ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10.1K subscribers
15.6K photos
956 videos
27 files
3.1K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🚑 ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: 2025 ЖЫЛЫ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ 7,4 МЛН ШАҚЫРТУҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ, СӘТТІ РЕАНИМАЦИЯ КӨРСЕТКІШІ 8,2%-ҒА ӨСТІ

Өткен жылдың 11 айында Қазақстанда жедел медициналық жәрдем қызметі 7 467 926 шақыртуға қызмет көрсетті. Шақыртулардың жалпы санынан 1 375 401-ге емханалар жанындағы мобильдік бригадалар, қалғандарына жедел медициналық жәрдем қызметі жәрдем көрсетті.
Ең көп шақыртулар Алматы қаласында, Түркістан облысында және Астанада тіркелді.

Шақыртулардың ең үлкен үлесі:
● тыныс алу ағзаларының аурулары – 1 778 189 (23,8%);
● жүрек-қан тамырлары аурулары – 1 434 483 (19,2%);
● басқа аурулар – 1 249 223 (16,7%);
● жарақаттар, уланулар және жазатайым оқиғалар - 735 183 (9,8%), соның ішінде ЖКО – 40 972;
● неврологиялық аурулар – 714 915 (9,6%).

Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша сәтті реанимация көрсеткіші 8,2%-ға өсіп, 60,3%-ды құрады.
Шұғыл санат бойынша ЖМЖ бригадасына шақыртуды берудің орташа уақыты 1,7 минутты, жеделділіктің бірінші санаты бойынша жетудің орташа уақыты – 8,8 минутты құрайды.

Есепті кезеңде жарақаттар бойынша 685 503 шақыртуға, оның ішінде ЖКО бойынша 40 972 шақыртуға қызмет көрсетілді. ЖКО салдарынан 52 097 адам зардап шекті, оның 64,3%-ы стационарларға жеткізілді. Қаза тапқандардың үлесі зардап шеккендер санының 2,4%-ын құрады. Жол-көлік оқиғасы кезінде жетудің орташа уақыты-8 минут.
Жіті миокард инфарктісі бойынша 27 378 шақыртуға қызмет көрсетілді. Тромболитикалық терапия көрсетілген жағдайлардың 89,9%-ына жасалады.

Инсульт бойынша 52 207 шақыртуға қызмет көрсетілді. Нормативтік мерзімде инсульт орталықтарына емдеуге жатқызу қаладағы пациенттердің 97,9%-да және ауылдық жерлерде 88,5%-да қамтамасыз етілді.

Еліміз бойынша бір ауысымда 1 618 көшпелі бригада, оның ішінде 258 мамандандырылған дәрігерлік және 1 360 фельдшерлік бригада жұмыс істейді. ЖМЖ қызметінің кадрлармен қамтылуы 86,8%-ды: дәрігерлермен – 74,8%, орта медицина қызметкерлерімен-88,1%-ды құрады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі


🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🚑 МИНЗДРАВ: В 2025 ГОДУ СКОРАЯ ПОМОЩЬ ОБСЛУЖИЛА 7,4 МЛН ВЫЗОВОВ, ПОКАЗАТЕЛЬ УСПЕШНОЙ РЕАНИМАЦИИ ВЫРОС НА 8,2%

За 11 месяцев уходящего года Службой скорой медицинской помощи в Казахстане обслужено 7 467 926 вызовов. Из общего количества вызовов 1 375 401 обслужен мобильными бригадами при поликлиниках, остальные службой скорой медицинской помощи.

Наибольшее количество вызовов зафиксировано в городе Алматы, Туркестанской области и Астане.
Наибольшую долю вызовов составили:
● заболевания органов дыхания – 1 778 189 (23,8%);
● болезни сердечно-сосудистой системы – 1 434 483 (19,2%);
● прочие заболевания – 1 249 223 (16,7%);
● травмы, отравления и несчастные случаи – 735 183 (9,8%), включая ДТП – 40 972;
● неврологические заболевания – 714 915 (9,6%).

По итогам отчетного периода показатель успешной реанимации вырос на 8,2% и составил 60,3%.
Среднее время передачи вызова бригаде СМП по экстренной категории составляет 1,7 минуты, среднее время доезда по первой категории срочности – 8,8 минуты.
За отчетный период обслужено 685 503 вызова по травмам, включая 40 972 вызова по ДТП. В результате ДТП пострадали 52 097 человек, из них 64,3% доставлены в стационары. Доля погибших составила 2,4% от числа пострадавших. Среднее время доезда при ДТП – 8 минут.

По острому инфаркту миокарда обслужено 27 378 вызовов. Тромболитическая терапия проведена в 89,9% случаев, когда она была показана.
По инсультам обслужено 52 207 вызовов. Госпитализация в инсультные центры в нормативные сроки обеспечена у 97,9% пациентов в городе и 88,5% – в сельской местности.

В одну смену по стране работают 1 618 выездных бригад, из них 258 специализированных врачебных и 1 360 фельдшерских. Укомплектованность кадрами службы СМП составила 86,8%: врачами – 74,8%, средними медицинскими работниками – 88,1%.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан


🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔬🔽ЖАҢА ҒЫЛЫМИ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ОРТАЛЫҒЫ: ДИАГНОСТИКА МЕН ЕМДЕУДІҢ ӘЛЕМДІК СТАНДАРТТАРЫ

Алматыда биылғы жылы 350 төсектік Ұлттық ғылыми инфекциялық аурулар орталығы – Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынған және халықаралық стандарттарға сәйкес жарақтандырылған бірегей денсаулық сақтау нысаны салынып, пайдалануға берілді.

ҰҒИАО эпидемиялық қатерлерге ден қоюға тартылған ұлттық орталықтар үшін бірыңғай медициналық, ғылыми, өндірістік және білім беру платформасына айналады.

Орталық операторы болып Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығы анықталды. Жаңа құрылым шеңберінде пульмонологиялық және инфекциялық төсектерді бір мезгілде енгізе отырып, фтизиатриялық төсектерді төмендету көзделген.

Орталық кез-келген инфекциялық аурулары бар пациенттерді емдеуге жатқызуға, қосалқы патологияларды қоса алғанда жедел диагностика мен тиімді емдеуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Операциялық залдар пациенттерді басқа бейіндегі стационарларға ауыстырмай, «осында және қазір» қағидаты бойынша хирургиялық көмектің толық спектрін көрсетуге мүмкіндік береді.

Орталықта пациенттер мен персоналдың қауіпсіздігін, сондай-ақ ауруханаішілік инфекция қаупін барынша азайтуды қамтамасыз ететін инфекциялық бақылаудың жоғары стандарттары енгізілді.

ҰҒИАО генетикалық паспорттау және антибиотиктерге төзімділікті талдау негізінде туберкулезді және тыныс алу ағзаларының ауруларын емдеуге дербестендірілген тәсілді іске асыратын елдегі жалғыз стационар болады. Бұл емдеудің оңтайлы режимдерін таңдауға мүмкіндік береді.

Орталық JCI және ISO 14644 «Таза үй-жайлар және олармен байланысты бақыланатын орта» стандарттарына сәйкес келеді, туберкулез және тыныс алу ағзаларының аурулары бойынша эпидемиологиялық жағдайға мониторинг жүргізеді, сондай-ақ бейіндік стратегияларды қалыптастыруға талдамалық қолдау көрсетеді.

ҰҒИАО құрылымында GLP стандарттарына сәйкес келетін ғылыми-зерттеу блогы және ДДҰ-мен, «Стоп ТБ» әріптестігімен және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықта үздік практикалар халықаралық орталығы көзделген.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі


🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔬🔽НОВЫЙ НАУЧНЫЙ ЦЕНТР ИНФЕКЦИОННЫХ БОЛЕЗНЕЙ: МИРОВЫЕ СТАНДАРТЫ ДИАГНОСТИКИ И ЛЕЧЕНИЯ

В Алматы в этом году построен и сдан в эксплуатацию Национальный научный центр инфекционных болезней на 350 коек – уникальный объект здравоохранения, построенный по поручению Главы государства и оснащенный в соответствии с международными стандартами.

ННЦИБ станет единой медицинской, научной, производственной и образовательной платформой для национальных центров, задействованных в реагировании на эпидемические угрозы.

