ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10.1K subscribers
15.6K photos
961 videos
27 files
3.12K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
⚡️ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА САРАПШЫЛАР БАЛАЛАРДАҒЫ КӨЗ ПАТОЛОГИЯЛАРЫН ЕРТЕ ДИАГНОСТИКАЛАУ МЕН ЕМДЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Балаларды қорғау күні қарсаңында Шымкент қаласында Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Грузия офтальмологтарының қатысуымен балалар офтальмологиясы бойынша халықаралық конференция өтті.

Іс-шараны ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Қазақстан офтальмологтар қоғамы мен Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырды.

Конференцияны ашқан Қазақстан офтальмологтар қоғамының президенті, медицина ғылымдарының докторы, профессор, академик Тұрсынгүл Ботабекова қазіргі балалардың алдында тұрған негізгі қауіптерге тоқталды. Оның айтуынша, гаджеттерді шамадан тыс пайдалану мен физикалық белсенділіктің төмендеуі — көру қабілетінің нашарлауына әкелетін басты себептер және бұл жағдай шұғыл алдын алу шараларын талап етеді.

🔘Конференцияға қатысушылар балалардың арасында кең тараған офтальмологиялық ауруларды, соның ішінде миопия, қылилық, глаукома, туа біткен катаракта және ретинобластома сияқты патологияларды ерте диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдерін талқылады. Сонымен қатар офтальмохирургиядағы жаңа технологиялар таныстырылды. Ресейлік офтальмолог Юлия Сидорова лазерлік операцияны тікелей эфирде көрсетті.

Қазақ көз аурулары ҒЗИ офтальмология бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Алуа Әубакірова Қазақстанда ретинобластоманың кеш диагностикалануы өзекті проблема екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл аурудың 75%-дан астамы кеш сатыларында анықталады, сол себепті көзді сақтау мүмкіндігі айтарлықтай төмендейді.

«Ерте диагностикалау – тек көзді ғана емес, баланың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Алматыда біз Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығымен бірлесіп: лазерлік терапия, криодеструкция, химиопрепараттарды интравитреалды енгізу және селективтік интраартериялық химиотерапия сияқты инновациялық емдеу әдістерін жүргізіп келеміз. Бұл тәсілдер аурудың ерте кезеңінде көз алмасын және көру қабілетін сақтауға мүмкіндік береді», – деді А. Әубакірова.


➡️ҚР ДСМ бас штаттан тыс балалар офтальмологы, медицина ғылымдарының кандидаты Айгерім Тулетова да балалардың арасында миопия жағдайларының көбеюіне назар аударды.

«Бүгінде миопия – жаһандық эпидемияға айналды. Оның асқынуын бақылау өте маңызды, себебі көру қабілетінің ауыр бұзылыстарының алдын алуға тек осылай мүмкіндік бар. Көруді түзету әдетте 18 жастан, кейде 21 жастан басталады, бірақ миопияның қарқынын ертерек тоқтату қажет.

Сондай-ақ біз балалардың арасында жарақат алу деңгейінің жоғары екенін байқаймыз, ал бұл өз кезегінде ауыр асқынуларға алып келуі мүмкін. Қазіргі уақытта біздің басты назарымыз осы мәселелердің алдын алуға және патологияларды ерте түзетуге бағытталған», – деп атап өтті А. Тулетова.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
⚡️В ШЫМКЕНТЕ ЭКСПЕРТЫ ОБСУДИЛИ ВОПРОСЫ РАННЕЙ ДИАГНОСТИКИ И ЛЕЧЕНИЯ ГЛАЗНЫХ ПАТОЛОГИЙ У ДЕТЕЙ



Накануне Дня защиты детей в Шымкенте состоялась международная конференция по офтальмопедиатрии с участием специалистов из Казахстана, Узбекистана, России и Грузии.

Мероприятие было организовано Казахстанским обществом офтальмологов и Казахским научно-исследовательским институтом глазных болезней при поддержке Министерства здравоохранения РК.

Открывая конференцию, президент Казахстанского общества офтальмологов, академик, доктор медицинских наук профессор Турсунгуль Ботабекова отметила основные вызовы, стоящие перед современными детьми: избыточное использование гаджетов и снижение физической активности. Эти факторы, по ее словам, становятся причиной ухудшения зрения у детей и требуют срочных превентивных мер.

