ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10.1K subscribers
17.3K photos
1.35K videos
28 files
3.81K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
⚡️ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАР ДЕНСАУЛЫҒЫ: ӘРБІР БАЛА ТУҒАН СӘТІНЕН БАСТАП МЕДИЦИНАЛЫҚ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНҒАН

Қазақстанның мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі – өсіп келе жатқан ұрпақтың дені сау, қауіпсіз әрі жан-жақты дамуына жағдай жасау.

➡️Бүгінгі таңда Қазақстанда шамамен 7 миллион бала тұрады. Әрбір бала туған күнінен бастап медициналық бақылаумен қамтылған. Жыл сайын 2 миллионнан астам бала туғаннан бастап 6 жасқа дейінгі аралықта скринингтен өтсе, 4,5 миллионнан астам бала профилактикалық тексеруден өтеді, ал 1,5 миллионнан астам бала Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес иммундаудан өтеді.

Балаларға медициналық көмек мемлекеттік кепілдік берілген көлемнің және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде тегін көрсетіледі.

🏥Мектеп жасындағы балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуда мектеп ортасы ерекше рөл атқарады: әр мектепке емхана бекітілген, білім беру ұйымдарында медициналық пункттер жұмыс істейді.

Балаларға медициналық көмектің сапасын жақсарту мақсатында тиімді перинаталдық технологиялар, бала жасындағы ауруларды біріктіріп басқару тәсілдері және ерте шақтағы балаларды патронаждық қадағалаудың әмбебап-прогрессивті моделі халықаралық ұсынымдарға сай енгізілуде.

📉Ана мен бала денсаулығы саласына бағытталған жүйелі стратегия мен елеулі инвестициялардың арқасында елде бала өлімінің көрсеткіштері тарихи тұрғыдан ең төмен деңгейге түсті: неонаталдық өлім – мың тірі туғанға шаққанда 3,37, нәресте өлімі – 6,80, балалар өлімі – 9,30.

Перинаталдық орталықтар базасында неонаталдық хирургия бөлімшелерінің төсек қоры 20%-ға ұлғайтылды. Бұл жыл сайын туа біткен кемістігі бар шамамен 1500 жаңа туған сәбиге операциялық ем жүргізуге мүмкіндік беріп отыр, оның 40%-ы эндобейнехирургиялық әдіспен жасалады. Соның нәтижесінде операциядан кейінгі сәбилердің өміршеңдігі 88%-дан 93%-ға артып, өлім 15%-ға төмендеді.

👶Елде балаларға көмек көрсетудің көпдеңгейлі жүйесі енгізілген: патронаждық бақылау (жүктілік кезінде – 2, туғаннан кейін – 5 жасқа дейін 10 рет), ерте араласу моделі (2022 жылдан бастап), емханаларда даму және ерте араласу орталықтары (2025 жылдан бастап) – «диагнозға дейін – мүгедектікке дейін» қағидаты бойынша.

Қазақстан Орталық Азияда неонаталдық көмекті ұйымдастыру стандартын бекіткен алғашқы және жалғыз ел атанды. Ондағы басты қағидат – реанимация бөлімшелерінде 1 мейіргер – 1 жаңа туған нәрестеге қатынасын сақтау. Елімізде неонатологтар мен мейіргерлердің қуатты онлайн-кәсіби қауымдастығы құрылды. Бұл – Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан келген сарапшыларды қоса алғанда, 1000-нан астам маманды біріктіретін қуатты білім беру платформасы.

🌐2008 жылдан бастап отандық дәрігерлер салмағы 500 граммнан асатын жаңа туған нәрестелерді өмірге бейімдеуді қолға алды. Перинаталдық орталықтардың базасында неонаталдық хирургияның төсек қоры 20%-ға ұлғайтылды. Бұл жыл сайын туа біткен ақауы бар 1500-ге жуық нәрестеге операция жасауға, өлімді 15%-ға төмендетуге және эндобейнехирургияны енгізудің есебінен операциядан кейінгі өміршеңдікті 88%-дан 93%-ға арттыруға мүмкіндік берді.

Қазақстанда балаларға онкогематологиялық көмек жүйесі қарқынды дамуда. Цитология мен иммуногистохимиядан бастап ПЭТ-томография және молекулалық-генетикалық технологияларға дейінгі заманауи диагностикалық әдістердің толық спектрі енгізілді.

🧬Емдеу халықаралық хаттамаларға сәйкес жүргізіледі және құрамында полихимиотерапия, сәулелік терапия, хирургия мен гемопоэздік дің жасушаларын трансплантаттау бар. Бұл – аллогенді, аутологты және гаплоидентикалық әдістерді қамтиды. 2013 жылдан бері 515 трансплантаттау жүргізілді, оның ішінде 28-і халықаралық донорлар тіркелімінен (Ресей, Германия, Польша) алынған туыстық емес донорлармен жүзеге асырылды.

Инновациялық тәсілдердің – интраартериялық химиотерапия, «өсетін» эндопротездердің 3D-моделдеу технологиясы және таргеттік иммунотерапияның арқасында балалардағы онкологиялық аурулар бойынша жалпы өміршеңдік 70%-дан асты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
🏨Еліміздегі жетекші клиникалардың базасында балалар денсаулығын сақтау бойынша тәсілдер үнемі жетілдіріліп, жаңа технологиялар мен диагностикалау және емдеудің заманауи әдістері енгізілуде.
Ағымдағы жылы 1–3-дәрежелі есту қабілеті бұзылған балаларды есту аппараттарымен және сөйлеу процессорларын ауыстырумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа заңнамалық нормалар қабылданды.

🤝Денсаулық сақтау министрлігі әрбір баланың дені сау болып өсуі, жан-жақты дамуы және сапалы, дер кезінде және тиімді медициналық көмек алуы үшін барлық қажетті шараларды қабылдап отыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
⚡️ДЕТСКОЕ ЗДРАВООХРАНЕНИЕ В КАЗАХСТАНЕ: МЕДИЦИНСКИМ НАБЛЮДЕНИЕМ ОХВАЧЕН КАЖДЫЙ РЕБЕНОК С РОЖДЕНИЯ

Создание условий для здорового, безопасного и всестороннего развития подрастающего поколения остается одним из важнейших приоритетов государственной политики Казахстана.

➡️Сегодня в Казахстане проживает около 7 млн детей. Каждый ребенок с рождения охвачен системой медицинского наблюдения. Ежегодно более 2 млн детей проходят скрининги в возрасте от рождения до 6 лет, свыше 4,5 млн охвачены профилактическими осмотрами, более 1,5 млн получают иммунизацию согласно Национального календаря прививок.

Медицинская помощь детям оказывается бесплатно в рамках гарантированного объема и обязательного социального медицинского страхования.

🏥Для детей школьного возраста особую роль в формировании и укреплении здоровья играет школьная среда: каждая школа закреплена за поликлиникой, в учебных заведениях функционируют 6,5 тысяч медицинских пунктов.

С целью улучшения оказания медицинской помощи детям применяются эффективные перинатальные технологии, интегрированное ведение болезней детского возраста, и универсально-прогрессивная модель патронажных посещений детей раннего возраста по международным рекомендациям.

📉Благодаря последовательной стратегии и значительным инвестициям в сферу материнства и детства, стране удалось достичь исторически низких показателей детской смертности: неонатальной – 3,37 на тысячу живорожденных, младенческой – 6,80, детской – 9,30.

За счет увеличения коечного фонда неонатальной хирургии на базе перинатальных центров на 20%, в среднем, ежегодно 1500 новорожденных с врожденными пороками получают оперативное лечение, из них 40% — методом эндовидеохирургии. Это позволило повысить выживаемость младенцев с 88% до 93% после операции и снизить смертность на 15%.

👶В стране внедрен многоуровневый подход к оказанию помощи детям, включая патронажные визиты (2 дородовых и 10 посещений к детям до 5 лет), модель раннего вмешательства, центры развития и раннего вмешательства в поликлиниках, которые начали работать с 2025 года по принципу «до диагноза – до инвалидности».

Казахстан стал первой и единственной страной в Центральной Азии, утвердившей Стандарт организации неонатальной помощи с важнейшим принципом: соотношение медсестра–новорожденный 1:1 в отделениях реанимации. В стране создано сильное онлайн-профессиональное сообщество неонатологов и медсестер. Это мощная образовательная платформа, объединяющая свыше 1000 специалистов, включая экспертов из Монголии, Киргизии, Узбекистана и Таджикистана.

🏨 С 2008 года отечественные врачи начали выхаживать новорожденных с массой тела от 500 граммов. На базе перинатальных центров на 20% увеличен коечный фонд неонатальной хирургии. Это позволило ежегодно проводить около 1500 операций новорожденным с врожденными пороками развития, снизить смертность на 15% и повысить выживаемость после операций с 88% до 93%.

В Казахстане активно развивается система онкогематологической помощи детям. Внедрен полный спектр современных диагностических методов – от цитологии и иммуногистохимии до ПЭТ-томографии и молекулярно-генетических технологий.

🧬 Лечение проводится по международным протоколам с применением полихимио- и лучевой терапии, хирургии, а также трансплантации гемопоэтических стволовых клеток, включая аллогенные, аутологичные и гаплоидентичные. С 2013 года выполнено 515 трансплантаций, в том числе 28 — с участием неродственных доноров из международных регистров (России, Германии, Польши).

Благодаря использованию инновационных подходов – таких как интраартериальная химиотерапия, 3D-моделирование «растущих» эндопротезов и таргетная иммунотерапия – достигнута общая выживаемость при детских онкозаболеваниях свыше 70%.

🩺На базе ведущих клиник страны постоянно совершенствуются подходы к охране детского здоровья, внедряются передовые технологии, новые методы диагностики и лечения.

В текущем году были приняты новые законодательные нормы, которые позволяют обеспечивать детей с нарушениями слуха 1–3 степеней слуховыми аппаратами, а также замены речевых процессоров.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2👏2
🤝Министерством здравоохранения принимаются все возможные меры, чтобы каждый ребёнок развивался и рос здоровым, имел доступ к качественной, своевременной и эффективной медицинской помощи.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🆔ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАҢБАЛАУ: НЕГЕ БАРЛЫҚ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІ NAQTY ONIM АРҚЫЛЫ ТЕКСЕРУ МҮМКІН ЕМЕС?



Қазақстанда 2024 жылы 1 шілдеден бастап дәрілік заттарды міндетті таңбалау енгізілді. Тұтынушылар арасында неге кейде Data Matrix кодын Naqty Onim мобильді қосымшасы арқылы сканерлегенде дәрі-дәрмек туралы ақпарат көрсетілмейді деген сұрақ туындауы орынды.
Қай жағдайларда бұл мүмкін және неге кейбір қаптамаларда Data Matrix коды жоқ екенін түсіндіреміз.

☑️2024 жылғы 1 шілдеден бастап шығарылған барлық дәрі-дәрмектер таңбаланудан өтіп, деректері «Tanba» Бірыңғай таңбалау және қадағалау операторының жүйесіне жіберілуі міндетті. Сол дәрілер туралы ақпарат Naqty Onim мобильді қосымшасындағы Data Matrix кодын сканерлеу арқылы қолжетімді.

🔘2024 жылғы 1 шілдеге дейін шығарылған препараттар таңбалау мен қадағалау міндетті емес. Дегенмен, 2022 жылғы 1 шілдеден бастап шығарылған 90 атаулы дәрі-дәрмек міндетті таңбалау тізіміне енгізілген.

💳Алайда, дәрілік заттарды таңбалау жобасының жетекшісі Анар Қарибаеваның айтуынша, бұл препараттар үшін бақылау міндетті болмағандықтан, сканерлегенде тауардың қозғалыс тізбегі көрсетілмей, тек Data Matrix кодын кім енгізгені туралы ақпарат шығады.

«Тұтынушы Data Matrix кодын қосымша арқылы сканерлегенде дәрі туралы ақпарат шықпаса не істеу керек? Егер препарат 2024 жылғы 1 шілдеден кейін шығарылған болса, бірақ қаптамасында Data Matrix коды болмаса немесе оның бақылау деректері ашылмаса, қолданушы Naqty Onim қосымшасындағы «Көмек» бөлімінде мемлекеттік органға өтініш жолдай алады, осылайша бұзушылық туралы хабарлайды», — «Tanba» Бірыңғай таңбалау және қадағалау операторының өкілі деп түсіндіреді.


🛍️Сонымен қатар, қазіргі таңда биологиялық белсенді қоспалар мен медициналық құралдар міндетті таңбалауға жатпайды. Биологиялық белсенді қоспаларды таңбалау бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылу сатысында, медициналық құралдарды таңбалау пилоты жоспарлануда. Оларға Data Matrix кодтарын қою талаптары әлі қолданылмайды, сондықтан мұндай тауарларда таңбалау болмауы бұзушылық деп саналмайды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🆔МАРКИРОВКА В КАЗАХСТАНЕ: КАКИЕ ЛЕКАРСТВА НЕДОСТУПНЫ ДЛЯ ПРОВЕРКИ ЧЕРЕЗ NAQTY ONIM

В Казахстане с 1 июля 2024 года введена обязательная маркировка лекарственных средств. Однако по сей день у потребителей может возникать вопрос: почему при сканировании Data Matrix кода через мобильное приложение Naqty Onim может не отображаться информация о препарате. Разъясняем, в каких случаях это возможно и почему не на всех упаковках нанесен Data Matrix код.

☑️Полномасштабная обязательная маркировка всех лекарственных средств в Казахстане началась 1 июля 2024 года. Все лекарства, произведенные с этой даты, должны быть промаркированы, а данные – переданы в систему Единого оператора маркировки и прослеживаемости товаров «Tanba». Информация об этих препаратах доступна через сканирование кода Data Matrix в мобильном приложении Naqty Onim.

🔘Препараты, произведённые до 1 июля 2024 года, не подпадают под обязательное требование по маркировке и прослеживаемости.

💳При этом 90 наименований лекарственных средств, произведенных с 1 июля 2022 года, вошли в перечень лекарств, обязательных к маркировке.
Однако, как пояснила руководитель проекта маркировки лекарственных средств Анар Карибаева, для этих препаратов прослеживаемость не была обязательной. В связи с этим при сканировании отображается не весь путь товара, а лишь информация о том, кто этот Data Matrix код нанес.

«Что делать, если покупатель отсканировал код Data Matrix в приложении, но информация о лекарстве не отобразилась? Если препарат произведен после 1 июля 2024 года, но не имеет код Data Matrix на упаковке или недоступна информация о его прослеживаемости, то пользователь может направить обращение регулятору в разделе «Помощь» в приложении Naqty Onim, таким образом сообщить о нарушении», - объясняет представитель Единого оператора маркировки и прослеживаемости товаров «Tanba».


🛍️Вместе с тем, на сегодня обязательной маркировке не подлежат биологически активные добавки (БАДы) и медицинские изделия. Пилотный проект по маркировке биологически активных добавок находится на стадии реализации, пилот по маркировке медицинских изделий планируется к запуску. К ним требования по нанесению Data Matrix кодов пока не применяются, поэтому отсутствие маркировки на таких товарах не является нарушением.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🍼 ДӘРІГЕРДІҢ ҰСЫНЫМДАРЫ: 6 АЙДАН 3 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ҚОСЫМША ТАҒАМ ЕНГІЗУ

6 айдан кейін баланың энергия мен қоректік заттарға деген қажеттілігі тек қана ана сүтімен қамтамасыз етілетін мөлшерден асып түседі. Дәл осы кезеңде қосымша тағам енгізу қажет — бұл ана сүтін толықтырып, баланың сау өсуі мен дамуына септігін тигізетін жаңа өнімдер.

Қосымша тағам дегеніміз не?

Бұл — 6 айдан бастап баланың рационына енгізілетін тағам. Оны кейде «отбасылық дастарқан тағамы» деп те атайды — себебі бала ересектермен бірдей тағамды, бірақ бейімделген түрде татып көре бастайды.

⸻⸻⸻⸻⸻⸻

Қосымша тағам беру бойынша негізгі ұсынымдар:
1. 👶 Ана сүтімен қоректендіруді қажетінше 2 жасқа дейін және одан әрі жалғастырыңыз.
2. 🤱 Балаға тамақ бергенде мұқият болыңыз: кішкентай балаларды қасықпен тамақтандырып, үлкендеу балаларға көмек көрсетіңіз, байланыста болыңыз.
3. 🧸 Шыдаммен және баяу тамақтандырыңыз, тамақ жеуге мәжбүрлемеңіз, тағамға қызығушылығын тудырыңыз, сәбимен сөйлесіңіз.
4. 🍽 Тамақты дайындау мен сақтау кезінде гигиеналық талаптарды сақтаңыз.
5. 🥄 6 айынан бастап кішкентай мөлшерден бастап, бала өскен сайын тағам мөлшерін және алуан түрлілігін арттырыңыз.
6. 🥘 Тағамның құрылымын біртіндеп өзгертіңіз — алдымен пюре, кейін қою және қатты тағамға ауысыңыз.
7. 🍛 Тамақтану жиілігін арттырыңыз:
• 6–8 айлық балалар үшін — күніне 2–3 рет,
• 9–23 айдағы балалар үшін — күніне 3–4 рет + 1–2 қосымша тағам.
8. 💧 Ана сүтін қоса алғанда сұйықтықты жеткілікті түрде ішкізуді ұмытпаңыз.
9. Қосымша тағамды кеш енгізу, жеткіліксіз немесе теңгерімсіз тамақтандыру — баланың денсаулығы мен дамуына теріс әсер етуі мүмкін.

⸻⸻⸻⸻⸻⸻

📌 Қосымша тағамға қатысты алты маңызды талап:
1. Уақтылылық
2. Тамақтану жиілігі
3. Тамақ мөлшері
4. Консистенция
5. Әртүрлілік пен калориялылық
6. Қауіпсіздік

#Дәрігербалалардыңжанашыры
👍1🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🍼 РЕКОМЕНДАЦИИ ВРАЧА: ПРИКОРМ У ДЕТЕЙ ОТ 6 МЕСЯЦЕВ ДО 3 ЛЕТ

К 6 месяцам потребности ребенка в энергии и питательных веществах начинают превышать те, которые обеспечивает только грудное молоко. Именно в этот период необходимо введение прикорма — новых продуктов, которые дополняют грудное вскармливание и способствуют здоровому росту и развитию малыша.

Что такое прикорм?

Это пища, вводимая в рацион ребенка с 6 месяцев. Её также называют "пищей с семейного стола" — ведь малыш начинает пробовать ту же еду, что и взрослые, но в адаптированном виде.
____________________________________
Основные рекомендации по прикорму:
1. 👶 Продолжайте грудное вскармливание по требованию до 2 лет и дольше.
2. 🤱 Будьте чуткими при кормлении: кормите малышей младшего возраста с ложки, помогайте старшим детям, поддерживайте контакт.
3. 🧸 Кормите терпеливо и медленно, не заставляйте есть, поощряйте интерес к еде, разговаривайте с малышом.
4. 🍽 Соблюдайте гигиену при приготовлении и хранении пищи.
5. 🥄 Начинайте с небольших порций с 6 месяцев, увеличивайте объем и разнообразие по мере взросления ребенка.
6. 🥘 Постепенно повышайте консистенцию пищи — от пюре к более густой и твердой еде.
7. 🍛 Увеличивайте частоту кормлений:
o 2–3 раза в день для детей 6–8 месяцев,
o 3–4 раза + 1–2 перекуса — для детей 9–23 месяцев.
8. 💧 Не забывайте про достаточное питье, включая грудное молоко.
9. Несвоевременное, недостаточное или несбалансированное питание может повлиять на здоровье и развитие ребенка.
____________________________
📌 Шесть ключевых требований к прикорму:
1. Своевременность
2. Кратность кормления
3. Объем пищи
4. Консистенция
5. Разнообразие и калорийность
6. Безопасность

#Дәрігербалалардыңжанашыры
👍3🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
☄️МАҢҒЫСТАУДА КАРДИОХИРУРГТАР ЕКІ САҒАТТА АНА МЕН БАЛАНЫҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Маңғыстауда алғаш рет жүкті әйелдің жүрегіне күрделі ота жасалды. Осылайша, облыстық көпбейінді ауруханасының кардиохирург дәрігерлері екі сағатта ананың да, баланың да өмірін аман сақтап қалды, - деп хабарлайды облыстық көпбейінді ауруханасының баспасөз қызметі.

🔔Науқас 1997 жылғы, үшінші сәбиіне аяғы ауыр. Дәрігерлердің айтуынша, Жаңаөзен қаласының санитарлық авиациясымен облыстық көпбейінді ауруханасына шұғыл жеткізілген. Жан-жақты тексерудің нәтижесінде митралды қақпақшаның жедел инфекциялық эндокардиті, митралды қақпақша жеткіліксіздігінің III-IV сатысы. Өкпе гипертензиясы диагнозы анықталды. Кардиохирург дәрігерлер ҰҒКО мамандарымен телемедициналық кеңес өткізіп, өңірлік деңгейде операция жасауға шешім қабылдаған.

- Науқасқа митралды қақпақшасын ауыстыру операциясын жасадық. Мақсатымыз ананы да, баланы да аман алып қалу болды. Сондықтан операцияны тез жасауға тырыстық. Себебі мұндай операция кезінде ананың жүрек соғысы уақытша тоқтатылады. Сонымен қатар қан сұйылтамыз. Бұл да құрсақтағы балаға кері әсерін тигізуі мүмкін. Операция кезінде акушер-гинекологтар жатырдағы балаға УДЗ жасап, жағдайын тұрақты бақылауда ұстады. Соның нәтижесінде қауіп болмай, жақсы нәтижеге қолжеткіздік, - деді Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы жүрек қан-тамыр хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Ербол Кудабаев.


Науқас операциядан кейін жансақтау бөлімінде емделіп, бөлімшеге шығарылды. Қазір жағдайы қалыпты, өзін жақсы сезініп, өз бетінше қозғала алады. Жүктілігі жалғасуда.

✔️Операцияны МОКА директорының орынбасары, кардиохирург Агзам Алдашев, Ербол Кудабаев жасады. Акушер-гинеколог Юлия Досаханова, анестезиолог-реаниматологтар Бақытжан Балгалыев, Мәулен Жұмаділлаев қатысты

Айта кетейік, шұғыл және жоспарлы операциялар МӘМС аясында тегін жүргізіледі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3👏2