ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.77K subscribers
16.5K photos
1.17K videos
28 files
3.57K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
🏥 ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: ЕМХАНАЛАР БЕЛСЕНДІ ЕМЕС ХАЛЫҚПЕН ЖҰМЫСТЫ КҮШЕЙТТІ

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдарында белсенді емес және сақтандырылмаған пациенттер болған жағдайда төмендетуші коэффициенттерді енгізу нәтижесінде емханалар бекітілген контингентті өзектендіру және азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне тарту бойынша жұмысты күшейтті.

Жаңа қаржыландыру моделі медициналық ұйымдарда ұзақ уақыт бойы медициналық көмекке жүгінбейтін пациенттердің, сондай-ақ сақтандырылмаған адамдардың үлесі жоғары болып сақталған жағдайда қаржыландыру көлемін төмендетуді көздейді.

Осылайша, қаржыландыру тікелей пациенттердің нақты белсенділігіне және олардың МӘМС жүйесіне қатысуына тәуелді болады.

Қабылданған шаралар алғашқы көмектің қолжетімділігін арттыруға және профилактикалық жұмысты күшейтуге бағытталған. Ерекше назар созылмалы ауруларды ерте анықтауға, скринингтер жүргізуге және диспансерлік бақылауды кеңейтуге аударылады.

2026 жылы Денсаулық сақтау министрлігі халықты бекіту қағидаларын қайта қарауды, қызмет көрсетушілерді сатып алуға жіберудің жаңа өлшемшарттарын енгізуді, ауылдық ерекшеліктерді ескере отырып бастапқы буынды қаржыландыру моделін жаңартуды және скринингтерді облыс орталықтары деңгейінде орталықтандыруды жоспарлап отыр.

Реформаларды іске асыру Мемлекет басшысының денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту және халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде жүзеге асырылуда.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏥 МИНЗДРАВ:ПОЛИКЛИНИКИ УСИЛИЛИ РАБОТУ С НЕАКТИВНЫМ НАСЕЛЕНИЕМ

С внедрением в организациях первичной медико-санитарной помощи понижающих коэффициентов при наличии неактивных и незастрахованных пациентов поликлиники усилили работу по актуализации прикрепленного контингента и вовлечению граждан в систему обязательного социального медицинского страхования, сообщили в Министерстве здравоохранения.

Новая финансовая модель предусматривает снижение объема финансирования для медицинских организаций в случае, если сохраняется высокая доля пациентов, не обращающихся за медицинской помощью длительное время, а также лиц без статуса застрахованных.

Таким образом, финансирование напрямую зависит от реальной активности пациентов и их участия в системе ОСМС.

Принятые меры направлены на повышение доступности первичной помощи и усиление профилактической работы. Особое внимание уделяется раннему выявлению хронических заболеваний, проведению скринингов и диспансерному наблюдению.

В 2026 году Министерство здравоохранения планирует пересмотреть правила прикрепления населения, внедрить новые критерии допуска поставщиков к закупу услуг, обновить модель финансирования первичного звена с учетом сельской специфики и централизовать скрининги на уровне областных центров.

Реализация реформ осуществляется в рамках исполнения поручений Главы государства по модернизации системы здравоохранения и повышению доступности медицинской помощи населению.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏥 🔷 ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫНДА АКШ-ТЫҢ СӘТТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қостанай облыстық ауруханасының кардиохирургия бөлімшесінде жоғары қауіп тобындағы пациенттерге артериялық коронарлық шунттау (АКШ) бойынша бірқатар операциялар жүргізілді.

Мамандар ауыр тарихы бар 68-76 жас аралығындағы пациенттерге операция жасады: бұрын бастан өткерген инсульт, инфаркт және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі.

Бір жағдайда, шұғыл жағдайға және елордалық клиникаларға тасымалдау қаупінің жоғары болуына байланысты консилиум жергілікті жерде хирургиялық араласу туралы шешім қабылдады. Екі операция да сәтті өтті. Қазіргі уақытта пациенттердің жағдайы тұрақты, оң динамиканы көрсетеді және ерте оңалту кезеңінен өтуде.

Операциялардың тиімділігі мультдисциплиналық топтың (кардиохирургтер, анестезиологтар және мейіргерлер) үйлесімді жұмысымен және ашық жүрекке араласуға қажетті техникалық базаның болуымен қамтамасыз етіледі. Туған өңірде жоғары технологиялық медициналық көмекті (ЖТМК) дамыту ауыр пациенттерді республикалық орталықтарға тасымалдаумен байланысты қауіптерді барынша азайтуға және қысқа мерзімде көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Бұл бағытты дамыту облыс тұрғындарына барынша қысқа мерзімде күрделі кардиохирургиялық көмек алуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏥 🔷 УСПЕШНЫЕ ОПЕРАЦИИ АКШ ПРОВЕЛИ В КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТНОЙ БОЛЬНИЦЕ

В отделении кардиохирургии Костанайской областной больницы проведена серия операций по аортокоронарному шунтированию (АКШ) пациентам из группы высокого риска.

