ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10K subscribers
17.3K photos
1.34K videos
28 files
3.8K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
⚡️Т. СҰЛТАНҒАЗИЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев жұмыс сапары барысында Шымкент қаласындағы бірқатар медициналық мекемелерге барды, онда №6 қалалық емхананың, қалалық клиникалық және балалар клиникалық ауруханаларының, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем станциясының жұмысымен танысты.

✔️Қалалық балалар клиникалық ауруханасында Т. Сұлтанғазиев қабылдау бөлімінің, травматологиялық пункттің, стационар жұмысының және мекемені жаңғырту жоспарларының жай-күйімен танысты.

Жыл сайын орта есеппен қабылдау бөліміне шамамен 121 мың пациент түседі, олардың 20 мыңнан астамы стационарлық ем алады, ал 5500-ден астамына операция жасалады. Қабылдау бөлімі қажетті диагностикалық жабдықтармен, соның ішінде зертханалармен, УДЗ және рентген аппараттарымен жабдықталған.

«Біз балаларға шұғыл көмек көрсетудің ең үздік жағдайларын жасауға тырысамыз және бұл сапар медициналық мекемелер қандай қиындықтарға тап болатынын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді», — деп атап өтті Тимур Сұлтанғазиев.


Кейін бірінші вице-министр №6 қалалық емханаға барды. Биыл мұнда Даму және ерте араласу орталығы мен шұғыл медициналық көмек бөлімі ашылды. Бұл — бала денсаулығын сақтаудағы маңызды буын.

Даму және ерте араласу орталығында өңірлік дәрігер, педиатр, невропатолог, психолог, әлеуметтік қызметкер, патронаждық мейіргерлер және басқа да салалық мамандар қызмет етеді. Орталықта GPS-навигация жүйесін қолданатын патронаждың озық үлгісі енгізілген. Бұл технология 0-ден 5 жасқа дейінгі балалардың даму мониторингін сапалы жүргізуге мүмкіндік береді.

➡️Шұғыл медициналық көмек бөлімшесінде алғашқы жедел көмек көрсетуге арнайы оқытылған көпбейінді мамандар жұмыс істейді. Бөлімше заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған және пациенттердің өміріне қауіп төндіретін жағдайларға уақтылы әрекет етеді.

Бұдан кейін Т. Сұлтанғазиев қалалық жедел жәрдем станциясына барып, базалық және кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясын, оның ішінде балаларға жарақат кезінде емдеуге жатқызуға дейінгі кезеңде көмек көрсетуге арналған заманауи жаттығу жабдықтарымен жарақталған симуляциялық орталықты аралады.

🔖🚑Жаңа туған және шала туған сәбилерді қауіпсіз тасымалдау үшін қызмет төрт көліктік инкубатормен қамтамасыз етілген.
Қала бойынша барлығы 108 жедел жәрдем бригадасы қызмет көрсетеді. Шымкенттің дәрігерлері мен фельдшерлері республикалық байқауларда бірнеше рет ең үздік шұғыл қызмет мамандары атанды.

Денсаулық сақтау министрлігі өңірлердегі медициналық инфрақұрылымды және кадрлық әлеуетті дамыту бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастырып келеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Т.СУЛТАНГАЗИЕВ ОЗНАКОМИЛСЯ С РАБОТОЙ ОБЪЕКТОВ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ В ШЫМКЕНТЕ


Первый вице-министр здравоохранения РК Тимур Султангазиев посетил в ходе рабочей поездки в г.Шымкент ряд медицинских учреждений, включая поликлинику №6, городскую клиническую и детскую клиническую больницы, а также станцию скорой медицинской помощи.

✔️В городской детской клинической больнице Т.Султангазиев ознакомился с работой приемного покоя, травматологического пункта, деятельностью стационара и планами по реновации учреждения.

В среднем за год в приемный покой поступают около 121 тысячи пациентов, из них более 20 тысяч получают стационарное лечение, 5500 - проходят оперативное лечение. Приемное отделение оснащено необходимым диагностическим оборудованием, включая лаборатории, УЗИ и рентген-аппаратами.

«Мы стремимся обеспечить наилучшие условия для оказания неотложной помощи детям, и этот визит позволяет лучше понять, с какими вызовами сталкиваются медицинские учреждения», — подчеркнул Тимур Султангазиев.


