ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.91K subscribers
16.1K photos
1.09K videos
28 files
3.44K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
⚡️ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ЕКІ ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бүгін облыста «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратовтың қатысуымен екі жаңа медициналық мекеме — дәрігерлік амбулатория және фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды.

💊Ескелді ауданының Шымыр ауылындағы дәрігерлік амбулатория 2 129 тұрғынға қызмет көрсетуге есептелген және медициналық-санитариялық алғашқы көмек, шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек, зертханалық диагностика, сондай-ақ профилактикалық егу қызметтерін ұсынады.

Көксу ауданының Қызылтоған ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) 430 тұрғынға қызмет көрсетеді. Ауыл тұрғындарына медициналық көмекті екі орта буын маманы, сондай-ақ пациенттерді қабылдау үшін аптасына 1-2 рет амбулаториядан келетін дәрігер көрсетеді.

ФАП-тың негізгі қызметіне санитариялық-медициналық алғашқы көмек көрсету, аурулардың профилактикасы, скринингтік бағдарламаларды іске асыру, жүкті әйелдер мен балаларға патронаж жасау, сондай-ақ вакцинациялау жүргізу кіреді.

🔷Бұл нысандарды ашу ауылдық жерлерде медициналық инфрақұрылымды дамытуға және тұрғындарды үйге жақын жерде медициналық көмекпен қамтамасыз етуге бағытталған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
✈️АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГ 10 МЫҢ МЕТР БИІКТІКТЕ АДАМНЫҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Медицина қызметкері күні қарсаңында біз өмірді сақтаудың тағы бір тарихымен бөлісеміз.

🗓Осы жылдың 30 мамырында Алматы-Лондон рейсінің бортында жолаушылардың бірі кенеттен ауырып қалды. Ресурстар шектеулі болды және әйелдің жағдайы тез нашарлай бастады,мұндайда әрбір секунд қымбат.

Бұл бортта Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының акушер-гинекологы Салтанат Исағалиева ұшып келе жатты. Қиын жағдайларға қарамастан Салтанат Қайратқызы дереу көмек кқрсетуге кірісті: пациенттің жағдайын бағалап, қарап-тексеру жүргізді, ұсынымдар беріп, науқас үшін барынша жайлылықты қамтамасыз етті. Жарты сағаттан кейін нәтиже бере бастады - әйелдің жағдайы тұрақталды.

👩‍⚕️Салтанат Исағалиева - жоғары санатты дәрігер, медицинада 25 жылдан астам, акушерлік бөлімшені басқарады. Оның артында 10 000-нан астам босандыру және операция, жүздеген құтқарылған кішкентай өмір және мыңдаған ризашылық білдірген пациент бар.

Оның еңбегі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жоғары наградаларымен: «Денсаулық сақтау ісінің үздігі»атағымен, «Мамандығына адалдығы үшін» құрмет медалімен, сондай-ақ «Авиценнаның алтын жұлдызы» төсбелгісімен марапатталды.

👏Бұл оқиға дәрігердің жұмысы тек білім мен шеберлік туралы ғана емес, сонымен бірге адамгершілік, жауапкершілік және кез-келген уақытта көмекке келуге дайын екендігін тағы да растайды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏4👍1
✈️АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГ СПАСЛА ЖИЗНЬ ЧЕЛОВЕКУ НА ВЫСОТЕ 10 ТЫСЯЧ МЕТРОВ

В канун Дня медицинского работника мы делимся очередной историей спасения жизни.

🗓30 мая этого года на борту рейса Алматы-Лондон одной из пассажирок внезапно стало плохо. Состояние женщины стремительно ухудшалось, в условиях ограниченности ресурсов каждая секунда была на счету.

Благо, на борту летела акушер-гинеколог Центра перинатологии и детской кардиохирургии Салтанат Исагалиева. Несмотря на непростые условия, Салтанат Кайратовна незамедлительно включилась в работу: оценила состояние пациентки, провела осмотр, дала рекомендации и обеспечила максимально возможный комфорт для больной. Спустя полчаса усилия дали результат — состояние женщины стабилизировалось.

👩‍⚕️Салтанат Исагалиева — врач высшей категории, более 25 лет в медицине, руководит акушерским отделением. За ее плечами — более 10 000 родов и операций, сотни спасенных маленьких жизней и тысячи благодарных пациентов.

Ее заслуги отмечены высокими наградами Министерства здравоохранения РК: званием «Отличник здравоохранения», почетной медалью «Мамандығына адалдығы үшін», а также нагрудным знаком «Золотая звезда Авиценны».

👏Эта история еще раз подтверждает, что работа врача — это не только про знания и мастерство, но и про человечность, ответственность и готовность прийти на помощь в любой момент.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥10👍1
💊ҚАЗАҚСТАН АУЫЛДАРЫНДА 473 ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНЫ САЛЫНДЫ

Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауылдық денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға бағытталған ұлттық жоба жүзеге асырылып жатыр.
Жобаның мақсаты — медициналық-санитарлық алғашқы көмекті дамыту және инфрақұрылымды жаңарту арқылы ауылдық және шалғай елді мекен тұрғындарын сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету.

Ұлттық жобаның шеңберінде 655 МСАК нысанын – дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер салу жоспарланған. Бүгінгі күні 473 нысан пайдалануға берілді, қалған 182 нысанды биылғы жылдың соңына дейін аяқтау көзделген.

Жаңа нысандар тозығы жеткен және апатты жағдайдағы 427 ғимараттың орнына, медициналық инфрақұрылымы жоқ немесе жалдамалы ғимараттарда орналасқан ауылдардағы 208 нысанның орнына, бұрын мүлде медициналық мекеме болмаған және мамандар жұмыс істемеген 20 елді мекенде салынып жатыр.

👍Сонымен қатар, 32 аудандық аурухана ауданаралық аурухана деңгейіне дейін жаңғыртылуда.
Жобаның шеңберінде ауылдық медициналық мекемелер заманауи диагностикалық және зертханалық жабдықтармен, телемедицина аппараттарымен қамтамасыз етіледі. Бұл ауыл тұрғындарына өз елді мекендерінен шықпай-ақ, білікті дәрігерлік көмек алуға мүмкіндік береді.

⚡️Жалпы ел бойынша ауыл тұрғындарына 3,5 мыңнан астам фельдшерлік-акушерлік және медициналық пунктті, 1300 дәрігерлік амбулаторияны, 148 емхананы,175 аурухананы қоса алғанда медициналық көмек көрсететін 5 мыңға жуық денсаулық сақтау нысаны жұмыс істейді.




💊В КАЗАХСТАНСКИХ СЕЛАХ ПОСТРОЕНО 473 ОБЪЕКТА ЗДРАВООХРАНЕНИЯ

В Казахстане по поручению Главы государства продолжается реализация национального проекта по модернизации сельского здравоохранения.
Цель проекта — обеспечить доступ к качественной медицинской помощи для жителей сельских и отдаленных населенных пунктов за счет развития первичной медико-санитарной помощи и обновления существующей инфраструктуры.

Нацпроект предусматривает строительство 655 объектов ПМСП — врачебных амбулаторий, фельдшерско-акушерских и медицинских пунктов. Из них уже построено 473 объекта, оставшиеся 182 планируется завершить до конца текущего года.

Строительство осуществляется взамен 427 изношенных и аварийных зданий; 208 объектов в селах, где арендованы помещения или отсутствует собственная медицинская инфраструктура; 20 объектов в населенных пунктах, где ранее не было медучреждений и специалистов.

👍Одновременно ведется модернизация 32 районных больниц до уровня межрайонных центральных районных больниц. В рамках проекта осуществляется обновление и оснащение сельских медучреждений современной диагностической и лабораторной техникой, аппаратами для телемедицины. Это позволит жителям получать квалифицированную врачебную помощь, не выезжая из родных сел.

⚡️В целом по стране медпомощь сельскому населению оказывают около 5 тыс. объектов здравоохранения, включая более 3,5 тыс. фельдшерско-акушерских пунктов и медицинских пунктов, 1300 врачебных амбулаторий, 148 поликлиник и 175 больниц.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
ℹ️ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫС ЕТТІ



Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен үздік дәрігерлер, денсаулық сақтау қайраткерлері, түрлі бағыттағы мамандар жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды, олар жылдар бойы өздерінің қажырлы еңбегімен ұлт денсаулығын сақтауға зор үлес қосып келеді.

🎖Денсаулық сақтау саласының 68 өкілі «Барыс», «Парасат», «Достық», «Құрмет» ордендерімен, сондай-ақ «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарымен марапатталды.

🏅«Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағын ел алдындағы ерекше еңбегі үшін биыл 8 дәрігер иеленді.

Бұл марапаттар олардың жоғары жауапкершілігін, біліктілігін және мамандыққа адалдығын лайықты мойындау болып табылады.

🏛🏛2024 жылы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен дәрігерлерді кешенді — заңды, қаржылық және кәсіби қорғауға бағытталған заң қабылданды.

Өткен жылдан бастап Мемлекет басшысы «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағын тағайындады, ол дәрігерлерге деген ерекше құрмет символына айналды.

✔️Бүгін медицина қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде Президент соңғы бес жылда денсаулық сақтау саласындағы жалақы екі есеге жуық өскенін атап өтті. Бейінді университеттер мен колледждерде стипендиялар ұлғайды. Сондай-ақ білікті дәрігерлерде тәлімгерлікті ұйымдастыру және жас мамандарды одан әрі бейімдеу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуда.

👏Ол мемлекет медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетуді жалғастыратынын атап өтті.

«Дәрігерлерді халық денсаулығын сақтаушылар деп атайды. Әр адам осы шындықты жақсы біліп, олардың жұмысын құрметтеуі керек. Алайда, өкінішке орай, біздің қоғамда медицина қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтіретін, кейде тіпті олардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін адамдар әлі де бар. Мұндай заңсыз әрекеттерге мүлдем жол берілмейді. Қоғамдық тәртіпті бұзатын адамдар міндетті түрде заңның барлық қатаңдығына жауап береді. «Заң және тәртіп» қағидаты мүлтіксіз және барлық жерде сақталуы керек. Тек осылай ғана біз әділ және қауіпсіз Қазақстан құра аламыз. Бұл тұрғыда медицина қызметкеріне айрықша рөл беріледі,-деп атап өтті бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев.



Биылғы жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағына 8 дәрігер ие болды, оның ішінде: Тұрсынгүл Көбжасарқызы Ботабекова, «Қазақстандық офтальмологтар қоғамы» РҚБ президенті, Орынбай Дайырбекұлы Дайырбеков, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Жақсылық Ақмырзайұлы Досқалиев, еңбек ардагері, Азамат Белгібайұлы Мағзұмов, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Көпбейінді облыстық аурухана» КМК терапевт дәрігері, Сергей Львович Новичевский,
Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының «№ 1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығы» КМК бөлімше меңгерушісі , Жекшембай Нсанов, Атырау облысының еңбек ардагері, Айслу Сағадатқызы Нұрмағамбетова, «MedLineСервис» медициналық орталығының оториноларинголог дәрігері, Асылбек Тоқмырзайұлы Тогизбаев, «Дертке дауа» ЖШС клиникасының директоры.

🛎Бүгінгі таңда республиканың денсаулық сақтау жүйесінде 280 мыңнан астам медицина қызметкері, оның ішінде 80 мыңнан астам дәрігер мен 190 мың мейіргер жұмыс істейді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2