ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.91K subscribers
16.2K photos
1.09K videos
28 files
3.44K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
🤩АҚ ХАЛАТТЫ БАТЫРЛАР ТУРАЛЫ

«Қарағанды қаласының №2 көпбейінді ауруханасының, Кардиология орталығының қызметкерлеріне екі күрделі операцияны сәтті жүргізгені үшін шын жүректен алғысымды білдіремін», – деді Денсаулық сақтау министрлігінің атына медицина қызметкерлерінің еңбегі мен жауаптылығын атап өтуді тілеген Қарағанды облысының тұрғыны.


💭Оқиға 2024 жылғы 30 қарашада оның 1962 жылы туған туысы инсульт алып, Осакаров ауданының аудандық орталық ауруханасына шұғыл емдеуге түскен кезде басталды. Онда оған медициналық алғашқы көмек көрсетіліп, диагноз қойылып, ем тағайындалды.

«Осы мекеме қызметкерлеріне, тамаша невропатолог Ольга Усковаға және жалпы практика дәрігері Даша-Ханум Әбілсейітоваға-сезімталдығы, мейрімділігі мен жоғары біліктілігі үшін алғыс айтамын», – деп жазды ол.


Кейінірек Қарағанды қаласының № 2 көпбейінді ауруханасының кардиология орталығында пациентке мойын артерияларына ең күрделі ашық екі операция: 2025 жылғы 6 ақпанда – мойын артериясының оң қабырғасына және 4 маусымда – мойын артериясының сол қабырғасына жасалды.

✔️Екі операция да визуалды бақылауда болды және сәтті аяқталды. Оның артында-жоғары кәсіби команданың: ангиохирург дәрігер Павел Богославскийдің, анестезиолог Эльдар Сапаровтың және ассистенттер Нұрберген Матжанов пен Александр Кулугиннің тәжірибесі мен еңбегі тұр.

«Қарағанды облысының денсаулық сақтау мекемелері зерттеп-қараулар мен операциялардың барлық кезеңінде дәрігерлер өздерін ең жоғары деңгейде — білікті, үйлесімді және жедел жұмыс істейтін мамандар ретінде көрсетті. Олар дәрігер атағын шынымен жоғары ұстайды және өз ісіне берілгендіктің үлгісі болып табылады», — деп атап өтті автор.


⚪️Денсаулық сақтау министрлігі алғыс сөздеріне қосыла отырып, біздің барлық медицина қызметкерлерінің еңбегімен мақтанады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1🔥1
🤩О ГЕРОЯХ В БЕЛЫХ ХАЛАТАХ

«Хочу выразить искреннюю благодарность сотрудникам Многопрофильной больницы №2 г.Караганды, Центра кардиологии за успешно проведенные две сложные операции», – с такими словами благодарности обратился в адрес Министерства здравоохранения житель Карагандинской области, пожелавший отметить труд и отзывчивость медицинских работников.


💭История началась 30 ноября 2024 года, когда его родственник 1962 г.р., перенес инсульт и был экстренно госпитализирован в Центральную районную больницу Осакаровского района. Там ему оказали первичную медицинскую помощь, провели диагностику и назначили лечение.

«Благодарю сотрудников этого учреждения, замечательных врачей — невропатолога Ольгу Ускову и врача общей практики Дашу-Ханум Абилсеитову – за их чуткость, внимание и высокий профессионализм», – написал он.


✔️Позже в центре кардиологии Многопрофильной больницы №2 г.Караганды пациенту были проведены две сложнейшие открытые операции на шейных артериях: 6 февраля 2025 года – на правой стенке шейной артерии и 4 июня – на левой стенке шейной артерии.

Обе операции прошли под визуальным контролем и завершились успешно. За этим — опыт и труд высокопрофессиональной команды: врача-ангиохирурга Павла Богославского, анестезиолога Эльдара Сапарова и ассистентов Нурбергена Матжанова и Александра Кулугина.

«За весь период обследований и операций, учреждения здравоохранения Карагандинской области врачи проявили себя наивысшим образом — как профессионалы с большой буквы, работающие слаженно и оперативно. Они по-настоящему возвышают звание врача и служат примером преданности своему делу», — подчеркнул автор обращения.


⚪️Министерство здравоохранения присоединяется к словам благодарности и гордится трудом всех наших медицинских работников.

#деньмедицинскогоработника
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥3👍1
✔️АСТАНАДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАЛПЫ ПРАКТИКА ДӘРІГЕРІНІҢ РӨЛІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Астанада Халықаралық отбасылық дәрігер күніне орай «Жалпы практика дәрігері — МСАК көшбасшысы» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

⚡️Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова кіріспе сөзінде қоғамның өзекті қажеттіліктеріне жауап бере алатын медициналық-санитариялық алғашқы көмектің үздіксіздігін, тиімділігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ететін жетекші буынға айналатын жалпы практика дәрігерлері екенін атап өтті.

«Бүгінде 6000-ға жуық МСАК субъектісі біздің азаматтарға медициналық көмек көрсетеді. Бұл ретте амбулаториялық ұйымдардағы учаскелердің 80%-дан астамы жалпы практика дәрігерлеріне бекітілген. Жалпы дәрігерлік практика учаскелерінің санын 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін 100%-ға жеткізу міндеті қойылды, бұл отбасылық қызмет көрсету қағидатын іске асыруға мүмкіндік береді», — деді министр.


✔️Өз кезегінде Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрымова МСАК-ты дамыту мен жетілдіру біздің елімізде ғана емес, әлемдік кеңістікте де денсаулық сақтау саласындағы барлық заңнамалық базаның негізгі буыны болып табылатынын атап өтті.

Жалпы практика дәрігерлері бүгінде халықты денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамту саясатының негізгі бағыттаушылары болып табылады.

▶️Конференцияның мақсаты — пациенттермен жұмыс барысында инновациялық әдістер мен технологияларды қолданатын, отандық және халықаралық тәжірибеге сүйенетін көпфункционалды маман ретіндегі жалпы практика дәрігерінің әлеуетін ашу.

▶️Конференция аясында сарапшылар ғылыми баяндамалар жасап, практикалық пікір алмасты және медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамытудың негізгі мәселелерін талқылады, соның ішінде:
• МСАК тиімділігін арттыру;
• жалпы практика дәрігерлерінің қызметін жетілдіру;
• денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру мәселелері;
• дәрігерлер жұмысына ақпараттық технологияларды енгізу;
• медициналық ұйымдар қызметкерлерін ынталандыру және көтермелеу;
• ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.

👉Іс-шара шеңберінде еліміздің 48 үздік жалпы практика дәрігерін марапаттау рәсімі өтті. Жоғары кәсібилігі мен өз ісіне адалдығы үшін олар «Еңбек ардагері», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен және басқа да салалық марапаттармен марапатталды.

🔥Іс-шара офлайн және онлайн форматта 400-ден астам қатысушыны жинады. Қонақтар қатарында депутаттық корпус өкілдері, ДДСҰ, ведомстволық бағынысты ұйымдар, медициналық мекемелердің басшылары мен қызметкерлері, еліміздің барлық өңірлерінен келген жалпы практика дәрігерлері және кәсіби бірлестіктердің мүшелері болды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1