ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.95K subscribers
18.7K photos
1.6K videos
28 files
4.36K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
⚡️1 МАМЫРДАН БАСТАП МОБИЛДІК БРИГАДАЛАРДЫҢ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ ӨЗГЕРУДЕ: ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БАРЛЫҒЫНА ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛЫП ҚАЛАДЫ

Жедел жәрдемнің келуін ұзақ күту бойынша шағымдарға байланысты және шұғыл қызмет жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі емханалар жанындағы жеделділіктің 4-санатындағы шақыртуларға қызмет көрсететін мобилдік бригадалар жұмысының қағидаларына өзгерістер енгізеді.

🎉Бұл өзгерістер ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енеді және азаматтардың 103 нөмірі бойынша шұғыл көмекке шақырту құқығын шектемейді.

Жеделділіктің 4-санатындағы шақыртулар пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей және ықтимал қауіп жоқ, пациенттің өміріне қауіп төндірмейтін, бірақ медициналық араласуды қажет ететін жағдайларға қатысты.

✅Сонымен, 1 мамырдан бастап не өзгереді:

● емханалардың жанындағы мобилдік бригадалар жұмыс уақытында — 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болады;

● өмірге қауіп төндірмейтін жеделдіктің 4-санатындағы шақыртулар (мысалы, жоғары қысым, температура, жеңіл жарақаттар) емханалардың жұмыс уақытында МСАК мобилдік бригадаларына қайта бағытталатын болады;

● 20: 00-ден кейін және демалыс күндері барлық шақыртуларға, соның ішінде 4-санатқа, бұрынғыдай, жедел жәрдем бригадалары қызмет көрсетеді.


Статистика көрсеткендей, жедел жәрдем шақыртуларының 50%-дан астамы жеделділіктің 4-санатына жатады және созылмалы аурулардың өршуіне байланысты.

➡️Мұндай шақыртулар ресурстардың жедел көмекке мұқтаж, өміріне қауіп төндіретін жағдайлары бар пациенттерге бара алмай қалатынын мойындау керек. Өзгерістер жүктемені оңтайландыруға, күту уақытын қысқартуға және бүкіл ЖМЖ жүйесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Енді медициналық-санитариялық алғашқы көмектің мобилдік бригадалары шақыртуларға шығып, пациенттердің үйіне жоспарлы түрде баруды жүзеге асыратын болады. Бұл азаматтардың денсаулық жағдайын уақтылы бақылауды қамтамасыз етуге, әсіресе созылмалы аурулары бар пациенттердің жағдайының нашарлауына жедел ден қоюға мүмкіндік береді.

➡️МСАК мобилдік бригадалары 25 мың тұрғынға бір бригада есебінен құрылады. Олар пациенттің тұрғылықты жері немесе бекітілуіне қарамастан нақты келген жері бойынша жұмыс істейді.

Қажет болған жағдайда мобилдік бригадалармен арнайы бағыттағы мамандар да бірге болады, атап айтқанда балаларға көмек педиатрдың қатысуымен, ересектерге — пациент жағдайының сипаты мен ауырлығына байланысты арнайы мамандарды (кардиологтар, невропатологтар және басқа дәрігерлер) тарта отырып көрсетілетін болады. Бұл тәсіл жоғары сапалы атаулы медициналық көмек көрсетеді.

▪️Жедел жәрдемді шақырту механизмі өзгеріссіз қалады - 103 нөмірін теру арқылы азаматтар тәуліктің кез келген уақытында шұғыл медициналық көмекке қоңырау шала алады. Пациенттің жағдайы өмірге тікелей қауіп төндіретін жағдайларда жедел жәрдем бригадасы аптаның күні мен тәулік уақытына қарамастан келеді.

✅МСАК мобилдік бригадасының шақыртуға келу уақыты - 60 минутқа дейін. Барынша шұғыл санаттар үшін мынадай нормативтер: 10 минут — бірінші, 15 минут — екінші және 30 минут — үшінші санаттағы шақыртулар үшін көзделген.

Осы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда жедел жәрдем қызметі 2, 1 млн-нан астам шақыртуға қызмет көрсетті. Ең көп өтініштер жеделділіктің 4-санаты бойынша тіркелді-763 463 шақырту, оның 518 мыңнан астамына МСАК мобилдік бригадалары қызмет көрсетті. 1-санат бойынша шақыртулардың саны 104 443, 2-санат бойынша — 642 312, 3-санат бойынша — 574 580 шақыртуды құрады.

Есепті кезеңде сәтті реанимация көрсеткіші 55,6%-ға дейін өсті, бұл шұғыл көмек көрсету ретіндегі оң динамиканы көрсетеді.

▪️ҚР Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл көмекке мұқтаж әрбір адам үшін жедел медициналық көмекке шақырту қолжетімді болып қалатынын атап өтті. Өзгерістер жүйенің тиімділігін арттыруға, күту уақытын қысқартуға және барлық деңгейлерде медициналық көмекті жақсартуға бағытталған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️С 1 МАЯ МЕНЯЕТСЯ ПОРЯДОК РАБОТЫ МОБИЛЬНЫХ БРИГАД: СКОРАЯ ПОМОЩЬ ОСТАЕТСЯ ДОСТУПНОЙ ДЛЯ ВСЕХ

В связи с жалобами на длительное ожидание приезда скорой помощи и с целью повышения эффективности работы экстренной службы Министерством здравоохранения вносятся изменения в правила работы мобильных бригад при поликлиниках, обслуживающих вызовы 4 категории срочности.

Данные изменения вступают в силу с 1 мая текущего года и не ограничивают права граждан на вызов экстренной помощи по номеру 103.

Вызовы 4-ой категории срочности касаются состояний, не угрожающих жизни пациента, при которых отсутствует непосредственная и потенциальная угроза жизни и здоровью пациента, но требующие медицинского вмешательства.

🛍️Итак, что изменится с 1 мая:

● мобильные бригады при поликлиниках будут работать в часы их функционирования — с 8:00 до 20:00;

● вызовы 4 категории срочности (например, повышенное давление, температура, легкие травмы), не представляющие угрозы жизни, будут перенаправляться мобильным бригадам ПМСП в рабочее время поликлиник;

● после 20:00 и в выходные дни все вызовы, включая 4 категорию, как и прежде, будут обслуживаться бригадами скорой помощи.


Как показывает статистика, более 50% вызовов скорой помощи относятся к 4 категории срочности и связаны с обострениями хронических заболеваний. Нужно признать, что такие вызовы отвлекают ресурсы от пациентов с состояниями, представляющими угрозу жизни, которым необходима немедленная помощь.

🎉Изменения позволят оптимизировать нагрузку, сократить время ожидания и повысить эффективность всей системы СМП.

Теперь мобильные бригады первичной медико-санитарной помощи будут выезжать на вызовы и осуществлять плановые посещения пациентов на дому. Это позволит обеспечивать своевременное наблюдение за состоянием здоровья граждан и оперативно реагировать на ухудшения состояния, особенно у пациентов с хроническими заболеваниями.

✅Мобильные бригады ПМСП формируются из расчета одна бригада на 25 тысяч населения. Они работают по месту проживания или фактического пребывания пациента, независимо от прикрепления.

В случае необходимости мобильные бригады могут сопровождать узконаправленные специалисты, в частности, детям помощь будет оказываться с участием педиатра, взрослым — с привлечением узких специалистов (кардиологов, невропатологов и других врачей) в зависимости от характера и степени тяжести состояния пациента. Такой подход обеспечит более качественное адресное медицинское обслуживание.

Механизм вызова скорой помощи остается прежним — набрав номер 103, граждане могут вызвать экстренную медицинскую помощь в любое время суток. В случаях, когда состояние пациента представляет непосредственную угрозу жизни, бригада скорой помощи приедет независимо от дня недели и времени суток.

➡️Время прибытия мобильной бригады ПМСП на вызов — до 60 минут. Для более срочных категорий предусмотрены нормативы: 10 минут — для вызовов первой категории, 15 — для второй и 30 — для третьей.

За первый квартал этого года службы скорой помощи в Казахстане обслужили свыше 2, 1 млн вызовов. Наиболее многочисленные обращения были зарегистрированы по 4 категории срочности — 763 463 вызова, из которых свыше 518 тысяч были обслужены мобильными бригадами ПМСП. Количество вызовов по 1 категории составило 104 443, по 2 категории — 642 312, по третьей — 574 580 вызовов.

▪️Показатель успешной реанимации за отчетный период вырос до 55,6%, что отражает положительную динамику в качестве оказания экстренной помощи.

Министерство здравоохранения РК подчеркивает: вызов скорой медицинской помощи остается доступным для каждого, кто нуждается в экстренной помощи. Изменения направлены на повышение эффективности системы, сокращение времени ожидания и улучшение медицинского обслуживания на всех уровнях.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4
📹АЛМАТЫДА ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК ХИРУРГТАРЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ БІРЕГЕЙ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖАСАДЫ

Алматыда «Салауатты ұрпақ-Қазақстан болашағы» атты III Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның басты оқиғаларының бірі болған Live-surgery халықаралық мастер-кластар өтті.

🔴Форумның жұмысына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова, Денсаулық сақтау министрлігі аналар денсаулығын сақтау басқармасының басшысы Шәкизат Халықова қатысты.

Алматы қаласының Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа жобалары іске асырылды: 2024 жылы елімізде алғаш рет феталдық хирургия, ұрықты сақтау орталығында «Бір күндік клиника» енгізілді.

🗣Қазақстанның әр өңірінен және шетелден келген дәрігерлер мен мамандар Алматы қаласының Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының базасында үздік сарапшылардың егжей-тегжейлі түсініктемелерімен 15 жоғары технологиялық операцияны тікелей эфирде бақылады.

Операциялардың қатарына плацентаның өсуі кезінде жатырды сақтау бойынша сирек араласулар, V-NOTES аз инвазивті технологиялары, 18 апта мерзімінде ұрық-акардиустағы тамырлардың фетоскопиялық лазерлік коагуляциясы, сондай-ақ итальяндық әріптестерімен бірлесіп жүргізілген балалардағы туа біткен жүрек кемістіктері хирургиясының аса күрделі жағдайлары жатады.

✅Мұндай мастер-кластар қазақстандық мамандарды практикалық оқытудың және халықаралық деңгейде тәжірибе алмасудың маңызды элементіне айналуда.

Конференция Қазақстаннан, Ресейден, Үндістаннан, Италиядан, Қытайдан, Израилден және басқа елдерден үздік дәрігерлердің, ғалымдар мен сарапшылардың қатарынан 600-ден астам қатысушыны біріктірді.

🖱️Конференцияның құрметті спикерлерінің арасында медицина саласындағы үздік мамандар сөз сөйледі.

Форум алаңында Алматы қаласының Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының директоры Гүлнар Нұрланова негізгі баяндама жасады. ҚР ҰҒА академигі Вячеслав Локшин репродуктологияда жасанды интеллектті қолдану туралы баяндама жасады.
РҒА профессоры Роман Шмаков (МОАГҒЗИ, Мәскеу) акушерліктегі тромбоэмболиялық асқынулар тақырыбына, ал профессор Рена Зинченко (Бочков атындағы ММҒО, Мәскеу) - педиатриядағы тұқым қуалайтын ауруларды диагностикалау мәселелеріне баяндама жасады. Медицина ғылымдарының кандидаты Елена Андреева (МОАГҒЗИ) ұрықтың ауытқуларын ерте анықтау үшін ультрадыбыстық зерттеу мүмкіндіктері туралы айтты. Валье-де-Лили клиникасының (Колумбия) профессоры Альбаро босанғаннан кейінгі қан кетуді тоқтату әдістері туралы, ал Шарбель Саэд (Agilent Technologies, Франция) заманауи геномдық технологиялар туралы баяндама жасады.

🗣Конференция медициналық біліммен алмасу алаңына ғана емес, сонымен қатар Қазақстанда ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы дамудың жоғары деңгейін растауға айналды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3👎1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📹 В АЛМАТЫ ВЕДУЩИЕ ХИРУРГИ МИРА ПРОВЕЛИ УНИКАЛЬНЫЕ ОПЕРАЦИИ В ПРЯМОМ ЭФИРЕ

В Алматы прошли международные мастер-классы Live-surgery, ставшие одним из ключевых событий III Международной научно-практической конференции «Салауатты ұрпақ – Қазақстан болашағы».

🔴В работе форума приняли участие заместитель акима города Алматы Асем Нусупова, руководитель управления охраны здоровья матерей Министерства здравоохранения Шакизат Халыкова.

В Центре перинатологии и детской кардиохирургии г. Алматы были реализованы новые проекты Министерства здравоохранения: в 2024 году впервые в стране внедрены фетальная хирургия, в Центре охраны плода «Клиника одного дня".

🗣Врачи и специалисты из разных регионов Казахстана и зарубежья наблюдали за 15 высокотехнологичными операциями в прямом эфире с подробными комментариями от ведущих экспертов на базе Центра перинатологии и детской кардиохирургии города Алматы.

В числе операций — редкие вмешательства по сохранению матки при приращении плаценты, малоинвазивные технологии V-NOTES, фетоскопическая лазерная коагуляция сосудов у плода-акардиуса на сроке 18 недель, а также сложнейшие случаи хирургии врожденных пороков сердца у детей, проведенные совместно с итальянскими коллегами.

✅Такие мастер-классы становятся важным элементом практического обучения казахстанских специалистов и обмена опытом на международном уровне.

Конференция объединила более 600 участников из числа ведущих врачей, ученых и экспертов из Казахстана, России, Индии, Италии, Китая, Израиля и др.

Программа мероприятия охватила 7 ключевых направлений — от акушерства и гинекологии до ультразвуковой диагностики и медицинской генетики. Среди почетных спикеров конференции выступили ведущие специалисты в области медицины.

🗣С основным докладом на площадке форума выступила директор Центра перинатологии и детской кардиохирургии города Алматы Гулнар Нурланова.

Академик НАН РК Вячеслав Локшин представил доклад об использовании искусственного интеллекта в репродуктологии.

Профессор РАН Роман Шмаков (МОНИИАГ, Москва) осветил тему тромбоэмболических осложнений в акушерстве, а профессор Рена Зинченко (МГНЦ им. Бочкова, Москва) — вопросы диагностики наследственных заболеваний в педиатрии. Кандидат медицинских наук Елена Андреева (МОНИИАГ) рассказала о возможностях ультразвукового исследования для раннего выявления аномалий плода. Профессор Альбаро из клиники Валье-де-Лили (Колумбия) выступил с докладом по методам остановки послеродового кровотечения, а Шарбель Саэд (Agilent Technologies, Франция) — по современным геномным технологиям.

🖱️Конференция стала не только платформой для обмена медицинскими знаниями, но и подтверждением высокого уровня развития в области охраны здоровья матери и ребенка в Казахстане.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5
❗️❕‼️🔺 ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ КОНГО-ҚЫРЫМ ҚЫЗБАСЫН ЖҰҚТЫРУҒА ҚАРСЫ ПРОФИЛАКТИКА ШАРАЛАРЫН ЕСКЕ САЛАДЫ


Қауіпті аурулардың тасымалдаушысы болып табылатын кенелердің белсенділігінің маусымдық өсуіне байланысты Денсаулық сақтау министрлігі халықты ашық жерде және үй жануарларына күтім жасау кезінде сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.

⚠️Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы - негізінен кене шағуы арқылы берілетін қауіпті вирустық ауру.
⠀
‼️Жұқтырмау үшін:
* аэрозол репелленттері мен жабық киімдерді пайдалану;
* күнделікті теріні және киімді тексеру;
* қорғаныссыз жануарлардың қанымен байланыста болудан аулақ болу;
* табиғи ошақтарда орналасқан жануарлар мен мал үй-жайларын кенеге қарсы өңдеуді жүргізу.

💉Қазіргі уақытта ККГҚ-ға қарсы вакцина жоқ. Емдеу уақтылы басталмаса, ККГҚ ауруы өлімге әкелуі мүмкін екенін ескере отырып, кене шағып алған кезде дереу медициналық көмекке жүгіну керек.

⛔️Кенелерді өз бетінше алып тастау ұсынылмайды!

🍀Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының аумағында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошақтары бар екенін естеріңізге сала кетейік.

🚨Табиғи ошақтардың болуының негізгі себебі -бұл аймақта иксод кенелерінің тіршілік етуі, олар ККГҚ-ның негізгі тасымалдаушылары болып табылады, ал кенелер үй және жабайы жануарларды паразиттейді.

🩺Кененің шағуынан зардап шеккен адамдардың ең көп саны мамыр-маусым айларында тіркеледі, олардың жылдық саны 7-ден 15 мыңға дейін болады.

Биылғы жылы эндемиялық аймақтардың медициналық ұйымдарына 434 адам кененің шағуына шағымданған.

😷 Кене шағуының профилактикасы мақсатында өңірлерде санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ККГҚ бойынша қолайсыз 149 елді мекеннің айналасында санитариялық қорғау аймақтарын құрды.

🏠354 830 бас мал кенеге қарсы өңдеумен қамтылды, 155 елді мекенде мал үй-жайлары дезинсекцияланды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❗️❕‼️ МИНЗДРАВ НАПОМИНАЕТ О МЕРАХ ПРОФИЛАКТИКИ ПРОТИВ ЗАРАЖЕНИЯ КОНГО-КРЫМСКОЙ ЛИХОРАДКОЙ


В связи с сезонным подъемом активности клещей, которые являются переносчиками опасных заболеваний, Министерство здравоохранения призывает население строго соблюдать меры предосторожности при нахождении на открытой местности и при уходе за домашними животными.

⚠️ Конго-Крымская геморрагическая лихорадка - опасное вирусное заболевание, которое передается преимущественно через укусы клещей.
⠀
‼️Во избежание заражения следует:
• использовать отпугивающие аэрозольные репелленты и закрытую одежду;
• ежедневно осматривать кожу и одежду;
• избегать контакта с кровью животных без защиты;
• проводить противоклещевую обработку животных и скотопомещений, расположенных в природных очагах.

💉Вакцины против ККГЛ в настоящее время не существует. Учитывая, что при несвоевременно начатом лечении заболевание ККГЛ может закончиться смертельным исходом, при укусе клеща необходимо сразу же обратиться за медицинской помощью.

⛔️Не рекомендуется удалять клещей самостоятельно!

🍀Напомним, что на территории Жамбылской, Кызылординской, Туркестанской областей и города Шымкент имеются природные очаги Конго-Крымской геморрагической лихорадки.

🚨Основной причиной существования природных очагов является обитание на этой территории иксодовых клещей, которые являются основными переносчиками ККГЛ, при этом клещи паразитируют на домашних и диких животных.

🩺Наибольшее число пострадавших людей от укусов клещей регистрируется в мае-июне, ежегодное количество которых варьируют от 7 до 15 тысяч случаев.

В этом году в медицинские организации эндемичных областей с жалобами на укусы клещей обратилось 434 человека.

😷В целях профилактики укусов клещей санитарно-эпидемиологической службой в регионах созданы санитарные защитные зоны вокруг 149 неблагополучных по ККГЛ населенных пунктов.

🏠Охвачено противоклещевой обработкой 354 830 голов скота, в 155 населенных пунктах прошла дезинсекция скотопомещений.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: 2025 ЖЫЛҒЫ 1 ҚЫРКҮЙЕКТЕН БАСТАП ҚАЗАҚСТАНДА МЕКТЕПТЕГІ ТАМАҚТАНУДЫҢ ЖАҢА СТАНДАРТЫ КҮШІНЕ ЕНЕДІ

🤔Астанада ЮНИСЕФ елдік офисінің қолдауымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ҚР Оқу-ағарту министрлігі және Қазақ тағамтану академиясымен бірлесіп ұйымдастырған «Мектептегі тамақтану: білім беру ұйымдарында тамақтану стандартын енгізу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға мектептегі тамақтану жүйесін реформалауды талқылау үшін мемлекеттік құрылымдардың, денсаулық сақтау және білім беру жүйесінің, бизнестің өкілдері, бейінді және халықаралық сарапшылар қатысты.

💎Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова кіріспе сөзінде мектептегі тамақтану сапасы мен қауіпсіздігінің болашақ ұрпақтың денсаулығы үшін стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Ол жаңа тәсілді тиімді жүзеге асыру барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін үйлестіруді талап ететінін атап өтті.

Мемлекет басшысы бейінді ведомстволарға берген тапсырмасында бүгінде елімізде 1,7 млн оқушы қамтамасыз етіліп отырған тегін мектеп тағамдарының сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударды. «Балалардың тамақтануының халықаралық стандарттарына ұмтылу керек, бұл өскелең ұрпақтың денсаулығына тікелей әсер етеді», - деп атап өтті Президент.


Денсаулық сақтау министрлігі Оқу-ағарту министрлігі, бейінді отандық және халықаралық сарапшылармен бірлесіп, ғылыми тәсілдер мен халықаралық ұсынымдардың негізінде Мектепте тамақтанудың жаңа стандартын әзірледі. Ол 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап елдің барлық білім беру ұйымдарында күшіне енеді.

✅Жаңа тәсіл балаларды денсаулық пен дамудың заманауи талаптарына сәйкес келетін теңдестірілген, қауіпсіз және пайдалы диетамен қамтамасыз етуге бағытталған.

Дөңгелек үстелге қатысушылар мектептегі тамақтану реформасы балалардың физикалық жағдайын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық тиімділікке де әсер ететінін атап өтті:
* оқу үлгерімін арттыруға ықпал етеді,
* концентрацияны жақсартады,
* болашақта созылмалы аурулардың қаупін азайтады,
* ерте жастан бастап дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастырады.

Мектептегі тамақтанудың жаңа стандарты диетаны жақсартуға бағытталған, атап айтқанда бұл қантты, тұзды және өңделген тағамдарды азайтуды, көкөністердің, жемістердің, дәнді дақылдардың, ақуыздардың және сүт өнімдерінің үлесін арттыруды қамтиды.

Қазақ тағамтану академиясының президенті Алмаз Шарман стандарт талаптарын қатаң сақтау балалардың семіздігін 10-15%-ға, 2 типті қант диабетін 10-20%-ға, артериялық гипертензияны 8-18%-ға және басқа да созылмалы ауруларды 5-15%-ға төмендетуге ықпал ететінін айтты.

🔎Стандарттың іске асырылуы өнімдердің сапасына және мектептегі тамақтану нысандарының санитариялық жағдайына бақылауды күшейтумен қатар жүретін болады.
Денсаулық сақтау министрі дайындалған тағамның сапасын бағалауға қатысатын мектеп мейіргерлерінің кеңейтілген рөлін атап өтті.

ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрқан Сәдуақасов жаңа стандарттың негізгі ережелері мен мектептегі тамақтану сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын күшейтілген талаптар туралы айтып берді.
Ол мектептердегі тамақтану сапасын бақылау басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Балалардың болатын нысандарында қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында мемлекеттік бақылауға жаңа тәсілдер әзірленді: тексерулер туралы алдын ала хабарлаудан бас тарту және тұрақты мониторингтік сапарлар жүйесін енгізу болжанады. Бұл шаралар нысандардың жай-күйін объективті бағалауға және оларды санитариялық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес келтіруге мүмкіндік береді.


✅Дөңгелек үстелге қатысушылар ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелеріне, тамақтану құнын есептеуге, жергілікті өндірушілердің рөліне және жаңа тәсілдерді енгізудің практикалық аспектілеріне ерекше назар аударды.

🗣Екі күндік іс-шараның шеңберінде өңірлік денсаулық сақтау, білім беру басқармаларының, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мамандары, мектеп әкімшіліктері және мектеп тамағамын жеткізушілер үшін оқыту тренингтері өтеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Бұл стандарттың тиімді енгізілуін және қол жеткізілген нәтижелердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мектептегі тамақтанудың жаңартылған тәсілі халықтың денсаулығын нығайту және Қазақстанның орнықты дамуы жөніндегі ұлттық стратегияның ажырамас бөлігі болады.
👍3
🔥МИНЗДРАВ: С 1 СЕНТЯБРЯ 2025 ГОДА В КАЗАХСТАНЕ ВСТУПИТ В СИЛУ НОВЫЙ СТАНДАРТ ШКОЛЬНОГО ПИТАНИЯ


🤔В Астане прошел круглый стол на тему «Школьное питание: внедрение стандарта питания в организациях образования», организованный Министерством здравоохранения РК совместно с Министерством просвещения РК и Казахской академией питания при поддержке странового офиса ЮНИСЕФ.

