ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10K subscribers
16.1K photos
1.06K videos
28 files
3.39K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
ҚАРАҒАНДЫДА ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯСЫ АШЫЛДЫ

Қарағандыда жедел медициналық жәрдемнің жаңа қосалқы станциясының құрылысы аяқталды. Ол 26 мыңнан астам халқы бар Әлихан Бөкейханов ауданына қызмет көрсететін болады.
Жаңа қосалқы станцияның ауданы 1000 шаршы метрден асады. Негізгі ғимаратта қызметкерлердің демалыс бөлмелері орналасқан, сонымен қатар жедел жәрдем көліктерін жөндеуге арналған ұшақжай мен көлікжай бар.
Жаңа ғимаратта 40 адам, 2 көшпелі бригада жұмыс істейтін болады, сондай-ақ ғимаратта жедел жәрдем қызметкерлеріне арналған симуляциялық класс,ҚЕАҚ «ҚМУ» кафедрасы орналасатын болады. Жаңа қосалқы станция жылына 25 000-нан 50 000-ға дейін шақыруға қызмет көрсете алады.
ПОДСТАНЦИЯ СКОРОЙ МЕДИЦИНСКОЙ ПОМОЩИ ОТКРЫЛАСЬ В КАРАГАНДЕ

В Караганде завершено строительство новой подстанции скорой медицинской помощи. Она будет обслуживать район Алихана Бокейханова с населением свыше 26 тысяч человек.
Площадь новой подстанции составляет более 1 000 квадратных метров. В основном здании расположены комнаты отдыха сотрудников, а также предусмотрены ангар и гаражи для ремонта машин скорой помощи.

В новом здании будут трудиться 40 человек, 2 выездные бригады, также в здании будет базироваться симуляционный класс для сотрудников скорой помощи, кафедра НАО МУК. Новая подстанция сможет обслуживать от 25 до 50 тысяч вызовов в год.
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2023 жылғы 10 ақпандағы ақпарат

10 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 649 адам коронавирус инфекциясынан (–1 484+ және 165 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 121 пациент стационарда, 1 528 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 10 адамның жағдайы ауыр,
• 1 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 0 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

*

Информация о заболеваемости коронавирусной инфекцией в РК на 10.02.2023 г.

На 10 февраля лечение от КВИ продолжают получать 1 649 человек (–1 484+ и 165 КВИ-), из них в стационарах находится – 121 пациент, на амбулаторном – 1 528 пациент.

Из числа заболевших КВИ+ и КВИ- находятся:
• в тяжелом состоянии – 10 пациентов,
• в состоянии крайней степени тяжести – 1 пациент,
• на аппарате ИВЛ – 0 пациент.
👍1
10.02.2023 ж. күнгі деректер бойынша ҚР өңірлерінде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпарат

*

Информация о проведении вакцинации населения против КВИ на 10.02.2023 г. в разрезе регионов
2023 жылғы 10.02 мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 10 861 728 адам вакцина салдырды, II компонентпен 10 632 718 адам. Ревакцинацияланды – 5 760 361

*

I компонентом 10 861 728 человек провакцинировано в Казахстане на 10.02.2023 г, II компонентом 10 632 718 человек. Ревакцинировано – 5 760 361
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: СОТТАЛҒАНДАРДЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КУӘЛАНДЫРУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ

Ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылған сотталғандарды медициналық куәландыруды қазір өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының жанындағы арнайы медициналық комиссия жүзеге асырады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2022 жылғы 30 маусымдағы бұйрығымен жазасын өтеуден босату үшін негіз болып табылатын 38 аурудың тізбесі бекітілді. Бұл тізімге қатерлі ісіктер, бауыр циррозы, жіті бауыр функциясының жеткіліксіздігі, ойық жаралы колит, Крон ауруы және басқалар.

Әрбір ауру диагноздар тізбесінде болу тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар ағымның ауырлығы мен асқыну дәрежесі бойынша да қарастырылады.
Босатуға өтініш беру тәртібі ҚАЖ мекемесінің жанындағы медициналық көмекті қамтамасыз ететін медициналық ұйымда консилиумның кезең-кезеңімен өтуін қамтиды. Көрсеткіштер болған жағдайда аумақтық денсаулық сақтау басқармасының жанындағы арнайы медициналық комиссия жүргізеді.

Арнайы медициналық комиссияның құрамына облыстың және облыстық маңызы бар қаланың тәжірибелі мамандары кіреді. Арнайы медициналық комиссияның қорытындысы ҚАЖ уәкілетті органына жіберіледі.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдарды медициналық қамтамасыз ету ҚР ІІМ қарамағынан жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау басқармаларына берілгенін айта кеткен жөн.

2022 жылғы 1 шілдеден бастап азаматтық денсаулық сақтау жүйесіне 16 медициналық бөлім мен 301 штат бірлігі, жыл басынан бері 63 медициналық бөлімге 1254 бірлік медицина персоналы берілді.
МИНЗДРАВ РК: ИЗМЕНИЛСЯ ПОРЯДОК МЕДИЦИНСКОГО ОСВИДЕТЕЛЬСТВОВАНИЯ ОСУЖДЁННЫХ

Медицинское освидетельствование осужденных, представляемых к освобождению от отбывания наказания в связи с заболеванием, теперь осуществляет специальная медицинская комиссия (СМК) при управлениях здравоохранения регионов.

Приказом Министерства здравоохранения РК от 30 июня 2022 года утвержден перечень 38 заболеваний, являющихся основанием для освобождения от отбывания наказания. В этом перечень входят злокачественные новообразования, цирроз печени, острая печеночная недостаточность, язвенный колит, болезнь Крона и так далее.
Каждое заболевание рассматривается не только с позиции наличия в перечне диагнозов, но и по тяжести течения и степени осложнения.

Порядок подачи обращения на освобождение включает поэтапное прохождение консилиума в медицинской организации, обеспечивающее медицинскую помощь при учреждении УИС. При наличии показаний проводится СМК при территориальном управлении здравоохранения.

В состав СМК входят опытные специалисты области и города областного значения. Заключение СМК направляется в уполномоченный орган УИС.

Напомним, что с 1 января 2023 года медицинское обеспечение лиц содержащихся в учреждениях уголовно-исполнительной системы (далее - УИС) из ведения МВД РК передано в управления здравоохранения местных исполнительных органов.

C 1 июля 2022 года были переданы в гражданскую систему здравоохранения 16 медсанчастей и 301 штатных единиц работников, с начала года - 1254 единиц медицинского персонала в 63 медсанчастях.
👍1
А.ЕСМАҒАМБЕТОВА ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖҰМЫСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетованың үкіметтік делегация құрамында Ұлытау облысына жұмыс сапары өтті.
Жұмыс сапары барысында ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгіновтің төрағалығымен өткен әлеуметтік блок мәселелері жөніндегі кеңеске қатысты.
Айжан Есмағамбетова облыстың бірқатар медициналық объектілерінде, соның ішінде облыстық фтизиопульмонология орталығында, модулдік инфекциялық госпиталда және Жезқазған қаласының облыстық көпбейінді ауруханасында болып, жұмысымен танысты.
Сонымен қатар, жұмыс сапары шеңберінде вице-министр А.Есмағамбетованың облыстың санитариялық-эпидемиологиялық қызметі департаментінің ұжымымен кездесуі өтті, онда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласын дамыту мәселелері талқыланды.
А.ЕСМАГАМБЕТОВА ОЗНАКОМИЛАСЬ С ПОКАЗАТЕЛЯМИ РАБОТЫ САНЭПИДСЛУЖБЫ В ОБЛАСТИ ҰЛЫТАУ

Сегодня состоялась рабочая поездка вице-министра здравоохранения РК Айжан Есмагамбетовой в область Ұлытау в составе правительственной делегации.
В ходе рабочей поездки Главный государственный санитарный врач РК приняла участие в совещании по вопросам социального блока под председательством Заместителя Премьер-Министра РК Алтая Кульгинова.
Айжан Есмагамбетова посетила и ознакомилась с работой ряда медицинских объектов области, в числе которых - областной центр фтизиопульмонологии, Модульный инфекционный госпиталь и Областная многопрофильная больница г. Жезказган.
Кроме того, в рамках рабочей поездки состоялась встреча вице-министра А.Есмагамбетовой с коллективом Департамента санитарной-эпидемиологической службы области, где были обсуждены вопросы развития сферы санитарно-эпидемиологического благополучия населения.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ НАРЫҒЫНДА ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМНАН 10 МЛН. ДӘРІЛІК ЗАТ ПЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМНЫҢ ҚАПТАМАСЫ АЛЫНДЫ
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызмет комитеті өткен жылы дәрілік заттардың бөлшек сауда нарығына 2,7 мыңнан астам тексеру жүргізді, оның қорытындысы бойынша 579 әкімшілік хаттама жасалып, 90 млн.теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, деп хабарлады бүгін ОКҚ алаңында өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев.
Оның айтуынша, бұл ретте 66,5 млн. теңге сомаға айыппұл салумен дәрілік заттарды заңсыз өткізудің 588 фактісі анықталды, заңсыз айналымнан 10 млн.астам дәрілік зат пен медициналық бұйым қаптамасы алынды.
«Тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бақылау шеңберінде олардың сапасына бағалау жүргізіледі. Осылайша, жыл сайын Ұлттық сараптама орталығы сапаны бағалау кезінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға 100 мыңға жуық сәйкестік сертификатын, сондай - ақ 2000-ға жуық теріс қорытындыны береді, бұл сапаны бағалаудың жалпы санының 0,2% -ды құрайды», - деп атап өтті  Ж. Бүркітбаев.
Бұдан басқа, дәріханаларда, қоймаларда және медициналық ұйымдарда орналасқан дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарға қатысты олардың сапасын тексеру үшін іріктеу рәсімі жүргізіледі.
Сондай-ақ, ол фармакологиялық қадағалау тарапынан тіркеуден кейінгі кезеңде дәрілік препараттарды қолданудың жағымсыз салдарын анықтауға, талдауға, бағалауға және алдын алуға бағытталған сапа мен қауіпсіздікті бақылау шаралары туралы айтты.
Ол жыл сайын дәрі-дәрмектердің жағымсыз реакциялары мен медициналық өнімдердің қолайсыз оқиғалары туралы 3000-ға жуық хабарлама келіп түсетінін хабарлады.
2022 жылғы «пайда-қауіп» арақатынасын бағалау нәтижелері бойынша қауіпсіздік пен сапаға байланысты емес, бірақ тіркеу деректерін нормативтік құжаттарға сәйкестендіруге бағытталған 34 дәрі-дәрмекті тіркеу куәлігі тоқтатылды. 
МФБК деректері бойынша қазіргі уақытта елімізде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы 12 922 объект бар, оның ішінде: 9 861 - дәріхана мен дәріхана пункті; 1842 - ДЗ және МБ қоймасы; 1128 - оптика және МБ дүкені; 97 - ДЗ және МБ өндірушісі.
«В рамках контроля зарегистрированных лекарственных средств и медицинских изделий проводится оценка их качества. Так, ежегодно Национальным центром экспертизы при оценке качества выдается порядка 100 тысяч сертификатов соответствия на лекарственные средства и медицинские изделия, а также порядка 2000 отрицательных заключений, что составляет 0,2% от общего числа проведенной оценки качества», - отметил Ж.Буркитбаев.
Кроме того, в отношении лекарственных препаратов и медицинских изделий, уже находящихся в аптеках, складах и медицинских организациях, проводится процедура отбора для проверки их качества.
Также он рассказал о мерах контроля качества и безопасности в пострегистрационный период со стороны фармаконадзора, которые направлены на выявление, анализ, оценку и предотвращение нежелательных последствий применения лекарственных препаратов.
ОН сообщил, что ежегодно поступает около 3000 карт-сообщений о нежелательных реакциях лекарственных средств и неблагоприятных событий медицинских изделий.
По результатам оценки соотношения «польза-риск» за 2022 год, приостановлено 34 регистрационных удостоверения на лекарства, не связанных с безопасностью и качеством, а направленные на приведение в соответствие регистрационных досье нормативным документам.
По данным КМФК, в настоящее время в стране 12 922 объектов сферы обращения лекарственных средств и медицинских изделий из них: 9 861 - аптеки и аптечные пункты; 1842 - склады ЛС и МИ; 1128 - магазины оптики и МИ; 97 - производители ЛС и МИ.
👍1
НА ФАРМРЫНКЕ КАЗАХСТАНА ИЗЪЯТО ИЗ НЕЗАКОННОГО ОБОРОТА 10 МЛН. УПАКОВОК ЛЕКАРСТВЕННЫХ СРЕДСТВ И МЕДИЦИНСКИХ ИЗДЕЛИЙ


Комитетом медицинской и фармацевтической деятельности Министерства здравоохранения РК в прошлом году проведено проведено свыше 2,7 тысяч проверок розничного рынка лекарственных средств, по итогам которых составлено 579 административных протоколов и наложено штрафов на сумму более 90 млн. тенге, сообщил сегодня на брифинге на площадке СЦК вице-министр здравоохранения Жандос Буркитбаев.
По его словам, при этом установлено 588 фактов незаконной реализации лекарственных средств, с наложением штрафов на сумму 66,5 млн. тенге, изъято из незаконного оборота более 10 млн. упаковок лекарственных средств и медицинских изделий.
ДӘРІ- ДӘРМЕКТЕРДІҢ 64 ПАЙЫЗЫНЫҢ ШЕКТІ БАҒАСЫ ӨЗГЕРМЕГЕН - Ж.БҮРКІТБАЕВ

Халықтың дәрі-дәрмектерге жұмсалатын шығындарының өсуін тежеу мақсатында шекті бағалар Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен ағымдағы жылдың қаңтар айында көтерме және бөлшек саудада сатылатын препараттардың 6 715 атауына бекітілді, деп хабарлады бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев.
Ол дәрілік заттардың шекті бағаларын қалыптастыру кезінде референттік баға белгілеу, өндірушілермен келісімшарттарды және импорттық бағаларды – инвойстарды талдау, сапаны бағалау шығындарын есепке алу, кедендік шығыстар, көлік шығыстары, көтерме және бөлшек саудада сату үшін маркетингтік шығыстар сияқты құралдар қолданылатынын түсіндірді.
Вице-министрдің ақпараты бойынша, фармацевтикалық препараттардың 4 296 (64%) позициясына шекті бағалар өткен жылдан өзгерген жоқ, 1 918 (28,5%) позицияға - өндіруші зауыт бағасының өсуі себебінен бағалар орта есеппен 30%-ға, 501 (7,5%) позицияға бағалар орташа есеппен 7%-ға төмендеді.
ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде дәрі-дәрмектердің шекті бағасына келетін болсақ, олар ведомствоның 2672 атауға арналған бұйрығымен бекітілген. Бұл ретте, қолданыстағы бұйрыққа сәйкес 1384 (52%) позицияға - шекті бағалар өткен жылдан өзгерген жоқ, 531 (20%) позицияға-өндіруші зауыт бағасының өсуі себебінен бағалар орта есеппен 27%-ға, 295 (11%) позицияға - бағалар орта есеппен 12%-ға төмендеді, 462 (17%) - жаңа позиция.
ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде дәрі-дәрмек бағасының негізсіз көтерілуін болдырмау үшін маркетингтік шығыстар алынып тасталғанын (30% мөлшерінде) және көлік шығыстарына шектеулер белгіленін (15%-дан аспайды) айта кеткен жөн.
2020-2022 жылдары дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға бағаны бақылау шеңберінде 243,3 млн.теңгеден астам сомаға айыппұл салумен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға шекті бағадан асып кетудің 911 фактісі анықталды, деп хабарлады вице-министр.
Ел халқын қамтамасыз ету үшін 2023 жылы ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 1 669 атауы сатып алынатын болады, оның ішінде стационарлық көмек көрсету үшін шамамен 184 млрд.теңге сомаға 1 580 атау; амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін - 232 млрд. теңгеден астам сомаға 636 атау пайдаланылады.
Ел халқын қамтамасыз ету үшін 2023 жылы ТМККК және МӘМС шеңберінде Бірыңғай дистрибьютор өңірлерге жалпы сомасы 57,8 млрд.теңгеге 1600-ге жуық дәрілік зат пен медициналық бұйымды жөнелтті.
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қаржыландыру динамикасында 2019 жылдан бастап 2023 жылға дейін амбулаториялық деңгейде 83-тен 232 млрд.теңгеге дейін, ал нозологиялар саны 48-ден 126-ға дейін өсті. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген пациенттердің саны 2019 жылы 2,5 млн.-нан 2022 жылы 3,4 млн.-ға дейін өсті.