы;

• при применения насилия не опасного для жизни и (или) здоровья, предусматривается наказание в виде штрафа от 500 до 1000 месячных расчётных показателей (МРП), либо исправительных работ в том же размере, либо общественных работ до 600 часов, либо ограничения или лишения свободы сроком от 2 до 3 лет ограничения или лишения свободы;

• применение насилия, опасного для жизни и здоровья, будет наказываться лишением свободы на срок от 5 до 10 лет, а при наличии отягчающих обстоятельств — от 7 до 12 лет.


🔹Одновременно с законодательными изменениями в медицинских организациях внедряются дополнительные меры безопасности медиков на рабочих местах.


В среднесрочной перспективе запланировано:
• Оснащение более 2,1 тыс. фельдшеров видеожетонами.
• Установка тревожных кнопок в 636 приемных отделениях.
• Интеграция систем видеонаблюдения с интеллектуальной аналитикой.
• Поддержание работы круглосуточных полицейских постов в 152 стационарах страны.


Президент ранее отмечал, что подобные инциденты, наносящие ущерб здоровью и благополучию медицинских работников, должны решительно пресекаться в правовом поле в соответствии с принципами концепции «Закон и Порядок».

С 2019 года в Казахстане зарегистрировано более 280 фактов нападений на врачей, фельдшеров, медицинских сестёр и других работников системы здравоохранения.
👍1👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Медицинадағы әйелдер — денсаулық сақтау жүйесінің жүрегі.

Исафина Бибігүл Тұрысбекқызы 40 жылға жуық уақытын педиатрия саласына — балалардың денсаулығына қамқорлық жасауға және медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамытуға арнады.

Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының Талдықорған қалалық №2 емханасының педиатрия жөніндегі бас маманы, Жетісу облысы бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі штаттан тыс үйлестіруші, тәуелсіз сарапшы ретінде ол учаскелік дәрігерден емхана директорының орынбасарына дейінгі кәсіби жолдан өтіп, өз мамандығына адал болып келеді.

Оның басшылығымен емханада Балаларды дамыту және ерте араласу орталығы ашылып, балалардың дамуындағы бұзылыстарды ерте кезеңде анықтауға және уақтылы кешенді көмек көрсетуге мүмкіндік берді.

Көп жылғы еңбегі, жоғары біліктілігі мен ісіне деген адалдығы мемлекеттік және салалық наградалармен атап өтілді.
Женщины в медицине — это сердце системы здравоохранения

🔹Почти 40 лет Исафина Бибигуль Турсбековна посвятила педиатрии — заботе о здоровье детей и развитию первичной медико-санитарной помощи.

Главный специалист по педиатрии Талдыкорганской городской поликлиники №2 Управления здравоохранения области Жетісу, внештатный координатор по УПМП области Жетісу, независимый эксперт — она прошла профессиональный путь от участкового врача до заместителя директора поликлиники, оставаясь верной своему призванию.

🔹Под ее руководством в поликлинике открыт Центр развития и раннего вмешательства, который помогает выявлять нарушения развития у детей на ранних этапах и своевременно оказывать комплексную помощь.

Многолетний труд, профессионализм и преданность делу отмечены государственными и отраслевыми наградами.
👍7
🔹ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ИНСУЛЬТ ПЕН ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРДЫ ЖЫЛДАМ АНЫҚТАУҒА КӨМЕКТЕСУДЕ

Денсаулық сақтау министрлігі диагностиканың дәлдігін арттыру, клиникалық шешімдер қабылдауды жақсарту және халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын көтеру мақсатында жасанды интеллект (AI) негізіндегі шешімдерді кезең-кезеңімен енгізіп келеді.

Маңызды бағыттардың бірі – инсультті диагностикалау кезінде жасанды интеллектті қолдану. Cerebra автоматтандырылған диагностика жүйесі еліміздің 9 инсульт орталығында енгізілген.