Оператором центра определен Национальный научный центр фтизиопульмонологии. В рамках новой структуры предусмотрено снижение фтизиатрических коек с одновременным внедрением пульмонологических и инфекционных коек.

Центр ориентирован на госпитализацию пациентов с любыми инфекционными заболеваниями с обеспечением быстрой диагностики и эффективного лечения, включая сопутствующие патологии.

Операционные залы позволяют оказывать полный спектр хирургической помощи по принципу «здесь и сейчас» без перевода пациентов в стационары другого профиля.

В центре внедрены высокие стандарты инфекционного контроля, обеспечивающие безопасность пациентов и персонала, а также минимизацию рисков внутрибольничного инфицирования.

ННЦИБ станет единственным стационаром в стране, где будет реализован персонифицированный подход к лечению туберкулеза и заболеваний органов дыхания на основе генетической паспортизации и анализа устойчивости к антибиотикам. Это позволит подбирать оптимальные схемы лечения.

Центр соответствует стандартам JCI и ISO 14644 «Чистые помещения и связанные с ними контролируемые среды», будет осуществлять мониторинг эпидемиологической ситуации по туберкулезу и заболеваниям органов дыхания, а также аналитическую поддержку формирования профильных стратегий.

В структуре ННЦИБ предусмотрен научно-исследовательский блок, соответствующий стандартам GLP, и международный центр лучших практик в коллаборации с ВОЗ, Партнерством «Стоп ТБ» и другими организациями.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан


🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🏥 ҚАЗАҚСТАНДА ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ БАРЛЫҚ 655 ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Қазақстанда «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде жоспарланған 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанының құрылысы аяқталды.

Ұлттық жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылады және үш негізгі міндетті көздейді: ауылдық елді мекендерде МСАК ұйымдарының желісін дамыту, шұғыл медициналық көмек көрсетуді уақтылы қамтамасыз ету және ауылдық медициналық ұйымдарды кадрлармен жасақтау.

2023-2025 жылдарға арналған бірінші міндет шеңберінде медициналық пункттерді, фельдшерлік-акушерлік пункттерді және дәрігерлік амбулаторияларды қоса алғанда, 655 МСАК нысанын салу көзделген. Бүгінгі таңда барлық нысандардың құрылысы аяқталды.
Жобаны іске асыру кезеңінде 2023 жылы 99 МСАК нысаны, 2024 жылы 361 нысан және ағымдағы жылы 195 нысан салынды. Жаңа ғимараттар ескірген инфрақұрылымды ауыстыруға, сондай-ақ денсаулық сақтаудың бастапқы буыны бұрын болмаған елді мекендерді медициналық нысандармен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, ұлттық жобаның екінші міндеті шеңберінде 32 аудандық аурухананы көп бейінді аудандық орталық ауруханалар деңгейіне дейін жаңғырту жалғасуда. Нысандардың бір бөлігі бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, қалғандары бойынша реконструкциялау, қосымша құрылыстар салу және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Осылайша, ауылдық жерлерде медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарының желісін құру бойынша «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының бірінші міндеті толық көлемде орындалды.


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі


🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🏥 В КАЗАХСТАНЕ ЗАВЕРШЕНО СТРОИТЕЛЬСТВО ВСЕХ 655 ОБЪЕКТОВ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ В РАМКАХ НАЦПРОЕКТА

В Казахстане завершено строительство запланированных 655 объектов первичной медико-санитарной помощи в рамках национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения».

Национальный проект реализуется по поручению Главы государства и предусматривает три ключевые задачи: развитие сети организаций ПМСП в сельских населенных пунктах, обеспечение своевременного оказания экстренной медицинской помощи и укомплектование сельских медицинских организаций кадрами.

В рамках первой задачи на 2023-2025 годы было предусмотрено строительство 655 объектов ПМСП, включая медицинские пункты, фельдшерско-акушерские пункты и врачебные амбулатории. На сегодняшний день строительство всех объектов завершено.

За период реализации проекта 99 объектов ПМСП были построены в 2023 году, 361 объект – в 2024 году и 195 объектов – в текущем году.

Новые здания позволили заменить устаревшую инфраструктуру, а также обеспечить медицинскими объектами населенные пункты, где ранее первичное звено здравоохранения отсутствовало.

