ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.94K subscribers
16.2K photos
1.09K videos
28 files
3.44K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2023 жылғы 12 қаңтардағы ақпарат

12 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 343 адам коронавирус инфекциясынан (–2 198+ және 145 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 231 пациент стационарда, 2 112 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 8 адамның жағдайы ауыр,
• 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

*

Информация о заболеваемости коронавирусной инфекцией в РК на 12.01.2023 г.

На 12 января лечение от КВИ продолжают получать 2 343 человек (–2 198+ и 145 КВИ-), из них в стационарах находится – 231 пациент, на амбулаторном – 2 112 пациент.

Из числа заболевших КВИ+ и КВИ- находятся:
• в тяжелом состоянии – 8 пациентов,
• в состоянии крайней степени тяжести – 5 пациентов,
• на аппарате ИВЛ – 3 пациента.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҮШ АУРУХАНАСЫНДА АНГИОГРАФТАР ОРНАТЫЛДЫ
«Euroampli Alien Cardio» жылжымалы ангиографиялық жүйесі бірден үш ауруханада - Түркістан орталық қалалық ауруханасында, өңірлік қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Сайрам және Сарыағаш аудандық орталық ауруханаларында орнатылды. Жаңа жабдық орнатылған аурухана мамандарын оқыту үшін Сайрам аудандық орталық ауруханасында Астана қаласының көпбейінді медициналық орталығының интервент нейрохирургы Б.Қыстаубаевтың және Италиядан келген клиникалық маман Фабрис Антонио Джованнидің қатысуымен мастер-класс өткізілді.
Мастер-класты Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырды. Оған Сайрам ауруханасының дәрігерлерімен бірге Түркістан қалалық ауруханасы мен Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының қызметкерлері қатысты. Мастер-класта екі аз инвазивті тері арқылы коронарография және мидың церебралдық ангиографиясының екі операциясы жасалды.
1964 жылғы «Ми артериясының тромбозынан туындаған ми инфарктісі» диагнозы қойылған науқасқа церебралдық ангиография жасалды, ал 1961 жылғы «тұрақсыз стенокардия» диагнозы қойылған науқасқа коронарлық ангиография жасалды.
Ангиография – бұл олардың күйі мен қызметін анықтау үшін жасалатын тамырларды зерттеу әдісі. Ол рентген сәулелерінің көмегімен жүзеге асырылады, оның барысында арнайы зат қолданылады. Егер ми тамырларының патологиясына күдік болса немесе оларды диагностикалау қажет болса, ми тамырларының ангиографиясы (церебралдық ангиография) жасалады.
Коронарлық ангиография - бұл қан мен оттегінің жүрекке жеткізілетін тамырлардың жағдайын анықтауға қызмет ететін диагностикалық инвазивті манипуляция. Зерттеу коронарлық тамырлардың тарылу дәрежесін білуге мүмкіндік береді.
Болашақта ангиография құрылғысының көмегімен 15 түрлі ТКА кардиологиялық, нейроинсульттік, хирургиялық, нейротравматологиялық, гинекологиялық және басқа операциялар жасалады. Осы жұмысты іске асыру мақсатында қажетті мамандар, медициналық жабдықтар, ғимараттар, қосымша медициналық қызметтер дайындалды.
👍1
В ТРЕХ БОЛЬНИЦАХ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ УСТАНОВЛЕНЫ АНГИОГРАФЫ

Передвижная ангиографическая система «Euroampli Alien Cardio» установлена сразу в трех больницах - в Туркестанской центральной городской больнице, Сайрамской и Сарыагашской центральных районных больницах регионального Управления общественного здравоохранения
Для обучения специалистов больницы, где установлено новое оборудование, в Сайрамской центральной районной больнице провели мастер-класс с участием интервентного нейрохирурга многопрофильного медицинского центра города Астаны Б. Кыстаубаева и клинического специалиста из Италии Фабриса Антонио Джованни.
Мастер-класс был организован управлением общественного здравоохранения Туркестанской области. В нем вместе с медиками Сайрамской больницы приняли участие работники Туркестанской городской больницы и Сарыагашской центральной районной больницы. На мастер-классе были выполнены две малоинвазивные чрескожные коронарографии и две операции церебральной ангиографии головного мозга.
Пациенту 1964 года с диагнозом «Инфаркт головного мозга, вызванный тромбозом мозговых артерий» была проведена церебральная ангиография, а пациенту 1961 года с диагнозом «Нестабильная стенокардия» - коронарная ангиография.
Ангиография - это метод исследования сосудов, который проводится для определения их состояния и функционирования. Проводится с помощью рентгеновских лучей, во время которых используется специальное вещество. При подозрении на патологию сосудов головного мозга или необходимости их диагностики проводится ангиография сосудов головного мозга (церебральная ангиография).
Коронарная ангиография - это диагностическая инвазивная манипуляция, которая служит для определения состояния сосудов, по которым кровь и кислород доставляются к сердцу. Исследование позволяет узнать степень сужения коронарных сосудов.
В дальнейшем с помощью устройства ангиографии будут выполнены 15 различных ЧКВ-интервальных кардиологических, нейроинсультных, хирургических, нейротравматологических, гинекологических и других операций. В целях реализации данной работы подготовлены необходимые специалисты, медицинское оборудование, здания, дополнительные медицинские услуги.
👍2
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2023 жылғы 13 қаңтардағы ақпарат

13 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 315 адам коронавирус инфекциясынан (–2 168+ және 147 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 225 пациент стационарда, 2 090 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 9 адамның жағдайы ауыр,
• 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

*

Информация о заболеваемости коронавирусной инфекцией в РК на 13.01.2023 г.

На 13 января лечение от КВИ продолжают получать 2 315 человек (–2 168+ и 147 КВИ-), из них в стационарах находится – 225 пациент, на амбулаторном – 2 090 пациент.

Из числа заболевших КВИ+ и КВИ- находятся:
• в тяжелом состоянии – 9 пациентов,
• в состоянии крайней степени тяжести – 5 пациентов,
• на аппарате ИВЛ – 3 пациента.
13.01.2023 ж. күнгі деректер бойынша ҚР өңірлерінде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпарат

*

Информация о проведении вакцинации населения против КВИ на 13.01.2023 г. в разрезе регионов
2023 жылғы 13.01 мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 10 857 631 адам вакцина салдырды, II компонентпен 10 628 450 адам. Ревакцинацияланды – 5 739 097

*

I компонентом 10 857 631 человек провакцинировано в Казахстане на 13.01.2023 г, II компонентом 10 628 450 человек. Ревакцинировано – 5 739 097
СЦИНТИГРАФИЯНЫҢ КӨМЕГІМЕН МИОКАРДТЫ ДИАГНОСТИКАЛАУ ЕМДЕУДІҢ САПАСЫН ЖАҚСАРТУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да бірегей аппарат – миокардтың перфузиялық сцинтиграфиясын жүргізуге және жүректің қай аймақтары жеткілікті қанмен қамтамасыз етілетінін және қайсысы нашар қанмен қамтамасыз етілетінін көруге мүмкіндік беретін гамма - камера жұмыс істейді.

Миокард перфузиялық сцинтиграфиясы – жүректің ишемиялық ауруын диагностикалаудың, жүрек бұлшықетінің күйін және тыныштық пен жүктеме кезінде коронарлық тамырлардың функционалдығын анықтаудың бірегей инвазивті емес әдісі. Бұл әдіс миокард ишемиясы сияқты қауіпті жағдайды анықтау үшін қауіпсіз және тиімді. Инфаркт қаупін бағалау және жүректің бұлшықет тінінің қанша бөлігі инфаркттан кейінгі тыртықпен ауыстырылғанын анықтау қажет болған жағдайда, сцинтиграфия өте қажет.

Зерттеуді гамма-камерада жүргізу үшін пациентке алдын ала радиоактивті фармацевтика енгізіледі, бұл жүрек аймағын және миокардтың қанығу көрінісін көруге мүмкіндік береді.
Радиофармацевтика шамалы сәуле шығарады. Пациент осындай дозаны әдеттегі рентгендік зерттеу арқылы алады. Айта кету керек, Радиологиялық емшараларда қолданылатын заманауи препараттар (99 мТс) жұмсақ әсерге ие, басқа дәрі-дәрмектермен өзара әрекеттеспейді және аллергиялық реакциялар тудырмайды.

Радиоизотоптық әдіс зерттеуге дайындық кезінде әдеттегі өмір салтын бұзбауға, препараттарды ағзадан табиғи жолмен тез шығаруға мүмкіндік береді. Емшаларадан кейін жарты күннің ішінде денеде радиофармацевтикалық препарат қалмайды. Қажет болса, емшараларды қысқа уақыттан кейін жүргізуге болады.
Миокардтың перфузиялық сцинтиграфиясы арқылы операция алдындағы және операциядан кейінгі кезеңде жүректің ишемиялық ауруы мен миокард жағдайын диагностикалау емдеу мен жүрекке жасалатын операциялардың сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

2022 жылы КІАҒЗИ клиникасында 300-ден астам сцинтиграфия өткізілді.
👍1
ДИАГНОСТИКА МИОКАРДА С ПОМОЩЬЮ СЦИНТИГРАФИИ ПОЗВОЛЯЕТ ПОВЫСИТЬ КАЧЕСТВО ЛЕЧЕНИЯ

В НИИ кардиологии и внутренних болезней работает уникальный аппарат - гамма-камера, которая позволяет провести перфузионную сцинтиграфию миокарда и увидеть, какие области сердца получают достаточное кровоснабжение, а какие - плохо кровоснабжаются.

Перфузионная сцинтиграфия миокарда — это уникальный не инвазивный метод диагностики ишемической болезни сердца, определения состояния сердечной мышцы и функциональных возможностей коронарных сосудов в покое и при нагрузке. Этот метод безопасен и эффективен для выявления такого опасного состояния, как ишемия миокарда. В случае, когда нужно оценить риск развития инфаркта и определить, какой объем мышечной ткани сердца заменен постинфарктным рубцом, сцинтиграфия незаменима.

Для проведения исследования на гамма-камере пациенту заранее вводится радиоактивный фармпрепарат, который позволяет увидеть область сердца и картину насыщения кровью миокарда.

Радиофармпрепарат дает незначительное излучение. Такую же дозу получает пациент при обычном рентгеновском исследовании. Стоит отметить, что современные препараты (99мТс), применяемые в радиологических процедурах, обладают щадящим действием, не взаимодействуют с другими медикаментами и не вызывают аллергических реакций.

Радиоизотопный метод позволяет не нарушать привычный образ жизни при подготовке к исследованию, быстро вывести препараты из организма естественным путём. В течение полусуток после процедуры радиофармацевтического препарата в организме не остаётся. При необходимости возможно проводить процедуры через небольшой промежуток времени.

Диагностика ишемической болезни сердца и состояния миокарда в предоперационном и послеоперационном периоде с помощью перфузионной сцинтиграфии миокарда позволяет повысить качество лечения и проводимых операций на сердце.

В 2022 году в клинике НИИКВБ проведено свыше 300 сцинтиграфий.
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2023 жылғы 14 қаңтардағы ақпарат

14 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 280 адам коронавирус инфекциясынан (–2 130+ және 150 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 220 пациент стационарда, 2 060 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 7 адамның жағдайы ауыр,
• 7 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

*

Информация о заболеваемости коронавирусной инфекцией в РК на 14.01.2023 г.

На 14 января лечение от КВИ продолжают получать 2 280 человек (–2 130+ и 150 КВИ-), из них в стационарах находится – 220 пациент, на амбулаторном – 2 060 пациент.

Из числа заболевших КВИ+ и КВИ- находятся:
• в тяжелом состоянии – 7 пациентов,
• в состоянии крайней степени тяжести – 7 пациентов,
• на аппарате ИВЛ – 4 пациента.
БІЗ ҮШІН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ АРДАГЕРЛЕРІМЕН ОСЫНДАЙ КЕЗДЕСУЛЕР АСА МАҢЫЗДЫ - А. ҒИНИЯТ

Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінде ҚР ведомствосының басшысы Ажар Ғинияттың төрағалығымен «Денсаулық сақтауды дамыту және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасын іске асыру туралы» тақырыбында денсаулық сақтау жүйесінің ардагерлері кеңесінің отырысы өтті.

Денсаулық сақтау ардагерлеріне арналған құттықтау сөзінде ведомство басшысы Денсаулық сақтау министрлігінің өткен жылғы жұмысының негізгі қорытындылары туралы айтып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді белгіледі.

«Өткен жыл қиын болды, бүкіл денсаулық сақтау жүйесі КВИ пандемиясымен екі жылдық күрестен кейін қалпына келді, елдің медицина қызметкерлері үлкен жұмыс атқарды. 2,5 жылда алғаш рет, 2022 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша халық денсаулығының көрсеткіштері жақсарды, өлім-жітім 30%-ға төмендеді, осылайша біз пандемияға дейінгі кезеңдегі халық денсаулығының барлық көрсеткіштеріне қол жеткіздік. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау жүйесі толық көлемде жұмыс істеп қана қоймай, КВИ және ковидтен кейінгі кезеңнің асқынуларымен күресуде, жаңа технологиялар мен жобаларды енгізуде», - деп атап өтті кездесу басында Ажар Ғиният.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Мемлекет басшысының үлкен қолдауын, соның арқасында сайлауалды платформада «біздің барлық ауыр мәселелеріміз және осы мәселелерді шешу жолдары» белгіленгенін атап өтті.

Технологияларды енгізу, инфрақұрылымды дамыту, кадрлық және техникалық қамтамасыз ету секілді саланың даму динамикасы нақты тәуелді болатын денсаулық сақтауды қаржыландырудың рөлін атап өтіп, министр әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тартымдылығын көрсетуге мүмкіндік беретін шараларға назар аударды.

Бұдан әрі ол отырысқа қатысушыларды елімізде медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметін сақтандырудың жаңа нормаларын енгізу туралы хабардар етті. Осы заң жобасында, оның айтуынша, Қылмыстық кодекстің 317-бабын декриминализациялау бойынша жақсы нормалар бар, онда біз бас бостандығынан айыруды бас бостандығын шектеуге ауыстырамыз, айыппұл санкцияларын азайтамыз, сотқа дейінгі талқылауларды енгіземіз, алғаш рет медиация практикасын енгізу ұсынылады.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ана мен бала денсаулығын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылатынын айтты. Осы қызметті жаңғырту мақсатында 11 заманауи перинаталдық орталық салынады.

Сонымен қатар, министр балаларға онкологиялық көмекті қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде балаларға жаңа технологиялар мен дәрілік препараттардың көмегімен заманауи деңгейде медициналық көмек көрсете алатын Ұлттық балалар онкология және гематология орталығы құрылатын болады.

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қадыр Омаров Денсаулық сақтау министрлігінің бастамаларына жан-жақты қолдау көрсетуге және ауыл халқының денсаулығын жақсарту жөніндегі жобаларды іске асыруға қатысуға дайын екенін айтты.

Белгілі хирург, профессор, Жақсылық Досқалиев денсаулық сақтау саласындағы қойылған міндеттер төңірегінде күш-жігерді шоғырландыруға шақырды.
Кейіннен сөз алған акушер-гинеколог, қоғам қайраткері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Нина Каюпова Министрліктің атқарған жұмысын атап өтіп, жаңа Қазақстанды құруда ұлттық стратегиялық міндет - халықтың жалпы санын көбейту болып қала беретінін еске салды, сондай-ақ босандыру қызметін жақсарту жөнінде ұсыныс енгізді.

Медицина ғылымдарының докторы, профессор Анатолий Белоног санитариялық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді, Серікбол Мусинов жас әріптестерді үйрету үшін денсаулық сақтау жүйесінде тәлімгерлік институтын қалпына келтіруді ұсынды.

Денсаулық сақтау ардагерлерімен кездесу ашық достық алқалы форматта өтті, онда денсаулық сақтау жүйесін жақсарту бойынша пайдалы пікірлер мен ұсыныстар айтылды.
👍1
ДЛЯ НАС ОЧЕНЬ ВАЖНЫ ТАКИЕ ВСТРЕЧИ С ВЕТЕРАНАМИ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ - А.ГИНИЯТ

Сегодня в Министерстве здравоохранения состоялось заседание Совета ветеранов системы здравоохранения под председательством главы ведомства РК Ажар Гиният на тему «О развитии здравоохранения и реализации пилотного национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения».

В своем приветственном слове к ветеранам здравоохранения глава ведомства рассказала об основных итогах работы Минздрава за прошлый год и обозначила приоритетные задачи на предстоящий период.

«Прошлый год был сложным, вся система здравоохранения восстанавливалась после двухлетней борьбы с пандемией КВИ, медицинские работники страны сделали огромную работу. Впервые за 2,5 года, по итогам 11 месяцев 2022 года показатели здоровья населения улучшились, смертность снизилась на 30%, и таким образом, нам удалось достигнуть всех показателей здоровья населения допандемийного периода. Сегодня система здравоохранения не только работает в полном объеме, но и борется с осложнениями КВИ и постковидного периода, внедряет новые технологии и проекты», - отметила в начале встречи Ажар Гиният.

Глава Минздрава отметила огромную поддержку Главы государства, благодаря которой в предвыборной платформе были обозначены «все самые наши болезненные вопросы и пути решения данных вопросов».

Подчеркивая роль финансирования здравоохранения, от которого собственно зависит динамика развития отрасли, это и внедрение технологий, развитие инфраструктуры, кадровое и техническое обеспечение, министр обратила внимание на меры, которые позволят показать привлекательность системы социального медстрахования.

Далее она проинформировала участников заседания о введении в стране новых норм страхования профессиональной деятельности медицинских работников. В данном законопроекте, по ее словам, идут хорошие нормы по декриминализации 317 статьи Уголовного кодекса, где мы лишение свободы переводим в ограничение свободы, снижаем штрафные санкции, внедряем досудебные разбирательства, впервые предлагается внедрить практику медиации.

Глава Минздрава сообщила, особое внимание будет уделено вопросам охраны материнства и детства. В целях модернизации данной службы будет построено 11 современных перинатальных центров.

Наряду с тем, министр подчеркнула важность поддержки онкологической помощи детскому населению. В рамках исполнения поручения Главы государства будет создан Национальный детский центра онкологии и гематологии.

Доктор медицинских наук, профессор Кадыр Омаров высказал готовность оказать всяческую поддержку инициативам Минздрава и принять участие в реализации проектов по улучшению здоровья сельского населения.

К консолидации усилий вокруг поставленных задач в сфере здравоохранения призвал известный хирург, профессор Жаксылык Доскалиев.

Выступавшая следом акушер-гинеколог, общественный деятель, доктор медицинских наук, профессор Нина Каюпова, отметив проделанную Министерством работу, напомнила, что в построении нового Казахстана национальной стратегической задачей остается - увеличение общей численности населения, а также внесла предложения по улучшению родовспомогательной службы.

Доктор медицинских наук, профессор Анатолий Белоног внес ряд предложений по совершенствованию санитарно-эпидемиологической службы, затем выступавший Серикбол Мусинов предложил восстановить в системе здравоохранения институт наставничества для обучения молодых коллег.

Встреча с ветеранами здравоохранения прошла в открытом дружественном коллегиальном формате, где были высказаны полезные мнения и рекомендации по улучшению системы здравоохранения.
👍2