Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Грузияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Леван Диасамидземен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйін талқылап, ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтудың перспективалы бағыттарын айқындады.
Келіссөздер шеңберінде бұл кездесу Грузияның дипломатиялық миссиясының басшысы 2025 жылғы маусымда тағайындалғаннан бергі Министрлік басшылығы деңгейіндегі алғашқы ресми кездесу екені атап өтілді. Қазақстан тарапы медицина саласындағы қатынастарға жаңа серпін берудің және оларды сапалы жаңа деңгейге көтерудің маңыздылығын атап өтті.
Диалог барысында медициналық сақтандыру жүйелерін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар заманауи сақтандыру тетіктерін енгізу, қызмет көрсету жүйесіне жеке сектордың қатысуын кеңейту және медициналық ұйымдарды басқарудың тиімділігін арттыру бойынша тәжірибе алмасуға өзара қызығушылық танытты.
Денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту бойынша бірлескен шешімдер әзірлеу мақсатында тұрақты консультациялық үдеріс пен сараптамалық бағалар алмасуын жолға қою ұсынылды.
Сондай-ақ ынтымақтастықтың басым бағыттары ретінде медициналық туризмді, фармацевтикалық өнеркәсіпті, кадрлық әлеуетті дамыту және цифрландыру мәселелері белгіленді.
Халықаралық аккредитациядан өткен жетекші қазақстандық клиникалардың шетел азаматтарына медициналық көмектің кең спектрі бойынша жоғары технологиялық қызмет көрсетуге дайын екені атап өтілді.
Тараптар дәрілік қамтамасыз ету саласында тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін, сондай-ақ медициналық бұйымдар мен жабдықтарды жеткізу бағытындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.
Мамандардың біліктілігін арттыру және бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру мақсатында бейінді білім беру және ғылыми ұйымдар арасындағы байланыстарды нығайтуға қызығушылық білдірілді.
Заманауи АТ-шешімдерді, электрондық денсаулық сақтау мен телемедицинаны енгізу мәселелеріндегі өзара іс-қимылдың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруды бақылау және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін бірлескен жұмыс тобын құру мәселесін қарастыру ұсынылды.
Кездесу қорытындысында тараптар әріптестік қағидаттарына адалдығын растап, екі елдің мүддесі үшін одан әрі ынтымақтастықтың жемісті дамитынына сенім білдірді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
gov.kz/memleket/entities/dsm
facebook.com/healthcare.gov.kz
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Министр здравоохранения РК Акмарал Альназарова провела встречу с Чрезвычайным и Полномочным Послом Грузии в РК Леваном Диасамидзе.
Стороны обсудили текущее состояние двустороннего сотрудничества и наметили перспективные планы по укреплению межведомственного взаимодействия.
В ходе переговоров было отмечено, что данная встреча является первой на уровне руководства ведомства с момента назначения главы дипломатической миссии Грузии в июне 2025 года. Казахстанская сторона подчеркнула значимость придания нового импульса отношениям в области медицины и вывода их на качественно более высокий уровень.
Особое внимание в рамках диалога было уделено вопросам совершенствования систем медицинского страхования. Стороны выразили взаимную заинтересованность в обмене опытом по внедрению современных страховых механизмов, расширению участия частного сектора в системе оказания услуг и повышению эффективности управления медицинскими организациями.
Было предложено наладить регулярный консультативный процесс и обмен экспертными оценками для выработки совместных решений по модернизации инфраструктуры здравоохранения.
В качестве приоритетных направлений сотрудничества также были обозначены вопросы развития медицинского туризма, фармацевтической промышленности, кадрового потенциала и цифровизации.
Отмечена готовность ведущих казахстанских клиник, обладающих международной аккредитацией, оказывать высокотехнологичную помощь иностранным гражданам по широкому спектру направлений.
Стороны обсудили возможности обмена опытом в сфере лекарственного обеспечения и перспективы взаимодействия в области поставок медицинских изделий и оборудования.