💎В мероприятии приняли участие представители государственных структур, системы здравоохранения и образования, бизнеса, профильных и международных экспертов для обсуждения реформы системы школьного питания.

🎤С приветственным словом выступила министр здравоохранения Республики Казахстан Акмарал Альназарова, подчеркнув стратегическое значение качества и безопасности школьного питания для здоровья будущих поколений. Она отметила, что эффективная реализация нового подхода требует координации усилий всех заинтересованных сторон.

Глава государства в своем поручении профильным ведомствам обратил особое внимание на необходимость повышения качества бесплатного школьного питания, которым сегодня обеспечивается 1,7 млн учащихся в стране. “Следует стремиться к международным стандартам питания детей, это оказывает прямое влияние на здоровье подрастающего поколения”, - подчеркнул Президент.


Министерством здравоохранения совместно с Министерством просвещения, профильными отечественными и международными экспертами, на основе научных подходов и международных рекомендаций, разработан новый Стандарт школьного питания. Он вступит в силу с 1 сентября 2025 года во всех образовательных организациях страны.

✅Новый подход направлен на обеспечение детей сбалансированным, безопасным и полезным рационом, соответствующим современным требованиям здоровья и развития.

Участники круглого стола подчеркнули, что реформа школьного питания оказывает влияние не только на улучшение физического состояния детей, но и имеет долгосрочный социально-экономический эффект:
• способствует повышению успеваемости,
• улучшает концентрацию,
• снижает риски хронических заболеваний в будущем,
• формирует культуру правильного питания с раннего возраста.

Новый стандарт школьного питания направлен на оздоровление рациона, в частности это предполагает сокращение сахара, соли и переработанных продуктов, увеличение доли овощей, фруктов, цельнозерновых, белков и молочных продуктов.

Президент Казахской академии питания Алмаз Шарман, заявил, что строгое соблюдение требований Стандарта будет способствовать снижению детского ожирения на 10-15%, диабета 2 типа на 10-20%, артериальной гипертензии на 8-18%, и других хронических заболеваний на 5-15%.

🔎Реализация стандарта будет сопровождаться усилением контроля за качеством продуктов и санитарным состоянием объектов школьного питания.
Министр здравоохранения отметила расширенную роль школьных медицинских сестер, которые будут вовлечены в оценку качества приготовленной пищи.

Заместитель председателя Комитета санитарно-эпидемиологического контроля МЗ РК Нуркан Садвакасов рассказал об основных положениях нового стандарта и усиленных требованиях к качеству и безопасности школьного питания.
Он подчеркнул, что контроль за качеством питания в школах является одним из приоритетных направлений. В целях повышения уровня безопасности на объектах пребывания детей разработаны новые подходы к государственному контролю: предполагается отказ от предварительного уведомления о проверках и внедрение системы регулярных мониторинговых визитов. Эти меры позволят объективно оценивать состояние объектов и приводить их в соответствие с санитарно-эпидемиологическими нормами.


✅Особое внимание участники круглого стола уделили вопросам межведомственного взаимодействия, расчёту стоимости питания, роли местных производителей и практическим аспектам внедрения новых подходов.

🗣В рамках двухдневного мероприятия пройдут обучающие тренинги для специалистов региональных управлений здравоохранения, образования, санитарно-эпидемиологической службы, школьных администраций и поставщиков школьного питания.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4
Это позволит обеспечить эффективное внедрение Стандарта и устойчивость достигнутых результатов.

Обновлённый подход к школьному питанию станет неотъемлемой частью национальной стратегии по укреплению здоровья населения и устойчивому развитию Казахстана.
👍4