ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10.1K subscribers
15.9K photos
1.05K videos
28 files
3.33K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 14 желтоқсандағы ақпарат

14 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 943 адам коронавирус инфекциясынан (–1 801+ және 142 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 308 пациент стационарда, 1 635 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 10 адамның жағдайы ауыр,
• 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

*

Информация о заболеваемости коронавирусной инфекцией в РК на 14.12.2022г.

На 14 декабря лечение от КВИ продолжают получать 1 943 человек (–1 801+ и 142 КВИ-), из них в стационарах находится – 308 пациент, на амбулаторном – 1 635 пациент.

Из числа заболевших КВИ+ и КВИ- находятся:
• в тяжелом состоянии – 10 пациентов,
• в состоянии крайней степени тяжести – 2 пациентa,
• на аппарате ИВЛ – 2 пациентa.
А. Ғиният денсаулық сақтаудың тұрақты моделін құру жөніндегі жоспарды іске асыру туралы баяндады

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің тұрақты Денсаулық сақтау моделін құру жөніндегі сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының орындалуы туралы баяндады.

А. Ғиният 2021 жылы денсаулық сақтау шығыстарының үлесі елдің ЖІӨ-нің 2,9% -ын құрағанын атап өтті. Бұл ретте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы саланы тұрақты дамыту үшін денсаулық сақтауды қаржыландыру деңгейін ЖІӨ-нің 5%-на дейін жеткізуді ұсынады.

ҚР ДСМ басшысының айтуынша, халықтың өмір сүру ұзақтығы денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру деңгейіне тікелей байланысты болғандықтан, ведомство міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыратын болады.

«МӘМС жүйесінің тартымдылығын арттыру арқылы халықты ынталандыру; медициналық қызметтер пакеттерін нақты ажырату: ТМККК және МӘМС; медициналық көмек түрлері бойынша қаражатты оңтайлы бөлу; медициналық сақтандыру қорының медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай ақпараттық жүйесін іске қосу арқылы қаржы ағындарын бақылау және халыққа медициналық көмектің сапасы мен ашықтығын арттыру бойынша бірқатар басқа іс – шаралар жоспарлануда”,- деді А. Ғиният.

Сондай-ақ медициналық көмек көрсетудің халықаралық стандарттарына жауап беретін денсаулық сақтаудың заманауи жүйесін қалыптастыру үшін СӨС қызметі орталықтандырылатын болады, сондай-ақ СӨС, дұрыс тамақтану және тұзды тұтыну мәселелерінде халықтың сауаттылығын арттыру жөнінде шаралар қабылданатын болады.

Дәрігерлік мамандықтың мәртебесін арттыру шеңберінде медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруды енгізуді, қылмыстық нормаларды ізгілендіруді, сондай-ақ дәрігерлерді заңдық және қаржылық қорғау шеңберінде өзге де шараларды көздейтін тиісті заң жобасы әзірленді.

ҚР ДСМ кәсіби қарап-тексерулерді қамтуды кеңейту шеңберінде МӘМС шеңберінде нозологиялар тізбесін ұлғайту, нысаналы топтарды және ауыл тұрғындары үшін зерттеулер тізбесін қайта қарау көзделген. Сондай-ақ балаларды профилактикалық тексеру кезінде зерттеу көлемі ұлғайды.
Әйелдерді босандыру қызметі 11 заманауи перинаталдық орталық желісімен күшейтіледі. Шымкентте перинаталдық орталықтың пилоттық жобасы әзірленуде.

«2023-2025 жылдарға арналған халыққа онкологиялық көмекті жетілдіру жөніндегі Жол картасының жобасы әзірленді, онда онкологиялық аурулардың алдын алу шаралары, ерте анықтау және емдеудің заманауи әдістері, сондай-ақ жаңа онкологиялық орталықтар салу, корпустарды реконструкциялау және заманауи жабдықтармен жарақтандыру көзделеді», - деп хабарлады министр.

Сондай-ақ, Алматы қаласында балалар онкологиясы мен гематологиясының заманауи ұлттық орталығын құру жоспарлануда. Инсультпен ауыратын науқастарды емдеу тәсілін үйлестіру үшін салынып жатқан «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» көпбейінді ауруханасының базасында бірыңғай консультациялық инсульт орталығы іске қосылады.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде және ауылда медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі пилоттық ұлттық жоба қабылданды.

Бұдан басқа, еGOV mobile мобилдік қосымшасында халық үшін медициналық деректер бойынша кеңейтілген ақпаратты көздейтін «eDensaulyq» жаңа бөлімі іске асырылды.

Отандық фармацевтикалық өндірісті дамыту шеңберінде келісімшарттық өндірістің инвестициялық жобалары бойынша үздік әлемдік фармацевтикалық өндірушілермен келіссөздер жүргізілуде.
«32 жаңа дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдар мен техника өндірісін, оның ішінде ірі шетелдік өндірушілердің қатысуымен қосымша ашу жоспарлануда. Министрлік сайлауалды бағдарламаның бастамаларын іске асыру бойынша нақты шаралар қабылдайды», - деп қорытындылады А.Ғиният.
О реализации плана по созданию устойчивой модели здравоохранения доложила А.Гиният

Министр здравоохранения РК Ажар Гиният на заседании правительства доложила об исполнении Плана действий по реализации предвыборной программы Президента Республики Казахстан по созданию устойчивой модели здравоохранения.

А.Гиният отметила, что в 2021 году доля расходов здравоохранения составила 2,9% от ВВП страны. При этом Всемирная организация здравоохранения рекомендует для стабильного развития отрасли довести уровень финансирования здравоохранения до 5% от ВВП.

В связи с тем, что уровень продолжительности жизни населения прямо пропорционально зависит от уровня финансирования системы здравоохранения, по словам главы МЗ РК, ведомством будет продолжена работа по совершенствованию системы обязательного социального медстрахования.

«Планируется стимулирование привлечения населения путем повышения привлекательности системы ОСМС; четкое разграничение пакетов медицинских услуг: ГОБМП и ОСМС; оптимальное распределение средств по видам медицинской помощи; контроль финансовых потоков через запуск Единой информационной системы оплаты медпомощи Фонда медицинского страхования и ряд других мероприятий по повышению качества и прозрачности медицинской помощи населению», - сказала А.Гиният.

Также для формирования современной системы здравоохранения, отвечающей международным стандартам оказания медицинской помощи будет централизована служба ЗОЖ, а также приняты меры по повышению грамотности населения в вопросах ЗОЖ, здорового питания и потребления соли.

В рамках повышения статуса врачебной профессии разработан соответствующий Законопроект, предусматривающий внедрение страхования профессиональной ответственности медицинских работников, гуманизацию уголовных норм, а также иные меры в рамках юридической и финансовой защиты медиков.

МЗ РК в рамках расширения охвата профосмотров предусмотрено увеличение перечня нозологий в рамках ОСМС, пересмотр целевых групп и перечня исследований для жителей села. Также увеличен объём исследований при профилактическом осмотре детей.

Служба родовспоможения будет усилена сетью 11 современных перинатальных центров. Разрабатывается пилотный проект перинатального центра в Шымкенте.

«Разработан проект Дорожной карты по совершенствованию онкологической помощи населению на 2023-2025 годы, предусматривающей меры профилактики, раннее выявление и современные методы лечения онкологических заболеваний, а также строительство новых онкологических центров, реконструкцию корпусов и оснащение современным оборудованием», - информировала министр.

Также запланировано создание современного Национального центра детской онкологии и гематологии в г. Алматы. Для координирования тактики и лечения пациентов с инсультом будет запущен единый консультативный инсультный центр на базе строящейся многопрофильной больницы «Национальный координационный центр экстренной медицины».

В рамках исполнения поручений Главы государства и в целях повышения доступности медицинской помощи на селе принят пилотный национальный проект по модернизации сельского здравоохранения.

Кроме того, в мобильном приложении eGov mobile реализован новый раздел «eDensaulyq», предусматривающий расширенную информацию по медицинским данным для населения.

В рамках развития отечественного фармацевтического производства ведутся переговоры с ведущими мировыми фармпроизводителями по инвестиционным проектам контрактного производства.

«Запланировано дополнительное открытие 32 новых производств лекарств, медицинских изделий и техники, в том числе с участием крупных иностранных производителей.
Министерством будут приняты исчерпывающие меры по реализации инициатив предвыборной программы», - заключила А.Гиният.
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 15 желтоқсандағы ақпарат

15 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 008 адам коронавирус инфекциясынан (–1 897+ және 111 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 308 пациент стационарда, 1 700 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 13 адамның жағдайы ауыр,
• 1 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

*

Информация о заболеваемости коронавирусной инфекцией в РК на 15.12.2022г.

На 15 декабря лечение от КВИ продолжают получать 2 008 человек (–1 897+ и 111 КВИ-), из них в стационарах находится – 308 пациент, на амбулаторном – 1 700 пациент.

Из числа заболевших КВИ+ и КВИ- находятся:
• в тяжелом состоянии – 13 пациентов,
• в состоянии крайней степени тяжести – 1 пациент,
• на аппарате ИВЛ – 1 пациент.
15.12.2022 ж. күнгі деректер бойынша ҚР өңірлерінде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпарат

*

Информация о проведении вакцинации населения против КВИ на 15.12.2022 г. в разрезе регионов
2022 жылғы 15.12 мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 10 852 922 адам вакцина салдырды, II компонентпен 10 616 838 адам. Ревакцинацияланды – 5 678 851

*

I компонентом 10 852 922 человек провакцинировано в Казахстане на 15.12.2022 г, II компонентом 10 616 838 человек. Ревакцинировано – 5 678 851
👍1
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: СОҢҒЫ АПТАДА КВИ-МЕН СЫРҚАТТАНУШЫЛЫҚ 21% - ҒА ӨСТІ

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында елдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай туралы хабардар етті.

«Қараша айының басынан бастап республикада КВИ-мен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, тәулігіне «КВИ+»-дің 235 дейінгі жағдайы және «КВИ-»-тің 40 дейінгі жағдайы тіркеледі. Соңғы аптада сырқаттанушылық 21%-ға -аптасына 1001 жағдайдан 1283 жағдайға дейін өсті», - деді Ажар Ғиният.

Бұл ретте 15 өңірде R көрсеткіші 1-ден жоғары, бұл инфекцияның таралуының өскенін көрсетеді.

ҚР ДСМ деректері бойынша, соңғы реттілік қорытындысы бойынша республикада ВА.5 – 86%, ВА.4 – 5%, BQ.1.1 – 0,5%, ВА 5 кіші түріндегі Омикрон штаммы нұсқасының, басқаларының 8,5% айналымы расталды.

Республика бойынша инфекциялық төсектердің жұмыспен қамтылуы – 13%-ды (2136 төсектің 296-сы), реанимациялық төсектердің – 3%-ын (352 төсектің 12-сі) құрайды.

«Тиісті контингентті уақтылы ревакцинациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың жеткіліксіз екенін, бұл халықтың иммунизацияланбаған тобының жинақталуына, аурудың неғұрлым ауыр түрлерін тіркеуге, ал қосалқы аурулар мен өлім-жітім болған жағдайда тіркеуге ықпал ететінініне назар аудару қажет», - деп атап өтті А.Ғиният.

Осыған байланысты ЖАО-ға тиісті топтарды ревакцинациялауды және халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсыруды сұраймын, деп түйіндеді министр Ведомствоаралық комиссияның отырысында.
МИНЗДРАВ РК: ЗА ПОСЛЕДНЮЮ НЕДЕЛЮ ЗАБОЛЕВАЕМОСТЬ КВИ ВЫРОСЛА НА 21%

Министр здравоохранения РК Ажар Гиният на заседании Межведомственной комиссии по недопущению распространения коронавирусной инфекции на территории Республики Казахстан информировала о санитарно-эпидемиологической ситуации в стране.

«С начала ноября в республике наблюдается рост заболеваемости КВИ, регистрируется до 235 случаев КВИ+ и до 40 случаев КВИ в сутки. Заболеваемость выросла на 21% за последнюю неделю - с 1001 случая в неделю до 1283 случаев», - сообщила Ажар Гиният.

При этом в 15 регионах показатель R выше 1, что свидетельствует о росте распространения инфекции.
По данным МЗ РК, по итогам последнего секвенирования в республике подтверждена циркуляция варианта штамма Омикрон подтипа ВА.5 – 86%, ВА.4 – 5%, BQ.1.1 – 0,5%, другие 8,5%.

Занятость инфекционных коек по республике составляет – 13 % (296 из 2136 коек), реанимационных – 3% (12 из 352 коек).

«Еще раз хочу обратить внимание, что ведется недостаточная работа по своевременной ревакцинации подлежащего контингента, что способствует накоплению неиммунзированной прослойки населения, регистрации более тяжелых форм заболевания, а при наличии сопуствующих заболеваний и летальных исходов», - отметила А.Гиният.

В этой связи прошу поручить МИО активизировать ревакцинацию подлежащих групп и информационно-разъяснительную работу среди населения, резюмировала министр на заседании МВК.
ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 16 желтоқсандағы ақпарат

16 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 102 адам коронавирус инфекциясынан (–1 990+ және 112 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 328 пациент стационарда, 1 774 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 12 адамның жағдайы ауыр,
• 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

*

Информация о заболеваемости коронавирусной инфекцией в РК на 16.12.2022г.

На 16 декабря лечение от КВИ продолжают получать 2 102 человек (–1 990+ и 112 КВИ-), из них в стационарах находится – 328 пациент, на амбулаторном – 1 774 пациент.

Из числа заболевших КВИ+ и КВИ- находятся:
• в тяжелом состоянии – 12 пациентов,
• в состоянии крайней степени тяжести – 3 пациентa,
• на аппарате ИВЛ – 1 пациент.