Далее первый вице-министр здравоохранения посетил городскую поликлинику №6. В этом году здесь были открыты Центр развития и раннего вмешательства и отделение неотложной медицинской помощи. Это важное звено в охране здоровья ребенка.

➡️В Центре развития и раннего вмешательства работают региональный врач, педиатр, невропатолог, психолог, социальный работник, патронажные медицинские сестры и другие профильные специалисты. В рамках центра внедрена прогрессивная модель патронажа с использованием системы GPS-навигации. Данная технология позволяет качественно проводить мониторинг развития детей в возрасте от 0 до 5 лет.

В отделении неотложной медицинской помощи задействованы многопрофильные специалисты, обученные оказанию первичной экстренной помощи. Отделение оснащено современным оборудованием и обеспечивает своевременное реагирование на состояния, угрожающие жизни пациентов.

🔖🚑Далее Тимур Султангазиев побывал на городской станции скорой помощи, осмотрел симуляционный центр, оснащенный современным оборудованием для тренировки базовой и расширенной сердечно-легочной реанимации, в том числе у детей при оказании помощи при травмах на догоспитальном этапе.
Для безопасной транспортировки новорожденных и недоношенных детей служба оснащена четырьмя транспортными инкубаторами.

Всего город обслуживают 108 бригад скорой помощи, неоднократно шымкентские врачи и фельдшера на республиканских конкурсах удостаивались звания лучших специалистов экстренной службы.

📍Министерство здравоохранения продолжает системную работу по развитию инфраструктуры и кадрового потенциала здравоохранения регионов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📰Қант диабетімен өмір: мемлекет қандай көмек көрсетеді?

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас балалар эндокринологы Гүлмира Қасенқызы Абдуахасова
өз
🎤🎤🎤🎤ында соңғы 30 жылға жуық уақыттың ішінде Қазақстан медицинасының қант диабетін диагностикалау мен емдеудегі өзгерістері туралы айтып берді.

🔉Бүгінде қант диабетімен ауыратын кішкентай пациенттер заманауи диагностика құралдарымен, дәрі-дәрмектермен және қымбат жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Мұның барлығы балалардың диабетпен сапалы өмір сүруіне мүмкіндік береді.

Сұхбаттың толық нұсқасын био/сторис сілтемесі арқылы көре аласыздар.

🎥 youtu.be/6KINSnlLwKM


📰Жизнь с диабетом: чем обеспечивает государство ?

В 🎤🎤🎤🎤🎤🎤
главный внештатный детский эндокринолог МЗ РК Гульмира Касеновна Абдуахасова рассказала об изменениях в казахстанской медицине за последние почти 30 лет в диагностике и лечении диабета.

🔉Маленькие пациенты с диабетом сегодня также обеспечены всеми современными средствами для диагностики, лекарствами и дорогостоящим оборудованием. Все это позволяет сделать жизнь с диабетом качественной.

🎥 youtu.be/6KINSnlLwKM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎1
⚡️ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ АЛҚАСЫНДА ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ 2029 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ

Бүгін Шымкент қаласында өткен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің көшпелі алқа отырысында Шымкент қаласының 2029 жылға дейінгі денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасы мақұлданды.

▶️Бұл — республикада алғаш рет әзірленген осындай ауқымды құжат. Ол ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының бірлескен жұмысының нәтижесінде дайындалған. Бағдарлама еліміздің ең ірі мегаполистерінің бірі тұрғындарының денсаулығын нығайтуға бағытталған.

Бағдарламаның басты мақсаты — барлық деңгейде білікті мамандардың қатысуымен және мейіргерлік практиканы кеңейте отырып, сапалы, уақтылы және тиімді медициналық көмекті қолжетімді ету.

🔵Бағдарлама алты негізгі бағытты қамтиды:
1. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың профилактикасы;
2. Медициналық көмекті ұйымдастыруды жетілдіру;
3. Санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті арттыру;
4. Медициналық білім беру мен ғылымды дамыту;
5. Дәрілік қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру;
6. Денсаулық сақтау саласын орнықты қаржыландырумен қамтамасыз ету.

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асыловтың айтуынша, бағдарламаның шеңберінде медициналық жабдықтарды жаңғырту, заманауи клиникалар салу, оның ішінде МӘЖ шеңберінде жаңа перинаталдық орталық, 2 көпбейінді аурухана, 5 емхана салу жоспарланған.

👉Инфекциялық емес ауруларды ерте диагностикалау мен олардың профилактикасына, скринингтерді енгізуге, салауатты өмір салты бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыруға және COSI, HBSC, GATS сынды жаһандық зерттеулерді жүргізуге ерекше назар аударылатын болады.

Бағдарламаны жүзеге асыру барысында барлық жоспарланған мектептерде (87) стоматологиялық кабинеттер ашылады, әйелдердің жүктілікке дейінгі дайындық жұмыстары күшейтіледі. Бұл жүктілік кезіндегі асқынулар мен күрделі жағдайларды азайтып, әйелдерді контрацепция құралдарымен қамтамасыз етуді арттырады.

🔘Пациенттердің маршруттарын реттеу мақсатында 12 бейін бойынша 31 құзыреттілік орталығы, 2 скрининг орталығы, 2 амбулаториялық онкологиялық көмек көрсету орталығы ашылады. Сондай-ақ, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының жанынан ситуациялық орталық құрылды.

Алқаның барысында Шымкент қаласының әкімдігі елдегі жетекші ғылыми-зерттеу институттарымен және ғылыми орталықтармен ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол қойды. Бұл жоғары технологияларды енгізуге, күрделі хирургиялық операцияларды жүргізуге және медициналық туризмді дамытуға мүмкіндік береді.

Бағдарламада Шымкент қаласының 2026 жылдың бірінші тоқсанында ДДҰ-ның «Салауатты қалалар» еуропалық желісіне қосылуы жоспарланып отыр. Бұл жоба отыз жылдан астам уақыт бойы 30-дан астам елдегі 100-ден аса қаланы қолдап келе жатқан бірегей алаң.

▶️Бағдарламаны жүзеге асыру үшін мемлекеттік және жеке инвестициялар біріктіріледі. 2025–2029 жылдарға арналған жалпы күрделі инвестицияның көлемі шамамен 600 млрд теңгені құрайды, оның ішінде:
• жергілікті бюджеттен – 125 млрд теңгеден астам;
• республикалық бюджеттен – 245 млрд теңгеден астам;
• жеке инвестициялар – шамамен 172 млрд теңге.

Бұл Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде өмір сүру ұзақтығын 79,1 жасқа дейін ұлғайту; халықтың салауатты өмір салтын ұстану деңгейін 60%-ға дейін жеткізу; халықтың медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттану деңгейін 80%-ға дейін арттыру; сондай-ақ, қаланың денсаулық көрсеткіштерін айтарлықтай жақсарту көзделіп отыр.

👏ҚР Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің әрбір өңірінде пациентке бағытталған, орнықты денсаулық сақтау жүйесін құру және жүйелі реформаларды жүргізу ұстанымын ерекше атап өтті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
⚡️ПРОГРАММА РАЗВИТИЯ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ ГОРОДА ШЫМКЕНТ ДО 2029 ГОДА ОДОБРЕНА НА КОЛЛЕГИИ МИНЗДРАВА


Сегодня на выездном заседании коллегии Министерства здравоохранения под председательством главы ведомства Акмарал Альназаровой, состоявшейся в Шымкенте, была одобрена Программа развития здравоохранения города Шымкент до 2029 года.

🔵Это первый в республике документ подобного масштаба, разработанный совместно с Министерством здравоохранения РК и Национальным научным центром развития здравоохранения имени Салидат Каирбековой, направленный на укрепление здоровья населения одного из крупнейших мегаполисов страны.

Основной целью программы является обеспечение равного доступа к качественной, своевременной и эффективной медицинской помощи на всех уровнях, с участием высококвалифицированных специалистов и расширением сестринской практики.

▶️Программа охватывает шесть ключевых направлений:

1. Формирование культуры здорового образа жизни и профилактика заболеваний;
2. Совершенствование организации медицинской помощи;
3. Повышение санитарно-эпидемиологической безопасности;
4. Улучшение медицинского образования и развитие науки;
5. Развитие системы лекарственного обеспечения;
6. Обеспечение устойчивого финансирования здравоохранения.

По словам первого заместителя акима города Шымкент Куаныша Асылова, в рамках программы запланирована модернизация медицинского оборудования, строительство современных клиник, включая новый перинатальный центр, 2 многопрофильные больницы, 5 поликлиник в рамках ГЧП.

🔵Особое внимание будет уделено вопросам ранней диагностики и профилактики неинфекционных заболеваний, внедрению скринингов, образовательных программ по ЗОЖ и проведению глобальных исследований, таких как COSI, HBSC, GATS и др.


В ходе реализации программы будут открыты стоматологические кабинеты во всех запланированных школах (87), усилена работа по прегравидарной подготовке женщин, что позволит снизить случаи осложнений при беременности, критических состояний, повысится обеспечение женщин средствами контрацепции.

👉Для регулирования маршрутизации пациентов будут открыты 31 центр компетенций по 12 профилям, 2 скрининговых центра, 2 центра амбулаторной онкологической помощи. Открыт ситуационный центр при управлении здравоохрания города Шымкент.

В ходе коллегии акиматом Шымкента были подписаны ряд соглашений о сотрдуничестве с ведущими Научно-исследовательскими институтами и научными центрами страны, что позволит внедрить высокие технологии, проводить сложные хирургические операции, развить медицинский туризм.

В программе запланировано вступление города Шымкента в Европейскую сеть «Здоровые города» в первом квартале 2026 года. Проект ВОЗ «Здоровые города» — уникальная платформа, которая уже более трех десятилетий поддерживает более 100 городов в более чем 30 странах мира.

🔘Для реализации Программы предусмотрена консолидация бюджетных и частных инвестиций. Общий объем капитальных вложений на 2025–2029 годы составит около 600 млрд тенге, в том числе:
• более 125 млрд тенге из местного бюджета;
• более 245 млрд тенге из республиканского бюджета;
• около 172 млрд тенге частных инвестиций.

Реализация данной Программы позволит увеличить ожидаемую продолжительность жизни до 79,1 лет; достичь уровня приверженности ЗОЖ до 60% населения; повысить удовлетворенность населения качеством и доступностью медицинских услуг до 80%; существенно улучшить ключевые показатели здоровья населения города.

👏Министерство здравоохранения РК подчеркивает свою приверженность системным реформам и созданию устойчивой, ориентированной на пациента системы здравоохранения в каждом регионе страны.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
⚡️2026 ЖЫЛДАН БАСТАП ШЫМКЕНТ «САЛАУАТТЫ ҚАЛАЛАР» ЕУРОПАЛЫҚ ЖЕЛІСІНЕ ҚОСЫЛАДЫ

2026 жылы Шымкент қаласын ДДҰ-ның «Салауатты қалалар» еуропалық желісіне енгізу жоспарлануда, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі Алқасының көшпелі отырысында қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов.

👉ДДҰ-ның «Салауатты қалалар» жобасы - әлемнің 30-дан астам еліндегі 100-ден астам қаланы отыз жылдан астам уақыт бойы қолдап келе жатқан бірегей платформа.

Желі қалаларға денсаулық сақтауды қала құрылысының, басқарудың және шешім қабылдаудың барлық аспектілеріне біріктіруге көмектеседі.

🔷Осы жобаның шеңберінде халықты дене белсенділігіне, дұрыс тамақтануға ынталандыру, темекі шегу мен есірткі тұтынудың, инфекциялық емес аурулардың профилактикасын күшейту бойынша атаулы жұмыс жоспарлануда, онда мінез-құлық қауіп факторлары рөл атқарады.
Экологиялық факторлардың мониторингін жақсарту бойынша шаралар қабылдау көзделген, бұл газбен, шумен күрес.

ДДҰ сарапшыларының бағалауы бойынша, «Салауатты қалалар» еуропалық желісімен өзара іс-қимыл жасайтын қалалар денсаулық сақтау саласындағы сектораралық жоспарлаудың 40%-ға жақсарғанын, денсаулық сақтауға бағытталған дизайн іске асырылған аудандарда белсенді ұтқырлықтың 25%-ға артқанын атап өтті, бұл ретте қалалардың 80%-ы саясатты әзірлеуге жұртшылықтың неғұрлым белсенді қатысуы туралы хабарлады.

Қуаныш Асыловтың айтуынша, ДДҰ-ның «Салауатты қалалар» еуропалық желісінің шеңберінде қала спорт алаңдарымен, вело - және жаяу жүргіншілер жолдарымен толық қамтамасыз етіледі.

Ол сондай-ақ Шымкент тұрғындарының орташа өмір сүру ұзақтығын 79 жасқа дейін ұлғайтуға әкелетін өңірлік денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасында баяндалған бірқатар басқа шараларды атап өтті.

📌Осылайша, МСАК деңгейінде «кезек күттірмейтін медициналық көмек кабинеттері», даму және ерте араласу орталықтары құрылады, әмбебап прогрессивті патронаж моделі күшейтіледі, мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашылады, аурулардың 12 бейіні бойынша 30-дан астам құзыреттілік орталықтары құрылатын болады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️С 2026 ГОДА ШЫМКЕНТ ВСТУПИТ В ЕВРОПЕЙСКУЮ СЕТЬ «ЗДОРОВЫЕ ГОРОДА»


В 2026 году планируется встпуление города Шымкент в Европейскую сеть ВОЗ «Здоровые города», сообщил на выездном заседании коллегии Министерства здравоохранения первый заместитель акима города Куаныш Асылов.

👉Проект ВОЗ «Здоровые города» — уникальная платформа, которая уже более трех десятилетий поддерживает более 100 городов в более чем 30 странах мира.

Сеть помогает городам интегрировать здравоохранение во все аспекты городского планирования, управления и принятия решений.

🔷В рамках данного проекта планируется адресная работа по стимулированию населения к физической активности, здоровому питанию, усиление профилактики курения и наркопотребления, неинфекционных заболеваний, где играют роль поведенческие факторы риска. Предусмотрено принять меры по улучшению мониторинга экологических факторов, это борьба с загазованностью, шумом.

По оценкам экспертов ВОЗ, города, взаимодействующие с Европейской сетью «Здоровые города», отметили улучшение межсекторального планирования в сфере здравоохранения на 40%, увеличение активной мобильности на 25% в районах, где был реализован дизайн, ориентированный на здравоохранение, при этом 80% городов сообщили о более активном участии общественности в разработке политики.

По словам Куаныша Асылова, в рамках Европейской сети ВОЗ «Здоровые города» город будет полностью обеспечен спортивными площадками, вело-и пешеходными дорожками.

Он также отметил ряд других мер, изложенных в программе развития регионального здравоохранения, которые должны привести увеличению средней продолжительности жизни жителей Шымкента до 79 лет.

📌Так, на уровне ПМСП будут созданы «кабинеты неотложной медицинской помощи», центры развития и раннего вмешательства, усилена модель универсального прогрессивного патронажа, открываются стоматологические кабинеты в школах, будут созданы свыше 30 центров компетенций по 12 профилям заболеваний.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔎ҮШ ҚАЛАДА ОБЫРДЫ АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА СКРИНИНГТІК ЖҮЙЕ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБАЛАР ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ


Астанада, Шымкентте және Өскеменде халықаралық стандарттарға сәйкес онкологиялық ауруларды ерте анықтау үшін жаңа скринингтік жүйелерді сынақтан өткізу басталды, деп хабарлады бүгін Шымкенттегі Денсаулық сақтау министрлігі Алқасының көшпелі отырысында «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ Басқарма төрағасы Ербол Бекмұхамбетов.

🔖Оның айтуынша, пилот шеңберінде бірінші кезеңнің скринингі кемінде 30 мың адам тіркелген медициналық ұйымдарда шоғырландырылады, ал екінші кезең — онкология орталықтарында орталықтандырылады. Сондай-ақ жаңа скринингтік тесттер - АПВ, маммография және ферменттік гемокульт-тест сыналады.

2028 жылға дейін ТМККК шеңберінде тегін қолжетімділікті кеңейте отырып, нысаналы топтарды онкоскринингтермен қамтуды 90%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.

✍️Онкологиялық скринингтердің шеңберінде Қазақстанда жыл сайын 2,8 миллионға жуық адам зерттеліп-қаралады. Осының арқасында қатерлі ісіктердің 2800-ден астам жағдайын негізінен ерте кезеңдерде анықтауға болады.

