ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10.1K subscribers
17.3K photos
1.35K videos
28 files
3.82K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
🛍МИНЗДРАВ КАЗАХСТАНА ПЕРЕСМАТРИВАЕТ СИСТЕМУ ЦЕНООБРАЗОВАНИЯ НА ЛЕКАРСТВА


Министерство здравоохранения проводит масштабный пересмотр системы ценообразования на лекарственные средства. Главная цель — снижение цен на препараты, повышение их доступности и уменьшение финансовой нагрузки на пациентов. На сегодняшний день в Казахстане зарегистрировано около 6 000 лекарственных средств.

🆕Новый механизм регулирования предельных цен распространяется на лекарства в бесплатном перечне от государства — в рамках ГОБМП и ОСМС, также на препараты, которые реализуются через оптово-розничную торговую сеть.

В бесплатном перечне лекарств, предназначенных для амбулаторного и стационарного лечения, предусмотрено снижение цен до 19%, в розничном аптечном сегменте — до 30%.

✍️Обновлённый перечень включает:
— 3475 наименований лекарств и 2917 медицинских изделий (в рамках ГОБМП и ОСМС)
— 5936 препаратов — для оптовой и розничной реализации

📉Средние показатели снижения цен составляют:
— 2222 наименования лекарств — до 18%
— 1847 видов медизделий — до 14%
— 5492 наименования лекарств в аптеках — до 30 %

При этом предельная цена на торговое наименование лекарственного средства не превышает предельную цену для оптовой реализации, утвержденную для данного препарата. Расчет предельных цен осуществлялся с учетом формы выпуска, дозировки, концентрации, объема и фасовки, а также за единицу измерения.

📌Цены для лекарственных средств, предназначенных для оптовой и розничной реализации, формировались с учетом средних значений предельных цен производителей в десяти референтных странах: Азербайджан, Беларусь, Болгария, Венгрия, Кыргызстан, Польша, Россия, Словения, Турция и Узбекистан. Использовались данные международной базы Navlin Price& Access Data.

При формировании предельных цен на лекарственные средства отечественного производства учитываются зарегистрированные цены на аналогичные импортируемые препараты с аналогичным международным непатентованным наименованием, формой выпуска, дозировкой, концентрацией и объемом.

✔️Механизм будет включать постоянный мониторинг цен и проверку их соответствия реальной ситуации на рынке. Это означает, что цены не будут расти без причины, а любые попытки спекуляций или необоснованного повышения цен будут быстро выявляться и устраняться.

✔️Новый механизм регулирования цен сделает рынок лекарств в республике более прозрачным и эффективным, а медицинскую помощь — ещё более доступной для казахстанцев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔1
🛍ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ДӘРІ-ДӘРМЕККЕ БАҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҮЙЕСІН ҚАЙТА ҚАРАУДА

Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттарға баға қалыптастыру жүйесін ауқымды түрде қайта қарауда. Басты мақсат – препараттардың бағасын төмендету, олардың қолжетімділігін арттыру және пациенттердің қаржылық жүктемесін азайту. Бүгінде Қазақстанда шамамен 6 000 дәрілік зат тіркелген.

🆕Шекті бағаны реттеудің жаңа тетігі мемлекет есебінен тегін берілетін дәрілерге – ТМККК мен МӘМС шеңберінде, сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда арқылы сатылатын препараттарға қатысты қолданылады.

Амбулаториялық және стационарлық емдеуге арналған тегін дәрілердің тізбесінде бағалар 19%-ға дейін, ал бөлшек сауда дәріханаларындағы бағалар 30%-ға дейін төмендейді.

✍️Жаңартылған тізбе мыналарды қамтиды:
— 3475 дәрі-дәрмектің және 2917 медициналық бұйымның атауы (ТМККК және МӘМС шеңберінде)
— 5936 препарат – көтерме және бөлшек саудаға арналған

📉Баға төмендеуінің орташа көрсеткіштері:
— 2222 дәрі атауы бойынша – 18%-ға дейін
— 1847 медициналық бұйым бойынша – 14%-ға дейін
— дәріханаларда 5492 дәрінің атауы – 30%-ға дейін

Сонымен қатар, дәрілік заттың сауда атауына белгіленген шекті баға сол препаратқа бекітілген көтерме шекті бағадан аспайды. Шекті баға дәрілік заттың шығару түрі, дозасы, концентрациясы, көлемі мен қаптамасы, сондай-ақ өлшем бірлігі ескеріле отырып есептеледі.

📌Көтерме және бөлшек саудаға арналған дәрілік заттардың бағасы он референтті елдегі (Әзербайжан, Беларусь, Болгария, Венгрия, Қырғызстан, Польша, Ресей, Словения, Түркия және Өзбекстан) өндірушілердің шекті баға көрсеткіштерінің орташа мәні негізінде есептелді. Бұл үшін Navlin Price & Access Data халықаралық базасының деректері пайдаланылды.

Қазақстанда өндірілетін дәрілік заттарға шекті баға белгілегенде, құрамында бірдей халықаралық патенттелмеген атауы, шығару түрі, дозасы, концентрациясы және көлемі бар импорттық баламаларға тіркелген бағалар ескеріледі.

✔️Жаңа тетік шеңберінде бағаға тұрақты мониторинг жүргізіліп, нарықтағы нақты жағдайға сәйкестігі тексеріліп отырады. Бұл – бағалардың себепсіз өсуіне жол берілмейтінін және кез келген алыпсатарлық немесе негізсіз баға көтеру әрекеттері жедел анықталып, жойылатынын білдіреді.

✔️Жаңа баға реттеу тетігі елдегі дәрі-дәрмек нарығын ашық әрі тиімді етіп, медициналық көмекті қазақстандықтар үшін бұрынғыдан да қолжетімді етеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🏦АЛМАТЫЛЫҚ ХИРУРГТАР ҮШ ЖАСТАҒЫ БАЛАНЫҢ ІШЕГІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРДІ

Педиатрия және балалар хирургиясы республикалық ғылыми орталығының хирургтары үш жасар балаға аса күрделі операция жасап, сәтті аяқтады. Бала бұрын өткерген жедел аппендициттің ауыр салдары – перитониттің асқынуынан іш қабырғасында бірнеше ішек жыланкөзімен ауырған.

🚨Бала алғаш рет 2022 жылдың қазан айында тұрғылықты жері бойынша шұғыл түрде ауруханаға жатқызылып, «Жіті гангренозды-тесілген аппендицит, ішектердің арасында бірнеше іріңді абсцесс, жайылған іріңді-нәжісті перитонит» деген диагноз қойылып, операция жасалған болатын.

🙏Тәжірибелі хирургтар командасының үйлесімді жұмысының арқасында асқынулар жойылып, ішектің өткізгіштігі қалпына келтірілді.

🔷Операция 4,5 сағатқа созылды. Оны хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Мөлдір Қалабаева және тәжірибелі хирургтар Нұржан Афлатонов пен Шалқар Қасенов жасады.

«Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты, операциядан кейінгі кезең асқынусыз өтіп жатыр. Оң динамика байқалуда: ішектің жұмысы қалпына келді, жалпы жағдайы жақсарды. Бұл біз үшін жай ғана хирургиялық жеңіс емес. Бұл – кішкентай пациенттің толыққанды өмірге қадам басуы. Біз оған сауығып, дені сау балалық шақ пен болашаққа үміт сыйладық», — деді №1 хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Мөлдір Қалабаева.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
🏦АЛМАТИНСКИЕ ХИРУРГИ ВОССТАНОВИЛИ КИШЕЧНИК
ТРЕХЛЕТНЕМУ МАЛЫШУ


Хирурги Республиканского Научного центра педиатрии и детской хирургии успешно провели сложнейшую операцию ребенку 3-х лет. Малыш страдал множественными кишечными свищами на передней брюшной стенке от тяжелых последствий перенесенного острого аппендицита, осложненного перитонитом.

🚨Впервые ребенок в октябре 2022 года был экстренно госпитализирован по месту жительства с диагнозом: «Острый гангренозно-перфоративный аппендицит, множественные межкишечные абсцессы, разлитой гнойно-каловый перитонит», затем он был прооперирован.


🙏Благодаря слаженной работе команды опытных хирургов, удалось устранить осложнения и восстановить проходимость кишечника.

🔷Операция длилась 4,5 часа. Ее провели заведующая отделением хирургии Молдир Калабаева и опытные хирурги Нуржан Афлатонов и Шалкар Касенов.

«В настоящее время состояние ребенка стабильное, послеоперационный период протекает без осложнений. Отмечается положительная динамика: восстановлена функция кишечника, улучшилось общее самочувствие. Для нас это не просто хирургическая победа. Это шаг к полноценной жизни для маленького пациента. Мы дали ему шанс на здоровое детство и будущее», — отметила завотделением хирургии №1 Молдир Калабаева.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🎉 «ДӘРІГЕРГЕ АЛҒЫС АЙТАМЫЗ» ЧЕЛЛЕНДЖІ 🎨👩‍⚕️👨‍⚕️

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры кішкентай пациенттердің арасында «Дәрігерге алғыс - балалардың көзімен» атты челленджді іске қосады! 🧒👧💖

📌 Не істеу керек?
🖌️ — Сурет сал немесе қысқаша бейнетүсірілім түсір
🗣️ — Онда сүйікті дәрігеріңе не үшін алғыс айтқың келетінін айтып бер
📲 — Суретіңді немесе бейнетүсірімді Instagram-ға
#Дәрігербалалардыңжанашыры
хэштегімен жарияла

🔗 Пост мәтінінде міндетті түрде http://healthcare.gov.kz/ парақшасын белгілеп өт.

🗓️ Өткізу мерзімі: 2025 жылғы 23 мамыр – 10 маусым аралығы

🏆 Ең үздік жұмыстар Денсаулық сақтау министрлігінің әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланады!

💫 Мүмкіндікті жіберіп алма — қатыс та, өз сүйікті дәрігеріңе алғыс айт! 🙌💐
👍10🔥2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🎉 ЧЕЛЛЕНДЖ «СКАЖЕМ СПАСИБО ВРАЧАМ» 👩‍⚕️👨‍⚕️🧒👧

Министерство здравоохранения РК и Фонд социального медицинского страхования запускают челлендж среди маленьких пациентов:
«Спасибо врачу — глазами детей»! 🎨❤️

📌 Что нужно сделать?
🖍️ — Нарисуй рисунок или сними короткое видео
🎙️ — Расскажи в нём, за что ты хочешь поблагодарить своего любимого врача
📲 — Опубликуй рисунок/видео в Instagram с хештегом
#Дәрігербалалардыңжанашыры

🔗 В теле поста обязательно отметь сайт: http://healthcare.gov.kz/

🗓️ Сроки проведения: с 23 мая по 10 июня 2025 года

🏅 Лучшие работы будут опубликованы на страницах социальных сетей Министерства здравоохранения!

🌟 Не упусти шанс — участвуй и скажи спасибо своим любимым докторам! 🙌💐
👍12🔥2👏1
☄️ЖЕНЕВАДАҒЫ ДДА-НЫҢ 78-СЕССИЯСЫ: ҚАЗАҚСТАН МСАК БОЙЫНША ЕЛДЕРДІҢ ҒАЛАМДЫҚ КОАЛИЦИЯСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ КҮШ ЖҰМЫЛДЫРУҒА ШАҚЫРДЫ

⚜️Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев бастаған қазақстандық делегация Женевада өтіп жатқан «Денсаулық мүддесіндегі әлем бірлігі» ұранымен ұйымдастырылған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 78-сессиясына қатысты.

▪️Сессияның шеңберінде Қазақстан тарапы медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) мәселесіне арналған арнайы қатарлас іс-шара өткізді.

Пленарлық отырыста сөйлеген сөзінде бірінші вице-министр МСАК-ты дамыту денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі бағыт екенін атап өтті. Қазақстан 1978 жылғы тарихи Алматы декларациясынан бастау алған денсаулық сақтау қызметтерін әмбебап қамту қағидаттарына адал болып қала береді.

❗️Сұлтанғазиев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың МСАК көрсету бойынша елдердің Ғаламдық коалициясын құру жөніндегі бастамасы елордада өткен, Алматы декларациясының 45 жылдығы мен Астана декларациясының 5 жылдығына арналған конференцияда көтерілгенін және ДДҰ-ға мүше елдердің қолдауына ие болғанын еске салды. Қазір бұл бастаманы іске асыру жолында Қазақстан ДДҰ-мен бірлесіп, оның мақсаттарын халықаралық деңгейде ілгерілету үшін Коалиция Хатшылығын құру бағытында жұмыс жүргізуде.

🔱Коалицияның мақсаты – денсаулық сақтау жүйесін МСАК-қа қайта бағыттауды жеделдетуге ықпал ететін саяси алаң құру, инновациялық шешімдерді енгізу, тәжірибе алмасу және халықты медициналық қызметтермен кеңінен қамту.

Коалиция бастапқы медициналық көмекке қатысты үш негізгі қағидатты алға жылжытады: өмір бойы көрсетілетін кешенді медициналық қызметтер, денсаулықтың әлеуметтік факторларын ескеретін көпсекторлы саясат пен әрекет, сондай-ақ адамдар мен қауымдастықтарды денсаулық сақтау саласындағы белсенді әріптес ретінде құқықпен және біліммен қамтамасыз ету.

Бұл платформа арқылы елдер ынтымақтасып, тәжірибе алмасып, МСАК-тың Операциялық негіздерін нақты реформалар мен өлшенетін нәтижелерге қол жеткізу құралы ретінде қолданатын болады.

«Қазақстан үшін МСАК-ты дамыту – жай ғана басымдық емес, бұл – ұлттық денсаулық сақтау бағдарламалары, кадр даярлау, процестерді цифрландыру және амбулаториялық көмекті дамыту арқылы жүйелі түрде шешіліп жатқан міндет. Біз емханалар әлеуетін нығайту, жалпы практика дәрігерлерінің функцияларын кеңейту, мейіргерлердің рөлін арттыру, өзін-өзі басқару мен аурулардың алдын алу тәсілдерін енгізу бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз», – деді Тимур Сұлтанғазиев.


📍Сессия барысында қатысушылар эпидемиологиялық қауіпсіздік пен төтенше жағдайларға дайындық шараларын, денсаулық сақтау саласындағы цифрландыру мен жасанды интеллекттің рөлін, әйелдердің денсаулығын нығайту және технологиялық жаңалықтарды талқылады.

🔔Сонымен қатар, Қазақстан МСАК мәселелеріне арналған келесі кездесуді 2025 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы шеңберінде Нью-Йоркте өткізуге ниетті екенін білдіріп, елдерді оған қатысуға шақырды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4