ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10K subscribers
16.1K photos
1.06K videos
28 files
3.39K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2023 жылғы 7 ақпандағы ақпарат

7 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 520 адам коронавирус инфекциясынан (–1 372+ және 148 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 121 пациент стационарда, 1 399 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 7 адамның жағдайы ауыр,
• 0 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 0 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

*

Информация о заболеваемости коронавирусной инфекцией в РК на 7.02.2023 г.

На 7 февраля лечение от КВИ продолжают получать 1 520 человек (–1 372+ и 148 КВИ-), из них в стационарах находится – 121 пациент, на амбулаторном – 1 399 пациент.

Из числа заболевших КВИ+ и КВИ- находятся:
• в тяжелом состоянии – 7 пациентов,
• в состоянии крайней степени тяжести – 0 пациент,
• на аппарате ИВЛ – 0 пациент.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ АСТАНАДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСТІ

Астанада Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ҚР ДДҰ-ның Тұрақты өкілі Скендер Сыла мырзамен кездесті.
Ведомство басшысы ДДҰ-ның Тұрақты өкілін тағайындалуымен құттықтап, жаңа елдегі осындай жауапты лауазымда кәсіби өсу мен шығармашылық табыс тіледі.

А. Ғиният сұхбаттасушыны Қазақстандағы денсаулық сақтауды дамыту жөніндегі негізгі бағдарламалармен таныстырып, ДДҰ-ның денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыға бірдей қамтуды кеңейту, сондай-ақ адамдардың қажеттіліктеріне бағдарланған қоғамдық денсаулық сақтауды күшейту жөніндегі бастамаларына толық қолдау білдірді.

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ДДҰ Еуропалық бюросы арасындағы 2022-2023 жылға арналған екі жылдық келісімді іске асырудың маңыздылығын атап өткім келеді, ол біздің алдағы екі жылға арналған Қазақстан халқының денсаулығын нығайтуға бағытталған бірлескен қызметіміздің негізін қалады», - деді Ажар Ғиният.

Сонымен қатар, ол ДДҰ-мен инфекциялық емес ауруларды иммундау, профилактикалау және емдеу, репродуктивті денсаулықты сақтау, психикалық, неврологиялық және наркологиялық бұзылуларды емдеу сияқты бағыттар бойынша белсенді өзара іс-қимыл жалғасатынына, сондай-ақ «2022-2025 жылдарға арналған Орталық Азиядағы денсаулық пен әл-ауқатты қолдауға арналған Жол картасын» іске асыру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыратынына сенім білдірді.
ГЛАВА МИНЗДРАВА ВСТРЕТИЛАСЬ В АСТАНЕ С ПОСТОЯННЫМ ПРЕДСТАВИТЕЛЕМ ВОЗ В РК

В Астане состоялась встреча министра здравоохранения Ажар Гиният с Постоянным Представителем ВОЗ в РК г-ном Скендером Сыла.

Глава ведомства поздравила Постоянного Представителя ВОЗ с назначением и пожелала профессионального роста и творческих успехов на столь ответственном посту в новой стране.

А.Гиният ознакомила собеседника с ключевыми программами по развитию здравоохранения в Казахстане, выразив полную поддержку инициативам ВОЗ в деле расширения всеобщего охвата услугами здравоохранения, а также усилению общественного здравоохранения, ориентированного на нужды людей.

«Хотелось бы отметить важность реализации Двухгодичного соглашения на 2022-2023 г. между Министерством здравоохранения РК и Европейским бюро ВОЗ, которое заложило основу нашей совместной деятельности на предстоящие два года, направленной на укрепление здоровья населения Казахстана», - сказала Ажар Гиният.

Вместе с тем, она выразила уверенность, что будет продолжено активное взаимодействие с ВОЗ по таким направлениям, как иммунизация, профилактика и лечение неинфекционных заболеваний, охрана репродуктивного здоровья, лечение психических, неврологических и наркологических расстройств, а также реализации «Дорожной карты в поддержку здоровья и благополучия в Центральной Азии на 2022-2025 гг.».
👍2
Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің ауқымы мен көптеген адам шығыны бүкіл әлемді дүр сілкіндіріп, әрқайсымыздың өзегімізді өртеді.

Медицина қызметкерлері табиғи апат салдарынан қаза тапқан азаматтар үшін бауырлас түрік халқының қайғысына шын жүректен ортақ.

Құлаған ғимараттардың астында қалған адамдардың тезірек құтқарылуын, жараланғандардың сауығуын және қираған қалалардың қалпына келтірілуін тілейміз.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Түркия Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен тікелей байланыста және бірінші кезекте біз апаттан зардап шеккендерге медициналық және дәрілік көмек көрсетуге дайын екенімізді білдірдік.

Қазіргі уақытта Түркияға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері бар құтқарушылар жасағы ұшып кетті.

Медициналық көмекті күшейту қажет болған жағдайда Қазақстан тарапынан Түркияның зардап шеккен аудандарына жіберу үшін дәрігерлер бригадасын құрып, дайын отырмыз.
👍1🤔1
Масштабы разрушительного землетрясения в Турции и многочисленные человеческие жертвы потрясли весь мир и каждого из нас до глубины души.

Медицинские работники искренне скорбят вместе с дружественным турецким народом по погибшим гражданам в результате природной катастрофы.

Желаем скорейшего спасения оставшихся в завалах людей, выздоровления раненых и восстановления разрушенных городов.
Министерство здравоохранения Республики Казахстан находится на прямой связи с Минздравом Турецкой Республики и первым делом мы выразили готовность оказать медицинскую и лекарственную помощь пострадавшим от стихии.

На данное время в Турцию вылетел отряд спасателей, в составе которых находятся медицинские работники Центра медицины катастроф МЧС Казахстана.

При необходимости усиления медицинской помощи с казахстанской стороны сформирована бригада врачей для отправки в пострадавшие районы Турции.
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2023 жылғы 8 ақпандағы ақпарат

8 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 543 адам коронавирус инфекциясынан (–1 387+ және 156 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 121 пациент стационарда, 1 422 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 7 адамның жағдайы ауыр,
• 0 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 0 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

*

Информация о заболеваемости коронавирусной инфекцией в РК на 8.02.2023 г.

На 8 февраля лечение от КВИ продолжают получать 1 543 человек (–1 387+ и 156 КВИ-), из них в стационарах находится – 121 пациент, на амбулаторном – 1 422 пациент.

Из числа заболевших КВИ+ и КВИ- находятся:
• в тяжелом состоянии – 7 пациентов,
• в состоянии крайней степени тяжести – 0 пациент,
• на аппарате ИВЛ – 0 пациент.
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАЛҒАЙ АУЫЛЫНДА ЖАҢА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қалжыр ауылында 5 төсектік күндізгі стационармен бір ауысымда 20 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория ашылды.

Қалжыр ауылдық округінде 1 374 адам тұрады. Аудан орталығынан ауыл 200 шақырымға жуық жерде орналасқан. Мұнда жергілікті тұрғындарды да, жақын маңдағы елді мекендерден - Жаңаауыл, Қазақстан, Тақыр ауылдарынан да адамдарды қабылдайтын болады.

Жаңа амбулатория барлық заманауи медициналық талаптарға жауап береді.
Ауылдық амбулатория заманауи жабдықтармен жабдықталған, ғимарат жылытуға қосылған, су құбыры мен кәріз жүйесі тартылған.

Жарық, жайлы үй-жайда барлық қажетті кабинеттер: терапиялық, педиатриялық, егу, ем-шаралар, акушерлік кабинет, дені сау баланың бөлмесі және басқа да кабинеттер бар.

Жалпы, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасының шеңберінде өңірде ауылдық жерлерде 36 жаңа медициналық объекті, оның ішінде 7 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік акушерлік пункт және 27 медициналық пункт ашу жоспарлануда.

Жоба «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылды.
НОВУЮ ВРАЧЕБНУЮ АМБУЛАТОРИЮ ОТКРЫЛИ В ОТДАЛЁННОМ АУЛЕ ВКО

В селе Калжыр Курчумского района Восточно-Казахстанской области состоялась открытие врачебной амбулатории на 20 посещений в смену с дневным стационаром на 5 коек.

В сельском округе Калжыр проживает 1 374 человек. От райцентра село расположено почти в 200 километрах. Принимать здесь будут как местных жителей, так и сельчан из ближайших населенных пунктов - Жанаауыл, Казахстан, Тақыр.

Новая амбулатория отвечает всем современным медицинским требованиям.

Сельская амбулатория оснащена современным оборудованием, здание подключено к отоплению, подведены водопровод и канализация.

В светлом, уютном помещении имеются все необходимые кабинеты: терапевтический, педиатрический, прививочный, процедурный, акушерский кабинет, комната здорового ребенка и т.д.

В целом, в рамках пилотного национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения» в регионе планируется открытие в сельской местности 36 новых медицинских объектов, из них это 7 врачебных амбулаторий, 2 фельдшерско акушерских пункта и 27 медицинских пунктов.

Проект реализован в рамках программы «Ауыл – ел бесігі».