Қазақстандықтар енді Samsung компаниясының смарт-сағаттарында орнатылған денсаулық жағдайының жекелеген көрсеткіштерін мониторингтеу функцияларын пайдалана алады. Бұған дейін олар республика аумағында болмаған.
Бұл функциялар жүрек-қан тамырларының көрсеткіштерін инвазивті емес бақылауға, соның ішінде электрокардиограмманы тіркеуге және қан қысымын өлшеуге мүмкіндік береді.
Аталған функцияларды қолдану денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңнама мен нормативтік құқықтық актілердің талаптары сақталған жағдайда 2026 жылдан бастап мүмкін болады.
Бұл ретте тағылатын құрылғылардан алынған деректер көмекші сипатқа ие және денсаулық жағдайын өзін-өзі бақылау үшін ғана пайдаланылуы мүмкін.
Олар медициналық маманның консультациясынсыз диагноз қоюға, емдеуді тағайындауға немесе медициналық бақылау тәсілін өзгертуге негіз бола алмайды.
Денсаулық сақтау министрлігі тағылатын цифрлық құрылғылар медициналық тексеруді алмастырмайтынын және диагностика мен емдеу мәселелері денсаулық сақтау ұйымдарының құзыретіне жататынын ескертеді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
gov.kz/memleket/entities/dsm
facebook.com/healthcare.gov.kz
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Казахстанцы теперь смогут воспользоваться функциями мониторинга отдельных показателей состояния здоровья, встроенными в смарт-часах компании Samsung. Ранее они были недоступны на территории республики.
Эти функции позволяют осуществлять неинвазивный мониторинг сердечно-сосудистых показателей, включая регистрацию электрокардиограммы и измерение артериального давления.
Применение указанных функций возможно с 2026 года при условии соблюдения требований действующего законодательства и нормативных правовых актов в сфере здравоохранения.
При этом данные, получаемые с носимых устройств, носят вспомогательный характер и могут использоваться исключительно для самоконтроля состояния здоровья.
Они не являются основанием для постановки диагноза, назначения лечения или изменения тактики медицинского наблюдения без консультации медицинского работника.
Минздрав предупреждает, что носимые цифровые устройства не заменяют медицинский осмотр, а вопросы диагностики и лечения относятся к компетенции организаций здравоохранения.
Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан
gov.kz/memleket/entities/dsm
facebook.com/healthcare.gov.kz
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Салли Джейн Аксуорсимен, сондай-ақ International Hospitals Group және Turar Healthcare компанияларының өкілдерімен кездесу өткізді.
Тараптар әріптестік қатынастардың тұрақты сипаты мен денсаулық сақтау саласындағы дамудың ұзақ мерзімді векторын атап өтіп, елдердің арасындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын талқылады.
А. Әлназарова Ұлыбритания Қазақстанның негізгі әріптестерінің бірі болып табылатынын, ал өзара іс-қимылдың жинақталған тәжірибесі жаңа бірлескен бастамаларды іске асыру үшін негіз құратынын атап өтті.
Саланың медициналық инфрақұрылымы мен инвестициялық әлеуетін жаңғырту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, фармацевтика саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері, соның ішінде AstraZeneca компаниясымен ынтымақтастықтың оң тәжірибесі қарастырылды.
Тараптар медициналық инновациялар, ғылыми зерттеулер және медицина кадрларын даярлау саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға дайындығын растады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
gov.kz/memleket/entities/dsm
facebook.com/healthcare.gov.kz
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Министр здравоохранения РК Акмарал Альназарова провела встречу с Чрезвычайным и Полномочным Послом Великобритании в Республике Казахстан Салли Джейн Аксуорси, а также представителями компаний International Hospitals Group и Turar Healthcare.
Стороны обсудили текущее состояние и перспективы сотрудничества между странами, отметив устойчивый характер партнёрских отношений и долгосрочный вектор развития в сфере здравоохранения.
А. Альназарова подчеркнула, что Великобритания является одним из ключевых партнёров Казахстана, а накопленный опыт взаимодействия создает основу для реализации новых совместных инициатив.
Особое внимание было уделено вопросам модернизации медицинской инфраструктуры и инвестиционного потенциала отрасли.
Также рассмотрены вопросы взаимодействия в фармацевтической отрасли, включая положительный опыт сотрудничества с компанией AstraZeneca.
Стороны подтвердили готовность к развитию взаимодействия в сфере медицинских инноваций, научных исследований и подготовки медицинских кадров.
Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан
gov.kz/memleket/entities/dsm
facebook.com/healthcare.gov.kz
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM