ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10.1K subscribers
17.3K photos
1.35K videos
28 files
3.82K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
☄️ЖЕНЕВАДАҒЫ ДДА-НЫҢ 78-СЕССИЯСЫ: ҚАЗАҚСТАН МСАК БОЙЫНША ЕЛДЕРДІҢ ҒАЛАМДЫҚ КОАЛИЦИЯСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ КҮШ ЖҰМЫЛДЫРУҒА ШАҚЫРДЫ

⚜️Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев бастаған қазақстандық делегация Женевада өтіп жатқан «Денсаулық мүддесіндегі әлем бірлігі» ұранымен ұйымдастырылған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 78-сессиясына қатысты.

▪️Сессияның шеңберінде Қазақстан тарапы медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) мәселесіне арналған арнайы қатарлас іс-шара өткізді.

Пленарлық отырыста сөйлеген сөзінде бірінші вице-министр МСАК-ты дамыту денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі бағыт екенін атап өтті. Қазақстан 1978 жылғы тарихи Алматы декларациясынан бастау алған денсаулық сақтау қызметтерін әмбебап қамту қағидаттарына адал болып қала береді.

❗️Сұлтанғазиев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың МСАК көрсету бойынша елдердің Ғаламдық коалициясын құру жөніндегі бастамасы елордада өткен, Алматы декларациясының 45 жылдығы мен Астана декларациясының 5 жылдығына арналған конференцияда көтерілгенін және ДДҰ-ға мүше елдердің қолдауына ие болғанын еске салды. Қазір бұл бастаманы іске асыру жолында Қазақстан ДДҰ-мен бірлесіп, оның мақсаттарын халықаралық деңгейде ілгерілету үшін Коалиция Хатшылығын құру бағытында жұмыс жүргізуде.

🔱Коалицияның мақсаты – денсаулық сақтау жүйесін МСАК-қа қайта бағыттауды жеделдетуге ықпал ететін саяси алаң құру, инновациялық шешімдерді енгізу, тәжірибе алмасу және халықты медициналық қызметтермен кеңінен қамту.

Коалиция бастапқы медициналық көмекке қатысты үш негізгі қағидатты алға жылжытады: өмір бойы көрсетілетін кешенді медициналық қызметтер, денсаулықтың әлеуметтік факторларын ескеретін көпсекторлы саясат пен әрекет, сондай-ақ адамдар мен қауымдастықтарды денсаулық сақтау саласындағы белсенді әріптес ретінде құқықпен және біліммен қамтамасыз ету.

Бұл платформа арқылы елдер ынтымақтасып, тәжірибе алмасып, МСАК-тың Операциялық негіздерін нақты реформалар мен өлшенетін нәтижелерге қол жеткізу құралы ретінде қолданатын болады.

«Қазақстан үшін МСАК-ты дамыту – жай ғана басымдық емес, бұл – ұлттық денсаулық сақтау бағдарламалары, кадр даярлау, процестерді цифрландыру және амбулаториялық көмекті дамыту арқылы жүйелі түрде шешіліп жатқан міндет. Біз емханалар әлеуетін нығайту, жалпы практика дәрігерлерінің функцияларын кеңейту, мейіргерлердің рөлін арттыру, өзін-өзі басқару мен аурулардың алдын алу тәсілдерін енгізу бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз», – деді Тимур Сұлтанғазиев.


📍Сессия барысында қатысушылар эпидемиологиялық қауіпсіздік пен төтенше жағдайларға дайындық шараларын, денсаулық сақтау саласындағы цифрландыру мен жасанды интеллекттің рөлін, әйелдердің денсаулығын нығайту және технологиялық жаңалықтарды талқылады.

🔔Сонымен қатар, Қазақстан МСАК мәселелеріне арналған келесі кездесуді 2025 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы шеңберінде Нью-Йоркте өткізуге ниетті екенін білдіріп, елдерді оған қатысуға шақырды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4
☄️78-СЕССИЯ ВАЗ В ЖЕНЕВЕ: КАЗАХСТАН ПРИЗВАЛ ОБЪЕДИНИТЬ УСИЛИЯ В РАМКАХ ГЛОБАЛЬНОЙ КОАЛИЦИИ СТРАН ПО ПМСП


⚜️Казахстанская делегация во главе с первым вице-министром здравоохранения Тимуром Султангазиевым приняла участие в 78-й сессии Всемирной ассамблеи здравоохранения, которая проходит в Женеве под девизом «Единство мира в интересах здоровья».

▪️В рамках сессии казахстанская сторона организовала специальное параллельное мероприятие, посвященное развитию первичной медико-санитарной помощи.

✔️Выступая на пленарной сессии, первый вице-министр подчеркнул, что развитие первичной медико-санитарной помощи является ключевым элементом устойчивых систем здравоохранения. Казахстан сохраняет приверженность принципам всеобщего охвата услугами здравоохранения, начиная с исторической Алма-Атинской декларации 1978 года.

❗️Он напомнил, что инициатива Президента Касым-Жомарта Токаева по созданию Глобальной коалиции стран по оказанию ПМСП была озвучена и получила поддержку стран-участниц ВОЗ на Конференции по первичной медико—санитарной помощи в столице республики, посвященной 45-летию Алматинской и пяти годам Астанинской декларации. Теперь на пути реализации данной инициативы Казахстан совместно с ВОЗ работает над формированием Секретариата Коалиции для продвижения ее задач на международном уровне.

Целью Коалиции является создание политической платформы, которая поможет ускорить переориентацию систем здравоохранения на ПМСП, внедрять инновационные решения, обмениваться опытом и обеспечивать широкий охват населения медицинскими услугами.

🔱Коалиция будет продвигать три основных принципа подхода к первичной медицине, это - интегрированные медицинские услуги на протяжении всей жизни, многосекторальная политика и действия в отношении детерминант здоровья, наделенные полномочиями люди и сообщества в качестве активных партнеров в области охраны здоровья.

С помощью этой платформы страны будут сотрудничать, обмениваться опытом и применять Оперативные рамки ПМСП в качестве основы для практических реформ и измеримого прогресса.

«Для Казахстана развитие ПМСП – это не просто приоритет, а системная задача, которая решается через национальные программы модернизации здравоохранения, обучение кадров, цифровизацию процессов и развитие амбулаторного уровня помощи. Мы активно реализуем меры по укреплению потенциала поликлиник, расширению функций врачей общей практики, повышению роли медицинских сестер, внедрению подходов управляемого самочувствия и профилактики заболеваний», — отметил Тимур Султангазиев.


📍В рамках очередной сессии ВАЗ участники на своих площадках обсудили меры эпидемиологического благополучия и готовности к ЧС, цифровизацию и роль искусственного интеллекта в медицине, укрепление женского здоровья и технологические новшества.

🔔Также Казахстан пригласил страны-участницы присоединиться к следующей встрече по вопросам ПМСП, которая пройдет в сентябре 2025 года в Нью-Йорке в рамках Генеральной Ассамблеи ООН.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4
💊ПАВЛОДАРДА ҰЙҚЫБЕЗ ІСІГІНЕ КҮРДЕЛІ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛДЫ

Павлодар қалалық №1 ауруханасында ұйқыбездің қатерлі ісіктерін емдеуге бағытталған абдоминалды хирургиядағы ең күрделі операциялардың бірі — панкреатодуоденалды резекция бойынша мастер-класс өтті. Операция шамамен 4–5 сағатқа созылды.

👨‍⚕️Хирургиялық араласуды медицина ғылымдарының докторы, Ресей медицина ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, профессор Болатбек Баймаханов жүргізді.

Мұндай операция жасау аурудан толық айығуға 20–30% жағдайда мүмкіндік береді, ал қалған жағдайларда пациенттің өмір сүру сапасы мен ұзақтығын айтарлықтай жақсартады.

🏥Өткен жылдан бері аурухананың базасында Механикалық сарғаю орталығы жұмыс істейді. Осы орталықтың шеңберінде осындай операцияларды тұрақты түрде өткізу, өңірлік практиканы дамыту және облыс тұрғындарына жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру жоспарланған.

Мекемеде осындай операцияларды жасау мүмкіндігі А корпусының қайта жаңғыртылып, заманауи жабдықтармен жарақталуының арқасында мүмкін болды. Бұрын мұндай диагноз қойылған пациенттер онкологиялық орталықтар мен астана клиникаларына жіберілетін.

✍️Мастер-кластың қорытындысы бойынша Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығы, Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы және №1 қалалық ауруханасының арасында бірлескен жұмыс туралы меморандумға қол қойылды. Құжат тәжірибе алмасу, жаңа технологияларды енгізу, оқу-ағарту және ғылыми-практикалық жобаларға қатысу, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды көздейді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
💊В ПАВЛОДАРЕ ПРОВЕЛИ СЛОЖНУЮ ОПЕРАЦИЮ ПРИ ОПУХОЛИ ПОДЖЕЛУДОЧНОЙ

В 1-й городской больнице Павлодара состоялся мастер-класс по панкреатодуоденальной резекции — одной из самых сложных операций в абдоминальной хирургии, направленной на лечение злокачественных новообразований поджелудочной железы. Операция продолжалась около 4–5 часов.

👨‍⚕️Хирургическое вмешательство провёл профессор Болатбек Баймаханов — доктор медицинских наук, академик Российской академии медицинских наук, член-корреспондент Национальной академии наук Республики Казахстан.

Проведение данной операции позволяет в 20–30% случаев полностью излечиться от заболевания, в остальных — значительно улучшает качество и продолжительность жизни пациента.

🏥С прошлого года на базе больницы функционирует Центр механической желтухи. В рамках его работы планируется регулярное проведение подобных вмешательств, развитие региональной практики и повышение доступности высокотехнологичной медицинской помощи для жителей области.

Возможность проведения таких операций на базе учреждения обеспечена за счёт реконструкции корпуса А и оснащения современным оборудованием. Ранее пациенты с таким диагнозом направлялись в онкологические центры или клиники столицы.

✍️По итогам мастер-класса подписан меморандум о совместной работе между Национальным научным центром хирургии имени Сызганова, Управлением здравоохранения Павлодарской области и 1-й городской больницей. Документ предусматривает обмен опытом, внедрение новых технологий, участие в образовательных и научно-практических проектах, а также повышение квалификации медицинского персонала.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4
🔬ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРДЫ АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ЭКСПРЕСС-ГИСТОЛОГИЯ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ


Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығының директоры Жандос Сейдахметовтің бастамасымен онкологиялық ауруларды анықтауда аса маңызды саналатын диагностикалық әдістің түрі – экспресс-гистология іске қосылды.

▪️Орталықта жылына 800-ден астам ота жасалады. Бұрын пациентке медициналық сараптау қорытындысын қою үшін оның гистологиялық талдауы Алматы және Астана қалаларына жіберіліп, қорытындысын күту үшін 2-3 апта уақыт кететін. Гистологиялық зерттеу нәтижесі келмейінше, науқасқа ем тағайындау да мүмкін болмайтын.

✈️Экспресс-гистология – ота кезінде алынған тін үлгісін жедел түрде мұздатып, микроскоппен зерттеуге мүмкіндік беретін заманауи әдіс. Ол небәрі 15–20 минут ішінде нәтижені анықтап, операция барысына дереу өзгеріс енгізуге жағдай жасайды. Мұндай технология хирургияның дәлдігін арттырып қана қоймай, емнің тиімді стратегиясын таңдауға мүмкіндік береді.

Орталық мамандарының әдісті меңгеру бойынша біліктіліктері жетілдіріліп, тәжірибе алмасулардан өтті. Алдағы уақытта онкологиялық ауруларды 15-20 минутта анықтайтын әдістің арқасында бұл дертті емдеуге тиімділік те жоғарылымақ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
🔬ЖАМБЫЛСКИЕ ОНКОЛОГИ ВНЕДРИЛИ ЭКСПРЕСС-ГИСТОЛОГИЮ НА БАЗЕ ОБЛАСТНОЙ КЛИНИКИ



В Жамбылской области на базе областного многопрофильного онкологического и хирургического центра внедрён один из важнейших методов диагностики онкологических заболеваний — экспресс-гистология.


«В Центре ежегодно проводится более 800 хирургических операций. Ранее для получения гистологического заключения образцы тканей отправлялись в Алматы или Астану, и пациентам приходилось ожидать результаты анализа 2–3 недели. До получения гистологического заключения назначение лечения было невозможно. Теперь нашим пациентам доступны результаты гистологиии в сжатые сроки. Специалисты центра прошли соответствующее обучение и обменялись опытом с коллегами», - рассказал директор областной клиники Жандос Сейдахметов.


✈️Экспресс-гистология — это современный метод, при котором образец ткани, взятый во время операции, быстро замораживается и исследуется под микроскопом. Всего за 15–20 минут можно получить результат и при необходимости немедленно скорректировать ход операции. Эта технология не только повышает точность хирургического вмешательства, но и позволяет выбрать наиболее эффективную стратегию лечения.

Внедрение данного метода позволит значительно повысить эффективность лечения онкологических заболеваний за счёт оперативной постановки диагноза.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4