Бұл технология инсульт белгілерін ерте кезеңде жедел анықтауға мүмкіндік береді, соның арқасында клиникалық шешімдерді жылдам қабылдауға және емдеуді дер кезінде бастауға жағдай жасалады. Жүйені енгізу нәтижесінде тромболитикалық терапияны қолдану 40%-ға артты. 2026 жылы бұл шешімді 33 инсульт орталығына дейін кеңейту жоспарланып отыр.

Онкологиялық қызметте WDSoft компаниясы әзірлеген ауруларды ерте анықтауға арналған шешімдер енгізілуде. Радиологиялық кескіндерді талдау кезінде жасанды интеллект технологияларын қолдану сүт безі мен өкпе обырын ерте кезеңдерде анықтауға мүмкіндік береді.

Жасанды интеллектті қолданудың арқасында онкологиялық ауруларды анықтау көрсеткіші 32%-ға артты, ал диагностика жасау уақыты 40 минуттан 10 минутқа дейін қысқарды. Қазіргі уақытта жоба еліміздің 12 өңіріндегі 190 медициналық ұйымда іске асырылып жатыр және оны одан әрі кеңейту жалғасуда.

Заманауи технологиялар стоматология саласында да белсенді қолданылуда. Aidentis шешімдері рентген суреттерін автоматты түрде талдап, патологиялық өзгерістерді анықтап, емдеу бойынша ұсынымдар қалыптастыруға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде кескіндерді талдау уақыты бір сағаттан бір минутқа дейін қысқарды.

Барлық цифрлық шешімдер Медициналық деректердің бірыңғай қоймасы базасында іске асырылатын болады. Бұл медициналық ақпараттық жүйелердің интеграциясын қамтамасыз етуге, денсаулық сақтау саласын басқару тиімділігін арттыруға және Қазақстанда зияткерлік медицинаны одан әрі дамытуға негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді.
🔹В КАЗАХСТАНЕ ИИ ПОМОГАЕТ ВРАЧАМ БЫСТРЕЕ ВЫЯВЛЯТЬ ИНСУЛЬТ И ОНКОЛОГИЧЕСКИЕ ЗАБОЛЕВАНИЯ

Министерство здравоохранения последовательно внедряет решения на основе искусственного интеллекта (AI) для повышения точности диагностики, принятия клинических решений и улучшения качества медицинской помощи населению.

Одним из важных направлений является использование ИИ при диагностике инсульта. Система автоматизированной диагностики Cerebra уже внедрена в 9 инсультных центрах страны.

Технология позволяет оперативно выявлять признаки инсульта на ранних стадиях, что способствует более быстрому принятию клинических решений и своевременному началу лечения. В результате внедрения системы применение тромболитической терапии увеличилось на 40%. В 2026 году планируется масштабирование решения до 33 инсультных центров.

В онкологической службе внедряются решения по ранней диагностике заболеваний, разработанные компанией WDSoft. Использование технологий ИИ при анализе радиологических изображений позволяет выявлять рак молочной железы и лёгких на ранних стадиях.

Благодаря применению ИИ выявляемость онкологических заболеваний увеличилась на 32%, а время диагностики сократилось с 40 до 10 минут. В настоящее время проект реализуется в 190 медицинских организациях 12 регионов страны, и его дальнейшее масштабирование продолжается.

Современные технологии активно применяются и в стоматологии. Решения Aidentis позволяют автоматически анализировать рентгенологические снимки, выявлять патологические изменения и формировать рекомендации по лечению. В результате время анализа изображений сокращено с одного часа до одной минуты.

Все цифровые решения будут реализовываться на базе Единого хранилища медицинских данных, что позволит обеспечить интеграцию медицинских информационных систем, повысить эффективность управления здравоохранением и создать основу для дальнейшего развития интеллектуальной медицины в Казахстане.
🔹ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: 2023 ЖЫЛДАН БЕРІ ДӘРІ-ДӘРМЕК САТЫП АЛУДАҒЫ ҮНЕМНІҢ КӨЛЕМІ 3 ЕСЕГЕ АРТТЫ

Сатып алуды тиімді басқару, логистикалық бағыттарды жаңғырту және дәрілік заттарды дербестендірілген есепке алу жүйесін енгізу нәтижесінде 2023 жылдан бергі кезеңде үнемнің көлемі 3 еседен астам өсіп, 21,5 млрд теңгеден 70,5 млрд теңгеге дейін жетті. Үнемделген қаражат медициналық ұйымдардың өтінімдері бойынша пациенттердің қосымша қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жедел бағытталды.

Баға белгілеудің жаңа жүйесі, бірыңғай дистрибьютор қоймаларындағы қалдықтарды есепке алу және сауда атаулары мен дозаларды таңдаудағы икемді тәсілдің арқасында жүйе соңғы үш жыл бойы үнем көрсеткішінің тұрақты өсуін көрсетіп келеді.

Мәселен, 2023 жылы қорларды есепке ала отырып сатып алынған 1571 атаудағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар бойынша 21,5 млрд теңге үнемделді.

2024 жылы жұмыс ауқымы кеңейіп, 1596 атауды сатып алу нәтижесінде үнемнің көлемі 50 млрд теңгеге дейін артты.

2025 жылы рекордтық көрсеткішке қол жеткізіліп, 1711 атаудағы өнімді сатып алу мемлекет бюджеті үшін 70,5 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік берді.

Баға белгілеу жүйесін реформалау нәтижесінде ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрілік заттардың шекті бағасы орта есеппен 15%-ға, ал көтерме және бөлшек сауда сегментінде орта есеппен 26%-ға төмендетілгенін еске салған жөн.
🔹МИНЗДРАВ: СУММА ЭКОНОМИИ НА ЗАКУПЕ ЛЕКАРСТВЕННЫХ СРЕДСТВ С 2023 ГОДА УВЕЛИЧИЛАСЬ В 3 РАЗА

В результате эффективного управления закупками, модернизации логистических маршрутов и внедрения персонализированного учета лекарственных средств (ЛС) сумма экономии за период с 2023 года увеличилась в 3 с лишним раза – с 21,5 млрд тенге до 70,5 млрд тенге. Полученные средства были оперативно направлены на обеспечение дополнительных потребностей пациентов по заявкам медицинских организаций.

Благодаря новой системе ценообразования, учету остатков на складах единого дистрибьютора и гибкому подходу к выбору торговых наименований и дозировок, система демонстрирует уверенный рост экономии на протяжении трех лет.

Так, в 2023 году из 1571 наименования ЛС и МИ, закупленных с учетом запасов, удалось сэкономить 21,5 млрд тенге.

В 2024 году масштабы работы расширились: закуп 1596 наименований позволил увеличить показатель экономии до 50 млрд тенге.

Рекордные результаты были достигнуты в 2025 году, когда закуп 1711 наименований принес государству 70,5 млрд тенге экономии бюджетных средств.

Напомним, что за счет реформы ценообразования предельные цены на лекарства в рамках ГОБМП и системе ОСМС снижены в среднем на 15%, в оптовом и розничном сегменте в среднем на 26%.
⤴️ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: ҚАЗАҚСТАНДА ДОНОРЛЫҚҚА НИЕТ БЕРГЕНДЕРДІҢ САНЫ 3 ЕСЕГЕ ЖУЫҚ ӨСТІ

✍️ 2025 жылы Қазақстанда 12 671 адам қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісімін берген.

❤️‍🩹Бұл жай ғана статистика емес. Әрбір осындай шешім – трансплантаттауды күтіп отырған бірнеше адамның өмірін сақтап қалу мүмкіндігі.

❗️Жалпы алғанда, соңғы үш жылда қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа саналы түрде келісім берген азаматтар саны шамамен 3 есеге артты:
• 2023 жылы – 4 991 адам,
• 2024 жылы – 7 242 адам,
• 2025 жылы – 12 671 адам.

Бұл статистиканың ең маңызды қорытындысы – қазақстандықтардың донорлық мәселесіне барған сайын жауапкершілікпен қарап, бұл туралы өмірінде алдын ала ойлануы. Бұл – адам өмірін сақтап қалуға бағытталған саналы әрі маңызды таңдау.


🔹🔹🔹

↗️МИНЗДРАВ: ЧИСЛО ПОЛОЖИТЕЛЬНЫХ ВОЛЕИЗЪЯВЛЕНИЙ О ДОНОРСТВЕ ВЫРОСЛО ПОЧТИ В 3 РАЗА

✍️В 2025 году 12 671 человек в Казахстане в прошлом году сказали «да» посмертному донорству.

❤️‍🩹Это не просто цифры, каждое такое решение это потенциально несколько спасённых жизней людей, которые ждут трансплантацию.

❗️Если брать общую картину, то за последние три года людей, которые сознательно подтвердили свое согласие на посмертное донорство выросло почти в 3 раза.
в 2023 году - 4 991 человек,
в 2024 - уже 7 242,
в 2025 - 12 671.

Возможно, самый важный вывод из этой статистики заключается в том, что всё больше казахстанцев начинают задумываться об этом вопросе и принимать ответственное решение ещё при жизни. Это осознанный выбор в пользу спасения человеческих жизней.
❗️Қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі иммундау шараларын күшейтуді жалғастыруда

💉Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қызылшамен сырқаттанушылық бойынша жағдайды тұрақтандыруға бағытталған профилактикалық іс-шаралар кешенінің жалғасып жатқанын хабарлайды.

🩺Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, эпидемиологиялық мониторинг жұқтырғандар санының өскенін көрсетуде. Бұл, негізінен, нысаналы жас топтарындағы балалардың вакцинацияшаумен жеткіліксіз қамтылуына байланысты.

📶2026 жылдың басынан бері елде қызылшаның 4 184 жағдайы тіркелді. Ауру жұқтырғандардың 83,8%-ын 14 жасқа дейінгі балалар құрайды.

⚡️Өткен аптада сырқаттанушылық көрсеткіші алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 1,3 есеге артты.

🫸Науқастардың егу мәртебесін талдау көрсеткендей, жұқтырғандардың 77%-ы — екпе алмаған адамдар. Вакцинациялаудың болмауының негізгі себебі (55% жағдайда) — ата-аналардың бас тартуы.

Осыған байланысты мынаны ерекше атап өткен жөн: вакцинациялау — аурудың ауыр салдарының алдын алудың жалғыз тиімді тәсілі.


Қазіргі уақытта инфекция ошақтарын оқшаулау және оның таралуын болдырмау мақсатында ел аумағында ауқымды эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде.

Атап айтқанда, балаларды жоспарлы және толықтырушы вакцинациялау жалғасуда. Ауру ошағында байланыста болған адамдарға шұғыл вакцинациялау жүргізіледі.

Сондай-ақ байланыста болған адамдарға 21 тәулік бойы күнделікті медициналық бақылау ұйымдастырылған. Балабақшаларда қызылша жағдайлары тіркелген кезде егілмеген балалардың келуі уақытша шектеледі.

Иммунопрофилактика мәселелері жөніндегі Республикалық штаб отырыстарында аумақтық денсаулық сақтау департаменттері басшыларының есептері қаралады. Атап айтқанда, Жамбыл облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастамасымен иммундық препараттарды сатып алуға қосымша қаражат бөлінді.

📢Барлық өңірлерде медицина қызметкерлері үшін вакцинамен басқарылатын инфекцияларды диагностикалау және пациенттерді клиникалық жүргізу мәселелері бойынша 4 000-нан астам семинар өткізілді.

⤴️Соңғы 8 жылдың ішінде елде вакцинациялаудан бас тарту жағдайлары 4,8 есеге артқанын айта кету керек. Бұл үрдіс ұжымдық иммунитеттің төмендеуіне тікелей әсер етіп, жағдайды толық тұрақтандыруға кедергі келтіруде.

📌Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды жауапкершілік танытып, балаларды Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес вакцинациялау үшін тіркелген жері бойынша медициналық ұйымдарға уақтылы жүгінуге шақырады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❗️Эпидситуация по кори: Минздрав РК продолжает усиливать меры по иммунизации

💉Министерство здравоохранения Республики Казахстан сообщает о продолжении комплекса профилактических мероприятий, направленных на стабилизацию ситуации по заболеваемости корью.

⚡️Несмотря на принимаемые меры, эпидемиологический мониторинг фиксирует рост числа инфицированных, что обусловлено недостаточным охватом вакцинацией детей целевых возрастных групп.

📶С начала 2026 года в стране зарегистрировано 4 184 случая кори. Среди заболевших 83,8% составляют дети в возрасте до 14 лет.

❗️За прошедшую неделю показатель заболеваемости вырос в 1,3 раза по сравнению с предыдущим периодом.

🫸Анализ прививочного статуса заболевших показывает, что 77% инфицированных — это лица, не имевшие прививок. Основной причиной отсутствия вакцинации (55% случаев) остаются отказы родителей.

В связи с этим считаем необходимым подчеркнуть: вакцинация остается единственным эффективным способом предотвращения тяжелых последствий заболевания.


😷В настоящее время для локализации очагов инфекции и предотвращения ее распространения на территории всей страны проводятся масштабные противоэпидемические мероприятия.

💉Так, продолжается плановая и наверстывающая вакцинация детей. В очагах заболевания оперативно проводится экстренная вакцинация контактных лиц.

🩺Также организовано ежедневное медицинское наблюдение за контактными лицами в течение 21 суток. При регистрации случаев кори в детских дошкольных организациях временно ограничивается посещение непривитыми детьми.

🧬На заседаниях Республиканского штаба по вопросам иммунопрофилактики рассматриваются отчеты руководителей территориальных департаментов здравоохранения. В частности, по инициативе ДСЭК Жамбылской области выделены дополнительные средства на закуп иммунопрепаратов.

🎙Во всех регионах проведено более 4000 семинаров для медработников по вопросам диагностики и клинического ведения пациентов с вакциноуправляемыми инфекциями.

🦠Стоит отметить, что за последние 8 лет число отказов от вакцинации в стране возросло в 4,8 раза. Данная тенденция напрямую влияет на снижение коллективного иммунитета и препятствует полной стабилизации ситуации.

⚡️Министерство здравоохранения призывает граждан проявлять ответственность и своевременно обращаться в медицинские организации по месту прикрепления для проведения вакцинации детей согласно Национальному календарю прививок.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🩻ҚАЗАҚСТАНДА ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ ЕМДЕУ БОЙЫНША НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕР ЖАҚСАРДЫ

❤️‍🩹Онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде 5 жылдық өмір сүру көрсеткіші 16%-ға артты, сәулелік терапиямен қамту 13%-ға өсті, ал обырды ерте анықтау деңгейі 4%-ға көбейді, бұл туралы Астана қаласындағы Көпбейінді медициналық орталыққа барған сапары барысында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.

🩺Ведомство басшысы орталықтың негізгі бөлімшелерінің жұмысымен, онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи технологияларын енгізумен, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесіндегі цифрлық шешімдермен танысты.

Министрге сәулелік терапия жүргізуге арналған КТ-симулятордың, сау тіндерді барынша сақтай отырып, жоғары дәлдіктегі сәулелік терапия жасауға мүмкіндік беретін TrueBeam аппаратының, сондай-ақ медициналық бейнелерді талдауға және дәрігерлік шешім қабылдауды қолдауға арналған Cerebra жасанды интеллект жүйесінің мүмкіндіктері таныстырылды. Бұл жүйе, сонымен қатар, мидың қан айналымының жедел бұзылыстарын диагностикалау кезінде де қолданылады.

Сүт безі обырын ерте анықтаудың тиімділігін арттыру мақсатында диагностикалық жабдықтары жаңғыртылған Маммологиялық орталықтың жұмысына ерекше назар аударылды. Жобаны іске асыру пациенттерді тексеру мен емдеу мерзімдерін қысқартуға да бағытталған.