🔘Участники конференции обсудили современные подходы к диагностике и лечению офтальмологических заболеваний у детей, включая миопию, косоглазие, глаукому, врожденную катаракту и ретинобластому. Были представлены новые технологии в офтальмохирургии. Российский офтальмолог Юлия Сидорова провела лазерную операцию в режиме реального времени.

🔘Заведующая офтальмологическим отделением КазНИИ глазных болезней, кандидат медицинских наук Алуа Аубакирова также отметила проблему поздней диагностики ретинобластомы в Казахстане. По ее словам, более 75% случаев выявляются на поздних стадиях, когда сохранить глаз становится крайне сложно.

«Ранняя диагностика дает шанс не только сохранить орган, но и жизнь ребенка. В Алматы мы совместно с Научным центром педиатрии и детской хирургии проводим инновационные методы лечения: лазерную терапию, криодеструкцию, интравитреальные инъекции химиопрепаратов, селективную интраартериальную химиотерапию. Эти методы позволяют сохранять глазное яблоко и даже зрение у детей на ранних стадиях болезни», — сказала А.Аубакирова.


➡️Главный внештатный детский офтальмолог МЗ РК, кандидат медицинских наук Айгерим Тулетова обратила внимание на рост случаев миопии среди детей.

«Сегодня миопия – мировая эпидемия. Очень важно контролировать ее прогрессирование, ведь только так можно предотвратить тяжелые последствия для зрения. Коррекцию зрения, как правило, начинают с 18 лет, иногда с 21 года, но важно остановить рост миопии на более низких показателях.


Кроме того, мы сталкиваемся с высоким уровнем детских травм, которые также могут привести к серьезным осложнениям. Сегодня наше внимание сосредоточено на профилактике этих проблем и ранней коррекции патологий», — подчеркнула А.Тулетова.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
🍼ҚАЗАҚСТАНДА АНА СҮТІМЕН ҚОРЕКТЕНДІРУ НЕГІЗДЕРІНЕ ҮЙРЕТУ ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

Қазақстанда Денсаулық сақтау министрлігі, Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры және ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік офисінің қолдауымен ана мен балаға медициналық көмекті жақсарту және ана сүтімен қоректендіруді қолдау бағдарламасының жаңа кезеңі іске қосылды.

🔷Ана мен бала денсаулығын қорғау саласындағы медициналық көмекті жетілдіруге, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және емізуді қолдаудың халықаралық стандарттарын енгізуге ерекше көңіл бөлінеді.

«Ана сүтімен қоректендіру — нәрестені тамақтандырудың табиғи тәсілі ғана емес, сонымен қатар оның денсаулығы мен толыққанды дамуының маңызды негізі. Ана сүтімен қоректендіру инфекциялық аурулар қаупін төмендетеді, иммунитетті күшейтеді және ана мен баланың арасындағы тығыз байланысты қалыптастырады. Ана сүтімен қоректендіруді қолдау — тек медицина жүйесі деңгеінде ғана емес, бүкіл денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың да басым бағыты», — деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.


👉Бағдарлама жүктілік және ерте шақтағы балаларға көмек көрсететін 400 медицина қызметкері — дәрігерлер, акушерлер мен мейіргерлер арнайы оқудан өтеді. Оқу Астана медицина университетінің неонатология кафедрасының базасында өткізіліп, еліміздің түкпір-түкпірінен мамандарды қамтиды.

«Ана мен бала денсаулығын жақсарту — бұл адам құқықтарына негізделген және денсаулық сақтау қызметтерімен жалпы қамтуды алға жылжытуға тығыз байланысты ДДҰ-ның басты басымдықтарының бірі. ДДҰ әйелдердің құндылықтары мен таңдаулары көмек көрсету үдерісінің негізінде тұратын денсаулық сақтау жүйесін жоспарлауды қолдайды. Әйелдердің, отбасылардың, қоғамдастықтар мен медицина қызметкерлерінің шынайы қатысуы мен құқықтарын кеңейту — медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған бастамалардың табысты болуының маңызды шарты», — деді ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік офисінің басшысы Скендер Сыла.


«Әлеуметтік маңызы бар жобаларды қолдау – ЕТДҚ-ның басты басымдықтарының бірі. Аналар мен балалардың денсаулығына салынған инвестициялар денсаулық сақтау жүйесінің және жалпы қоғамның тұрақты дамуына ықпал ететініне біз кәміл сенеміз. Серіктестерімізбен бірлесе отырып, халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында халықаралық үздік тәжірибелерді енгізуге ұмтыламыз», – деді ЕТДҚ Инфрақұрылымдық және әлеуметтік қаржыландыру департаментінің директоры Армен Погосян.


⚡️Сонымен қатар, 50 медициналық ұйым «Балаға мейірімді аурухана» халықаралық мәртебесіне сәйкестігі тұрғысынан тексеруден өтеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
🍼В КАЗАХСТАНЕ СТАРТОВАЛ ПРОЕКТ ПО ОБУЧЕНИЮ ОСНОВАМ ГРУДНОГО ВСКАРМЛИВАНИЯ

В Казахстане стартовал новый этап программы по поддержке грудного вскармливания и улучшению медицинской помощи матерям и детям при поддержке Министерства здравоохранения, Евразийского фонда стабилизации и развития и Странового офиса ВОЗ в Казахстане.

🔷Основное внимание уделяется совершенствованию системы медицинской помощи в области материнства и детства, повышению квалификации медработников, внедрению международных стандартов поддержки грудного вскармливания.

«Грудное вскармливание — это не только естественный способ питания младенца, но и важнейшая основа для его здоровья и полноценного развития. Оно снижает риски инфекций, укрепляет иммунитет и формирует тесную связь между матерью и ребёнком. Поддержка грудного вскармливания — наш приоритет, как на уровне медицинской системы, так и в масштабах всей государственной политики здравоохранения», — отметила министр здравоохранения РК Акмарал Альназарова.


👉Программа предусматривает обучение 400 медицинских работников — врачей, акушерок и медсестер, оказывающих помощь беременным женщинам и детям раннего возраста. Обучение пройдет на базе кафедры неонатологии Медицинского университета Астаны и охватит специалистов со всей страны.

«Улучшение здоровья матерей и детей — один из ключевых приоритетов ВОЗ, основанный на подходе, ориентированном на права человека, и тесно связанный с продвижением всеобщего охвата услугами здравоохранения. ВОЗ выступает за планирование здравоохранения, при котором ценности и предпочтения женщин находятся в центре оказания помощи. Подлинное вовлечение и расширение прав и возможностей женщин, семей, сообществ и медицинских работников являются необходимыми условиями для инициатив по повышению качества медицинской помощи», — отметил руководитель Странового офиса ВОЗ в Казахстане Скендер Сыла.


«Поддержка социально значимых проектов — один из важнейших приоритетов ЕФСР. Мы убеждены, что инвестиции в здоровье матерей и детей способствуют устойчивому развитию системы здравоохранения и общества в целом. Совместно с партнерами мы стремимся внедрять лучшие международные практики для повышения качества жизни», - отметил Директор Департамента инфраструктурного и социального финансирования ЕФСР Армен Погосян.


⚡️Одновременно с этим 50 медицинских организаций проверят на соответствие международному статусу «Больница доброжелательного отношения к ребенку».
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4
📉ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ДӘРІ-ДӘРМЕКТІҢ БАҒАСЫН ТӨМЕНДЕТУДІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ НАРЫҚҚА ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІН ЖЕҢІЛДЕТУДІ ЖОСПАРЛАП ОТЫР



🔔Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев хабарлағандай, Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттардың құнын төмендету, тіркеу рәсімдерін жеңілдету, сондай-ақ дәрілерді жекелендірілген жоспарлау мен есепке алуды енгізуге бағытталған кешенді шаралар әзірледі.

🗣 «Дәрілік заттардың шекті бағасын белгілеу моделі өзгертілді. Бұрын шекті бағаларға енгізілген, негізсіз деп танылған кейбір үстемеақылар алып тасталды. 1 шілдеге дейін Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген барлық дәрі-дәрмектер бойынша қайта есептеу жүргізіледі.


Қазіргі таңда фармацевтикалық қоғамдастықпен көрсетілген моделді сынақтан өткізу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Біз ТМККК және МӘМС шеңберіндегі дәрі-дәрмектің бағасы шамамен 19%-ға, ал көтерме-бөлшек саудадағы баға шамамен 30%-ға төмендейді деп күтудеміз», – деді Ержан Нұрлыбаев.

Шекті бағаны реттеу тетігі қайта қаралғаннан кейін дәрі-дәрмектің бағасы халық үшін тегін тізбеде де (емханалар мен стационарлар арқылы), бөлшек дәріханаларда да барынша қолжетімді болмақ.

💊Жаңартылған препараттар тізбесі:
• 3475 дәрілік заттың атауы
• 2917 медициналық бұйым (ТМККК және МӘМС шеңберінде)
• 5936 атау — көтерме және бөлшек сауда үшін

📉Бағаны төмендетудің орташа көрсеткіштері:
• 2222 дәрі-дәрмек атауы — 18%-ға дейін
• 1847 медициналық бұйым — 14%-ға дейін
• 5492 дәрі атауы (дәріханаларда) — 30%-ға дейін

📌2024 жылдың қорытындысы бойынша:
• 3+ млн азамат амбулаториялық деңгейде тегін дәрі-дәрмекпен қамтылды
• ТМККК (48 нозология) және МӘМС (70 нозология) — 118 нозология бойынша
• 246,29 млрд теңге бөлінді

Орталықтандырылған сатып алу нәтижелері:
• 1 593 атау бойынша дәрі-дәрмек пен медициналық бұйым сатып алынды
• Аурулардың кең таралған түрлері қамтылды: жүрек-қан тамырлары, онкология, диабет және т.б.

🪙Мемлекеттік сатып алуды орталықтандырудың нәтижесі:
• 50 млрд теңге үнемделді
• Қаражат қосымша көлемге, жаңа техникаға, қызмет сапасын арттыруға бағытталады

🔄Қазақстандық өндірушілер үлесі:
• Жалпы көлемнің 30%
• Вакциналар мен орфандық препараттарды есептемегенде — 37%

✈️ “Бірыңғай терезе” қағидаты бойынша тіркеудің пилоттық жобасы

Вице-министр “бірыңғай терезе” қағидаты бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тіркеудің пилоттық жобасы туралы айтты. Пилот 2025 жылғы 1 шілдеге дейін жалғасады. Егер тиімділігі дәлелденсе, тұрақты модельге көшу жоспарлануда.

💬
«Цифрландыру министрлігімен бірлесіп композиттік қызметтерді пилоттау жүргізілуде. Композиттік қызметтің шеңберінде ішкі тіркеу рәсімдерін оңтайландыруды көздейтін норма іске асырылады.


Дәрілік препараттарды тіркеу 100 жұмыс күні ішінде жүргізілетін болады», – деді Ержан Нұрлыбаев.

Қызмет қолданыстағы сараптама, тіркеу және баға белгілеу механизмдерімен қатар жүзеге асырылады. Сонымен қатар, препараттарды Қазақстан ұлттық дәрілік формулярына енгізу үшін кәсіби сараптама да көзделген.

✏️Цифрлық таңбалау және бақылау жүйесі

Барлық нарық қатысушылары цифрлық таңбалау және бақылау жүйесіне толықтай қосылды.
Жүйе іске қосылғалы:

• 366 млн қаптама таңбаланды
• 80 млн-нан астамы айналымнан шығарылды

📊Қамтылғандар:
• 19 отандық өндіруші
• 272 көтерме сауда компаниясы
• 8000+ бөлшек сауда компаниясы
• 1900+ медицина ұйымы

Таңбалау әрбір қаптаманың қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді, контрафактіге тосқауыл қойып, тұтынушы сенімін арттырады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
📣 МИНЗДРАВ ПЛАНИРУЕТ СНИЖЕНИЕ ПРЕДЕЛЬНЫХ ЦЕН НА ЛЕКАРСТВА И УПРОЩЕНИЕ ИХ ДОСТУПА НА РЫНОК

Министерством здравоохранения разработаны комплексные меры по снижению стоимости, упрощению регистрации, внедрению персонифицированного планирования и учета лекарственных средств, сообщил сегодня вице-министр здравоохранения РК Ержан Нурлыбаев на брифинге в СЦК.

🗣«Модель ценообразования изменена. Был исключен ряд наценок на предельные цены лекарственных препаратов, которые, на наш взгляд, были необоснованными. До 1 июля будет проведен перерасчет всех лекарственных препаратов, зарегистрированных на территории Республики Казахстан.


Сейчас идет активная работа с фармацевтическим сообществом в отношении апробации указанной модели. Мы ожидаем, что снижение стоимости на лекарственные препараты в рамках ГОБМП и ОСМС составит порядка 19%, оптово-розничной реализации — порядка 30%», — сказал он.

В результате пересмотра механизма регулирования предельных цен на лекарства, они станут доступнее для населения — как в бесплатном перечне через поликлиники и стационары, так и в розничной аптечной сети.

💊Обновлённый перечень препаратов включает:
• 3475 наименований лекарств
• 2917 медицинских изделий (в рамках ГОБМП и ОСМС)
• 5936 препаратов — для оптовой и розничной реализации

📉Средние показатели снижения цен составляют:
• 2222 наименования лекарств — до 18%
• 1847 видов медизделий — до 14%
• 5492 наименования лекарств в аптеках — до 30%

📌По итогам 2024 года бесплатными лекарствами на амбулаторном уровне были обеспечены свыше 3 млн казахстанцев, получавших лечение по пакетам ГОБМП (48 нозологий) и ОСМС (70 нозологий) — по 118 нозологиям (группам заболеваний), на общую сумму 246,29 млрд тенге.

В течение года централизованно было закуплено 1 593 наименования лекарственных средств и медицинских изделий. Это лекарства от сердечно-сосудистых, онкологических заболеваний, диабета и других болезней, с которыми сталкиваются тысячи семей.

🪙Благодаря централизованному подходу и конкуренции на торгах государству удалось сэкономить 50 млрд тенге бюджетных средств. Это деньги, которые остались в бюджете и могут быть направлены на другие нужды: дополнительный объем, закуп новой техники, повышение качества услуг и другое.

🔄Доля закупа у казахстанских производителей составила 30% в общем объёме, а без учёта вакцин и орфанных препаратов — 37%.

✈️Пилотный проект по регистрации по принципу “единого окна”

Вице-министр рассказал также о пилотном проекте по регистрации лекарственных средств и медицинских изделий по принципу «единого окна». Пилот продлится до 1 июля текущего года, в случае подтверждения эффективности планируется переход к постоянной модели.

💬
«Совместно с Министерством цифровизации проводится пилотирование композитной услуги. В рамках композитной услуги будет реализована норма, которая предусматривает оптимизацию внутренних процессов регистрации.


Регистрация лекарственных препаратов будет проходить в течение 100 дней», — сообщил Ержан Нурлыбаев.

Услуга применяется наряду с действующими механизмами экспертизы, регистрации и ценообразования лекарственных средств, а также проведения профессиональной экспертизы для включения лекарственных средств в Казахстанский национальный лекарственный формуляр.

✏️Цифровая маркировка и прослеживаемость лекарств

Завершена интеграция всех участников рынка в систему цифровой маркировки и прослеживаемости лекарств. С момента запуска:
• Промаркировано — 366 млн упаковок
• Выведено из оборота — более 80 млн

📊Система охватывает:
• 19 отечественных производителей
• 272 оптовые компании
• свыше 8000 розничных аптек
• более 1900 медорганизаций

Маркировка позволяет отслеживать путь каждой упаковки, обеспечивая защиту от контрафакта и повышение доверия потребителей.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
🔍ҚАЗАҚСТАНДА ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДІ ПРЕНАТАЛДЫҚ СКРИНИНГПЕН ҚАМТУ 90🛍-ҒА ЖЕТТІ


Астанада ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ПІБ Медициналық орталығымен бірлесіп ұйымдастырған «Дені сау ұрпақ — ұлт болашағы» пренаталдық медицина мамандарының II Халықаралық конгресі өтті.

⚫️Конгрестің жұмысы үш бейінді секция форматында өтті: «Медициналық генетика: скринингтен дәл диагностикаға дейін», «Пренаталдық ультрадыбыстық диагностика.

Пренаталдық медицинаның қазіргі аспектілері» және «Балалардың денсаулығын сақтаудағы мультидисциплиналық тәсіл».

Секциялық отырыстар медициналық генетикадан бастап неонаталдық хирургияға дейінгі әртүрлі бағыттағы мамандарды жинады.

👨‍💼ҚР Парламентінің сенаторы Нұртөре Жүсіп қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, елдің болашағы жас ұрпақтың денсаулығына тікелей байланысты екенін атап өтті.

Конгреске Ресей, Украина, Чехия, Испания, АҚШ және Болгариядан келген халықаралық сарапшылар қатысты. Олардың қатарында Роза Батаева, Павел Галда, Мария дель Мар Хиль, Елена Синьковская, Петя Чавеева және басқалар бар.

🪙Қонақтар қазақстандық мамандарды даярлаудың жоғары деңгейін және пренаталдық диагностика мен терапиядағы озық тәсілдерге қызығушылықтың артып келе жатқанын атап өтті.

Спикерлер туа біткен кемістіктерді ерте анықтау, ұрықтың даму ауытқуларын диагностикалаудың заманауи әдістері, сондай-ақ Қазақстандағы ұрық және неонаталдық хирургияның жетістіктері туралы баяндамалар жасап, тәжірибелерімен бөлісті, бірегей клиникалық жағдайларды талдады.

⚫️Жұмыс қорытындысы бойынша қарар қабылданды, онда елдегі пренаталдық медицинаны одан әрі дамыту бағыттары, сондай-ақ кәсіби қоғамдастықты нығайту және инновациялық технологияларды практикаға енгізу жөніндегі іс-шаралар көрсетілген.

➡️Пленарлық бөлім қарсаңында қатысушылар практикалық мастер-кластарға қатысты. Олардың арасында «Пренаталдық скрининг мамандарына арналған Thermo Fisher Scientific форумы», «Амниотикалық сұйықтық жасушаларын өсіру», «Ұрықтың эхокардиографиясы және жүктілік кезіндегі ультрадыбыстық доплерография» бар.

Генетикалық аурулар мен туа біткен кемістіктерді ерте анықтау үшін «Бір күндік клиникалар» 15 перинаталдық орталық базасында ашылды, 70 мыңнан астам жүкті әйел зерттеп-қараудан өтті. Жүкті әйелдерді пренаталдық скринингпен қамту 2024 жылы 90%-ға жетті.

⚡️Бір күндік клиника жобасын енгізу нәтижесінде ұрықтың ТДК анықталуы 13%-ға өсті, өмірмен үйлесімсіз ТДК бар балалардың тууы 7%-ға төмендеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
🔍В КАЗАХСТАНЕ ОХВАТ БЕРЕМЕННЫХ ПРЕНАТАЛЬНЫМ СКРИНИНГОМ ДОСТИГ 90🛍

В Астане прошел II Международный конгресс специалистов пренатальной медицины «Здоровое поколение — будущее нации», организованное Министерством здравоохранения РК совместно с медицинским центром УДП.

⚫️Работа Конгресса прошла в формате трех профильных секций: «Медицинская генетика: от скрининга к точной диагностике», «Пренатальная ультразвуковая диагностика. Современные аспекты пренатальной медицины» и «Мультидисциплинарный подход в охране здоровья детей».

Секционные заседания собрали специалистов разных направлений — от медицинской генетики до неонатальной хирургии.

👨‍💼С приветственным словом к участникам обратился сенатор Парламента РК Нурторе Жусип, подчеркнув, что будущее страны напрямую зависит от здоровья молодых поколений.

В конгрессе приняли участие международные эксперты из России, Украины, Чехии, Испании, США и Болгарии. Среди них — Роза Батаева, Павел Галда, Мария дель Мар Хиль, Елена Синьковская, Петя Чавеева и другие. Гости отметили высокий уровень подготовки казахстанских специалистов и растущий интерес к передовым подходам в пренатальной диагностике и терапии.

🪙Спикеры выступили с докладами по раннему выявлению врожденных пороков развития, современным методам диагностики аномалий развития плода, а также о достижениях фетальной и неонатальной хирургии в Казахстане, делились опытом, разбирали уникальные клинические случаи.

По итогам работы принята резолюция, в которой отражены направления дальнейшего развития пренатальной медицины в стране, а также мероприятия по укреплению профессионального сообщества и внедрению инновационных технологий в практику.

➡️Накануне пленарной части участники приняли участие в практических мастер-классах. Среди них — «Форум Thermo Fisher Scientific для специалистов пренатального скрининга», «Культивирование клеток амниотической жидкости», «Эхокардиография плода и ультразвуковая допплерография при беременности».

Для доступности раннего выявления генетических заболеваний и врожденных пороков развития (ВПР) «Клиники одного дня» открыты на базе 15 перинатальных центров, обследования прошли свыше 70 тысяч беременных. Охват беременных пренатальным скринингом в 2024 году достиг 90%.

⚡️В результате внедрения скрининговых программ для беременных выявляемость ВПР плода повысилась на 13 %, доля рождения детей с несовместимыми для жизни патологиями снизилась на 7%.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1