Специалистами прооперированы пациенты в возрасте 68–76 лет с тяжелым анамнезом: ранее перенесенные инсульты, инфаркты и хроническая сердечная недостаточность.

В одном из случаев, из-за экстренного состояния и высокого риска транспортировки в столичные клиники, консилиумом было принято решение об оперативном вмешательстве на месте. Обе операции прошли успешно. На данный момент пациенты стабильны, демонстрируют положительную динамику и проходят этап ранней реабилитации.

Результативность операций обеспечена слаженной работой мультидисциплинарной команды (кардиохирургов, анестезиологов и медсестер) и наличием необходимой технической базы для вмешательств на открытом сердце. Развитие высокотехнологичной медицинской помощи (ВТМП) в родном регионе позволяет минимизировать риски, связанные с транспортировкой тяжелых пациентов в республиканские центры, и оказывать помощь в кратчайшие сроки.

Развитие данного направления позволяет жителям области получать сложную кардиохирургическую помощь в максимально короткие сроки.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💊 🔴 ДДҰ МИССИЯСЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫҢ АЙНАЛЫМЫ ЖҮЙЕСІНЕ БАҒА БЕРДІ

Астанада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымының Ұлттық реттеу жүйесін бағалау жөніндегі миссиясы аяқталды.

Аудит реттеуші органдардың жетілуін объективті бағалауға мүмкіндік беретін халықаралық әдіснама - жаһандық бенчмаркинг құралы бойынша жүргізілді. Рәсім Ұлттық реттеу жүйесінің тұрақтылығы мен тиімділігін халықаралық танудың маңызды кезеңі ретінде қарастырылады.

Бағалау реттеушінің негізгі функцияларын, соның ішінде жүйені жалпы басқару, дәрі-дәрмектерді тіркеу және нарыққа жіберу, фармакологиялық қадағалау, нарықты бақылау, лицензиялау және инспекциялық қызмет, зертханалық зерттеулер және клиникалық сынақтарды қадағалау функцияларын қамтыды.

Миссияның қорытындысы бойынша сарапшылар реттеуші жүйені дамытудағы елеулі прогресті, сапа мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи тәсілдерін енгізуді, сондай-ақ процестерді дәйекті цифрландыруды атап өтті.

Миссияның жабылу салтанатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова дәрілік заттардың сапасын, қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың сөзсіз басымдығы болып қала беретінін атап өтті.

Оның айтуынша, тұрақты, заманауи және ашық реттеу жүйесін қалыптастыру пациенттер мен медициналық қоғамдастықтың мүдделерін қорғауға бағытталған.
Миссияның нәтижелерін ресми жариялау және Ұлттық реттеу жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі ұсынымдармен қорытынды есепті ұсыну құжатты Женевадағы ұйымның жаһандық офисі деңгейінде қарағаннан кейін өтеді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💊 🔴 МИССИЯ ВОЗ ПРОВЕЛА ОЦЕНКУ СИСТЕМЫ ОБРАЩЕНИЯ ЛЕКАРСТВ И МЕДИЗДЕЛИЙ В КАЗАХСТАНЕ

В Астане завершилась миссия Всемирной организации здравоохранения по оценке национальной регуляторной системы обращения лекарственных средств и медицинских изделий.

Аудит проводился по Глобальному инструменту бенчмаркинга - международной методологии, позволяющей объективно оценить зрелость регуляторных органов. Процедура рассматривается как важный этап для международного признания устойчивости и эффективности национальной системы регулирования.

Оценка охватила ключевые функции регулятора, включая общее управление системой, регистрацию и допуск лекарственных средств на рынок, фармаконадзор, рыночный контроль, лицензирование и инспекционную деятельность, лабораторные исследования, а также надзор за клиническими испытаниями.

По итогам миссии эксперты отметили существенный прогресс в развитии регуляторной системы, внедрение современных подходов к обеспечению качества и безопасности, а также последовательную цифровизацию процессов.

На церемонии закрытия миссии министр здравоохранения РК Акмарал Альназарова отметила, что обеспечение качества, безопасности и эффективности лекарственных средств остается безусловным приоритетом государственной политики.

По ее словам, формирование устойчивой, современной и прозрачной системы регулирования направлено на защиту интересов пациентов и медицинского сообщества.

Официальное оглашение результатов миссии и представление итогового отчёта с рекомендациями по дальнейшему развитию национальной регуляторной системы состоится после рассмотрения документа на уровне Глобального офиса организации в Женеве.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔷 🇰🇿 А.ӘЛНАЗАРОВА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТАПСЫРМАСЫН ОРЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША МАЖ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Денсаулық сақтау министрлігінде ведомство басшысы Ақмарал Әлназарованың төрағалығымен Мемлекет басшысының саланы тереңдетілген цифрландыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде жеке медициналық ақпараттық жүйелер (МАЖ) өкілдерімен жұмыс кеңесі өтті.

Кездесу барысында қатысушылар медициналық ақпараттық жүйелерді медициналық деректердің бірыңғай қоймасымен (МДБҚ) интеграциялау мәселелерін талқылады. Министр ақпараттық деректер базасының бытыраңқылығын жою жөніндегі міндеттерді орындау шеңберінде жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

АТ-компаниялардың өкілдері мен Денсаулық сақтау министрлігінің бейінді департаменттерінің мамандары деректерді синхрондаудың техникалық аспектілерін пысықтады. Атап айтқанда, ақпаратты беру хаттамалары бойынша нақтылау және сервистерді тестілеудің ағымдағы мәртебесі талқыланды.

Тараптар медициналық көмекті ашық қаржыландыру үшін негіз болатын деректердің объективтілігін және түпкілікті бақылауды қамтамасыз ету үшін жүйелерді қажетті пысықтау туралы пікір алмасты.

Кеңес қорытындысы бойынша туындайтын мәселелерді жұмыс тәртібімен жедел шешу қажеттілігі атап өтілді.

Министрлік интеграциялық процестерді уақтылы аяқтау үшін әзірлеушілерге әдіснамалық қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Талқылауға Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов, Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының (РЭДО) басшылығы, сондай-ақ Damumed, «Авиценна», «Надежда», «Акгюн»компанияларының және нарықтың басқа да қатысушыларының өкілдерін қоса алғанда, АТ-ұйымдарының басшылары қатысты.

Ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша жұмыс ҚР Президентінің медициналық деректердің бірыңғай қоймасын енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында жүргізіліп жатқанын естеріңізге сала кеткен жөн.

Бұл шара деректердің қайталануын болдырмауға, дәрігерлердің жұмысын жеңілдетуге және пациенттердің шоғырландырылған электрондық медициналық картаға қол жеткізуін қамтамасыз етуге арналған.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔷 🇰🇿 А.АЛЬНАЗАРОВА ПРОВЕЛА ВСТРЕЧУ С ПРЕДСТАВИТЕЛЯМИ МИС ПО ВОПРОСАМ ИСПОЛНЕНИЯ ПОРУЧЕНИЯ ГЛАВЫ ГОСУДАРСТВА

В Министерстве здравоохранения под председательством Акмарал Альназаровой прошло рабочее совещание с представителями частных медицинских информационных систем (МИС) в рамках реализации поручений Главы государства по углубленной цифровизации отрасли.

В ходе встречи участники обсудили вопросы интеграции медицинских информационных систем с Единым хранилищем медицинских данных (ЕХМД). Министр подчеркнула, что работа ведется в рамках исполнения задачи по устранению разрозненности информационных баз данных.

Представители ИТ-компаний и специалисты профильных департаментов Минздрава проработали технические аспекты синхронизации данных. В частности, обсуждались уточнения по протоколам передачи информации и текущий статус тестирования сервисов.

Стороны обменялись мнениями о необходимых доработках систем для обеспечения сквозного контроля и объективности данных, которые станут основой для прозрачного финансирования медицинской помощи.

По итогам совещания была отмечена необходимость оперативного решения возникающих вопросов в рабочем порядке.

Министерство выразило готовность оказывать методологическую поддержку разработчикам для своевременного завершения интеграционных процессов.

В обсуждении приняли участие вице-министр здравоохранения Ербол Оспанов, руководство Республиканского центра электронного здравоохранения (РЦЭЗ), а также руководители ИТ-организаций, включая представителей компаний Damumed, «Авиценна», «Надежда», «Акгюн» и других участников рынка.

Напомним, работа по интеграции информационных систем проводится во исполнение поручения Президента РК по внедрению Единого хранилища медицинских данных.

Данная мера призвана исключить дублирование данных, упростить работу врачей и обеспечить пациентам доступ к консолидированной электронной медицинской карте.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏥 ҰШМҮО терапия департаментінің пациенті орталықтың жұмысы, дәрігерлердің еңбегі туралы өз әсерімен бөлісті.

Дәрігерлердің кәсібилігі, мейірбикелердің мұқият қарым — қатынасы, қызметкерлердің қолдауы мен қамқорлығы денсаулықты қалпына келтіруге ғана емес, сонымен қатар ең қиын кезеңде сенімділік пен тыныштықты сезінуге көмектеседі.

ҰШМҮО - да біз әрбір пациентке құрмет, мейірімділік және жауапкершілікпен қараймыз.

Сенім үшін рахмет
Сізге зор денсаулық пен амандық тілейміз!

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz


🔷🔷🔷

🏥 Пациентка Департамента терапии НКЦЭМ делится своими впечатлениями о лечении и пребывании в центре.

Профессионализм врачей, внимательное отношение медицинских сестёр, поддержка и забота персонала — всё это помогает не только восстановить здоровье, но и почувствовать уверенность и спокойствие в самый непростой период.

В НКЦЭМ каждый пациент — это прежде всего человек, к которому относятся с уважением, теплом и ответственностью.

Благодарим за доверие
Желаем крепкого здоровья и благополучия!

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔷 👩‍🍼 Сейчас поэтапно внедряется новая, комплексная модель медицинского сопровождения ребенка.

Это значит, что за здоровьем ребенка будут наблюдать системно — с самого рождения и на всех этапах взросления.

Усиливается ранняя диагностика нарушений развития, чтобы возможные проблемы выявлялись как можно раньше.

Также улучшается взаимодействие между врачами общей практики и педиатрами. При необходимости к диагностике и лечению подключаются несколько профильных специалистов — то есть ребенок получает помощь не от одного врача, а от команды специалистов и в одном месте, в одной поликлинике.

Главная цель изменений — сделать медицинскую помощь детям более доступной, более скоординированной и максимально приближенной к каждой семье.

В этих целях за последний год в поликлиниках по месту жительства открыто 366 педиатрических отделений и почти столько же Центров развития и раннего вмешательства.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔷👩‍🍼Қазір баланы медициналық қолдаудың жаңа, кешенді моделі кезең-кезеңімен енгізілуде.

Бұл дегенімі — туғаннан бастап және өсудің барлық кезеңдерінде баланың денсаулығы жүйелі түрде бақыланады.

Ықтимал проблемалар мүмкіндігінше ертерек анықталуы үшін даму бұзылыстарының ерте диагностикасы күшейтіледі.

Жалпы практика дәрігерлері мен педиатрлардың өзара іс-қимылы да жақсарады. Қажет болған жағдайда диагностика мен емдеуге бірнеше бейінді маман қосылады — яғни бала бір дәрігерден емес, мамандар тобынан және бір жерде, бір емханада көмек алады.

Өзгерістердің басты мақсаты - балаларға медициналық көмекті қолжетімді ету, үйлестірілген және әр отбасына мүмкіндігінше жақын ету.

Осы мақсатта өткен жылы тұрғылықты жері бойынша емханаларда 366 педиатриялық бөлімше және осынша Даму және ерте араласу орталықтары ашылды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌 Халықаралық әйелдер күні қарсаңында біз өмірін ең ізгі мамандыққа — ең «қызу» учаскелерде медициналық көмек көрсетуге арнаған әйелдер туралы баяндаймыз.

Бирюкова Ирина Григорьевна — Қарағанды қаласының жедел медициналық жәрдем қызметінің бірінші қосалқы станциясының фельдшері, еңбек өтілі 33 жыл.

Жедел жәрдем қызметі ол үшін жай ғана жұмыс орны емес, бүкіл ғұмырының ісіне айналды. Мыңдаған шақырту, жүздеген күрделі жағдай, ұйқысыз түнгі ауысымдар және санаулы минуттар ішінде қабылдануы тиіс шешімдер.

Жедел жәрдем фельдшерлері шақырту орнына алғаш болып жетеді. Дәл солар пациенттің жағдайын бағалап, шұғыл медициналық көмек көрсетеді және көп жағдайда ауруханаға жеткізілгенге дейін адам өмірін сақтап қалатын мамандарға айналады.

Ондаған жылдық қызмет барысында Ирина Григорьевна алаңдаушылық, ауырсыну мен үмітке толы талай адам тағдырларының куәсі болды. Алайда бір нәрсе өзгермейді — әр науқасқа деген біліктілік, сабырлылық және шынайы жанашырлық.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz


🔷🔷🔷


📌 В преддверии Международного женского дня мы рассказываем о женщинах, которые посвятили свою жизнь самой благородной профессии – оказывать медицинскую помощь, на самых «горячих» участках.

Бирюкова Ирина Григорьевна — фельдшер первой подстанции скорой медицинской помощи города Караганда, 33 года стажа.

Скорая помощь стала для неё не просто местом работы, а делом всей жизни. Тысячи выездов, сотни сложных случаев, бессонные ночные смены и решения, которые необходимо принимать за считанные минуты.

Фельдшеры скорой первыми прибывают на вызов, именно они оценивают состояние пациента, оказывают неотложную помощь и нередко становятся теми, кто спасает жизнь до госпитализации.

За десятилетия службы Ирина Григорьевна стала свидетелем множества человеческих историй, состоящих из тревог, боли, надежды. Но неизменным остаётся одно: профессионализм, выдержка и искреннее участие к каждому пациенту.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1