ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.7K subscribers
16.8K photos
1.23K videos
28 files
3.65K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
ℹ️МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНА ALEM ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘЗІРЛЕМЕСІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барған медициналық мақсаттағы бұйымдар шығаратын елордалық кәсіпорындар көрмесінде донорлық органдарды сақтау, емдеу және тасымалдауға арналған инновациялық жүйе таныстырылды.

❤️Елордада өткен көрмеде қазақстандық кәсіпорындардың ғылыми әзірлемелері мен медициналық технологиялары ұсынылды. Солардың бірі — ALEM (Astana Life Ex-situ Machine) деп аталатын инновациялық құрылғы. Бұл жүйе донорлық мүшенің ағза сыртында 24 сағаттан астам уақыт бойы қызметін сақтап тұруға мүмкіндік береді. Құрылғы температура, қысым, қан құрамындағы газ концентрациясы және басқа да негізгі физиологиялық көрсеткіштерді бақылайтын сенсорлармен және мониторинг жүйесімен жабдықталған.

Бұл ғылыми жаңалық пациенттер, дәрігерлер және жалпы денсаулық сақтау жүйесі үшін тың мүмкіндіктер ашады. Енді трансплантологтар мүшені мыңдаған шақырымға тасымалдап, ота алдында оның жай-күйіне диагностика жүргізе алады. Бұл сәтсіз оталардың тәуекелін төмендетіп, ағза сыртында мүшені емдеуге және қалпына келтіруге жол ашады. Соның нәтижесінде трансплантацияға жарамды донорлық материалдар саны артады.

🎯Қазақстандық инженерлер мен UMC «Жүрек орталығы» мамандары бірлесіп жасаған бұл бірегей жүйені жобаның жетекшісі Юрий Пя таныстырды. Оның айтуынша, биылғы мамыр айында жалпы аумағы 3 000 шаршы метрді құрайтын құрылғыны құрастыру зауытының құрылысы басталды. Зауытты 2026 жылдың маусым айында іске қосу жоспарланып отыр.

ALEM құрылғысының сериялық өндірісі қазақстандық клиникаларды отандық құрылғылармен жабдықтауға және шетелдік баламаларға тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.

📇Сонымен қатар зауытта трансплантологияда қолданылатын шығын материалдар, пластик вакутейнерлер (қанға арналған пробиркалар), биоматериалдарды сақтауға арналған контейнерлер мен дренажды банкілер, диагностикалық модульдер және медициналық экожүйені кеңейтуге арналған цифрлық компоненттер де шығарылады. Барлық құрамдас бөлшектер мен құрылыс материалдары қазақстандық өндірістен болады.

Eira Med фармацевтикалық кешені Еуропа Одағы елдері мен АҚШ-тан келетін медициналық бұйымдар импортын алмастырумен және технологияны трансферлеумен белсенді түрде айналысады.

Бұдан бөлек, Президентке Kazecotech кәсіпорнының ғылыми-техникалық жетістіктері көрсетілді. Соңғы үш жылда компания ең үздік әлемдік стандарттарға сай келетін 250-ден астам протез дайындап, 500 адамды Ottobock мүгедек арбасымен қамтамасыз еткен.


Мемлекет басшысы көрмені аралау барысында отандық фармацевтика өнеркәсібі мен медициналық бұйымдар өндірісін дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
ℹ️ГЛАВЕ ГОСУДАРСТВА ПРЕЗЕНТОВАЛИ КАЗАХСТАНСКУЮ РАЗРАБОТКУ ALEM


Инновационная система для сохранения, лечения и транспортировки донорских органов сегодня была представлена на выставке столичных предприятий по выпуску изделий медицинского назначения в Астане, которую посетил Касым-Жомарт Токаев.

❤️На выставке в столице были представлены научные разработки и медицинские технологии казахстанских предприятий. Одной из них стало инновационное устройство ALEM (Astana Life Ex-situ Machine), которое позволяет поддерживать функциональность донорского органа вне тела более 24 часов.

Система оснащена встроенными сенсорами и мониторингом, которые отслеживают ключевые физиологические параметры: температуру, давление, концентрацию газов в крови и
другие.

🎯Это научное решение открывает новые перспективы для пациентов, врачей и всей системы здравоохранения.

Трансплантологи получат возможность перевозить органы на тысячи километров, проводить диагностику состояния органа перед пересадкой, снижая этим риск неудачных операций, корректировать и лечить органы вне тела, увеличивая число пригодных для трансплантации донорских материалов.

📇Представляя уникальную систему, в разработке которой участвовали казахстанские инженеры и специалисты Центра Сердца UMC, руководитель проекта Юрий Пя отметил, что в мае текущего года началось строительство завода по сборке устройства общей площадью 3 000 кв.м. Ввод в эксплуатацию запланирован на июнь 2026 года.

Серийный выпуск ALEM позволит оснастить казахстанские клиники отечественными устройствами и тем самым сократить зависимость от зарубежных аналогов. Помимо этого, на заводе будут производить расходные материалы, используемые в трансплантологии, пластиковые вакутейнеры (пробирки для крови), контейнеры для хранения биоматериалов и дренажные банки, модули диагностики и цифровые компоненты для расширения медицинской экосистемы. Все комплектующие, как и строительные материалы, будут казахстанского содержания.

📌Кроме того, на выставке была представлена продукция фармкомплекса Eira Med, который активно занимается импортозамещением и трансфером медицинских технологий из стран ЕС и США.

Президенту также были продемонстрированы достижения научно-технического предприятия Kazecotech. За последние три года компания изготовила более 250 протезов по лучшим мировым стандартам и обеспечила 500 человек индивидуальными креслами-колясками Ottobock.

Глава государства, осмотрев выставку, отметил важность развития отечественной фарминдустрии и производства медицинских изделий.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
🗣«DARIGER TALKS»: ДӘРІГЕРЛЕР ӘРҚАШАН ҚАСЫНДА БОЛАТЫН АДАМДАР


«Amanat» партиясы «Dariger Talks» диалог алаңында денсаулық сақтаудың бүгіні мен болашағы туралы ашық әңгімелесу үшін 600-ден астам дәрігерді, мейіргерлерді, ғалымдарды, медициналық ұйымдардың басшыларын және барлық өңірлерден сарапшыларды жинады.

👤Кездесуді аша отырып, Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов барлық қатысушыларды медицина қызметкерінің өткен мерекесімен құттықтады. Ол дәрігерлердің ел өміріндегі ерекше рөлін атап өтіп, денсаулық сақтау жүйесін дамыту Мемлекет басшысының назарында екенін атап өтті.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, медицина қызметкерлері бейбіт уақыттағы батырлар атағына лайық. Бүгінгі таңда отандық медицина керемет нәтижелер көрсетуде. Біздің дәрігерлер бірнеше елдерде ғана қол жетімді ең күрделі трансплантаттау операцияларын жасайды. Біз үшін «AMANAT» партиясымен бірге алға қойған мақсаттарға қол жеткізіп, азаматтарымыздың денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсарту өте маңызды», – деді ол.


💬Мәжіліс Төрағасы медициналық қоғамдастық өкілдері «AMANAT»- тың маңызды тірегі болып табылатынын атап өтті, өйткені әрбір үшінші медицина қызметкері партия мүшесі болып табылады.

Осыған байланысты «Dariger Talks» платформасы отандық медицина мәселелерін ашық талқылау және оны одан әрі дамыту бойынша өзекті міндеттерді әзірлеу үшін маңызды алаңға айналды.

Медициналық кадрлардың тапшылығы проблемасын шешу үшін өткен жылдан бастап ауылдық жерге жұмысқа келген 700-ге жуық медицина қызметкері 100 ЕТЖ (шамамен 9 млн теңге) мөлшерінде көтерме жәрдемақы алды.

🏛🏛Президенттің тапсырмасы бойынша дәрігерлердің де, пациенттердің де құқықтарын қорғаудың әділ тетігін көздейтін медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесі енгізілді.

Іс-шара барысында Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаев пен Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова да сөз сөйледі.

«Dariger Talks» қатысушылары жеке қалыптасу тарихымен бөлісті және әріптестерімен бірге кәсіби сын-тегеуріндерді талқылады.

М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің радиология кафедрасының жетекшісі ақтөбелік Ерболат Ізтілеуов адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялауды жете бағаламаудың қайғылы салдарына назар аударды. Семейдегі перинаталдық орталықтың неонаталдық блогының басшысы Гүлжазира Дүйсекенова 25-ші аптада салмағы небәрі 470 грамм болатын қыздың өмірін дәрігерлер қалай сақтап қалғаны туралы әңгімемен бөлісті. Дәрігерлер тобы 117 күн бойы бүлдіршіндердің өмірі үшін күресті.

Қазақстандық медициналық туризм қауымдастығының президенті Кристина Кривецтің айтуынша, Қазақстандағы медициналық қызметтердің құны алыс шет елдерге қарағанда едәуір төмен, бірақ бұл ретте емдеу сапасы әлемдік стандарттарға жетіп отыр. Бұл біздің елімізді шетелдік медициналық туристер үшін тартымды етеді. Жыл сайын әлемнің 45 елінен 10 мыңнан астам адам Қазақстанға емделуге арнайы келеді.

Петропавлдан көпбейінді облыстық балалар ауруханасының консультациялық-диагностикалық орталығының меңгерушісі Арлан Балтабеков аппараттық телемедицинаны қолданудың жетістіктерін атап өтті, соның арқасында ең шалғай ауылдардың тұрғындары арнайы бейінді медициналық көмекке қол жеткізді.

Кездесу соңында «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов пен Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова кәсіби қызметіндегі еңбегі үшін бірқатар медицина қызметкерлеріне марапаттар табыс етті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
🗣«ДӘРІГЕР TALKS»: ВРАЧИ ЭТО ЛЮДИ, КОТОРЫЕ ВСЕГДА РЯДОМ


Партия «AMANAT» на диалоговой площадке «Дәрігер Talks» собрала свыше 600 врачей, медсестер, ученых, руководителей медицинских организаций и экспертов со всех регионов для открытого разговора о настоящем и будущем здравоохранения.

👤Открывая встречу, Спикер Мажилиса, Председатель партии «AMANAT» Ерлан Кошанов поздравил всех присутствующих с прошедшим Днем медицинского работника. Он подчеркнул особую роль врачей в жизни страны и отметил, что развитие системы здравоохранения находится в центре внимания Главы государства.

«Как справедливо заметил Президент Касым-Жомарт Токаев, медицинские работники по праву заслуживают звания героев мирного времени. И сегодня отечественная медицина демонстрирует блестящие результаты. Наши врачи проводят сложнейшие операции по трансплантологии, которые доступны только в немногих странах. Для нас очень важно, что вместе с партией «AMANAT» вы добиваетесь поставленных целей – улучшаете здоровье и качество жизни наших граждан», – сказал он.


💬Председатель Мажилиса подчеркнул, что представители медицинского сообщества являются важной опорой «AMANAT», поскольку практически каждый третий медработник является членом партии. В этой связи платформа «Дәрігер Talks» стала важной площадкой для открытого обсуждения проблем отечественной медицины и выработки актуальных задач по ее дальнейшему развитию.

Для решения проблемы дефицита медицинских кадров, начиная с прошлого года, порядка 700 медицинских работников, переехавшие на работу в сельскую местность, получили подъемные пособия в размере 100 МЗП (около 9 млн тенге).

По поручению Президента внедрена система страхования профессиональной ответственности медработников, которая предусматривает справедливый механизм защиты прав как врачей, так и пациентов.

В ходе мероприятия также выступили Заместитель Премьер-Министра Ермек Кошербаев и Министр здравоохранения Акмарал Альназарова. Участники «Дәрігер Talks» поделились личными историями становления и обсудили профессиональные вызовы вместе с коллегами.

Руководитель кафедры радиологии Западно-Казахстанского медицинского университета им. М.Оспанова из Актобе Ерболат Изтлеуов обратил внимание на трагические последствия недооценки вакцинации от вируса папилломы человека. Руководитель неонатального блока перинатального центра из Семея Гулжазира Дюсекенова поделилась историей о том, как врачи спасли девочку, которая родилась на 25-й неделе весом всего в 470 грамм. Команда докторов сражалась за жизнь крохи 117 дней.

🏛🏛По словам президента Казахстанской ассоциации медицинского туризма Кристины Кривец стоимость медицинских услуг в Казахстане значительно ниже, чем в странах дальнего зарубежья, но при этом качество лечения достигает мировых стандартов. Это делает нашу страну привлекательной для иностранных медицинских туристов. Ежегодно более 10 тысяч человек из 45 стран мира специально приезжают в Казахстан на лечение.

Заведующий консультативно-диагностическим центром Многопрофильной детской областной больницы из Петропавловска Арлан Балтабеков подчеркнул успехи применения аппаратной телемедицины, благодаря чему жители самых отдалённых сёл получили доступ к узкопрофильной медицинской помощи.

В завершении встречи Председатель партии «AMANAT» Ерлан Кошанов и Министр здравоохранения Акмарал Альназарова вручили награды ряду медицинских работников за заслуги в профессиональной деятельности.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
☄️ҚАЗАҚСТАНДА ӘЙЕЛДЕР КОНСУЛЬТАЦИЯЛАРЫ ҚАЙТАДАН ЖҰМЫС ІСТЕЙ БАСТАЙДЫ

Денсаулық сақтау министрлігі жүкті әйелдерге және гинекологиялық аурулары бар әйелдерге медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) деңгейінде медициналық көмек көрсететін амбулаториялық қызметтердің бірыңғай блогына біріктіре отырып, «Әйелдер консультациясы» бөлімшелерінің жұмысын қалпына келтіреді.
Бастаманың мақсаты - еліміздің әйел халқына медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру.

▶️Әйелдер консультацияларының жаңартылған құрылымында ашылады:
* Бір күндік клиникасы бар ұрықты сақтау орталықтары
* Отбасын жоспарлау орталықтары
* Жүктілікті көтере алмауға арналған кабинеттері
* Мультидисциплинарлық топтың қатысуымен жоғары қауіпті және экстрагениталдық аурулары (ЭГА) бар жүкті әйелдерді басқаруға арналған кабинеттер
* Репродуктолог және балалар гинекологының кабинеттері

📊 Негізгі нәтижелер мен жетістіктер:
* Қазақстандағы жүкті әйелдердің 99%-ы босанғанға дейінгі бақылаумен қамтылған
* Үш жылдың ішінде пренаталдық скринингпен қамту 8%-ға өсті, бұл:
📌ұрықтың дамуындағы 7000 нан астам бұзылуларды анықтау
📌өмірге сәйкес келмейтін ақаулары бар 2000-нан астам баланың туылуына жол бермеу

Туа біткен кемістіктерді ерте анықтаудың қолжетімділігін арттыру үшін 16 перинаталдық орталықта бір күндік клиникалар ұйымдастырылды, онда 100 000-ға жуық жүкті әйел зерттеп-қараудан өтті, 500 000-нан астам медициналық қызмет көрсетілді.

✔️2024 жылы алғаш рет «Феталдық медицина» жобасы басталды:
⠀- ұрыққа 55 жатырішілік операция жасалды
⠀- 86 болашақ жаңа туған нәрестенің өмірі сақталды
⠀-25 әйел егіздермен бірге қауіпсіз босанды

Ағзаны сақтау операцияларының саны 20%-ға артты- 2000-ға жуық әйелдің бала туу ағзасы сақталды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 18 Облыстық перинаталдық орталықты жаңарту бойынша мастер-жоспарларды бекітті:
- жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсету үшін аудандарға бару үшін көпбейінді мобилдік топтар құрылды;
-телемедицина, онлайн-тексеру және қашықтықтан консультациялар дамуда.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
☄️В КАЗАХСТАНЕ СНОВА НАЧНУТ РАБОТАТЬ ЖЕНСКИЕ КОНСУЛЬТАЦИИ

Министерство здравоохранения восстанавливает работу отделений «Женская консультация» с объединением в единый блок амбулаторных служб, оказывающих медицинскую помощь беременным и женщинам с гинекологическими заболеваниями на уровне первичной медико-санитарной помощи (ПМСП).
Цель инициативы — повышение доступности и качества медицинской помощи женскому населению страны.

▶️В обновлённой структуре женских консультаций откроются:
• Центры охраны плода с Клиникой одного дня
• Центры планирования семьи
• Кабинеты невынашивания
• Кабинеты для ведения беременных с высоким риском и экстрагенитальными заболеваниями (ЭГЗ) с участием мультидисциплинарной команды
• Кабинеты репродуктолога и детского гинеколога

📊 Ключевые результаты и достижения:
• 99% беременных женщин в Казахстане охвачены дородовым наблюдением
• Охват пренатальным скринингом вырос на 8% за три года, что позволило:
o выявить более 7 000 нарушений развития плода
o предотвратить рождение более 2 000 детей с пороками, несовместимыми с жизнью

Для повышения доступности раннего выявления врожденных пороков развития в 16 перинатальных центрах организованы Клиники одного дня, где около 100 000 беременных прошли обследования, оказано более 500 000 медицинских услуг.

✔️В 2024 году впервые стартовал проект «Фетальная медицина»:
⠀-проведено 55 внутриутробных операций на плоде
⠀-сохранена жизнь 86 будущим новорожденным
⠀-25 женщин благополучно родили, включая случаи с двойней

На 20% увеличено количество органосохраняющих операций — около 2000 женщинам сохранен детородный орган.

Министерство здравоохранения РК утвердило мастер-планы по реновации 18 областных перинатальных центров:
-созданы мультидисциплинарные мобильные группы для выездов в районы для оказания медпомощи беременным;
-развивается телемедицина, онлайн-обходы и дистанционные консультации.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏3
⚡️ҚР КІАҒЗИ-ДА ПЕРИАКРДТЫҚ ТІННЕН ЖАСАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚАҚПАҚША АЛҒАШ РЕТ ИМПЛАНТАТТАЛДЫ

ҚР-да алғаш рет КІАҒЗИ-да жетекші қытайлық өндірушінің соңғы буынының инновациялық өздігінен ашылатын қақпақшасының 1-ші имплантаттауы орындалды.

💬Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да Қытай Халық Республикасының интервенциялық кардиология саласындағы танымал әлемдік сарапшыларының: Сычуань университетінің Батыс Қытай ауруханасының кардиология бөлімшесінің директоры, профессор Мао Чен және аурухананың бас дәрігері - туа біткен жүрек кемістіктерін интервенциялық емдеу бойынша бағыттың жетекшісі доктор Юань Фэннің қатысуымен аорталық стенозды емдеудің озық аз инвазивті технологиясы - аорталық қақпақшаны транскатетерлік имплантаттау (TAVI) бойынша мастер-класс өтті.

TAVI - ауыр қолқа стенозы және жоғары операциялық қаупі бар пациенттер үшін ашық жүрек операциясына заманауи балама. Бұл әдіс биологиялық қақпақшаны кеуде қуысын ашпай-ақ сан артериясы арқылы жеткізуге мүмкіндік береді, бұл емдеуге жатқызу уақытын қысқартады және асқынулардың санын азайтады.


🔷Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ рентгеноперблок меңгерушісі Алексей Колесниковтың айтуынша, бұл жүйе бірегей клиникалық мүмкіндіктерді ұсынады: жоғары сапалы перикардтық тіннен жасалған өздігінен ашылатын қақпақша пациенттің анатомиялық ерекшеліктеріне оңай бейімделеді, ал оны қайта орналастыру және алу мүмкіндігі орнатудың дәлдігін қамтамасыз етеді және қауіптерді азайтады.

«Бұл мастер-класс Қазақстанда емдеудің әлемдік стандарттарын енгізуге, отандық мамандардың құзыреттерін кеңейтуге және жүрек аурулары бар пациенттерге көмек көрсетудің озық әдістерінің қолжетімділігін арттыруға ықпал ете отырып, жоғары технологиялық кардиохирургияны дамытудағы маңызды кезең болды», - дейді институт басқармасының төрағасы Марат Пашимов.


2 күннің ішінде 7 пациентке операция жасалды. Мысалы, 74 жастағы пациент клиникаға түскен кезде физикалық жүктеме, 100-150 метр қашықтықта жүру кезінде ентігу, бас айналу, бас ауруы, аяқтарының мұздауы, жалпы әлсіздік туралы шағымдары болды.

🔷Негізгі диагноз: жүре пайда болған жүрек кемістігі, аорталық қақпақшаның айқын стенозы, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі. Қосалқы диагнозы: жүректің ишемиялық ауруы, артериялық гипертония, 2 типті қант диабеті. Операциядан кейін пациент өзін жақсы сезінеді. Барлық операциялар сәтті өтті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM