ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10.1K subscribers
17.3K photos
1.34K videos
28 files
3.8K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
💊ҚАЗАҚСТАНДА БҮЙРЕКТІҢ СОЗЫЛМАЛЫ АУРУЫН ЕМДЕУГЕ АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТТЫҢ ӨНДІРІСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Қазақстанда Алматы қаласындағы «Нобел Алматы фармацевтикалық фабрикасы» АҚ базасында созылмалы бүйрек ауруын (СБА), созылмалы жүрек жеткіліксіздігін және 2 типтегі қант диабетін емдеуге арналған инновациялық препаратты жергілікті өндіру жолға қойылды.

«Біз «АстраЗенека» халықаралық компаниясының Қазақстанда инновациялық препараттарды жергіліктендіру бастамасын жоғары бағалаймыз. Компанияның жобасы саланың тұрақты дамуын, заманауи әрі тиімді дәрілік заттардың қолжетімділігін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған денсаулық сақтау және өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын көрсетеді. Жергілікті өндірістің сәтті үлгісі ретінде «Форсига» атты түпнұсқа препараттың шығарыла бастауы – әлеуметтік мәні бар аурулар: 2 типті қант диабеті, жүрек жеткіліксіздігі және созылмалы бүйрек ауруларын емдеуге арналған маңызды қадам. Бұл маңызды қадам пациенттерді үздіксіз қажетті терапиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов.


🪙Созылмалы бүйрек ауруын емдеуге арналған препараттың жергілікті өндірісін іске қосу – Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін нығайту жолындағы стратегиялық маңызды қадам. Қазіргі таңда бұл ауру еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі мен пациенттердің өмір сапасының нашарлауына себеп болатын кең таралған себептердің бірі болып отыр. Сарапшылардың бағалауынша, Қазақстанда әрбір оныншы тұрғын – шамамен 2 миллион адам – СБА-мен ауырады және гемодиализге тәуелді болу қаупі жоғары. Дегенмен, ауруды ерте диагностикалау мен заманауи терапия оның дамуын тежеп, бүйрек жеткіліксіздігінің алдын алуға мүмкіндік береді.

«Бұл санаттағы препараттар 2018 жылдан бастап амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету жүйесіне енгізіліп, пациенттерге тегін беріле бастады. Қазіргі уақытта амбулаториялық ем қабылдайтын пациенттердің шамамен төрттен бірі осындай препараттарды пайдаланады. Қазақстанда осы топтағы үш препарат тіркелген, енді солардың бір молекуласы елімізде өндіріледі. Бұл қант диабетінің асқынуларымен күресте және тиімді ем жүргізуде қосымша мүмкіндік береді деп сенемін», – деді ҚР бас штаттан тыс эндокринологы, медицина ғылымдарының кандидаты Лаура Даньярова.


🛍Бұл өндіріс Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың отандық өндіріс үлесін 50%-ға жеткізу жөніндегі ұлттық саясаттың шеңберінде іске асырылып отыр. «АстраЗенека» компаниясы бұл жобаға 5 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салды, ал 2030 жылға дейін инвестиция көлемі 40 млн долларға жетеді деп күтілуде.

«Қазір елімізде 15 мың пациент алмастырғыш терапияны қажет етеді. Бұл пациенттердің қатарында жастар да аз емес, ал терминалды сатыдағылардың 35-40%-ы жасанды бүйрек аппаратына тәуелді. Олардың басым бөлігі артериялық гипертензиямен және қант диабетімен ауырады. Енді біздің Қазақстанда кең көлемді зерттеулерден өткен, тиімділігі дәлелденген, сенімді әрі жергілікті өндірілген препаратты қолдануға мүмкіндік туды. Бұл біз үшін және біздің пациенттеріміз үшін маңызды қадам», – деп атап өтті ҚР бас штаттан тыс нефрологы, профессор, медицина ғылымдарының докторы Салтанат Туғанбекова.


📇Қазақстанда келісімшарттық өндірісті жергіліктендіру туралы шешім 2020–2025 жылдарға арналған фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту жөніндегі кешенді жоспардың аясында қабылданды. Бұл жоба Қазақстан, Ұлыбритания және Швеция арасындағы инвестициялық әріптестіктің жарқын мысалына айналды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Қазақстан біз үшін басымдыққа ие нарықтардың бірі болып табылады. Біз бұл елмен стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға зор мүмкіндік барын көріп отырмыз. Біз өндірісті жергіліктендіру, ғылыми прогреске жол ашу және фармацевтикалық саланы экономиканың ғылымға негізделген маңызды секторларының біріне айналдыру бағытындағы жұмысымызды жалғастырамыз», – деді «АстраЗенека» компаниясының халықаралық нарықтар бойынша «Биофарма» бағытының вице-президенті Нитин Капур.


«Нобел Алматы фармацевтикалық фабрикасы» жиырма жылдан астам уақыт бойы Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне қызмет етіп келеді. Біз сапалы дәрі-дәрмектер шығарамыз, заманауи технологияларға инвестиция саламыз және жергілікті кадрларды дамытуға үлес қосамыз. «АстраЗенека» компаниясының бұл жергіліктендіру жобасы – халықаралық әріптестіктің пациенттерге нақты пайда әкелетін сәтті үлгісі. Инновациялық препараттардың Қазақстанда өндірілуі халықтың оларға қолжетімділігін арттырып, денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын нығайтады. Бұл бастама Президент Тоқаевтың фармацевтика саласында 50% жергілікті өндіріс үлесіне қол жеткізу туралы тапсырмасымен де үйлеседі. Біз осы мақсатқа жетуге өз үлесімізді қосып отырғанымызға мақтанамыз», – деді «Нобел Алматы фармацевтикалық фабрикасының» атқарушы директоры Ерен Ейги.
💊В КАЗАХСТАНЕ СТАРТОВАЛО ПРОИЗВОДСТВО ИННОВАЦИОННОГО ПРЕПАРАТА ДЛЯ ЛЕЧЕНИЯ ХРОНИЧЕСКОЙ БОЛЕЗНИ ПОЧЕК




В Казахстане состоялся запуск локального производства инновационного препарата для лечения хронической болезни почек (ХБП), хронической сердечной недостаточности и сахарного диабета второго типа на базе отечественного партнера АО «Нобел Алматинская фармацевтическая фабрика» в Алматы.

«Мы высоко ценим инициативу международной компании «АстраЗенека» по локализации производства инновационных препаратов в Казахстане. Проект компании отражает приоритетные направления государственной политики в сфере здравоохранения и промышленности, направленные на обеспечение устойчивого развития отрасли, повышение доступности современных и эффективных лекарственных средств. Примером успешной локализации является запуск производства оригинального препарата «Форсига», предназначенного для лечения социально значимых заболеваний, таких как сахарный диабет второго типа, хроническая сердечная недостаточность и хронические болезни почек. Это важный шаг, который позволит обеспечить пациентов необходимой терапией на постоянной основе», – отметил вице-министр здравоохранения Тимур Муратов.


🪙Запуск локального производства препарата для лечения хронической болезни почек – стратегически важный шаг в укреплении системы здравоохранения Казахстана. На сегодняшний день заболевание остается одной из наиболее распространенных причин утраты трудоспособности и снижения качества жизни пациентов. По оценкам экспертов, в Казахстане каждый десятый житель, почти 2 млн человек, страдает от ХБП и рискует оказаться на гемодиализе2. Однако ранняя диагностика и современная терапия позволяет замедлить прогрессирование заболевания или предотвратить почечную недостаточность.




«Препараты этого класса были с 2018 года включены в систему амбулаторного лекарственного обеспечения, что позволило предоставлять их пациентам бесплатно. На сегодняшний день около четверти наших пациентов, получающих амбулаторное лечение, используют их. В Казахстане зарегистрировано три препарата данной группы, и одна из молекул будет производиться внутри страны. Уверена, что оно внесет вклад в борьбу с осложнениями сахарного диабета и предоставит нам дополнительные возможности для эффективного лечения» - резюмировала Даньярова Лаура, кандидат медицинских наук, главный внештатный эндокринолог Республики Казахстан.


🛍Производство начато и реализуется в рамках национального курса на увеличение доли отечественного производства лекарственных средств и медицинских изделий до 50%, озвученного в Послании Президента РК Касым-Жомарта Токаева1. Объем инвестиций компании «АстраЗенека» составил $5 млн, ожидается, что к 2030 году общий объем инвестиций достигнет $40 млн.

«В стране сейчас 15 тысяч пациентов, которым необходима заместительная терапия. Среди пациентов много молодых людей, а 35-40% в терминальной стадии попадают на аппарат искусственной почки. Чаще всего, это пациенты с артериальной гипертензией и сахарным диабетом. Теперь у нас в Казахстане появилась возможность использовать локально произведенный препарат, который прошел масштабные исследования и доказал свою эффективность, что делает его надежным инструментом в практике. Это важный шаг для нас и наших пациентов» - подчеркнула Туганбекова Салтанат, профессор, доктор медицинских наук, главный внештатный нефролог Республики Казахстан.


📇Решение о локализации контрактного производства в Казахстане было принято на фоне утверждения Комплексного плана развития фармацевтической промышленности на 2020–2025 годы. Проект стал примером инвестиционного партнерства между Казахстаном, Великобританией и Швецией.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Казахстан является для нас одним из приоритетных рынков – мы видим значительный потенциал для дальнейшего стратегического партнерства и продолжим работу по локализации производства, созданию возможностей для научного прогресса и развития фармацевтической отрасли как одного из ключевых наукоемких секторов экономики Казахстана», – прокомментировал Нитин Капур, вице-президент направления «Биофарма» компании «АстраЗенека» на международных рынках.


«Компания «Нобел Алматинская фармацевтическая фабрика» уже более двадцати лет служит системе здравоохранения Казахстана. Мы производим качественные лекарства, инвестируем в современные технологии и поддерживаем развитие местных кадров. Проект локализации «АстраЗенека» является отличным примером того, как прочное международное партнерство приносит реальную пользу пациентам. Локализация инновационных препаратов «АстраЗенека» в Казахстане расширяет доступ к ним населения и укрепляет устойчивость системы здравоохранения. Эта инициатива также соответствует поручению Президента Токаева — достичь 50% локального производства в фармацевтической отрасли, и мы гордимся своим вкладом в достижение этой цели», – отметил Ерен Ейги, исполнительный директор «Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика».
🛎ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Жұмыс сапары барысында ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке қабылдап, кейін журналистерге арналған брифингте сұрақтарға жауап берді.

✔️Кездесу барысында Тимур Сұлтанғазиев азаматтардың медициналық көмекті ұйымдастыру, дәрілік заттардың қолжетімділігі, емханалар мен ауруханалардың жұмысы жөніндегі өтініштері мен сұрақтарын тыңдады.

🔵Сондай-ақ ол қала басшылығы өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, денсаулық сақтауды дамытудың жеке тұжырымдамасын әзірлегенін хабарлады. Тұжырымдама шеңберінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Денсаулықты нығайтатын мектептер», «Салауатты университеттер», «Салауатты қалалар», «Салауатты жұмыс орындары» сынды жобаларын белсенді енгізу көзделген.

«Тұжырымдаманың шеңберінде жоспарланған барлық мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашылады, әйелдерді жүктілікке даярлау жұмыстары күшейтіледі, бұл жүктілік кезіндегі асқынулар мен ауыр жағдайларды азайтуға мүмкіндік береді, әйелдерді контрацепция құралдарымен қамтамасыз ету де артады. Сонымен қатар, 12 бейін бойынша 31 құзыреттілік орталығы, 2 скринингтік орталық және 2 амбулаторлық онкологиялық көмек орталығы ашылады», — деді денсаулық сақтау бірінші вице-министрі.


👉Мейіргерлердің кеңейтілген практикасы бойынша оқыту сапасын арттыру үшін Шымкенттегі жоғары медициналық колледж заманауи виртуалдық симуляциялық жабдықтармен, жаттықтыру кешендерімен және интерактивтік жүйелермен жабдықталады.

Сондай-ақ тұжырымдама 2029 жылға қарай өңірдегі күтілетін өмір сүру ұзақтығын 79,1 жасқа дейін, салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтардың үлесін 60%-ға дейін, ал медициналық қызметтің сапасына қанағаттану деңгейін 80%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

▶️Журналистермен сөйлесу барысында Тимур Сұлтанғазиев өңір денсаулық сақтау саласындағы оң өзгерістерге тоқталды.

2024 жылдың қорытындысы бойынша жалпы өлім көрсеткіші 9%-ға, қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім 2,4%-ға, туберкулезден болатын өлім 77%-ға, жарақаттан болатын өлім 13%-ға төмендеген.

⚪️Ал аналар өлімі тіркелмеген, нәресте өлімі 32%-ға азайған.
Агломерацияны дамыту және инфрақұрылымды жаңғырту шеңберінде 2025–2029 жылдары Шымкент қаласында 30 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, МЖӘ жобаларын іске асыруға дайындық жүргізілуде: 900 орындық көпбейінді университеттік клиника, ауысымына 700 қабылдауға есептелген клиникалық-диагностикалық орталық.

✔️Бірінші вице-министр қала тұрғындарының әрбір сұрағына жеке-жеке түсініктеме беріп, халықтың пікірлері мен ұсыныстары ескерілетінін, ал қосымша зерделеуді қажет ететін өтініштердің бақылауға алынғанын атап өтті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤯1
🛎ПЕРВЫЙ ВИЦЕ-МИНИСТР ЗДРАВООХРАНЕНИЯ ПРОВЕЛ ВСТРЕЧУ С ЖИТЕЛЯМИ ГОРОДА ШЫМКЕНТ

В ходе рабочей поездки в Шымкент первый вице-министр здравоохранения РК Тимур Султангазиев провел встречу с населением, личный прием граждан, затем ответил на вопросы журналистов в ходе брифинга.

✔️В ходе встречи Тимур Султангазиев выслушал обращения и вопросы граждан, касающиеся организации медицинской помощи, доступности лекарств, работы поликлиник и больниц.

🔵Также он сообщил, что руководством города разработан проект собственной концепции развития здравоохранения с учетом региональных особенностей. В рамках концепции предусмотрено активное внедрение проектов ВОЗ: «Школы, способствующие укреплению здоровья», «Здоровые университеты», «Здоровые города», «Здоровые рабочие места».

«В рамках концепции во всех планируемых школах будут открыты стоматологические кабинеты, усилена работа по подготовке женщин к беременности, что позволит снизить осложнения и тяжелые случаи во время беременности, увеличится обеспечение женщин средствами контрацепции. Для направления пациентов будут открыты 31 центр компетенций по 12 профилям, 2 скрининговых центра, 2 центра амбулаторно-онкологической помощи», — отметил первый вице-министр здравоохранения.


👉Для повышения качества подготовки медицинских сестер расширенной практики высший медицинский колледж г.Шымкента будет оснащен современным виртуальным симуляционным оборудованием, тренажерными комплексами, интерактивными системами.

Кроме того, реализация концепции позволит позволит к 2029 году довести ожидаемую продолжительность жизни в регионе до 79,1 года, увеличить до 60% долю граждан, ведущих здоровый образ жизни, а уровень удовлетворенности населения качеством медицинских услуг – до 80%.

▶️Выступая перед журналистами, Тимур Султангазиев отметил положительные изменения в сфере здравоохранения региона.

Так, по итогам 2024 года наблюдается снижение общей смертности на 9%, смертности от болезней системы кровообращения – на 2,4%, от туберкулеза – на 77%, а от травматизма – на 13%. За первые четыре месяца в Шымкенте не зафиксировано случаев материнской смертности. Показатель младенческой смертности также значительно снизился – на 32%.

⚪️В рамках развития агломерации и модернизации инфраструктуры с 2025 по 2029 годы в Шымкенте планируется строительство 30 объектов здравоохранения.

Кроме того, ведется подготовка к реализации проектов ГЧП: многопрофильной университетской клиники на 900 коек и клинико-диагностического центра с пропускной способностью 700 посещений в смену.

✔️Первый вице-министр здравоохранения дал разъяснения жителям города по каждому из вопросов, отметил, что мнения и предложения населения будут учтены, а обращения, требующие дополнительного рассмотрения, взяты на контроль.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
⚡️Т. СҰЛТАНҒАЗИЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев жұмыс сапары барысында Шымкент қаласындағы бірқатар медициналық мекемелерге барды, онда №6 қалалық емхананың, қалалық клиникалық және балалар клиникалық ауруханаларының, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем станциясының жұмысымен танысты.

✔️Қалалық балалар клиникалық ауруханасында Т. Сұлтанғазиев қабылдау бөлімінің, травматологиялық пункттің, стационар жұмысының және мекемені жаңғырту жоспарларының жай-күйімен танысты.

Жыл сайын орта есеппен қабылдау бөліміне шамамен 121 мың пациент түседі, олардың 20 мыңнан астамы стационарлық ем алады, ал 5500-ден астамына операция жасалады. Қабылдау бөлімі қажетті диагностикалық жабдықтармен, соның ішінде зертханалармен, УДЗ және рентген аппараттарымен жабдықталған.

«Біз балаларға шұғыл көмек көрсетудің ең үздік жағдайларын жасауға тырысамыз және бұл сапар медициналық мекемелер қандай қиындықтарға тап болатынын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді», — деп атап өтті Тимур Сұлтанғазиев.


Кейін бірінші вице-министр №6 қалалық емханаға барды. Биыл мұнда Даму және ерте араласу орталығы мен шұғыл медициналық көмек бөлімі ашылды. Бұл — бала денсаулығын сақтаудағы маңызды буын.

Даму және ерте араласу орталығында өңірлік дәрігер, педиатр, невропатолог, психолог, әлеуметтік қызметкер, патронаждық мейіргерлер және басқа да салалық мамандар қызмет етеді. Орталықта GPS-навигация жүйесін қолданатын патронаждың озық үлгісі енгізілген. Бұл технология 0-ден 5 жасқа дейінгі балалардың даму мониторингін сапалы жүргізуге мүмкіндік береді.

➡️Шұғыл медициналық көмек бөлімшесінде алғашқы жедел көмек көрсетуге арнайы оқытылған көпбейінді мамандар жұмыс істейді. Бөлімше заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған және пациенттердің өміріне қауіп төндіретін жағдайларға уақтылы әрекет етеді.

Бұдан кейін Т. Сұлтанғазиев қалалық жедел жәрдем станциясына барып, базалық және кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясын, оның ішінде балаларға жарақат кезінде емдеуге жатқызуға дейінгі кезеңде көмек көрсетуге арналған заманауи жаттығу жабдықтарымен жарақталған симуляциялық орталықты аралады.

🔖🚑Жаңа туған және шала туған сәбилерді қауіпсіз тасымалдау үшін қызмет төрт көліктік инкубатормен қамтамасыз етілген.
Қала бойынша барлығы 108 жедел жәрдем бригадасы қызмет көрсетеді. Шымкенттің дәрігерлері мен фельдшерлері республикалық байқауларда бірнеше рет ең үздік шұғыл қызмет мамандары атанды.

Денсаулық сақтау министрлігі өңірлердегі медициналық инфрақұрылымды және кадрлық әлеуетті дамыту бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастырып келеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM