ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.91K subscribers
16.2K photos
1.09K videos
28 files
3.44K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
✔️АСТАНАДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАЛПЫ ПРАКТИКА ДӘРІГЕРІНІҢ РӨЛІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Астанада Халықаралық отбасылық дәрігер күніне орай «Жалпы практика дәрігері — МСАК көшбасшысы» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

⚡️Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова кіріспе сөзінде қоғамның өзекті қажеттіліктеріне жауап бере алатын медициналық-санитариялық алғашқы көмектің үздіксіздігін, тиімділігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ететін жетекші буынға айналатын жалпы практика дәрігерлері екенін атап өтті.

«Бүгінде 6000-ға жуық МСАК субъектісі біздің азаматтарға медициналық көмек көрсетеді. Бұл ретте амбулаториялық ұйымдардағы учаскелердің 80%-дан астамы жалпы практика дәрігерлеріне бекітілген. Жалпы дәрігерлік практика учаскелерінің санын 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін 100%-ға жеткізу міндеті қойылды, бұл отбасылық қызмет көрсету қағидатын іске асыруға мүмкіндік береді», — деді министр.


✔️Өз кезегінде Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрымова МСАК-ты дамыту мен жетілдіру біздің елімізде ғана емес, әлемдік кеңістікте де денсаулық сақтау саласындағы барлық заңнамалық базаның негізгі буыны болып табылатынын атап өтті.

Жалпы практика дәрігерлері бүгінде халықты денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамту саясатының негізгі бағыттаушылары болып табылады.

▶️Конференцияның мақсаты — пациенттермен жұмыс барысында инновациялық әдістер мен технологияларды қолданатын, отандық және халықаралық тәжірибеге сүйенетін көпфункционалды маман ретіндегі жалпы практика дәрігерінің әлеуетін ашу.

▶️Конференция аясында сарапшылар ғылыми баяндамалар жасап, практикалық пікір алмасты және медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамытудың негізгі мәселелерін талқылады, соның ішінде:
• МСАК тиімділігін арттыру;
• жалпы практика дәрігерлерінің қызметін жетілдіру;
• денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру мәселелері;
• дәрігерлер жұмысына ақпараттық технологияларды енгізу;
• медициналық ұйымдар қызметкерлерін ынталандыру және көтермелеу;
• ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.

👉Іс-шара шеңберінде еліміздің 48 үздік жалпы практика дәрігерін марапаттау рәсімі өтті. Жоғары кәсібилігі мен өз ісіне адалдығы үшін олар «Еңбек ардагері», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен және басқа да салалық марапаттармен марапатталды.

🔥Іс-шара офлайн және онлайн форматта 400-ден астам қатысушыны жинады. Қонақтар қатарында депутаттық корпус өкілдері, ДДСҰ, ведомстволық бағынысты ұйымдар, медициналық мекемелердің басшылары мен қызметкерлері, еліміздің барлық өңірлерінен келген жалпы практика дәрігерлері және кәсіби бірлестіктердің мүшелері болды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
✔️В АСТАНЕ ОБСУДИЛИ РОЛЬ ВРАЧА ОБЩЕЙ ПРАКТИКИ В СИСТЕМЕ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ

В Астане прошла Республиканская научно-практическая конференция на тему: «Врач общей практики — лидер ПМСП», приуроченная к Международному дню семейного врача.

⚡️Выступая с приветственным словом, министр здравоохранения Акмарал Альназарова подчеркнула, что именно врачи общей практики становятся ведущим звеном, обеспечивающим непрерывность, эффективность и доступность первичной медико-санитарной помощи, способной отвечать на актуальные потребности общества.

«На сегодня порядка 6000 субъектов ПМСП оказывает медицинскую помощь нашим гражданам. При этом, более 80% участков в амбулаторных организациях закреплены за врачами общей практики. Поставлена задача довести до 100% количество участков общей врачебной практики до 1 января 2027 года, что позволит реализовать принцип семейного обслуживания», — отметила она.


✔️В свою очередь, депутат Мажилиса Парламента Гульдара Нурымова отметила, что развитие и совершенствование ПМСП является ключевым звеном всей законодательной базы в области здравоохранения, не только в нашей стране, но и в мировом пространстве.

И врачи общей практики являются на сегодня основными проводниками политики Всеобщего охвата населения услугами здравоохранения.

▶️Цель конференции — раскрыть потенциал врача общей практики как многофункционального специалиста, применяющего инновационные методы и технологии в работе с пациентами на основе отечественного и международного опыта.

👉В рамках конференции эксперты представили научные доклады, обменялись практическими мнениями и обсудили ключевые вопросы развития первичной медико-санитарной помощи, включая:
• повышение эффективности ПМСП;
• совершенствование деятельности врачей общей практики;
• вопросы финансирования системы здравоохранения;
• внедрение информационных технологий в работу врача;
• мотивацию и поощрение сотрудников медицинских организаций;
• лекарственное обеспечение в рамках ГОБМП и ОСМС.

В рамках мероприятия состоялась церемония награждения 48 лучших медицинских врачей общей практики страны. За высокий профессионализм и преданность делу они были удостоены отраслевых наград, включая нагрудные знаки «Еңбек ардагері», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін».

🔥Мероприятие собрало более 400 участников в офлайн и онлайн форматах. В числе гостей были представители депутатского корпуса, ВОЗ, подведомственных организаций, руководители и сотрудники медицинских учреждений, врачи общей практики со всех регионов страны, а также члены профессиональных объединений.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
🔥ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ: СКРИНИНГТЕР, ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ЖАҢА ПРЕПАРАТТАР




Онкологиялық аурулармен күрестің 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асырудың негізгі нәтижелерін және елдің онкологиялық қызметін одан әрі дамытудың басым бағыттарын бүгін Қазақ онкология институтының басқарма төрағасы Ербол Бекмұхамбетов ОКҚ алаңында өткен брифингте айтты.

⚡️Қазақстанда онкологиялық көмек көрсету денсаулық сақтаудың басым міндеттерінің бірі болып қала береді. 2024 жылы елде қатерлі ісіктердің 41 292 жаңа жағдайы тіркелді, бұл соңғы 10 жылдағы орташа көрсеткіштен 3,2%-ға жоғары.

Сырқаттанушылықтың өсуіне қарамастан, соңғы онжылдықта өлімнің 32,9%-ға төмендеуінде оң динамика байқалады.

📆Бүгінгі таңда Қазақстанда 236 624 онкологиялық пациент динамикалық бақылауда тұр, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4%-ға артық (22 380 пациент), оның 55%-дан астамы еңбекке қабілетті жастағы адамдар.

Медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін «Онкологиялық аурулармен күрестің 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспары» іске асырылуда, оның шеңберінде профилактикадан (скринингтерден) бастап жоғары технологиялық диагностика мен мамандандырылған емдеуге дейінгі негізгі бағыттарды жаңғырту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

✈️Қазақстанда 2 ұлттық және 20 өңірлік онкологиялық орталық жұмыс істейді. Кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде бүгінде еліміз бойынша Varian және Elekta жетекші әлемдік өндірушілерінің 27 заманауи желілік үдеткіші орнатылды және Орталық Азиядағы жалғыз протондық терапия орталығы, Gamma Knife жұмыс істеуде.

2024 жылы сәулелік аппараттар паркі емдеу мүмкіндіктерін едәуір кеңейтетін 6 жаңа сызықтық үдеткіштермен толықтырылды.

Алдағы екі жылда тағы 10 заманауи аппарат орнату жоспарлануда. Төрт сызықтық үдеткішпен және Протон орталығымен жабдықталған Ұлттық ғылыми онкология орталығы (ҰҒОО) толық жұмыс істей бастайды.

Осылайша, 2028 жылға қарай қазақстандық медициналық мекемелердің сәулелік терапияға арналған заманауи жабдықтармен жарақтандырылуы 85%-ды құрайды, бұл онкологиялық көмектің қолжетімділігі мен сапасын едәуір жақсартады.

💡Ядролық медицина орталықтарының желісін кеңейту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде: Ақтау мен Қызылордада құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталуда, Өскемен мен Ақтөбеде орындар анықталды, ал Қарағандыда ЖСҚ бекітілді.

2025 жылы Ақтау, Қызылорда және Ақтөбеде, 2026 жылы Қарағанды мен Өскеменде орталықтарды іске қосу жоспарлануда.

Клиникалық хаттамаларға таргеттік және иммуно-онкологиялық препараттардың 45 түрі енгізілді, роботтандырылған хирургия, 3D протездеу, интервенциялық хирургия енгізілді, жатыр мойны, сүт безі және колоректалдық обырды ерте анықтау үшін скринингтер іске асырылуда.

Сонымен қатар, фтор мен галлийдің негізіндегі жаңа диагностикалық радиофармпрепараттар енгізілуде, бұл ПЭТ диагностикасының дәлдігін арттыруға және пациенттердің маршруттауын оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ амбулаториялық жағдайда ісік ауруларын емдеу үшін лютеций мен самарийдің радиоактивті изотоптарының негізінде препараттарды енгізу жоспарлануда.

💳Ерте анықтаудың негізгі құралдарының бірі скринингтік жүйе болып қала береді. Онкологиялық скринингтердің шеңберінде Қазақстанда жыл сайын 2,8 миллионға жуық адам зерттеліп-қаралады. Осының арқасында қатерлі ісіктердің 2800-ден астам жағдайын негізінен ерте кезеңдерде диагностикалауға болады.

2024 жылдың қорытындысы бойынша зерттеп-қараулардың нәтижесінде: қатерсіз және ісікке дейінгі аурулардың 237 130 жағдайы (8,3%), скринингтен өткендердің жалпы санынан обырдың 2 842 жағдайы (0,10%) анықталды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1