Выражена заинтересованность в укреплении связей между профильными образовательными и научными организациями для повышения квалификации специалистов и реализации совместных научно-исследовательских проектов.
Подчеркнута важность взаимодействия в вопросах внедрения современных ИТ-решений, электронного здравоохранения и телемедицины.
Для обеспечения устойчивого межведомственного взаимодействия и контроля за реализацией достигнутых договоренностей было предложено рассмотреть вопрос о создании совместной рабочей группы.
В завершение встречи стороны подтвердили приверженность принципам партнерства и выразили уверенность в плодотворном развитии дальнейших отношений в интересах обеих стран.
Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан
gov.kz/memleket/entities/dsm
facebook.com/healthcare.gov.kz
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қанайналым жүйесінің аурулары (ҚЖА) Қазақстан Республикасы халқының сырқаттанушылығы мен өлімінің құрылымында жетекші орын алады. Бұл профилактикалық жұмысты да, мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмекті де дамытудың жоғары қажеттілігін анықтайды.
Семей университеті госпиталінің кардиохирургия бөлімшесінде 2025 жылы 101 ашық жүрекке операция, оның ішінде:
- 81 коронарлық артерияны шунттау;
- қолқа мен митралдық қақпақшаларды 20 ашық ауыстыру жасалды.
Жоғары технологиялық медициналық көмек шеңберінде 19 бағыт бойынша 140 араласу жүргізілді.
Университет госпиталінің кардиохирургиялық қызметі Абай облысының тұрғындары үшін кардиологиялық көмек көрсету жүйесінің негізгі буынына айналды.
Технологияларды трансферттеу және мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында ауруханаға Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы Рүстем Төлеутаев бастаған дәрігерлер тобы келді.
Делегация кардиохирургия бөлімшесінің, рентген-эндоваскулярлық зертхананың және балалар стационарының — өңірдегі балаларға арналған жалғыз көпбейінді медициналық мекеменің жұмысымен танысты.
Мастер-класс шеңберінде жоғары технологиялық операциялар:
-жасанды қанайналым жағдайында шағын қолжетімділік арқылы митралдық қақпақшаның пластикасы;
-жасанды қанайналым жағдайында шағын қолжетімділік арқылы қолқа қақпақшасын протездеу жүргізілді.
Бұған дейін ведомство алқасында министр МСАК деңгейінде ҚЖА профилактикасы мен ерте диагностикасын күшейтуді, өңірлерде кардиохирургиялық көмектің қолжетімділігін кеңейтуді, осы қызметтің кадрлық әлеуетін нығайтуды, сондай-ақ пациенттерді уақтылы бағыттау үшін үйлестіруді күшейтуді тапсырған болатын.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
gov.kz/memleket/entities/dsm
facebook.com/healthcare.gov.kz
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Болезни системы кровообращения (БСК) занимают ведущее место в структуре заболеваемости и смертности населения Республики Казахстан. Это определяет высокую потребность в развитии как профилактической работы, так и специализированной и высокотехнологичной медпомощи.
В отделении кардиохирургии Университетского госпиталя Семея в 2025 году выполнено 101 операция на открытом сердце, в том числе:
– 81 аортокоронарное шунтирование;
– 20 открытых замен аортального и митрального клапанов.
В рамках высокотехнологичной медицинской помощи проведено 140 вмешательств по 19 направлениям.
Кардиохирургическая служба Университетского госпиталя стала ключевым звеном системы оказания кардиологической помощи для населения области Абай.
С целью трансферта технологий и повышения квалификации специалистов в госпиталь прибыла группа врачей во главе с председателем правления Научно-исследовательского института кардиологии и внутренних болезней Рустемом Тулеутаевым.
Делегация ознакомилась с работой отделения кардиохирургии, рентгено-эндоваскулярной лаборатории и детского стационара — единственного в регионе многопрофильного медицинского учреждения для детей.
В рамках мастер-класса проведены высокотехнологичные операции:
– пластика митрального клапана через мини-доступ в условиях искусственного кровообращения;
– протезирование аортального клапана через мини-доступ в условиях искусственного кровообращения.
Ранее на коллегии ведомства министр поручила усилить профилактику и раннюю диагностику БСК на уровне ПМСП, расширить доступность кардиохирургической помощи в регионах, укрепить кадровый потенциал данной службы, также усилить координацию для своевременной маршрутизации пациентов.
Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан
gov.kz/memleket/entities/dsm
facebook.com/healthcare.gov.kz
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін Халықаралық сирек кездесетін аурулар күні (Rare Disease Day),сирек диагнозы бар адамдар туралы хабардарлықты арттыру, осы отбасыларға қолдау көрсету үшін атап өтіледі.
Бұл күн біздің жалпы жауапкершілігімізді, мемлекетімізді, халықаралық және пациенттік ұйымдарды, мамандандырылған қорларды және барлық бей-жай қарамайтын азаматтарды орфандық аурулары бар пациенттердің өмірі мен денсаулығы үшін еске салады.
Қазақстанда сирек кездесетін аурулары бар 73 мыңға жуық пациент, оның ішінде 14 мыңға жуығы балалар тіркелген.
Бүгінгі таңда бізде орфандық аурулары бар пациенттерге медициналық көмектің - ерте анықтау мен дәл диагностикадан бастап мамандандырылған емдеуге және ұзақ мерзімді бақылауға дейін кешенді жүйесі дәйекті түрде құрылуда.
Пациенттерді маршруттау жетілдірілуде, заманауи клиникалық тәсілдер енгізілуде, көмек көрсетудің мультидисциплинарлық моделі дамуда. Біздің міндетіміз - адам өз ауруымен жалғыз қалмай, барлық кезеңдерде жүйелі және уақтылы көмек алуы.
Көптеген жылдар бойы алғаш рет халықаралық өлшемшарттарға сәйкес - аурулардың таралуын, ауырлығын және клиникалық ағымын ескере отырып, орфандық аурулар тізбесін өзектендіру жүргізілді. Бұл жұмыс қолдауды азайтуға емес, жүйенің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған, осылайша ресурстар пациенттердің мүддесі үшін әділ бөлінеді.
Қаржыландыру соңғы жылдары бірнеше есе өсті.
Егер 2019 жылы орфандық пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 7,5 млрд теңге бағытталса, 2025 жылы-175,4 млрд теңге бағытталды. Бұл 23 есе өсу!
Бүгінгі таңда орфандық аурулары бар пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шығындарының басым үлесін немесе 60%-ын мемлекет республикалық бюджеттің есебінен көтереді. Қосымша қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен, сондай-ақ «Қазақстан Халқына» Қоғамдық қорының қатысуымен жүзеге асырылады.
Сирек кездесетін аурулар пациенттердің жалпы санының 3%-дан азын құрайды, бірақ амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің барлық шығындарының жартысына жуығын құрайды.
Бұл мемлекеттің жауапкершілігінің ауқымын айқын көрсетеді.
Сонымен бірге клиникалық тиімділікті, қауіпсіздікті және фармакологиялық-экономикалық орындылықты міндетті талдаумен орфандық препараттарды бағалаудың үш сатылы жүйесі енгізілуде. Біз үшін пациенттердің тиімділігі мен қауіпсіздігі ғылыми дәлелдермен расталған ем алуы өте маңызды. Бұл әлемдік стандарт және дәлелді медицинаның негізі. Бұл тәсіл тек пациенттердің мүдделері мен денсаулығын сақтауға бағытталған.
Медициналық-генетикалық қызметті дамытуға ерекше назар аударылады. Заманауи молекулалық-генетикалық зерттеулерге қолжетімділік кеңейіп, жекелендірілген медицина элементтері енгізіліп, ұзақ мерзімді бақылау жүйесі қалыптасуда.
2025 жылы медициналық ақпараттық жүйелермен біріктірілген «Орфандық аурулар» ақпараттық-цифрлық модулі іске қосылды. Бұл пациенттердің қажеттіліктерін дәлірек бағалауға және жедел шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Министрліктің барлық шешімдері кәсіби қоғамдастықтың пікірін, халықаралық тәжірибені және, ең бастысы, пациенттердің отбасылары үшін осы мәселелердің сезімталдығы мен маңыздылығын түсінуді ескере отырып қабылданады.
Мемлекет бұдан былай жауапкершілік, ашықтық және әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, орфандық аурулары бар адамдарды қолдау жүйесін дәйекті түрде нығайтатын болады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
gov.kz/memleket/entities/dsm
facebook.com/healthcare.gov.kz
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Сегодня отмечается Международный день редких заболеваний (Rare Disease Day), чтобы повысить осведомленность о людях с редкими диагнозами, выразить поддержку этим семьям.
Этот день — напоминание о нашей общей ответственности, государства, международных и пациентских организаций, специализированных фондов и всех неравнодушных граждан за жизнь и здоровье пациентов с орфанными заболеваниями.
В Казахстане зарегистрировано порядка 73 тысяч пациентов с редкими заболеваниями, из них почти 14 тысяч — дети.
Сегодня у нас последовательно выстраивается комплексная система медицинской помощи пациентам с орфанными заболеваниями - от раннего выявления и точной диагностики до специализированного лечения и длительного наблюдения.
Совершенствуется маршрутизация пациентов, внедряются современные клинические подходы, развивается мультидисциплинарная модель оказания помощи. Наша задача - чтобы человек не оставался один на один со своей болезнью, а получал системную и своевременную помощь на всех этапах.
Впервые за многие годы проведена актуализация Перечня орфанных заболеваний в соответствии с международными критериями - с учетом распространенности, тяжести и клинического течения заболеваний. Эта работа направлена не на сокращение поддержки, а на повышение прозрачности и эффективности системы, чтобы ресурсы распределялись справедливо и в интересах пациентов.
Финансирование за последние годы выросло кратно.
Если в 2019 году на лекарственное обеспечение орфанных пациентов направлялось 7,5 млрд тенге, то в 2025 году — уже 175,4 млрд тенге. Это рост в 23 раза!
На сегодня львиную долю расходов или 60% лекарственного обеспечения пациентов с орфанными заболеваниями несет государство за счет республиканского бюджета. Дополнительно финансирование осуществляется за счет республиканского и местных бюджетов, а также при участии Общественного фонда «Қазақстан Халқына».
Редкие заболевания составляют менее 3% от общего числа пациентов, но формируют почти половину всех расходов амбулаторного лекарственного обеспечения.
Это наглядно показывает масштаб ответственности государства.
Одновременно внедряется трехэтапная система оценки орфанных препаратов с обязательным анализом клинической эффективности, безопасности и фармако-экономической целесообразности. Для нас принципиально важно, чтобы пациенты получали лечение, эффективность и безопасность которого подтверждены научными данными. Это мировой стандарт и основа доказательной медицины. Такой подход направлен исключительно на защиту интересов и здоровья пациентов.
Особое внимание уделяется развитию медико-генетической службы. Расширяется доступ к современным молекулярно-генетическим исследованиям, внедряются элементы персонализированной медицины, формируется система долгосрочного наблюдения.
В 2025 году запущен информационно-цифровой модуль «Орфанные заболевания», интегрированный с медицинскими информационными системами. Это позволит более точно оценивать потребности пациентов и оперативно принимать решения.
Все решения Министерства принимаются с учетом мнения профессионального сообщества, международного опыта и, что особенно важно, с пониманием чувствительности и значимости этих вопросов для семей пациентов.
Государство и впредь будет последовательно укреплять систему поддержки людей с орфанными заболеваниями, руководствуясь принципами ответственности, открытости и справедливости.
Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан
gov.kz/memleket/entities/dsm
facebook.com/healthcare.gov.kz
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
Қызылша бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдайға жауап ретінде Денсаулық сақтау министрлігі эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар кешенін кеңейтті.
Жағдай тұрақталғанға дейін 6-10 айлық балаларды қосымша иммундау енгізілді, бұрын егілмеген 2-5 және 7-18 жастағы балаларды, сондай-ақ расталған иммундаусыз 30 жасқа дейінгі медицина қызметкерлерін толықтырып вакцинациялау ұйымдастырылды.
Ұйымдастырылған ұжымдар мен әскери бөлімдерде вакцинацияланбаған адамдарды уақытша шеттетуді қоса алғанда, жоспарлы емдеуге жатқызуға және эпидемияға қарсы режимге қойылатын талаптар күшейтілді.
Қабылданған шараларды іске асыру қазірдің өзінде оң нәтиже көрсетіп отыр. Алдыңғы аптамен салыстырғанда (417 жағдай) қызылшаның тіркелген жағдайларының саны 311-ге дейін төмендеді, бұл 106 жағдайға аз (-25,4%).
Төмендегеніне қарамастан, эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға әлі қол жеткізілген жоқ.
Жағдайлардың ең көп саны Астана қаласында тіркелді — 81 жағдай, Алматы қаласында — 48 жағдай, Алматы облысында — 57 жағдай, Батыс Қазақстан облысында-29 жағдай, Атырау облысында — 57 жағдай және Қостанай облысында — 57 жағдай. Пациенттердің негізгі үлесін 14 жасқа дейінгі вакцинацияланбаған балалар құрайды.
2026 жылдың басындағы жағдай бойынша қосымша иммундаумен 6-11 айлық 36,7 мың бала, жоспарлы вакцинациялаумен - 1 жастағы 21,4 мың бала (6,7%) және 6 жастағы 17 мың бала (4,7%) қамтылды.
18 жасқа дейінгі 8,1 мың адам толықтырып иммундаумен қамтылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Министрлік ахуалға мониторинг жүргізуді және ден қою шараларын үйлестіруді жалғастыруда. Уақтылы вакцинациялау және азаматтардың профилактикаға жауапкершілікпен қарауы халықтың денсаулығын сақтаудың және қызылшаның одан әрі таралуының алдын алудың негізгі шарттары болып қала береді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
gov.kz/memleket/entities/dsm
facebook.com/healthcare.gov.kz
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В ответ на текущую эпидемиологическую ситуацию по кори Министерством здравоохранения расширен комплекс противоэпидемических и санитарно-профилактических мероприятий.
Введена дополнительная иммунизация детей 6–10 месяцев до стабилизации обстановки, организована наверстывающая вакцинация детей 2–5 и 7–18 лет, не привитых ранее, а также медицинских работников до 30 лет без подтверждённой иммунизации.
Усилены требования к плановой госпитализации и противоэпидемическому режиму, включая временное отстранение непривитых лиц в организованных коллективах и воинских частях.
Реализация принятых мер уже демонстрирует положительный эффект. В сравнении с предыдущей неделей (417 случаев) число зарегистрированных случаев кори снизилось до 311, что на 106 случаев меньше (–25,4%).
Несмотря на снижение, стабилизации эпидемиологической ситуации достигнуть пока не удалось.
Наибольшее количество случаев зарегистрировано в г. Астана — 81 случай, г. Алматы — 48 случаев, Алматинская область — 57 случаев, Западно-Казахстанская область — 29 случаев, Атырауская область — 57 случаев и Костанайская область — 57 случаев. Основную долю заболевших составляют непривитые дети до 14 лет.
По состоянию на начало 2026 года дополнительной иммунизацией охвачено 36,7 тыс. детей 6-11 мес., плановой вакцинацией - 21,4 тыс. детей в возрасте 1 года (6,7%) и 17 тыс. детей 6 лет (4,7%).
Наверстывающей иммунизацией охвачено 8,1 тыс. лиц до 18 лет. Работа в этом направлении продолжается.
Министерство продолжает мониторинг ситуации и координацию мер реагирования. Своевременная вакцинация и ответственное отношение граждан к профилактике остаются ключевыми условиями защиты здоровья населения и предупреждения дальнейшего распространения кори.
Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан
gov.kz/memleket/entities/dsm
facebook.com/healthcare.gov.kz
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM