ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.92K subscribers
16.2K photos
1.09K videos
28 files
3.44K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
🔥ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АНЫҚТАДЫ

Бүгін Астанадағы салтанатты рәсім барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 17 номинация бойынша «Мамандығының үздігі» республикалық байқауының жеңімпаздары атанды.

🔥Олардың қатарында әртүрлі бейіндегі дәрігерлер, акушер-гинекологтар, хирургтар, фармацевтер, оқытушылар, санитариялық дәрігерлер және еліміздің барлық өңірлерінен келген басқа да мамандар бар:

* «Стационардың үздік дәрігері» - Смайылов Совет Сләммұратұлы (Павлодар облысы);
* «Үздік жедел жәрдем дәрігері» - Тәжібекова Салтанат Болатқызы (Шымкент қ.);
• «Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің үздік дәрігері» - Бақбергенова Айгүл Жұпарбайқызы (Қызылорда облысы);
• «Үздік ауылдық дәрігер» - Төлеуов Жақып Оразайұлы (Қызылорда облысы);
• «Денсаулық сақтаудағы үздік әлеуметтік қызметкер» - Сабиева Айгүл Болатқызы (Шымкент қ.);
• «Үздік акушер» - Қаженова Маржан Тынышқалиқызы (БҚО);
• «Стационардың үздік мейіргері» - Тілеубаева Эльмира Жасұланқызы (Алматы обл.);
• «Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің үздік мейіргері» - Әлжанова Әлия Наурызбайқызы (Ақмола обл.);
• «Үздік ауылдық мейіргері» - Жұманазарова Жұлдыз Құрбанқызы (Түркістан облысы);
• «Үздік фельдшер» - Маханбетова Гүлнар Аманкелдіқызы (Ақтөбе обл.);
• «Медициналық жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» - Қожанова Қалданай Қаржауқызы (С. Ж. Асфендияров атындағы «ҚазҰМУ» КеАҚ);
• «Медицина колледжінің үздік оқытушысы» - Жұмадилова Мадина Сембайқызы (Жетісу облысы);
• «Денсаулық сақтаудағы үздік ғалым» - Жақыпбеков Қайрат Сапарханұлы (С. Ж. Асфендияров атындағы « ҚазҰМУ» КеАҚ.);
• «Денсаулық сақтаудың үздік менеджері» - Әмрин Сәкен Өмірсерікұлы (СҚО);
• «Санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі үздік дәрігер» - Пивоваров Евгений Иванович (ШҚО);
• «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың үздік маманы» - Рахымбаева Алмагүл Қалиқызы (Алматы қ.);
• «Үздік провизор» - Әлжанова Хадиша Дербісқызы (Түркістан облысы).

📘Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова саланың үздік мамандарына дипломдар мен сертификаттар табыс етті.

👍Конкурс жеңімпаздары 500 АЕК мөлшерінде көтермелеу төлемдерін алады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔥МИНЗДРАВ ОПРЕДЕЛИЛ ПОБЕДИТЕЛЕЙ РЕСПУБЛИКАНСКОГО КОНКУРСА СРЕДИ МЕДРАБОТНИКОВ

Сегодня в ходе торжественной церемонии в Астане были названы победители республиканского конкурса Министерства здравоохранения РК «Лучший в профессии» по 17 номинациям.

👌Среди них — врачи различных профилей, акушеры-гинекологи, хирурги, фармацевты, преподаватели, санитарные врачи и другие специалисты из разных служб и регионов страны:

• «Лучший врач стационара» - Смаилов Совет Сляммуратович (Павлодарская область);
• «Лучший врач неотложной помощи» - Тажибекова Салтанат Болатовна (г. Шымкент);
• «Лучший врач первичной медико-санитарной помощи» - Бакбергенова Айгуль Жупарбаевна (Кызылординская область);
• «Лучший сельский врач» - Тулеуов Жакып Оразаевич (Кызылординская область);
• «Лучший социальный работник в здравоохранении» - Сабиева Айгуль Болатовна (г. Шымкент);
• «Лучшая акушерка» - Каженова Маржан Тнышкалиевна (ЗКО);
• «Лучшая медицинская сестра стационара» - Тлеубаева Эльмира Жасулановна (Алматинская область);
• «Лучшая медицинская сестра первичной медико-санитарной помощи» - Альжанова Алия Наурызбаевна (Акмолинская область);
• «Лучшая сельская медицинская сестра» - Жуманазарова Жулдуз Курбановна (Туркестанская область);
• «Лучший фельдшер» - Маханбетова Гулнар Аманкелдина (Актюбинская область);
• «Лучший преподаватель медицинского ВУЗа» - Кожанова Калданай Каржауовна (НАО «КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова);
• «Лучший преподаватель медицинского колледжа» - Жумадилова Мадина Сембаевна (Область Жетісу);
• «Лучший ученый в здравоохранении» - Жакипбеков Кайрат Сапарханович (НАО «КазНМУ им. С.Д.Асфендиярова);
• «Лучший менеджер здравоохранения» - Амрин Сакен Омерсерикович (СКО);
• «Луший врач санитарно-эпидемиологического профиля» - Пивоваров Евгений Иванович (ВКО);
• «Лучший специалист санитарно-эпидемиологической экспертизы» - Рахимбаева Алмагуль Калиевна (г. Алматы);
• «Лучший провизор» - Альжанова Хадиша Дербисовна (Туркестанская область).

📘Министр здравоохранения Акмарал Альназарова вручила дипломы и сертификаты лучшим специалистам отрасли.

👍Победители конкурса получат поощрительные выплаты в размере 500 МРП.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏5👍3
💊Құрметті медицина қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

🎆Біз дәрігерлеріміз бен мейіргерлеріміздің жетістіктерін мақтанышпен атап өтеміз, олар жыл сайын жүздеген мың науқасты қабылдап, миллиондаған жедел жәрдем шақыртуларына қызмет көрсетіп, мыңдаған күрделі операцияларды сәтті жасап, сәбилердің аман-есен дүниеге келуіне көмектесіп келеді.

Ұлт денсаулығын нығайту - мемлекетіміздің басты басымдықтарының бірі.

🎉Қазақстанда медицинаның бірнеше бағыты халықаралық деңгейде табысты бәсекеге қабілетті. Бүгінде еліміздің әрбір тұрғынына медициналық-санитариялық алғашқы көмек те, жоғары технологиялық медициналық қызметтер де қолжетімді.

Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіз үшін алғысымыз шексіз!

♥️Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, мол оптимизм, құрмет пен амандық тілейміз!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3👏1
💊Уважаемые медицинские работники!


🎆Поздравляем вас с профессиональным праздником, с Днем медицинского работника!
Мы гордимся успехами наших врачей, медицинских сестер, ежегодно они делают сотни тысяч приемов больных, обслуживают миллионы вызовов скорой помощи, проводят тысячи сложных операций, помогают малышам благополучно появиться на свет.

Укрепление здоровья нации является важнейшим приоритетом нашего государства.

🎉В Казахстане ряд направлений медицины успешно конкурируют на международном уровне.

Доступность первичной медицинской помощи и высокотехнологичных медицинских услуг обеспечена для каждого жителя страны.

♥️Огромное спасибо за ваш неустанный труд! Желаем вам и вашим семьям здоровья, большого оптимизма, почета и благополучия!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏3
☄️БІЗДІҢ АҚ ХАЛАТТЫ ҚАҺАРМАНДАРЫМЫЗ: ҰЛЫТАУЛЫҚ ХИРУРГ НҰРТІЛЕК ҚҰЛЫМЖАНОВ

Медицина қызметкері күні қарсаңында елдің денсаулық сақтау саласының үздік өкілдеріне – олардың арқасында талай өмір сақталып, болашақ ұрпақтың денсаулығы мен қазақстандық отбасылардың амандығы қамтамасыз етілген мамандарға – мемлекеттік және ведомстволық құрмет наградалары табысталды.

🏅Марапатталғандардың қатарында – Ұлытау облысының Жезқазған қалалық көпбейінді ауруханасының хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Құлымжанов Нұртілек Марланұлы да бар. Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту мен денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін ол «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Нұртілек Марланұлы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын тәмамдаған соң туған қаласына оралып, еңбек жолын 2008 жылы Жезқазған қалалық көпбейінді ауруханасының қабылдау бөлімінде терапевт дәрігер ретінде бастаған. 2018 жылы жаңадан ашылған хирургия бөлімшесінің меңгерушісі болып тағайындалып, бұл маңызды құрылымның қалыптасуына үлкен үлес қосты.

✔️Ол науқастарға деген жанашыр қарым-қатынасы, кәсіби біліктілігі, батылдығы, жұмысқа шығармашылық тұрғыдан қарауы және күрделі мәселелерді шешудегі шеберлігі арқылы зор жетістіктерге жетті.

Хирург Нұртілек Марланұлының қажырлы еңбегі әділ бағаланып, лайықты марапатқа ие болды. Оны шын жүректен құттықтап, игі ісінде табыс пен жаңа биіктер тілейміз!







☄️НАШИ ГЕРОИ В БЕЛЫХ ХАЛАТАХ: ХИРУРГ ИЗ УЛЫТАУ НУРТИЛЕК КУЛЫМЖАНОВ


Накануне Дня медработника лучшим представителям сферы здравоохранения страны, за плечами которых стоят спасенные жизни, здоровье будущих поколений и благополучие казахстанских семей, были вручены почетные государственные и ведомственные награды.

🏅В числе награжденных - Кулымжанов Нуртилек Марланулы, заведующий хирургическим отделением Многопрофильной больницы г.Жезказган области Ұлытау. За большой вклад в развитие здравоохранения и укрепление здоровья казахстанцев удостоен медалью «Ерен еңбегі үшін».


Нуртилек Марланулы после завершения Карагандинской государственной медицинской академии вернулся в родной город. Начал свой трудовой путь в 2008 году врачом терапевтом приемного покоя Многопрофильной больницы г.Жезказгана. В 2018 году был назначен заведующим вновь созданного хирургического отделения и внес значительный вклад в становление данной очень важной структуры.

✔️Он добился успехов благодаря своему чуткому отношению к пациентам, профессионализму, смелости, творческому подходу к своей работе, способностью решать сложные проблемы.

Самоотверженный труд хирурга Нуртилека Марланулы признан и отмечен достойной наградой. Поздравляем и желаем ему дальнейших успехов в благородном деле!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
Сіз пациентке шығару кезінде қол шапалақтап қошемет көрсеткен сәтті көріп пе едіңіз?

Бүгін қалалық ауруханадан 85 жастағы пациент — Қансай Досанова — ақ халатты жандар мен палатадағы көршілерінің ыстық ықыласымен, шынайы алғысымен және шапалақтарымен үйіне шығарылды. Бұл кісінің артында — 40 күндік күрделі емдеу жолы жатыр: реанимация, бірнеше операция, ұзақ ем, күнделікті тамшылатып емдеу, дәрігерлердің тұрақты қамқорлығы.

Бірақ бұл сәтті ерекше әсерлі етіп тұрған пациенттің өзі де кезінде акушер-гинеколог дәрігер болғандығы. Торғай өңірінде шамамен 40 жыл қызмет етіп, Арқалық облыстық ауруханасында жүздеген сәбидің дүниеге келуіне көмектескен. Енді, арада ондаған жыл өткен соң өзі оның өмірі үшін бүгінгі жас әріптестері күрескен пациент болды. Бір айдан астам уақыт бойы ол: Реанимацияда, Тамыр хирургиясында, Терапия бөлімшесінде емделді.

Аурухана басшылығы оның дәрігерлік еңбек жолын естігенде, бас дәрігер жеке өзі палатаға келіп, емделіп шыққанын құттықтап, ондаған жыл бойғы адал еңбегі үшін алғыс білдірді. Ал мереке қарсаңында оның палатаға арнайы кіріп, денсаулық пен ұзақ өмір тілеуі де ерекше мәнге ие болды.

🫶 Пациенттің жақындары аурухана ұжымына кәсіби біліктілігі, жанашырлығы мен қажырлы еңбегі үшін алғыс білдірді.

Біздің батыр кейіпкерімізге зор денсаулық, тыныш күндер мен қуанышқа толы сәттер тілейміз! 💐

Қансай Уәлиқызы Досанова 1966 жылы Алматы медицина институтын бітірген. 1966 жылдан бастап шамамен 40 жыл бойы Арқалық облыстық ауруханасында акушер-гинеколог болып қызмет етті. Кейінірек өңірдегі өзге де медициналық мекемелерде еңбек еткен.