Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Астанада еліміздің денсаулық сақтау саласының үздік өкілдерін мемлекеттік және салалық марапаттармен марапаттау рәсімі өтті.
Сондай-ақ, іс-шара барысында «Кәсібінің үздігі» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды. Дәрігерлер, медбикелер, фармацевтер және денсаулық сақтау жүйесінің басқа да мамандары кәсіби шеберлігі, жанқиярлығы мен мамандығына адалдығы үшін марапатталды.
«Бүгін біз Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің ең таңдаулы өкілдерін – «Кәсібінің үздігі» байқауының жеңімпаздарын марапаттап отырмыз. Бұл жандар күн сайын адам өмірін құтқарып, денсаулығын қалпына келтіріп, жоғары кәсібилікті және өз ісіне адалдықты көрсетіп жүр. Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отырып, халыққа көрсеткен қызметтері үшін әрқайсыңызға алғысымды білдіремін», – деді Ермек Қошербаев.
Бүгінгі таңда еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде 378 мыңнан астам адам еңбек етеді. Оның ішінде 271 мыңнан астамы – медицина қызметкерлері, шамамен 81 мың дәрігер мен 190 мың орта буын мамандары бар. Бұдан бөлек, саланың еңбек ұжымы құрамында кіші медициналық персонал, менеджерлер, әлеуметтік қызметкерлер, инженерлер және басқа да мамандар бар.
⚜️Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мемлекет медицина мамандығының тартымдылығын арттырып, кәсіби ортаны қолайлы етуге жүйелі түрде күш салып жатқанын атап өтті.
– Биылғы жылдың бес айында денсаулық сақтау мамандары 1,4 миллионға жуық науқасқа стационарлық көмек көрсетті, оның ішінде 399 мыңнан астамы – балалар. 445 мыңнан астам ота жасалып, соның ішінде 8,4 мыңнан астамы – жоғары технологиялы операциялар. 80 мыңнан астам науқас оңалту курсынан өтті, ал амбулаториялық-емханалық жағдайда 3 миллионнан астам оңалту қызметі көрсетілді. 2025 жылдың басынан бастап емханаларда 163 миллионнан астам адам қабылданды, жедел жәрдем қызметі 2,7 миллионнан астам шақыртуға барды. Акушерлер 132 мыңға жуық ананы босандырды, – деді министр.
⚡️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерінің қоғамдағы рөлі мен мәртебесінің маңыздылығын үнемі атап өтеді. 2024 жылы Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесі мен құқықтық қорғалуын арттыруға бағытталған заңға қол қойды.
Кәсіби сақтандыру жүйесі енгізілді. Сонымен қатар, ауылдық жерлерге кадр тарту жұмыстары жалғасып жатыр: 2023 жылдан бастап ауылға тапшылығы жоғары мамандықтар бойынша келген дәрігерлерге 100 АЕК (шамамен 8,5 млн теңге) көлемінде бір реттік төлем, тұрғын үйге жеңілдетілген несие, көтерілу жәрдемақысы және жалақысына үстеме ақы қарастырылған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥2
В преддверии профессионального праздника – Дня медицинского работника – в Астане состоялась торжественная церемония награждения лучших представителей сферы здравоохранения рядом государственных и отраслевых наград с участием Заместителя Премьер-Министра РК Ермека Кошербаева.
Также в ходе мероприятия с участием ветеранов отрасли, медицинской общественности были награждены победители ежегодного республиканского конкурса «Лучший в профессии» по 17 номинациям. Врачи, медсёстры, фармацевты, акушеры, фельдшеры и другие специалисты системы здравоохранения были отмечены за особые профессиональные достижения, самоотверженность и верность делу.
«Сегодня мы чествуем лучших представителей системы здравоохранения Казахстана — победителей конкурса «Лучший в профессии». Эти люди ежедневно спасают жизни, возвращают здоровье, демонстрируя высочайший профессионализм и преданность своему делу. От всей души поздравляю лауреатов и выражаю благодарность каждому из вас за служение людям», — подчеркнул Ермек Кошербаев.
Сегодня в системе здравоохранения Казахстана трудятся более 378 тысяч человек, из них свыше 271 тысяч — медицинские работники, включая около 81 тысячи врачей и 190 тысяч специалистов среднего звена.
Кроме того, трудовой коллектив здравоохранения включает младший медперсонал, менеджеров, социальных работников, инженеров и других специалистов.
⚜️Министр здравоохранения РК Акмарал Альназарова отметила, что государство прилагает системные усилия для создания комфортной профессиональной среды и повышения привлекательности профессии медика.
«За пять месяцев текущего года специалисты здравоохранения оказали помощь порядка 1,4 млн пациентов в стационарах, в том числе более 399 тыс. детям. Проведено свыше 445 тыс. операций, включая около 8,4 тыс. высокотехнологичных вмешательств. С начала 2025 года амбулаторно-поликлиническая служба обслужила 163 млн обращений, служба скорой помощи – более 2,7 млн вызовов. Акушеры приняли почти 132 тыс. родов», — такие показали деятельности отрасли отметила министр.
⚡️Президент Касым-Жомарт Токаев неизменно подчеркивает важность статуса и роли медиков в обществе. В 2024 году Глава государства подписал закон, направленный на повышение социального статуса и правовую защиту медицинских работников.
Введена система профессионального страхования. Также продолжаются меры по привлечению кадров в сельскую местность: с 2023 года врачи, прибывающие в села по остродефицитным специальностям, получают единовременную выплату в размере 100 МЗП (около 8,5 млн тенге), а также льготные кредиты на жильё, подъемные пособия и надбавки к заработной плате.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5🔥1
• Тұсынгүл Көбжасарқызы Ботабекова – Қазақстан офтальмологтар қоғамының президенті,
• Орынбай Дайырбекұлы Дайырбеков – Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директорлар кеңесінің мүшесі,
• Жақсылық Ақмұрзаұлы Досқалиев – еңбек ардагері,
• Азамат Белгібайұлы Мәғзұмов – Солтүстік Қазақстан облыстық көпбейінді ауруханасының терапевт дәрігері,
• Сергей Львович Новичевский – Павлодар облыстық перинаталдық орталығы №1 бөлімінің меңгерушісі,
• Жексембай Нсанов – Атырау облысынан еңбек ардагері,
• Айсұлу Сағадатқызы Нұрмағамбетова – «MedLineСервис» медициналық орталығының оториноларинголог дәрігері,
• Асылбек Төкімұрзаұлы Тоғызбаев – «Дертке дауа» ЖШС клиникасының директоры.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5
Турсунгуль Кобжасаровна Ботабекова, президент РОО «Казахстанское общество офтальмологов»;
Орынбай Даирбекович Даирбеков, член совета директоров АО «Казахский научно-исследовательский институт онкологии и радиологии»;
Жаксылык Акмурзаевич Доскалиев, известный хирург, ветеран труда;
Азамат Бельгибаевич Магзумов, врач-терапевт КГП «Многопрофильная областная больница» Управления здравоохранения акимата Северо-Казахстанской области;
Сергей Львович Новичевский, заведующий отделением
КГП «Павлодарский областной перинатальный центр № 1» Управления здравоохранения Павлодарской области;
Жекшембай Нсанов, ветеран труда с Атырауской области;
Айслу Сагадатовна Нурмагамбетова, врач-оториноларинголог медицинского центра «MedLineСервис»;
Асылбек Токмурзаевичу Тогизбаев, директор клиники ТОО «Дертке дауа».
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7