ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10.1K subscribers
17.3K photos
1.35K videos
28 files
3.82K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
👀ҚАЗАҚСТАНДА КЕРАТОПЛАСТИКА ЖАСАУ ҮШІН ОФТАЛЬМОЛОГИЯЛЫҚ КЛИНИКАЛАР БАЗАСЫ КЕҢЕЙТІЛЕДІ

⚡️Қазақстанда көздің мөлдір қабығын трансплантаттау немесе кератопластика жүргізу үшін меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдардың тізімі кеңейтіледі. Бұл шешім жоғары технологиялы медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, мұқтаж жандарға ел аумағында уақтылы ем алуға мүмкіндік береді.

📌Бүгін Мәжілістің екінші оқылымында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заң жобасының шеңберінде тиісті норма мақұлданды. Бұған дейін «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне сәйкес мұндай операцияларды тек мемлекеттік клиникаларда жүргізуге ғана рұқсат етілген болатын.

Қазіргі таңда Қазақстанда 2500-ден астам азамат медициналық көрсетілімдер бойынша мөлдір қабықты ауыстыруға мұқтаж, бірақ ел ішінде бұл қызметті ала алмай отыр. Бүгінгі таңда Асфендияров атындағы ҚазҰМУ офтальмологиялық орталығының базасында орындалатын операциялар саны тым жеткіліксіз, сондықтан арнайы даярлықтан өткен мамандары мен заманауи диагностика және операциялық жабдықтары бар медициналық ұйымдар тізімін кеңейту қажеттілігі туындап отыр.

🔷Ресей, Украина, Грузия, Өзбекстан және Беларусь сынды көршілес елдердің тәжірибесіне сүйенсек, біздің азаматтарға мөлдір қабықты трансплантаттау бойынша операциялар медициналық туризм шеңберінде көрсетілуде, бұл өз кезегінде мұқтаж науқастар мен олардың отбасыларына үлкен материалдық ауыртпалық түсіріп, медициналық көмектің, әсіресе балалар үшін, қолжетімділігін шектейді.

❗️Әлемде жыл сайын шамамен 180 мың мөлдір қабықты ауыстыру операциясы жүргізілсе, соның тек 42 мың трансплантаттауы АҚШ-тың үлесіне тиеді. Қазақстанда бұл көрсеткіш жылына шамамен 200 операцияны құрайды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
👀В КАЗАХСТАНЕ ДЛЯ ПРОВЕДЕНИЯ КЕРАТОПЛАСТИКИ БУДЕТ РАСШИРЕНА БАЗА ОФТАЛЬМОЛОГИЧЕСКИХ КЛИНИК


⚡️В Казахстане будет расширен список медицинских организаций для проведения операций по трансплантации роговицы глаза или кератопластики, независимо от форм собственности. Такое решение позволит повысить доступность высокотехнологичной медицинской помощи для нуждающихся и обеспечить своевременное лечение на территории страны.

📌Сегодня соответствующая норма была одобрена во втором чтении в Мажилисе Парламента в рамках законопроекта об ОСМС. Ранее, в соответствии с нормой Кодекса РК «О здоровье и системе здравоохранения» проведение таких операций было разрешено только в государственных клиниках.

В настоящее время более 2500 казахстанцев нуждаются по медицинским показаниям в пересадке роговицы, но не могут получить ее в стране.
Выполняемый сегодня объем операций на базе офтальмологичекого центра КазНМУ им. Асфендиярова является критически недостаточным, поэтому возникла необходимость расширения списка медицинских организаций, имеющих подготовленных специалистов и современное диагностическое и операционное оборудование.

🔷Если рассматривать опыт соседних государств, как Россия, Украина, Грузия, Узбекистан, Беларусь, то подобные операции по трансплантации роговицы оказываются нашим гражданам в рамках медицинского туризма, что является большой материальной нагрузкой для нуждающихся больных и их семей, ограничивая доступность медпомощи, особенно для детей.

❗️В мире проводится до 180 тысяч пересадок роговицы в год и только в США примерно 42 тысяч трансплантации в год. В Казахстане проводились порядка 200 операций в год.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
☄️УАҚЫТША ҚИЫНДЫҚТАР ТУЫНДАҒАН ЖАҒДАЙДА МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ МӘРТЕБЕНІ 6 АЙҒА ДЕЙІН САҚТАУҒА БОЛАДЫ

Бүгін Мәжілісте екінші оқылымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды.

✔️Халықты МӘМС жүйесімен барынша қамту және сақтандырылған азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында бұл заң жобасында жеңілдік кезеңін ұзарту жөнінде жаңа норма көзделген.

Енді бес жыл бойы өз бетінше және үзіліссіз жарна төлеген азаматтар, уақытша төлем жасалмаған жағдайда да, сақтандырылған мәртебесін алты айға дейін сақтай алады.

➡️Бұрын бұл мерзім үш ай ғана болатын. Бұл – әділ әрі маңызды шешім, ол жүйеге тұрақты қатысып, уақытша қиындықтарға тап болған азаматтарды қолдайды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
☄️В СЛУЧАЕ ВРЕМЕННЫХ ТРУДНОСТЕЙ СТАТУС В ОСМС МОЖНО СОХРАНИТЬ В ТЕЧЕНИЕ 6 МЕСЯЦЕВ


Сегодня в Мажилисе Парламента одобрен во втором чтении проект закона «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам обязательного социального медицинского страхования».

✔️В целях максимального охвата населения системой ОСМС и создания благоприятных условия для застрахованных законопроект предусматривает новую норму по продлению льготного периода.

Теперь граждане, которые самостоятельно и без перерывов платят взносы в течение пяти лет, смогут сохранять статус застрахованного в течение шести месяцев даже при временном отсутствии платежей.

➡️Раньше этот срок составлял всего три месяца. Это справедливое и важное решение — оно поддержит тех, кто стабильно участвует в системе и сталкивается с временными трудностями.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
🛡МФБК-ҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ ҮШІН ҚАДАҒАЛАУ ФУНКЦИЯСЫ БЕРІЛЕДІ

Бүгін Парламент Мәжілісінде мақұлданған МӘМС-ті жетілдіру мәселелері жөніндегі заң жобасының шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне (МФБК) медициналық қызмет көрсету саласында қадағалау функциясын беру нормасын енгізу ұсынылды. Бұл өрескел бұзушылықтар мен заңсыз медициналық қызметке жедел әрекет етуге, ұзақ келісімдер мен сотқа жүгінбей-ақ шара қабылдауға мүмкіндік береді.

📌Бүгінде Комитет мемлекеттік бақылау шеңберінде тиісті лицензиясыз, медициналық көмек көрсету стандарттары мен қағидаларын өрескел бұза отырып жүзеге асырылатын заңсыз медициналық қызметтерді анықтайды.
Тек 2024 жылы ғана 2 214 жоспардан тыс тексеру нәтижесінде 1 832 әкімшілік хаттама, оның ішінде 884-і — лицензиясыз қызмет көрсеткені үшін, 817-сі — стандарттарды өрескел бұзғаны үшін толтырылған.

Қолданыстағы заңнама денсаулық сақтау саласында жедел әрекет ету шараларын көздемейді, бұл өзге бақыланатын салалардан (ветеринария, сауда теңіз флоты, өсімдіктер карантині және т.б.) ерекшеленеді.

📊Комитетті қадағалау өкілеттіктерімен қамтамасыз ету бастамасы заң бұзушылықтарға дер кезінде әрекет етуге, медициналық көмек көрсету кезіндегі қауіпсіздік шараларын күшейтуге, пациенттердің құқығын қорғауға және денсаулық сақтау саласындағы бақылаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🛡КМФК БУДЕТ НАДЕЛЕН НАДЗОРНОЙ ФУНКЦИЕЙ ДЛЯ КОНТРОЛЯ КАЧЕСТВА МЕДИЦИНСКИХ УСЛУГ

В рамках одобренного сегодня в Мажилисе Парламента законопроекта по вопросам совершенстования ОСМС, предлагается ввести норму по наделению Комитета медицинского и фармацевтического контроля МЗ РК надзорной функцией в сфере оказания медицинских услуг. Это позволит реагировать на грубые нарушения и незаконную медицинскую деятельность без длительных согласований и обращений в суд.

📌Сегодня Комитет, в рамках государственного контроля, выявляет случаи незаконной медицинской деятельности — без соответствующих лицензий, с грубыми нарушениями стандартов и правил оказания медпомощи.
Только в 2024 году по результатам 2 214 внеплановых проверок составлено 1 832 адмпротокола, из них 884 - за оказание услуг без лицензии, 817 - за грубые нарушения стандартов.

Действующее законодательство не предусматривает применение оперативных мер реагирования в сфере здравоохранения, в отличие от других контролируемых сфер (ветеринария, торговое мореплавание, карантин растений и др.).

📊Инициатива о наделении Комитета надзорными полномочиями позволит свовременно реагировать на нарушения, усилит меры безопасности при оказании медицинской помощи, защиту пациентов и повысит эффективность контроля в сфере здравоохранения.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3🔥1
✔️ЕАЭО ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІ ҰЛТТЫҚ ҚАҒИДАЛАР БОЙЫНША ТІРКЕУ МЕРЗІМІН 2027 ЖЫЛДЫҢ СОҢЫНА ДЕЙІН ҰЗАРТУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі дәрілік заттарды ұлттық заңнама бойынша тіркеу мүмкіндігін 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

🔵ЕАЭО елдеріндегі, оның ішінде Қазақстандағы фармацевтикалық компаниялар жаңа препараттарды бұрынғы қағидалар бойынша тіркеуді ЕАЭО-ның бірыңғай талаптарына көшпей-ақ тағы шамамен үш жылға дейін жалғастыра алады.

▶️Бұл шешім бұрын тіркелген дәрілік заттарға енгізілетін өзгерістерге де қатысты: олар да бұрынғы тәртіппен енгізіле береді.
Бұл денсаулық сақтау жүйесінде дәрі-дәрмек тапшылығы, жеткізілімнің үзілуі сияқты қауіптердің алдын алу үшін қажет.

Мерзімді ұзарту халықты қажетті препараттармен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

🛎Өзгерістер 2022 жылғы 10 маусымдағы ЕЭК Кеңесінің №96 шешіміне енгізілді. Шешім 24 мамырда күшіне енеді және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.





✔️ЕАЭС ПРИНЯЛ РЕШЕНИЕ ПРОДЛИТЬ СРОКИ РЕГИСТРАЦИИ ЛЕКАРСТВ ПО НАЦПРАВИЛАМ ДО КОНЦА 2027 ГОДА

Совет Евразийской экономической комиссии принял решение продлить возможность регистрации лекарственных средств по национальному законодательству до 31 декабря 2027 года.

🔵Фармацевтические компании в странах ЕАЭС, включая Казахстан, смогут продолжать регистрировать новые препараты по своим привычным правилам – без перехода на единые требования ЕАЭС – еще в течение почти трех лет.

▶️Решение также распространяется на изменения в уже зарегистрированных лекарствах: их можно будет вносить по прежнему порядку.

Это необходимо для того, чтобы избежать дефицита лекарств, перебоев в поставках и других рисков для системы здравоохранения. Продление сроков позволит обеспечить устойчивое снабжение населения всеми необходимыми препаратами.

🛎Изменения внесены в Решение Совета ЕЭК от 10 июня 2022 года №96. Решение вступает в силу 24 мая и распространится на правоотношения, возникшие с 1 января 2025 года.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
🆕ҚАЗАҚСТАНДА ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІ 100 ЖҰМЫС КҮНІНЕН АСПАЙТЫН МЕРЗІМДЕ ТІРКЕУ ЖӨНІНДЕГІ ПИЛОТТЫҚ ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Қазақстанда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды «бір терезе» қағидаты бойынша 100 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тіркеу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды.
Бұл жоба мемлекеттік қызметтерді реинжинирингтеу және денсаулық сақтау саласын цифрландыру бастамалары шеңберінде, Цифрлық даму министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің өзара іс-қимылы арқылы жүзеге асырылып отыр.

✔️Жаңа тәсіл өнімдердің нарыққа шығу мерзімін едәуір қысқартып, қайталанатын әкімшілік рәсімдерді жоюға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда дәрі-дәрмектерге сараптама жүргізу 210 күнге дейін, баға қалыптастыру – 60 жұмыс күніне дейін, ал кәсіби сараптама – 50 жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін, ал композиттік мемлекеттік қызметті қолдану арқылы бұл процестер біріктіріліп, параллель түрде 100 жұмыс күнінен аспай өтетін болады.

Композиттік мемлекеттік қызмет ерікті әрі баламалы негізде енгізіледі және қолданыстағы сараптама, тіркеу және баға белгілеу механизмдерімен қатар қолданылады, сонымен қатар, бұл қызмет дәрілік заттарды Қазақстанның ұлттық дәрілік формулярына енгізу үшін кәсіби сараптамадан өткізуді де қарастырады.

🔖Сондай-ақ композиттік мемлекеттік қызмет Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлескен тіркеу рәсімін жүргізуді көздеген. Бұл – дәрілік препараттарды алдын ала біліктендіру және АҚШ, Еуропалық Одақ, Ұлыбритания, Жапония сияқты қатаң реттеу жүйесі бар елдердің реттеуші органдары тарапынан тану тәртібі шеңберінде жүзеге асады және 15 жұмыс күнінен аспайды.

Осындай жеделдетілген мерзімдер танылған реттеуші жүйелері бар елдерде өндірілген медициналық бұйымдарға да қолданылатын болады.

🖥Сонымен қатар, композиттік қызметтің шеңберінде өндіруші бағасын тіркеу, көтерме және бөлшек саудада сатылған кездегі үстеме бағаларды автоматты түрде есептеу көзделген, бұл – ТМККК және МӘМС шеңберінде іске асырылады.

🟢Пилоттық жоба биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады. Егер оның тиімділігі расталса, композиттік қызмет көрсетудің тұрақты моделіне көшу және қолданыстағы нормативтік талаптарды жою жоспарлануда. Бұл – дәрілік заттардың нарыққа жылдам шығуын қамтамасыз ететін маңызды қадам болмақ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
🆕В КАЗАХСТАНЕ ЗАПУЩЕН ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ ПО РЕГИСТРАЦИИ ЛЕКАРСТВ В СРОК ДО 100 РАБОЧИХ ДНЕЙ

В Казахстане запущен пилотный проект по регистрации лекарственных средств и медицинских изделий по принципу «единого окна» в срок до 100 рабочих дней.

✔️Проект реализуется в рамках инициатив по реинжинирингу государственных услуг и цифровизации здравоохранения, при взаимодействии Министерства цифрового развития и Министерства здравоохранения.
Новый подход позволит существенно сократить сроки выхода продукции на рынок и устранить дублирующие административные процедуры.

Если сегодня экспертиза лекарственных средств может занимать до 210 календарных дней, ценообразование – до 60 рабочих дней, а профессиональная экспертиза – до 50 рабочих дней, то при применении композитной государственной услуги все эти процессы будут объединены и проходить параллельно в течение не более 100 рабочих дней.

🔖Композитная государственная услуга внедряется на добровольной и альтернативной основе и применяется наряду с действующими механизмами экспертизы, регистрации и ценообразования лекарственных средств, а также проведения профессиональной экспертизы для включения лекарственных средств в Казахстанский национальный лекарственный формуляр.

Также композитной государственной услугой предусмотрено проведение совместной процедуры регистрации со Всемирной организацией здравоохранения при экспертизе лекарственных средств, в рамках процедуры преквалификации и признания лекарственных препаратов регуляторными органами со строгой регуляторной системой, таких стран как США, Европейский союз, Великобритания, Япония в сроки не превышающие 15 рабочих дней.

🖥Такой же ускоренный срок будет применяться и для медицинских изделий, произведённых на заводах в странах с признанными регуляторными системами.

Вместе с тем, в рамках композитной услуги предусмотрена регистрация цены производителя с последующим автоматическим установлением наценок при оптово-розничной реализации и в рамках ГОБМП и ОСМС.

🟢Пилотный проект будет действовать до 1 июля текущего года. По его итогам, при подтверждении эффективности, планируется переход к постоянной модели оказания композитной услуги с последующей отменой действующих нормативных требований. Это станет важным шагом при выходе на рынок лекарственных средств в короткие сроки.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ РЕПРОДУКТИВТІК АПТАЛЫҒЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖАСАДЫ: ДӘРІСТЕРМЕН ЖӘНЕ КОНСУЛЬТАЦИЯЛАРМЕН ШАМАМЕН 360 МЫҢ АДАМ ҚАМТЫЛДЫ


Қазақстанда 2025 жылғы 12-16 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Репродуктивтік денсаулық апталығы өтті.

📌Іс-шараның мақсаты — халықтың репродуктивтік денсаулық, жыныстық жолмен берілетін инфекциялық аурулардың, адам папиллома вирусының профилактикасы мәселелері жөніндегі хабардарлығын арттыру болды.

Бес күн бойы еліміздің барлық өңірлеріндегі медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары мен Жастар денсаулығы орталықтарында Ашық есік күндері өтті.
Репродуктивтік жастағы ерлер мен әйелдер, жасөспірімдер мен жастар консультациялық және ақпараттық қолдау алды.

💬Бес күн бойы отбасын жоспарлау, әйелдердің денсаулығы, ерлердің денсаулығы, жастар және ЖЖБИ, АПВ профилактикасы сияқты жеке тақырыптарға арналды.

1⃣Аптаның негізгі қорытындыларын шығара отырып, Денсаулық сақтау министрлігінің желісі бойынша республика көлемінде 14 350 іс-шара өткізілгенін атап өткен жөн. Жалпы жоба 358 498 қазақстандықты қамтыды, олардың ішінде 83 389 ер адам, 157 476 әйел және 117 633 жасөспірім бар.

2⃣Гинекологтар, урологтар, инфекционистер және басқа да мамандардың қатысуымен 3 636 ағартушылық кездесу мен дәріс өтті.

3⃣БАҚ-та 238 сараптамалық пікір, сұхбат пен баяндама жарияланды.
Халықтың ең белсенді қатысуы мен қызығушылығы Алматы, Астана қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Түркістан және Қарағанды облыстарында байқалды.

4⃣Кампания барысында жасөспірімдерге ерекше назар аударылды: 117 мыңнан астам бала денсаулық пен аурулардың профилактикасы туралы сенімді ақпаратқа қол жеткізді. Дәрігерлер мен мамандар мектептер мен колледждерде ғана емес, цифрлық ортада - әлеуметтік желілер мен телеарналар арқылы да жұмыс жүргізді.

«Репродуктивтік денсаулық мәдениетін және профилактикалық медицинаны дамыту — болашақ ұрпақтың денсаулығына қосқан ең маңызды үлес. Барлық өңірлерге, медицина қызметкерлеріне, әріптестер мен БАҚ-қа белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреміз. Репродуктивтік денсаулық апталығы — мемлекет, денсаулық сақтау жүйесі мен қоғамның күшін біріктіретін жыл сайынғы бастамаға айналады», — деді ҚР Денсаулық сақтау министрі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️МИНЗДРАВ ПОДВЕЛ ИТОГИ НЕДЕЛИ РЕПРОДУКТИВНОГО ЗДОРОВЬЯ: ЛЕКЦИЯМИ И КОНСУЛЬТАЦИЯМИ ОХВАЧЕНО ОКОЛО 360 ТЫСЯЧ ЧЕЛОВЕК

С 12 по 16 мая 2025 года в Казахстане прошла Неделя репродуктивного здоровья, организованная по инициативе Национальной комиссии по делам женщин и семейно-демографической политике при Президенте Республики Казахстан при поддержке Министерства здравоохранения РК.

📌Целью мероприятий стало повышение осведомленности населения по вопросам охраны репродуктивного здоровья, гигиене тела и периодам полового созревания, профилактики инфекционных заболеваний, передающихся половым путем, вируса папилломы человека.

В течение пяти дней в организациях первичной медико-санитарной помощи и Центрах здоровья молодежи всех регионов страны прошли Дни открытых дверей. Консультационную и информационную поддержку получили мужчины и женщины репродуктивного возраста, подростки и молодежь.

💬Каждый из пяти дней был посвящен отдельной теме – планированию семьи, женскому здоровью, мужскому здоровью, молодежи и профилактике ИППП, профилактике ВПЧ.

1⃣Подводя основные итоги недели, нужно отметить, что по линии Министерства здравоохранения по республике проведено 14 350 мероприятий, всего проект охватил 358 498 казахстанцев, включая 83 389 мужчин, 157 476 женщин, 117 633 подростков.

2⃣В областях и городах состоялось 3 636 просветительских встреч и лекций с участием гинекологов, урологов, инфекционистов и других специалистов

3⃣В СМИ опубликовано 238 экспертных комментариев, интервью и выступлений.

4⃣Наибольшая активность и вовлеченность населения зафиксирована в городах Алматы, Астана, а также в Актюбинской, Туркестанской и Карагандинской областях.

5⃣Особое внимание в ходе кампании было уделено подросткам: более 117 тысяч получили доступ к достоверной информации о здоровье и профилактике заболеваний. Врачи и специалисты работали как в школах и колледжах, так и в цифровой среде – через соцсети и телевидение.

«Развитие культуры репродуктивного здоровья и профилактической медицины – важнейший вклад в здоровье будущих поколений. Мы благодарим все регионы, медицинских работников, партнеров и СМИ за активное участие. Неделя репродуктивного здоровья станет ежегодной инициативой, объединяющей усилия государства, системы здравоохранения и общества», — отметила министр здравоохранения РК.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5👎1
🛍МИНЗДРАВ КАЗАХСТАНА ПЕРЕСМАТРИВАЕТ СИСТЕМУ ЦЕНООБРАЗОВАНИЯ НА ЛЕКАРСТВА


Министерство здравоохранения проводит масштабный пересмотр системы ценообразования на лекарственные средства. Главная цель — снижение цен на препараты, повышение их доступности и уменьшение финансовой нагрузки на пациентов. На сегодняшний день в Казахстане зарегистрировано около 6 000 лекарственных средств.

🆕Новый механизм регулирования предельных цен распространяется на лекарства в бесплатном перечне от государства — в рамках ГОБМП и ОСМС, также на препараты, которые реализуются через оптово-розничную торговую сеть.

В бесплатном перечне лекарств, предназначенных для амбулаторного и стационарного лечения, предусмотрено снижение цен до 19%, в розничном аптечном сегменте — до 30%.

✍️Обновлённый перечень включает:
— 3475 наименований лекарств и 2917 медицинских изделий (в рамках ГОБМП и ОСМС)
— 5936 препаратов — для оптовой и розничной реализации

📉Средние показатели снижения цен составляют:
— 2222 наименования лекарств — до 18%
— 1847 видов медизделий — до 14%
— 5492 наименования лекарств в аптеках — до 30 %

При этом предельная цена на торговое наименование лекарственного средства не превышает предельную цену для оптовой реализации, утвержденную для данного препарата. Расчет предельных цен осуществлялся с учетом формы выпуска, дозировки, концентрации, объема и фасовки, а также за единицу измерения.

📌Цены для лекарственных средств, предназначенных для оптовой и розничной реализации, формировались с учетом средних значений предельных цен производителей в десяти референтных странах: Азербайджан, Беларусь, Болгария, Венгрия, Кыргызстан, Польша, Россия, Словения, Турция и Узбекистан. Использовались данные международной базы Navlin Price& Access Data.

При формировании предельных цен на лекарственные средства отечественного производства учитываются зарегистрированные цены на аналогичные импортируемые препараты с аналогичным международным непатентованным наименованием, формой выпуска, дозировкой, концентрацией и объемом.

✔️Механизм будет включать постоянный мониторинг цен и проверку их соответствия реальной ситуации на рынке. Это означает, что цены не будут расти без причины, а любые попытки спекуляций или необоснованного повышения цен будут быстро выявляться и устраняться.

✔️Новый механизм регулирования цен сделает рынок лекарств в республике более прозрачным и эффективным, а медицинскую помощь — ещё более доступной для казахстанцев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔1
🛍ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ДӘРІ-ДӘРМЕККЕ БАҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҮЙЕСІН ҚАЙТА ҚАРАУДА

Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттарға баға қалыптастыру жүйесін ауқымды түрде қайта қарауда. Басты мақсат – препараттардың бағасын төмендету, олардың қолжетімділігін арттыру және пациенттердің қаржылық жүктемесін азайту. Бүгінде Қазақстанда шамамен 6 000 дәрілік зат тіркелген.

🆕Шекті бағаны реттеудің жаңа тетігі мемлекет есебінен тегін берілетін дәрілерге – ТМККК мен МӘМС шеңберінде, сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда арқылы сатылатын препараттарға қатысты қолданылады.

Амбулаториялық және стационарлық емдеуге арналған тегін дәрілердің тізбесінде бағалар 19%-ға дейін, ал бөлшек сауда дәріханаларындағы бағалар 30%-ға дейін төмендейді.

✍️Жаңартылған тізбе мыналарды қамтиды:
— 3475 дәрі-дәрмектің және 2917 медициналық бұйымның атауы (ТМККК және МӘМС шеңберінде)
— 5936 препарат – көтерме және бөлшек саудаға арналған

📉Баға төмендеуінің орташа көрсеткіштері:
— 2222 дәрі атауы бойынша – 18%-ға дейін
— 1847 медициналық бұйым бойынша – 14%-ға дейін
— дәріханаларда 5492 дәрінің атауы – 30%-ға дейін

Сонымен қатар, дәрілік заттың сауда атауына белгіленген шекті баға сол препаратқа бекітілген көтерме шекті бағадан аспайды. Шекті баға дәрілік заттың шығару түрі, дозасы, концентрациясы, көлемі мен қаптамасы, сондай-ақ өлшем бірлігі ескеріле отырып есептеледі.

📌Көтерме және бөлшек саудаға арналған дәрілік заттардың бағасы он референтті елдегі (Әзербайжан, Беларусь, Болгария, Венгрия, Қырғызстан, Польша, Ресей, Словения, Түркия және Өзбекстан) өндірушілердің шекті баға көрсеткіштерінің орташа мәні негізінде есептелді. Бұл үшін Navlin Price & Access Data халықаралық базасының деректері пайдаланылды.

Қазақстанда өндірілетін дәрілік заттарға шекті баға белгілегенде, құрамында бірдей халықаралық патенттелмеген атауы, шығару түрі, дозасы, концентрациясы және көлемі бар импорттық баламаларға тіркелген бағалар ескеріледі.

✔️Жаңа тетік шеңберінде бағаға тұрақты мониторинг жүргізіліп, нарықтағы нақты жағдайға сәйкестігі тексеріліп отырады. Бұл – бағалардың себепсіз өсуіне жол берілмейтінін және кез келген алыпсатарлық немесе негізсіз баға көтеру әрекеттері жедел анықталып, жойылатынын білдіреді.

✔️Жаңа баға реттеу тетігі елдегі дәрі-дәрмек нарығын ашық әрі тиімді етіп, медициналық көмекті қазақстандықтар үшін бұрынғыдан да қолжетімді етеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM