ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.9K subscribers
16.1K photos
1.09K videos
28 files
3.44K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
🛍ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕРДЕН АМАН ҚАЛУ КӨРСЕТКІШІ 70%-ДАН АСАДЫ


Қазақстан Республикасында жыл сайын балалар арасында 800-ден астам онкологиялық және гематологиялық аурулардың алғашқы жағдайы анықталады, олардың шамамен 600-і қатерлі ісіктерге, соның ішінде гемобластоздарға, ал 200-ге жуығы ауыр сипаттағы қатерсіз гематологиялық патологияларға тиесілі.

❗️Соңғы 10 жыл ішінде балалар арасындағы қатерлі жаңа өскіндерге шалдығу деңгейі тұрақты сақталып отыр және 100 000 балаға шаққанда 9,7 жағдайды құрайды.

👉Қатерлі ісіктер құрылымы халықаралық деректермен ұқсас:

• жедел лейкоздар — 30%-дан астам,
• орталық жүйке жүйесінің ісіктері — шамамен 17%,
• лимфомалар мен нефробластомалар — 10–11%,
• нейробластомалар — шамамен 7%.

Иммунотерапия мен таргеттік терапияны қоса алғанда, заманауи емдеу әдістерін енгізудің нәтижесінде Қазақстанда балалар арасындағы қатерлі ісіктерден аман қалу көрсеткіші 70%-дан асады.

🔷Соңғы 5 жылда 40-тан астам бала нейробластома, лимфома және лейкозды емдеуде моноклоналды антиденелерге негізделген инновациялық дәрілік препараттар алған.



🛍ВЫЖИВАЕМОСТЬ ДЕТЕЙ С ОНКОЛОГИЧЕСКИМИ ЗАБОЛЕВАНИЯМИ В РК ПРЕВЫСИЛА 70%

Ежегодно в Казахстане первично диагностируется более 800 случаев онкологических и гематологических заболеваний у детей, из которых около 600 случаев приходятся на злокачественные опухоли, включая гемобластозы, и около 200 случаев — на тяжёлые доброкачественные гематологические патологии.

❗️За последние 10 лет заболеваемость злокачественными новообразованиями среди детей остаётся стабильной и составляет 9,7 случая на 100 000 детского населения.

👉Структура злокачественных заболеваний сопоставима с международными данными:

• острые лейкозы — более 30% случаев;
• опухоли ЦНС — около 17%;
• лимфомы и нефробластомы — по 10–11%;
• нейробластомы — около 7%.

На фоне внедрения современных методов лечения, включая иммунную и таргетную терапию, выживаемость при злокачественных заболеваниях у детей в Казахстане превышает 70%.

🔷За последние 5 лет более 40 детей получили инновационные препараты моноклональных антител при лечении нейробластомы, лимфом и лейкозов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
🔥ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРҒА ШАЛДЫҚҚАН БАЛАЛАРҒА ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК

Гемопоэтикалық бағаналы жасушаларды (ГБЖ) трансплантациялау еліміздің жетекші педиатриялық орталықтарында алғаш рет жүргізілген кезден бастап

🔷Қазақстанда барлығы 515 трансплантация жасалды, оның ішінде:

• 230 аллогенді,
• 205 аутологті,
• 80 гаплоиденттік трансплантация.

2012 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Қазақстан-Ресей гистотиптелген донорлар тіркелімінің кеңеюінің нәтижесінде туыстық емес аллогенді трансплантациялардың саны артып келеді. Қазіргі таңда тіркелімде 12 000-нан астам донор тіркелген, олардың 13-і қазақстандық балаларға донор болған. Сондай-ақ Германия, Ресей және Польша донорларының қатысуымен 28 трансплантация жүргізілді.

Ортопедиялық онкология саласында да оң динамика байқалады: елімізде сүйек ісіктері бар балаларға буындарды эндопротездеу табысты жүзеге асырылуда. Бұл ретте 3D-модельдеу технологиясы және кіші жастағы балаларға арналған «өсетін» протездерді орнату әдістері енгізілуде.

⚫️Сонымен қатар, әрі қарай дамытуды қажет ететін маңызды бағыттар мыналар:

• онкогематологиялық аурулардан кейін балаларға көрсетілетін кешенді оңалту көмегі,
• ауыр әрі ота жасауға келмейтін қатерлі ісіктері бар пациенттерге арналған балаларға паллиативтік көмек жүйесі.



🔥ВЫСОКОТЕХНОЛОГИЧНАЯ МЕДИЦИНСКАЯ ПОМОЩЬ ДЕТЯМ С ОНКОЛОГИЧЕСКИМИ ЗАБОЛЕВАНИЯМИ

🔷С момента проведения первых трансплантаций гемопоэтических стволовых клеток (ТГСК) в ведущих педиатрических центрах страны, в Казахстане выполнено 515 трансплантаций, включая:

• 230 аллогенных,
• 205 аутологичных,
• 80 гаплоидентичных.

Растёт число неродственных аллогенных трансплантаций за счёт расширения казахстанско-российского регистра гистотипированных доноров, функционирующего с 2012 года. В регистре — более 12 000 доноров, из которых 13 казахстанцев стали донорами для детей. Также проведено 28 трансплантаций с привлечением доноров из Германии, России и Польши.

⚫️Развиваются технологии ортопедической онкологии: в стране успешно выполняется эндопротезирование суставов при опухолях костей у детей, включая применение 3D-моделирования и установку «растущих» протезов для детей младшего возраста.

Министерством здравоохранения принимаются меры для развития реабилитационной помощи детям после лечения онкогематологических заболеваний, системы детской паллиативной помощи, включая пациентов с тяжёлыми неоперабельными формами рака.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️«ШАБЫТТАНДЫРАТЫН ЖҰМЫС»: ГИНЕКОЛОГ АДИЛӘМ АЗАТЖАНҚЫЗЫ МАХАМЕТТІҢ ТАРИХЫ

Адиләм Азатжанқызы Махамет-№11 қалалық емхананың гинеколог дәрігері, еңбек өтілі- 5 жыл. Осы уақыттың ішінде ол жүздеген әйелге — жүктілік кезінде де, әртүрлі гинекологиялық мәселелерді шешуге де көмектесті.

«Мен әйелдерге көмектескенді ұнатамын. Әсіресе, менің пациенттерім босанғаннан кейін маған сәбилерімен бірге келгенде өте жақсы — мұндай кездесулер менің жұмысымды шабыттандырады және мағыналы етеді», — дейді дәрігер.


🔷Ол үшін әрбір консультация - бұл әйелге қолдау көрсету, мазасыздықты жеңілдету, денсаулыққа қатысты кеңестер беру, ана болуға дайындалу мүмкіндігі. Адиләм Азатжанқызы: әйелдің денсаулығы - отбасының, демек, жалпы қоғамның денсаулығы екеніне сенімді.

Ол үшін әйелдер консультациясындағы жұмыс тек мамандық емес, қуаныш пен қанағат әкелетін іс. Өйткені, дәл осы жерде жаңа бақытқа — ана болуға жол басталады.



⚡️«РАБОТА, КОТОРАЯ ВДОХНОВЛЯЕТ»: ИСТОРИЯ ГИНЕКОЛОГА АДИЛӘМ АЗАТЖАНОВНЫ МАХАМЕТ

Адиләм Азатжановна Махамет — врач-гинеколог Городской поликлиники №11, стаж работы — 5 лет. За это время она помогла сотням женщин — и в период беременности, и в решении различных гинекологических вопросов.

«Мне нравится помогать женщинам. Особенно приятно, когда мои пациентки после родов приходят ко мне уже со своими малышами — такие встречи вдохновляют и наполняют смыслом мою работу», — делится врач.


🔷Каждая консультация для неё — это возможность поддержать женщину, снять тревоги, дать советы по здоровью, подготовить к материнству. Адиләм Азатжановна уверена: здоровье женщины — основа здоровья семьи, а значит и общества в целом.

Работа в женской консультации для неё — не просто профессия, а дело, приносящее радость и удовлетворение. Ведь именно здесь начинается путь к новому счастью — к материнству.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏1
⚡️В ОБЛАСТИ ЖЕТЫСУ ВВЕДЕНЫ В ЭКСПЛУАТАЦИЮ ДВА НОВЫХ МЕДИЦИНСКИХ ОБЪЕКТА

Сегодня в рамках национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения" в области Жетысу с участием вице-министра здравоохранения Тимура Муратова открылись два новых медицинских учреждения — врачебная амбулатория и фельдшерско-акушерский пункт.

💊Врачебная амбулатория в селе Шымыр Ескельдинского района рассчитана на обслуживание 2 129 жителей и предоставляет услуги первичной медико-санитарной помощи, экстренной и неотложной медицинской помощи, лабораторной диагностики, а также профилактических прививок.

Фельдшерско-акушерский пункт (ФАП) в селе Кызылтоган Коксусского района обслуживает 430 жителей. Медицинскую помощь сельчанам оказывают два специалиста среднего звена, а также врач, который приезжает из амбулатории 1–2 раза в неделю для приема пациентов.

Основная деятельность ФАПа включает оказание первичной санитарно-медицинской помощи, профилактику заболеваний, реализацию скрининговых программ, патронаж беременных женщин и детей, а также проведение вакцинации.

🔷Открытие данных объектов направлено на развитие медицинской инфраструктуры в сельской местности и обеспечение жителей медпомощью рядом с домом.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
⚡️ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ЕКІ ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бүгін облыста «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратовтың қатысуымен екі жаңа медициналық мекеме — дәрігерлік амбулатория және фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды.

💊Ескелді ауданының Шымыр ауылындағы дәрігерлік амбулатория 2 129 тұрғынға қызмет көрсетуге есептелген және медициналық-санитариялық алғашқы көмек, шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек, зертханалық диагностика, сондай-ақ профилактикалық егу қызметтерін ұсынады.

Көксу ауданының Қызылтоған ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) 430 тұрғынға қызмет көрсетеді. Ауыл тұрғындарына медициналық көмекті екі орта буын маманы, сондай-ақ пациенттерді қабылдау үшін аптасына 1-2 рет амбулаториядан келетін дәрігер көрсетеді.

ФАП-тың негізгі қызметіне санитариялық-медициналық алғашқы көмек көрсету, аурулардың профилактикасы, скринингтік бағдарламаларды іске асыру, жүкті әйелдер мен балаларға патронаж жасау, сондай-ақ вакцинациялау жүргізу кіреді.

🔷Бұл нысандарды ашу ауылдық жерлерде медициналық инфрақұрылымды дамытуға және тұрғындарды үйге жақын жерде медициналық көмекпен қамтамасыз етуге бағытталған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2