ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10K subscribers
16.1K photos
1.06K videos
28 files
3.38K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
БРИГАДА ВЕДУЩИХ ДОКТОРОВ НАЦИОНАЛЬНЫХ НАУЧНЫХ ЦЕНТРОВ И МЕДИЦИНСКОГО ВУЗА ВЫЕХАЛА В ПАВЛОДАРСКУЮ ОБЛАСТЬ

В рамках рабочей поездки министра здравоохранения Ажар Гиният в Павлодарскую область сегодня бригада высококлассных специалистов АО «Медицинский университет Астана», Национального научного онкологического центра, Национального научного центра травматологии и ортопедии им. Н.Д. Батпенова, АО «Национальный научный медицинский центр» и Международного онкологического центра томотерапии «ҮМІТ» в составе нейрохирургов, травмотологов, ортопедов, кардиологов, пульмонологов, онкогематологов, гастроэнтерологов (гепатологов), акушер-гинекологов, радиологов, онкологов, инфекционистов отправилась в города-спутники Экибастуз и Актау.
Узкопрофильные специалисты проведут врачебные приемы и диагностику состояния здоровья местного населения в городах Экибастуз, Актау на базе городских медицинских организаций, также окажут необходимую лечебно-диагностическую и методологическую помощь медицинскому персоналу.
По итогам проведенных консультаций и диагностических процедур все собранные сведения о выявленных патологиях будут направлены в участковые службы, областные и республиканские клиники для оказания пациентам дальнейшей специализированной медицинской помощи.
👍1
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2023 жылғы 14 ақпандағы ақпарат

14 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 605 адам коронавирус инфекциясынан (–1 437 + және 168 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 140 пациент стационарда, 1 465 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 6 адамның жағдайы ауыр,
• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

*

Информация о заболеваемости коронавирусной инфекцией в РК на 14.02.2023г.

На 14 февраля лечение от КВИ продолжают получать 1 605 человек (–1 437+ и 168 КВИ-), из них в стационарах находится – 140 пациент, на амбулаторном уровне – 1 465 пациентa.

Из числа заболевших КВИ+ и КВИ- находятся:
• в тяжелом состоянии – 6 пациентов,
• в состоянии крайней степени тяжести – 4 пациентов,
• на аппарате ИВЛ – 2 пациента.
АЖАР ҒИНИЯТ ҒЗИ ЖЕТЕКШІ ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ БРИГАДАСЫМЕН ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ
Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың Павлодар облысына ұлттық ғылыми орталықтар мен медициналық ЖОО-ның жетекші мамандарының бригадасымен және ДДҰ делегациясымен жұмыс сапары басталды.
Ведомствоның жұмыс тобының құрамында спутник-қалаларда консультациялық және әдіснамалық көмек көрсету үшін құрамында нейрохирургтер, травмотологтар, ортопедтер, кардиологтар, пульмонологтар, онкогематологтар, гастроэнтерологтар (гепатологтар), акушер-гинекологтар, рентгенологтар, онкологтар, инфекционистер бар «Астана медицина университеті» АҚ, Ұлттық ғылыми онкология орталығының,                      Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығының, «Ұлттық ғылыми медицина орталығы» АҚ-ның және «ҮМІТ» халықаралық томотерапия онкология орталығының жоғары дәрежелі дәрігерлер бригадасы шықты.
Арнайы бейінді мамандар қалалық ауруханалардың базасында Екібастұз, Ақсу қалаларында жергілікті халықтың денсаулық жағдайына дәрігерлік қабылдаулар мен диагностика жүргізеді.  
Министрдің жұмыс сапары бағдарламасында  Байет ауылының фельдшерлік-акушерлік пунктіне, Екібастұздағы қалалық емханаға, Ақтаудағы қалалық ауруханаға бару, Павлодар облысының медициналық ұйымдарының басшыларымен кеңес бар.
Содан кейін өңірдің тұрғындарымен және азаматтық секторымен дәстүрлі кездесу, азаматтарды жеке қабылдау және республикалық және облыстық БАҚ журналистеріне арналған брифинг өтеді.
АЖАР ГИНИЯТ ПРИБЫЛА В ПАВЛОДАРСКУЮ ОБЛАСТЬ С БРИГАДОЙ ВЕДУЩИХ ДОКТОРОВ НИИ

Сегодня началась рабочая поездка министра здравоохранения Ажар Гиният в Павлодарскую область с бригадой ведущих специалистов национальных научных центров и медицинского вуза и делегацией ВОЗ.

В составе рабочей группы ведомства для оказания консультативной и методологической помощи в городах-спутниках выехала бригада высококлассных врачей АО «Медицинский университет Астана», Национального научного онкологического центра, Национального научного центра травматологии и ортопедии им. Н.Д. Батпенова, АО «Национальный научный медицинский центр» и Международного онкологического центра томотерапии «ҮМІТ» в составе нейрохирургов, травмотологов, ортопедов, кардиологов, пульмонологов, онкогематологов, гастроэнтерологов (гепатологов), акушер-гинекологов, радиологов, онкологов, инфекционистов.

Узкопрофильные специалисты проведут врачебные приемы и диагностику состояния здоровья местного населения в городах Экибастуз, Аксу на базе городских больниц.

В программе рабочей поездки министра посещение фельдшерско-акушерского пункта в с.Байет,
городской поликлиники в Экибастузе, городской больницы в Актау, совещание с руководителями медицинских организаций Павлодарской области.

Затем пройдет традиционная встреча с населением и гражданским сектором региона, личный прием граждан и брифинг для журналистов республиканских и областных СМИ.
👍2
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІМЕН БІРЛЕСІП СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АЗАЙТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Денсаулық сақтау министрлігінде ведомство басшысы Ажар Ғинияттың төрағалығымен және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малаховтың, бірінші вице-министр Тимур Сұлтанғазиевтың, ҚР ДСМ құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мәселелері бойынша кеңес өтті.
Кеңестің күн тәртібінде Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру мәселелері, оның ішінде Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінде, «СҚ-Фармация» ЖШС-да, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша ұсынымдарды орындау мәселелері талқыланды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысының орынбасары Дмитрий Малахов өз сөзінде денсаулық сақтау саласындағы құқық қолдану практикасына жүргізілген талдау нәтижелерін жеткізді.
Бұдан әрі Мемлекет басшысының өткен жылғы 1 ақпандағы тапсырмасына сәйкес әзірленген Кедендік іс, құрылыс, білім беру және денсаулық сақтау салаларында жүйелі негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспардың орындалу барысы мен сапасы бірлесіп талқыланды.
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы дәрі-дәрмектерді таңбалау жөніндегі уәкілетті құрылымдармен бірлескен жұмыс «Қазақтелеком» АҚ ақпараттық жүйелерінің дайындығы бойынша жалғасып жатқанын, ол толығымен іске қосылатынын атап өтті.
«Біз Денсаулық сақтау министрлігінің шаралар қабылдап жатқанын, белгілі бір нәтижелерге қол жеткізгенін көріп отырмыз. Ұсынымдарды орындау бойынша айтылған мәселелерді біз қарап, тиісті баға беретін боламыз. Егер орындау кезінде қиындықтар, басқа мемлекеттік органдарға байланысты кедергілер болса, онда Агенттік жалпы қолдау көрсетеді, бірақ бұл үшін кері байланыс қажет»,-деп қорытындылады сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысының орынбасары Дмитрий Малахов.
Кеңестің қорытындысы бойынша Ажар Ғиният денсаулық сақтау жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою мәселелерінде Министрліктің сындарлы ынтымақтастыққа дайындығын білдірді.
👍2
МИНЗДРАВ РК СОВМЕСТНО С АГЕНТСТВОМ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ОБСУДИЛИ ВОПРОСЫ МИНИМИЗАЦИИ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ

В Министерстве здравоохранения состоялось совещание по вопросам формирования антикоррупционной культуры и минимизации коррупционных рисков под председательством главы ведомства Ажар Гиният и с участием первого заместителя Председателя Агентства по противодействию коррупции Дмитрия Малахова, первого вице-министра Тимура Султангазиева, руководителей структурных подразделений, подведомственных организаций МЗ РК.
На повестке совещания обсуждались вопросы реализации Комплексного плана по противодействию коррупции в сфере здравоохранения, включая исполнение рекомендаций по итогам ВАКР в Комитете санитарно-эпидемиологического контроля, Комитете медицинского и фармацевтического контроля Министерства здравоохранения, ТОО «СК-Фармация», НАО «Фонд социального медицинского страхования».
В своем выступлении замглавы антикоррупционного ведомства Дмитрий Малахов довёл результаты проведённого анализа правоприменительной практики в сфере здравоохранения.
Далее совместно были обсуждены ход и качество исполнения Комплексного плана по противодействию коррупции на системной основе в сферах таможенного дела, строительства, образования и здравоохранения, разработанного в соответствии с поручением Главы государства от 1 февраля прошлого года.
Глава Минздрава в этой части отметила, что совместная работа с уполномоченными структурами по маркировке лекарств продолжается и по готовности информационных систем АО «Казахтелеком», она будет полностью запущена.
«Мы видим, что Министерством здравоохранения принимаются меры, достигнуты определенные результаты. Озвученные вопросы по исполнению рекомендаций нами будут рассмотрены, будет дана соответствующая оценка. Если есть трудности при исполнении, препятствия из-за других государственных органов, то Агентство в целом окажет поддержку, но для этого нужна обратная связь», - резюмировал работу совещания заместитель главы антикоррупционного ведомства Дмитрий Малахов.
По итогам совещания, Ажар Гиният выразила готовность Министерства к конструктивному сотрудничеству в вопросах выявления и устранения коррупционных рисков в системе здравоохранения.
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2023 жылғы 15 ақпандағы ақпарат

15 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 545 адам коронавирус инфекциясынан (–1 382+ және 163 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 123 пациент стационарда, 1 422 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 6 адамның жағдайы ауыр,
• 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

*

Информация о заболеваемости коронавирусной инфекцией в РК на 15.02.2023 г.

На 15 февраля лечение от КВИ продолжают получать 1 545 человек (–1 382+ и 163 КВИ-), из них в стационарах находится – 123 пациент, на амбулаторном – 1 422 пациент.

Из числа заболевших КВИ+ и КВИ- находятся:
• в тяжелом состоянии – 6 пациентов,
• в состоянии крайней степени тяжести – 3 пациента,
• на аппарате ИВЛ – 2 пациента.
АЖАР ҒИНИЯТ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДАҒЫ БІРҚАТАР МЕДИЦИНАЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРДІ АРАЛАДЫ

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың Павлодар облысына жұмыс сапары шеңберінде Байет ауылының фельдшерлік-акушерлік пунктіне барды, онда ауылдың 822 тұрғынына қызмет көрсетіледі. Медициналық пунктте дәрігерге дейінгі медициналық көмек, профилактикалық тексерулер, жүкті әйелдер мен балаларға патронаж көрсетіледі, сондай-ақ дәрігердің тексеру кабинеттері, дәрігерге дейінгі, емшара кабинеті орналасқан.
Министр Президенттің тапсырмасы бойынша қазір ауылдық жерлерде 600-ден астам медициналық объекті салуды көздейтін «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы іске асырылып жатқанын хабарлады. Мұнда Байет ауылында стандарттарға сәйкес келетін жаңа заманауи медициналық пункт салынады.
Министрдің айтуынша, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің қолжетімділігін шешу үшін ауылда дәріхана пункттері мен дүңгіршектер ашу жоспарлануда.
Аудандық ауруханалардың базасында инсульт және коронарлық араласу орталықтары, аз инвазивті хирургиялық, перинаталдық орталықтар ашылады.
Одан әрі сапар бағыты бойынша министр Екібастұз қаласының 50 мың тұрғынға есептелген №3 емханасына барды. Медициналық қызметкерлермен әңгімелесу барысында А. Гиният аурудың алдын алу және ерте сатысында анықтаудың рөлін атап өтті.
Ол аурухананы аралап, ұйым басшылығымен қала тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсету бойынша проблемалық мәселелерді талқылады.
Келесі нысан 67 мың азаматқа қызмет көрсететін Ақсу қалалық ауруханасы болды, мұнда 837 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 124 дәрігер.
Министр медициналық ұйым басшылығымен әңгімелесу барысында арнайы бейінді мамандардың тапшылығы, аурухана ғимараты мен медициналық жабдықтардың тозуы бөлігінде бірқатар проблемалық мәселелерді көтерді, сондай-ақ инсульт және кардиология бөлімшелерін ашу жоспарлары талқыланды.
АЖАР ГИНИЯТ ПОСЕТИЛА РЯД МЕДИЦИНСКИХ ОБЪЕКТОВ В ПАВЛОДАРСКОЙ ОБЛАСТИ

Министр здравоохранения Ажар Гиният в рамках рабочей поездки в Павлодарскую область посетила фельдшерско-акушерский пункт с.Байет, где обслуживается 822 жителей села. В медпункте оказывается доврачебная медицинская помощь, профилактические осмотры, патронаж беременных женщин и детей, здесь же располагаются кабинеты осмотра врача, доврачебный, процедурный кабинет.
Министр проинформировала о том, что по поручению Президента сейчас реализуется национальный проект «Модернизация сельского здравоохранения», который предусматривает строительство свыше 600 медицинских объектов в сельской местности. И здесь в селе Байет будет возведен новый современный медицинский пункт, соответствующий стандартам.
По словам министра, для решения доступности лекарственного обеспечения на селе планируется открытие аптечных пунктов и киосков.
На базе районных больниц будут открыты инсультные и центры коронарного вмешательства, малоинвазивные хирургические, перинатальные центры.
Далее по маршруту поездки министр посетила поликлинику №3 города Экибастуз, рассчитанную на 50 тысяч прикрепленного населения. В беседе с медицинским персоналом А.Гиният отметила роль профилактики и выявления болезни на ранних стадиях.
Она совершила обход больницы, обсудила с руководством медорганизации проблемные вопросы по оказанию качественной медпомощи населению города.
Следующим объектом посещения была городская больница города Аксу, обслуживающая 67 тысяч горожан, здесь трудится 837 сотрудников, из них 124 врача.
Министр в беседе с руководством медорганизации подняла ряд проблемных вопросов в части дефицита узкопрофильных специалистов, изношенности здания больницы и медицинского оборудования, также были обсуждены планы по открытию инсультного и кардиологического отделений.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі: республикалық орталықтарда жылына 5000-ға жуық бала онкологиямен емделеді

Бүгін, 15 ақпан - әлемдегі көптеген елдер жыл сайын атап өтетін обырмен ауыратын балалар күні.

Бұл күнді өткізудің негізгі мақсаты - педиатр дәрігерлердің, барлық кәсіби медициналық қоғамдастықтың, балалар онкологиясы мәселелері бойынша барлық мамандықтардың әлеуметтік жауапты азаматтарының хабардар болу деңгейін арттыру, балалардағы онкологиялық ауруларды ерте диагностикалау және емдеу қажеттілігі туралы ескерту мақсатында күш-жігерді біріктіру.

ДДҰ мәліметтері бойынша, әлемде жыл сайын 400 мыңнан астам бала мен 20 жасқа дейінгі жасөспірімге обыр диагнозы қойылады. Бұл ретте жыл сайын 100 мыңға жуық бала обырдан қайтыс болады.

Қазақстан Республикасында қатерлі ісік (ҚІ) диагнозы жыл сайын орта есеппен 600-ге жуық балаға қойылады, сондықтан 2022 жылы алғаш рет 585 бала онкологиялық аурумен ауырды.

Жалпы, соңғы 8 жылда сырқаттанушылықтың өсуі байқалмағанын атап өткен жөн, бұл орта есеппен 100 000 балаға шаққанда 10 жағдайды құрайды. Бұл көрсеткіш көптеген елдерге қарағанда біршама төмен. Мысалы, Германия, Канада, АҚШ, Ұлыбританияда жыл сайын 100 000 бала санына шаққанда 16-дан астам бала мен жасөспірім ауырады.

Бүгінгі таңда республикада онкологиялық аурулары бар балаларға медициналық көмек барлық деңгейде жүзеге асырылады, балалар онкологтары мен гематологтары іс жүзінде барлық облыс/қала орталықтарында бар. Еліміздің барлық өңірлері бойынша көпбейінді облыстық/қалалық балалар ауруханаларының базасында онкологиялық және гематологиялық бейіндегі балаларға арналған 243 төсек жұмыс істейді. 37 өңірлік балалар онкологы мен гематологы қатерлі ісіктері бар пациенттерге бастапқы диагностиканы, қажет болған жағдайда блокаралық кезеңде емдеуді, динамикалық байқау мен бақылауды жүзеге асырады.

Қатерлі ісіктері бар балалардың негізгі терапиясы екі республикалық көпбейінді орталықта – «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ (Алматы қ.) және «University Medical Center» корпоративтік қорында (Астана қ.) жүзеге асырылады. Жалпы екі орталыққа 286 төсек жұмыс істейді және 51 балалар онкологы мен гематологы жұмыс істейді. Республикалық орталықтарда жылына орта есеппен қатерлі ісіктері бар 5000-ға жуық бала емделеді.

Балалар онкологиялық және гематологиялық қызметі бойынша негізгі үйлестіруші функцияны 90 жылдық тарихы бар отандық педиатриялық қызметтің флагманы - Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы (ПБХҒО) жүзеге асырады.

Балалар обыры ересектер обырынан статистикасы мен құрылымы бойынша көп жағынан ерекшеленеді. Ересектердің арасындағы өкпе, сүт безі, ішек, қуық және т.б. сияқты таралған онкологиялық аурулар іс жүзінде балаларда өте сирек кездеседі.

ҚР-дағы балалардағы қатерлі ісік құрылымында бірінші орында қан өндіру жүйенің аурулары– 39%, бұдан әрі – орталық нерв жүйесінің ісіктері – 14%, жұмсақ тіндердің ісіктері – 9%, ішперде арты кеңістігінің ісіктері – 8%, бүйрек ісіктері мен лимфомалар 6% тұр. Балалық шақтағы қатерлі ісік құрылымындағы нозологияның ұқсас таралуы барлық елдерде байқалады.

Балалардағы ісіктердің көпшілігінің ұрықтың жатыр ішінде дамуы кезеңінде ағзалар мен тіндердің қалыптасуының бұзылуы нәтижесіндегі эмбрионалдық шығу тегі бар (дизонтогенетикалық ісіктер). Сондай-ақ генетикалық ерекшеліктері бар балалардағы ісік дамуының айқын байланысы және сонымен бірге ісік дамуының қоршаған орта жағдайларына тікелей тәуелділігі төмен.

Балалар онкологиясының басты айырмашылығы - балалар практикасында емдеу ересектермен салыстырғанда тиімдірек. Сондықтан кез-келген балалар онкологы мен гематологының мақсаты - барлық күш-жігерді кішкентай пациентті емдеуге бағыттау, сонымен бірге оның өмір сүру сапасын қанағаттандыру.

Балалардағы онкологиялық ауруларды емдеудің сәттілігі көптеген факторларға байланысты, олардың бірі - уақтылы диагноз қою. Сондықтан балалардың онкологиялық ауруларының белгілері бойынша білімді тарату және сонымен бірге осы аурулардың көпшілігі бүгінде емделетінін көпшілікке жеткізу маңызды.