ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10K subscribers
16.1K photos
1.06K videos
28 files
3.39K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
⚡️ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕКТІ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ БЕС БАҒЫТЫ ТУРАЛЫ

❗️Үкімет Қазақстанда онкологиялық көмекті жаңғыртудың 2025 жылға дейінгі жаңа бағдарламасын мақұлдады, ол бес негізгі бағыттан тұрады.

🔹Осы бағыттардың қатарында қауіп факторларының профилактикасы және басқару, жоғары тиімді ерте диагностика, мамандандырылған емдеуді дамыту, паллиативтік көмек және оңалту, кадрлық әлеуетті және ғылымды дамыту бар.

📌Осылайша, бірінші бағыт шеңберінде өкпе обырын анықтау үшін өкпенің төмен дозалы компьютерлік томографиясын енгізудің есебінен онкологиялық скринингтік бағдарламаларды кеңейту көзделеді.

📎Обырдың жоғары тиімді ерте диагностикасын дамыту бөлігінде МСАК ұйымдары мен онкология орталықтарын жарақтандыру үшін диагностикалық жабдықтарды жаңғырту көзделген, сондай-ақ молекулалық-генетикалық сынақтар мен иммуногистохимиялық зерттеулерді ұлғайту арқылы обырдың әртүрлі түрлерін диагностикалау мүмкіндіктерін кеңейту жоспарлануда.

🔎Мамандандырылған көмекті жақсарту бағытында лапароскопиялық хирургия көбірек қолданылатын болады, 3-D модельдеу және басып шығару жүргізумен реконструктивтік-пластикалық операциялар спектрі кеңейтіледі.
⚡️О ПЯТИ НАПРАВЛЕНИЯХ МОДЕРНИЗАЦИИ ОНКОЛОГИЧЕСКОЙ ПОМОЩИ В КАЗАХСТАНЕ

❗️Правительством одобрена новая программа модернизации онкологической помощи в Казахстане до 2025 года, которая состоит из пяти основных направлений.

📎В числе данных направлений - профилактика и управление факторами риска, высокоэффективная ранняя диагностика, развитие специализированного лечения, паллиативная помощь и реабилитация, развитие кадрового потенциала и науки.

📌Так, в рамках первого направления предусматривается расширение онкологических скрининговых программ, за счет внедрения низкодозной компьютерной томографии легких для выявления рака легких.
👍3
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2023 жылғы 10 наурыздағы ақпарат

10 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 731 адам коронавирус инфекциясынан (–1 553+ және 178 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 132 пациент стационарда, 1 599 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 2 адамның жағдайы ауыр,
• 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

*

Информация о заболеваемости коронавирусной инфекцией в РК на 10.03.2023 г.

На 10 марта лечение от КВИ продолжают получать 1 731 человек (–1 553+ и 178 КВИ-), из них в стационарах находится – 132 пациент, на амбулаторном – 1 599 пациент.

Из числа заболевших КВИ+ и КВИ- находятся:
• в тяжелом состоянии – 2 пациентa,
• в состоянии крайней степени тяжести – 3 пациентa,
• на аппарате ИВЛ – 2 пациентa.
👍1
🩺ЖАННАТ САТЫБАЛДИЕВА: ИММУНОЛОГИЯДАН ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ САРАПТАУҒА ДЕЙІН

💊Еліміздің қазіргі заманғы денсаулық сақтау саласын дамытудың маңызды бағыттарының бірі - Қазақстан нарығына рұқсат алатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау.

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ДСМ халықты иммундау жөніндегі консультациялық комиссияның мүшесі Жаннат Әбенқызы Сатыбалдиева дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар бойынша сараптамалық орган құрудың бастауында тұрды.

⚡️Бүгінде ол ҚР ДСМ МФБК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Медициналық бұйымдарды мамандандырылған сараптау департаментінің сарапшысы, аллергологтар, иммунологтар және иммунореабилитологтар ғылыми қоғамының құрметті мүшесі, көптеген ғылыми еңбектердің авторы қызметін атқарады.

📌Алматы мемлекеттік медицина институтын үздік бітірген Жаннат Сатыбалдиева өзінің қызметін Аллергология және иммунология зертханасында бастады: көптеген ғылыми зерттеулер жүргізді, иммунобиологиялық препараттарды әзірледі, тіпті гемопоэздік дің жасушалар бойынша екі патент алды.

🌷Сонымен қатар, ҚР Аллергология және иммунология жөніндегі докторлық диссертациялық кеңестің 10 жыл бойы ғылыми ұйымдарда сарапшы болып жұмыс істеді.

💊Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығында ол 2005 жылдан 2016 жылға дейін ИО республикалық иммунобиологиялық зертханасын басқарды.

📍Сондай-ақ Жаннат Әбенқызы ЕАЭК жұмыс тобының қызметіне өз үлесін қосады, аллергологтар, иммунологтар және иммунореабилитологтар ғылыми қоғамының құрметті мүшесі болып табылады. Сонымен қатар, ол 200-ден астам ғылыми еңбектердің, аллергология, иммунология, биотехнология, жасушалық терапия саласындағы 11 монографияның және т.б. авторы, 15 әдістемелік ұсыным, өнертабыстарға 8 авторлық куәлік және т. б. оның жетекшілігімен 12 кандидаттық және 7 докторлық диссертация қорғалды.
👍1