Сонымен қатар министр диагностикалық және емдік эндоскопиялық араласулардың кең спектрі жүргізілетін Эндоскопиялық орталықты да аралап көрді. Өткен жылы бөлімшеде эндоскопиялық жабдықтар паркі жаңартылып, күрделі жөндеу жүргізілген. Бұл пациенттер үшін заманауи жағдай жасап, аз инвазивті емдеу әдістерінің мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етті.

2025 жылғы қарашада Астанадағы жаңа онкология орталығының базасында Протондық терапия орталығы ашылды. Қазіргі уақытта мұнда 38 пациент ем қабылдауда. Сондай-ақ Қызылорда және Ақтау қалаларында екі жаңа ПЭТ/КТ орталығы пайдалануға берілді (жалпы саны – 16 орталық), онда 280 зерттеу жүргізілген.

Барлық өңірлерде сараптамалық эндоскопиялық орталықтар ашылып, өткен жылы онда 15 мыңнан астам зерттеу жүргізілді, ал емдік манипуляциялар саны 4,5 мыңға артты.

Сапар қорытындысы бойынша министр жоғары технологиялық инфрақұрылымды дамыту, цифрлық шешімдерді енгізу және жасанды интеллект технологияларын онкологияда ғана емес, жалпы медицинада қолдану медициналық көмектің сапасын, диагностика мен емдеудің тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік беретінін, сондай-ақ елдегі онкологиялық көмекті халықаралық заманауи стандарттарға сәйкес нығайтатынын атап өтті.
📢В КАЗАХСТАНЕ УЛУЧШЕНЫ КЛЮЧЕВЫЕ ПОКАЗАТЕЛИ ДИАГНОСТИКИ И ЛЕЧЕНИЯ ОНКОЛОГИЧЕСКИХ ЗАБОЛЕВАНИЙ


📶В рамках реализации Комплексного плана по борьбе с онкологическими заболеваниями 5-летняя выживаемость выросла на 16%, охват лучевой терапией повысился на 13 %, ранняя диагностика рака увеличилась 4%, отметила министр здравоохранения Акмарал Альназарова в ходе посещения Многопрофильного медицинского центра в Астане.

🩻Глава ведомства ознакомилась с работой ключевых подразделений центра, внедрением современных технологий диагностики и лечения онкозаболеваний, а также цифровых решений в системе здравоохранения.

Министру продемонстрировали возможности КТ-симулятора, используемого для проведения лучевой терапии; TrueBeam аппарата, который позволяет проводить высокоточную лучевую терапию с максимальным сохранением здоровых тканей; системы искусственного интеллекта Cerebra - для анализа медицинских изображений и поддержки принятия врачебных решений, в том числе при диагностике острых нарушений мозгового кровообращения.

Особое внимание было уделено работе Маммологического центра, где проведена модернизация диагностического оборудования для повышения эффективности ранней диагностики рака молочной железы. Реализация проекта направлена также на сокращение сроков обследования и лечения пациентов,.

Глава ведомства также осмотрела Эндоскопический центр, где выполняется широкий спектр диагностических и лечебных эндоскопических вмешательств. В прошлом году в отделении был обновлён парк эндоскопического оборудования и проведён капитальный ремонт, что позволило создать современные условия для пациентов и расширить возможности малоинвазивных методов лечения.

В ноябре 2025 года в Казахстане на базе нового онкоцентра Астаны открыт Центр протонной терапии, где сегодня лечение получают 38 пациентов. Введены в эксплуатацию 2 новых центра ПЭТ/КТ в городах Кызылорда и Актау (всего 16 центра), проведено уже 280 исследований.

Во всех регионах открыты экспертные эндоскопические центры, где в прошлом году проведено более 15 тыс. исследований, с ростом на 4,5 тыс. лечебных манипуляций.

По итогам визита министр отметила, что развитие высокотехнологичной инфраструктуры, внедрение цифровых решений и применение технологий искусственного интеллекта в лечении онкологии и не только, позволяют значительно повысить качество медицинской помощи, эффективность диагностики и лечения, а также укрепляют систему онкологической помощи в стране в соответствии с современными международными стандартами.
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Глава государства принял министра здравоохранения Акмарал Альназарову

✔️Президент заслушал отчет о текущем состоянии и перспективах развития системы здравоохранения.

Акмарал Альназарова:

➤ доложила о ключевых медико-демографических показателях.

✔️Наблюдается устойчивое снижение общей и младенческой смертности на 15,3%.

✔️Казахстан достиг целевых показателей ВОЗ по сокращению преждевременной смертности от неинфекционных заболеваний на 25%.

➤ представила информацию о повышении доступности медицинской помощи, совершенствовании работы первичного звена, расширении скрининговых программ и модернизации службы охраны материнства и детства.

✔️Продолжается развитие онкологической службы.

✔️Открыт Центр протонной терапии на базе нового онкоцентра Астаны.

✔️Введены в эксплуатацию 2 новых центра ПЭТ/КТ в Кызылорде и Актау.

✔️Во всех регионах открыты экспертные эндоскопические центры.

✔️Завершено строительство Национального научного онкологического центра и ряда региональных объектов.

➤ Особое внимание в ходе встречи было уделено мерам по усилению финансового контроля в системе ОСМС, включая автоматизацию мониторинга целевого использования средств и ужесточение требований к поставщикам медицинских услуг.

✔️Во исполнение поручений Главы государства министерством проводится системная работа по формированию Единой цифровой инфраструктуры здравоохранения.

✔️Ведется работа по консолидации разрозненных информационных систем в экосистему E-Densaulyq.

➤ сообщила, что за последние два года объем инвестиций в фармацевтическую промышленность увеличился в 2,3 раза, а экспорт продукции отрасли вырос в 1,9 раза.

✔️Заключено 6 инвестиционных соглашений по производству более 400 наименований лекарственных средств на общую сумму 316,3 млрд тенге.

➤ проинформировала о развитии кадрового потенциала отрасли, социальной поддержке медицинских работников.

Президент:

📌дал ряд поручений по повышению качества медицинских услуг, усилению финансовой дисциплины в отрасли, совершенствованию системы подготовки кадров, ускорению цифровой трансформации здравоохранения и развитию отечественной фармацевтической промышленности.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованы қабылдады

✔️Президентке денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жай-күйі мен саланы дамыту перспективасы жөнінде есеп берілді.

Ақмарал Әлназарова:

➤ негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштер туралы баяндады.

✔️Жалпы және нәрестелер өлімі 15,3 пайызға төмендеді.

✔️Қазақстанда жұқпалы емес аурулардан мерзімінен бұрын қайтыс болғандар саны 25 пайызға азайды. Осылайша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мақсатты көрсеткішіне қол жеткізілді.

➤ медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, алғашқы медициналық жәрдемді жетілдіру, скрининг бағдарламаларының аясын кеңейту және ана мен бала денсаулығын қорғау қызметін жаңғырту жөнінде мәлімдеді.

✔️Онкологиялық қызметті дамыту шаралары жалғасып келеді.

✔️Астана қаласындағы жаңа онкологиялық кешеннің базасында Протонды терапия орталығы ашылды.

✔️Қызылорда және Ақтау қалаларында 2 жаңа ПЭТ/КТ кешені іске қосылды.

✔️Барлық өңірде сарапшылық эндоскопия орталықтарының жұмысы жолға қойылды.

✔️Ұлттық ғылыми онкология орталығы мен аймақтардағы бірқатар нысан құрылысы аяқталды.

➤ МӘМС жүйесіндегі қаржыны бақылауды күшейту, соның ішінде қаражатты мақсатты жұмсауды мониторингтеу жүйесін автоматтандыру және медициналық қызмет көрсетушілерге талапты қатаңдату шараларына баса назар аударды.

✔️Министрлік Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Денсаулық сақтаудың бірыңғай цифрлық инфрақұрылымын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

✔️Жеке-жеке қызмет көрсететін ақпарат жүйелерін E-Densaulyq платформасына біріктіру қолға алынған.

➤ соңғы екі жылда фармацевтика өнеркәсібіне салынған инвестиция көлемі 2,3 есе, ал дәрі-дәрмектің экспорты 1,9 есе өскенін баяндады.

✔️Дәрі-дәрмектің 400-ден астам түрін өндіру бойынша 6 инвестициялық келісім жасалды. Олардың жалпы құны 316,3 миллиард теңгеге бағаланған.

➤ саланың кадрлық әлеуетін дамыту, медицина қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету жөнінде ақпарат ұсынды.

Президент:


📌медициналық қызмет сапасын арттыру, саладағы қаржылық тәртіпті қатаңдату, маман даярлау жүйесін жетілдіру, цифрлық жаңғырту жұмыстарын жеделдету және отандық фармацевтика өнеркәсібін өркендету бойынша бірқатар тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда «Қамқорлық» орталығы ашылды: балаларға тегін оңалту қызметі қолжетімді бола түсті

👩‍🍼Алматы қаласындағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының базасында «Қамқорлық» ерте араласу орталығы өз жұмысын бастады.

Бұл нысанның ашылуы ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсету үшін озық медициналық, білім беру және әлеуметтік технологияларды бір алаңда біріктіруге мүмкіндік берді.

Кешенді тәсілді іске асыру мақсатында орталықта мультидисциплинарлық команда құрылды. Оның құрамына невропатологтар, реабилитологтар, неонатологтар, психологтар мен дефектологтар кіріп, әрбір пациент үшін жеке оңалту бағдарламаларын әзірлейді.

Емдеу үдерісінің тиімділігі шунгит пен тұз бөлмелерін, иммерсиялық ваннаны, сондай-ақ когнитивтік дамуға және абилитацияға бағытталған сенсорлық кеңістіктерді қоса алғанда инновациялық терапия аймақтарын қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.

Орталықтың техникалық мүмкіндіктері күндізгі стационар режимінде күн сайын 50 балаға дейін қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл 21 күндік курс ұзақтығын ескере отырып, жылына шамамен 600 баланы қамтуға жағдай жасайды.

2025 жылдың қыркүйегінде ашылғаннан бері орталықта 120-дан астам бала білікті көмек алды. Сонымен қатар оңалту қызметтері халыққа МӘМС жүйесі шеңберінде толықтай тегін ұсынылады.

«Қамқорлық» орталығының қызметі балалардың арасындағы мүгедектік деңгейін төмендетуге және пациенттердің қоғамға табысты бейімделуіне бағытталған ерте араласудың халықаралық стандарттарын енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың бір бөлігі болып табылады.

🔹🔹🔹🔹🔹

В Алматы открылся центр «Қамқорлық»: бесплатная реабилитация для детей стала доступнее

На базе Центра перинатологии и детской кардиохирургии Алматы начал работу Центр раннего вмешательства «Қамқорлық».

Создание данного объекта позволило объединить на одной площадке передовые медицинские, образовательные и социальные технологии для оказания помощи детям с особыми потребностями.

Для реализации комплексного подхода в центре сформирована мультидисциплинарная команда, в состав которой вошли неврологи, реабилитологи, неонатологи, психологи и дефектологи, разрабатывающие индивидуальные программы для каждого пациента.

Эффективность лечебного процесса обеспечивается использованием инновационных зон терапии, включая шунгитовую и соляную комнаты, иммерсионную ванну и сенсорные пространства, направленные на когнитивное развитие и абилитацию.

Технические мощности центра позволяют ежедневно принимать до 50 детей в режиме дневного стационара, что обеспечивает годовой охват на уровне 600 человек при длительности курса в 21 день.

С момента открытия в сентябре 2025 года квалифицированную помощь уже получили более 120 детей, при этом услуги реабилитации предоставляются населению полностью бесплатно в рамках системы ОСМС.

Деятельность центра «Қамқорлық» является частью работы по внедрению международных стандартов раннего вмешательства, направленных на снижение уровня детской инвалидизации и успешную социальную адаптацию пациентов.