Параллельно в рамках второй задачи национального проекта продолжается модернизация 32 районных больниц до уровня многопрофильных центральных районных больниц. По части объектов строительно-монтажные работы завершены, по остальным ведется реконструкция, строительство пристроек и капитальные ремонты.

Таким образом, первая задача национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения» по созданию сети объектов первичной медико-санитарной помощи в сельской местности выполнена в полном объеме.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан


🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Құрметті қазақстандықтар!

Өткен жыл денсаулық сақтау жүйесі үшін нақты өзгерістер жылы болды. Мемлекет басшысының қолдауымен медицина қызметкерлерін қорғауды күшейтуден бастап инфрақұрылымды жаңғыртуға және медициналық көмектің сапасын арттыруға дейін маңызды шешімдер қабылданды.

Нәтижелер қазірдің өзінде байқалады:
▪️ жалпы өлім 2,6%-ға,
▪️ онкологиялық аурулардан болатын өлім - 6,3%-ға төмендеді,
▪️ сәбилер өлімі тарихи ең төменгі деңгейге — -18,7%-ға жетті,
▪️ 2025 жылы өмір сүру ұзақтығы 75,8 жасқа дейін өседі деп күтілуде.

Қазақстан БҰҰ-ның Адами даму индексінде 7 орынға көтеріліп, 193 ел арасында 60-орынға ие болды.

2025 жылы МӘМС-ті жетілдіру туралы заң қабылданды - жаңа жылдан бастап 1 миллионға жуық адам қосымша медициналық көмекке қол жеткізе алады. Онкоскринингтер кепілдендірілген пакетке ауыстырылды, бұл сақтандырылмаған азаматтардың қамтуын кеңейтті.
Дәрігерлерді құқықтық қорғау күшейтілді - зорлық-зомбылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Біз алғашқы көмекті, ана мен бала денсаулығын сақтауды күшейттік, онкологиялық қызметті жаңғыртып, Орталық Азиядағы алғашқы Протондық терапия орталығын аштық, ауылдық денсаулық сақтауды дамытып, цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектті белсенді енгізіп жатырмыз.

Бұл қадамдардың барлығы — ең бастысы: әр азаматтың денсаулығы мен амандығы үшін.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2👎2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Уважаемые казахстанцы!

Уходящий год стал для системы здравоохранения годом реальных изменений. При поддержке Главы государства приняты важные решения — от усиления защиты медработников до модернизации инфраструктуры и повышения качества медицинской помощи.

Результаты уже ощутимы:
▪️ общая смертность снизилась на 2,6%,
▪️ от онкологических заболеваний — на 6,3%,
▪️ младенческая смертность достигла исторического минимума — –18,7%,
▪️ ожидается рост продолжительности жизни до 75,8 лет в 2025 году.

Казахстан поднялся на 7 позиций в Индексе человеческого развития ООН и занял 60-е место среди 193 стран.

В 2025 году принят закон по совершенствованию ОСМС — с нового года около 1 млн человек дополнительно получат доступ к медицинской помощи. Онкоскрининги переведены в гарантированный пакет, что расширило охват для незастрахованных граждан.
Усилена правовая защита медиков — за насилие при исполнении предусмотрена уголовная ответственность.

Мы усилили первичную помощь, охрану здоровья матери и ребенка, модернизировали онкологическую службу, открыли первый в Центральной Азии Центр протонной терапии, развиваем сельское здравоохранение и активно внедряем цифровые решения и искусственный интеллект.

Все эти шаги — ради главного: здоровья и благополучия каждого гражданина.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6👎1
🤱❄️ ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА ЖЫЛ ТҮНІНДЕ 254 НӘРЕСТЕ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Қазақстанның перзентханаларында Жаңа жыл түні 254 сәби дүниеге келді. Туған нәрестелердің саны жынысы бойынша ұлдар мен қыздар бірдей.

Олардың ішінде Ақтөбе облысында бір егіз дүниеге келді.

Дәстүрлі түрде ең көп нәресте туған өңірлер: Түркістан облысы – 29 бала, Шымкент қаласы – 24, Астана – 22 және Алматы қаласы – 21.

Денсаулық сақтау министрлігі «Аналар саулығы» бағдарламасы шеңберінде экстрагениталдық патологияларды анықтау, жоспарланған жүктілікке дейін зерттеп-қараулар мен сауықтыру мақсатында профилактикалық қарап-тексерулер мен прегравидарлық дайындық жүргізуде. 2025 жылдың қорытындысы бойынша прегравидарлық дайындықпен қамту 11%-ға артып, әйелдердің 46,5%-ын құрады.

Жүктіліктің 10 аптасына дейін ерте есепке тұрған жүкті әйелдердің саны 25%-ға өсті. Бұл әрбір болашақ анаға жеке мультидисциплинарлық тәсілді қамтамасыз етуге, сапалы антенаталдық күтім көрсетуге, қауіпсіз босануға және босанғаннан кейінгі бақылауды жүргізуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤱 ❄️ В НОВОГОДНЮЮ НОЧЬ В КАЗАХСТАНЕ ОТМЕЧЕНО РОЖДЕНИЕ 254 ДЕТЕЙ

В родильных домах Казахстана в новогоднюю ночь зарегистрировано рождение 254 малышей, в равном количестве мальчиков и девочек.

Среди них одна двойня появилась на свет в Актюбинской области.

Традиционно самое большое количество новорожденных: в Туркестанской области – 29 детей, в Шымкенте – 24, Астане – 22 и 21 в Алматы.

Стоит отметить, что Министерством здравоохранения в рамках программы «Аналар саулығы» проводятся профилактические осмотры и прегравидарная подготовка для выявления экстрагенитальной патологии, обследования и оздоровления до планируемой беременности. Охват прегравидарной подготовкой по итогам 2025 года увеличен на 11% до 46,5% женщин.

Количество беременных, вставших на ранний учет до 10 недель, выросло на 25%, что позволяет обеспечить индивидуальный мультидисциплинарный подход к каждой будущей маме, качественный дородовый уход, безопасные роды, послеродовое наблюдение.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🛩 👩‍⚕️ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ АВИАЦИЯСЫ 2025 ЖЫЛЫ ІШКІ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЙСТЕР БОЙЫНША 2 МЫҢНАН АСТАМ ҰШУ ЖАСАДЫ

2025 жылы Қазақстанның медициналық авиация қызметі бүкіл ел бойынша және одан тыс жерлерде мыңдаған пациентке шұғыл және мамандандырылған көмек көрсете отырып, 2,2 мыңнан астам ұшуды орындады.
Жұмыс өңіраралық тасымалдауды да, халықаралық медициналық эвакуацияларды да, сыни пациенттердің мониторингін және донорлық ағзаларды тасымалдауды да қамтыды.

«2025 жылғы 1 қаңтар мен 30 желтоқсан аралығында Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығының диспетчерлік қызметіне медициналық авиацияны пайдалана отырып, медициналық көмек көрсетуге 2 589 өтінім келіп түсті. Оның ішінде 2 272 ұшып шығу медициналық қызмет көрсетумен, тағы 15-і медициналық қолдаусыз орындалды. 2024 жылмен салыстырғанда ұшулардың жалпы саны 4,5%-ға өсті», - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Ұшудың негізгі көлемі – 68,2% - өңірлік деңгейге жетті. Астанадан 544, Алматыдан – 174, халықаралық бағыттар бойынша – 9 ұшу орындалды.

2025 жылы жұмыстың жеке бағыты Халықаралық медициналық эвакуация болды. Бір жылдың ішінде Қазақстан азаматтарын шетелдік клиникалардан тасымалдауға 33 сұрату түсті. Қарау қорытындысы бойынша Түркия, Германия, Корея, Вьетнам, Қырғызстан және Египеттен 9 эвакуация ұйымдастырылып, орындалды.

Медициналық авиацияның мобильдік бригадалары айтарлықтай көмек көрсетті. Жыл ішінде 6 255 пациентке медициналық көмек көрсетілді, 9 124 медициналық қызмет орындалды. 2 267 пациент тасымалданды, 144 бетпе-бет консультация және 140 жергілікті хирургиялық араласу жүргізілді.
Бұл ретте барлық қызметтердің 72,1%-ы қашықтықтан медициналық консультациялар құрады. Олардың саны өткен жылмен салыстырғанда 12,6%-ға өсті, бұл жағдайы ауыр пациенттерді басқаруда телемедициналық технологияларды қолданудың кеңеюін көрсетеді.

Өтініштердің құрылымы бойынша ең үлкен үлесті акушерлік патология, балалар патологиясы және қанайналым жүйесінің аурулары, соның ішінде инсульт алған пациенттер құрады. Сондай-ақ, жарақаттармен, апат салдарымен және жаңа туған нәрестелердің патологиясымен ауыратын пациенттер де маңызды үлеске ие болды.

2025 жылы донорлық ағзаларды тасымалдау және трансплантологиялық бригадаларды сүйемелдеу жұмыстың маңызды бағыты болды. 10 мамандандырылған ұшу, соның ішінде сертификатталған медициналық модульдермен жабдықталған Як-40, Pilatus PC-12, Bombardier CRJ-200 ұшақтарын пайдалана отырып орындалды. Бұл еліміздің әртүрлі өңірінен ағзалар мен медициналық топтарды жедел жеткізуге және трансплантологиялық көмектің тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Бүйрек, бауыр, жүрек, мөлдір қабық, өкпе тасымалданған.

Авиациямен қатар санитариялық автокөлікпен де айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Есепті кезеңде 9 568 шығу орындалды, 10 200 медициналық қызмет көрсетілді, 10 222 пациентке қызмет көрсетілді. Ең көп жұмыс көлемі Түркістан және Алматы облыстарында тіркелген.
Бір жылдағы қызметтің қорытындылары медициналық авиация қашықтыққа, маршруттардың күрделілігіне және жағдайдың ауырлығына қарамастан пациенттерге жедел көмек көрсете отырып, Қазақстанда шұғыл медицинаның маңызды құралы болып қала беретінін көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🛩 👩‍⚕️ САНИТАРНАЯ АВИАЦИЯ КАЗАХСТАНА В 2025 ГОДУ СОВЕРШИЛА БОЛЕЕ 2 ТЫСЯЧ ВЫЛЕТОВ ПО ВНУТРЕННИМ И МЕЖДУНАРОДНЫМ РЕЙСАМ

В 2025 году служба медицинской авиации Казахстана выполнила более 2,2 тысячи вылетов, обеспечив экстренную и специализированную помощь тысячам пациентов по всей стране и за ее пределами.

Работа охватила как межрегиональные перевозки, так и международные медицинские эвакуации, мониторинг критических пациентов и транспортировку донорских органов.

«Всего с 1 января по 30 декабря 2025 года в диспетчерскую службу Национального координационного центра экстренной медицины поступило 2 589 заявок на оказание медицинской помощи с использованием медицинской авиации. Из них 2 272 вылета выполнены с оказанием медицинских услуг, еще 15 – без медицинского сопровождения. По сравнению с 2024 годом общее количество вылетов увеличилось на 4,5%», — сообщили в Минздраве.
Основной объем вылетов – 68,2% – пришелся на региональный уровень. Из Астаны выполнено 544 вылета, из Алматы – 174, по международным направлениям – 9 вылетов.

Отдельным направлением работы в 2025 году стала международная медицинская эвакуация. За год поступило 33 запроса на транспортировку граждан Казахстана из зарубежных клиник.

По итогам рассмотрения организованы и выполнены 9 эвакуаций из Турции, Германии, Кореи, Вьетнама, Кыргызстана и Египта.

Значительный объем помощи обеспечили мобильные бригады медицинской авиации. В течение года медицинская помощь оказана 6 255 пациентам, выполнено 9 124 медицинские услуги.

Транспортировано 2 267 пациентов, проведено 144 очные консультации и 140 оперативных вмешательств на месте.

При этом 72,1% всех услуг составили дистанционные медицинские консультации. Их количество выросло на 12,6% по сравнению с предыдущим годом, что отражает расширение применения телемедицинских технологий при ведении критических пациентов.

По структуре обращений наибольшую долю составили пациенты с акушерской патологией, патологии детского возраста и болезнями системы кровообращения, в том числе инсультами. Существенную часть также заняли пациенты с травмами, последствиями ДТП и патологиями новорожденных.

Важным направлением работы в 2025 году стала транспортировка донорских органов и сопровождение трансплантологических бригад. Выполнено 10 специализированных вылетов, в том числе с использованием самолетов Як-40, Pilatus PC-12, Bombardier CRJ-200, оснащенного сертифицированными медицинскими модулями. Это позволило оперативно доставлять органы и медицинские команды из разных регионов страны и повысить эффективность трансплантологической помощи.

Транспортировались почки, печень, сердце, роговица, легкие.
Наряду с авиацией значительная работа выполнена санитарным автотранспортом. За отчетный период выполнено 9 568 выездов, оказано 10 200 медицинских услуг, обслужено 10 222 пациента.

Наибольший объем работы зафиксирован в Туркестанской и Алматинской областях.
Итоги деятельности за год показывают, что медицинская авиация остается важным инструментом экстренной медицины в Казахстане, обеспечивая оперативную помощь пациентам независимо от расстояний, сложности маршрутов и тяжести состояния.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
Forwarded from UKIMET
Елімізде құны 103 млрд теңге болатын толық циклді биофармацевтикалық кешен салынады

📌 ҚР Президентінің фармацевтика саласындағы отандық өндірістің үлесін 50%-ға жеткізу жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстанда ірі стратегиялық инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

📄 Құжатта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «Khan Tengri Biopharma» ЖШС арасындағы «Алатау» арнайы экономикалық аймағында заманауи «Биофармацевтикалық толық циклді кешен салу» жөніндегі инвестициялар туралы келісім жобасы мақұлданды.

⚙️ Нысан дәрілік заттар өндірісінің озық технологияларымен жабдықталады деп жоспарлануда. Негізгі мақсат – 58 препарат түрін шығаратын өндіріс қуатын құру. Толық циклді іске қосуға, оның ішінде белсенді фармацевтикалық ингредиенттер өндіруге ерекше назар аударылады.

💊 Кешеннің өндірістік портфеліне 27 халықаралық патенттелмеген атауы бар, соның ішінде онкологиялық, аутоиммунды, сирек және қабыну ауруларын емдеуге арналған препараттар кіреді.

🔹 Инвестициялардың жалпы көлемі 103 млрд теңгеден асады. Кешенде 180-нен астам жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады.

🔄 Жобаны жүзеге асыру еліміздің фармацевтика саласын дамытуда стратегиялық маңызға ие және локализацияны кеңейтуге, орнықты өндірістік базаны қалыптастыруға, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар препараттардың импортын кезең-кезеңімен алмастыруға бағытталған. Одан бөлек, шығарылатын өнімнің бір бөлігін ЕАЭО, ТМД елдерінің, сондай-ақ Таяу Шығыс мемлекеттерінің нарықтарына экспорттау жоспарланып отыр.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
Forwarded from UKIMET
Биофармацевтический комплекс полного цикла на 103 млрд тенге построят в Казахстане

📌 В рамках реализации поручений Президента РК по доведению доли отечественного производства в фармацевтической отрасли до 50% в Казахстане будет реализован крупный стратегический инвестиционный проект. Соответствующее постановление подписано Премьер-министром Олжасом Бектеновым.

📄 Документом одобрен проект Соглашения об инвестициях между Министерством здравоохранения РК и ТОО «Khan Tengri Biopharma» по строительству в специальной экономической зоне «Алатау» современного производственного комплекса.

⚙️ Объект планируется оснастить передовыми технологиями для выпуска лекарственных средств. Ключевой целью определено создание мощностей по производству 58 наименований препаратов. Особое внимание уделено запуску полного цикла, включая изготовление активных фармацевтических ингредиентов.

💊 Производственный портфель комплекса будет включать 27 международных непатентованных наименований, в том числе препараты для лечения онкологических, аутоиммунных, редких и воспалительных заболеваний.

🔹Общий объем инвестиций составит более 103 млрд тенге, будет создано более 180 новых постоянных рабочих мест.

🔄 Реализация проекта имеет стратегическое значение для развития фармацевтической отрасли страны и направлено на расширение локального производства, формирование устойчивой производственной базы, а также на поэтапное импортозамещение социально значимых препаратов. Кроме того, часть выпускаемой продукции планируется экспортировать на рынки стран ЕАЭС, СНГ, а также государств Ближнего Востока.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3