2025 жылғы қаңтарда Қазақстанда онкологиялық аурулары бар 231 019 пациент динамикалық бақылауда болды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 5,9%-ға артық.

⬇️Соңғы 10 жылдың ішінде онкологиялық аурулардан болатын өлімнің деңгейі 33%-ға төмендеді.

Ерте диагностика жүйесін нығайту, скринингтік бағдарламаларды жетілдіру және мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру өлімді азайтуға ықпал етеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔎В ТРЕХ ГОРОДАХ ЗАПУЩЕНЫ ПИЛОТНЫЕ ПРОЕКТЫ ПО НОВОЙ СКРИНИНГОВОЙ СИСТЕМЕ НА ВЫЯВЛЕНИЕ РАКА


В Астане, Шымкенте и Усть-Каменогорске стартовала апробация новых скрининговых систем для раннего выявления онкозаболеваний в соответствии с международными стандартами, сообщил сегодня на выездном заседании коллегии Министерства здравоохранения в Шымкенте председатель правления АО «Казахский научно-исследовательский институт онкологии и радиологии» Ербол Бекмухамбетов.

🔖По его словам, в рамках пилота скрининг первого этапа будет сосредоточен в медорганизациях с прикрепленным населением не менее 30 тыс. человек, а второй этап — централизован в онкоцентрах. Также апробируются новые скрининговые тесты — ВПЧ, маммография и ферментный гемокульт-тест.

До 2028 года планируется довести охват целевых групп онкоскринингами до 90%, с расширением бесплатного доступа в рамках ГОБМП.

✍️В рамках онкологических скринингов в Казахстане ежегодно обследуется около 2,8 миллиона человек. Благодаря этому удаётся диагностировать более 2800 случаев злокачественных новообразований, преимущественно на ранних стадиях.

На январь 2025 года в Казахстане под динамическим наблюдением находилось 231 019 пациентов с онкологическими заболеваниями, что на 5,9% больше по сравнению с 2023 годом.

⬇️За последние 10 лет уровень смертности от онкозаболеваний снизился на 33%.

Снижению смертности способствует укрепление системы ранней диагностики, совершенствование скрининговых программ и повышение доступности специализированной медицинской помощи.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌ҚАЗАҚСТАНДА ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРҒА ҚАРСЫ СӘУЛЕЛІК ТЕРАПИЯ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ ШЫҒУДА

1⃣2027 жылға дейін онкологиялық көмекті дамытудың кешенді жоспары шеңберінде сәулелік терапиямен қамту барлық мұқтаж онкологиялық науқастардың 81%-ына дейін ұлғайтылатын болады, деп хабарлады бүгін Шымкентте өткен Денсаулық сақтау министрлігінің көшпелі алқа отырысында «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ басқарма төрағасы Ербол Бекмұхамбетов.

2⃣Тек 2024 жылдың өзінде еліміздің бес өңірінде онкологиялық науқастарды емдеудің мүмкіндігін едәуір арттырған 6 жаңа сызықтық үдеткіш іске қосылды. Бүгінгі таңда ел аумағында барлығы 8 сызықтық үдеткіш жұмыс істейді.

3⃣Алдағы екі жылда тағы 10 заманауи аппарат орнату жоспарланып отыр. Сонымен қатар, төрт сызықтық үдеткішпен жабдықталған Ұлттық ғылыми онкология орталығы (ҰҒОО) толыққанды жұмысын бастайды.

🔉Осылайша, 2028 жылға қарай Қазақстандағы медициналық мекемелердің сәулелік терапияға арналған заманауи жабдықтармен жарақтандырылуы 85%-ға жетіп, онкологиялық көмектің қолжетімділігі мен сапасын айтарлықтай жақсартпақ.

Қазіргі таңда елімізде Varian және Elekta маркалы 27 заманауи сызықтық үдеткіш, Varian ProBeam 360 протондық терапия аппараты және Gamma Knife жүйесі жұмыс істеп тұр.

🟢Қабылданған шаралардың арқасында сәулелік терапиямен қамту деңгейі 58%-ға дейін өсті, онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау көрсеткіші 31%-дан асты, ал өлім деңгейі 100 мың адамға шаққанда 63 жағдайға дейін төмендеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👌ЛУЧЕВАЯ ТЕРАПИЯ ПРИ ОНКОЗАБОЛЕВАНИЯХ В КАЗАХСТАНЕ ВЫХОДИТ НА НОВЫЙ УРОВЕНЬ



1⃣В рамках Комплексного плана развития онкологической помощи к 2027 году охват лучевой терапией будет увеличен до 81% всех нуждающихся онкобольных, сообщил сегодня на выездном заседании коллегии Министерства здравоохранения в Шымкенте председатель правления АО «Казахский научно-исследовательский институт онкологии и радиологии» Ербол Бекмухамбетов.


2⃣Только в 2024 году в пяти регионах страны успешно введены 6 новых линейных ускорителей, значительно расширяющих возможности лечения. На сегодня в стране всего задействованы 8 линейных ускорителей

3⃣В ближайшие два года планируется установка ещё 10 современных аппаратов, а Национальный научный онкологический центр (ННОЦ), уже оборудованный четырьмя линейными ускорителями, начинает полноценную работу.

🔉Таким образом, к 2028 году оснащённость казахстанских медицинских учреждений современным оборудованием для лучевой терапии составит 85%, что значительно улучшит доступность и качество онкологической помощи.

На сегодня стране функционируют 27 современных линейных ускорителей Varian и Elekta, аппарат протонной терапии Varian ProBeam 360, система Gamma Knife.

🟢Благодаря принятым мерам охват лучевой терапией вырос до 58%, уровень ранней диагностики онкозаболеваний превысил 31%, а уровень смертности снизился до 63 случаев на 100 тысяч населения.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💉ЖЫЛ САЙЫН 4 МИЛЛИОННАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ИНФЕКЦИЯЛАРҒА ҚАРСЫ ЕГІЛЕДІ

Бүгін Шымкент қаласында өткен Денсаулық сақтау министрлігінің көшпелі алқасының отырысында ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова иммунопрофилактика саласындағы ілгерілеуді және инфекциялық аурулар бойынша сырқаттанушылықтың айтарлықтай төмендегенін атап өтті.

➡️Ұлттық иммундау бағдарламасы шеңберінде жыл сайын елімізде 4 миллионнан астам адам егіледі.

Мысалы, полиомиелит 1996 жылдан бері, ал дифтерия 2009 жылдан бері тіркелмеген. Соңғы 34 жылдың ішінде эпидемиялық паротитпен сырқаттанушылық 100 еседен астам, А гепатиті – 32 еседен астам, В гепатиті – 92 есе, ал қызамық– 2000 еседен астам төмендеген.

➡️Сіреспе сияқты инфекциялар бойынша да тұрақты түрде төмен сырқаттанушылық деңгейі байқалады, бұл халықты вакцинациялаумен қамтудың жоғары деңгейін көрсетеді.

С. Бейсенованың айтуынша, профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар қызылша жағдайын тұрақтандыруға ықпал етті. 2025 жылдың сәуір айында 697 жағдай тіркелсе, бұл 3 405 жағдайды құраған 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда едәуір аз. Ауырғандардың негізгі бөлігін жоспарлы екпеден өтпеген балалар құрайды.

🔵2024 жылдың шарықтау кезеңімен салыстырғанда көкжөтелмен сырқаттану 92%-ға төмендеді. 2025 жылдың басынан бері 203 жағдай тіркелген. Толықтырып вакцинациялау шеңберінде бұрын жоспарлы екпеден тыс қалған 211 мыңнан астам балаға вакцина егілді.

Отырыстык қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова балаларды нысаналы жастағы профилактикалық екпелермен (кемінде 95%) қамтуға қол жеткізу, Ұлттық профилактикалық екпе күнтізбесі шеңберінде вакциналарды сақтау шарттары мен мерзімдерінің денсаулық сақтау жүйесінің барлық деңгейлерінде де сақталуын қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.

➡️ҚР ДСМ кезекті алқа отырысына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, ДДҰ, UNICEF, комитеттер, ғылыми орталықтар, республикалық клиникалар, аумақтық құрылымдар, денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері және Шымкент қаласының медициналық ұйымдарының басшылары қатысты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM