ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10K subscribers
17.3K photos
1.35K videos
28 files
3.81K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
☄️ПРОЕКТ ПО СКРИНИНГУ РАКА МОЛОЧНОЙ ЖЕЛЕЗЫ СОВМЕСТНО С ФРАНЦУЗСКОЙ КОМПАНИЕЙ РЕАЛИЗУЕТСЯ В КАЗАХСТАНЕ


В Астане состоялся запуск пилотного проекта FASEP по раннему выявлению рака молочной железы. Проект реализуется совместно с французской компанией C3Medical на базе Республиканского центра первичной медико-санитарной помощи.

Цифровой маммограф с функцией 3D-томосинтеза - передовая система визуализации, которая позволяет с высокой точностью выявлять опухоли на ранних стадиях, особенно у женщин с высокой плотностью тканей.

Оборудование установлено в трех медицинских организациях: в РЦ ПМСП, в Казахском научно-исследовательском институте онкологии и радиологии и в поликлинике №7 г.Астаны.

«Мы уверены, что этот аппарат позволит улучшить качество диагностики, снизить количество ложноположительных результатов и обеспечить эффективное динамическое наблюдение за пациентками с выявленными новообразованиями. Сегодня мы делаем значительный шаг на пути к улучшению женского здоровья в нашей стране», — отметила министр здравоохранения РК Акмарал Альназарова в ходе визита французской делегации по случаю запуска проекта.


⚡️Инициатива реализуется в рамках программы «Решения по диагностической визуализации для скрининга рака молочной железы в Казахстане» при содействии Французского социального фонда помощи и поддержки развивающимся странам при Правительстве Франции.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
📉ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ COVID-19 ЖАҒДАЙЛАРЫНЫҢ 3,4 ЕСЕГЕ АЗАЙҒАНЫН ТІРКЕДІ

Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, деп хабарлайды Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

📌Денсаулық сақтау министрлігі елдегі сырқаттанушылық пен әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға апта сайынғы мониторинг жүргізуді жалғастыруда.

Жыл басынан бері COVID-19-дың 362 жағдайы тіркелді. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық деңгейі 3,4 есеге төмендеген, өлім жағдайы тіркелген жоқ. Ауру жеңіл түрде өтіп жатыр, пациенттер амбулаториялық жағдайда ем қабылдауда.

➡️Қазақстанда вирустың айналымы мен оның әртүрлі нұсқаларына тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі.

Жүргізілген зертханалық бақылау нәтижелері бойынша биылғы жылы Қазақстанда анықталған барлық 100% жағдайларда Омикрон нұсқасы айналымда болды. Атап айтқанда, JN.1 қосалқы түрі және оның LF.7.1.3, LP.8.1, LF.7.6 және KP.3.1.1 тармақтары анықталған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметінше, сәуір мен мамыр айлары аралығында әлем бойынша 23 164 расталған жағдай тіркелген. Әлемде Омикронның LP.8.1, JN.1, NB.1.8.1 және басқа да нұсқалары айналымда болуы жалғасуда.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📉МИНЗДРАВ РК ЗАРЕГИСТРИРОВАЛ СНИЖЕНИЕ СЛУЧАЕВ COVID-19 В 3,4 РАЗА



В Республике Казахстан эпидемиологическая ситуация по коронавирусной инфекции стабильная, сообщает Комитет санитарно-эпидемиологического контроля.

📌Министерством здравоохранения продолжается еженедельный мониторинг заболеваемости по стране и эпидемиологической ситуации в мире.

С начала года зарегистрировано 362 случая COVID-19, по сравнению с аналогичным периодом прошлого года отмечается снижение заболеваемости в 3,4 раза, летальных случаев не зарегистрировано. Заболевание протекает в легкой форме, пациенты получают лечение в амбулаторных условиях.

➡️В Казахстане проводится ежеквартальный мониторинг за циркуляцией вирусов и его различных вариантов.

По результатам проведенного лабораторного мониторинга в текущем году в РК в 100% случаях установлена циркуляция варианта Омикрон, подтипа JN.1, в том числе подлинии LF.7.1.3, LP.8.1, LF.7.6 и КР.3.1.1.

По данным ВОЗ в мире с апреля по май зарегистрировано 23 164 подтверждённых случая. В мире продолжает циркулировать различные варианты Омикрон, в том числе линии LP.8.1, JN.1, NB.1.8.1 и др.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📈ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНІМ ӨНДІРІСІ 21%-ҒА АРТЫП, 171 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ

Өткен жылдың қорытындысы бойынша республикадағы отандық фармацевтикалық өнім өндірісінің көлемі 21,8%-ға өсіп, 171,6 млрд теңгені құрады. Бұл – фармацевтикалық алпауыттардың жобаларын отандық кәсіпорындар базасында жергіліктендіру бойынша Министрлік жүргізіп жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесі.

↗️Инвестициялық тартымдылықты арттыру және ашық реттеушілік ортаны қалыптастыру шеңберінде фармацевтика саласына тартылған инвестиция көлемі 91,3 млн АҚШ долларынан асты, бұл 2023 жылғы көрсеткішпен (46,9 млн доллар) салыстырғанда екі есеге жоғары.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі Қазақстан-Франция инвестициялық форумында мәлімдеді.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, жетекші фармацевтикалық компаниялардың және Қазақстан мен Францияның медицина университеттерінің өкілдері қатысты.

🔵Форумның шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі мен Францияның жетекші фармацевтикалық компанияларының арасында, сондай-ақ екі ел университеттерінің арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды.

🗣️Форумда Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық саясатының негізгі бағыттары таныстырылды. 2024 жылы осы саладағы негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі рекордтық $920 млн-ға жетіп, оның $330 млн-ын жеке инвестициялар құрады.

Инвестициялық ахуалды жақсартуға ерекше көңіл бөлінуде. Қазақстан шетелдік инвесторларға кең көлемді қолдау шараларын – салықтық және кедендік жеңілдіктерді, жобаларды Kazakh Invest арқылы сүйемелдеуді және мемлекеттік қорғау кепілдіктерін ұсынады.

✔️Қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыру үшін Министрлік ұзақ мерзімді шарттар жасасу тәртібін қайта қарау жұмысын жүргізіп жатыр. Бұған дейін номенклатура жобасы өндірушілердің бастамасы бойынша қалыптасқан болса, енді бұдан кейін осы құқық белгілі бір ДЗ-ға, оның ішінде әлеуметтік мәні бар ДЗ-ға қалыптасқан нақты қажеттіліктің негізінде тек уәкілетті органға тиесілі болады.

Сонымен қатар жергіліктендіруге қойылатын талаптар күшейтіліп, түпнұсқа препараттар өндірісі ынталандырылуда, іскерлік қоғамдастықтың ұсыныстарын ескере отырып, нормативтік-құқықтық базаны қайта қарау жұмыстары белсенді жүргізілуде.

➡️Келісімшарттық өндіріс шеңберінде Pfizer, Hoffmann-La Roche және AstraZeneca секілді халықаралық фармацевтикалық компаниялармен бірлескен жобалар жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда жалпы құны шамамен 30 млрд теңге болатын жобалар шеңберінде төрт түпнұсқалық препарат Қазақстанда жергіліктендірілді.

«Біз үшін инвестицияның көлемі ғана емес, оның сапасы, тұрақтылығы мен инновациялық сипаты маңызды. Қазақстан медициналық инновациялар мен медициналық қызметтер экспорты бойынша өңірлік хабқа айналуды көздейді. Біз ұсыныстарға ашықпыз, алғашқы келіссөздерден бастап нақты келісімдерге дейін барлық деңгейде диалог жүргізуге дайынбыз», — деді форум барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
📈МИНЗДРАВ РК: ОБЪЕМ ОТЕЧЕСТВЕННОЙ ФАРМПРОДУКЦИИ УВЕЛИЧИЛСЯ НА 21% И ДОСТИГ 171 МЛРД ТЕНГЕ

Объем отечественного производства фармацевтической продукции в республике по итогам прошлого года вырос на 21,8% и достиг 171,6 млрд тенге, что стало результатом системной работы ведомства по локализации проектов фармгигантов на базе отечественных предприятий.

↗️Комплекс принятых мер по усилению инвестиционной привлекательности и созданию прозрачной регуляторной среды, позволили нарастить сумму привлеченных инвестиций в фармацевтическую отрасль до 91,3 млн долларов США, с ростом в два раза в сравнении с 2023 годом (46,9 млн долларов). Об этом на площадке казахстанско-французского инвестфорума рассказала министр здравоохранения Акмарал Альназарова.

В мероприятии приняли участие представители государственных органов, международных организаций, ведущих фармацевтических компаний и медицинских университетов Казахстана и Франции.

🗣️В ходе форума были озвучены основные направления инвестиционной политики Казахстана в здравоохранении. В 2024 году объем инвестиций в основной капитал в этой сфере достиг рекордных $920 млн, из которых $330 млн составили частные вложения.

Казахстан предлагает широкий спектр мер поддержки для иностранных инвесторов, включая налоговые и таможенные преференции, сопровождение проектов через Kazakh Invest и государственные гарантии защиты.

📑В целях улучшения инвестклимата Министерством ведется работа по пересмотру порядка заключения долгосрочных договоров. Наряду с тем, усилены требования к локализации, стимулируется производство оригинальных препаратов, ведется активная работа по пересмотру нормативной базы с учетом предложений бизнес-сообщества.

В рамках контрактного производства реализуются совместные проекты с международными фармацевтическими компаниями, такими, как Pfizer, Hoffmann-La Roche и AstraZeneca. Четыре оригинальных препарата уже локализованы в Казахстане на общую сумму инвестиций порядка 30 млрд тенге.

«Для нас важно не только количество инвестиций, но и качество, устойчивость и инновационность сотрудничества. Казахстан стремится к тому, чтобы стать региональным хабом медицинских инноваций и экспорта медицинских услуг. Мы открыты к предложениям, готовы вести диалог на всех уровнях — от первичного обсуждения до подписания конкретных соглашений», — сказала министр здравоохранения А.Альназарова во время выступления на форуме.


🤝На площадке форума подписаны ряд меморандумов и соглашений о сотрудничестве в области здравоохранения с ведущими французскими компаниями, а также между университетами двух стран.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4
💊ҚАЗАҚСТАНДА БҮЙРЕКТІҢ СОЗЫЛМАЛЫ АУРУЫН ЕМДЕУГЕ АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТТЫҢ ӨНДІРІСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Қазақстанда Алматы қаласындағы «Нобел Алматы фармацевтикалық фабрикасы» АҚ базасында созылмалы бүйрек ауруын (СБА), созылмалы жүрек жеткіліксіздігін және 2 типтегі қант диабетін емдеуге арналған инновациялық препаратты жергілікті өндіру жолға қойылды.

«Біз «АстраЗенека» халықаралық компаниясының Қазақстанда инновациялық препараттарды жергіліктендіру бастамасын жоғары бағалаймыз. Компанияның жобасы саланың тұрақты дамуын, заманауи әрі тиімді дәрілік заттардың қолжетімділігін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған денсаулық сақтау және өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын көрсетеді. Жергілікті өндірістің сәтті үлгісі ретінде «Форсига» атты түпнұсқа препараттың шығарыла бастауы – әлеуметтік мәні бар аурулар: 2 типті қант диабеті, жүрек жеткіліксіздігі және созылмалы бүйрек ауруларын емдеуге арналған маңызды қадам. Бұл маңызды қадам пациенттерді үздіксіз қажетті терапиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов.


🪙Созылмалы бүйрек ауруын емдеуге арналған препараттың жергілікті өндірісін іске қосу – Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін нығайту жолындағы стратегиялық маңызды қадам. Қазіргі таңда бұл ауру еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі мен пациенттердің өмір сапасының нашарлауына себеп болатын кең таралған себептердің бірі болып отыр. Сарапшылардың бағалауынша, Қазақстанда әрбір оныншы тұрғын – шамамен 2 миллион адам – СБА-мен ауырады және гемодиализге тәуелді болу қаупі жоғары. Дегенмен, ауруды ерте диагностикалау мен заманауи терапия оның дамуын тежеп, бүйрек жеткіліксіздігінің алдын алуға мүмкіндік береді.

«Бұл санаттағы препараттар 2018 жылдан бастап амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету жүйесіне енгізіліп, пациенттерге тегін беріле бастады. Қазіргі уақытта амбулаториялық ем қабылдайтын пациенттердің шамамен төрттен бірі осындай препараттарды пайдаланады. Қазақстанда осы топтағы үш препарат тіркелген, енді солардың бір молекуласы елімізде өндіріледі. Бұл қант диабетінің асқынуларымен күресте және тиімді ем жүргізуде қосымша мүмкіндік береді деп сенемін», – деді ҚР бас штаттан тыс эндокринологы, медицина ғылымдарының кандидаты Лаура Даньярова.


🛍Бұл өндіріс Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың отандық өндіріс үлесін 50%-ға жеткізу жөніндегі ұлттық саясаттың шеңберінде іске асырылып отыр. «АстраЗенека» компаниясы бұл жобаға 5 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салды, ал 2030 жылға дейін инвестиция көлемі 40 млн долларға жетеді деп күтілуде.

«Қазір елімізде 15 мың пациент алмастырғыш терапияны қажет етеді. Бұл пациенттердің қатарында жастар да аз емес, ал терминалды сатыдағылардың 35-40%-ы жасанды бүйрек аппаратына тәуелді. Олардың басым бөлігі артериялық гипертензиямен және қант диабетімен ауырады. Енді біздің Қазақстанда кең көлемді зерттеулерден өткен, тиімділігі дәлелденген, сенімді әрі жергілікті өндірілген препаратты қолдануға мүмкіндік туды. Бұл біз үшін және біздің пациенттеріміз үшін маңызды қадам», – деп атап өтті ҚР бас штаттан тыс нефрологы, профессор, медицина ғылымдарының докторы Салтанат Туғанбекова.


📇Қазақстанда келісімшарттық өндірісті жергіліктендіру туралы шешім 2020–2025 жылдарға арналған фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту жөніндегі кешенді жоспардың аясында қабылданды. Бұл жоба Қазақстан, Ұлыбритания және Швеция арасындағы инвестициялық әріптестіктің жарқын мысалына айналды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM