ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10K subscribers
17.3K photos
1.35K videos
28 files
3.81K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
🇰🇿🇫🇷ҚАЗАҚСТАН МЕН ФРАНЦИЯ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ БІРҚАТАР ҚҰЖАТҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Астанада өткен қазақстан-француз бизнес-форумы шеңберінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың, Францияның сыртқы сауда және шетелдегі француз азаматтары істері жөніндегі уәкілетті министрі Лоран Сен-Мартеннің, сондай-ақ Sanofi, Servier, Meridiam, Ellipse Projects, Scaleo, C3Medical секілді француз компаниялары өкілдерінің қатысуымен екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойылды.

💬Форум алаңында фармацевтикалық өндірісті дамыту, ғылыми зерттеулер жүргізу, инфрақұрылымды нығайту мен техникалық жарақтандыру, медицина қызметкерлеріне арналған тағылымдамалар өткізу және бірлескен білім беру іс-шараларын ұйымдастыру салаларында келісімдер жасалды.

✍️Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Sanofi компаниясының арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум фармацевтикалық өндіріс пен ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты көздейді.

Осындай мазмұндағы тағы бір құжат Servier компаниясымен инновациялық дәрілік заттарға қолжетімділік мәселелері бойынша жасалды.
Денсаулық сақтау министрлігі, Францияның Даму агенттігі және Францияның халықаралық техникалық сараптама агенттігі арасындағы келісім инфрақұрылым және техникалық көмек саласындағы жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.
C3 Medical компаниясымен жасалған меморандум онкологиялық скрининг және телемедицина саласындағы ынтымақтастықты қамтиды.

👩‍⚕️Мамандарды даярлау мәселесіне ерекше назар аударылды. Астана медицина университеті Францияның Жоғары психомоторлық оңалту институтымен меморандумға қол қойды, ал Paris-Saclay университеті Астана және Қарағанды медицина университеттерімен ғылыми-білім беру ынтымақтастығы жөнінде екі құжатқа қол қойды. Бұл құжаттар академиялық алмасу, ғылыми жарияланымдар әзірлеу, тағылымдамалар өткізу және бірлескен білім беру іс-шараларын көздейді.

Тараптар қол жеткізілген барлық келісімдердің іске асырылуына бейілділіктерін растады және екіжақты әрі көпжақты форматта жүйелі және мазмұнды жұмыс жүргізуге дайын екендерін білдірді. А. Әлназарованың айтуынша, Қазақстан-Франция бизнес-форумының өткізілуі ынтымақтастықты кеңейтудің маңызды қадамы болып, ұлт денсаулығын жақсартуға бағытталған бірлескен бастамаларды әзірлеу мен іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

☑️Француз Республикасы көптеген жылдар бойы Қазақстанның стратегиялық әріптесі болып келетінін, ал медицина және денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық екіжақты қатынастар күн тәртібінде маңызды орын алатынын айта кету керек.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇫🇷КАЗАХСТАН И ФРАНЦИЯ ПОДПИСАЛИ РЯД ДОКУМЕНТОВ О СОТРУДНИЧЕСТВЕ В СФЕРЕ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ


В Астане в рамках казахстанско-французского бизнес-форума состоялось подписание ряда документов о развитии двустороннего сотрудничества с участием министра здравоохранения Казахстана Акмарал Альназаровой, министра-делегата по вопросам внешней торговли и французских граждан за рубежом Франции Лорана Сен-Мартен, представителей французских компаний Sanofi, Servier, Meridiam, Ellipse Projects, Scaleo, C3Medical.

💬На площадке форума с более 30 французскими компаниями обсуждены вопросы дальнейшего развития партнерства в области здравоохранения, включая сферы фармацевтического производства, ведения научных разработок, укрепления инфраструктуры и технического оснащения, проведения стажировок для медицинских работников и организации совместных образовательных мероприятий.

✍️Меморандум о взаимопонимании между Министерством здравоохранения РК и компанией Sanofi предусматривает сотрудничество в области фармацевтического производства и научных разработок. Аналогичный документ подписан с компанией Servier — по вопросам доступа к инновационным лекарственным средствам.

Соглашение между Министерством здравоохранения, Французским агентством по развитию и Французским агентством международной технической экспертизы направлено на реализацию проектов в сфере инфраструктуры и технического содействия.
Меморандум с компанией C3 Medical касается взаимодействия в области онкоскрининга и телемедицины.

👩‍⚕️Отдельное внимание уделено вопросам подготовки кадров. Медицинский университет Астаны заключил меморандум с Высшим институтом психомоторной реабилитации Франции, а университет Paris-Saclay подписал два документа о научно-образовательном сотрудничестве с медицинскими университетами Астаны и Караганды. Документы предполагают академический обмен, подготовку научных публикаций, проведение стажировок и совместных образовательных мероприятий.


Стороны подтвердили приверженность реализации всех достигнутых договоренностей и выразили готовность к системной и содержательной совместной работе в двустороннем и многостороннем формате. По словам А.Альназаровой, проведение казахстанско-французского бизнес-форума станет значимым шагом на пути расширения нашего взаимодействия и откроет новые перспективы для разработки и реализации совместных инициатив, направленных на улучшение здоровья нации.

☑️Отметим, что Французская Республика на протяжении многих лет является стратегическим партнером Казахстана, и взаимодействие в области медицины и охраны здоровья занимает особое место в повестке двусторонних отношений.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
☄️ҚАЗАҚСТАНДА ФРАНЦИЯЛЫҚ КОМПАНИЯМЕН БІРЛЕСІП СҮТ БЕЗІ ОБЫРЫНЫҢ СКРИНИНГІ БОЙЫНША ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Астанада сүт безі обырын ерте анықтауға бағытталған FASEP пилоттық жобасының іске қосылуы өтті. Жоба Францияның C3Medical компаниясымен бірлесіп, Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының базасында жүзеге асырылуда.

☑️3D-томосинтез функциясы бар цифрлық маммограф — тіндердің тығыздығы жоғары әйелдерде де ісіктерді ерте кезеңде дәл анықтауға мүмкіндік беретін озық визуализациялық жүйе.

Жабдық үш медициналық ұйымға: Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығына, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтына, Астана қаласындағы №7 қалалық емханаға қойылды.

«Бұл аппарат диагностиканың сапасын арттырып, жалған оң нәтижелердің санын азайтып, ісіктер анықталған пациенттерге тиімді динамикалық бақылау жүргізуге жол ашады деп сенеміз. Бүгін біз еліміздегі әйелдер денсаулығын жақсарту жолында маңызды қадам жасап отырмыз», — деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жобаның іске қосылуына орай Франция делегациясының сапары кезінде.


⚡️Бұл бастама «Қазақстанда сүт безі обырының скринингіне арналған диагностикалық визуализация шешімдері» бағдарламасы шеңберінде Франция үкіметі жанындағы дамушы елдерге қолдау көрсететін Француз әлеуметтік көмек қорының қолдауымен жүзеге асырылуда.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
☄️ПРОЕКТ ПО СКРИНИНГУ РАКА МОЛОЧНОЙ ЖЕЛЕЗЫ СОВМЕСТНО С ФРАНЦУЗСКОЙ КОМПАНИЕЙ РЕАЛИЗУЕТСЯ В КАЗАХСТАНЕ


В Астане состоялся запуск пилотного проекта FASEP по раннему выявлению рака молочной железы. Проект реализуется совместно с французской компанией C3Medical на базе Республиканского центра первичной медико-санитарной помощи.

Цифровой маммограф с функцией 3D-томосинтеза - передовая система визуализации, которая позволяет с высокой точностью выявлять опухоли на ранних стадиях, особенно у женщин с высокой плотностью тканей.

Оборудование установлено в трех медицинских организациях: в РЦ ПМСП, в Казахском научно-исследовательском институте онкологии и радиологии и в поликлинике №7 г.Астаны.

«Мы уверены, что этот аппарат позволит улучшить качество диагностики, снизить количество ложноположительных результатов и обеспечить эффективное динамическое наблюдение за пациентками с выявленными новообразованиями. Сегодня мы делаем значительный шаг на пути к улучшению женского здоровья в нашей стране», — отметила министр здравоохранения РК Акмарал Альназарова в ходе визита французской делегации по случаю запуска проекта.


⚡️Инициатива реализуется в рамках программы «Решения по диагностической визуализации для скрининга рака молочной железы в Казахстане» при содействии Французского социального фонда помощи и поддержки развивающимся странам при Правительстве Франции.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
📉ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ COVID-19 ЖАҒДАЙЛАРЫНЫҢ 3,4 ЕСЕГЕ АЗАЙҒАНЫН ТІРКЕДІ

Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, деп хабарлайды Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

📌Денсаулық сақтау министрлігі елдегі сырқаттанушылық пен әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға апта сайынғы мониторинг жүргізуді жалғастыруда.

Жыл басынан бері COVID-19-дың 362 жағдайы тіркелді. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық деңгейі 3,4 есеге төмендеген, өлім жағдайы тіркелген жоқ. Ауру жеңіл түрде өтіп жатыр, пациенттер амбулаториялық жағдайда ем қабылдауда.

➡️Қазақстанда вирустың айналымы мен оның әртүрлі нұсқаларына тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі.

Жүргізілген зертханалық бақылау нәтижелері бойынша биылғы жылы Қазақстанда анықталған барлық 100% жағдайларда Омикрон нұсқасы айналымда болды. Атап айтқанда, JN.1 қосалқы түрі және оның LF.7.1.3, LP.8.1, LF.7.6 және KP.3.1.1 тармақтары анықталған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметінше, сәуір мен мамыр айлары аралығында әлем бойынша 23 164 расталған жағдай тіркелген. Әлемде Омикронның LP.8.1, JN.1, NB.1.8.1 және басқа да нұсқалары айналымда болуы жалғасуда.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📉МИНЗДРАВ РК ЗАРЕГИСТРИРОВАЛ СНИЖЕНИЕ СЛУЧАЕВ COVID-19 В 3,4 РАЗА



В Республике Казахстан эпидемиологическая ситуация по коронавирусной инфекции стабильная, сообщает Комитет санитарно-эпидемиологического контроля.

📌Министерством здравоохранения продолжается еженедельный мониторинг заболеваемости по стране и эпидемиологической ситуации в мире.

С начала года зарегистрировано 362 случая COVID-19, по сравнению с аналогичным периодом прошлого года отмечается снижение заболеваемости в 3,4 раза, летальных случаев не зарегистрировано. Заболевание протекает в легкой форме, пациенты получают лечение в амбулаторных условиях.

➡️В Казахстане проводится ежеквартальный мониторинг за циркуляцией вирусов и его различных вариантов.

По результатам проведенного лабораторного мониторинга в текущем году в РК в 100% случаях установлена циркуляция варианта Омикрон, подтипа JN.1, в том числе подлинии LF.7.1.3, LP.8.1, LF.7.6 и КР.3.1.1.

По данным ВОЗ в мире с апреля по май зарегистрировано 23 164 подтверждённых случая. В мире продолжает циркулировать различные варианты Омикрон, в том числе линии LP.8.1, JN.1, NB.1.8.1 и др.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📈ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНІМ ӨНДІРІСІ 21%-ҒА АРТЫП, 171 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІ

Өткен жылдың қорытындысы бойынша республикадағы отандық фармацевтикалық өнім өндірісінің көлемі 21,8%-ға өсіп, 171,6 млрд теңгені құрады. Бұл – фармацевтикалық алпауыттардың жобаларын отандық кәсіпорындар базасында жергіліктендіру бойынша Министрлік жүргізіп жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесі.

↗️Инвестициялық тартымдылықты арттыру және ашық реттеушілік ортаны қалыптастыру шеңберінде фармацевтика саласына тартылған инвестиция көлемі 91,3 млн АҚШ долларынан асты, бұл 2023 жылғы көрсеткішпен (46,9 млн доллар) салыстырғанда екі есеге жоғары.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі Қазақстан-Франция инвестициялық форумында мәлімдеді.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, жетекші фармацевтикалық компаниялардың және Қазақстан мен Францияның медицина университеттерінің өкілдері қатысты.

🔵Форумның шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі мен Францияның жетекші фармацевтикалық компанияларының арасында, сондай-ақ екі ел университеттерінің арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды.

🗣️Форумда Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық саясатының негізгі бағыттары таныстырылды. 2024 жылы осы саладағы негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі рекордтық $920 млн-ға жетіп, оның $330 млн-ын жеке инвестициялар құрады.

Инвестициялық ахуалды жақсартуға ерекше көңіл бөлінуде. Қазақстан шетелдік инвесторларға кең көлемді қолдау шараларын – салықтық және кедендік жеңілдіктерді, жобаларды Kazakh Invest арқылы сүйемелдеуді және мемлекеттік қорғау кепілдіктерін ұсынады.

✔️Қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыру үшін Министрлік ұзақ мерзімді шарттар жасасу тәртібін қайта қарау жұмысын жүргізіп жатыр. Бұған дейін номенклатура жобасы өндірушілердің бастамасы бойынша қалыптасқан болса, енді бұдан кейін осы құқық белгілі бір ДЗ-ға, оның ішінде әлеуметтік мәні бар ДЗ-ға қалыптасқан нақты қажеттіліктің негізінде тек уәкілетті органға тиесілі болады.

Сонымен қатар жергіліктендіруге қойылатын талаптар күшейтіліп, түпнұсқа препараттар өндірісі ынталандырылуда, іскерлік қоғамдастықтың ұсыныстарын ескере отырып, нормативтік-құқықтық базаны қайта қарау жұмыстары белсенді жүргізілуде.

➡️Келісімшарттық өндіріс шеңберінде Pfizer, Hoffmann-La Roche және AstraZeneca секілді халықаралық фармацевтикалық компаниялармен бірлескен жобалар жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда жалпы құны шамамен 30 млрд теңге болатын жобалар шеңберінде төрт түпнұсқалық препарат Қазақстанда жергіліктендірілді.

«Біз үшін инвестицияның көлемі ғана емес, оның сапасы, тұрақтылығы мен инновациялық сипаты маңызды. Қазақстан медициналық инновациялар мен медициналық қызметтер экспорты бойынша өңірлік хабқа айналуды көздейді. Біз ұсыныстарға ашықпыз, алғашқы келіссөздерден бастап нақты келісімдерге дейін барлық деңгейде диалог жүргізуге дайынбыз», — деді форум барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
📈МИНЗДРАВ РК: ОБЪЕМ ОТЕЧЕСТВЕННОЙ ФАРМПРОДУКЦИИ УВЕЛИЧИЛСЯ НА 21% И ДОСТИГ 171 МЛРД ТЕНГЕ

Объем отечественного производства фармацевтической продукции в республике по итогам прошлого года вырос на 21,8% и достиг 171,6 млрд тенге, что стало результатом системной работы ведомства по локализации проектов фармгигантов на базе отечественных предприятий.

↗️Комплекс принятых мер по усилению инвестиционной привлекательности и созданию прозрачной регуляторной среды, позволили нарастить сумму привлеченных инвестиций в фармацевтическую отрасль до 91,3 млн долларов США, с ростом в два раза в сравнении с 2023 годом (46,9 млн долларов). Об этом на площадке казахстанско-французского инвестфорума рассказала министр здравоохранения Акмарал Альназарова.

В мероприятии приняли участие представители государственных органов, международных организаций, ведущих фармацевтических компаний и медицинских университетов Казахстана и Франции.

🗣️В ходе форума были озвучены основные направления инвестиционной политики Казахстана в здравоохранении. В 2024 году объем инвестиций в основной капитал в этой сфере достиг рекордных $920 млн, из которых $330 млн составили частные вложения.

Казахстан предлагает широкий спектр мер поддержки для иностранных инвесторов, включая налоговые и таможенные преференции, сопровождение проектов через Kazakh Invest и государственные гарантии защиты.

📑В целях улучшения инвестклимата Министерством ведется работа по пересмотру порядка заключения долгосрочных договоров. Наряду с тем, усилены требования к локализации, стимулируется производство оригинальных препаратов, ведется активная работа по пересмотру нормативной базы с учетом предложений бизнес-сообщества.

В рамках контрактного производства реализуются совместные проекты с международными фармацевтическими компаниями, такими, как Pfizer, Hoffmann-La Roche и AstraZeneca. Четыре оригинальных препарата уже локализованы в Казахстане на общую сумму инвестиций порядка 30 млрд тенге.

«Для нас важно не только количество инвестиций, но и качество, устойчивость и инновационность сотрудничества. Казахстан стремится к тому, чтобы стать региональным хабом медицинских инноваций и экспорта медицинских услуг. Мы открыты к предложениям, готовы вести диалог на всех уровнях — от первичного обсуждения до подписания конкретных соглашений», — сказала министр здравоохранения А.Альназарова во время выступления на форуме.


🤝На площадке форума подписаны ряд меморандумов и соглашений о сотрудничестве в области здравоохранения с ведущими французскими компаниями, а также между университетами двух стран.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4