ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.7K subscribers
16.8K photos
1.23K videos
28 files
3.65K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
Дүниежүзілік пациент қауіпсіздігі күні: денсаулықты қамқорлау өзімізден басталады


⚡️17 қыркүйекте денсаулық сақтау жүйесіндегі қауіпсіздіктің біздің әрқайсымыздан басталатынын еске салатын күн — Дүниежүзілік пациент қауіпсіздігі күні аталып өтеді.

🔹Қазақстанда медициналық көмектің сапасын және дәрілік заттар айналымын бақылаудың мемлекеттік тетіктері жұмыс істейді, бірақ пациенттің жеке жауапкершілігі де маңызды.
🔹Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықтың хабардарлығын арттыру, алдын алу шаралары және азаматтардың өз денсаулығының мәселелеріне белсенді қатысуы арқылы бүкіл әлем бойынша пациенттерге зиян келтірген миллиондаған жағдайларға жол бермеуге болатынын атап көрсетеді.

Осы маңызды күні әр адамның өз денсаулығының қауіпсіздігі үшін қандай ережелерді ұстануы тиіс екенін еске саламыз.
👏1
Всемирный день безопасности пациента: забота о здоровье начинается с нас


⚡️17 сентября отмечается Всемирный день безопасности пациента — дата, которая напоминает о том, что безопасность в системе здравоохранения начинается с каждого из нас.

🔹В Казахстане действуют государственные механизмы контроля качества медицинской помощи и обращения лекарств, но важна и личная ответственность пациента.

🔹Всемирная организация здравоохранения подчеркивает, что миллионы случаев вреда пациентам по всему миру можно предотвратить.

🔹И сделать это можно через повышение информированности, профилактику и активное участие граждан в вопросах своего здоровья.

В этот важный день напоминаем о том, каких основных правил должен придерживаться каждый человек для безопасности своего здоровья.
👍2
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ЖРВИ АУРУЫНЫҢ ТӨМЕНДЕГЕНІН ЖӘНЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫҢ ТҰРАҚТАНҒАНЫН АТАП ӨТТІ


Денсаулық сақтау министрлігі елдегі инфекциялық аурулар бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай туралы хабарлайды.

📊Ағымдағы жылдың эпидемиологиялық маусымы басталғаннан бері ЖРВИ-дың 150,7 мың жағдайы тіркелді, өткен эпидемиялық маусымның ұқсас кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 1,9 есеге төмендеді.

Ағымдағы маусымда тұмау жағдайлары тіркелген жоқ.
2025 жылдың 8 айындағы көптеген инфекциялық аурулардың эпидемиологиялық жағдайы да тұрақты болып қала береді.

🔹Жүргізіліп жатқан профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың арқасында елде оба, тырысқақ, дифтерия, полиомиелит, іш сүзегі және паратифті қоса алғанда, 21 инфекция жағдайы тіркелмеген.
33 инфекция бойынша сырқаттанушылықтың айтарлықтай төмендеуі байқалады.

🔹Атап айтқанда, қызылша – 11 есе, көкжөтел – 8,1 есе, А вирустық гепатиті – 2,5 есе, коронавирус инфекциясы-1,6 есе.

🔹Жағдайдың жақсаруы паразиттік және ішек инфекцияларында да байқалады.
Қызылша бойынша жағдай тұрақтануда: бір жыл бұрын 27 856-ға қарсы 2 569 жағдай тіркелді.

🔹Алайда, жағдайлардың шамамен 76%-ы вакцинацияланбаған. Көкжөтелдің ұқсас көрінісі: жағдайлардың 89%-ы вакцинацияланбаған адамдарға тиесілі.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарды вакцинациялауды назардан тыс қалдырмауға шақырады және балалардың денсаулығын сақтау үшін екпелердің маңыздылығына назар аударады.

🔹Аурулардың алдын алу үшін дәрігерлер мыналарды ұсынады:
● адамдар көп жиналатын жерлерде маскалар мен антисептиктерді қолдану;

● бөлмелерді жиі желдетіп, гигиена ережелерін сақтау;

● иммунитетті теңдестірілген тамақтанумен нығайту және алғашқы белгілерде уақтылы медициналық көмекке жүгіну.

🏥Медициналық ұйымдарда инфекциялық төсектердің резервін қоса алғанда, 5,7 мың орынға арналған төсек қоры орналастырылды, вирусқа қарсы препараттар, жеке қорғаныс құралдары мен қарқынды терапия жабдықтарының қоры құрылды.
👍2