ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10K subscribers
16K photos
1.06K videos
28 files
3.38K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
⚡️ҚАЗАҚСТАН МСАК БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯДА 100-ДЕН АСТАМ ЕЛДІҢ ӨКІЛДЕРІН КҮТЕДІ

📌Бүгін еліміздің тарихында тұңғыш рет Алматыда Қазақстанның төрағалығымен Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге, Еуропалық өңірдің 12 елінен келген ӨКТК мүшелері, ДДҰ сарапшыларының қатысуымен ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің Тұрақты комитетінің кезекті отырысы өтті.

Өңірлік комитеттің тұрақты комитеті (ӨКТК) Еуропалық аймақ деңгейіндегі ДДҰ-ның басқарушы органдарының бірі болып табылады, Өңірлік директорға кеңес береді, ЕуроДДҰ қызметінің одан әрі даму саясатын және негізгі бағыттарын айқындайды.
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ДДҰ делегациясын құттықтап, Қазақстанда дүниежүзілік ұйымның Еуропалық өңірлік комитетінің Тұрақты комитетінің отырысы алғаш рет өтіп жатқанын атап өтті.

📎«Биылғы жылы МСАК мәселесі мен Астана декларациясы екі негізгі халықаралық іс-шара барысында талқыланатын болады.

❗️Біріншіден, қыркүйек айында МСАК мәселесі БҰҰ Бас Ассамблеясы барысында денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамту жөніндегі жоғары деңгейдегі кеңесте талқыланатыны біз үшін маңызды.
Доктор Клюге, осыған байланысты біз өңірде МСАК дамытудағы көшбасшылығымызды ескере отырып, осы кеңесте МСАК мәселесін талқылау кезінде Қазақстанның бірлесіп төрағалық етуінен қолдау сұраймыз.

❗️Екіншіден, 23 қазанда Алматы декларациясының қабылданғанына 45 жыл толуына және Астана қаласының МСАК бойынша декларациясының қабылданғанына 5 жыл толуына арналған МСАК бойынша халықаралық конференция өтеді. Конференцияны Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бірлесіп ұйымдастырады», - деп атап өтті Ажар Ғиният.
⚡️КАЗАХСТАН ОЖИДАЕТ ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ СВЫШЕ 100 СТРАН НА МЕЖДУНАРОДНОЙ КОНФЕРЕНЦИИ ПО ПСМП

📌Сегодня, впервые в истории нашей страны в Алматы под председательством Казахстана состоялось очередное заседание Постоянного комитета Европейского Регионального комитета ВОЗ с участием министра здравоохранения Ажар Гиният, Директора Европейского регионального бюро ВОЗ Ханса Клюге, членов ПКРК из 12 стран Европейского региона, экспертов ВОЗ.

📎Постоянный комитет Регионального комитета (ПКРК) является одним из руководящих органов ВОЗ на уровне Европейского региона, консультирующим Регионального директора, определяющим политику дальнейшего развития и ключевые направления деятельности ЕвроВОЗ.

🩺Глава Минздрава поприветствовала делегацию ВОЗ, отметив, что в Казахстане впервые проходит заседание Постоянного комитета Европейского Регионального комитета Всемирной организации.

📌«В этом году вопрос ПМСП и Декларация Астаны будут обсуждаться в ходе двух ключевых международных мероприятий.

❗️Во-первых, для нас важно, что в сентябре вопрос ПМСП будет обсужден в ходе Генеральной Ассамблеи ООН на Совещании высокого уровня по Всеобщему охвату услугами здравоохранения. Доктор Клюге, в этой связи мы просим Вашей поддержки в со-председательстве Казахстана при обсуждении вопроса ПМСП на данном совещании, учитывая наше Лидерство в развитии ПМСП в регионе.

❗️Во-вторых, 23 октября состоится Международная конференция по ПМСП посвященная 45-летию принятия Алма-Атинской Декларации и 5-летию принятия Декларации Астаны по ПМСП. Конференция организуется совместно Правительством Республики Казахстан и Всемирной организацией здравоохранения», - подчеркнула Ажар Гиният.
👍3
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2023 жылғы 15 наурыздағы ақпарат

15 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 849 адам коронавирус инфекциясынан (–1 664+ және 185 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 131 пациент стационарда, 1 718 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 3 адамның жағдайы ауыр,
• 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

*

Информация о заболеваемости коронавирусной инфекцией в РК на 15.03.2023 г.

На 15 марта лечение от КВИ продолжают получать 1 849 человек (–1 664+ и 185 КВИ-), из них в стационарах находится – 131 пациент, на амбулаторном – 1 718 пациент.

Из числа заболевших КВИ+ и КВИ- находятся:
• в тяжелом состоянии – 3 пациентa,
• в состоянии крайней степени тяжести – 3 пациентa,
• на аппарате ИВЛ – 3 пациентa.
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2023 жылғы 16 наурыздағы ақпарат

16 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 864 адам коронавирус инфекциясынан (–1 682+ және 182 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 128 пациент стационарда, 1 736 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 4 адамның жағдайы ауыр,
• 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

*

Информация о заболеваемости коронавирусной инфекцией в РК на 16.03.2023 г.

На 16 марта лечение от КВИ продолжают получать 1 864 человек (–1 682+ и 182 КВИ-), из них в стационарах находится – 128 пациент, на амбулаторном – 1 736 пациент.

Из числа заболевших КВИ+ и КВИ- находятся:
• в тяжелом состоянии – 4 пациентa,
• в состоянии крайней степени тяжести – 3 пациентa,
• на аппарате ИВЛ – 2 пациентa.
⚡️АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ҮШЕМ АМАН ЕСЕН ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
📍Жақында Қарасай ауданаралық көп бейінді ауруханасында үшемнің шығарылуы өтті. Осы перзентханада екі ұл мен бір қызды дүниеге әкелген Ақмарал Айдар 29 жасында көп балалы ана атанды. Ақмаралды үйінде тағы үш бала күтуде, үлкен ұлы 8 жаста.
🌷Үшемінің үлкені Қаракөз салмағы 2460 гр, Садық 2100 гр, Сыдық 1820 гр. Қарасай ауданаралық көп бейінді ана мен бала денсаулығын сақтау ауруханасы директорының орынбасары Индира Кабаева әйелдің жүктілік кезінде қатаң бақылауда болғанын айтты.
«Үшемдер жүктіліктің 36-шы аптасында дүниеге келді. Үшемнің жүктілігі әрқашан ана мен сәбилер үшін үлкен қауіп болып табылады, сондықтан әйел бүкіл уақыт бойы бақылауда болды. Үшем кесарь тілігі арқылы дүниеге келді. Бүгінгі таңда олардың денсаулығы жақсы, жағдайы тұрақты», - деді Индира Кабаева.
⚡️ТРОЙНЯ БЛАГОПОЛУЧНО ПОЯВИЛАСЬ НА СВЕТ В АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ
📍На днях в Карасайской межрайонной многопрофильной больнице состоялась выписка тройни. Акмарал Айдар, родившая двух мальчиков и одну девочку в данном родильном доме, стала многодетной матерью в 29 лет. Дома Акмарал ждут еще трое детишек, старшему сыну 8 лет.
🌷Старшая из тройняшек Каракоз родилась весом 2460 гр, Садык 2100 гр, Сыдык 1820 гр. Заместитель директора Карасайской межрайонной многопрофильной больницы по охране материнства и детства Индира Кабаева рассказала, что женщина находилась под строгим контролем во время беременности.
⚡️ХИРУРГ ҚҰРМАН ҚАЙРАНОВ НӘРЕСТЕЛЕРДЕГІ ТУА БІТКЕН КЕМІСТІКТЕРДІ ТҮЗЕТЕДІ

📍Маңғыстау облысының перинаталдық орталығында жыл сайын 9000 мыңға жуық бала туады. 300-ге жуық нәрестенің дамуында туа біткен кемістіктер анықталады. Көбінесе жүректің, нерв түтігінің, ішектің және асқазанның туа біткен кемістіктері және т.б. Көп жағдайда нәрестелерге шұғыл хирургиялық көмек көрсету және алғашқы күні күрделі операциялар жасау қажет болатын кездер болады.

🩺Маңғыстау облыстық көп бейінді балалар ауруханасының жоғары санатты хирург дәрігері Құрман Қайрановтың туа біткен кемістіктері бар балалардың өмірін сақтап қалудағы еңбегі зор. Бұл «қолыалтын» маман, оған мыңдаған ата-ана дән риза.

Тек осы 2023 жылы туа біткен кемістігі бар 5 нәрестеге ол күрделі операция жасап, олардың жағдайын қалыпқа келтірді. Операцияда біздің хирург аз инвазивті, инновациялық арнайы әдістер мен күрделі медициналық технологияларды қолданады.

Әрбір бала үшін доктор Қайранов жағдайды барлық жағынан бағалай отырып, жеке шешім қабылдайды.

«Дәрігер мамандығы бір уақытта күрделі және қызықты. Баланың денсаулығы өте үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан әр операцияны жасау - бұл топтық жұмыс. Хирургтың, анестезиологтың, неонатологтың, реаниматологтың, орта және кіші медицина персоналының тығыз өзара іс-қимылының арқасында операцияларды сәтті орындау үшін көптеген мүмкіндіктер пайда болады»,-деп атап өтті хирург дәрігер Құрман Қайранов.

Әртүрлі деңгейдегі операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) есебінен жасалғанын атап өтеміз. Баланың одан әрі сауығуы неонатологтар мен реаниматологтардың жаңа туған нәрестелерді қарқынды емдеу бөлімшесінде және баланың кейінгі даму сатысында кәсіби шеберлігіне, ерекше күтіміне тікелей байланысты болады.
⚡️ХИРУРГ КУРМАН КАЙРАНОВ ИСПРАВЛЯЕТ ВРОЖДЕННЫЕ ПОРОКИ У МЛАДЕНЦЕВ

📍В перинатальном центре Мангистауской области ежегодно рождается около 9000 тысяч детей. В развитии около 300 младенцев выявляются врожденные дефекты. Наиболее частыми являются врожденные пороки сердца, нервной трубки, кишечника и желудка и т. д. В большинстве случаев встречаются моменты, когда младенцам необходимо оказать экстренную хирургическую помощь и провести сложные операции в первые сутки.

В спасении жизни детей, рожденных с врожденными дефектами, велика заслуга врача хирурга высшей категории Мангистауской областной многопрофильной детской больницы Курмана Кайранова. Этот тот специалист с «золотыми руками», которому безмерно благодарны тысячи родителей.

Только в нынешнем 2023 году, 5 младенцам, родившимся с врожденным дефектом, он провел сложную операцию и нормализовал их состояние. В операции наш хирург используются малоинвазивные, инновационные специальные методы и сложные медицинские технологии.
По каждому ребенку доктор Кайранов принимает индивидуальное решение, оценивая ситуацию со всех сторон.

«Профессия врача сложна и интересна одновременно. Здоровье ребенка требует очень большой ответственности. Поэтому делать каждую операцию, это командная работа. Благодаря тесному взаимодействию хирурга, анестезиолога, неонатолога, реаниматолога, среднего и младшего медицинского персонала, появляется много возможностей для успешного выполнения операций»,- отметил врач-хирург Курман Кайранов.

Отметим, что операции различного уровня были сделаны за счет обязательного социального медицинского страхования (ОСМС). Дальнейшее выздоровление ребенка будет напрямую зависеть от профессионализма, особого ухода специалистов неонатологов и реаниматологов в отделении интенсивной терапии новорожденных и последующей стадии развития ребенка.
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2023 жылғы 17 наурыздағы ақпарат

17 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 832 адам коронавирус инфекциясынан (–1 656+ және 176 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 136 пациент стационарда, 1 696 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 3 адамның жағдайы ауыр,
• 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

*

Информация о заболеваемости коронавирусной инфекцией в РК на 17.03.2023 г.

На 17 марта лечение от КВИ продолжают получать 1 832 человек (–1 656+ и 176 КВИ-), из них в стационарах находится – 136 пациент, на амбулаторном – 1 696 пациент.

Из числа заболевших КВИ+ и КВИ- находятся:
• в тяжелом состоянии – 3 пациентa,
• в состоянии крайней степени тяжести – 3 пациентa,
• на аппарате ИВЛ – 3 пациентa.
👍1
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2023 жылғы 18 наурыздағы ақпарат

18 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 778 адам коронавирус инфекциясынан (–1 605+ және 173 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 135 пациент стационарда, 1 643 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 2 адамның жағдайы ауыр,
• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

*

Информация о заболеваемости коронавирусной инфекцией в РК на 18.03.2023 г.

На 18 марта лечение от КВИ продолжают получать 1 778 человек (–1 605+ и 173 КВИ-), из них в стационарах находится – 135 пациент, на амбулаторном – 1 643 пациент.

Из числа заболевших КВИ+ и КВИ- находятся:
• в тяжелом состоянии – 2 пациентa,
• в состоянии крайней степени тяжести – 4 пациентa,
• на аппарате ИВЛ – 3 пациентa.