ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10.1K subscribers
17.3K photos
1.35K videos
28 files
3.81K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
💊ПАВЛОДАРДА ҰЙҚЫБЕЗ ІСІГІНЕ КҮРДЕЛІ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛДЫ

Павлодар қалалық №1 ауруханасында ұйқыбездің қатерлі ісіктерін емдеуге бағытталған абдоминалды хирургиядағы ең күрделі операциялардың бірі — панкреатодуоденалды резекция бойынша мастер-класс өтті. Операция шамамен 4–5 сағатқа созылды.

👨‍⚕️Хирургиялық араласуды медицина ғылымдарының докторы, Ресей медицина ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, профессор Болатбек Баймаханов жүргізді.

Мұндай операция жасау аурудан толық айығуға 20–30% жағдайда мүмкіндік береді, ал қалған жағдайларда пациенттің өмір сүру сапасы мен ұзақтығын айтарлықтай жақсартады.

🏥Өткен жылдан бері аурухананың базасында Механикалық сарғаю орталығы жұмыс істейді. Осы орталықтың шеңберінде осындай операцияларды тұрақты түрде өткізу, өңірлік практиканы дамыту және облыс тұрғындарына жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру жоспарланған.

Мекемеде осындай операцияларды жасау мүмкіндігі А корпусының қайта жаңғыртылып, заманауи жабдықтармен жарақталуының арқасында мүмкін болды. Бұрын мұндай диагноз қойылған пациенттер онкологиялық орталықтар мен астана клиникаларына жіберілетін.

✍️Мастер-кластың қорытындысы бойынша Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығы, Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы және №1 қалалық ауруханасының арасында бірлескен жұмыс туралы меморандумға қол қойылды. Құжат тәжірибе алмасу, жаңа технологияларды енгізу, оқу-ағарту және ғылыми-практикалық жобаларға қатысу, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды көздейді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
💊В ПАВЛОДАРЕ ПРОВЕЛИ СЛОЖНУЮ ОПЕРАЦИЮ ПРИ ОПУХОЛИ ПОДЖЕЛУДОЧНОЙ

В 1-й городской больнице Павлодара состоялся мастер-класс по панкреатодуоденальной резекции — одной из самых сложных операций в абдоминальной хирургии, направленной на лечение злокачественных новообразований поджелудочной железы. Операция продолжалась около 4–5 часов.

👨‍⚕️Хирургическое вмешательство провёл профессор Болатбек Баймаханов — доктор медицинских наук, академик Российской академии медицинских наук, член-корреспондент Национальной академии наук Республики Казахстан.

Проведение данной операции позволяет в 20–30% случаев полностью излечиться от заболевания, в остальных — значительно улучшает качество и продолжительность жизни пациента.

🏥С прошлого года на базе больницы функционирует Центр механической желтухи. В рамках его работы планируется регулярное проведение подобных вмешательств, развитие региональной практики и повышение доступности высокотехнологичной медицинской помощи для жителей области.

Возможность проведения таких операций на базе учреждения обеспечена за счёт реконструкции корпуса А и оснащения современным оборудованием. Ранее пациенты с таким диагнозом направлялись в онкологические центры или клиники столицы.

✍️По итогам мастер-класса подписан меморандум о совместной работе между Национальным научным центром хирургии имени Сызганова, Управлением здравоохранения Павлодарской области и 1-й городской больницей. Документ предусматривает обмен опытом, внедрение новых технологий, участие в образовательных и научно-практических проектах, а также повышение квалификации медицинского персонала.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4
🔬ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРДЫ АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ЭКСПРЕСС-ГИСТОЛОГИЯ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ


Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығының директоры Жандос Сейдахметовтің бастамасымен онкологиялық ауруларды анықтауда аса маңызды саналатын диагностикалық әдістің түрі – экспресс-гистология іске қосылды.

▪️Орталықта жылына 800-ден астам ота жасалады. Бұрын пациентке медициналық сараптау қорытындысын қою үшін оның гистологиялық талдауы Алматы және Астана қалаларына жіберіліп, қорытындысын күту үшін 2-3 апта уақыт кететін. Гистологиялық зерттеу нәтижесі келмейінше, науқасқа ем тағайындау да мүмкін болмайтын.

✈️Экспресс-гистология – ота кезінде алынған тін үлгісін жедел түрде мұздатып, микроскоппен зерттеуге мүмкіндік беретін заманауи әдіс. Ол небәрі 15–20 минут ішінде нәтижені анықтап, операция барысына дереу өзгеріс енгізуге жағдай жасайды. Мұндай технология хирургияның дәлдігін арттырып қана қоймай, емнің тиімді стратегиясын таңдауға мүмкіндік береді.

Орталық мамандарының әдісті меңгеру бойынша біліктіліктері жетілдіріліп, тәжірибе алмасулардан өтті. Алдағы уақытта онкологиялық ауруларды 15-20 минутта анықтайтын әдістің арқасында бұл дертті емдеуге тиімділік те жоғарылымақ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
🔬ЖАМБЫЛСКИЕ ОНКОЛОГИ ВНЕДРИЛИ ЭКСПРЕСС-ГИСТОЛОГИЮ НА БАЗЕ ОБЛАСТНОЙ КЛИНИКИ



В Жамбылской области на базе областного многопрофильного онкологического и хирургического центра внедрён один из важнейших методов диагностики онкологических заболеваний — экспресс-гистология.


«В Центре ежегодно проводится более 800 хирургических операций. Ранее для получения гистологического заключения образцы тканей отправлялись в Алматы или Астану, и пациентам приходилось ожидать результаты анализа 2–3 недели. До получения гистологического заключения назначение лечения было невозможно. Теперь нашим пациентам доступны результаты гистологиии в сжатые сроки. Специалисты центра прошли соответствующее обучение и обменялись опытом с коллегами», - рассказал директор областной клиники Жандос Сейдахметов.


✈️Экспресс-гистология — это современный метод, при котором образец ткани, взятый во время операции, быстро замораживается и исследуется под микроскопом. Всего за 15–20 минут можно получить результат и при необходимости немедленно скорректировать ход операции. Эта технология не только повышает точность хирургического вмешательства, но и позволяет выбрать наиболее эффективную стратегию лечения.

Внедрение данного метода позволит значительно повысить эффективность лечения онкологических заболеваний за счёт оперативной постановки диагноза.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM


⚡️Бүгінде елімізде жыл сайын 360 мыңнан астам сәби дүние есігін ашады, олардың денсаулығын өмірінің алғашқы сәттерінен бастап 4 мыңннан астам педиатр, 1 мыңнан астам неонатолог және жергілікті практика дәрігерлері мұқият қадағалап, бақылауда ұстайды.

👩‍🍼Қазақстанда әрбір бала туған сәтінен бастап медициналық бақылауға алынады.

👦7 миллионнан астам бала тегін медициналық көмекке қол жеткізсе,
🔍Жыл сайын 2 миллионнан астам бала скринингтен өтеді,
🩺4,5 миллионнан астам бала профилактикалық қарап-тексерумен қамтылады,
💉1,5 миллионнан астам балаға иммундау жүргізіледі.

🏫Мектеп жасындағы балаларға ерекше назар аударылады.

🏥Бүгінде әрбір мектеп белгілі бір емханаға бекітілген, онда 6,5 мыңнан астам медициналық пункт жұмыс істейді. Бұл балалардың денсаулығындағы мәселелерді дер кезінде анықтап, көмек көрсетіп, аурулардың алдын алуға мүмкіндік береді.

💪Осы жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда мектептегі тамақтанудың жаңа ұлттық стандарты енгізілуде.

🔖Ол ғылыми ұсынымдар, өсіп келе жатқан организмнің қажеттіліктері мен салауатты өмір салты қағидаттары негізінде әзірленген.

⚜️Біз балалар денсаулығы инфрақұрылымын дамыту,
🧬 ерте диагностиканы күшейту,
👶 неонаталдық көмек,
🎗️ онкопедиатрия,
🔷оңалту және
🤝паллиативтік қолдауға озық технологияларды енгізу жұмысын жалғастырып келеміз.

💊2025 жылдан бастап емханаларда ерте араласу орталықтары ашылады, олар көмекке мұқтаж барлық балаларды қолдаумен қамтамасыз ету үшін жұмыс істейді.

🦷Қазақстан балалардың стоматологиялық денсаулығына ерекше көңіл бөледі.

🪥 «Болашаққа – сау тіспен» бағдарламасы шеңберінде еліміздегі барлық мектептерде міндетті стоматологиялық қарап-тексеру мен тісжегі дамуының алдын алу шаралары енгізілді.

🧑‍⚕️Мен, педиатр-дәрігер және министр ретінде, баланың денсаулығы — бұл оның толыққанды дамуының, өмірдегі жетістігінің және бүкіл ұлттың білімі мен күшінің негізі екенін жақсы білемін.



#Дәрігербалалардыңжанашыры
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7