ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10.1K subscribers
15.7K photos
964 videos
27 files
3.13K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📊 🏥 ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ 2025 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

Алматы облысында денсаулық сақтау саласы қарқынды дамып келеді.
Бүгінде өңірде 356 медициналық ұйым халыққа қызмет көрсетуде.
Мыңдаған дәрігер мен орта буын медицина қызметкерлері
тәулік бойы тұрғындардың саулығы үшін еңбек етуде.

Медициналық жабдықталу деңгейі 93%-ға артты

2025 жылы жергілікті бюджеттен 6 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп,
347 бірлік заманауи медициналық техника сатып алынды.
Олардың қатарында МРТ, ангиограф, маммограф, ультрадыбыстық және эндоскопиялық аппараттар бар.
Нәтижесінде медициналық ұйымдардың жабдықталу деңгейі 93 пайызға дейін артты.

🔬 ❗️Ауылдық медицина – басты назарда

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында
38 медициналық нысанның құрылысы бекітіліп,
бүгінде 36-сы пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, биыл 7 жаңа медициналық мекеменің құрылысы басталып,
бірқатар аудандарда дәрігерлік амбулаториялар мен емханалар салынуда.

Еңбекшіқазақ ауданының 5 ауылында блокты-модульді кешендер орнатылуда.
Сонымен қатар, жаңа жыл қарсаңында Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында 250 адамға арналған жаңа емхана пайдалануға берілді.

👩‍💻 Жоғары технологиялық медициналық көмек

Өңірлік ауруханаларда травматология, нейрохирургия, урология, ЛОР және
рентгенангиохирургия бағыттары бойынша жоғары технологиялық операциялар жасалуда.

Стационарларда госпитальдық фармация бөлімшелері іске қосылып,
пациенттер дәрі-дәрмекпен уақтылы қамтылуда.

Кадр – басты құндылық

Медицина саласындағы кадр тапшылығын азайту мақсатында
жергілікті бюджет есебінен мамандар даярлау жүйелі түрде жүргізілуде.

Биыл 80 дәрігер жұмысқа орналасты,
ал 180 резидент медициналық жоғары оқу орындарында білім алуда.
Аса тапшы мамандарға 8,5 миллион теңге көлемінде біржолғы төлем қарастырылған.

🚑 Жедел жәрдем жаңартылуда

Облыстық жедел жәрдем қызметі кезең-кезеңімен жаңартылып,
90 санитарлық автокөлікпен қамту жоспарланған.
Оның ішінде 20 санитарлық автокөлік қазіргі уақытта пайдалануға берілді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👨‍👩‍👦 ❗️2025 ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДА 4 МИЛЛИОННАН АСТАМ БАЛА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ

🔬 Балаларды сауықтыру бағдарламалары шеңберінде өткен жылы Қазақстанда 4 млн-нан астам бала профилактикалық тексеруден өтті, 2 млн-нан астам бала аудиологиялық скринингпен және психофизикалық дамумен, 300 мыңнан астам бала-неонаталдық, 13 мыңға жуық бала офтальмологиялық скринингпен қамтылды.

🏥 Емханаларда 209 педиатриялық бөлімше және 290 даму және ерте араласу орталықтары ашылды, бұл туа біткен ақауларды анықтауды жақсартуға мүмкіндік берді.

🤰МСАК ұйымдарында 209 педиатриялық бөлімше, 290 даму және ерте араласу орталықтары құрылды.

50 мыңнан астам бала тұрғылықты жері бойынша емханалар базасындағы ерте араласу орталықтарында қажетті медициналық көмек алды.

📈 Балаларға медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін 10 стандарт және босану және балалық шақ бойынша 26 клиникалық хаттама жаңартылды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
👨‍👩‍👦 ❗️В 2025 ГОДУ В КАЗАХСТАНЕ СВЫШЕ 4 МЛН ДЕТЕЙ БЫЛИ ОХВАЧЕНЫ ПРОФИЛАКТИЧЕСКИМИ ОСМОТРАМИ

🔬 В рамках детских оздоровительных программ в минувшем году в Казахстане свыше 4 млн детей прошли профилактические осмотры, более 2 млн охвачены аудиологическим скринингом и психофизического развития, более 300 тысяч детей-неонатальным, около 13 тысяч детей офтальмологическим скринингом.

🏥 В поликлиниках были открыты 209 педиатрических отделений и 290 центров развития и раннего вмешательства, что позволило улучшить выявляемость врожденных пороков.

🤰 В организациях ПМСП созданы 209 педиатрических отделений, и 290 центров развития и раннего вмешательства.

Более 50 тысяч детей получили необходимую медицинскую помощь в центрах раннего вмешательства на базе поликлиник по месту жительства.

📈 Для улучшения качества медпомощи детскому населению обновлены 10 стандартов и 26 клинических протоколов по родовспоможению и детству.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
✔️ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ 2025 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

🔷 Ағымдағы жылы өңірдің ауылдық жерлерінде Ұлттық жоба аясында 4 жаңа МСАК нысаны салынды

🔷Бейнеу аудандық ауруханасы жанында «Қамқорлық» балаларды оңалту орталығы ашылды

🔷Мұнайлы ауданында 150 төсектік аурухана пайдалануға берілді

🔷Онкология орталығы жанынан Батыс өңірі бойынша алғаш рет позитронды-эмиссиялық ПЭТ-КТ орталығы ашылды

🔷Маңғыстау облысының медициналық мекемелеріне 18 жаңа санитарлық автокөлік берілді

🔷Ана мен бала орталығы жанынан «Бір күндік клиника» ашылды

🔷Балалар ауруханасы жанынан ерекше балаларға көмек көрсететін стоматологиялық кабинеті ашылды

🔷Бейнеу аудандық орталық ауруханасынан «Үздік тәжірибе орталығы» ашылды

🔷195 маман біржолғы көтерме төлемақы алды

🔷 Ақтау қаласы бойынша 61 маманға, Жаңаөзен қаласы бойынша 21 маманға, аудандар бойынша 113 маманға көтермеақы берілді

🔷Мамандарға арналған 21 қызметтік тұрғын үй сатып алынды

🔷13 медициналық нысан күрделі жөндеуден өтті және 514 бірлік медициналық техника сатып алынған болатын

🔷Жақында Маңғыстау облыстық жедел жәрдем станциясының бас ғимараты пайдалануға берілді

🔷Ерекше балаларға арналған «Ақ қанат» ерте оңалту орталығы ашылды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✍️ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУДЫ КҮШЕЙТУ ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Бүгін ҚР Президенті Мемлекет басшысының физикалық зорлық-зомбылық жасағаны және медицина қызметкерлеріне қатыгездік көрсеткені үшін жазаны қатаңдату жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде әзірленген Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне түзетулер енгізу туралы Заңға қол қойды.

Заң Қылмыстық кодекске медицина қызметкерлерінің, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем бригадаларының жүргізушілерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде олардың өміріне, денсаулығына және қауіпсіздігіне қол сұғушылық үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін жаңа бапты енгізуді көздейді.

Нормаларға сәйкес:
* зорлық-зомбылық қолданамын деп қорқытқаны үшін 200-ден 500 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 300 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар, не 2 жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделеді;

• ауырлататын мән-жайлар кезінде көрсетілген әрекеттерді жасаған кезде жаза қатаңдатылады және 2 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айыруды немесе шектеуді құрайды;

* өмірге және (немесе) денсаулыққа қауіпті емес зорлық-зомбылықты қолданған кезде 500-ден 1000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 600 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар не 2 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделеді;

* өмір мен денсаулыққа қауіпті зорлық-зомбылықты қолдану 5 жылдан 10 жылға дейін, ал ауырлататын жағдайлар болған кезде 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Бұдан басқа, заңда мыналарды бекіту көзделеді
Қылмыстық іс жүргізу кодексінде осы санаттағы істер бойынша алдын ала тергеу және анықтау жүргізу жөніндегі ішкі істер органдарының құзыреті.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Үкіметке физикалық күш қолдану және қатыгездік көрсету арқылы медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін жазаны қатаңдатуға бағытталған заңнамаға өзгерістер әзірлеуді тапсырған болатын.

Президент медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен әл-ауқатына нұқсан келтіретін мұндай оқиғалардың «Заң және тәртіп» қағидаттарына сәйкес құқықтық салада қатаң түрде жолын кесу керектігін атап өтті.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2019 жылдан бастап Қазақстанда дәрігерлерге, фельдшерлерге, мейіргерлерге және денсаулық сақтау жүйесінің басқа да қызметкерлеріне шабуыл жасаудың 280-нен астам фактісі және
2025 жылдың өзінде ғана-58 факт тіркелді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8
✍️ ГЛАВОЙ ГОСУДАРСТВА ПОДПИСАН ЗАКОН ОБ УСИЛЕНИИ ПРАВОВОЙ ЗАЩИТЫ МЕДИЦИНСКИХ РАБОТНИКОВ

Сегодня Президент РК подписал закон о внесении поправок в Уголовный и Уголовно-процессуальный кодексы, разработанные в рамках исполнения поручения Главы государства по ужесточению наказания за физическое насилие и проявление жестокости в отношении медицинских работников.

Закон предусматривает введение в Уголовный кодекс новой статьи, устанавливающей уголовную ответственность за посягательство на жизнь, здоровье и безопасность медицинских работников, а также водителей бригад скорой медицинской помощи при исполнении ими служебных обязанностей.

В соответствии с нормами:
• за угрозу применения насилия, предусматривается наказание в виде штрафа от 200 до 500 месячных расчётных показателей (МРП), либо исправительных работ в том же размере, либо общественных работ до 300 часов, либо ограничения или лишения свободы сроком до 2 лет;

• при совершении указанных деяний при отягчающих обстоятельствах наказание ужесточается и составит от 2 до 3 лет ограничения или лишения свободы;

• при применения насилия не опасного для жизни и (или) здоровья, предусматривается наказание в виде штрафа от 500 до 1000 месячных расчётных показателей (МРП), либо исправительных работ в том же размере, либо общественных работ до 600 часов, либо ограничения или лишения свободы сроком от 2 до 3 лет ограничения или лишения свободы;

• применение насилия, опасного для жизни и здоровья, будет наказываться лишением свободы на срок от 5 до 10 лет, а при наличии отягчающих обстоятельств — от 7 до 12 лет.

Кроме того, законом предусматривается закрепление в Уголовно-процессуальном кодексе компетенции органов внутренних дел по проведению предварительного следствия и дознания по делам данной категории.

Ранее Глава государства поручил Правительству разработать изменения в законодательство, направленные на ужесточение наказания за нападения на медицинских работников с применением физической силы и проявлением жестокости.

Президент подчеркнул, что подобные инциденты, наносящие ущерб здоровью и благополучию медицинских работников, должны решительно пресекаться в правовом поле в соответствии с принципами концепции «Закон и Порядок».

По данным Министерства здравоохранения, с 2019 года в Казахстане зарегистрировано более 280 фактов нападений на врачей, фельдшеров, медицинских сестёр и других работников системы здравоохранения и только в 2025 году – 58 фактов.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍22👏2🔥1
💉👎 ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: ВАКЦИНАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ТАРАЛҒАН АҚПАРАТ ШЫНДЫҚҚА ЖАНАСПАЙДЫ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желілерде таралып жатқан балалардың ауруына себеп болады деген «арзан вакциналарды сатып алу» туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін және жалған екенін ресми түрде мәлімдейді. Аталған мәлімдемелер «Әңгіме бар» подкастында журналист Айнур Асанбердімен болған сұхбатта Нархоз университетінің профессоры ретінде таныстырылған Кулзада Абдрахмановна Абенованың айтқан пікірлеріне қатысты.

Айта кету қажет, Қазақстан Республикасында Ұлттық профилактикалық егулер күнтізбесі аясында қолданылатын барлық вакциналар көпсатылы халықаралық және ұлттық сараптамадан өтеді, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) талаптарына және ұлттық заңнамаға сәйкес тіркеуден өтіп, қолдануға рұқсат алады.

Вакциналарды сатып алу «арзандық» қағидаты бойынша емес, сапа, қауіпсіздік және тиімділік көрсеткіштеріне ғана негізделе отырып жүзеге асырылады. Сатып алу барысында келесі талаптар ескеріледі:
• ДДҰ-ның квалификация алды өтуі немесе қатаң реттеуші бақылауы бар елдерде тіркелуі;
• клиникалық зерттеулердің нәтижелері;
• өндірістік тиісті практика (GMP) халықаралық стандарттарына сәйкестігі;
• тіркеуден кейінгі қауіпсіздік мониторингінің деректері.

Вакциналар «балаларда ауру туындатады» деген мәлімдемелердің ешқандай ғылыми дәлелі жоқ және көпжылдық халықаралық бақылау деректеріне қайшы келеді. Керісінше, вакцинация қауіпті жұқпалы аурулардан болатын сырқаттанушылық пен өлім-жітімді едәуір төмендетуге, мыңдаған ауыр асқынулар мен өлім жағдайларының алдын алуға мүмкіндік берді.

Соңғы 34 жылда Ұлттық иммундау саясатының арқасында эпидемиялық паротитпен сырқаттану деңгейі 100 еседен астамға төмендеді (1990 жылғы 12 194 жағдайдан 2024 жылы 118 жағдайға дейін), вирусты А гепатиті 32 еседен аса (1990 жылғы 73 962 жағдайдан 2024 жылы 2 289 жағдайға дейін), ал вирусты В гепатиті 92 есеге (1990 жылғы 5 287 жағдайдан 2024 жылы 57 жағдайға дейін) азайды.

Вакцинацияның арқасында балалар арасында қызылшамен сырқаттану 90%-дан астамға, қызамық пен паротит 95%-ға төмендеді. Полиомиелит 1996 жылдан, дифтерия 2009 жылдан бері тіркелмеген. Бұл деректер ұлттық иммундау бағдарламасының тиімділігін айқын дәлелдейді.


Министрлік медициналық білімі мен тиісті кәсіби құзыреті жоқ тұлғалардың мұндай мәлімдемелерді таратуы ата-аналардың денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімді әлсірететінін және балалардың денсаулығына нақты қауіп төндіруі мүмкін екенін атап көрсетеді.

Қазақстанда фармакологиялық қадағалау және жағымсыз реакцияларды мониторингтеу жүйесі жұмыс істейді. Оның аясында әрбір тіркелген жағымсыз жағдай мамандар тарапынан мұқият талданады. Қауіп анықталған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес жедел шаралар қабылданады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне, дәрігерлердің ұсынымдарына және дәлелді медицина деректеріне сенуге, сондай-ақ балалардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Сондай-ақ, жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске саламыз.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💉👎МИНЗДРАВ ВЫСТУПАЕТ С ОПРОВЕРЖЕНИЕМ: ЗАЯВЛЕНИЯ О «ВРЕДНЫХ ВАКЦИНАХ» НЕОБОСНОВАННЫ И ОПАСНЫ

Министерство здравоохранения Республики Казахстан официально заявляет, что распространяемая в социальных сетях информация о якобы «закупе дешёвых вакцин, вызывающих заболевания у детей», не соответствует действительности. Речь идет об интервью Кулзады Абдрахмановны Абеновой, представленной профессором Университета Нархоз, на подкасте "Әңгіме бар" с журналисткой Айнур Асанберды.

Стоит отметить, что все вакцины, применяемые в Республике Казахстан в рамках Национального календаря профилактических прививок, проходят многоэтапную международную и национальную экспертизу, имеют регистрацию и допуск к применению в соответствии с требованиями Всемирной организации здравоохранения (ВОЗ) и национального законодательства.

Закуп вакцин осуществляется исключительно по показателям качества, безопасности и эффективности, а не по принципу «дешевизны». В процессе закупа учитываются:

наличие преквалификации ВОЗ либо регистрации в странах с жёстким регуляторным контролем,

результаты клинических исследований,

соответствие международным стандартам надлежащей производственной практики (GMP),

данные пострегистрационного мониторинга безопасности.

Утверждения о том, что вакцины «вызывают болезни у детей», не имеют под собой научных доказательств и противоречат данным многолетних международных наблюдений. Напротив, именно вакцинация позволила значительно снизить заболеваемость и смертность от опасных инфекционных заболеваний, предотвратив тысячи тяжёлых осложнений и летальных исходов.

За последние 34 года благодаря Национальной политике иммунизации отмечено снижение заболеваемости эпидемическим паротитом - более чем в 100 раз (с 12194 случаев в 1990 году до 118 случаев в 2024 году), вирусным гепатитом А - более чем в 32 раза (с 73 962 случаев в 1990 году до 2289 случаев в 2024 году), вирусным гепатитом «В» - в 92 раза (с 5287 в 1990 году до 57 случаев в 2024 году).
Благодаря вакцинации заболеваемость корью среди детей снижена более чем на 90%, краснухой и паротитом — на 95%, случаи полиомиелита не регистрируются с 1996 года, дифтерии - с 2009 года, что подтверждает эффективность национальной программы иммунизации.

Министерство подчёркивает, что распространение подобных заявлений со стороны лиц, не обладающих профильной медицинской квалификацией, вводит в заблуждение родителей, подрывает доверие к системе здравоохранения и может представлять реальную угрозу здоровью детей.

В Казахстане действует система фармаконадзора и мониторинга побочных реакций, в рамках которой каждый случай нежелательных явлений тщательно анализируется специалистами. При выявлении рисков принимаются незамедлительные меры в соответствии с действующим законодательством.

Министерство здравоохранения призывает граждан доверять только официальным источникам информации, рекомендациям врачей и данным доказательной медицины, а также ответственно относиться к вопросам здоровья детей.

Также напоминаем, что за распространение заведомо ложной информации предусмотрена административная и уголовная ответственность.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
2025 жыл денсаулық сақтау жүйесі үшін нақты әрі айқын өзгерістер жылы болды. Мемлекет басшысының қолдауының арқасында біз медицина қызметкерлерін құқықтық қорғауды күшейтіп, инфрақұрылымды жаңғыртып, медициналық көмектің сапасын арттырдық.

📊 Нәтижелер келесідей:
▪️ күтілетін өмір сүру ұзақтығы — 75,4 жас;
▪️ жалпы өлім деңгейі 2,6%-ға, нәресте өлімі 18,7%-ға төмендеді;
▪️ Қазақстан БҰҰ-ның Адами даму индексінде 7 сатыға көтерілді.

👩‍💻 Саланы қаржыландыру көлемі 3 есеге ұлғайды — 2025 жылғы бюджет 3 трлн теңгені құрады. Үш ірі республикалық клиника пайдалануға берілді, ауылдық жерлерде 655 жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт, дәрігерлік амбулатория іске қосылды, скринингтерді кеңейту арқылы профилактикалық бағыттар күшейтілді.

🤰 Жоғары технологиялық бағыттар да қарқынды дамуда: ана мен баланың денсаулығын сақтау жүйесі нығайтылды, онкологиялық қызмет жаңғыртылды, елдегі алғашқы протондық терапия орталығы ашылды. Дәрілік саясат жаңартылып, цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект енгізілуде.

👩‍⚕️ Саланың басты құндылығы — адам. Біз медицина қызметкерлерін қолдауды жүйелі түрде күшейтіп келеміз және сапалы әрі қолжетімді медициналық көмектің әрбір азаматқа жақын болуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жалғастыра береміз.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2025 год стал для системы здравоохранения годом реальных и ощутимых изменений. При поддержке Главы государства мы укрепили защиту медицинских работников, модернизировали инфраструктуру и повысили качество медицинской помощи.

📊 Результаты говорят сами за себя:
▪️ ожидаемая продолжительность жизни — 75,4 года,
▪️ общая смертность снизилась на 2,6%, младенческая — на 18,7%,
▪️ Казахстан поднялся на 7 позиций в Индексе человеческого развития ООН.

👩‍💻 Объем финансирования отрасли увеличен в 3 раза - бюджет 2025 года составил 3 трлн тенге, ввели в эксплуатацию три крупные республиканские клиники, на селе сданы в эксплуатацию 655 новых ФАПов, врачебных амбулаторий, усилили профилактику, включая расширение скринингов.

🤰Развиваются высокотехнологичные направления: укреплена система охраны здоровья матери и ребенка, модернизирована онкологическая служба, открыт первый в стране центр протонной терапии. Обновлена лекарственная политика, внедряются цифровые решения и искусственный интеллект.

👩‍⚕️ Главная ценность отрасли — люди. Мы последовательно усиливаем поддержку медицинских работников и продолжим работу над тем, чтобы качественная и доступная медицинская помощь была рядом с каждым гражданином.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
🏥 КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫНЫҢ БАЗАСЫНДА ДАМУ ЖӘНЕ ЕРТЕ АРАЛАСУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Орталықтың негізгі мақсаты — баланың өмірінің ерте кезеңдерінен бастап дені сау өсіп-жетілуін бақылау, медициналық және әлеуметтік қауіп-қатерлерді уақтылы анықтау және оларды барынша азайту.

Даму және ерте араласу орталығы кешенді тәсілді іске асырады. Мұнда жүкті әйелдерге және бес жасқа дейінгі балаларға көмек көрсетіледі, бала күтімі, ана сүтімен қоректендіру және теңгерімді тамақтануды ұйымдастыру мәселелері бойынша консультациялар беріледі.

Балалардың физикалық және нерв-психикалық дамуына скрининг жүргізіледі, оның ішінде аудиологиялық скрининг те бар. Аутизм белгілерін ерте анықтау үшін M-CHAT-R модификацияланған тесті қолданылады.

Орталықта педиатр, невропатолог, психолог, логопед, дефектолог және әлеуметтік қызметкерлерден құралған мультидисциплинарлық команда жасақталған. Мамандар балалардың жағдайына кешенді бағалау жүргізіп, жеке даму жоспарларын әзірлейді және жүйелі динамикалық бақылау жүзеге асырады.

Орталық ашылған сәттен бастап 451 бала консультация алды. Олардың 293-і мультидисциплинарлық команда тарапынан қаралды.
Алғаш рет анықталған даму бұзылыстары бар 106 бала үшін жеке даму жоспарлары әзірленіп, іске асырылуда. Сонымен қатар, 26 бала қажетті емдеу және қалпына келтіру көмегін алу үшін оңалту орталықтарына жолданды.

Еліміз бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында 209 педиатриялық бөлімше және 290 даму және ерте араласу орталығы құрылды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1